Жастарға құқықтық тәрбие беру - жаңа қазақстандық азамат қалыптастырудың алғы шарттарының бірі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жастарға құқықтық тәрбие беру - жаңа қазақстандық азамат қалыптастырудың алғы шарттарының бірі

Құқықтық демократия құрып жатқан Қазақстан Республикасы үшін, оның ішінде құқықтық реформаның басты субъектісі болып отырған қазақ халқы үшін ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрлі құқықтық құндылықтардын ұлт менталитетінде алатын орны ерекше.

Қазіргі кезде философиялық әдебиеттерде құқықтың мазмұны мен табиғатын ашуға тұрақты екі көзқарас калыптасқан. Бірінші, тыйым салу немесе дәстүрлі құқық. Екіншісі, либералдық, яғни адамның табиғи құқы мен бостандығын паш ететін көзқарас. Дәстүрлі көзқараста құқық пен заң бір деп қарастырылады және олардың арасында айырмашылық жоқ. Құқық адамдардың мінез-құлқын реттейтін, мемлекет тарапынан үнемі қолдау тауып отыратын жүйе. Бұл жүйені бұзғандар жауапқа тартылып жазасын алады. Бір ауыз сөзбен айтсақ «рұқсат етілмегендердің бәріне тыйым салынады». Екінші көзқарас XVIII ғасырда ағартушылық философия шеңберіңде пайда болды. Бұл бағыттың өкілдері И. Кант, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Ч. Беккария, т. б.

Олардың ойынша, құқықта бірінші тыйым салу немесе жазалау, адамның іс-әрекетін шектеу емес, керісінше адамның еркіндікке, бостандыққа деген құқы. Құқық ұғ ымының алғашқы мәні: адамның өмір сүруге, меншікке, қауіпсіздікке, ар бостандығына, сөзге, көшіп-қонуға құқылы деді. Табиғи қарапайым құқыққа мемлекет ешқаңдай шек қоймауы керек.

Либералдық көзқарас адамдардың тәуелсіздігін басты құндылық деп жариялай отырып, «тыйым салғанның бәріне рұқсат» - қағидасын алға тартады. Сонымен құқық мәселесіне екі методологиялық көзқарас пайда болды, біріншісі, адамдардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына тыйым салу арқылы қоғамда тыныштық пен тәртіп сақтау, екіншісі, жеке бастың еркіндікке құқы. Әрине, бұл екі көзқарастар бірімен-бірі тығыз байланысты, дегенмен де, бүгінде құқықтық мемлекет құру либералдық құндылықтар негізінде жүргізілуде.

Еліміздің төл конституциясы Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет деп жарияланғаны баршаға мәлім. Құқықтық мемлекет құру үшін қоғамның құқықтық мәдениеті болуы керек. Құқықтық мәдениет-халықтың заң білімін білуінің деңгейі, құқықты сақтауы, рухани сана сезімінің жақсаруы. Құқықтық мемлекет құру жастардан басталады, өйткені болашақ қоғам солардың қолында.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауында Қазақстан 2030 жылға қарай Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп жариялауы, еңсесі түсіп бара жатқан халықты бір серпілтіп тастады. Көлемі шағын, ал мазмұны терең жатқан бұл сөзде Қазақстан мемлекетінің болашағы таразыға салынып отыр. Сонымен, таразының бір жағында Президенттің жариялаған Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиясы тұрса, ал, екінші жағында Қазақстан халқының бүгінгі хал-жағдайы, болашақ ұрпақтың тәрбиесі, білімі, тұрмысы тұр. Осыған орай, Президент мемлекеттің басшысы және ең жоғары лауазымды тұлғасы ретінде, таразының екі жағын әлемдік тәжірибе талаптарына сай зерттеу және талдау жұмыстарын өткізе отырып:

- бүкіл Қазақстан халқы алдында үлкен жауапкершілікті өзіне артып;

- қазақстандыктарды Барыстың өзінен-өзі пайда болмайтының және «егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз» деп ескертіп;

- жоғарыда аталған іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін қазақстандықтардан қолдау сұрап;

- ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегияларында тәртіптің, жауапкершілік пен заңдылықтың қажеттілігіне аса көңіл аударып;

- ұзақ мерзімді стратегияны жүзеге асыру кезінде туындайтын ұлттық идеологияның көзін ашып берді.

Осы аталған тұжырымдамалардың ішіндегі тәртіп, жауапкершілік және заңдылық мәселелеріне тоқталайық.

Ертеде ата-бабаларымыз «адамды заманы билейді» деген екен. Енді, осы сөздің мағынасына терең, ойлана қарасақ, оңда еліміз егемендік алғаннан бері тәртібіміздің (қай саланы алсақ та) төменге құлдырап бара жатқандығын байқауға болады.

Жасөспірімдерге құқықтық білім берудің маңызы қазіргі кезеңде өте зор. Жастарға адамгершілік тұрғысында тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі өнегенің мәні де өте зор. Сөз қадірін білетін заманда бір ауыз сөздің ішкі мағынасын жете түсініп, содан өзіне тәлім алған бабаларымыздың қасиетіне не жетсін.

«Өнерлі өрге жүзеді», «Талаптыға нұр жауар», «Ерінбей еңбек еткен мұратына жетеді», «Арақ пен ұйқы кедейліктің төте жолы», «Арыңды жасыңнан сақта», «Ата-анасын сыйлаған адал бала, отырады ұжмақтың төрін ала» - деп тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бере отырып, ұрпақтарды адамгершілік мен құқықтық тәрбиеге баулыған. Бірінен екіншісіне үлгі болған Ата Заңның 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп жазылған. Өмірге келгеннен бастап, өлгенге дейін республика азаматы болған соң адам баласы бір-біріне қамқорлық пен тәрбие беруі жөн. Ата-бабамыздың үлгісін, жол-жоралғысын еске ала отырып, тарихта өткен хандардың жарлықтары, билердің шешімдерін жастарға меңгертудің мәні зор. Мектеп қабырғасынан оқушылар әр түрлі салада, әр мамандық бойынша әр деңгейде білім алады. Сол үшін мектеп қабырғасынан аттанатын жастардың бойында адамгершілік қасиет пен құқықтық мәдениет болу керек. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» деген сөзді халқымыз бекер айтпаған. Бұл тәлімгерлік мақал әр отбасына ғана емес, сонымен қатар білім беретін мектеп пен ұстазға да ортақ. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата-бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымызда 13 жастағы баланы отау иесі деп атайды. Ал, қазірігі Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

18 жаста кәмелеттік кезең басталады. Жастардың сайлау, өз мүлкіне дербес иелік ету, неке қатынасына тұру, қалыпты еңбек қызметімен айналысқан кезде тиісті жауапкершілік құқығы пайда болады.

Кұқықты білмей, әлеуметтік мәнін түсінбей оны құрметтеу мүмкін емес. Әр азамат құқықтық қағидалармен бала кезінен танысуы қажет.

Құқық қағидалары:

1. Әлеуметгік бостандық;

2. Адамгершілік;

3. Демократизм;

4. Теңдік.

Сондықтан мұғалім жас баланы құқықтық мәдениетпен білімге бағыттай отырып, тәрбиелей біліп, қылмыстық істерге жасөспірімдерді жібермеу керек. Ал, енді бүгінгі күннің тәртіп мәселесінде, мен назарды білім саласындағы жалпы білім беру буынына, жасөспірімдерге бекер аударып отырғаным жоқ. Өкінішке орай жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылық көбейіп барады. Жасы толмағандарды қылмысқа бой ұрындырудың себептері іштей іріп-шіріген отбасында, тәрбие беру ісі ақсаған мектепте, ел басына түсіп отырған қиыңдықтан туыңдайтындығы сөзсіз.

Біз білім ордасында жастарға тәрбие беріп жүргендіктен, өз міндегімізді жауапкершілікпен атқаруымыз керек. Өйткені тәртіп ұстанбаған жерде жауапкершіліктің артуы мүмкін емес. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық істерді болдыртпау үшін алдымен, құқықтық тәлім-тәрбиеге көп көңіл бөлген жөн.

Сондай-ақ, адамдардың ой-өрісін, сана-сезімін құқықпен тығыз байланыста дамытып, құқыққа бейімдеп тәрбиелеуі керек, әрі құқықтык психологияның калыптасып дамуына жағдай туғызылуы тиіс. Кез-келген адам жастайынан құқықпен таныса отырып, жалпы құқықтық нормалармен хабардар болып, оны өз мақсаттарына сай дұрыс пайдаланса, нұр үстіне нұр болар еді.

Біздің мектепте әр оқу жылында құқықтық тәрбиеге байланысты жоспар жасалынған. Осы жоспарды жүзеге асыру мақсатында 3 бағытта ұйым құрылды.

1. Оқушылар арасында құқықтык тәрбие;

2. Ата-аналар арасында құқықтық тәрбие;

3. Мұғалімдер арасында кұқықтықтәрбие.

Оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға құқықтық сауатты болуға, өз кұқығы мен бостандығын меңгеруге, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында жұмыс жасайды.

Оқушылардың сана сезімдерінде құқыққа деген көзқарас мынандай 3 буыннан тұруы бізге шарт.

- құқықты танып білу;

- құқықты қабылдау, сақтау;

- құқықтық жолмен жүру.

Мектеп жасына жеткен азаматтарды мектеп табалдырығын аттаған кездерінен бастап, құқықтық заңдармен таныстыру, Ата Заңымыздағы барлық нормалардың талаптарын түсіндіріп, талдап, саралап жеткізу, жеткізе білу де дұрыс жолға қойылған. Мектепте жас жеткіншектерді жол жүру ережелерімен, көлік қозғалысы қауіпсіздігімен таныстырып, соларды сақтаудың жолын үйрету де өзінше бір жүйеге нақты бекітілген. Мектебімізде құқық негіздеріне арналған арнайы бөлмеміз бар, сол бөлмеде заңға байланысты окулыктар, журнал, газеттер және жаңадан қабылданған барлық құқық салаларына тән кодекстер бар. Оқушылардың сана-сезімін, ой-өрісін жетілдіру, тереңдету үшін арнайы құқыққа байланысты дамытушылық курстар оқытылады. Бұның бәрі қылмыстылықтың одан сайын өрши түсуіне елеулі ықпалын тигізеді. Кұқықтық мәдениет жақсы дамыған қоғамда қылмыстық та азаяр еді.

Кәмелетке толмағандардың тәртібі, оларға тәрбие берген ата-анасының, сынып жетекшілердің жұмысы «Құқықтық кеңес» атты ұйымда қаралады. Бұл кеңестің міндеттері мынандай:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы оқытуды камтамасыз ету
5-6 жастағы балаларға құқықтық тәрбие беру
Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы
Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісі
Ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негіздері
ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық сезімін қалыптастыру
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz