Тауар белгісін тіркеу тәртібі
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік-технологиялық факультеті
Стандарттау және биотехнология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:
Тауар белгісін тіркеу тәртібі
Тексерген: Джумажанова М. М.
Орындаған: Мырзагалиева А. Е.
Тобы: БТ-507
Семей 2017 жыл
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Өтінім беру
3. Тауар белгісін тіркеудің түрлері иен мақсаты, белгінің шет елдегі қызметі
4. Тіркеу процесі
5. Халықаралық өтініштердің экспертизасы
6. Тауар белгісін тіркеуге өтінімді беруге қойылатын талаптар
7. Қорытынды
8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тауар белгісі - бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір заңды немесе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін таңба.
Тауар белгісі өнімді дараландыру тәсілі болып табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығы заң бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады. Тіркелген тауар белгісіне куәлік беріледі. Тауар белгісі ретінде сөз, бейне, көлем және басқа таңбалар немесе олардың құрамдастырылған түрлері тіркелуі мүмкін. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын; ресми бақылау таңбаларын, кепілдікті және сынамалық таңбаларды, мөрлерді, наградалар мен басқа да айырым белгілерін білдіретін таңбалар тауар белгісі ретінде тіркеуге алынбайды. Дегенмен, осы құзырлы органдардың немесе иелерінің келісімі болса, олардың тауар белгісіне қорғалмайтын нышандар ретінде енгізілуі мүмкін.
Тауар белгісі заңмен қорғалады және оны тауар үшін тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге Тауар белгісінің иесі (лицензиар) тауар белгісін пайдалану құқығын лиценз. келісім бойынша басқа тұлғаға (лицензиатқа) беруі мүмкін. Тауар белгісімен қатар белгілі бір фирманың бір тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін символ-белгі түріндегі сауда таңбасы (кейде оны фирмалық белгі деп те атайды) мен шығарылатын өнімге емес, шығарушы фирмаға тиесілі сауда атауы да пайдаланылады. Заң жүзінде қорғалған тауар белгісі, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған латынша R әрпімен - таңбаланады. Тауар таңбасын иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айрықша құқығы болады.
Тауар белгісі (сауда таңбалары) фирмалық тауарларға‚ орамаларға (тоғанақтарға)‚ сызбаларға‚ анықтамалықтарға‚ шоттарға‚ бланкілерге‚ затбелгілерге және тауарлармен‚ жұмыстармен‚ қызметтермен қоса жүретін басқа да құжаттамаларға соғылады. Тауар белгісі зияткерлік белгілерге жатады және негізгі құрал-жабдықты ақыға сатып алған жағдайда айналымнан тыс активтердің құрамында есептеледі. Егер тауар белгісін субъектінің өзі әзірлеген болса‚ онда мұның өзі оның өнімі‚ тауары деп саналады‚ оны өткізу сәтінде және тек оны сатып алған тарапта ғана оның бейматериалдық актив деп бағалануы мүмкін. Тауардың арналуы (жеке бастың пайдалануына немесе қайта сатуына арналуы)‚ ал статистика мақсаты үшін - есеп айырысу сипаты (қолма-қол есеп айырысу немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу) заң жүзінде бөлшек сауданың басты белгісі болып табылады.
Өтінім беру
Өтінімді беруді Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншік құқығы комитеті Ұлттық зияткерлік меншік институты РМҚК арқылы жеке беруге болады. Өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды қазақ және орыс тілінде де ұсынуға болады. Бұдан кейін үш кезең: алдын-ала сараптама, толық сараптама және тауарлық белгіні тікелей тіркеу.
Тауар белгісін құқықтық қорғау
* 1кезеңде өтінімнің мазмұны, қажетті құжаттардың болуы, тауарлар және құжаттар тізімінің дұрыстығы, баждарды төлеу тексеріледі. Егер барлығы дұрыс болса, өтінім толық сараптау кезеңіне ауысады. Сіздің мекенжайыңызға (егер сіз институтқа жүгінсеңіз) немесе сіздің патент тексерушіңіздің атына өтінімді қарауға қабылдау, оған тиісті нөмірді тағайындау, беру күнін және артықшылық күнін белгілеу туралы хабарлама немесе себебін көрсетумен өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы хабар келеді. Тауарлық белгілер туралы Заңның 11-бабында алдын-ала сараптама бір ай ішінде қаралады, ал толық сараптама - екінші кезең - өтінімді берген күннен бастап тоғыз айдың ішінде қаралады.
* 2кезеңде белгіні қорғалу қабілеттілігіне тексеру жүреді. Қарау нәтижелері бойынша тауар белгісін тіркеу туралы немесе тіркеуден бас тарту туралы қорытынды шығарылуы мүмкін
* 3кезеңде тіркеу туралы қорытынды негізінде және тиісті баждарды төлегеннен кейін ҚР Тауарлық белгілерінің мемлекеттік тізілімінде белгі және оның иесі туралы мәліметтерді енгізу жүргізіледі. Құқық иесіне тауар белгісін тіркеу туралы куәлік беріледі. Куәлік 10 жылға беріледі, бірақ әрине оны ұзартуға болады. Егер оған үшінші тұлға қарсылық білдірсе немесе құқыққа ие-фирманың таратылуы себебінен куәлік өзінің әрекетін мерзімінен бұрын тоқтатуы мүмкін.
Ұжымдық белгіні тіркеу -- ұжымдық белгінің басымдығын мемлекеттік тану рәсімі. Оны уәкілетті мемлекет органдары тіркейді. белгіні тіркеу туралы өтінімге ұжымдық белгінің жарғысы тіркеледі, онда ұжымдық белгіні өз атына тіркеуге уәкілетті бірлестіктің атауы), осы белгіні пайдалануға құқылы кәсіпорындардың тізбесі, оны тіркеудің мақсаты, ұжымдық белгімен таңбалануға тиіс тауарлардың тізбесі және олардың өзге де сипаттамалары мен оны пайдаланудың шарттары, оның пайдаланылуын бақылау тәртібі, ұжымдық белгі жарғысының бұзылғаны үшін жауапкершілік баяндалады. Ұжымдық белгіні тіркеу тәртібі тауар белгісін тіркеу тәртібіне ұқсас.
Тауар белгісін тіркеудің түрлері иен мақсаты, белгінің шет елдегі қызметі

Тауар белгісі үлгілері
Тауар белгісін қолдануға ішкі саудада ғана емес әлемдік саудада да үлкен сұранысқа ие. Тұлға өз тауары мен қызметін сыртқы шет елге саудаға шығарар алдында өз тауар белгісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.Ол үшін кез-келген елдің халықаралық жүйесінің тіркеуін пайдалануға болады немесе ҚР 1993 жылы ақпан айында қосылған халықаралық белгілер тіркеуінің Мадрид келісімшартының жүйесіне өз тауар белгісін тіркеу арқылы.
Халықаралық жүйеде өз тауар белгісін тіркеу үшін өтініш жазушы кай елден қауіпсіздігін қамтамасыз еткізгісі келсе, сол елдің заңын білуі қажет.
Тауар белгісінің иесі патенттік сенімдеумен және қорғау құжатын алу үшін әр елдің заңына сәйкес қаржысын төлеуі қажет.
Мадридтік жүйені пайдалана отырып өтініш беруші қорғау алғысы келген жерден Халықаралық ВОИС бюросына берген өтінішінде Мемлекет атын көрсетуімен ала алады. Бір шешімге келген Мемлекеттер 52 келісілген Мемлекет кіретін союз құрды. Мадридтік келісімшарттын жұмысшы тілі француз.
Тауар белгісін халықаралық тіркеуден өту үшін Мадрид келісімшартының басты талаптарын белгілеу керек:
1. халықаралық тіркеуге өтініш беру үшін бір елдің ұлттық ведомствада тіркелген болуы керек;
2. өтініш сол елдің ведомствасы арқылы берілу керек;
3. өтініш беруші сол елдің азаматы, тұратын жері, өндірістік орны болуы керек;
4. сол ел Мадрид келісімшартының қатысушысы болуы керек;
Мадрид жүйесін 60-қа жуық Қазақстандық пайдаланған, соның ішінде Ульбиннің металлургиялық заводы, Усть-Каменогорсктың қалайы-қорғасын комбинаты, "Казахойл"ұлттық мұнай газ компаниясы сияқты ірі кәсіпкерлер, халықаралық тіркеу иелері орта өндірістер: мысалы ТОО "Табифарм" ТОО, т.б.
Тіркеу процесі
Халықаралық тіркеу өте қымбат процедура және халықаралық ВОИС бюросында төлем талаптары көрсетілген:
- басты төлем-белгінің тіркеуі қара-ақ болғанда 653 швейцарь франкі, түрлі түсті белгіде 903 швейцарь франкі;
- үштен жоғары әр тауар мен қызмет класы үшін қосымша төлем 73 швейцарь франкі;
- тауар белгісін қорғайтын ел көрсетілгені үшін қосалқы 73 швейцарь франкі.
Халықаралық ВОИС бюросы өтініштердің дұрыстығына экспертиза жүргізеді. Егер өтініш белгіленген талаптарға сай болса, халықаралық бюро белгіні халықаралық реестрде тіркеп, белгінің халықаралықта тіркелген жайлы қай елге тіркелетіні көрсетілген сол елге хабарлама жіберіледі және белгі иесіне сертификат беріледі.
Айта кететін жайт, тіркеу уақыты болып халықаралық бюроға өтініштің келіп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz