Саяси биліктің және мемлекеттің адам өміріне әсері


ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік-технологиялық факультеті
Стандарттау және биотехнология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Саяси биліктің және мемлекеттің адам өміріне әсері
Тексерген: Мамырбеков А. М.
Орындаған: Мырзагалиева А. Е.
Тобы: БТ-507
Семей, 2017 жыл
Жоспар:
- Кіріспе
- Гипотеза
- Факт
- Аргумент
- Өз тәжірбием
- Қорытынды
Саяси биліктің және мемлекеттің адам өміріне әсері
Кіріспе
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
Мысалы, Мысырда, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік құдайдың құдыретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептеледі. Әрине, діни көзқарастар мен парадигмалар ғылыми болып саналмайды, бірақ біз мұны жоққа да шығара алмаймыз, себебі қазіргі кезде діннің қайтадан қоғамда үлкен орын ала бастағанына қарасақ, мемлекеттегі және мемлекет аралық саясаттағы діннің орны ерекше.
Саяси билік қоғамның әлеуметтік тұтастығын сақтау, үстемдік етуші әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделерін іске асыру, әлеуметтік құрылымның жұмыс жасауын қамтамасыз ету, қоғамда тепе-теңдікті, өндіріс пен өнімді бөлу шамаластығын сақтау сияқты міндеттердің бірқатарын жүзеге асыру қабілетіне ие болуының арқасында қоғамда өмір сүреді. Саяси биліктің ерекшелігі жоғарыда көрсетілген міндеттердің бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланыстылығы мен бір-біріне өзара ықпал ететіндігінде. Бұл міндеттердің біреуін ғана жоққа шығару саяси биліктің ыдырауына әкеліп соқтырады. Саяси биліктің негізгі түрі мемлекеттік биліктен көрінеді. Бұл биліктің басқа биліктен айырмашылығы-оның басқару органдары бар және заң шығару мәселесінде бір өзі шексіз түрдегі құқыққа ие.
Мысалға Қазақстан Республикасындағы саяси билікті қарастыратын болсақ, біздің еліміздегі саясат өз міндеттерін орындай алуда деуге болады. Әлеуметтік жағдайды жақсартуда жұмыстар атқарылады, елде тыныштық пен тепе-теңдік сақталуда және әрбір тұлғаның мүддесін қорғауда айтарлықтай жұмыстар атқарылады. Саяси биліктің мемлекеттік билік негізінде көрінуін анық байқауға болады.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б. з. д. 10-15 мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.
Мемлекеттің қалыптасуы-әртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асты. Шығыста өндірістің азиялық тәсілің нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтік-экономикалық бөліктері-жердік үлес, ұжымдық меншік және т. б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды.
Жалпы мемлекет дегеніміз - белгілі бір аумақта орналасқан, шекарасы айқындалған саяси құрлым. Мемлекетті мемлекет деп тануымыз үшін онның белгілерін білу қажет. Олар: аумағы, халқы, билік органдары, рәміздері, валютасы, салық жүйесі, тілі, заңы болуы тиіс.
Мысалға Ватиканды қарастыратын болсақ, тәуелсіз мемлекет. Жер аумағы 0, 7 км², тұрғыны бір мың адам шамасында, көпшілігі діни мекемелердің қызметкерлері. Ватикан азаматтығын тек жеті жүздей адам ғана алған. Ресми тілдері: латын және италия тілдері. Ватикан - абсолютті теократиялық монархия. Мемлекет басшысы - Рим папасы. Оның қолында барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырланған.
Қоғамның әлеуметтік-саяси жүйесінің тұрақтылығына негіз болатын шарттардың бірі - халықтың биліктің саяси құқықтық идеяларын мойындау және құрметтеуі. Мұны саясаттануда «легитимация» - деген категория арқылы анықтайды. легитимация (латынның заңды) билікті заңды түрде танып мойыңдау және оған мүлтіксіз бағыну деген мағынада қолданылады. Билік легитимациясы теориясына Вебер үлкен үлес қосты. Ол бағалау ниеттеріне қарай билік легитимділігінің 3 негізгі түрін ажератты: дәстүрлі легитимділік, ол сонау ерте заманнан халық санасына сіңген әбден бойлары үйреніп дұрыс деп тапқан салд дәстүрлерге сүйенген.
Мысалы, хан, сұлтан, патша, шах, әмір және тағы басқалары билікті халық, дұрыс, заңды деп түсінді. Билік әкеден балаға мұра болып қалып келді, оны жұрт ата салтымыз деп мойындап отырды. қазіргі уақытта да осы дәстүр сақталып келген мемлекеттер бар. Оларға: Оман, Ватикан, Бруней және тағы басқа мемлекеттерді жатқызуға болады.
Харизматикалық легитимділік мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы, халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді.
Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, Ганди, Аятолла Хомейни және тағы басқалары. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті.
Легитимділіктің алдыңғы екі түрі құлдық және феодалдық қоғамға тән болса, үшінші түрі қазіргі дамыған елге тән. Ол халықтың қалыптасуы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек, яғни мемлекеттік биліктің иесін немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс.
Бұған мысал ретінде өте көп мемлекеттерді қастыруға болады. Себебі қазіргі кездегі демократиялық билік легитимділіктің осы түрін жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы» деп жазылған.
Гипотеза
Саяси билік пен мемлекттің адам өміріне әсері дегенде екі жақты ой туындайды, ол бізге керек пе әлде керек емес пе деген? Менің ойымша әрине керек. Себебі қазіргі қоғамды тұрақтап ұстап тұрған ол мемлекет және оның саясаты әлеуметтік сипатта әр түрлі топтарды барынша қамсыздандырумен айналысып, өз алдына өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді. Сонымен қатар билік органдарының құрылуы, заңдардың шығарылуы және жаңартылып отыруы, саяси партиялардың жұмыс істей бастауы және оппозиция болуы да саяси биліктің адам өміріне өзгеріс әкелгенін көруге болады.
Теріс жақтары да бар. Ол біздің мемлекетке тәуелді болуымыз. Яғни біздің психологиялық, эмоцианалды санамыздың күйреуіне әкеп соғуы мүмкін. Мемлект біздің өмірімізге тікелей әсер ететін шешімдерді қабылдаған сайын біз мемлететті кінәлайтынымыз бар. Мысалға еліміздегі экономикалық өзгерістер, теңгеміздің құлдырауы бізге тікелей әсерін тигізді. Яғни халықтыңда мемлекет билігіне араласпай тек сөзбен айтылатыны да теріс деп санаймын. Оппозицияның болуы мемлекетімізді көп проблемалардың шешімдерін табуға ықпал етеді. Тағы бір теріс жағы ол батысқа еліктеу. Еліміз дамыған мемлекеттер қатарына қосыламыз деген жолда, жастарымыздың ой-өрістерін, танымдарын дұрыс емес бағытқа жетелеуі мүмкін.
Факт
- Жас егеменді Қазақстан мемлекеттік-саяси құрылымы тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысында қалыптасты. 1993 жылы қабылданған Конституция бойынша мемлекеттік өкімет билік заңдық, атқару және сот билігі болып бөлінеді. Атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқаратын мемлекет басшысы ретінде президенттік билік орнады. Қазақстан Республикасы-демократиялық, зиялы және біртұтас (унитарлық) мемлекеттік сипатын алды. Егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытында дамуы басты стратегиялық мақсатқа айналды.
- Өткен жүз жылдықтың 80-90 жылдары КСРО мен Европаның бірқатар елдеріндегі ықпалды топтар өздерінің үкіметтеріне сенімсіздік білдірді және оны қолдаудан бас тартты. Осы елдердің саяси режимдері заңды, мемлекеттік басқаруды өзгертуге, экономиканы қайта құруға дәрменсіз екенін байқатты. Коммунистік саяси режимдер күйреді.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылғы желтоқсанда “1996-1998 жылдары реформаны тереңдету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын” қабылдады. Оның негізгілерінің бірі - “әлеуметтік саясат” аталатын үшінші бөлім болды. Сондай-ақ 1995 жылы желтоқсанның 19-ында Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған “Қазақстан Республикасы тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар туралы” Жарлығы да осындай игілікті істердің қатарына қосылады.
- Бәрімізге мәлім 90 жылдары тоқырау жылдары болатын зауыт фабрикалар жабық, азық-түліктің жетіспеушілгі, гиперинфляция болды. Бірақ қазір біз ең тез дамушы ел қатарларындамыз мысалға, 1996 жылы кедейшілік деңгейінде 35 пайыз Қазақстандық тұрса, бұл цифра 2, 5 пайызға дейін дөмендеген, сонымен қатар туу деңгейі 60 пайызға көтерілім, өлім деңгейі азайған. Көптеген больницалар, мектептер, бір сөзбен айтқанда инфра құрылым салынған.
Аргумент
Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген сөз тізбегі қолданылады. Олар қоғам саясаты, экономикалық, мемлекеттік, партиялық саясат, нарықтық, діни, рухани, халықаралық саясат және тағы басқалары. Демек, қоғам көлемінде сан алуан саясаттар іске асырылады екен, ал осы саясаттарды қоғамда жүргізетін адам жай адам ғана емес, әлеуметтік мүддені, материалдық және рухани құндылықтарды билік арқылы беретін, өзара қатынаста болатын адамдар. Олай болса адамдардың әлеуметтік бірлігі, нақтылы адамның саяси өмірі белгілі қоғамдық салада өзара байланыстылықта өтеді. Олардың нәтижесі - мүддені, адамның іс-әрекетін материалдандыру.
Біздің өмірімізде саясаттың үлесі зор, себебі күнделікті тұрмысжағдай болсын, әлеуметтік шара болсын бәрі мемлекттің құзырында. Мысалға біз рұқсат етілмеген жерлерде, жасы кәмілеттік жасқа келмегендерге ішімдік мен есірткі беруге және басқа да тыйым салынған заттарды істеуге құқығымыз жоқ. Ол мемлекттің саясаты, себебі ол әрбір азаматтың мүддесін қорғап, елде тыныштық орнатады. Яғни бізді қорғау да ол белгілі бір саясат. Адамзаттың өмірінің дамуы, оған байланысты түрлі мәселелерді шешу түгелдей саясаттың қолында.
- Мысалға біздің мемлекетті қарастыратын болсақ, біздегі билік органдары құзырындағы саясат мінсіз болмаса да, өте жақсы дәрежеде деуге болады. Оған мысал ретінде Қазақстанның қазіргі халықаралық деңгейі өзі айтып отыр. Оған қоса ішкі тұрақтылық, ертенгі күнге деген сенім, болашаққа үміт артатындай, мақтанып менің елім деп айта алуымыз.
- Соңғы жүз жылда Жапония, Күншығыс елінің «түсініксіз» даму жолының «жұмбағын» шешуге тырысқан барлық шетел бақылаушылары мен зерттеушілерінің назарын өзіне аударуда. Өткен ғасырдың басындағы негізгі қызықтырған мәселе - қалайша, осыншама кішкентай және, ic жүзінде, нашар дамыған арал-мемлекет, басқа азиялық мемлекеттердің барлығына жуығы көрген қиыншылықтардан аман өтті? Кейіннен, қалайша ол, тарихи тұрғыдан алғанда, өте аз уақыт ішіндe, экономика мен қоғамды модернизациялау ісінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп және әлемнің ең мықты елдері қатарынан орын алып, әлемді тағы бip рет бөлісуге тырысып, әлемнің алдынғы қатардағы державаларына қарсы шықты? Жапонияның саяси тарихы бip бағытта жүріп отырды деп айтуға болмайды, ол бірде тоқырауға ұшырап, бірде мүлде тоқтап, кейде тіпті артқа шегініп отырды және демократиялық институттардың, оның қағидалары мен нормаларының, демократиялық тәжірибенің жинақталуымен сипатталып отырды. Жапониядағы соғыстан кейінгі демократияның елу жылдам астам тарихын негізгі төрт кезеңге бөлуге болады - ерте «Дайындық» кезеңі, одан соң «Өркендеу», «Жетілген» кезеңдері және ең ақырында, «Коалициялар» кезеңі. Кішкене үзілістерді санамағанда, либералды-демократиялық партиялар басқарған үкіметтер Жапонияның соғыстан кейінгі кезеңін толықтай басқарып келді. Өсудің жоғары қарқынын жалғастырып келе жатқан экономикаға қарағанда, жапон саясаты 1960-шы жылдардың басында ғана пісіп-жетіле бастады. 1964 жылғы Токиода өткізілген Олимпиада Ойындары, 1979 жылы алғаш рет Эзра Вогел айтқан «Жапония - бipiншi нөмip» түciнігi, әлемдік қауымдастықтың назарын Жапонияға аударды. Жапониядағы саяси климаттың ерекшелігі - монополистік буржуазияның басымдылығы буржуазиялық-демократтық институттардың кең даму жағдайында жүзеге асты. Нәтижесінде, мықты, бip орталыққа бағынған және біp жүйеге келтірілген, оның функционерлері елдегі жағдайды бақылап отыратын, халық арасында беделге ие және оны өз пайдасына пайдалана білетін, эффективті жұмыс істейтін саяси билік механизмі қалыптасқан.
- Сирия аграрлы-индустриалды ел. Экономиканың басты саласы - ауыл шаруашылығы. Дәнді дақылдардан бидай, арпа, сұлы, жүгері, т. б. егіледі. Мақта, қант қызылшасы, темекі, жеміс-жидек, жүзім өсіру, балық ш., жеңіл өнеркәсібі дамыған. Болат прокаттау, мұнай айыру, трактор құрастыру, т. б. өнеркәсіп салалары жұмыс істейді. Сыртқа мұнай және мұнай өнімдерін, мақта, тоқыма бұйымдарын, ауыл шаруашылық өнімдерін шығарады. Импортының негізін машина және жабдықтар, азық-түлік, қара металдар, ағаш құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 1024 АҚШ долл-на тең. Негізгі сауда серіктестері: Испания, Франция, Ұлыбритания, Германия. Осндай сипаты бар ел неге тұрақтылық жоқ? Жауап тек бір ғана мемлекет басшыларының саяси ықпалының төмендігі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz