Қазақстандағы еңбекақы қатынастары және оның қарқыны туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы еңбекақы қатынастары және оның қарқыны

Әрбір жұмыс істейтін жанды үнемі мазалайтын жайт - ол еңбегінің лайықты бағаланып, тиесілі ақысының төленуі. Ел азаматтарының еңбегінің құны мен табысы да осы орташа жалақының деңгейімен анықталады. Қазақстандағы жалақының өсімі дағдарыс жылдарына тап келгендіктен ресми деректерде жіпке тізгендей көрсетілетін әдемі цифрларды инфляция жұтып жатқаны анық. Жалпы, соңғы үш жыл ішінде орташа айлық номиналды жалақының өсімі жылына 7 пайыздан артық көр­сеткішті құрап отыр. Ресми мәліметтерде осы мөлшердегі қарқын­мен халықтың ақшалай табысы да өскені айтылады. Бізде кедейшілік шегін есептеу 2000 жылы шыққан үкіметтің қаулысына сәйкес жүзеге асады. Қаулыда «кедейшілік шегі экономикалық мүмкіндіктерге байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен анықталады» деп анық көрсетілген. Нақты критерийлер мен сандар жоқ. Ал, дамыған елдердегі есеп мүлдем өзгеше. Біздің Кедендік одақ бойынша серіктесімізде де күнкөріс минимумынан төмен табысы барлар кедей саналады. Сондықтан, көптеген мемлекетте күнкөріс минимумы мен кедейшілік шегі дегеніміз - бір көрсеткіш. Ал бізде ол әртүрлі. Алайда, халықтың әл-ауқатының деңгейі тек жалақы, айлық табыс, зейнетақы және басқа да төлемдерден ғана өлшенбейді, өзге де факторлар бар. Егер кейбір тұтыну тауарларының бағасы жайында есептейтін болсақ, жағдай басқаша белең алары сөзсіз. Мәселен, негізгі азық түрлері ет, сүт, жұмыртқа құны әлдеқашан дамыған елдердегі бағамен теңесіп кетті. Іс жүзінде біздегі тұтыну себетінің деңгейі қазіргіден 2-2, 5 есе көп болуы тиіс. Ол үшін еліміздегі нақты жағдайды есепке ала отырып, күнкөріс минимумын қайта қарастырып шығаруға тура келеді.

Еңбек ақы - бұл жұмысшының және оның отбасы мүшелерінің физикалық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін тұтыну заттары мен қызметтердің құнына сәйкес келетін жұмыс күшінің бағасы. Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеудің сәйкестігін талдау керектігі туындайды, соның ішінде, республиканың салалары мен аймақтарында. Мемлекеттің жалақыны аймақтық деңгейде реттеу саясаты территориялық айырмашылықтар мен аймақтық коэффициенттерді белгілеуді анықтаудан тұратыны белгілі, ол негізгі жалақыны толықтырып, әділетті еңбек ақы қағидасын қамтамасыз етеді. Ал жұмыс берушілер мен жұмысшылар рөлі, олар әлеуметтік серіктестік қағидасы негізінде жалақы проблемаларын шешу үшін оларды территориялық өзгешеліктерін біріктіруде жатыр. 2005 жылдағы еңбек ақының жоғары деңгейі Маңғыстау облысында байқалған (44369) . Еңбек ақы төлеу бойынша айтарлықтай бөлінетін Атырау облысы (48338 тенге) және Астана, Алматы қалалары (43002 теңге және 42622 теңге) . Еңбек ақының төмен деңгейі аймақтарға Ақмола облысы (24954 теңге) және Алматы облысы (25933теңге) жатады. Салалық аспектіде еңбек ақы төлеу өзгешелігінің талдауы тағы да республикада еңбек ақы көлемінің өзгешеліктерінің тенденциясының күшеюін көрсетеді. 1998-2016 жылдары ҚР-да орташа еңбек ақының 77%-ға өсуі байқалады, сонымен қатар осы кезеңде тауар және ақылы қызметтердің тұтыну бағасы 46%-ға өскен. Бұндай еңбек ақы және баға өсімінің қатынасы еңбек ақының сатып алу қабілеттілігін 27, 5%-ға өсіреді. Орташа және минималды еңбек ақы деңгейінің динамикасын, 1998-2016 жылдар өмір сүру минимумының мөлшерін талдау, орташа және минималды еңбек ақы арасындағы, орташа еңбек ақы мен өмір сүру минимумы арасындағы алшақтық жыл сайын өсіп барады, 2016 жылы бұл көрсеткіштер сәйкесінде 5, 13 және 3, 43-ке дейін жетті. Мемлекеттен минималды еңбек ақы мөлшерін белгілеу кедейлікті жоюға кері әсер етеді. Сондықтан, мемлекетке еңбек ақыны белгілеу жүйесіне мемлекеттік әсер ету шараларына, олардың экономикалық тиімділігіне кері әсер етуін есепке ала отырып, өте мұқият қарау керек.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы жолдауында еңбек ақы төлеуге үлкен мән берілген. Онда Қазақстан Республикасындағы барлық бюджет саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің, яғни мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысы көбеетіні туралы айтылған. Сонымен қатар минималды жалақының көбейетінін жеткізген. 2016 жылы бұл айтылғанның бәрі жүзеге асты, минималды жалақы 9200 тенгеге жетті.

Қазіргі кезде еңбек ақыны белгілеудің бүкіл жүйесі жеке жұмыс беруші қарамағында. Сондықтан еңбек ақы саласындағы үрдістер стихиялы сипатта жүреді, ол еңбек ақы жұмыс күшінің бағасы ретінде өзінің негізгі - ұдайы өндірістік, ынталандырушы және реттеуші функцияларын орындауды қойды.

Еңбек ақының ынталандырушы функциясын дұрыс түсіну үшін оның жұмысшыларға әсер ету күшінің жолдары мен әдістерін анықтау үшін келесі жағдайларды көңілге алудың маңызы зор. Еңбек ақы төлеуге пайдаланылатын, өндірілген өнімдегі үлесті көбейту мәселесі ұжымдық шартта еңбек ақының әрбір өскен пайыздық өсімінің көрсеткіштерін белгілеу жолымен де табысты шешілуі мүмкін. Аталған көрсеткіштердің артықшылықтары, олардың өндіріс тиімділігінің өсуі негізінде қосымша өндірілген құнның қай бөлігі жұмысшылардың тұтыну деңгейін жоғарлатуға бағытталғанын санмен анықтай отырып, өндірілген өнімдегі еңбек ақы төлеудің үлесін көтеру мәселесін шешуге жол беретіндігінде.

ҚР-сы мен РФ-сы экономикасының көптеген факторларының, атап айтқаанда, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, жұмыссыздықтың болуы, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудің қолданылмайтын жүйесі екі республикаға да еңбек ақыны жоғарыда келтірілген бағыттар бойынша ұйымдастыруға жол береді.

Дамыған елдердің тәжірбиесі еңбек ақыны ұйымдастырудың саласындағы мәселелерді шешудің әдістерін көрсетуі мүмкін.

ҚР-да еңбек ақы азаматтардың игіліктерінің негізгі көзі және еңбек қызметінің ынтасы болу үшін, менің ойымша келесі міндеттерді шешу керек:

1) кепілденген минималды еңбек ақыны нақты өмір сүру минимумының деңгейіне дейін сатылап өсіруді жүргізу, ал кейіннен минималды тұтыну бюджетінің деңгейіне, содан кейін үнемді бюджет деңгейіне дейін жеткізу;

2) кәсіпорын табысын еңбек пен капитал, кәсіпкер мен жұмысшы, пайда мен еңбек ақы төлеу арасында әділ бөлуді белгілеу;

3) сала, кәсіп және аймақ бойынша минималды және орташа еңбек ақы арасындағы қатынасты, өнеркәсіпте және әлеуметтік аядағы жұмысшылардың еңбек ақысын төлеудегі экономикалық және әлеуметтік анықталмаған дифференциясын қысқарту;

4) еңбек ақы мөлшері мен құрылымында инфляция қарқыны мен бағаның өсу қарқынын, жұмысшының отбасы құрамын, үй шығындарын, білім беру, медициналық қызметкөрсету, көлік және т. б. әлеуметтік қызмет көрсету шығындарын есепке алу;

5) салық органдарының, жұмысшының еңбек ақысын мемлекеттік бюджет табысына айналдыруға жол беретін, қолданыстағы заңдардағы кері әсерді жою, еңбеккер адамның еңбек ақысына тимеу керек.

Әлеуметтік және экономикалық сұрақтарды шешуде үш тараптың - үкіметтің, кәсіподақтың және жұмыс берушінің келісімі қажет. Бұл міндетті қажеттілік бүгінгі нақтылық. Жүйені жұмыс жалпымен ортақ қабылданған халықаралық нормаларға және стандарттарға, ең алдымен адам құқығының жалпыға бірдей декларациясына, еңбекті халықаралық ұйымдастыру конвенцияларына негізделуі мүмкін. үш жақты келіссөздегі басты міндеттердің бірі - бұл кәсіпорындарда және салаларда ондағы нақты экономикалық жағдайды есепке ала отырып еңбек ақыны өсірудің бағыттарын келістіру.

Өз елінің азаматы, негізгі салық төлеуші бола отырып, әрбір жұмысшы өзінің тікелей жеке меншігі болып табылатын жұмыс күшінің нарықтық құнына сәйкес еңбек ақыны дер кезінде және толық алуға құқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның мәні, себептері әлеуметтік - экономикалық жағдайы
Инфляция - пайда болу себептері және онымен күресу жолдары
Инфляцияны реттеу: әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы
Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше
Ақша қорларының жиынтығы
Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
Сұраныс инфлияциясының өсуі
Қазақстан Республикасындағы еңбекақы төлеу мәселелерін талдау
Жұмыссыздық, инфляция
Әлемдік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz