Монополияға қарсы - заңдар және экономиканы реттеу



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Монополияға қарсы - заңдар және экономиканы реттеу
3. Монополияға қарсы саясат
4. Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай
5. Қорытынды
6. Пайдаланған әдебиеттер

Монополия терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнiң тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де. Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға жатады.
Табиғи монополия субъектісі жылына бір реттен аз емес өзінің амортизациялық қоры туралы есеп беруі керек.
Нарықтық қатынастарда, табиғи монополияны мемлекет реттеу керек. Президент жарлығымен Қазақстан Республикасында 1998 жылдың шілдесінде "Табиғи монополия туралы" заң шықты. Табиғи монополияны түсіндіретін, оның қызмет етуін реттейтін көптеген құқытықты-нормативті актілер жасалды.
Монополиясыздандыру -- экономикалық саясат пен заңнама шеңберіндегі бәсекені дамытуға және монополиялардың қызметін шектеуге бағытталған шаралар кешені. Жалпылама түрде Монополиясыздандыру - мемлекеттің монополияға қарсы екі бағытта жүргізетін саясаты.
* Рыноктарды дәйекті түрде ырықтандыру. Мұнда монополияға тиіспей монополистік іс-әрекетті ірі бизнес үшін тиімсіз ету мақсаты көзделеді, сонымен бірге кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру, шетелдік кәсіпкерлер үшін ішкі рыноктарды ашу, атап айтқанда шетелдік инвесторлар үшін инвестиц. ахуалды жақсарту, кеден салықтарын төмендету, лицензиялау рәсімін оңайлату, өнімі монополиялардың тауарларымен бәсекелесе алатын өндірістерді қолдау үдерістері жүріп жатады;
* Монополияға ықпал ету тәсілдері. Оған негізінен монополияларды әкімш. қадағалау шаралары - өнімнің бағасын, мөлшері мен сапасын реттеу, сондай-ақ монополияға қарсы заңдар бұзылған жағдайда қолданылатын қаржы санкциялары жатады. Реттеудің құқықтық нормаларын, яғни монополиялардың қызметін шектеуге бағытталған антимонопол. (антитрестік) заңдарды да осы екінші бағытқа жатқызуға болады. Батыс елдерінде антимонополия заңдар ірі корпорацияларға, монополиялардың рыноктағы басымдығын қиянатпен пайдалануына қарсы қолданылады.

Монополияға қарсы - зандар және экономиканы реттеу

АҚШ - тың монополияға қарсы заңдары барынша жетілдірілген деп есептелінеді, оның бұрыннан келе жатқан тарихы бар. Ол үш китке, үш негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:
1. Шерман заңы (1890 жыл). Бұл заң сауданы құпия монополияландыруға, бір салада жалғыз үстемдік етуге, баға жөнінде келісімге келуге тыйым салады.
2. Клейтон заңы (1914 ж) - өткізу саласындағы шектеу іс - әрекеттеріне, баға алалаушылығына ( барлық жағдайда емес, тек күнделікті бәсекенің ерекшелігіне байланысты), бірігудің кейбір түрлеріне тыйым салды.
3. Робинсон - Пэтмэн заңы (1936 ж) - баға алалаушылығы баға қайшысы тағы басқа сауда саласындағы істерді шектеуге тыйым салады.
1950 жылы Клейтон заңына Селлер- Кефовер түзетуші қабылданды, заңсыз бірігу ұғымы пысықталды. Активистерді сатып алу арқылы бірігуге тыйым салынды. Егер Клейтон заңымен ірі фирмалардың көнбеу бірігуіне кедергі қойылса, Селлер - Кефовер түзетуді тікелей бірігуді шектейді.
Монополияға қарсы заңдарды жүзеге асрушы мемлекеттік қызметтер екі принципті басшылыққа ала алады. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру, екіншіден парасаттылық принципін ұстау. Өйткені көп жағдайларды трестерге қарсы заңдардың (мысалы Шерман заңы) ресми жалпы түрде жазылғаны сонша, АҚШ федеральдық соты осы заңның қолдану сферасына іс істемекші болған қандай да болсын келісімге келуші екі жақты жатқыза алады. Сондықтан Парасаттылық принципі бойынша тек жөнсіз, ақылға сыймайтын сауданы шектеулер ғана Шерман заңының қолдану сферасына жатады. Мемлекет қиратушы монополизм қаупі мен бәсекені шектеу қаупінің ( мемлекеттің қандай да болсын араласуы, тіпті бәсекені қолдау мақсатымен, әрбір бәсекелестік мүмкіндіктерді шектеуге әкеліп соғады) арасындағы жіңішке соқпақ жолда өзін тең ұстауға тиісті. Монополияға қарсы істер өндірушілердің ( тұтынушылардың) бір тобына басқа топтардың есебінен барынша жеңілдік жасаудың орнына бәсекені қолдау керек.
Монополиялану фактісін анықтау үшін монополияға қарсы реттеу математикалық құралдарды және жалпы Э. Чемберлиннің. Дж.Робинсонның, В.Паретонның тағы басқа экономистердің жетілмеген бәсеке концепциясының барлық теориялық аппаратын кеңінен пайдалануды көздейді. Өкіметтің атқарушы ұйымдары монополистік шектеулерді болдырмау үшін тек қана жазалау емес, оның алдын алатын жұмыстарды да жүргізеді. Мысалы, Әділет министрлігі трестерге қарсы заңдар, компаниялардың бірін-бірі жұтып қоюы, қосылуы туралы келісімдердің параметрлері бар анықтама материалдар басып шығарады. Мысалы, бір немесе бірнеше кәсіпорындардың рыноктағы басымдылығы фактісі туралы қорытындыға негіз болатын белгілер мынандай: бір кәсіпорын үшін - 33%, үшеуі үшін - 50%, бесеуі үшін - 66,6%. Айта кететін жай, трестерге қарсы заңдар Үлкен бизнестің ірі корпорацияларына қарсы бағытталмаған, өйткені бір компанияның мөлшері оған монополия деп қарауға негіз бола алмайды. Монополияға қарсы заңдар тиімді бәсекені бұзатын шектелген іс тәжірибеге қарсы бағытталған. Егер рыноктық экономикада уағыздалатын қосымша шығындар мен қосымша пайданы салыстыру принципі қолданылса, онда мынаны айтуға: монополияға қарсы реттеуге байланысты болатын шығындар, қанша дегенмен рыноктың экономикадағы монополистік тенденцияларды шектеуге әкелетін айырмашылықтардан төмен болады.

Монополияға қарсы саясат

Ірі монополдық бірлестіктердің рынокты түгелдей өздеріне бағындыру іс-әрекеттері шағын және орта кәсіпкерлердің, жалпы қарапайым адамдардың наразылықтарын туындырады. Бұл жағдай мемлекеттің экономикаға араласуын талап етті. АҚШ- та, Батыс мемлекеттері монополияға қарсы аңдарды қабылдап, оның рынокты монополияландыруына тоқтау қойыла бастады.
Америка Құрама Штатында экономиканы монополяландыруға қарсы бірінші заң - Акт Шермана , 1890 жылы қабылданған. Ол тресттер, бірлестіктер, егер штаттардың арасындағы саудаға кедергі келтірсе, оны заңсыз деп санады. Акт Клейтона (1914 жыл) арам, алдама саудаға тыйым салған.
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттерде осындай монополияға қарсы заңдар қолданған. Сол арқылы олардың іс-әрекеттеріне шек қойылған. Мемлекет монополияның іс-әрекетіне мына бағыттарда араласады, бақылау жүргізеді:
а) Мемлекет жоғарғы деңгейде салық салу арқасында монополияның пайдасының көлемін азайтады. Соның нәтижесінде әлеуметтік жағдайға тигізетін тиімсіздігін әлсіретеді.
б) Инфляцияны басу және жоғарғы деңгейде шоғырланған салалардың бағаларына қысым жасау үшін бағаға бақылау қойылады.
в) Монополияның бірлестіктердің мемлекет меншігінде болуы. Мысалы, телефон байланысы. Сумен табиғи газбен, элетрокүшімен жабдықтау, темір жол монополдың кәсіпорындар болса, тиімділігі жоғары болады.
г) Мемлекеттік экономикалық реттеу бағаға, өндірістің көлеміне, фирмалардың реттелетін салаларға кіруін, одан шығуын бақылауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаты
Антимонополдық әдістер
Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ ЖАЙЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Мемлекеттік монополия
Табиғи монополия және жасанды монополия
Монополия туралы
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау
Монополияның ерекшеліктері
Пәндер