Су жібергіш және суды ақтарып құрғатқыш құрылымдар, олардың түрлері, конструкциялары



Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
7-ші дәріс
Су жібергіш және суды ақтарып құрғатқыш құрылымдар,
олардың түрлері, конструкциялары.

Сабақ жоспары:
* Су жібергіш құрылымдар, олардың конструкциялық ерекшеліктері, түрлері
* Құбырлы-мұнаралы және құбырлы су жібергіш құрылымдар конструкциясымен таныстыру
* Жабық су жібергіш құрылымдар конструкциясымен таныстыру, орларды есептеу тәсілдері
* Тунельді су өткізгіш құрылымдар.
* Су қоймасының құрамындағы суды ақтарып-құрғатқыш құрылымдар.

Су қоймалары құрамындағы топырақтан соғылған бөгеттер бойына көпшілік жағдайда құбырлы су жібергіштер салынады. Құбырлы су жібергіштер мұнаралы және мұнарасыз болып келеді.

7.1. сурет. Құбырлы-мұнаралы су жібергіш құрылым.
1. құбырдың кіре беріс басы; 2. су жібергіш құрылымның құбыры; 3. басқару мұнарасы; 4. су жібергіш құрылымның аяқ жағы;

7.2. сурет. Құбырлы су жібергіш құрылым.
1. құбырдың кіре беріс басы; 2. су жібергіш құрылымның құбыры; 3. су бөлу камерасы; 4. су жібергіш құрылымның аяқ жағы;
Су жібергіштің негізгі атқаратын міндеті -төменгі бьефте орналасқан су тұтынушыларға - каналға, су құбырына, өзен арнасына су жіберу. Су жібергіш құрылымның су тасымалдайтын құбырының табанын орналастырғанда - су қоймасындағы судың деңгейі ең төменгі пайдаланбай- тын көлем деңгейіне жеткенде де (ПКД), су жібергіш құрылым арқылы тұтынушыларға су беретіндей етіп орналастырады, яғни су өткізгіш құбырдың табаны- ▼ПКД (▼УМО) деңгейінен төмен орналастырылады.
Мұнараның орналасуына байланысты оларды: а) мұнарасы алға жылжы- тылып салынған, жоғарғы құлама беткейдің бөгет табанымен қиылыс қан тұсына салынған; б) мұнарасы жоғары құлама беткейдің орта тұсына орналастырылған; в) мұнарасы бөгет төбесіне жақын орналасқан, немесе төменгі құлама беткейге орналасқан деп топтайды.
Құбырлы су жібергіштің галериясымен су өткізіледі, немесе галерияның ішімен құбыр жүргізіліп, су құбыр арқылы өткізіледі.
Мұнараға дейінгі құбыр көпшілік жағдайда тұрақты су қысымының астында тұрады, яғни арынды жағдайда жұмыс атқарады, ал мұнара қақпасынан кейінгі су тасымалдайтын құбыр арынды түрде де, немесе арын- сыз түрде де жұмыс атқара алады. Су жібергіш құрылымдарды ұзақ уақыт пайдалану тәжірибесі көрсеткені: 1) құрылымның құбырының орта бөлігінің тиімді жұмыс атқару режимі - арынсыз жағдай, яғни, судың қысымсыз, еркін ағу режимі. Бұл кезде құбыр ішінде ыңғайсыз, өтпелі режим орнамайды және де галерея қабырғалары мен құбырдың түйіскен жерінде қасым азаяды; 2) судың арынды жағдайда ағуы - су темір немесе темірбетон құбырлар арқылы аққанда тиімді. Бұл жағдайда темірбетоннан соғылған галерея құбырларды жөндеп, ремонттағанда пайдаланылады. Егер галереяда судың ағу режимі арынды, не жартылай арынды болса, онда галерея конструкциясы күрделеніп, бағасы өсіп кетеді; 3) мұнараны алға, жоғарғы бьефке жылжытып салған тиімді, бұл жағдайда құбырдың арынды, тұрақты су тұратын бөлігінің ұзындығы қысқарады.
Аласа немесе орта тегеурінді су қысымына арналған бөгеттерге негізінде мұнарлы су жібергіштер салынады, галерея арқылы құбыр жүргізіліп - жүргізілмесе де. Мұндай су жібергіш құрылымдар конструкциясын пайдалану өте ыңғайлы және сенімді.
Жоғарғы тегеурінді бөгеттерге (биік бөгеттер) мұнаралы су жібергіш салу - техникалық қиындықтарғы әкеліп соғады. Қақпақты көтеріп-түсіретін білек темірдің өте ұзын болып, салмағы көп болуына байланысты және су қысымы түскен кезде қақпақта діріл пайда болуына, қақпақты жабу барысында қатты басқанда, білек темірдің майысу мүмкіндігіне байланысты. Егер жоғарғы тегеурінді бөгеттерге мұнаралы су жібергіш жобаланса, онда варианттардың техника - экономикалық көрсеткіштерін салыстырғанда биік мұнараның су тасымалдайтын құбырының қақпағы герметикалық түрде жабылатынын қарастырып және автоматты су көтергіштермен ашылып- жабылуын қарастыру қажет. Мұндай мүмкіндіктер болмаса, онда мұнарасыз, құбырлы су жібергіштер жобалануға тиісті.
Құбырлы су жібергіштердің құбыры үш қақпақпен жабылуы шарт:
1) ысырмалы қақпақ - құбыр бұзылған, апат жағдайында пайдаланады. 2) дискілі, дөңгелек қақпақтар, ремонт-жөндеу жұмыстарын орындағанда пайдаланылдады, бұлар ысырмалы қақпақтардан кейін орналасады: 3) конусты немесе инеге ұқсас қақпақтар - бұлар жұмыс қақпағы ретінде пайданылады.
Көп жылдық ағымды реттейтін су қоймаларында мұнаралы су жібергіштер салған тиімді және де оның төбесі су баспайтын белгіде болғаны жөн.

7.3. Жабық су жібергіш құрылымдар.
а) қақпақтарды басқаратын мұнарасы бар, құбырлы су жібергіш құрылым б) құбыры конусты қақпақпен жабдықталған тунелді су жібергіш құрылым; в) құбыры конусты қақпақпен жабдықталған құбырлы су жібергіш құрылым; 1- қоқыс ұстағыш тор тұратын саңылау; 2- ауа қатынайтын тесік; 3- жалпақ темір; 4- нығыздағыш резина; 5- су қабылдағыш мұнара; 6- тығын; 7- дөңгелек қақпақ (жөндеу кезінде пайдаланатын); 8- темір, немесе темірбетон құбыр; 9- конусты, немесе ине тектес қақпақ; 10- ысырма; 11- конусты қақпақтың бәсеңдеткіш камерасы;

Мұнараның қабырғаларының, табанының қалыңдығын, құбырлы су жібергіш құрылымның қабырғаларының қалыңдығы динамикалық және статикалық күш-салмақтардың шамасына қарай есептеліп табылады, дегенмен 0,2-0,25 м аз болмауы керек, және қалыңдығы төменнен жоғары қарай азая береді. Мұнараның, галереяның сыртқы қабырғаларын су өткізбейтін бояумен сырлап, материалдармен қаптайды, сазды топырақпен қаптап көмкереді. Қақпақтан кейін вакуум қалыптаспасын деп, оны сырттан ауа келтіретін түтікпен жалғайды.
Құбырлы су жібергішке конусты немесе инелі қақпақ қойылғанда, шашыраған су тамшыларын ұстайтын камера қарастырылады.
Су жібергіш құрылым құбыры ішінде тұрақты арынсыз режим орнату үшін де, қақпақ артына ауа беріп отырады. Құбырдың кіре барыс басының сұлбасы, қақпақ жүретін саңлауларда, су тасымалдайтын бөлік сұлбасын кавитациялық процестер болмайтындай етіп қабылдайды.
Құбырлы су жібергіштің галереясының саны техника-экономикалық және гидравликалық есептеулер негізінде қабылданады, бірақ пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, екі галереядан кем қабылданбайды.
Су жібергіш құрылымның бас жағына қоқыстарды, анжыр мен мұз ұстайтын тор орнатады, оған тазалағыш құрылғылар қарастырады. Су жібергіш құрылымның галереясын деформациялық (шөгетін) бөлікке бөлгенде, құбыр түйіскен жерден су шықпауын қамтамасыз ету қажет. Бұл шаралар өте мұқият орындалуы шарт.
Егер су қоймасы ауыз су беруге де пайдаланылса, онда таза суды алу үшін, мұнара қабырғасында бірнеше биіктікте су алатын тесіктер қарастырылып, олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертіс өзеннің бойындағы ШҚО агроклиматы
Канал бойындағы су реттегіш құрылымдар
Бөгет кұрамындағы су өткізгіш, су тастағыш және қашыртқы құрылымдар, олардың атқартын қызметі және түрлері
Өзендік су қоймасының жобасы
Тікелей су алып, құм мен тасты тікелей жуатын су алғыш құрылымдар түрлері - науалы, қалталы, екі қабатты, қисық су тасмалдағыш науалы құрылымдар
Өзен - су қоймасыныңтораптарын жобалау
Сүтті өңдеуден өткізу машиналары мен қондырғылары
Топырақтан соғылған бөгеттер, Олардың түрі мен топтары
Күрті өзеніндегі су қойма торабын жобалау
Тарылған өзенінде жобаланған су қойма торабы
Пәндер