Топырақтан соғылған бөгеттер, Олардың түрі мен топтары



Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
4-ші дәріс
Топырақтан соғылған бөгеттер, Олардың түрі мен топтары. Судың бөгет арқылы және табаны арқылы сүзіліп өтуі. Бөгеттің көлденең кескінін құрастырып, есептеу тәсілдері.

Сабақ жоспары:
* Су қоймасы құрамындағы топырақтан салынатын бөгет түрімен және тұсын таңдау тәсілдерімен таныстыру.
* Бөгеттің көлденең қимасының құрамына қарай топтастырылуымен таныстырылу :
* Топырақтан соғылған бөгеттердің биіктігіне байланысты топтастырылуымен таныстыру
* Топырақтан соғылған бөгеттердің табанындағы су өткізбейтін құрылғыларының түріне байланысты топтастырылуымен таныстыру
* Бөгеттің көлденең кескінін құрастырып, есептеу тәсілдерімен таныстыру.
* Бөгеттерді соғатын топыраққа қойылатын талаптармен таныстыру

Су қоймасы құрамында соғылатын топырақтан салынатын бөгет түрін және тұсын таңдау.
Су қоймасы құрамында салынатын топырақтан соғылған бөгет түрін және тұсын таңдау, оларды соғу тәсілін қабылдау - жобалау жұмыстарының ең бір жауапты кезеңдері болып саналады және де бұл жұмыстар құрылыстың бағасын, құрылысты соғу мерзімін, гидротехникалық құрылымды пайдалану сенімділігін анықтайды. Бұл проблемаларды дұрыс шешу, құрылысты салу және құрылымды пайдалану кезеңдерінде туындайтын жағдайларды толығымен ескерген жағдайда ғана мүмкін болады.
Бөгет тұсын таңдау, құрылыс салынатын аймақтың топографиялық, геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, ауа райы жағдайларын ескере отырып, технико-экономикалық салыстыру арқылы қабылданады.
Бөгет салынатын тұсты таңдағанда мына жағдайлар ескеріледі:
бөгет салынатын тұсқа жақын жерде құрылысты салуға жарамды топырақтың жеткілікті мөлшерде болуы және арнадан қазылып алынатын топырақты бөгет денесін көтеруге қолдану мүмкіндігі,
Құрылыс салынатын тұста уақытша және тұрақты гидротехникалық құрылымдар ды тиімді түрде орналастыру мүмкіндігі,
Тұс формасы, арна табанын дайындау мүмкіндігі және бөгетті арна жағасымен қиыстыру мүмкіндігі,
Құрылысты салу кезеңінде арнаны бөгеуге салынатын бөгетті, негізгі бөгет денесіне қосу мүмкіндігі,
Құрылысты салу кезеңінде тасқан суды өткізу мүмкіндігі, балықты, кемелерді, сал өткізу мүмкіндігін қарастыру, жобаланатын су торабына қойылатын арнайы талаптар,
Құрылыс алаңына және құрылыс материалдары базаларына келетін жолдың болуы,
Құрылыс салу және пайдалану кезеңдерінде құрылыс алаңына және бөгет төбесіне келетін жол салу мүмкіндігі,
Карьерде топырақты қазып алғанда, оны құрылыс алаңына тасымалдағанда, бөгет денесіне топырақты салғанда жұмысты қарқынды жүргізу жағдайы.
Бөгет түрін таңдау құрылыс алаңына жақан жердегі карьерлердегі және арна түбінен қазылып алынатын топырақ, материалдар түріне көп байланысты.
Бөгет құрылысын салғанда саздақ топырақтар суды аз өткізетін құрылыс материалы болып есептеледі. Егер құрылыс алаңына жақын жерде орналасқан саздақ топырақтар карьері болса, онда бөгетті біртекті етіп салады. Егер карьерде сазақ топырақтар болмаса, онда бөгетті су өткізгіштік қасиеті жоғары, құм, құмшауыт, қиыршық тастардан салып, бөгет құрамында су өткізбейтін элемент: өзек, қалқан не диафрагма қарастырады. Бұл жағдайда топырақтан емес, су өткізбейтін элементер құрылыс алаңына жақын жерде саз және саздақ топырақтар болмаған жағдайда ғана қолданы- лады. Егер су өткізетін қабат қалың болса, қалқанды-понурлы бөгет салған тиімді.
Егер бөгет табаны көп шөгетін топырақтан құралса, онда бөгет конструкциясын біртекті не болмаса өзекті түрін қабылдаған тиімді, бұл жағдайда судың сүзілуіне қарсы қолданатын қалқанды элементті пайдаланбаған дұрыс, себебі ол біркелкі емес шөгуге сезімтал.
Ауа райы қолайлы емес жағдайларда (жауын - шашыны, аязды күндері көп) байланыспаған топырақтан салынған біртекті бөгеттер салған тиімді.
Егер бөгет табаны тастан құралған болмаса, бөгетті біртекті топырақтан салып, су өткізбейтін элементерін өзек, қалқан қылып қабылдаған тиімді.
Егер бөгет бірнеше кезекте салынатын болса, оны біртекті топырақтан салып, су өткізбейтін элементтерін өзек, қалқан қылып қабылдаған тиімді.
Егер бөгет табаны тастан құралған болса, бұл кезде тас пен топырақтан және тастан үйіп салынатын бөгет салуға жағдай туғызады

Топырақтан соғылған бөгет дегеніміз- су тірек құрылым, біркелкі, немесе әртүрлі топырақтан соғылатын, құрылымдар.
Төменде, 4.1. суретте біркелкі топырақтан соғылған бөгеттің көлденең қимасы көрсетілген:

4.1. сурет. Біркелкі топырақтан соғылған бөгеттің көлденең қимасы.
1-бөгет денесі; 2- бөгет табаны; 3- жоғарғы құлама беткейдегі тепкішек (берма); 4- тірек тас; 5- жоғарғы құлама беткейді бекіткен тақта; 6- бөгет жотасы; 7- төменгі құлама беткей; 8- төменгі құлама беткейдегі тепкішек; 9- құрғатқыш призма (дренаж); 10- құлып; 11- табиғи жер беті; 12- су өткізгіш қабат; 13- су өткізбейтін жер қыртысы;

Топырақтан соғылатын бөгет су қоймасының негізгі құрылымы болып табылады. Су шаруашылығы құрылысында топырақтан соғылған бөгеттер көтерме бөгеттер есебінде, каналдың жаға бөгеттері ретінде кеңінен қолданылады.
Топырақтан соғылатын бөгеттердің негізгі артықшылығы, оларды соғу үшін жергілікті құрылыс материалдары - топырақты қолданады.
Топырақтан соғылатын бөгеттердің артықшылығы:
-бөгетті кез-келген географиялық аймақта тұрғызу мүмкіндігі, жер сілкінген кезедерде бұлар беріктігін және орнықтылығын сақтайтын қасиеттері;
-бөгетті соғуға құрылыс алаңына жақын жердегі кез-келген топырақтың жарамдылығы;
-бөгетті соғу барысында орындалатын бүкіл құрылыс жұмыстарының - қазу, тасу, үю, тасымалдау жұмыстарының механизмдерді пайдалану арқылы орындалатыны;
-бөгет бойындағы топырақтың уақыт өткенмен өз қасиеттерін жоғалтпауы, бөгетті пайдалану барысында күрделі жөндеулердің керек еместігі, тек қана жоғарғы құлама бетпейді бекіткен тастарды, тақталарды жөндеуден басқа;
Топырақтан соғылған бөгеттердің кемшіліктері:
-бөгет денесі арқылы тасқын суды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақтан соғылған бөгет арқылы судың сүзіліп өту қабілетін есептеу тәсілдері
Бөгет кұрамындағы су өткізгіш, су тастағыш және қашыртқы құрылымдар, олардың атқартын қызметі және түрлері
Бетонды және темірбетонды бөгеттердің түрлері және топтары
Ертіс өзеннің бойындағы ШҚО агроклиматы
Гидротехникалық құрылымдардың топталуы - классификациялары. Су тораптары мен су жүйелері
Су жібергіш және суды ақтарып құрғатқыш құрылымдар, олардың түрлері, конструкциялары
Гидротехникалық құрылымдардың жер асты сұлбасының бөлшектері
Гидротехникалық құрылыстарды жобалау, салу
Су алғыш құрылымдар түрлері мен топтары. Су алғыш құрылымдардың түрлерін таңдап оны өзен бойына орналастыратын жерді анықтау
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛҚҰМ КАНАЛЫНА СУ ЖІБЕРГІШ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖОБАСЫ
Пәндер