Yлттық экономика үлгісін қалыптастырудың ерекшеліктері



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Көлемі: 10 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Yenлттық экономика үлгісін қалыптастырудың ерекшеліктері
Қазақстанның үлттық экономикасы қайта қүрудың екінші кезеңінде өтпелі экономика мен үлттық үлгіні қалыптастырудың міндеттерін шешумен қатар бір жағынан, нарықтық реформалар-ды одан әрі тереңдетуге, екінші жағынан, экономикалық өсу мен қоғамның әлеуметтік түрақтылығына тікелей бағдарланған өзгеріс-терді жүзеге асыруға тиіс болды. Бүл үшін қайта қүрудың барлық элементтерін дамытып (ырықтандыру, қүрылымды және мекемелерді реформалау, халық шаруашылығының қүрылымын өзгерту), бірінші кезеңдегі келеңсіздіктерді жою қажет болды.
Екінші кезеңде энергия тасымалдағыштардың бағасының үдайы және жылдам өсуіне байланысты қайта қүру процесі ресурстармен қамтамасыз етілді, екінші жағынан, Қазақстан эконо-микасына қыруар ақша массасының түсуінің салдарын тегіетеуге бағытталған макроэкономикалық саясаттың айрықша шараларын қолдануды талап етті.
Осы кезеңде мүнай нарығында қалыптасқан қолайлы жағдаят-тың арқасында Үлттық қорда қомақты қаражат жинақталып, ал-тын-валюта резервтері де көбейді. 2006 жылғы 31 желтоқсанда Үлттық қордың активтері 14,1 млрд долларды, ал алтын-валюта резервтерінің көлемі 33 млрд АҚШ долларын қүрады. Бүл негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі мен экономиканы одан әрі реформалау жөніндегі келесі іс-шараларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасады. Осы кезеңде:
- экономикада мекемелік ережелер мен нормалар жүйесі қүрыл-ды. Қазақстанда Азаматтық, Салық, Бюджеттік, Еңбек, Жер, Су, Орман, Экологиялық және т.б. кодекстер қолданысқа енгізіліп, заңнаманы және қайта қүруды қүқықтық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіруге арналған институционалдық база қүрылды;
- мемлекет пен өңірлердің қатынастары жетілдірілді, бюджета-ралық қатынастар дамыды;
- экономикалық даму мен бизнес және мемлекеттің қатынастарының жаңа қағидаларын қалыптастыруға монополистік және олигархтық ықпалды шектеу жөніндегі шаралар қолданылды;
-ДСYen-ға Қазақстанның ұлттық экономикасының мүдделерін ескеретін қағидаларды сақтап қосылу жөніндегі қызмет жүзеге асырылды;
- әлеуметтік қатынастарды одан әрі реформалау жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылды;
- қоғамның әлеуметтік жағынан бөлінуіне әкеп соқтырған әлеу-меттік саясаттың келеңсіздіктерін жоюға бағытталған іс-қимыл мен іс-шаралар жүзеге асырылды. Осы түрғыда мемлекеттік бағ-дарламаларды ойдағыдай жүзеге асырудың келешекті маңызы артты.
Осы және басқа іс-шаралар экономиканың әлеуметтік түрақты дамуға ықпал етсе де9 олар бірінші кезеңде қалыптасқан жағым-сыз тенденцияларды толықтай жоя алмады, сол себептен қайта құрудың екінші кезеңінде ұлттық экономикалық жүйенің тиімді үлгісіне шешімді бетбұрыс жасауға мүмкіндік бермеді, өйткені:
- экономикадағы қүрылымдық өзгерістердің келеңсіз тенден-циялары сақталды - экспортқа бағдарланған отын-энергетикалық саланың үлесі артып, инновациялық бағыттар артта қалды;
- инвестициялық белсенділік артса да, алайда негізгі капиталдың сапасының тозуы мен ескіруін ескерсек, инвестициялар жеткіліксіз қарқынмен өсті және олар көбінесе экономиканың отын-шикізат саласына арналды;
қоғамның әлеуметтік жағынан күрт сараланып, бөлінуі еңсер-шмеді. Қолданылған шараларға қарамастан экономиканың әлеу-меттік түрақтылықты растайтын өте маңызды параметрлері жыл-дам өзгермеді;
- инфляцияның жоғары деңгейі сақталды. Осы қиындықтарды еңсеру үшін әлеуметтік жағынан тұрақты аралас экономикаға негізделген дамуға жылдам әрі жүйелі түрде көшу үшін реформаларды тереңдету қажет болды. Экономиканы реформалау:
1. Құрылымды бір жақты қайта құрудан бас тартып, халық шаруашылығының құрылымын ғылымды көп қажет ететін әрі индустриялық дамуға бағдарланған технологиялық жағынан озық салаларға қарай бетбүрыс жасаудың елеулі проблемасын іс жүзінде шешуді қажет етті. Осыған байланысты технологияларды дамытуға арналған арнайы экономикалық аймақтар туралы заңна-ма қабылданды, Үлттық инновациялық қор мен Қазақстандық инвестициялық қор қүрылды, жоғары технологиялық жабдықтар-ды сатып алуға ынталандыратын салықтық жеңілдіктер берілді және т.б.
