Ағылшын және орыс тілдердің сөз тіркестерін аудару мәселесі
Орал гуманитарлық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ағылшын және орыс тілдердің сөз тіркестерін аудару мәселесі
Орындаған
Тексерген:
Орал, 2018ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ТАРАУ. Орыс және ағылшын тілдеріндегі тұрақты сөз тіркестерін аударудың теориялық негіздері
1.1 Тұрақты сөз тіркестерін аудару мәселесінің зерттелу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ағылшын және орыс тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ІІ ТАРАУ. ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІН АУДАРУДА КЕЗДЕСЕТІН ЛЕКСИКО-СЕМАНТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
2.1 Фразеологиялық бірліктерді аудару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Фразеологизмдерді аудару амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3 Ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі фразеологиялық бірліктерді салыстыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Біздің елімізде қазақ тілі мен орыс тілін салғастыра зерттеуге арналған еңбектер құрылымы әр түрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеудің үлгісі болды. Қазіргі Қазақстан тіл білімінде енді-енді ғана бой көтеріп, кейінгі жылдары ғана тұсауы кесілген саланың бірі-қазақ және герман тілдерінің фразеологизмдерін кешенді түрде тіл біліміндегі жаңа бағыттардың ұстанымдарына сүйене отырып зерттеу. Түркі-герман, оның ішінде, қазақ және ағылшын тілдерін салыстыра-салғастыра зерттеу кейінгі уақытта ғана қолға алына бастағандықтан, әлі де болса шешімін таппаған талай мәселелер, міндеттер баршылық. Осындай тың, қиын, өзекті мәселелердің бірі-қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің кешенді түрде лингвомәдени және лингвокогнитивтік тұрғыдан салғастыра зерттелуі.
Қазіргі таңда ағылшын тіліндегі, орыс тіліндегі фразеологизмдердің қазақ тіліне аударылу мәселесі қазақ аударматануындағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Бір халықтың рухы, жан-дүниесі екінші бір халыққа аударма тілі арқылы жетеді. Бір халықтың екінші бір халықпен қарым-қатынас жасауы, өзге халықтың мәдениеті, тұрмыс-тіршілігімен танысудың басты құралы аударма екені баршамызға белгілі. Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылып жүрген көркем аудармада өз кезегін күтіп тұрған мәселелер көп. Солардың бірі - тұрақты сөз тіркетерін аудару болып табылады.
Фразеология саласы - тіл біліміндегі ең күрделі сала. Сондықтан аудармашы сөйлем ішінен фразеологиялық бірліктерді ажырата білуі өте маңызды және сөйлемде кездесетін фразеологизмдердің ұлттық-мәдени бояуларын ажырата алуы қажет.
Фразеологизмдерді ажырату және оны аудару, аудармашыға көп қиындықтар туғызады. Мысалы, фразеологиздердің көп компонентті мағыналарының құрамындағы сөздердің мағынасынан алшақ болуы, ең бастысы - сөйлем ішінде фразеологиздерді еркін сөз тіркестерінен бірден ажыратып алуға болмайтындығы. Осыдан барып түпнұсқа тілден аударылған фразеологизмдердің толыққанды мағынасы аудармада күңгірттеніп, мүлдем өзгеріп кетеді.
Фразеологиялық аударма деп - аударма тілі мен түпнұсқа тіліндегі фразеологизмдердің арасындағы мағыналық жақындықтарды іздеп, бір-біріне жақын фразеологилық эквивалент табуды айтамыз [1, 169 б.].
Салыстырмалы тіл білімінде алдыңғы қатарлы орыс ғалымдары Я.И Рецкер, А.В Федоров, В.Н Камиссаров, С. Влахов және т.б фразеологиздерді аудару мәселесі туралы ой пікірлер айтқан еді. Олардың пікірлеріне сүйеніп,
С. Влахов пен С. Флорин фразеологиздерді түпнұсқа тілінен аударма тіліне аударудың мынадай жолдары бар екендігін көрсетеді.
1. Фразеологиздердің аударма тілде кездескен эквивалентін беру арқылы аудару.
2. Аударма тілдегі вариантын беру арқылы.
3. Аударма тілде түпнұсқа тілдегі фразеологиялық тіркестің баламасы да, варианты да болмағандықтан, фразеологиялық емес тіл құралдарымен беру арқылы.
Зерттеу мақсаты: Ағылшын және орыс тілдердің сөз тіркестерін аудару мәселесін қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
oo Тұрақты сөз тіркестерін аудару мәселесінің зерттелуі туралы сипаттама беру;
oo Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктерін анықтау;
oo Фразеологиялық бірліктертерді аудару жолдары және сақталатын тәртіптер туралы сипаттама беру;
oo Орыс және ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін аудару ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Тұрақты сөз тіркестерін аудару мәселесінің зерттелу
Тіл біліміндегі салыстырмалы-салғастырмалы әдісті қолдану арқылы әртүрлі туыстас және туыстас емес тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, фразеологиялық т.б. жүйелерін салыстырып, салғастырып зерттеуге болады. Бұл әдістің түп төркіні ХІХ ғасырдың басынан бастап туыстас тілдер семьясы мен тобы, олардың туыстық қатынасы мен дәрежесін зерттеуге арналған салыстырмалы-тарихи әдісте жатыр. Салыстырмалы-тарихи әдіс туыстас тілдердің деректерін салыстыра тарихи тұрғыдан зерттеп, ондағы лексикалық және грамматикалық құбылыстардың шығу тегі, өзгеруі мен дамуын және түп тегінің бірлігін анықтау үшін қолданылған.
Кейіннен осы атақты әдістің нәтижелері мен деректерін есепке ала отырып, тіл білімінің жаңа принциптері айқындалды, бұрынғы деректер жаңа мәліметтермен толықтырылды. ХХ ғасырда салыстырмалы әдіс арқылы туыстас емес тілдерді де салғастыра зерттеуге болады және зерттеу керек деген пікір кең өріс алды. Бұл әдістің соңғы жылдары кең тарағандығы соншалық, тіпті осыған байланысты тіл білімінің жаңа тараулары, зерттеудің жаңа бағыттары пайда болды: салыстырмалы-салғастырмалы фонетика, салыстырмалы-салғастырмалы лексикология, салыстырмалы-салғастырмалы грамматика, салыстырмалы-салғастырмалы фразеология тілдің тағы сол сияқты басқа салалары өз алдына дербес пән ретінде қаралып, талай ғылыми еңбектердің негізгі нысандары болды.
Тіл білімінің басқа салалары сияқты фразеология да бүгінгі таңда терезесі тең, дербес пәнге айналып отыр. Фразеология саласын тіл білімінің жеке саласы ретінде қалыптастыруда, оның нысандарын, тілдегі орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда, маңызды теориялық тұжырымдар жасауда көптеген отандық және шетелдік ғалым-фразеологтардың еңбектері ерекше орын алады. Н.И.Амосова, А.В.Кунин, И.И.Чернышева, В.Флейшер (W.Fleischer), М.М.Копыленко, І.Кеңесбаев, А.Т.Қайдар, А.Д. Райхштейн, С.Е.Исабеков, С.К.Сатенова, З.Қ.Ахметжанова, Д.Добровольский, М.Сабитова, К.К.Дүйсекова т.б. атақты ғалымдардың жалпы және салғастырмалы фразеология мәселелеріне арнап жазған құнды-құнды еңбектері жарық көрді.
Соңғы 10-15 жыл ішінде қазақ тілі фразеологиясын герман (неміс, ағылшын) тілдері фразеологиясымен салғастыра зерттеуге арналған бірталай жұмыстар жарық көрді (Карбозова Г., Арғынғазина Ш., Оспанова Ф., Молдасанова А., Қапышева Г., Атаханова Р., Мықтыбаева Т. және т.б.).
Бірі түркі, бірі герман тілдері тобына жататын қазақ және ағылшын, қазақ және неміс тілдерінің тілдік, ұлттық мәдени ерекшеліктерін түрлі тілдік бірліктер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер бойынан тауып, олардың бір-біріне ұқсастық немесе бір-бірінен айырмашылық дәрежесін анықтауға, ұлттық нақышты тереңірек түсінуге талпынған ғылыми еңбектер баршылық, дегенмен шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес. Осындай негізгі мәселелердің біріне қазақ және герман тілдеріндегі фразеологизмдерді қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттары мен ұстанымдары негізінде салыстыра-салғастыра зерттеу жатады.
Тіл бірліктерін этнос (адам) - тіл - мәдениет үштігіне сүйеніп зерттеу үрдісі тіл білімінің этнолингвистика, тіл арқылы ел тану, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика сияқты жаңа бағыттарына жол ашты. Аталған бағыттардың негізінде адамның тілі мен мәдениетінің өзара байланысы мәселесі жатыр. Тіл мен халықтың, оның мәдениетінің арасындағы тікелей байланыс халықтың рухынан, тілінен көрініс табады. Олай болса, тілді зерттегенде оны сол халықтың рухани байлығымен, мәдениетімен байланыстыра зерттеу қажет.
Отандық ғалымдар М.М.Копыленко, Ә.Қайдар, Е.П.Жанпейісов этнолингвистиканың теориялық мәселелерін қарастырып, мақсат мүддесін, зерттеу нысанын, әдіс-тәсілдерін айқындап берді. Бай тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеріп, оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына-мазмұнына бойлап еніп, оны игеріп танып-білу жүйелей түсіп жан-жақты зерттеу этнолингвистиканың мақсаты деп түсініктеме береді Ә.Қайдар өзінің Қазақ тілінің өзекті мәселелері атты еңбегінде [4].
Тілді этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің өкшесін баса өз бастауын алған жаңа бағыттардың бірі - тіл арқылы ел тану. Фразеология саласында бұл бағыттың алар орны ерекше, өйткені әр тілдің фразеологизмінде үлкен мазмұн - халық өмірі, мәдениеті бар. Фразеологизм мағынасындағы елтану потенциясының пайда болу принциптері тіл арқылы елтану бағытының еншісі болып табылады. Тіл арқылы елтану теориясының пайда болып дамуы фразеология саласын жаңа қырынан, яғни фразеологизмдерді кез келген халықтың ұлттық мәдени дамуының айнасы ретінде қарастыруға мол мүмкіндік береді.
Тіл мен мәдениет арақатынасын зерттейтін тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі - лингвомәдениеттану. Лингвомәдениеттану - қазіргі тіл білімінде кеңінен қолданыс тауып келе жатқан антропоцентристік бағытпен, яғни сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, тілдің функционалды қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет пен танымдық процестермен байланыстыра зерттеу үрдісінің нәтижесі болып табылатын тіл мен мәдениеттің өзара байланыс тетіктері мен жалпы ұлттық дүниетаным, ұлттық мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттейді.
Лингвомәдениеттану ғылымының алғышарттары В.фон. Гумбольдтың тіл мен мәдениеттің өзара байланысы идеясы және Э.Сепир мен Б.Уорфтың тілдік ықтималдылық болжамымен ұштасып жатыр. Бұл ғылымның мақсаты тілдік бірліктің шығу тегін айқындау емес, әр түрлі тілдік бірліктерге (фразеологизмдерге) түсініктеме бере отырып, оның пайда болу шарттары мен жағдаяттарын анықтау болып табылады. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, қатынасын қазіргі заманның ұлттық-мәдени сана сезімі тұрғысынан қарастырады және оның тілдегі көрінісін сипаттайды.
Қазіргі тіл білімінде ерекше дамып келе жатқан когнитивті лингвистиканың негізінде тілді - адам дүниетанымының кілті, адам санасында ғалам туралы түсінікті құраушы, таным модельдері арқылы ашылатын білімнің коды, шындық пен шындықты игеруші сана арасындағы дәнекер, сондай-ақ сана қызметінің нәтижесі деп қарайтын когнитивтік көзқарас жатыр.
Когнитивтік лингвистика тіл мен сол тілдің иесі адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Когнитивтік үрдістің негізгі айырым белгісі тілді жаңаша зерттеуде жаңа тәсілдер еңгізуде ғана емес, таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілді танымдық тұрғыдан қарауында.
Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселелерінің бірі - когнитивтік мағына. Тілдік бірліктердің мағынасы адамның ойлау жүйесімен қатар қарастырылады. Бұл бағыттың басты назар аударатын негізгі ұғымдары: әлем бейнесі, әлемнің тілдік бейнесі, әлем моделі немесе когнитивтік модель. Когнитивтік мағына тіл арқылы құрылып берілетін танымдық ақпарат ретінде қарастырылады. Когнитивтік семантика - сол тіл арқылы құрылып берілетін адам санасындағы концептуалды білімді таным моделі арқылы зерттейтін ғылым.
Жоғарыда аталған аттары аталған орыс ғалымдары сөз тіркестерінің өзіне тән белгілері мен қасиеттеріне байланысты бірнеше амал-тәсілдерді ұсынған болатын. Сондықтан аты аталған ғалымдардың фразеологизмдерді аударудың бірнеше жолдарына сүйене отырып, оларды мынадай түрлерге бөлеміз: фразеологиялық аударма және фразеологиялық емес аударма. Фразеологиялық аудармаға толығырақ тоқталайық. Фразеологиялық аударма өз ішінен толық фразеологиялық эквивалент, жартылай фразеологиялық эквивалент, қатыстыъқ фразеологиялық эквивалент және фразеологиялық аналог деп бөлінеді.
1. Толық фразеологиялық эквивалент барлық белгісі жағынан, яғни образдылығы толық сақталған, түнұсқа тілімен дәлме- дәл келетін, мағыналық жағынан да, стильдік,метафоралық, эмоцияналдық бояуы жағынан сәйкес, компонеттік құрамы мен лексика-грамматикалық көрсеткіштері бірдей, бірдей грамматикалық категорияға жататын фразеологизмдердің аударылуы. Түпнұсқа тіліндегі фразеологизмдерді аударма тіліндегі фразеологизмдермен аудару, яғни фразеологизмді фразеологизммен аударылуын айтамыз.
2. Жартылай фразеологиялық эквивалент дегеніміз - түпнұсқа тілден аударма тілге алмастырылатын фразеологиялық бірліктің бірнеше вариантының ұшырасуы, яғни яғни түпнүсқа тілдегі фразеологизмдердің компоненттері аз болса, онда олардың аударма тіліндегі компоненттері көп болады,немесе керісінше, компоненттері көп болатын жағдайда, аударма тілінде аз болады. Аударманың бұл түрі аудармада көп кездеседі.
3. Қатыстық фразеологиялық эквивалент- мағыналары сәйкес келгені мен, синтаксистік құрамы, синонимдік компоненттері, морфологиялық құрылысы өзгешелеу болады, бірақ мағынасы бірдей.
4. Фразеологиялық аналог- берілген мәтінде бастапқа тіліндегі өзіне баламасыз тұрақты тіркесінің мағынасына ие аударма мәтініндегі аударма тұрақты сөз тіркестері.
Соңғы кезеңдерде жалпы түркі тілдері фразеологизмдерін орыс, ағылшын, неміс, корей, түрік, қытай, т. б. тілдеріндегі фразеологизмдерін салғастыра зерттеу, сөздіктер жасаудың тәжірибесі жинақталып, оның ішінде қазақ тілі деректерін басқа тілдердегі фразеологизмдермен салғастыра зерттеу барысында көптеген еңбектер, ізденістер жарық көрді. Фразеологияның жан-жақты теориялық негізін және сөздіктер материалдарын басшылыққа ала отырып, ағылшын және қазақ тілдерінің фразеологизмдерінің лексика-семантикалық сипатын ашу ғылымға енгізгелі жүрген біздің де жаңалық ізденісіміз. Белгілі ғалым С.Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алудың керектігін алғашқылардың бірі болып атап көрсетіп, бағыт бағдар береді және фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшелеріне қатыстылығын сөз етеді [2,157 б.].
Түркі тілдес халықтар тіл білімінде фразеология мәселелерінің зерттелуіне I.Кеңесбаев (1946, 1968, 1977) еңбектері игі әсерін тигізсе, К.Аханов (1962), Р.Сәрсенбаев (1959), Ғ.Мұсабаев (1962), X.Қожахметова (1972), А.Байталиев (1974), фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері бойынша алғашқы тұжырым жасаушы-зерттеушілер болды. Зерттеушілердің кейінгі буындары С.Төлекова (1975), Р.Жайсақова (1980), А.Елешова (1989), Г.Смағұлова(1993), С.Сәтенова (1990,1997), т.б. фразеологизмдерді әр қырынан зерттейді. Зерттеулердің бағыты сан алуан. Оны шамамен былай топтастыруға болады:
- Фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері;
- Фразеологизмдердің салыстырма-типологиялық мәселелері;
- Фразеологизмдердің жергілікті тіл ерешеліктеріне қатысы;
- Фразеологизмдердің стильдік қызметі;
- Фразеологизмдерді семантикалық тұрғыдан топтастыру;
- Фразеологиятану ғылымында фразеологизмдердің басты белгілері, релеванттық қасиеттері ретінде үш ерекшелігі аталады:
1) мағына тұтастығы;
2) тіркес тұрақтылығы;
3) қолдану тиянақтылығы
Мағына тұтастығы - дегеніміз фразеологизм компоненттерінің бастапқы мағынасынан түгел не жартылай айырылып, тіркестің біртұтас мағына беруін айтамыз. Тіркес тұрақтылығы фразеологизм компоненттерінің өзара орын тәртібінің сақталуын, ал қолдану тиянақтылығы олардың қолдануға даяр тұруынан көрінеді. Осы аталып отырған релеванттық қасиеттер қазақ және ағылшын тілі фразеологизмдеріне де ортақ заңдылықтар.
1.2 Ағылшын және орыс тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктер
Фразеологизмдер - еркіндігі жоғалған, ажырамастай қалыпта кірігіп кеткен тіркестер (тұрақты тіркестер). Фразеологизм мен сөздің лексикалық мәнін ашқанда, олар біріне-бірі синоним болып келетінін байқау қиын емес. Мыс., қас пен көздің арасы - лезде, төбе шашы тік тұру - үрейлену, қорқу, үріп ауызға салғандай - сұлу, т.б.
Фразеологиялық бірліктер - екінші тілге аударуды талап ететін (көп ретте қалдырып кетуге немесе алмастыруға болмайтын ) функционалды қызметі басым элементтер. Фразеолозмдерді аудару мәселесін көптеген қазақстандық ғалымдар, жазушылар зерттеген (Қ.Сағындықов [Сағындықов: 1960], М.Әлімбаев [Әлімбаев: 1967, 1976], Ө.Айтбаев [Айтбаев: 1975], т.б.).
Аудармашы фразеологизмдерді фразеологизмдермен аударуға талпынуы керек, яғни аудармада түпнұсқадағы фразеологизмдерді құрудың тепе-теңдігі сақталуы тиіс. Бұл негізгі талап.
Дегенмен, кейде мұндай тәсіл мүмкін емес. Аударма тілінде оған сәйкес келетін фразеологизм болмауы мүмкін, болған күннің өзінде стилистикалық жағынан сәйкес келмеуі мүмкін. Осы жағдайда:
oo бірсөзді сәйкестікке,
oo сипаттама аудармаға,
oo калькаға (сөзбе-сөз аудармаға) сүйенеді.
Егер аударма тілінде сәйкес келетін тұрақты оралымдар болмаған жағдайда, фразеологизмдерді сөзбен аударуға болады немесе тілде аударма тіліне сәйкес келетін фразеологизмдер болған күннің өзінде де олардың эмоционалды-экспрессивтік және стильдік құны түпнұсқадағы бірлікте барынша ерекшеленеді.
Кейде аудармашы қажетті фразеологиялық бірлікті есіне түсіре алмауы мүмкін. Мұндай сәйкестіктерде кейбір экспрессивтілік пен мағыналық бояулардың төмендігі байқалады. Кейде бұл тиісті балама таппаған аудармашының қателігі.
Жоғарыда көрсетілген себептерге сәйкес фразеологизмдер сипаттама (түсіндірмелі) сипатқа ие болуы мүмкін, яғни еркін тіркестермен беріледі.
Сипаттама аударма толықтай алғанда аударманың көркем барабарлығына зиянын тигізбеуі мүмкін, бірақ жартылай стилистикалық нұқсан келтіретіні анық.
Фразеологизмдерді аудару кезінде калькалау тәсілі өте сирек қолданылады, себебі аударма мәтінінде калька ерекше түсіндіруді қажет ететін бөтен тілдік құрылым ретінде көрінеді. Егер түпнұсқадағы сөз ойынын беру қажеттілігі туындағанда, калькалау тиімді тәсіл болуы мүмкін.
Нақты аудармалар талдауы көрсетіп отырғандай, аударма тілінде константты фразеологиялық баламалар бола тұра, аудармашылар жеке стилистикалық пайымдауларға бағына отырып, жиі бір сөздік немесе сипаттамалық сәйкестіктерге сүйенеді. Арнайы екітілді фразеологиялық сөздіктерді пайдалану қажет.
Фразеологиялық сәйкестіктер мынадай топтарға бөлінеді:
1. Фразеологиялық баламалар:
Как небо от земли - жер мен көктей,
Волосы встали дыбом - төбе шашы тік тұру,
Беречь как зеницу ока - көздің қарашығындай сақтау,
Strіke the іron whіle іt іs hot - куй железо, пока горячо.
2. Фразеологиялық аналогтер:
Бет пердесін ашу - вывести на чистую воду,
Жаны жәннәтте болғыр - царство ему (ей)небесное.
3. Фразеологиялық калькалар:
В мутной воде рыбу ловить - лай судан балық аулау,
В прятки играть - жасырынбақ ойнау,
Ни рыба ни мясо - балық та емес, ет те емес,
Как две капли воды - екі тамшы судай,
Черепаший шаг - тасбақа аяң.
1.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдер
Фразеология бүгінгі таңда терезесі тең, дербес пәнге айналып, тіл білімінің жеке саласы ретінде қалыптастырылуда, оның нысандарын, тілдегі орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда, маңызды теориялық тұжырымдар жасалуда. Фразеология - phrasis - орам, сөйлемше logia - ұғым, ілім деген грек сөздерінен жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден, тілдегі тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімінің бір саласы дегенді, екіншіден - белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Сондықтан болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұтымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады. Айшықты сөз өнерінің басым көпшілігі халықтың тұрмыс тіршілігінде, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, діни, наным-сеніміне байланысты туындаған. Олардың құрылымын, тілде қалыптасу кезеңдерін тұрақталу негіздерін зерттеу, сайып келгенде, оқырман қауымды оның тілдік табиғатынан хабардар етіп қоймай, сонымен қатар этнос өмірімен тұтастығымен ерекшеленеді.
Тілдегі фразеологизм құрам -- лексиканың ең бай құнарлы кезі. Фразеологизмдердің жаңа үғым, түсініктермен көбейіп қалыптасуы сол ұлт тілінің даму ерекшеліктерін және ұлт мәдениетінің танымдылық қасиетін көрсетеді.Егер фразеологизмдерді сөзбе-сөз аударатын болсақ, онда біз өз халқымыздың және басқа елдердің сөйлеу мен жазба әдебиетіне нұқсан келтірген болар едік. Мысалы ағылшын тіліндегі, As busy as a bee - толассыз жұмыс жасау дегенді сөзбе-сөз дәл аударсақ, ол тіпті күлкілі жұмысты арадай жасау деп шығар еді.Қазақ тілінде тұрақты сөз тіркесі фразеологизмдер деп аталса, ағылшын елдерінде идиома деп аталады.Ал ағылшын идиомасына келсек, ол да өзіндік ерекшелігі бар. Мысалға: идиомалар көбінесе ертегілерде, жай және құрмалас сөйлемдерде көп қолданылады.
1.The small boy was very brave. Even when the large dog grawled at him and showed its teeth he stood and did not turn a head. Бұл жердегі идиома did not turn a head. Кішкентай ұл өте батыл болған. Ол тіпті ит үрген кезде, қорықпай бір орында тұра берген деген мағынаны білдіреді. Ал, идиомасын сөзбе-сөз аударсақ, ол басын бірде-бір қозғаған жоқ десек, сөздің мағынасы өзгеріп кетеді де, тіпті түсініксіз болып қалады.
2.He was too soft - hearted and could not refuse money to his children and relatives whenever they asked for it. Бұл жердегі идиома He was too soft hearted soft - hearted деген сөзінде жұмсақ жүрек деген мағынаны білдіреді. Ал былай негізінде ойланып көрсек, жүрек жұмсақ болмайды ғой, сондықтан бұл идиома. Толық аудармасы Ол өте қайырымды адам болған. Егер балаға және өз туысқанына ақшалай көмек керек болса, ол көмектен ешқашан аянбаған.
3.When the boy asked his parents to allow him to learn to play piano, they agreed because they knew he had a good ear for music. Бұл жердегі идиома good ear for music ал, оны сөзбе-сөз аударсақ good ear - жақсы құлақ. Толық, мағыналы аудармасы - бала өз әке-шешесінен пианино оқуына баруын сұрады, олар балаға рұқсатын берді, себебі балада әнге деген ынтасы, қабілеті болды.
4.In the old films when he heroine was about to be foully murdered the hero always managed to rescue her just at the eleventh hour идиома he just at the eleventh hour. Ағылшын халқында идиоманы тағы көбінесе жай диалогта пайдаланады.
Фразеологизмдер сөз өнерін байыту үшін ақын немесе жазушының ойын әсерлі етіп жеткізу үшін жұмсалады. Белгілі бір халық жөніндегі мәдени құндылықтарды жеткізушіні тіл десек, оның ішінде демек, фразеологизмдер адамдардың, халықтың тарихи қалыптасу, даму кезеңдеріндегі күллі тіршілік тынысын танытушы саналады.
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің қысқаша сөздігі:
As stupid as donkey Ақылы жоқ
A heart of stone Тас жүрек
Be all ears Сақ құлақ
Carry water on the both shoulders Діңкесі құру
Make a mountain out of the molehill Түймедейді түйедей қылу
Dance to one`s tune Біреудің аузына қарау
Hold one`s tongue Тіліңді тый
Ағылшын тілінде әрбір идиома сөз таптарымен бірге қосарланып келеді. Мысалы: idioms are used with nouns, adjectives, verbs, prepositions және т.б. Егерде сын есімдермен тіркесіп келетін тұрақты сөз тіркестеріне келетін болсақ, ол екі немесе үш сөзден құралады. Мысалы: light fingered деген идиомалық тіркес ұрлыққа жақын, қолының сұғанағы бар адам дегенге саяды. Ағылшын тілінде тұрақты сөз тіркестері фразеологиялық бірлік (motivated) және фразеолгиялық тұтастық (non-motivated) деп екі топқа бөлінеді. Фразеологиялық бірліктердің мағынасын түсінуге болады. Оларға мақал-мәтелдер де кіреді.
All bread is not baked in one oven. Бес саусақ бірдей емес.
Everything comes to him who waits. Сабыр түбі сары алтын.
Everybody`s business is nobody`s business. Қойшы көп болса қой арам өлер.
Ал, фразеологиялық тұтастықтың мағынасы тұрақты болады. Олардың жеке тұрғандағы мағынасымен жалпы білдіретін мағынасы сәйкес келмейді. Мысалы: to keep oneself in hand (өзін-өзі қолға алу), to sit on one`s hands; not to do a hands`s turn (қол қусырып отыру), not to move a finger (қолының ұшын қимылдатпау), to kill time (уақытты босқа өткізу), to kill two rabbits with one stone (бір оқпен екі қоян ату), to give up all of it (қолын бір-ақ сілтеу), to keep the eyes shut (бір нәрсеге көз жұма қарау) .
Фразеологиялық тізбектер -- мағынасы жағынан құрамындағы сөздердің мағынасымен байланысып, тіркесу тұрғысынан орнығып тұйықталған сөз тіркестері болып табылады. Тілде сөздердің тіркесу қабілеті бірдей десем, қайсы бірі кез келген сөзбен тіркесіп, белгілі бір ұғымды білдіруге бейім болса, енді бірі аз ғана сөздермен одақтасып, сонымен ғана тіркеседі. Тұрақты сөз тіркестерін сөздер тобы ғана жасайды. Кез келген сөз тұрақты сөз тіркестерін жасай алмайды. Мысалы: бота көз, қоян жүрек, тоң мойын, жел аяқ, т.б. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz