Бөгет кұрамындағы су өткізгіш, су тастағыш және қашыртқы құрылымдар, олардың атқартын қызметі және түрлері



Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
6-шы дәріс
Бөгет кұрамындағы су өткізгіш, су тастағыш және қашыртқы құрылымдар, олардың атқартын қызметі және түрлері Ашық жағалық қашыртқылар орлы қашыртқы Жабық қашыртқылар құбырлы және шөмішті түрі.

Сабақ жоспары:
* Су тастағыш құрылымдар конструкциясымен таныстыру
* Ашық су тастағыш құрылымдар - орлы су тастағыш құрылымдар конструкциясымен таныстыру
* Маңдайынан су қабылдайтын су тастағыш құрылымдар, оларды есептеу тәсілдері
* Көп сатылы құлама түрінде орындалатын су тастағыш құрылымдар конструкциясымен таныстыру
* Жабық су тастағыш құрылымдар - тунелді және құбырлы су тастағыш құрылымдар конструкциясымен таныстыру
* Шахталы және ожаулы су тастағыш құрылымдар.
* Аралас су тастағыш құрылымдар конструкциясымен таныстыру

Топырақтан соғылған бөгеттер бойына тасқын суды төменгі бьефке тастайтын су тастағыш құрылымдар салады. Су тастағыш құрылымдардың трассасын таңдағанда бірнеше вариант қарастырылып, оларды техника-экономикалық салыстыру негізінде қарастырып, негізгі вариантты қабылдайды. Негізгі вариантқа: топырақ қазу жұмыстары аз, бағасы арзан вариант қабылданады. Су тастағыш құрылымның трассасы мүмкіндігінше түзу, бұрылыс болған жағдайда оның радиусы рұхсат етілген шама шегінде болуы шарт. Ашық су тастағыш құрылымдар басқару мүмкіндіктеріне қарай: автоматты түрде жұмыс атқаратын және қақпақты, яғни қолмен басқаратын болып келеді. Егер су тастағыш құрылым автоматты режимде жұмыс істесе, оның табалдырығының белгісін ▼ҚТД-де орналастырады, ал қолмен басқарылатын су тастағыш құрылымның табалдырығын ▼ҚТД-ден төмен орналастырады.
в)

6.1. сурет. Су тастағыш құрылымның трассасын жүргізу схемасы.
а) трасса жер бедері сызықтырына перпендикулярно жүргізілген; б) трасса жер бедері сызықтырына көлбей жүргізілген; в) кең және тар суағармен жүргізілген су тастағыш.
Су тастағыш құрылымдардың негізгі атқаратын қызметі- су тасығанда су қоймасына симайтын тасқын суды су торабының төменгі бьефіне тастау.
Су тастағыш құрылымдар бөгет денесінің ішінде немесе сыртқары, жағада орналастырылады. Су тастағыш құрылымдардың түрі, констркциясы мына жағдайларға байланысты қабылданады:
1) нысынның су шаруашылық көрсеткіштеріне байланысты;
2) бөгет салынатын тұстың топографиялық және геологиялық жағдайларына байланысты;
3) бөгет түріне және арынына (су тереңдігіне) байланысты;
4) құрылысты салу кезіндегі тасқын суды өткізу жағдайына байланысты;
5) экономикалық тиімділігіне байланысты.
Төбесінен су өткізбейтін, топырақтан салынған бөгеттердің құрамында салынатын су тастағыш құрылымдардың ең көп тараған түрлері:
а) ашық орлы су тастағыш- су тастайтын бөлігі науалы, көп сатылы не тез суағар түрінде орындалған;
б) жабық су тастағыш - су тастайтын бөлігі тунель немесе құбыр түрінде орындалған;
в) аралас, жабық және ашық су тастағыштың элементтері қолданылған.
Ашық су тастағыш құрылым су тастағыш құрылымдар бас бөлігінің конструкциясына байланысты былай бөлінеді: маңдайынан су қабылдайтын, орлы - тасқын суды жанынан қабылдайтын.

6.2. сурет. Ашық, жағалауда орналасқан су тастағыш құрылымдардың
бас жағының конструкциясының түрлері. а) ені тарылатын, табылды рығы түзу су тастағыш; б) табалдырығы доға тәріздес су тастағыш; в) табалдырығы ирек - ирек су тастағыш; г) тез су ағары бірнеше бөлікке бөлінген, қисық табалдырықты су тастағыш; д) қисық табалдырықты, тез су ағары кедір - бұдырлы су тастағыш.

6.1. Маңдайынан су қабылдайтын су тастағыш құрылымдар, оларды есептеу тәсілдері.

Су тастағыш құрылымдардың су өткізу қабілетті - өтімі, су қоймасының су сиымдылығына және тасқын суды қабылдау қабілеттілігіне байланысты қабылданады. Су тастағыш құрылымның су өткізгіштік қабілеті гидрологиялық есептеулермен, ал есептік ықтималдығы 6.1 кестеде келтірілген құрылымның класының капиталдығына байланысты қабылданады.
6.1. кесте. Су тастағыш құрылымдардың класс капиталдығына байланысты тасқын судың жоғарғы өтімі
Есепті жағдайлар
Құрылымның капиталдық класы

1
11
111
1V
Негізгі өтімдер %
0,1
1,0
3,0
5,0
Тексерілетін өтімдер %
0,01
0,1
0,5
1,0
Маңдайынан су қабылдайтын су тастағыш құрылымдарды су қоймасының жоғарғы бьефіндегі топографиялық жағдай - су тастағыштың су ағарын ұзына бойына салуға мүмкіндік бермейтін жағдайда және судың деңгейін көп көтере беруге мүмкіндік жоқ жағдайда салады. Тасқын суды көбірек қабылдау үшін және су ағардың табалдырығының ұзындығын көбейту үшін оны қисық сызықты, немесе ирек- ирек форма береді (9.2. сурет. б мен в варианттары). Су ағардың табалдырығының ұзындығын мына формуладан табады:
, (6.1.)
мұнда: Н- су ағардың табалдырығындағы арын, м;
Q- есепті ағын, м[3]с;
mo=0,36 - ағын коэффициенті,
L - су ағардың табалдырығының ұзындығы, м.

6.3. сурет. Маңдайынан су қабылдайтын, қисық табалдырықты су тастағыш. Кубадағы Карлос Мануэль де Сеспедес су торабына салынған.
Қималар: А-А) тез су ағар бойындағы кедір-бұдыр; Б-Б) тез су ағардың аяқ жағының консольді (аспалы) түрі; 1- су жібергіш, 2- топырақтан соғылған бөгет, 3- су тастағыштың науасы, 4- понур; 5- вакуумді су ағар, 6- сумен жуылатын шұқыр, 7- бетон қадалар.

6.3. суретте су тастағыштың су тасымалдайтын бөлігінің, науасының тез су ағар түрінде орындалған түрі көрсетілген. Тез су ағардың су тасымалдайтын бөлігінде - науада, толқын пайда болмау үшін, науа табанын кедір-бұдыр қылып салады, немесе науаның формасына толқын тумайтындай сұлба береді (6.4. сурет).

6.4. сурет. Тез су ағардың науасының толқын туғызбайтын түрлері.

Егер жер бетінің еңістігі өте көп болса, онда су тастағыштың су тасымалдайтын бөлігін, науасын бірнеше жазық (горизонтальды) учаскеден тұратын, бір бірімен әртүрлі биіктіктегі тік қабырғалар арқылы қиылысатын, көп сатылы құлама түрінде орындаған тиімді. (6.5. сурет).

6.5. сурет. Тез су ағардың көп сатылы құлама түрі.
Көп сатылы құламада тез су ағарға қарағанда судың жылдамдығы көп төмен болады, 2-3 мс аралығында. Бірақ көп сатылы құламаны салғанда жер қазу және бетон құю жұмыстарының көлемі, тез су ағар салғаннан әлдеқайда көп болып келеді.
Төменде 6.6. суретте қолмен басқарылатын су тастағыштың, секундына 26 м3 тасқын су өткізетін, типтік жобасы көрсетілген

6.6. сурет. Қолмен басқарылатын су тастағыштың типтік жобасы.
6 .2. Бас жағынан суды бүйірлей алып кететін су тастағыш құрылымдар. (орлы су тастағыш құрылымдар)
Орлы су тастағыш құрылымды су қоймасының жағасына, ұзына бойына, жер рельефіне сәйкестендіріп салады. Орлы су тастағыш құрылымдарды салу үшін жаға тасты, еңістігі үлкен және су тасымалдайтын науа орналасытын жерлердің-трассаның еңістігі өте көп болуы шарт. Су тастағыштың бас жағы, су қабылдайтын орлы бөлігі ұзын болуы мүмкін. Су қабылдағыштың, ордың мөлшерін: ұзындығын, енін, тереңдігін гидравликалық есептеулер арқылы табады. Ордың ұзына бойына су өтімі өзгеріп отырады, осы себепті орлы су тастағыштың гидравликалық есептеулері өте күрделі. Осы себепті гидравликалық есептеулер арқылы, орлы су тастағыш құрылымның конструктивті элементтерінің мөлшерін тек шамамен анықтауға мүмкіндік туады. Орлы су тастағыш құрылымның крнстуктивті элементтерінің мөлше -рін толық анықтау үшін, моделдік гидравликалық зертеулер жүргізіледі. Төменде 6.7. суретте орлы су тастағыш құрылымды жер рельефіне сәйкес орналастырудың бірнеше вариантары көрсетілген.

6.7. сурет. Орлы су тастағыш құрылым.
а-в - орлы су тастағыш құрылымның бас жағын жер релефіне сәйкес орналастыру варианттары. г - Кубадағы Гиса өзеніндегі орлы су тастағыш құрылым. Схеманың төменінде тасқын су құйылатын ордың сұлбасы көрсетілген.
Орлы су тастағыш құрылымның табалдырығы ▼ҚТД орналастырылады. Су тастағыш құрылымды бөгеттен 20-40 м қашықтыққа, су қоймасының жағасына ұзына бойына салады. Табалдырықтағы су арыны 0,75-1,0 м биіктіктен аспайды. Гидравликалық есептеулер арқылы су кіретін табалдырықтың ұзындығын және судың ордағы деңгейін анықтайды.
Егер = nH- табалдырық суға батыңқы;
= nH- табалдырық суға батпаған.
Мұнда - төменгі бьефтегі судың деңгейінің су ағар табалдырығынан биіктігі, м;
n - 0,75-0,8 - суға бату коэффициенті.
Егер, су ағар табалдырығы суға батпаған болса, оның ұзындығы мына формуламен табылады:
; (6.2.)
Мұнда: L - су ағар табалдырығының ұзындығы, м;
Q - су тастағыш құрылым арқылы тасталатын су өтімі, м3с;
m = 0,36 - су өтімі коэффициенті;
H - су ағар табалдырығындағы арын, м.
Егер, су ағар табалдырығы суға батыңқы болса, оның ұзындығы мына формуламен табылады:
; (6.3.)
Мұнда: φ = 0,97 - жылдамдық коэффициенті,
h - cу ағар табалдырығының кіре беріс учаскесіндегі су тереңдігі,
z - су ағар табалдырығының алдындағы және үстіндегі су деңгейінің айырмасы. Судың тереңдігін h= H - z деп қабылдауға болады. Су деңгейінің айырмасын мына формуладан табуға болады:
V= φ ; (6.4.)

6.3. Жабық су тастағыш құрылымдар.

Жабық су тастағыш құрылымдар - мұнаралы, мұнарасыз, шахталы, ожаулы, сифонды болып бөлінеді. Жабық су тастағыш құрылымдар- құрылым салынатын тұс өте тар болған жағдайда кеңінен қолданылады.
1. Мұнаралы-құбырлы су тастағыш - топырақтан соғылған бөгет денесінің ішіне салынады. Егер су өтімі аз болған жағдайда, мұнараның кесе көлденең ауданын тұрақты қылып, судың гидравликалық режимін ауыспалы қылып қабылдай береді. Үлкен арынды және көп су өтімін жіберуге арналған мұнаралы су тастағыштарға-Грузиядағы Мингечаур және Алжирдегі Ирил Эмда су тастағыш құрылымдары жатады. Бұл су тастағыш құрылымдарда судың қай өтімінде де құбырда арынсыз гидравликалық режим орын алады.

6.8. сурет. Мұнаралы - құбырлы су тастағыш құрылымдар.
а) арыны және су өтімі аз тасқын су тастағыш құрылымдар, типтік жоба.
б) Грузиядағы Мангечаур су торабының секундына 1600 м3 тасқын су өткізетін су тастағыш құрылымы, в) Алжирдегі Ирил Эмда су торабының секундына 2500 м3 тасқын су өткізетін су тастағыш құрылымы.
1- қоқыс ұстағыш тор; 2- қолдап қақпақ көтеретін құрылғы; 3- темірбетон диафрагма; 4- температуралық- шөгетін саңылау; 5- гидроизоляция; 6- қақпақ камерасы; 7- шахта; 8- саз топырақ; 9- құмшауыт; 10- су секіртетін трамплин; 11- саздақ сланецтер;

Мұнаралы - құбырлы су тастағыш құрылымдарды салу барысында, құбырлар арасы, мұнара мен құбырдың арасы жақсы жымдасып, су сыздықтап шықпауы шарт. Бұл жағдайда бөгет денесі біркелкі шөкпейтіні ескерілуі қажет. Осыған байланысты судың құбыр мен топырақтың жанасатын жерін қуып, ақпауын қамтамасыз ету қажет. Мұнаралы - құбырлы су тастағыш құрылымдар орта және жоғарғы арынды бөгеттерде көп қолданбағанмен, мұндай құрылымдарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бетонды және темірбетонды бөгеттердің түрлері және топтары
Су жібергіш және суды ақтарып құрғатқыш құрылымдар, олардың түрлері, конструкциялары
Күрті өзеніндегі су қойма торабын жобалау
Табалдырықтағы торлы галерея арқылы су алатын құрылымдар (донно-решетчатые), оларды қолдану шарттары
Гидротехникалық қақпалар және гидравликалық әрекеттегі реттегіш сүлбелері
Тікелей су алып, құм мен тасты тікелей жуатын су алғыш құрылымдар түрлері - науалы, қалталы, екі қабатты, қисық су тасмалдағыш науалы құрылымдар
Алматы облысындағы кіші өзендердің суларын тазарту технологиясы (мысалға бір өзен базасын)
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРЫС ӨЗЕНІН СУҒАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІККЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ
Канал бойындағы су реттегіш құрылымдар
Келес - Сырдария алабындағы өзен
Пәндер