Әртүрлі елдердің өнертабыстарды классификациялау жүйелері


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Инженерлік-технологиялық факультеті

Стандарттау және биотехнология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:

Әртүрлі елдердің өнертабыстарды классификациялау жүйелері

Тексерген: Джумажанова М. М.

Орындаған: Мырзагалиева А. Е.

Тобы: БТ-507

Семей 2017 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Өнертабыстарды жіктеу
  3. Германияның өнертабыстарды жіктеу жүйесі
  4. Американдық өнертабыстарды жіктеу жүйесі
  5. Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесі
  6. Өнертабыстарды жіктеудің жапондық жүйесі
  7. Өнертабыстардың халықаралық жіктелуі
  8. Өнертабыстарды классификациялау
  9. Қорытынды
  10. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономиккада елеулі өзгерістер орын алды. ҚСРО-ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды. Срның ең бір негізгісі болып салық жүйесі табылады.

Бұл схема арқылы біз арнаулы салық режимдерін кімдер төлейтінін анық көреміз.

Патент - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат.

Патенттеу негізгі қызметі - жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.

Патенттеу мақсаты - сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.

Осы тақырыпты мазмұндау барысында мен көптеген патенттік терминдермен таныстым. Бұл терминдер патентпен жұмыс істеуде қажет

Патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері - қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері.

Патент жүргізуде мынадай құжаттармен танысамыз:

Бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөнінде Қазпатент шығарып тұратын мерзімдік басылым.

Лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты.

Патентті сенімді өкілдер - жеке және заңды тұлғалардың Қазпатент алдындағы өкілдеріне заңдарға сәйкес құқық берілген азаматтар.

Патентке қабілеттілік жағдайлары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген жағдайлары.

Патенттік қорғау келесі аспектілерімен сипатталады:

  • қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;
  • патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі; патент иесіне құқықтар кешенінің және объектіні пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;

Патент құқығының объектілеріне қатынастарды Конститутциямен бірге, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі де реттейді.

Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданады. Патент Заңы сегіз тарау құрайды. Осыған қосымша ретінде 38 баптан тұратын Қазақстан Республикасының Патент Заңы кешенді нормативтік - құқықтан тұрады.

Патент жүйесіне заңнамалық өзгерістер енгізуге байланысты және Республика аумағында өнеркәсіптік меншік саласындағы қатынастарды реттейтін төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етеді. Олар: Париж конвенциясы, Мадрид келісімі, Бүкіләлемдік меншік қорғау ұйымы конвенциясы, Патент кооперациясы туралы келісімшарт.

Өнертабыстарды жіктеу

Өнертабыстарды жіктеу - ғылыми-техникалық әдебиеттердің арнайы түрі ретіндегі патенттік құжаттардың ерекшелігі, патенттік құжаттардың арнайы жүйесін қолдану болып табылады.

Өнертабыстарды жіктеу мынандай мақсаттарды көздейді: техникалық шешімдерді бөлу, сұранысқа сай патенттік құжаттарды және рубрикаға қатысты басқа да патенттік құжаттарды қамтамасыз ету . Өнертабыстарды жіктеу жүйесінің негізі болып, қордағы патенттік құжаттарды орналастыру және индекстеу табылады.

Қолданылатын өнертабыстарды жіктеу көпсатылы жүйе ретінде көрсетіледі. Белгілі өнертабыстарды жіктеуде пәндік-тематикалық (аймақтық), функционалдық және түсіну жүйесін құрудың аралас принципін қолданады.

Ресейде алғашқы өнертабыстарды жіктеу 1896 жылы енгізілген. Ол негізгі шағын бөлімдерді қамтыды. Олар рим сандарымен белгіленген.

Өнертабыстарды жіктеудің белгілі ұлттық жүйелері ретінде германдық, американдық, ағылшындық, жапондық жүйелерді айтуға болады.

Германияның өнертабыстарды жіктеу жүйесі

1906 жылы Германияда алғашқы рет германдық өнертабысты жіктеу жүйесі басылып шықты. Бұл жүйе көп уақытқа дейін Кеңес Одағы, Германия, Франция, Норвегия, Австрия, Дания, Нидерланды, Чехия, Швеция, Швейцарияда қолданылатын жүйенің негізі болып табылды.

Германдық жіктеу жүйесі негізінен, пәндік-тематикалық принципке негізделіп құрылған. Жіктеу рубрикасы не бұйымды, не технологиялық үрдістерді сипаттайды. Жүйеде 89 класс, 20 000 жуық рубрикаға негізделген. Германдық жүйе 4 категориялық рубрикадан тұрады: класс, классішілік, топ, топша. Бірақ та, жеке кластар сонымен бірге кластар мен қосымша шағын кластарға бөлінеді.

Кластар араб сандарымен белгіленеді (15), классішіліктер - латын әрпімен (35 в), бөлімдер (егер, берілген класта болса) - әріптің үстінде индекспен белгіленеді (21 а 3 ), топтар - топшадан кейін үтір арқылы араб сандарымен, топшалар - екі мәнді сандар қисық сызықтан кейін.

Толық индексі былай көрінеді: Мысалы; 21 h, 30 02 немесе 21 h, 30/02.

Жіктеу жүйесін түсіну тек индекстер иерархиясын қамтамасыз ету арқылы ғана емес, сонымен қатар топшалар деңгейін түсінуді анықтайтын мәтінді орналастыру тәсілін қамтамасыз етеді. Бұл үшін МКИ (ӨХЖ) қолданылады.

Германдық жіктеудегі патенттік кластар тәртіп сақтай отырып, А дан Z дейінгі кластардың атауы неміс әріптерімен орналасу арқалы анықталады. Мұндай құрылым тиімсіз болып табылады. Мысалы; құрылыс жұмысына қатысты өнертабыстардағы кластар рубрикасымен индекстеледі. 19, 37, 80, 84. сол себепті, германдық жіктеу жүйесінде ұқсас кластар, топтар немесе топшалар кең қолданылады.

Германдық өнертабыс жіктеу жүйесіндегі кең қолданылатын пәндік-тақырыптық принцип әртүрлі класқа қатысты бұйымдарды дайындайтын технологиялық процестердің ерекшелігін көрсетеді.

Германдық жіктеу жүйесін 1970 жылға дейін біраз өзгерістермен Кеңес Одағы қолданған.

Американдық өнертабыстарды жіктеу жүйесі

Өнертабыстарды жіктеудің американдық жүйесі алғашқы рет 1830 жылы жарық көрді. Және өнертабыстарды жіктеудің негізгі жүйелерінің бірі болып табылады. Бұл жүйені құру функционалдық принципке негізделген. Осы принциппен қатар, өнертабыстың қай аймаққа жататындығы жөніндегі принцип, сонымен бірге пәндік-тақырыптық принцип те қолданылады. АҚШ-ғы өнертабыстарды жіктеу 300 жуық әрекет етуші кластарды және 100 мың рубрикаларды қамтиды. АҚШ-та кластар нөмірлерінің кезектілігі оның логикалық негізіне қатысы жоқ. Сол себепті, тақырыпқа жақын кластар барлық жіктеу жүйелерінде берілген.

Кластағы классішіліктердің саны әртүрлі: бірден бірнеше жүзге дейін барады. Жіктеу индексі сызықшамен бөлінген екі санмен көрсетіледі. Бірінші сан класты білдірсе, екіншісі классішілікті білдіреді. Мысалы; 2-17 индексі. Индекс классішіліктің класқа қатысты иерархиясын көрсетпейді, ол классішіліктің орналасуын анықтайды.

АҚШ-тың патенттік ведомствосымен дайындалған, тәртіпке сәйкес көрсетілген өнертабыс бір немесе бірнеше жіктеу индекстеріне негізделеді, жіктеу индексінің біреуі негізгі болып табылса, қалғаны қосымшалар болып табылады.

АҚШ-тың өнертабыстарды жіктеуі үнемі қарастырылады және оған өзгерістер енгізіліп отырылады. Сол себепті өнертабыстарды жіктеу жүйесіне қатысты анықтамалық-ізденістік аппараттардыңбарлық элементтері анықталған уақыт мерзіміне қатысты жарамды болып табылады.

Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесі

Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесі ең бірінші рет 1852-1855 жылдар аралығында дайындалды. Бұл жүйе Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Американың көптеген елдерінің (Бразилия, Аргентина, Колумбия, Уругвай) өнертабыстарды жіктеуі үшін негізі ретінде қолданылған.

Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесіндегі УКИ Ұлыбританияның патенттік ведомствосымен 50 000 жасалған өнертабыстарына нөмірлер сериясымен берілді.

1978 жылы 1 маусымда кіріспе ретінде Ұлыбританияның жаңа патенттік құжаттары басылып шықты, ал 1979 жылы 1 қаңтарда өтініштердің жаңа нөмірлері әрекет етеді. Осыған байланысты бұрынғыдағыдай патенттік серияны анықтау үшін емес, жыл күнтізбесі аралығында әрекет ететін жаңа УКИ (А сериясы) жарық көрді. УКИ-дің А-сериясы өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Оған 152 классішіліктер қосылды, ал 115 классішіліктер толықтай қайта дайындалды. 1980 жылы В-сериялы УКИ шығарылды. Мұнда 70 классішілік қайтадан өңделген және 4 жаңа классішілік енгізілді. Өтініш үшін 1981 жылы С-сериялы УКИ жарық көрді. Әр УКИ бір-бірінен ерекшелене түседі және өзгерістермен толықтырылған, өнертабыстарды жіктеу жүйесінің жандануына және аймақтағы білім деңгейінің өсуіне байланысты. Кейбір классішіліктер толықтай қайтадан дайындалады, ал кейбіреулері жеке өзгерістермен қамтылады. УКИ-дің ақырғысындағы әріпті символдардың орнын сандар басады, олар машиналық өңдеу үшін тиімді. Бұл жүйенің жіктеу индекстері реферативтік патенттік журналда «ABRIdgments of Specificatiop» басылып шығып отырады.

Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесін МКИ-мен байланыстыру жөніндегі Конвенцияда Ұлыбританиямен қол қойғаннан кейін, 1963 жылы жаңа жіктеу енгізілді, ол 8 бөлімді қарастырады. Онда 40 класс, 420 классішілік және 50 000 рубрика бар. Бұл жаңа жүйеде жіктеудің иерархиялық жүйесінен ерекшелінетін фасеттік принцип қолданылады.

Негізгі бөлімдер 8 латын алфавитінің әріптерімен белгіленеді: А, В, С, Д, Е, F, G және Н. УКИ-дің әр бөліміне 2-8 дейін класс кіреді. Әр класс араб сандарымен белгіленген. Кластар классішіліктерден тұрады, олар УКИ-дің негізгі шағын бөлімдері болып табылады. Классішіліктер бөлімдегідей латын әріптерімен белгіленген. Классішілік қандай бөлімдерден тұратынын көрсететін негізгі бөлімдерді қамтиды, негізгі бөлімде сілтеме көрсетіледі, онда МКИ-дің рубрикасының сәйкестігі, сонымен қатар УКИ терминдерінің әрекет ету уақыты жөнінде.

Классішіліктердің көбі (В1С, В1М, В10 осылардан басқа) әртүрлі рубрикаларын қамтиды. Ұлыбританиядағы УКИ МКИ қарағанда ерекшеленеді, және топтар мен классішіліктерден басқа жіктеулерде кездеспейді және барлық рубрикалар шағын бөлімдер деп аталады.

Өнертабыстарды жіктеудің жапондық жүйесі

Өнертабыстарды жапондық жіктеу басқа жіктеулерден ерекшелене түседі.

Жапондық УКИ-дағы кластар 1-136 дейінгі араб сандарын білдіреді. Ақырғы сан (136) 1961 жылы өзгертілген жоқ. Енгізілген кластар қосымша сандарды қамтиды, мысалы; 13 (7), 13 (9) және т. с. с. Әр класс өндіріс немесе техникалық аймақты қамтиды.

1971 жылы жапондық жүйені сараптауды кейінге қалдыру басылып шығатын өтініштер санын арттыруға алып келді. Сол себепті 1972 жылы бірінші маусымда Жапониядағы Патенттік ведомство тақырыптық серия бойынша кластарды бөлуге өзгерістер енгізілді. Жіктеуде өнертабыстар белгілерінің барлығы қамтылды, сол себепті жапондық бір өнертабыстар жазбаларында 8-9 дейін индекстер көрсетілген. 1980 жылы өнертабыстарды ұлттық жіктеудің орнына Жапонияда жіктеудің негізі ретінде МКИ енгізілді. Бірақ та, көп жағдайларда іздеуде НКИ қолданылады.

Әлемдік патенттік қордың көлемінің өсуі, халықаралық әріптестіктің дамуы өнертабыстардың бірлік жүйесін құруға алып келді.

Өнертабыстардың халықаралық жіктелуі

(МКИ) немесе халықаралық патенттік жіктелуі (МПК) 1975 жылдың 7 қазанында күшіне енді, ол өнертабыстарға берілетін патенттерді, оның ішінде жарияланған патенттік өтінімдерді, авторлық куәліктерді, пайдалы моделдерді және пайдалылығы туралы куәліктерді қамтитын біраңғай жіктеу жүйесін құру алдын-ала қарастырылады.

1971 жылдың 24 наурызында шыққан халықаралық патенттік жіктеу жөніндегі Страсбург келісімінің негізінде қабылданған халықаралық патенттік жіктеу функционалдық-салалық принцип бойынша құрылған және ол негізгі және қосымша құрал ретінде халықаралық аумақта жіктеу, олар туралы мәліметтерді іздеу үшін қолданылады.

Халықаралық патенттік жіктеу қорғау құжатымен қорғауға жататын объектілері бар білімнің барлық салаларын қамтиды.

Халықаралық патенттік жіктеу 8 бөлімге (тарауға) бөлінген, олардың шартты атаулары мен А дан Н дейін латын алфавитінің бас әрпімен белгіленген белгіленулері бар.

А бөлімі - Адамның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру;

В бөлімі - Әртүрлі технологиялық процестер, тасымалдау;

С бөлімі - Химия және металлургия;

Д бөлімі - Текстиль, қағаз;

Е бөлімі - Құрылыс, тау жұмысы;

F бөлімі - Механика, жарық, жылу, қозғалтқыш пен сораптар, қару-жарақтар, жару-қопару жұмыстары;

G бөлімі - Физика;

Н бөлімі - Тоқ.

Халықаралық патенттік жіктеудің құрылымының иерархиясы білімнің барлық салаларын бірнеше жіктеу деңгейіне бөлінумен анықталады. Иерархияның бұл деңгейлері бөлімдерге, кластарға, классішілікке, негізгі топтар мен топшаларға сай болады.

Мысалы:

А 01 В 1/00 негізгі топ

бөлімі класс классішілік 1/24 топша

бөлшектелген рубрикалар

Халықаралық патенттік жіктеудің рубрикасын ізденістің пәніне (объектісіне) қарай анықтайды. Қажетті рубриканың орнатылуын жеңілдету үшін Өнертабыстардың халықаралық жіктелуі үшін Алфавитті-пәндік көрсеткішті, ал халықаралық патенттік жіктеу үшін терминдер көрсеткішін қолданады.

Әрбір бөлім екі араб санымен белгіленген кластарға бөлінеді.

Мысалы:

А бөлімінде: А 23 - «Құс және тағам өнімдері, оларды өңдеу»;

F бөлімінде: F 26 - «Кептіру».

Әрбір класта бір немесе бірнеше классішіліктер болады. Классішіліктің индексі класс индексінен және латын алфавитінің бас әрпінен тұрады.

Мысалы: А 22 класында екі классішілік бар:

А 22 В - «Мал сою ісі»;

А 22 С - «Етті, құс пен балықты қайта өңдеу»

Әрбір классішілік бөлімшелерге бөлінген, олар «рубрикалар» деп аталады. Рубрика ішінде негізгі (басты) топтар мен топшалар бар.

Бөлшектелген рубриканың индексі классішілік индексінен тұрады, содан кейін екі сан және қисық сызық болыды.

Негізгі топтың индексі классішілік индексінен тұрады, одан кейін екі немесе үшмәнді сан, қисық сызық және 00 символдары болуы керек.

Негізгі топтың мәтіні техниканың саласын анықтайды.

Мысалы: А 22 С 11/00 - «Шұжық өнімдерін өндіру»;

Ғ 25 В 6/00 - «Компрессорлық машиналар, қоңдырғылар мен бірнеше конденсация контуры бар жүйелер».

Топшаның индексі. Топшалар негізгі топқа бағынатын рубрикаларды құрайды. Топша индексі классішілік индексінен, содан кейін бір, екі немесе үшмәнді негізгі топтың нөмірінен, қисық сызықтан, 00 символдарынан басқа екі саннан тұрады.

Мысалы: А 22 С 11/02 - шұжық өнімдеріне арналған шприцтер.

Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктелуінің 2001 жылы шыққан 8 редакциясы бойынша ол 45 топтан тұрады.

1 кластан 34 класқа дейін - тауарлар.

35 кластан 45 класқа дейін қызметтер.

Классификация, сұрыптау (лат. classis - жіктеу ) - суда ұнтақталған заттан ірілігі белгілі мөлшерден аспайтын ұнтақ бөлегін бөліп алуға (ағызынды түрінде), ал құмды бөлігін диірменге қайтаруға, жинағыш столдарда байыту алтында бірдей шөгу принципімен кластарға бөлуге қолданылады.

Өнертабыстарды классификациялау

Ғылыми техникалық әдебиеттің арнайы түрі ретінде патенттік құжаттамалардың ерекшелігі болып патенттік құжаттардың арнайы реттелу жүйесін - өнертабыс классификаторларын қолдану табылады.

Өнертабыстарды классификациялау өнертабыс сипаттамаларындағы және басқа да патенттік құжаттардағы техникалық шешімдерді патенттік рубрикалар бойынша үлестіру мақсатында енгізіледі. Өнертабыстарды классификациялау патенттік құжаттарды және сұранықа сәйкес материалдарды арнайы қорлардан оңай табуға мүмкіндік береді. Өйткені қабылданған өнертабыстарды классификациялау жүйесі негізінде өнертабысқа индекс беріледі және ол арнайы қорларда берілген индекске сәйкес орналастырылады.

Халықаралық өнертабыстар классификациясы (ХӨК) бірқатар Европа елдерінің ақылдасуы арқылы өнертабыстарды классификациялау жүйелерін жақындату туралы шешім ретінде жобаланған. 2000 жылдың 1 қаңтарынан ХӨК- тың 7- басылымы күшіне енді. 2000 жылдан бастап классификация «Халықаралық патенттік классификация» (ХПК) деп аталады.

Халықаралық патенттік классификация екі принцип: атқаратын функциясы бойынша және тақырыптық принцип бойынша құрылған.

Халықаралық патенттік классификация рубрикасының құрылымы:

Бөлім

Класс

Шағын класс

Негізгі топ немесе шағын топ.

Классификациялау жұмысы істерді (файлдарды) топтау үшін жүргізіледі. Топтау - құжаттарды іздеп табуды жеңілдету, олардың сәйкестендірілуін қамтамасыз ету, маңыздылық деңгейін белгілеу және осы негізде сақтау мерзімін айқындау, сондай-ақ құжаттың қол жеткізілуі мен ақпаратының қауіпсізділігі статусын тіркеу үшін қажет. Классификациялау ісі жалпыдан жекеге қарай жүргізіледі. Бұл жұмыс құжаттардың жалпы кешеніне тән негізгі ерекшеліктері бойынша бөлуден басталып, жекелеген, ең ұсақ топтарға тән белгілерге қарай бөлумен аяқталады.
Классификациялаудың бірнеше негізгі белгілерін бөліп атауға болады.
Құрылымдық белгі - бұл құжаттардың құрылымдық бөлімшелерге қатыстылығы тұрғысынан топтау кезінде пайдаланылады. Мәселен, «басшылық», «жоспарлау-қаржы бөлімі», «маркетинг бөлімі», «кадрлар жұмысы бөлімі». Құрылымдар негізі ретінде ұйымның штаттық кестесін алуға болады. Егер ұйымда құрылымдық бөліну жоқ болса, онда салалық, функционалдық, тақырыптық немесе пәндік-мәселелік белгілер қолданылады. Яғни істер қызмет бағыттары мен функциялары бойынша, тақырыптар немесе құжаттар қамтитын мәселелер бойынша топтастырылады. Істерді топтастырудың номиналдық (түрлік) белгісі құжаттардың қандай түрге жататындығына қарай топтастырылған кезде қолданылады. Көптеген функциялар мен қызмет бағыттары қатаң түрде белгіленген құжат түрлері бойынша құжаттау арқылы ресімделеді. Бұлар: жарғылар, ережелер, қаулылар, бұйрықтар, өкімдер, хаттамалар, стенограммалар, штат кестелері, жоспарлар, есеп берулер, ақпараттар, қызмет бабындағы хаттар т. б. Классификациялаудың авторлық белгісі істерді бір авторға - ұйымға, заңды немесе жеке тұлғаға қатыстылығы тұрғысынан топтастырған кезде пайдаланылады. Классификациялаудың корреспонденттік белгісі істерді қызмет бабы бойынша қатынас хаттар, қатынас қағаздар алмасатын ұйымдардың немесе тұлғалардың аттарына орай топтастыру кезінде қолданылады. Географиялық белгі арқылы істерді авторлармен, ақпараттың немесе құжаттың мазмұнымен байланысты белгілі бір территориялар бойынша топтастырады. Хронологиялық белгі - істерді уақыт кезеңдеріне сәйкес топтастырады. Мәселен, жылдық жұмыс жоспары, тоқсандық жұмыс жоспары, айлық жұмыс жоспары. Кейде істерді топтастыру кезінде өзге де белгілер: құжаттардың түпнұсқалылығы немесе көшірмелілігі, құжаттардың әзірленген тілі (шет тілдер) пайдаланылуы мүмкін. Бұл белгілер жоғарыда аталған белгілерден гөрі едәуір сирек қолданылады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі елдердің өнертабыстарды патенттеу жүйелері
Интеллектуалдық меншік құқығы туралы
Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау
Қазақстан Республикасындағы патенттеу жүйесі
КӘСШКЕРЛІК ҚҰПИЯ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ
Инновациялық кәсіпкерліктің мәні
Өнеркәсіпте инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту
ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Патенттік құжаттар жайлы
Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz