Гидротехникалық құрылымдардың топталуы - классификациялары. Су тораптары мен су жүйелері



Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
2-ші дәріс.
Гидротехникалық құрылымдардың топталуы - классификациялары. Су тораптары мен су жүйелері. Гидротехникалық құрылымдардың жұмыс атқару жағдайлары мен ерекшеліктері, жобалау кезеңдері. Гидротехникалық құрылымдарға әсер ететін күштер мен салмақтар.
Сабақ жоспары:
* Гидротехникалық құрылымдардың топталуы
* Су тораптары мен жүйелері туралы түсініктеме
* Гидротехникалық құрылымдардың жұмыс атқару ерекшеліктері
* Жобалау кезеңдері
* Құрылымға әсер ететін күштер мен салмақтар
Табиғи су қорларын пайдаланып және қоршаған ортаға судың тигізетін зиянынан қорғайтын (тасқын, сел) инженерлік құрылымдарды-гидротехникалық құрылымдар деп атайды. Гидротехникалық құрылымдарының көмегімен өзендердегі суларды реттеп, суды пайдаланушыралдың талабына сай жеткізіліп беруге болады.
Атқаратын қызметіне қарай гидротехникалық құрылымдарды былай топтап бөлуге болады (2.1. сурет):
а) Су-тірек құрылымдар (водоподпорные) - судың деңгейін көтеруге арналған бөгеттер;
б) Су тасымалдаушы құрылымдар (водопроводящие) - каналдар, тунелдер, науалар, құбырлар;
в) Су алғыш құрылымдар (водозаборные сооружения)- өзеннен, көледерден су алуға арналған құрылымдар;
г) Су тастағыш құрылымдар (водосбросные сооружения)- артық тасқын суды және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға арналған суларды төменгі арнаға тастауға арналған құрылымдар;
д) Өзен жағасын бекітуге арналған бөгеттер.

2.1. сурет. Гидротехникалық құрылымдарды атқаратын қызметіне қарай топтастыру

Ішкі шаруашылық (жүйелік) мелиоративтік құрылымдар былай топталады: реттегіш (су жібергіш, су тірек және су бөлгіш) құрылымдар; су тасымалдаушы (тунельдер, құбырлар, дюкерлер, науалар, акведуктар) құрылымдар; қиылыстырушы (сопрягающие) (тез суағар, сатылы су ағар) құрылымдар болып бөлінеді.(2.2. сурет)


2.2. сурет. Ішкі шаруашылық мелиоративтік құрылымдарды топтастыру

Атқаратын негізгі қызыметіне қарай гидротехникалық құрылымдар екі топқа бөлінеді: жалпы және арнайы құрылымдар деп.
Жалпы мақсатқа арналған құрылымдар: су тіректер, су тасымалдаушы, су реттегіш құрылымдар халық шаруашылығының әр саласында пайдаланылады.
Арнайы құрылымдарға: мелиоративтік құрылымдар (каналдар, жер суғаруға, шабыншықты суландыруға және жерді құрғатуға арналған насос станциялары); су энергетикалық құрылымдар (су электростанция құрылымы және деревациялық каналдар т.б, яғни су энергиясын пайдалануға арналған құрылымдар); су тасымалдауға арналған құрылымдар (каналдар, шлюздер, кеме көтергеіштер, толқын жойғыштар, кеме тоқтайтын аялдама); ағаш ағызғыштар (науалар, ағаш тастағыштар, қойнаулар), балық шаруашылығы құрылымдары (балық көтергіштер, балық өсіретін көлшіктер); ауыз суы мен лас сулар құрылымдары (су алғыш, насос станциялары, каналдар, су көтергіш мұнара, су тазалағыш құрылымдар, кәріздер); су тасқыны мен селмен, топырақ эрозиясымен күресуге арналған құрылымдар (су тасқынынан қорғайтын бөгеттер, жер асты суын пайдалануға арналған құрылымдар, жауын-шашын суын тастайтын құрылымдар); өндіріс қалдықтарын сақтайтын тоғандар жатады. (2.3. сурет)

2.3. сурет. Гидротехникалық құрылымдарды мақсатына қарай топтастыру

Пайдалану жағдайына қарай гидротехникалық құрылымдар уақытша және тұрақты пайдаланатын болып бөлінеді. Тұрақты гидротехникалық құрылымдар гидротехникалық нысанды тұрақты пайдалану барысында қолданылады, ал уақытша пайдаланатын құрылымдарды- құрылысты салу кезінде, болмаса оны жөндеу кезінде пайдаланады.
Тұрақты гидротехникалық құрылымдар негізгі және қосалқы екінші кезектегі болып бөлінеді. Негізгі құрылымдар- олардың жөндеуі болмаса бұзылуы объектінің жұмысының толық тоқталуына, болмаса жұмысының әлсәреуіне әкеліп соғады (бөгет, су тастағыш құрылымдар, каналдар, тунельдер, СЭС ғимараттары, су реттегіш, сорғы (насос) станциясы, су қабылдағыш), қосалқы құрылымдар - және олардың бөліктері, олардың жұмысының тоқталуы негізгі құрылым жұмынына онша әсер етпейді (өзен жағасын бекітетін құрылымдар, жөндеу кезінде пайдаланатын қақпақтар, мұз жарғыш құрылғылар, жұмысшылар жүретін көпір т.б).
Беріктігіне байланысты -тұрақты гидротехникалық құрылымдар 4 класқа бөлінеді, ал уақытша құрылымдар 5-ші класқа жатады. Гидротехникалық құрылымдардың беріктігі (капитальность) ҚНжЕ 11-50-74. Өзен гидротехникалық құрылымдары. Негізгі жобалау негіздері. Су тірек құрылымдарының беріктігі (капиталносі) олардың биіктігі мен табанының топырағының түріне байланысты қабылданады. Мелиоративтік бөгеттер беріктігі осы объектіге бекітілген суармалы жер көлеміне қарай анықталады.
№ 1 кесте. Гидротехникалық құрылымдардың капиталдық класы.
Су тірек құрылымдар
Табанының топырағы
Құрылымның капиталдық класына байланысты биіктігі, м

1
11
111
1V
Топырақтан салынатын бөгеттер
Жартас
Ірі, сынған тастар; құм; қатты күйдегі және жұмсақ күйдегі саз топырақтар;
Суға қаныққан және жұмсақ күйдегі саз топырақтар
100
75

50
70-100
35-75

25-50
25-70
15-35

15-25
25
15

15
Бетоннан және темірбетоннан соғыл- ған бөгеттер, су электростанциясы ғимаратының су астындағы конструк- циясы, кеме жұзетін шлюздар, кеме көтеретін құрылымдар, арын көтеруге арналған тірек қабырғалар және басқа да бетоннан, темірбетоннан соғылған құрылымдар.
Жартас
Ірі, сынған тастар; құм; қатты күйдегі және жұмсақ күйдегі саз топырақтар;
Суға қаныққан және жұмсақ күйдегі саз топырақтар
100
75

25

60-100
25-50

20-25
25-60
10-25

10-20
25
10

10

№ 2 кесте. Гидротехникалық және мелиоративтік жүйедегі құрылымдардың капиталдық класы.
Гидротехникалық құрылыс нысандары
Құрылымдардың капитал- дық класы

негізгі
Негізгі емес
1
2
3
Гидравликалық, су жинақтайтын және жылу электростанцияларының гидротехникалық құрылымдары, қуаттылығы млн.кВт:
=1,5
1,5
Атом электростанцияларының гидротехникалық құрылымдары, қуаттылығы
мың кВт: = 500
101-499
=100
Ішкі су қатынас жолдарындағы гидротехникалық құрылымдар:
Ірі магистралды
Жергілікті маңызды және магистралды
Кішлі өзендердегі жергілікті маңызды
Өзен порттарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзен арнасын реттеу мақсаты және реттеу тәсілдері түрлері
Су басу кезінде тұрғындарды қорғауды ұйымдастыру
Зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жүргізу
Сырдария арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау жолдары
Қайнар - бұлақ ғылыми өндірістік кешені
Студенттің практика бойынша есебі
Мұнайды жинау кезіндегі қауіпсіздік
Қазақстан Республикасында су ресурстарының таралуы және қамтамасыз етілу жағдайларын анықтау және оларды жою шараларынның бағыттарын көрсету
Франция Республикасының қабырғалық физикалық картасын құрастыру және жобалау
Халық шаруашылық объектілерде болуы мүмкін төтенше жағдайлар
Пәндер