Майлықтар



Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Майлықтар

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2017ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 тарау. Қоғамдық тамақтандыру орындарында майлықтарды қолдану
1.1 Майлықтар және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Майлықтың пайда болу тарихы және дұрыс қолдану ережесі ... ... ... ... ... .7
2 тарау. Майлықтарды бүктеу түрлері мен пішіндері
2.1 Мейрамханаларда майлықтарды ораудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2 Бүгінгі күнгі майлықтардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 12
2.3 Инстукциялық-технологиялық карталар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.4 Дастарханды безендіру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..28
Кіріспе
Қазіргі кезде тамақтану саласы біріншіден, қоғамға үлкен пайда келтіреді, екіншіден жүздеген мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, үшіншіден көптеген салалар қатарын ынталандырады. Тамақтану мекемелерін жиһазбен, әр түрлі жабдықтарымен, бір сөзбен айтқанда, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, көптеген өндірістік өнеркәсіптері мен сауда-саттық ұйымдары үшін негізгі мақсаттардың бірі ретінде етіп қойылды.
Зерттеу өзектілігі. Тамақ өнеркәсіп жұмысының мақсаты-қонақтардың тамақтану процесінде жақсы әсер қалдыру болып табылады. Үлкен дастарқанда екі түрлі мата және қағаз майлық қолданылады. Қағаз майлық -- дастарханның міндетті бір бөлігі. Майлықты дастарқан жапқыштың түсіне орай сәйкестендіріп немесе бір түсті етіп таңдауға болады. Қағаз майлық тазалық сақтауға өте ыңғайлы. Жұмысты бастау барысында майлықтың шаршы пішіндес екеніне мән беру керек. Қағаз майлықтар - жеке сауданың желілеріндегі, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында және үй тұрмысында кеңінен қолданылатын ең өтімді гигиеналық тауардың бір түрі. Қағаз майлықтар жұмсақ, гигиеналық, көзді түстің қанықтығы мен суреттерінің қызықтығы қуантады, мерекелік әсер береді.
Ең танымал түрі өлшемі 24х24 см болатын, (14) болып бүктелген қағаз майлықтар. Қағаз майлықтар - тазалық пен жайлылықтың негізгі құралының бірі . Олар ылғал мен майды керемет сіңіреді, бетті, қолды, әр түрлі заттардың үстін тазартады.
Жеңіл жойылады және арзан тұрады. Бүгінгі күні майлықтар - күнделікті тұрмыста алмастырушысы жоқ заттардың бірі. Жолда, үйде немесе табиғатта қағаз майлықтар таптырмайтын көмекші, себебі олар көп орын да алмайды, салмағы да өте аз. Қағаз майлықтар тазалықты сақтауға көмектеседі және кез-келген жағдайларда неғұрлым ыңғайлырақ етеді.
Қағаз майлықтардың сапасы өндіріс технологиясының барлық өндіру кезеңдерінде сақталуына, соған қоса әрине, өнімді сақтау шарттарына байланысты болып келеді.
Зерттеу мақсаты: залды дайындай білуді, үстелдерді орналастыруды, үстелдерге жабуларды дұрыс жабуды, ыдыстар мен ас үй құралдарын дайындауды, майлықтарды бүктеуді, оның түрлерін үйрену.
Зерттеу міндеттері:
Дастарқанға қойылатын қағаз майлықты сәндеп бүктеу әдістері туралы түсінік беру;
Майлықтардың түрлері мен ерекшеліктеріне сипаттама беру;
Майлықтарды дұрыс орналастыру тәртібі туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 тарау. Қоғамдық тамақтандыру орындарында майлықтарды қолдану
1.1 Майлықтар және оның түрлері
Майлық (француз тілінен serviette) - өмірде, қоғамдық тамақтандыру орындарында, үй шаруасында барлық таза емес нәрселерді сүртуге, адам тамақтанғаннан кейінгі аузы мен қолын тазалауға арналған тікбұрышты немесе өзге формадағы матаның немесе қағаздың бір бөлігі. Олардың негізгі міндеті - тазаланып отырған жердің кірін тазалау немесе суын сүртіп алу болып табылады. Қазіргі таңда үстелді сервирлеу үшін майлықтардың екі түрін қолданады. Олар: қағаздан және матадан жасалған майлықтар. Матадан жасалған майлықты дұрысы тізеге жаю үшін пайдаланады. Ондай жағдайда үстелге қағаз майлықтар қойылады. Кейде мерекелік қабылдауларда мата майлықтармен сервирлейді. Ондай жағдайда оларды киімді қорғау үшін және ерін сүртуге пайдаланады.
Майлықтар дастарханның түсі мен матасымен үйлесімді болуы шарт. Майлықтар мен дастарханның түсі мен матасы бірдей болса, майлықтардың матасы дастарханның матасынын жұқа болғаны жөн. Ал, майлықтар дастарханның түсінен кішкене өзгешерек болса, дастархан матасындай болса болады. Асхана құралдарына арналған майлықтарды әдетте әр түрлі маталардан жасайды (әдетте оларды крахмалдайды). Олар әр түрлі көлемде болады. Таңғы ас үшін мөлшері: 32x32см, асханалық 40x40см-ден 60x60см-дейін. Барлық қонақтарды біркелкі майлықтармен қамтамасыздандыруға мүмкіндік болмаса, қағаз майлықтарды қолданған жөн. Оларды арнайы ыдыстарға немесе әдемі стакандарға салады.
Матадан жасалған майлықтар. Майлықтарды әр түлі әдістермен сервирлейді. Солардың бір түрі- түтікшелеп оралған майлықты, сәндік сақинамен бекітіп, тәрелкенің үстіне немесе жанына қояды. Кейде майлықтарға арналған сақиналар ас үй жабдықтарының қатарына кіреді (қасықтар мен шанышқылардың өрнектерімен бірдей болады). Бант тәрізді, тастардан, теріден және тірі гүлдермен өсімдіктерден жасалатын біртума сақиналар-үстелді әсемдеудің сәнін келтіретін айнымас бөлігі болады. Әр түрлі матадан дайындалады (мақталы мата, зығыр, снитетикалық мата және т.б.). Көбінесе үстелге сервировка жасау барысында және шаң немесе кірді тазалауға қызмет етеді.
Басқадай тәсілдері - майлықтарды әр түрлі фигуралар түрінде бүктеу. Әдемі бүктелген майлықтар үстел дизайнының элементі болуы мүмкін. Майлықтарды ұшбұрыштап бүктеу ыңғайлы. Қиынырақ фигуралар қызықты да әдемі көрінеді.
Кез келген жағдайда келесі ережелерді ұстанған жөн.
- майлықтар шаршы түрінде болуы тиіс. Тіктөртбұрышты майлықтарды, қосымша бүктеу арқылы шаршы пішініне келтіруге болады;
- майлықтарды бүктеу кезінде саусақпен көп ұстамау керек;
- майлық қонақтың оны алып тізесіне қоюына ыңғайлы бүктелуі тиіс;
- бір үстелдегі майлықтар біркелкі оралуы тиіс.
Қарапайым таңғы ас үшін, майлықтарды жай түрлерге бүктейді. Олар: үшбұрыш, конверт, түтікшеле және т.б. Түскі және кешкі ас үшін, үстелді сервирлеу кезінеде тісбасарларға арналған тәрелкені қолданғанда, майлықтарды көлемді пішінде бүктейді. Мерекенің маңыздылығы мен түріне байланысты үстелді сервирлеген кезде, майлықтарды бүктеу түрі де күрделенеді.
Қағаздан жасалған майлық . Қағаз майлықтарды да әдемі әсемдеуге болады. Сатылымда қағаз майлықтардың әр түрлі суреттер мен түстерін кездестіреміз. Мерекенің тақырыбына сәкес майлықтарды таңдап алыңыз. Үлкен сервиздар құрамына кіретін, қағаз майлықтарды ұстап тұратын арнайы ыдыстар бар. Егер сізде тек ақ түсті немесе бір келкі түрлі-түсті майлықтар болса, олардан: орамдар, ұшбұрыштар, желпуіштер және т.б. фигураларға бүктеңіз.

1.2 Майлықтың пайда болу тарихы және
дұрыс қолдану ережесі
Майлықтың тарихы інжір жапырағынан басталған. Тарихшылардың айтуы бойынша, бұдан 3500 жыл бұрын қожайындары тамақтанғаннан кейін олардың малайлары ауыздарын осы інжір жапырағымен сүртеді екен. Ал асхана майлықтарын ойлап тапқан - ежелгі римдіктер. Бірақ оларды таскендір талшықтарынан (қазір шифер дайындауға қосылатын асбест) жасаған. Таскендірден жасалған майлықтар өте қымбат тұрған, оларды тек ақсүйек адамдар ғана қолдана алған, ал кейінірек Таяу Шығыс монархтары да осы майлықтың түрін қолданған. Оны қолданғаннан кейін тазалау үшін отқа тастайтын болған.
Ең алғаш мата майлықтар ежелгі және жаңа дәуір кездерінде Ежелгі Римде пайда болған. Олар қожайындардың қалауы бойынша кестелермен әшекейленген. Орта ғасырларда майлықтарды қолдану барлық Еуропа елдерінде жаппай таралды. Бұл сәнді таратқан әдемі әйелдер емес, тамақтан соң сақалдарын сүртетін ер адамдар болған. Сондықтан, Англияда ер адамдар сақалдарын алып тастайтындықтан, ол жақта майлықтарды қолдану азырақ таралған.
Майлықтар қонақты киімге дақ түсуден, кір, майлы заттардан қорғау мақсатында тізеге қойылады. Ал майлы ауызды сүртуге үстел үстінде қағаз майлықтар болады. Содан соң, ешқашан көршінің майлығын қолдануға болмайды. Әр қонаққа бір майлықтан беріледі. Кез келген мейрамхана қонағы майлықты дұрыс қолдануды білуі тиіс.
Егер сізге үстел үстінде майлық берсе, оны міндетті түрде қолдану керек. Майлықты тиіспеген күйінде үстелде қалдырмаңыз. Ол сізге қолыңызды сүрту үшін немесе киіміңізді тамақ қалдықтарынан сақтау үшін берілді.
Ең алдымен, үй иесі майлықты алғанша күтіп, содан кейін сіз де майлықты ашып, оны аяғыңыз тізеңізге қоюыңыз керек. Әдетте, мата майлықтар киімді бұлғанудан сақтау үшін беріледі.
Қағаз майлықтар бір рет қолануға арналған және қолданғаннан соң оларды шар тәрізді бүктеп, тәрелкенің ернуіне қойып, ал тамақтанып болғаннан кейін қолданған құралдармен бірге тәрелкеге салатындығын есте сақтаған жөн.
Қағаз майлықты гүл тәрізді бүктеу
1-тәсіл
1. Шаршы пішінді майлықтың бетін жаз.
2. Қиғаш сызық бойымен бір бұрышын екінші бұрышына беттестіріп бүкте.
3. Майлықты екі жаққа кезек қаттап бүкте.
4. Ұзына бойы бүктелген майлықты қыр түсіру үшін үстінен қатты басып, саусақпен жүргіз.

5. Екі ұшын қосып, ортасына қасық пен шанышқыны қой.
2-тәсіл.
1. Бір бұрышын қайырып, ұшын ортаңғы нүктеге түйістір. Осы әдіспен төрт бұрышын да бүкте.
2. Бетін теріс қарай аударып, төрт бұрышын тағы да ортаңғы нүктеге түйістіріп бүкте.
3. Әрбір бұрышын ашып, гүл күлтелерін жаса.
Мерекелік қағаз майлықты бүктеу
1. Төрт бүктелген майлық қағазды диоганаль сызығы бойынша бүктеп, бүгу сызығын түсір.
2. Қағазды жазып, бір жақ бұрышының ұшын ортаңғы нүктеге қарай бүкте.
3. Диогональ бүгу сызығы бойымен тағы бір рет бүкте.
4. Шаршы пішінді майлықты дәл ортасынан теріс бетіне қарай екіге бүкте.
5. Қиғаш бүктелген қалташаға қасық, шанышқыны салып қоюға болады.
2 тарау. Майлықтарды бүктеу түрлері мен пішіндері
2.1 Мейрамханаларда майлықтарды ораудың түрлері
Майлық (француз тілінен serviette) - өмірде, қоғамдық тамақтандыру орындарында, үй шаруасында барлық таза емес нәрселерді сүртуге, адам тамақтанғаннан кейінгі аузы мен қолын тазалауға арналған тікбұрышты немесе өзге формадағы матаның немесе қағаздың бір бөлігі. Олардың негізгі міндеті - тазаланып отырған жердің кірін тазалау немесе суын сүртіп алу болып табылады.
Үстелді сервиреудің міндетті құралы - майлық. Ол дұрыс өтектелген, крахмалданған және әдемі бүктелген болуы тиіс. Жартылай жұмсақ майлықтар қолдануға аса ыңғайлы. Қызмет көрсету түріне байланысты майлықтарды әр түрлі бүктейді. Майлық қонақтың оны алып тізесіне қоюына ыңғайлы бүктелуін де есте ұстау керек. Гигиена талаптарын да есте ұстай отырып, саусақтарды тигізбей бүктеу.
Мейрамханаларда майлықтарды ораудың 80-нен астам түрін қолданады.
1. Шлейф - айлықты диагональді бүктеп, майлықтың оң және сол жағын үшбұрыш төбесімен біріктірнміз, фигураны оське қарай горизонтальді екіге бөліп, оң жағын майлықтың сол жағымен артынан қосып, бір-біріне біріктіріп, фигураны бұраыз да, жоғары қараған бұрыштарын оң және солға созып, фигураны вертикальді қойямыз.
2. Артишок - майлықты асты жағын жоғары қаратып төсейміз, барлық бұрыштарын кезекпен ортасына әкеліп, майлықтың келесі бетіне қаратамыз, қайтадан барлық бұрыштарын ортасына әкеліп, майлықтың екінші бетіне ауыстырамыз, майлықтың төртбұрыш ішінде қалған бөлігін шығарамыз да, қалған шеттерін де дәл осылай шығаруды жалғастырып, қалған төрт бұрышты фигура астынан шығарамыз.
3. Лилия - майлықты диагональді бүктейміз, майлықтың оң және сол жағын үшбұрыш төбесімен біріктіріп, фигураны оське қарай горизонтальді екіге бөлеміз де, жоғары үшбұрыштың үстін төменге бұрамыз.
Майлық - үстел жабдықтарының ажырамас бөлігі. Әдетте, майлық басты тәрелкенің үстіне орналасады. Майлықтың қай түрден және қалай бүктелуі өзіңіздің талғамыңызға байланысты болмақ. Егер әдемі етіп безендірілуді білмесеңіз, қарапайым жолдарын назарларыңызға ұсынамыз. Егер әрбір қонақтың алдына жекелеген қатты матадан тігілген майлықтар қоятын болсаңыз, үстелдің бір бұрышына қағаз майлықтары міндетті түрде қойылуы керек. Көп ханымдар түскі асқа майлықтарды екі қабаттап қояды. Себебі түскі асқа берілетін тағамдар ауыр және майлы болып келеді. Түскі асқа әзірленетін дастарханға майлықтар конус пішінде қойылады. Яғни, майлықты үшбұрышты етіп бел ортасынан бүктейді дағы, төменгі жағынан сыртқа бір қайырады.
Мерекелік дастархан майлықтары небір пішінде сәнделеді. Майлықтар ерекше әдемілеп бүктеу - үстел сервировкасына ерекше әсемдік береді.
1. Азиаттық желпігіш - майлық беті төмен қаратып жатқызып, майлықтың (14) бөлігін астыға бүктейміз, екінші бетін ауыстырып, 13 бөлігін төмен бүктейміз, майлықты төменнен жоғары қарай екіге бүктеп, пайда болған фигураны 5 бірдей бүктеу болатындай етіп, гармошка түрінде бүктейміз де, қолмен ашық бетін ұстап тұрып, майлықтың ішкі жағындағы бүктелген бұрыштарды сыртқа тартып, дайын болған Желпігішті жібереміз.
2. Сөмке - майлықты вертикальді екіге бөліп, тағы да төменнен жоғары қарай екіге бүктейміз, жоғары сол жақ бұрышты ортаға бүктейміз, ортаға оң жақ жоғары бұрышты әкеліп, пайда болаған үшбұрышты ортасынан төмен қарай астыға тартамыз да, оң және сол жоғары бұрыштарды ортаға әкелеміз, содан кейін пайда болған үшбұрышты астына бірінші үшбұрышқа әкелеміз.
4. Джонка - майлықты ортасынан бүктеп, тікбұрышты тағы да екіге бүктейміз, астыңғы жартыны жоғары диагональді бүктеп, ол бұрышын алдыға қарай бүктейміз, оң жақ бұрышын да дәл солай алдыға қарай бүктеп, екі бұрышты да артқа тартамыз, майлықты ось бойынша артқа бүктейміз де, бүктелген бұрыштарын қолмен ұстап тұрып кезекпен майлық шеттерін парус етіп шығарамыз.
Майлықтың түрлері.
* Қағаздан жасалған майлық - көбінесе бұл түрі тамақтану барысында ауыз, ерін немесе қол сүртуге арналған. Қағаз майлықтың кейбір түрлері үй тазалау жұмыстарында шаң мен кірді тазалауға да арналған.
* Матадан жасалған майлықтар - әр түрлі матадан дайындалады (мақталы мата, зығыр, снитетикалық мата және т.б.). Көбінесе үстелге сервировка жасау барысында және шаң немесе кірді тазалауға қызмет етеді.
* Түксіз майлықтар - әр түрлі матадан дайындалады және олардың үстіндегі түкті алуға арналған арнайы өңдеуден өтеді. Көбінесе оптикалық беттерді,яғни, линзалар, айна, сондай-ақ экрандарды, сукристаллды мониторды сүртуге арналған майлықтар.
* Микроталшықтан дайындалған майлықтар - оны микроталшықты химиялық құрамы бар матадан жасайды. Бұл майлықтар кір, шаң беттерді сүртуге арналған.
* Таскендірден жасалған майлықтар - олар қазір қолданылмайды. Таскендір талшықтарынан жасалған. Тамақтану барысында қолданылған. Бұл майлықтар таяу шығыс монархтарының сарайларында қолданылған. Қарапайым адамдар бұл майлықтың бағасының қымбаттығына байланысты оны сатып алуға шамалары жетпеген.

2.2 Бүгінгі күнгі майлықтардың ерекшеліктері
Бүгінгі таңда майлық таңдауы шектеулі емес. Кез келген өзіңізге ұнаған түс, сапасы, үйіңіздің интерьеріне қарай, талғамыңызға және ақшалай мүмкіндігіңізге қарай майлықтың кез келген түрін таңдай аласыз. Майлықтар үстел сәнін келтіріп қана қоймай, тамақ барысында қолдану үшін қызмет етеді. Ерекше талғаммен таңдалған майлықтар сіздің ғана емес, сонымен қатар қонақтарыңыздың да көңіл-күйін көтеріп, ерекше атмосфера сыйлайды.
Егер сізге үстел үстінде майлық берсе, оны міндетті түрде қолдану керек. Майлықты тиіспеген күйінде үстелде қалдырмаңыз. Ол сізге қолыңызды сүрту үшін немесе киіміңізді тамақ қалдықтарынан сақтау үшін берілді. Ең алдымен, үй иесі майлықты алғанша күтіп, содан кейін сіз де майлықты ашып, оны аяғыңыз тізеңізге қоюыңыз керек. Әдетте, мата майлықтар киімді бұлғанудан сақтау үшін беріледі.
Мерекелік үстелдерде, жиындарда, үстел басында майлықты қатты сілкуге, онымен сүлгі сияқты сүртінуге болмайды. Тамақтан соң аз ғана ерінді сүртіп қана қоюға болады. Егер сіз үстелден тұратын болсаңыз, майлықты орындыққа немесе тәрелкенің сол жағына қойып кетіңіз. Тамақтанып болған соң да майлықты тәрелкенің сол жағына бүктеп қойыңыз. Бірақ ешқашан бұлғанған тәрелкеге қолданған майлықты қоюға болмайды. Тамақтану барысындағы майлықтың орны - ол сіздің тізеңіз. Бірақ майлықты қолдануға байланысты әр елдің өзінің қалыпты ережелері бар ғой. Мысалы, Италияның оңтүстігінде Нью-Джерси қаласында теңіз өнімдерінен жасалған соуспен спагетти дайындайды. Бұл тағамды рахаттанып жеу үшін, олар көйлектің жағасына майлықты іліп қойып, киімдерін қызыл дақтардан сақтайды. Егер мұндай жерлерге барсаң, әрине, сол елдің ережелеріне сай жасаған дұрыс.
Майлықтарды үнемі алып жүретін жұмыскердің бірі - бұл даяшы. Дақтардың алдын алу мақсатында даяшыға үнемі майлық алып жүру өте ыңғайлы. Бұлай даяшылардың майлықты сол қолдарына алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтынушылар нарығының жағдайы
Үстел жаю әдістері
Асханада қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Тағам ұсынудың негізгі тәсілдері
Мейрамханалар түрлері мен ерекшеліктері
Қызмет көрсетуді ұйымдастырудың этаптары
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы қызмет көрсетуді жетілдіру
Сауда бөлмелерінің түрлері және сауда бөлмелерін қызмет көрсетуге дайындау
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің қантты кондитер өнімдерінен айырмашылығы - құрамында ұнның болуы
Ветеринариялық дәріхананың құрылымы
Пәндер