Алаш жайлы



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Жоба
Тақырыбы:
Алаш

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2017ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Алаш ұраны
1.1 Қозғаластың бастау алуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Жер мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2. Алаш қозғалысының тарихы мен ұлттық идеялары
2.1 Алаш қозғалысының сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Алаш зиялылары мен қайраткерлері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Адамзат үшін ақылдың, азаттықтың ғасыры болған ХХ ғасырды қазақ қоғамы өзге елдің боданы, өркениеттің өгейі ретінде қарсы алды. Абай бастаған ат төбеліндей ағартушыларды айтпасаңыз, ұлтын өрге сүйер зиялы топ қалыптасып, қауымдаспаған еді. Абай Шыңғыстауда, Мәшһүр-Жүсіп Баянауылда, Мұрат Атырауда, Майлықожа Қаратауда, Нарманбет Қарқаралыда, өзгелері ұлан асыр қазақ даласының әр шалғайында болатын. Ақынның да, шешеннің де, әншінің де сөзінде мұң, ойында уайым еді. Ресейдің үш губернаторлығына қараған қазақтың сенгені - Алла, күткені - оқыған азаматы еді. Отаршылдық дәуірдегі ең ұлы ұлттық бұлқыныс - Кенесары қозғалысы басылған соң қазақ дәл осылай және бір бас көтеруге дәмелене алмас та еді. Яғни, қазақтың Алла тағала жаратқан, ата-бабадан қалған жерге ие болып қалу тағдыры қыл үстінде тұрған болатын. Осы алмағайып кезеңде қазақ баласының бағына туған ұлтшыл, елшіл шоғыр өсіп келе жатты. Жас шағынан алғанда алдыңғы лекте Бақтыгерей Құлманов, Бақытжан Қаратаев, Алпысбай Қалменов, Әлихан Бөкейхан, Барлыбек Сыртанов, Ғұмар Қараш, Шәймерден Қосшығұлұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Жанша Сейдалин, Ахмет Бірімжанов, Дәулетше Күсепқалиев, Райымжан Мәрсеков, келесі лекте Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатов, Жанша Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқай, Уәлитхан Танашев, Мұхамеджан Тынышбаев, Сейдәзім Қадырбаев, Базарбай Мәметов, Халел Ғаббасов, одан соңғы жас толқын легінде Әлімхан Ермеков, Нәзір Төреқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сұлтанбек Қожанов, Телжан Шонанұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Мұхтар Әуезовтер және есімдері аталмаған қаншама тұлғалар қазақ тарихының жаңа дәуірін, жарқын беттерін ашты. Әлбетте, мұндай зиялы топтың қалыптасуы соған қажетті дәуірдің мүмкіндіктерінен өріс алатыны белгілі. Дәуір қазақтың зиялы шоғырын тәрбиелесе, бұл алқалы топ қазақ тарихының ұлт-азаттық дәуірін қалыптастырды. Адамды заман тудырады, ал адам өзінің білімі мен білігі, күші мен жігері, қабілеті мен қарымы арқылы сол заманды жасайды. Адами, тұлғалық қасиеттерін ұлттың басты мұратына арнауы Алаш зиялыларын өсірді, шынықтырды. Ұлтының бостандығы мен теңдігі үшін аянбай қызмет етіп, мүмкін болғанша өз дәуірі шегінде бірде саяси, бірде мәдени-рухани күресті таңдаған Алаш қайраткерлерінің ширек ғасырдағы қимыл-әрекеттерінің өзіндік эволюциясы бар.
Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы -- тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлты- мыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол Қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көте- рілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл козғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы -- қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылык пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол түста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұл тартпас мысалы -- тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы.
Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды Қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты -- ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. XX ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі -- тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің Тарих толқынында кітабының Алаш мұрасы жене осы заман атты тарауында: XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал -- деп көрсеткен болатын.
Зерттеу мақсаты: Алаш қозғалысының мақсаты мен қозғалыстың қарқындылығын және жаңашылдығын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
Қозғалыстың басталу сипаты туралы түсінік беру;
Қозғалыстың негізгі мәселелеріне тоқталу;
Алаш қайраткерлерінің ширек ғасырдағы қимыл-әрекеттеріне сипаттама беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.Алаш ұраны
1.1 Қозғаластың бастау алуы
Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады. Қозғалысқа қатысты қүжаттардан Алаш қайраткерлерінің оларды іске жұмылдырып, қажет жерінде тиісті тапсырмалар беріп отырғандығын байқауға болады. Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам кайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі. М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Қ.Сәтпаев сияқты аса көрнекті есімдердің азаматтық, шығармашылық тұлғасы Алаш қозғалысы тұсында қалыптасканы белгілі.
Алаш қозғалысы -- бір жылдың немесе екі-үш жылдың жемісі емес, өзінің бастау көздерін 1917 жылдан әлдеқайда бұрын алатын ішкі эволюциялык жолы бар дайындалған, пісіп-жетілген ұлы қозғалыс еді. Оны Алаш тарихын зерттеген зиялы қауым өкілдері айтып жүр. Алаш қозғалысының басталу кезеңі жөнінде әңгіме болғанда, көбінесе, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарқаралы құзырхаты айтылады. Біздің ойымызша да, Алаш қозғалысының өріс алуы осы тұстан басталады. Оның саяси-тарихи себептері ретінде, ең алдымен, осы тарихи кезеңде ұлт мәселесін көтере алатын, оны қалың бұқараға жеткізе алатын ұлттық зиялы қауымның қалыптаса бастағандығын айтамыз. Сондай-ақ оған Ресейдегі буржуазиялық төңкерісті, патша манифесін қосып айтуға болады. Ал жалпы Қазақтың басын қосу, сол үшін сиез ашу, белгілі бір ұйым құру мәселесіне келеек, онда бұл мәселеде қазақ өкілдері қатысқан 1905-1906 жылдардағы Бүкілресейлік бірінші-үшінші мұсылман сиездерін, 1906-1907 жылдары Реcейдің бірінші-екінші мемлекеттік думаларына Ә.Бөкейханның, А.Бірімжановтың, А.Қалменовтың, Б.Қаратаевтың, Мұхаметжан Тынышбаевтың, Б.Құлмановтың, Ш.Қосшығұлұлының т.б. қазақтардың сайланғандығын айтуға болады. Міне, осы топ жәш оған қосылған алдыңғы қатарлы қазақ оқығандары қауымдасып, ортақ мүдде төңірегіне шоғырланды. Осы арада 1905 жылдың желтоқсан айында Орал қаласында Ә.Бөкейхан, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, Х.Досмұхамедұлы , М.Тынышбаевтардың қатысуымен болған бес облыс қазақтарының сиезін айтып өткен жөн. Әрине бұл сиез кейінірек өткен сиездер сияқты, іргелі мәселелер көтермесе де, қазақ зиялыларының топтаса алатын мүмкіндігін көрсете алған ең алғашкы басқосу болатын. Ал елдің басын қосып, халықтың мұң-мұқтажын айтуға тиісті және оны шешудің жолдарын айқындамақ сиез ашу мәселесі әсіресе 1913 жылдан бастап жүйелі түрде көтеріле бастағандығын байқаймыз. Тарихи деректерге сүйенсек, патша жандармериясының ақпарат хаттарында сиез өткізудің бастамашылары ретінде Жанша Сейдалин, Райымжан Марееков, Бақытжан Қаратаев, Барлыбек Сыртанов көрсетіледі. Осындай бірнеше құжатта сиезді ұйымдастырушы ретінде Жанша Сейдалиннің есімі жиі кездеседі. 1913 жылы Айқап журналында сиез шақыру жөнінде Ж.Сейдалин Азып-тозып кетпееке не амал бар? атты үндеу іспетті хатын жариялайды. Бұл хатта сиез шакыру мәселесінде Б.Қаратаевтан, Б.Құлмановтан, Ә.Бөкейханнан, А.Байтұрсынұлынан, Р.Марсековтен, М.Тынышбаевтан, С.Лагиннен, Х.Досмұхамедұлынан, Ә.Алдияровтан, М.Сералиннен, Жанайдаровтан, М.Дулатовтан, Б.Есмахановтан, З.Сейдалиннен, Б.Сыртановтан, Ж.Ақпаевтан хат күтетінін жазады.
Ж.Сейдалиннің бұл хатына Ә.Бөкейхан ашық хат түрінде жауап жазады. Ол хатын: Айқапқа Жиһанша мырза хат жазып отыр. Қазақ баласы бас қосса, Қазақ жұмысы жақсы орынға барар еді дейді. Қазақ баласы бас қосып, шаруа, жұрт пайдасын сөйлеп, іс қылып тырбанса, бірте-бірте қазақ баласы ілгері басуға басқыш табылар еді деп біз де ойлаймыз -- деп бастап, сиездің қажеттілігін дәлелдей келе: Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын деген сертті сөздерімен хатын аяқтайды. Міне, осы жылдан бастап пікір жүзінде көтеріле бастаған жалпықазақ сиезін ашу мәселесі 1917 жылға дейін жалғасты. Өйткені патшалық Ресейдің отаршылдық қатал саясаты қазақ зиялыларының бұл мақсатын іске асырмай келді. Оны жүзеге асырудың сәті Ақпан төңкерісінен кейін ғана мүмкін болды. Орыс патшасы тағынан түскен төңкерістен кейін Қазақстанның әр түкпірінде қазақ азаматтық комитеттері құрыла бастады. Оның жұмыс істеуіне Уақытша үкімет комиссарларының оң ықпалы тиді. Мәселен, Ә.Бөкейханның Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары болуы, М.Тынышбаевтың Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болуы. Аталған жылдың сәуір-мамыр айларында Торғай, Жетісу, Орал, Омбы, Семей қалаларында облыстық қазақ сиездері өтті. Бұл облыстық сиездер ұлт-азаттық қозғалыстың қарқын алуына ықпал ете отырып, шілде айында өткен бірінші жалпықазақ сиезін дайындады. 1917 жылдың 21- 26 шілдесі аралығында өткен бұл сиез мемлекеттік құрылыс, саяси партия, Құрылтай жиналысына, Мұсылмандар кеңесіне депутаттар сайлау, партия бағдарламасын дайындау мәселелерін көтерді. Біздің ойымызша, сиездің басты маңыздылығы -- хандық дәуірден кейін барша қазақтың бас көтерер көрнекті тұлғаларын біріктіріп, ірі елдік мәселелерді шешуде олардың бірлік жолынан табылатындығын дәлелдеген сенім шарасы болуында да еді.

1.2 Жер мәселес
Алаш құбылысы -- сол тұстағы қазақ қоғамының барлық жағын қамтыған салалы, саралы құбылыс. Бұл құбылыс, бүгінгісін таразыға салған және болашаққа бағыт айқындаған, тәузлсіздікті ғана мұрат еткен қасиетті құбылыс. Алаш қозғалысы сол тұстағы қазақтың саясат, әдебиет, өнер қайраткерлерін, дінбасыларын, оқымыстыларын, бақуатты азаматтарын медицина, техника, ауыл шаруашылығы, экономика, заң, әскери салалардағы мамандарын топтастыра отырып, өздері өмір сүрген тарихи-қоғамдық болмысқа реформа жасауды мықтап қолға алған, жігері мен сенімі жеткілікті, бағдарламасы айқын, мақсаты зор қозғалыс болатын.
Алаш қозғалысының көпжылдық тарихында және облыстық, жалпықазақ сиездерінде Алашорда үкіметінің жұмысында үнемі басты назарда болған мәселенің бірі -- жер мәселесі. Оны Алаш көсемдері өте жақсы түсінген болатын. Айталық, сол дәуірде Ә.Бөкейхан: Жер мәселесі -- өмір сүру мәселесінің ең зоры деген болатын. Бірінші жалпықазақ сиезінің қаулысында: Қазақ халқы өзіне еншілі жерге орнығып болғанша Қазақ жері ешкімге берілмесін делінсе, бұл Алаш партиясының бағдарламасында: Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орнасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу делініп бекітіле түсті. Ашашорда үкіметі автономия жариялай отырып, оның бірінші бабында: Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарканд облыстарындағы һәм Әмудария бөлімдеріндегі Қазақ угздері, Закаспий облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес облыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қыргыз қаны, түрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға... деп жер тұтастығын басты мәселе ретінде бекітті.
Алашорда үкіметінің 1918 жылы 24 маусымдағы Алаш автономиясының жерінде жер пайдалану туралы Уақытша Ережесі өзінің мазмұны мен пәрмені жағынан маңызды құжаттардың бірі болды. 11 баптан тұратын бұл Ережеде жерді пайдаланудың негізгі тәртібі көрсетілді. Алаш қозғалысының, Алашорда жетекшілерінің аса ірі тарихи еңбегі қазақ жерін сақтап қалуымен байланысты. Осы күнгі Қазақстан Республикасы жерінің тұтастығы мен сақталып қалуында Алаш қайраткерлерінің орасан зор еңбегі жатыр. Олардың кеңес үкіметінің басшыларымен келіссөздері, әсіресе А.Байтұрсынұлының осы бағыттағы қажырлы еңбегі кейін, Қазақ автономиялық советтік социалистік республикасын құру кезінде осы автономияның аумағын белгілеуде шешуші маңызга ие.

2. Алаш қозғалысының тарихы мен ұлттық идеялары
2.1 Алаш қозғалысының сипаты
Алаш қозғалысы қазақтың тарих ғылымын дүниеге әкелді. Өткенді аршу, бағзы өмірдің даму түстарын санадан өткізу сияқты еңбектер -- ұлттың есейе бастағандығының белгісі. Өткенге көз салу, оны бүгінмен, болашақпен байланыстыру -- оқуы мен мәдениеті өскен елдің белгісі. Міне осындай ұлттық рухани жаңғырудың басында Алаш қайраткерлері тұрды. Бұған Шәкәрімнің, Ә.Бөкейханның, М.Тынышбаевтың, Х.Досмүхамедұлының, Қ.Кемеңгерұлының, С.Асфендияровтың жазғандары куә. Халқымыздың өткен тарихына үңілгенде олар ең алдымен Абылай, Шоқан, Абайдың есімдерін ұлықтады. Ал өз заманының тұлғаларын бағалауға келеек, мәдениет көзімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш партиясының бағдарламасындағы ерекше мәселелер жайында
Алаш партиясының өмірге келуі
Егемендіктің теориялық сипаттамасы
АҒАРТУШЫЛЫҚ ӘДЕБИЕТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны
Алаш партиясы туралы
Халел Досмұхамедов жайлы
Aлaш бaғдaрлaмaсы: өзектілігі мен тaрихнaмaсы
АЗАТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ТОРҒАЙ АҚЫНДАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Пәндер