Биотехнология - XXI ғасыр ғылымы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

C:\Users\SuperBook\Desktop\photo (1).jpg ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Инженерлік-технологиялық факультеті

Стандарттау және биотехнология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Биотехнология - XXI ғасыр ғылымы

Тексерген: Бейсембаева Г. Ш.

Тұрарбек Т. М.

Орындаған: Мырзагалиева А. Е.

Тобы: БТ-507

Семей 2018 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімБиотехнологияның бүгiнi мен болашағыXXI ғасыр биотехнология өндірісіГенетика
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланған әдебиеттер
  1. Кіріспе

Биотехнология ілгерілі ғылыми-техниканың қарқынды дамып келе жатқан багытгарына жатады. Оның негізгі іргетас бөлігі болып, жасушалық және молекулярлық биология, жасушалық және генетикалық инженерия, микробиология және биохимия болып табылады. Биотехнологиялық өндірісті, қазіргі заманның қорындағы дамыған инженерлік технологияның алғашқы биотехнологиялық қолданбалы бөлімін аламыз.

Биотехнология өндірістің қадамы деп, көптеген салаларында фармацевтика және медицина, жеңіл және тағам өнеркәсібінде, өсімдік шаруашылығында, ветеринарияда және мал шаруашылығында, экологияда және тау-кен өндірісінде және т. б. өз қажеттілігін тапты. Селекцияның қалыптасқан әдістеріне негізделген классикалық биотехнология өзінің алдыңғы қатарлы қағидаларын қалыптаспаған биотехнология - рекомбинантты ДНҚ техно- ғылыми зерттеулерінің тәжірибелік жұмыстарьна жол берді. Ғылым әлемінде күнделікгі терминдер трансгенді өсімдіктер, трансгенді жануарлар, генетикалық түрленген микроорганизмдер қалыптасты.

Биотехнологиялық жүмыстарды коммерциализациялау едәуір миллиардтаған қаржылық пайда әкеледі. Мемлекеттің экономикалық өсуінде салмақты алғы шартын жасайды. Биотехнологиялық ғылымның дамуы, оның қалыптасқан және дәлелденген тәжірибелік негіздері осы пән бойынша білімдік бағдарламаларды толықтырады. Бүл монографиялар, оқулықтар және ауыл шаруашылық биотехнологиясына арналған нұсқаулар, өндірістік биотехнология, экологиялык биотехнология және т. б. Сонымен қатар, биотехнология негіздерін түсінгісі келгендерге, бүл саланың казірп күнгі білім жолын қамтуы қиынға түседі. Кітапта биопродуценттің - барлық үш объектісін қамти отырып (объект, оны қүру әдістері, объектіні қолдану мен типтік биотехнология үдерістерін, биотехнологиялык өнімдер), ретімен қоюға мүмкіндіктер жасалған (микробтың, өсімдік текті және жануар текті жасушалар) және белгілі мәліметтердің баяндалуы жасалған.

1. Биотехнологияның бүгiнi мен болашағы

XXI ғасырдағы биотехнологияның басты мақсаты - өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару. Оны адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін биологиялық нысандар мен процестерге негізделген жаңа ғылымның және өндірістің сапасы деп қарауға болады. Биотехнология саласын дамыту XXI ғасыр жастарының басты міндеті болмақ!

Қазіргі уақытта әлемнің жетекші елдерінің экономикасының дәстүрлі индустриялықтан ұлттық индустриядан кейінгі, яғни білім мен жоғары технологияларға негізделген экономикаға ауысу тенденциясы айқын байқалады. Тұрақтандырылған экономиканы құру үшiн оны индустрияландыру қажет, ал тұрақты өсу аймағын қалыптастыру және тиiмдi экономиканы құру үшiн жоғары технологияларды қолданатын ғылыми инновация керек.

Биотехнология - 21 ғасырда дамып келе жатқан ғылым саласының бірі болып табылады. Еліміз экономиканы индустрияландыру ғана емес, ақыл-ойға жүгінетін инновациялық дамуды да қолға алуда, содан бері көптеген жұмыстар атқарылып, биотехнология өндірісі Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Бірақ бұл үшін тиісінше қаржыландыру, қазіргі заманға сай құрал- жабдықтар және ең бастысы, күшті ғылыми әлеумет керек.

Биотехнологияның дамуы Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуіне септесетіні сөзсіз. Ол емделудің тиімдірек жолдарын ұсынуға, сапалы тағаммен қамтамасыз етуге, жанармайдың қазба көздеріне тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйғарымы бойынша ХХІ ғасырда биотехнология адамзаттың барлық қызмет саласында дамуын, соның ішінде азық түлік пен медициналық препараттар өдіріруде, ауыл шаруашылығында, экология және энергетика салаларында дамуын қамтамасыз ететін болады. Жаңа биотехнологиялық әдістердің дамуы биотехнологиялық өнімдердің тауар нарығының қалыптасуына әкелді. Биотехнологияның экономикадағы айрықша тиімділігін ескере отырып, алдыңғы қатарлы елдерде мемлекет және жеке капиталдар қаржыландыратын, ұлттық және халықаралық биотехнологиялық бағдарламалар жұмыс атқаруда. Сонымен, әлемдегі биотехнологиялық өндіріс нарығының жыл сайынғы өсімі 7%-ды құрайды. Қазіргі әлемдік биоиндустрия айналымының жартысынан көбі АҚШ-тың үлесіне тиеді. Бұл елдің мызғымас көшбасшылығының негізгі себептеріне мына факторлар жатады:

саланы жоғарғы мөлшерде қаржыландыру;

білім беру және зерттеу мекемелерінің сан жағынан көптігі, сапасының жоғарылығы;

білікті кадрлардың жеткілікті болуы;

кәсіпкерліктің ұзақ мерзім бойы сыналуы.

Биотехнологияның даму дәрежесі бойынша АҚШ-тан кейінгі орынды Жапония алады. Бұл ел биоиндустрияның дәстүрлі салаларында көшті позицияны ұстана отырып, АҚШ-тан ең жаңа биотехнологиялық әдістерді қолдану жағынан артта қалып отыр. Алайда, бұл елде биотехнологияның дамуы мемлекеттік және жеке секторлардың тығыз ынтымақтастығы арқасында жүргізілуде және биотехнологиялық бағдарламалар үкіметтің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады. Келесі биотехнологияның қарқынды дамуы Батыс Еуропа елдерінде байқалады. Болашақта бұл елдер осы саладағы қызметтерін үйлестіре отырып, биотехнологиялық өнімдер нарығының конъюктурасына айтарлықтай ықпал етулері әбден мүмкін.

Енді биотехнологияның Қазақстанда дамуы туралы сөз қозғалық. Қазақстан өз биотехнологиясын дамыту-дамытпауынан тәуелсіз, жаһандану жағдайында әлемдік биоиндустрия өнімдерін қолданары анық. Алайда, Қазақстан дамыған елдердің тәжірибе жүргізетін лабораториясына айналмауы тиіс. Келеңсіз салдарға жол бермес үшін сенімді қорғаныс орнату қажет, ал бұл үшін Қазақстанның импорттық және отандық 69 биотехнологиялық өнімдерді қадағалайтын жоғары білікті бақылау мен сараптамалық арналары болуы тиіс. Биотехнология саласындағы басымдылыққа ұмтылу барысында Қазақстан өз экономикасының дамуындағы ерекшеліктері мен перспективаларын ескеруі қажет.

2. XXI ғасыр биотехнология өндірісі

Енді биотехнологияның Қазақстанда дамуы туралы сөз қозғалық. Қазақстан өз биотехнологиясын дамыту-дамытпауынан тәуелсіз, жаһандану жағдайында әлемдік биоиндустрия өнімдерін қолданары анық. Алайда, Қазақстан дамыған елдердің тәжірибе жүргізетін лабораториясына айналмауы тиіс. Келеңсіз салдарға жол бермес үшін сенімді қорғаныс орнату қажет, ал бұл үшін Қазақстанның импорттық және отандық 69 биотехнологиялық өнімдерді қадағалайтын жоғары білікті бақылау мен сараптамалық арналары болуы тиіс. Биотехнология саласындағы басымдылыққа ұмтылу барысында Қазақстан өз экономикасының дамуындағы ерекшеліктері мен перспективаларын ескеруі қажет.

Қазақстанды, бүгінгі таңда, біз биотехнологиясы жете дамыған елдер қатарына қоса алмайтынымыз ащы да болса шындық. Қазақстан - еңсесін енді көтеріп келе жатқан ел. Жақын болашақта айтылған кемшіліктердің, алға қойылған мәселелердің шешілері анық. Ал елімізде биотехнологияның дамуын жүзеге асыру үшін қазіргі таңда мемлекет тарапынан қолдау табуымыз қажет. Шет елдердің білікті мамандарымен тәжірбие алмасу аясын кеңейтіп, білімді де білікті кадрлар даярлауымыз керек. Мемлекет жәрдемімен қаржыландыру мәселесі де шешілгені жөн. Биотехнология - бұл жаңа заман талабы, жаңа заман ғылымы. Биотехнологияны дамыту арқылы өндірістік - технологиялық, әлеуметтік - экономикалық, экологиялық проблемаларды шешуді жолға қою қажет.

Қазіргі уақытта жиі кездесетін және қысқа мерзімді міндеттерді шешуден басқа, биотехнология ұзақ мерзімді проблемаларды шешудің, дәлірек айтқанда, орны толмас қорларды пайдаланудан гөрі жаңартылған шикізатты пайдалануға көшуді қамтамасыз етудің құралы. Бұл уақыт талабына сай, табиғи минералдық қорлардың азаюына, жершары ауа райының өзгеруіне және халық санының өсуінен туындаған жаһандық геосаяси міндет, және де оны жалпы адамзат атаулы, әсіресе жекелеген мемлекеттер бірігіп шешуі тиіс. Әлемдегі дамыған елдер тиісінше биотехнологияны дамытудың бағдарламаларын ендігі бекітіп те үлгерді. Әлемдік қаржы орталықтары, мемлекет басшылары, атақты ғалымдар мен сарапшылар, жұртшылық биотехнологияның алдағы жүз жылдықта шешуші рөл атқаратынын баяғыда-ақ мойындағанын айта кеткен жөн. Бұл туралы осы салаға бөлінген қомақты қар­жы салымдары, биотехнологиялық өнім­дер рыногының қар­қынды өсуі осыны растайды. Әлемде биология мен өнеркәсіптік биотехно­логияға негіз­делген «биоэкономика» («bio-based economy») термині де қа­лып­тасты.

Еуроодақта жан-жақты үйлесті­рілген, жан-жақты қамтыл­ған Биотехнологияны дамыту стратегиясы жүргізілуде. 2001- 2009 жылдар ішінде оны іске асыру үшін 30 млрд. евродан астам қаражат бөлін­ген болатын. 2010 - 2013 жылдарға тағы да 50 млрд. қара­жат бөлу жос­­парланған. 2020 жылға қарай Еуроодаққа кіретін мем­лекет­тер­дің химия өнеркісібінің 20 пайызға дейінгі қуаттары биошикізатпен жұмыс іс­тейтін болады. Швеция 10-12 жыл ішінде биоотынға көшіп, мұнай өнім­дерін пайдаланудан толықтай бас тарт­пақшы.

Биотехнология - қарқынды дамитын ғылымның бірі болып табылады. Еліміз экономиканы индустрияландыруды ғана емес, ақыл-ойға жүгінетін иновациялық дамуды да қолға алуда, содан бері көптеген жұмыстар атқарылып, биологиялық өндіріс саласының қарқынды жаңа технологияларын әзірлеу және қолда бар технологияларды жетілдіру қажет.

  1. Генетика

Адам генінің оның мінез-құлқымен байланысты екені бәрімізге бұрыннан белгілі. Мәселен, ол ар­қылы біз қан тобын анықтай аламыз, бел­гілі бір заңды­лықтарға сәйкес ол ата-ана­мыздан бізге мирас болып қалады. Жа­қында ғалым­дар адамның гені оның ауруларымен тығыз байланысты екенін тапты, гендер гиперто­никалық аурулардың, жүрек аурула­рының, миокард инфаркты, асқазан жарасы ау­руының, атероскле­роздың пайда болу мүм­кіндігін анықтайды. Бүгінде ғалымдар аурулардың барлық түрі, сыртқы ортаның сол немесе өзге де жағдайларында байқалатын тұқым қуа­лайтын факторлармен анықталады деп санайды. Сол сияқты адамның ұзақ өмір сүруі мен көптеген басқа да өлшемдері алдын ала белгіленіп қойылған. Егер тұқым қуалайтын аурудың ауыр түрін көрсететін генді анық­тау мүмкін болса, және оны қазіргі уақытта емдеуге келсе, онда мұндай гене­тикалық тестілеу аса қажет. Қазіргі уақытта адам туылған сәті­нен бастап-ақ, генетикалық паспортын жасауға мүмкіндік беретін технологиялар бар. Бұл жағдайда адам өмірінде кездесетін бірқатар ауруларды ескертуге немесе оның өршуіне тосқауыл қоюға зор мүмкіндік бар. Осы мәселенің өзектілігіне байланысты Ұлттық биотехнология орталығында адам мүшелері мен ұлпаларын ауыстырып салу, бедеулік пен жүктілікті көтере алмау кезінде ұлпалық үйлесімді антигендерді типтендіру мен анықтауға арналған, сондай-ақ қант диабеті қаупін бағалау үшін жүйе әзірлеп шығаруға бағытталған зерттеулер жүр­гізілуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология ғылымының жаңа бағыттарындағы жетістіктері
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты
Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері
Гендік инженерия, биотехнология маңызды ғылым салалары
Сапаны бақылау әдістері
Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша - қазақша терминологиялық сөздік
Биологиялық белсенді қоспалар
Қазіргі FTP: мәні, негізгі қасиеттері, даму кезеңдері
Клеткалық инженерияның мәселелері
Жасушылық инженерия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz