Өсімдік шаруашылығында және медицинада инженерлі энзимологияны қолданылу
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік-технологиялық факультеті
Стандарттау және биотехнология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Өсімдік шаруашылығында және медицинада инженерлі энзимологияны қолданылу
Тексерген: Жагалбаева Д. К.
Орындаған: Мырзагалиева А. Е.
Тобы: БТ-507
Семей, 2017 жыл
Жоспар:
1. Инженерлік энзимологияның қазіргі таңдағы дамуы
2. Биотрансформация
3. Энзимология
4. Иммобилиздеу
Инженерлік энзимологияның қазіргі таңдағы дамуы және маңызы
Инженерлік энзимология - биотехнологиялық процестерді қарқындандыру қажеттілігіне байланысты пайда болған жаңа ғылыми-техникалық бағыт.
Инженерлік энзимологияның міндеттері - клеткадан бөлініп алынған немесе онда орналасқан ферменттер мен полиферменттік жүйелердің негізіне берілген қасиеттері бар органикалық катализаторларды конструкцияландыру.
Берілген қасиет термині осы қасиеттердің алынған катализатордың практикалық қажеттіліктері, ферментативті процестерді жүргізу жағдайы, арнайылығы, қажетті өнімділігі және т.б. туындағандығын білдіреді.
Тірі ағзалар үнемі қозғалыста және тепе-теңдікте болады, яғни ағзаға сырттан қоректік заттар еніп тұрады және керексіз өнімдер сыртқа шығарылады. Бұл құбылысты зат алмасу процесі деп атайды. Зат алмасудың қалыпты жүруін орталық жүйке жүйесі және эндокрин (ішкі секреция) бездерінің гормондары реттейді. Эндокрин бездері өз әсерін ферменттер әсері арқылы іске асырады.
Егер ферменттер қатыспаса, ағзадағы химиялық реакциялар өте баяу да тәртіпсіз жүрер еді. Мұндай жағдайда тіршіліктің өзі де болмайды. Сондықтан да ферменттер барлық тіршілік процестерінің негізі болып табылады. Ал ферменттер әсерінің қандай болмасын бұзылуы әртүрлі жайсыз құбылыстарға душар етеді.
Ферменттер деп ағзада жүретін алуан түрлі биохимиялық процестерге катализатор ретінде әсер ететін белоктік табиғаты бар қосындыны айтады. Әдетте химиялық реакциялардың жүру жылдамдығын шапшаңдататын заттарды катализаторлар деп атайтыны белгілі. Ал ферменттер-өсімдіктер мен жануарлар және микроорганизмдер клеткаларынан бөлінетін белок тектес, ағзадағы биохимиялық реакцияларды сан мың есе шапшаңдататын қабілеті бар зат. Мұның қатысуынсыз қоректік заттардың ағзаға сіңуі мүмкін емес. Осыған байланысты ферменттерді биологиялық катализаторлар деп атайды, өйткені олар зат алмасу процесіне тікелей ат салысады. Фермент (латынның fermentum-ашу деген мағына береді) деген терминмен қатар әдебиетте энзим (enaym, en-ішкі, zyme-ашытқы деген мағына береді) деген сөз де қолданылады.
Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін бөлім энзимология деп аталады. Ферменттер қатысатын процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу XVII ғасырдың орта кезінен басталды. Осы кезде Гельмонт қанты бар сұйықзаттардың ерекше қоздырушылар көмегімен жүретінін анықтаған. Осыдан кейін Лавуазье ашу кезінде қант түгелдей көмірқышқыл газға және спиртке айналатынын анықтады.
XIX ғасырдың ортасында кейбір фермент препараттары (уыттан-амилаза, қарын сөлінен-пепсин, т.б.) бөлініп алынды. Сөйтіп, катализ және катализаторлар жөніндегі ілім жарыққа шықты.
Жалпы өндірістерде ферменттерді қолданудың көптеген тиімділігі бар. Экономикалық маңызды заттар алу үшін, өнім беретін клеткалар мен ұлпаларды өндіріс жағдайында өсіру- биотехнологияның жаңа бағыты. Егер дәстүрлі биотехнологияда құнды биологиялық активті заттар алу үшін тұтас организмдерді: микроорганизмдер, жануарлар, өсімдіктер пайдаланылып келсе, ал қазіргі биотехнология-клеткалық биотехнологияға бағытталған, тап осы жағдайда өсімдіктердің ерікті және орнықтырылған (иммобильденген) клеткаларын жасанды ортада өсіруге негізделген. Қоректік ортада өскен клеткалардың ферменттері қатысуымен арзан және қоры мол бастапқы заттардан биологиялық активті қосылыстарды синтездеуге болады, бұл процессті биотрансформация деп атайды.
Клеткалық биотехнологияның келесі қадамы, иммобилизденген, яғни орнықтырылған өсімдік клеткаларын пайдалану. Дәстүрлі өсімдіктер шикізатын алуымен салыстырғанда, қоректік ортада өсетін клеткалардың бірнеше артықшылықтары бар:
1. Өнімді алу климатқа, жыл мерзіміне, топырақ жағдайына байланысты емес;
2. Жасанды ортада өсірудің ең жақсы жағдайларын стандарттауға болады;
3. Барлық процестерді толық автоматтандырып компьютерлік бақылауға алуға мүмкіндік.
Қазір ферменттерді кеңінен қолданып отырған елдер: Жапония, АҚШ, Англия, Чехословакия, Голландия, Германия. Жапонияда ферменттерді қолданудың қарқындап дамуы соншалық, одан түсетін табыс ұлттық бюджеттің 20%- на тең келеді.
Ферменттер халық шаруашылығының нан пісіру саласында да өз тиімділігін дәлелдеп жүр. Мысалы, бір тонна қамырға небәрі 300 грамдай фермент қосқанда оның қабаруы анағұрлым артады, нанның иісі, дәмі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz