Қазақ зиялыллары



1. Әлихан Бөкейханұлы
2. Қоғамдық.саяси әрекеттері
3. Алаш Орда төрағасы
4. Ғылыми әрекеттері
5. Ахмет Байтұрсынов

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Әлихан Бөкейханұлы

Өмірбаяны

1866 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын
болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай
ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 ж. Ақтоғай
аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.

Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы
атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Көкжал
Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі
Нұрмұхамед.

Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына
оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы
мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық
бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.

Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да өте
жақсы деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888
жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған
алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен
қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 ж. Ресей империясынің
елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика
факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса
студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің
жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға
жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты
толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына
білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін
көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.

Қоғамдық-саяси әрекеттері

Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ
даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы
қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси
астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан
біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың
саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.

Народная свобода (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ
зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын
ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі
саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының
ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде
шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.

1905 ж. бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер)
мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар
өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен
қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын
ұйымдастырушылардың бірі болған.

1905 ж. Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік
думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына
қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала
өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай
Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде,
Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін
қабылдау үшін сол кезднгі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді.
Ә.Н. Бөкейханов да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол
үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің
шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.

1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік Голос степи, Омич және Иртыш
газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген меньшевиктік
Товарищ, кадеттік Речь, Слово гәзеттерінде редакторлық қызмет
атқарды.

1909-17 жж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді.

1911-14 Қазақ гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге
көтерілуіне зор еңбек сіңірді.

20 ғ. басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен
Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі
негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы
екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие
алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып,
Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді.
Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау
керек деп білді.

Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс
істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың
көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ
сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған
жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып,
онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.

1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден
қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары
атынан қалалық думаға сайланады.

Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы
азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы.
Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты,
Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты,
IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.

Алаш Орда төрағасы

Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша
үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері
қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі
жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан
сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің
құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ
аутономиясы құрылмақ болады.

Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш
партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл
қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол
алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.

Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының
күніндегісі.

1919 ж. большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен
кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.

Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай
белсенділердің көрсетуімен ол 1926 ж. екі рет тұтқындалып, түрме азабын
тартты. Ә. Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан
большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында
отырған Әлиханды 1937 ж. тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған
жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі.

1989 ж. мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс
құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.

Ғылыми әрекеттері

19 ғ. соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет
атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың
кепілдемесімен Орыс жағрапиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық
мүшесі болып сайланды. Әлихан Россия. Жалпы географиялық сипаттама атты
көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде
қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге
де белсене араласа бастайды.

1904 ж. қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина
экспедициясының құрамында болды.

1911-14 жж. Ә. Бөкейханов Жаңа энциклопедиялық сөздіктің 4-21 томдарына
автор ретінде қатысты.

Ә. Бөкейханов — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын
зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы,
әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани
тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

Ахмет Байтұрсынов

Өмір жолы

Ата-тегі: Аманжол —Шақшақ — Көмей — Қалқаман — Байсейіт — Үмбетей — Аралбай
— Таңбай — Шошақ — Байтұрсын. Байтұрсыновтың атасы Шошақ мінезі салмақты,
шындықты бетке айтатын, ақылды, ел-жұртына беделді адам болған. Ол немересі
Ахмет өмірге келгенде сүйінші сұрап барған кісілерге бір ат, бір түйеден
мінгізіп, ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Шошақтың
Ақтас, Байтұрсын, Ерғазы атты ұлдары өнерлі әрі намысты қолдан бермейтін
азаматтар болып өскен. Олар 1885 ж. уезд бастығы полк. Яковлевтің елге
жасаған зорлығына қарсылық білдіріп, оның өзіне қол жұмсап, жауапқа
тартылған. Байтұрсын мен Ақтас 15 жылға Сібірге каторгаға жіберілсе, Ерғазы
4 ай мерзімге абақтыға жабылған. Байтұрсыновтың шешесі Күңіш ел өміріне
қызу араласқан сергек кісі ретінде танылған. Әкесі мен туыстарының Ресей
өкіметі тарапынан жапа шегуі Ахметке азаттық жолындағы күреске түсуіне ой
салды. Бұл жөнінде кейін, яғни 23 жылдан соң әкесінің ізімен отарлық
билікке қарсы күреске шығып, абақтыға жабылған Байтұрсынов анасына жолдаған
хатында: “Оқ тиіп, он үшімде ой түсірген Бітпейтін жүрегімде бар бір
жарам...”, — деп жазады. Ахметті Ерғазы Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ
мектебіне береді. Оны 1891 ж. бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға
түседі. 1895 жылдан 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы
уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық уч-щесінде
меңгеруші қызметін атқарады. Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905
жылға тұс келеді. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол
қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынов
болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру
істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан
бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана
ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай
заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын
қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен
бастап жандармдық бақылауға алынған Б. 1909 ж. 1 шілдеде губернатор
Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Оған
тағылған айыпта: халық арасына іріткі салып “өзін-өзі автономиялық басқару
идеясын таратты”, “орыстар мен қазақтар арасында өшпенділік қоздыру ісімен
айналысты” деп көрсетілген. ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 ж. 19 ақпанда Б-ты
қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы
шешімге сәйкес Б. Орынборға 1910 ж. 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына
дейін сонда тұрды. Байтұрсынов өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси
қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913—18 ж. өзінің ең жақын
сенімді достары Ә.Бөкейханов, М. Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ, қалың қазақ
зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық “Қазақ” газетін шығарып
тұрды. Қазақ елінің азаттық қозғалысы тарихында Байтұрсынов редакторлық
жасаған “Қазақ” газетінің алатын орны ерекше. Осы тарихи кезеңдегі қазақ
өмірінің бірде-бір өзекті мәселесі, елеулі оқиғасы бұл басылымның назарынан
тыс қалған жоқ. Бүкіл қазақ жұрты “Қазақты” оқып, оңы мен солын тани
бастады, жаңа қалыптасып келе жатқан ұлт зиялылары осы басылымды оқып
есейді. Байтұрсынов революциялық өзгерістерге дейінгі кезеңде ұлт мүддесі
үшін кең ауқымды, табанды күрескер ретінде көрінді. Қоныс аударған орыс
шаруаларына құнарлы қазақ жерін молырақ алып беру жолына түскен отаршыл
биліктің түрлі қитұрқы әдісін Байтұрсынов бастаған “Қазақ” газеті халыққа
кең, әрі терең ашып көрсету арқылы қазақ ауылдарын жедел, жаппай отырықшы
тұрмысқа көшуден сақтандырды, жеке қожалық иелерін егін және мал
шаруашылығын жүргізудің, тауарлы өндіріспен айналысудың озық үлгілерімен
таныстырды, өктемшіл биліктің түрлі саяси айласына ұлттық бірлік пен
парасатты қарсы қоюға үндеді, туған жердің байлығын өз игілігіне жарату
үшін халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Қазақ елінің дағдарып, белгілі
бір тоқтамға келе алмай қиналған тұсы ресми биліктің қазақтан соғысқа
солдат алу мәселесін көтеріп, ал 1916 ж. жазда майдандағы қара жұмысқа
19—31 жас аралығындағы қазақ жастарын алуға кіріскен уақыты еді. “Қазақ”
газеті бұл мәселенің күрделілігінен қашпай, 1915—16 ж. өз бастамасымен осы
жөнінде пікірталас ұйымдастырып, оған қатысты қоғамдағы түрлі пікірлерді
тұжырымдап, негізгілерін құрамында Байтұрсынов бар делегация арқылы қазақ
халқының ортақ ойы есебінде Мемлекеттік Кеңес пен Соғыс мин-не жеткізді.
Байтұрсынов 1916 ж. ақпанда Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының
төрағасы Қ. Тевкелевтің арнайы шақыруымен фракцияның мәжілісіне қатысып,
онда қазақтарға жеке мүфтилік ашу, қазақтарды атты әскер қатарына жазу,
қоныс аударушылар толқынын азайту мәселелерін көтерді (РФ ООМА, 10-қ., 4-
т., 109-іс, 58-п.). Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей
үкіметінің қатаң жандармдық бақылауыда болды. Ол “Қазаққа” жабылған
негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсыновтың Бөкейханов-
пен бірге ұлт-азаттық қозғалыстың халық мойындаған жетекші дәрежесіне
көтерілуі 1917 жылғы рев. өзгерістер тұсында анық байқалды. Қазақ халқының
Ақпан және Қазан төңкеріс-теріне қатынасын теориялық тұрғыдан дәл
тұжырымдап берген Байтұрсынов: “Қазақтарға ақпан революциясы қаншалықты
түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) революциясы оларға соншалықты
түсініксіз көрінді. Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса,
тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбүр болды. Қазақ халқымен
таныс адамдар үшін қазақтардың бұл революцияға деген мұндай қатынасы әбден
табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп,
қуанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл революцияның оларды патша
өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында, екіншіден, олардың өзімізді
өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді”, — деп жазды
[“Жизнь национальностей”. 1919, 2 тамыз, ғ29(37)]. Қазан революциясына
қазақтардың үрке қарауын Байтұрсынов қазақ қоғамында капиталистік
қатынастардың жоқтығымен, соған сай таптық жіктелудің әлсіздігімен
байланыстырды. Бұл ұлттық еркіндік, осы жолда ұлттық тұтастық идеологиясын
ұстаған қайраткердің көзқарасы еді және ол сол тарихи кезеңдегі қоғамдық
шындықтан алыс емес-ті. Сондай-ақ, осы пікірді білдіру арқылы Байтұрсынов
большевиктік билік пен ұлт-азаттық қозғалыс арасындағы айырмашылықты дәл
белгілеп берген еді. Бірақ Ленин бастаған большевиктік билік Байтұрсынов
пікірін естімегендей сыңай танытты.

Байтұрсынов 1917 ж. рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында
терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи
құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, “Қазақ” газеті
арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Байтұрсынов, Бөкейханов,
Дулатов бастаған үштіктің шешуші жанкешті ұйымдастырушылық қызметінсіз 1917
ж. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің өмірге келуі мүмкін емес-тін.
Байтұрсынов Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында
болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру —
жүзаралық алауыздыққа байланысты Алашорда үкіметінің құрамына саналы түрде
енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемл. идеясын жасаушы топтың ішінде
болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады. Алашорда үкіметі құрамын
бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы
етіп Б-ты бекітті. 1919 ж. наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай обл.
бөлімінің мүшесі болды. Б. 1919 ж. наурызда Алашорда үкіметі атынан
Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық
Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып
тағайындалды. Б-тың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне
Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Б. бұл тарихи кезеңде “патшалардың
төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық” деген пікірде
болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п.). 1920 ж. В.И. Ленинге Кеңес
үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған
хатын жолдады (қ. Байтұрсыновтың В.И. Ленинге хаттары). Қазревком мүшесі
ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде
араласты. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск
обл-на қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай
уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Б. 1920 ж. сәуірде РК(б)
құрамына ену туралы арыз берді. Бірақ көп ұзамай 1921 ж. партия құрамынан
шықты. Қайраткердің бұл шешімінің арғы жағында большевиктердің
Қазақстандағы іске асырған шараларымен және алған бағытымен келіспеушілік
жатқандығы даусыз болса керек. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР
үкіметінің құрамына еніп, 1920 — 21 ж. Қазақ АКСР халық ағарту комиссары
қызметінде болды. 1922 ж. Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық
орталықтың, 1922—25 ж. Халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
«Қазақ» газеті және оның қоғамдық саяси қызметі
Қазақ газеті және ХХ ғасыр басындағы көсемсөздің дамуы
Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің рөлі атты қазақ тілінен ғылыми жоба
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
ХҮ – ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Қазақ зиялылары және Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы Кеңестерінің Орталық Атқару Комитеті жанындағы Қазақ бөлімінің қызметі (1920-1922 жылдар)
Пәндер