2. Қазақстанның үлттық экономикасының ерекшеліктерін мойындап, мемлекеттің экономикалық өмірдегі рөлін артты-рып, сонымен бірге экономиканың нарықтық негіздерін нығайту қажет болды. Әкімшілік реформа процесінде мемлекеттік басқаруды, монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру, салықтық реформа-ны жалғастыру - дамудың екінші кезеңінде мемлекеттік экономи-каны жетілдірудің маңызды бағыттары. Екінші бағыт - меншік қатынастарында мемлекеттің рөлін заңнама базасын жетілдіру арқылы ғана емес, сонымен бірге экономиканың стратегиялық салаларындағы ең ірі компаниялардың меншігше қатысуын күшей-ту арқылы да нығайту;
3. Әлеуметтік жағынан әділ әрі орнықты қоғам қүруға ықпал ететін әлеуметтік реформаларды тереңдету. Бүл әлеуметтік саланың жеке леген салаларын ішінара реформалау әдістерімен шешілмеген ең күрделі мәселенің бірі болып табылады. Бүл ретте нарықтық тәсілдемелер мен әлеуметтік қатынастардың ерекше-лігінің арасындағы нақты қайшылықтарды шешу проблемасы туындайды. Егер нарықтық қатынастарда өзін-өзі ақтау, бәсекелестікті, еркін баға белгілеу қажет болса, әлеуметтік орта салалары бүкіл халықтың әлеуметтік игілікке қол жеткізуді, еліміздің аума-ғында әлеуметтік жағдайды теңестіруді, түрғын үймен қамтамасыз етуді, бүкіл елдің тіршілігі үшін жағдай жасау мақсатын қояды. Демек, қайта қүру барысында реформалаудың әлеуметтік салаға нарық күштерін енгізудің жағымсыз салдарын тегістеп қана қоймай, Қазақстанның үлттық экономикасы үлгісінің елеулі элементінің рөлін ескеретін нысандары мен әдістерін табу қажет болды.

Жаңа экономикалық жүйенің қалыптасу барысында, оның әлеуметтік-экономикалық мақсаттары мен ел азаматтарының ахуалына, экономикалық және әлеуметтік дамудың арақатынасына, әлеуметтік проблемалардың мәні мен оны шешу жолдарыыа, өмірдің әлеуметтік құрылымының ұлттық үлгісі мен әлеуметтік саясаттың негіздеріне қатысты мәселелер шешімін міндетті түрде табуға тиіс.
Экономика және оның дамуы жеке адамның мақсаты емес. Біріншіден, экономика адамдардың, әрбір адамның тағдырымен әрі мақсатымен ажырамастай әрі тығыз байланысты. Адам - өнім жасау мен басқа да қызмет нәтижесін иемдену жөніндегі экономикалық қызметке тікелей қатысушы болуымен байланысты. Екінші-ден, қоғам мүшелері сонымен бірге қызмет факторлары мен нәти-жесінің меншік иесі болып табылады, сондықтан олар меншік иесі ретінде игілікке ие болуда өздерінің мүдделерін білдіреді. Үшіншіден, қоғамның барлық мүшелері бөлу және қайта бөлу нәтижесінде өздеріне жететін игіліктерді пайдаланады. Адамдардың даму, түты-ну мүмкіндіктері олардың өздері алатын табыспен шектеледі. Төртіншіден, қоғам мүшелерінің экономикалық қызметінің нәти-желері экономиканың шектерінен тысқары да сезіледі - әлеуметтік ортаның дамуы, зейнетақының, жәрдемақының мөлшері экономи-када қол жеткізген нәтиежелермен тікелей байланысты. Демек, экономика өзінің мәні бойынша әлеуметтік сала, ал ел азаматтары - экономикалық процестің барлық кезеңдеріне мівдетті түрде қатысушы болып табылады.
Алайда экономика мен әлеуметтік дамудың байланысы бұдан да тереңнен басталады. Өйткені адамдар экономикалық қатынас-тардың да? сонымен бірге экономикалық және әлеуметтік қатынастардың да мәніне бір уақытта субъектілер ретінде кіреді. Осыны түсіну үшін меншіктің тегінің және қоғамдық институттардың іс-қимылының, нормалары мен ережелерінің ерекшеліктерін білу қажет.
Меншік қатынасының құрылымы күрделі болады. Біріншіден, адам затпен, мүлікпен, игілікпен өзінің немесе бөтен затпен сияқты қатынас немесе объектілік-субъектілік қатынас жасайды. Екіншіден, ол өзінің сол немесе зат меншігіне қатысты басқа адамдармен қатынас немесе субъектілік қатынас жасайды.
Нәтижесінде экономикалық қатынастармен қатар адамдардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, яғни олардың бір-бірімен жасайтын қатынасы адамдардың қоғамдағы мәртебесі, игілік, табыс алу мүмкіндігі де өзгереді. Экономикалық және әлеуметтік билік пен қоғамның әлеуметтік қүрылымы өзгереді. Демек, эконо-микалық өзгерістер әлеуметтік бір уақытта өзгерістер сияқты болып көрінеді.
Адамдардың қатынасының экономикалық субъектілердің қаты-насы мен сонымен бірге әлеуметтік қатынастар субъектілері ретін-дегі екі жақты тегі меншік қатынасындағы емес, сонымен бірге институционалдық қүрылымдарда іске асырылады. Экономика-лық қатынастардың сипаты мен мазмүнын дәстүрлер, қоғамдық және саяси ережелер мен нормалар қалыптастырған жағдайда адамдардың экономикалық және әлеуметтік қызметінің байланысы кері сипатта да қалыптасады. Бұл әсіресе қүқықтық реттеуде әсіресе байқалады. Сөйтіп, экономикалық және әлеуметтік дамудың ішкі мазмүны біртүтас. Осы біртүтастық қоғамдық даму та-раптарының қарапайым өзара байланысы емес, оны қоғамның екі әр түрлі экономикалық және әлеуметтік саласының өзара байланысы қолдайды.
Осы өзара байланыс жөнінде айтатын болсақ, осы саланың әрқайсысы біршама дербес және өзінің заңдылықтарына сәйкес дамиды. Сұраныс пен үсыныстың, ақша айналысының, жеке үдайы өндірістің, қоғамдық үйлесімдердің және т.б. өзгерісі экономикалық заңдылықтарға бағынады. Сонымен бір уақытта қоғамдағы әлеуметтік құрылымның, адамның даму мен т.б. өзгеру заңдылық-тары олардан өзгеше және олардан тәуелсіз болады. Осы заңды-лықтар бір-бірімен үйлеспейді. Экономикадағы өзгерістер мен әлеуметтік саладағы өзгерістер сәйкес келмейді және бір-бірімен сәйкес келе алмайды. Бір жағынан, нарық заңдылықтарына сәйкес өндірушілерді, дәрменсіз өндірушілердің банкроттығы, байлық пен нарықтың кемшіліктерін жою талабына ғана жауап беретін ең аз табыс, мемлекеттің араласу деңгейіндегі айырмашылықтар саралануы тиіс. Екінші жағынан, бүкіл халықтың күн көру үшін жеткілікті табыс деңгейі болуы тиіс, халық жүмыспен қамтудың белгіленген деңгейімен қамтамасыз етіліп, ерлер мен әйелдер тең құқықты болуда, сапалы білім алуы тиіс, ал мүның өзі нарықтың осы сияқты заңдарымен қарама-қайшы келеді. Бүл ретте адамдардың мүдделерін қозғайтын кез келген экономикалық іс-әрекетке олар тиісінше жауап ретінде әрекет жасауы мүмкін. Әлеуметтік өмірдің заңдарын ескермей әлеуметтік өмірде нарық қағидаларын жүйелі түрле қолданған жағдайда экономикалық және әлеуметтік даму еріксіз қарама-қайшы келіп, қоғамда әлеуметтік және саяси түрақсыздық белең алып, ең соңында экономикалық және қоғам-дық дағдарыс туындайды. Осыған қарап, әлеуметтік саланың дербес заңдылықтары ескерілмеген таза экономикалық тәсілдеме заңсыз ғана емес, сонымен бірге қате деп айтуға болады.
Айтылғанның негізінде әлеуметтік өзгерістердің нарықтың заңдылықтары мен өлшемдеріне бір жақты бағынуы теориялық та, сонымен бірге практикалық жағынан да орынсыз болып табыла-ды. Демек, әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу, экономика мен қоғамның ойдығдай дамуы үшін экономикалық және әлеумет-тік өзгерістерді теңдестіріп, үйлестіріп, біртүтас қарастыру қажет.
Біріншіден, ел халқының экономикалық және әлеуметтік жағ-дайының іскерлік белсенділігінің өсуіне сәйкес жақсаруы. Осы қағида іске асырылған жағдайда алып-сатарлық, көлеңкелі фактор-лардың және әл-ауқатты өсірудің басқа да осындай тәсілдерін жонсіз алу факторлары жойылады.
Екіншіден, әлеуметтік жауапкершілік азаматтардың қызметі мен кәсіпкерлік белсенділігінің нәтижесіне байланысты табыс пен тұтынудың орынды саралануымен қамтамасыз етіледі. Нарықтық 'жономикада нәтижелер мен шығынның арақатынасы дұрыс болуы үшін табыс пен түтыну табыс осылай сараланады.
Үшіншіден, қоғамда мемлекет, азаматтар мен кәсіпкерлер өздерінің табысынан тікелей жүзеге асыратын әлеуметтік ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан бюджетін қалыптастырудың ерекшеліктері
Спортшылардың жұмыс қабілетін қалыптастырудың қазіргі заманғы үлгісін жасау мәселелері
Макроэкономикалық саясаттың үлгісін таңдау
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың заңдылықтары мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының бюджет-салық саясатын қалыптастырудың ерекшеліктері
Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері
Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың негізгі ерекшеліктері
Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстардың криминалистикалық ерекшеліктері
Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь