Өнеркәсіптік меншік объектілері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Инженерлік-технологиялық факультеті

Стандарттау және биотехнология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:

Өнеркәсіптік меншік объектілері

Тексерген: Джумажанова М. М.

Орындаған: Мырзагалиева А. Е.

Тобы: БТ-507

Семей, 2017 жыл

Жоспар:

  1. Өнеркәсіптік меншік
  2. Өнертабыстар
  3. Пайдалы модел
  4. Өнеркәсіптік үлгі
  5. Тауарлық белгілері
  6. Тауар шығарылған жердің атауы

Өнеркәсіптік меншік - өндіріс, сауда айналымы және қызымет көрсету салаларымен байланысты интелектуалды меншіктің түрі. Оның объектісі болып адамның ақыл ойының туындылары табылады.

Париждік конвенция өнеркәсіптік меншіктерді қорғау объектілеріне мыналар жатады деп болжайды:

- өнертабыстар

- пайдалы үлгілер

- өнеркәсіптік үлгілер

- тауарлық белгілер

- қызмет ету белгілері

- фирмалық атаулар

- қаинар көзіне нұсқаулар

- шыққан жерлерінің атаулары

- қараниетті бәсекелестердің жолын кесу

Өнеркәсіптік меншікті кейде қате түрде өнеркәсіптік өндірісте (фабрикаларда, өндіріс құрал жабдықтарына және т. б. ) пайдаланатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жатқызады. Еске сақтайтын жәйт, өнеркәсіптік меншіктің объектілері кәсіпорынның материалдық емес активтеріне жатады.

Өнертабыстар. Өнертабыстың нақ өзі, яғни қандай да бір мәселенің шынайы, шығармашылық шешімі о бастан-ақ әр түрлі елдердің құқықтық қорғанысының объектісі болған. Өнертабыстың маңыздылығын меншік ретінде сезіну әр түрлі елдерге осы меншік түрін қорғайтын заңдар шығаруына түрткі болды.

Өнертабысқа өтінім құрастыру кезінде бастанқыда ұсынылатын өнертабыс көмегімен шешілетін өнертабыс арқасында жетілетін техникалық нәтиже табылу қажет.

Өнертабыстық міндет - белгілі құралдар көмегімен қанағаттандырылуы мүмкін болмайтын қоғамдық қажеттілік.

Өнертабыс деп ойлап шығарылған объектісі емес, техникалық шешім аталады. Ал ойлап шығарылған объет техникалық шешімді жүзеге асыру дың мүмкін болатын формаларының (нысандарының) бірі болып табылады.

Пайдалы модел деп өндіріс құралдары мен тұтыну пәндерінің жаңа конструктивті орындалуын айтады. Пайдалы модел өнертабысқа жақын объекті болып табылады.

Пайдалы модел ретінде Қазақстан Республикасында қондырғылар қорғалады.

Пайдалы моделге құқықтық қорғау беріледі, егер ол жаңа және өнеркәсіпте қолдануға жарамды деп саналса.

Пайдалы модел жаңа деп есептеледі, егер оның барлық белгілерінің жиынтығы техника деңгейінің мәліметтерінде берілмесе.

Техника деңгейінің мәліметтерінде пайдалы моделдің басымдылық күніне дейін жалпыға ортақ мәліметтер, сонымен қатар Қазақстан Республикасында басқа тұлғалармен патенттелген пайдалы моделдер кіреді.

Пайдалы моделдер ретінде келесі объектілерге қатысты шешімдер қорғалмайды:

  • әдістерге, заттарға, микро ағзалар штаммдарына, өсімдік және жануар жасушаларының дақылдарына, және оларды жаңа мақсатпен қолдануға қатысты;
  • жоғарыда аталған патентке қабілетті өнертабыстары ретінде танылмайтын объектілерге қатысты.

Өнеркәсіптік үлгі деп сыртқы түрін анықтайтын өнімнің көркемді-конструкторлық шешімін айтады, оның қазіргі заңдылыққа сай құқықтық қорғауы бар. Өнеркәсіптік үлгіге құқықтық қорғау беріледі, егер ол жаңа, айырықша және өнеркәсіпте қолдануға жарамды болса.

Өнеркәсіптік үлгі жаңа деп саналады, егер өнімнің эстетикалық және эргономикалық ерекшеліктерін қамтитын барлық белгілердің жиынтығы үлгілердің басымдылық күніне дейін жалпыға ортақ мәліметтерде берілмесе.

Өнеркәсіптік үлгі айырықша қасиеттерге ие деп саналады, егер маңызды белгілер өнімнің эстетикалық шығармашылық сипаттарын анықтаса ғана. Өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіпте қолдануға жарамды деп саналады, егер ол бірнеше рет қайта өңделіп шығарылса.

Өнеркәсіптік үлгілер көлемдік, жазықтық және аралас болып бөлінеді.

Өнеркәсіптік үлгілерге келесілер жатпайды:

  1. өнімнің тек қана техникалық функциясымен қамтылған болса;
  2. сәулет объектілері өнеркәсіптік, гидротехникалық және басқа стационарлық ғимараттар;
  3. басып-шығарылатын өнімдер;
  4. сұйық, газ тәрізді, төгілгіш және оларға ұқсас заттардан жасалған пішіні тұрақты емес объектілері;
  5. қоғамдық қызығушылыққа, адамгершілік принциптеріне қайшы келетін өнімдер.

Тауарлық белгілері (қызмет көрсету белгілері) деп тіркелген сөз түрінде, бейнелеу түрінде немесе басқа да белгіленулерді айтады, олар бір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен қызметтерін басқа шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен қызметтерінен ажырату үшін керек.

Тауарлық белгілері (қызмет көрсету белгілері) ретінде тіркелген белгілену әртүрлі түспен немесе бірнеше түстердің қосындысы түрінде тіркелуі мүмкін.

Тауар шығарылған жердің атауы деп ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен оны шығаратын жермен, оның ішінде табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарды белгілеу үшін пайдаланылатын географиялық көрсеткішті айтады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. http://kk. wikipedia. org
  2. http://allrefrs. ru/3-9201. html
  3. http://astanazan. kz
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік және жеке меншік объектілер
Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқықтар
Патент құқығы обьектілері
Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары
Халықаралық патент сыныптамасы туралы Страсбург келісімі
ПАТЕНТ ЗАҢЫ
Патент құқығы
Патент құқығының түсінігі
ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты құқықтық реттеудің мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz