Бетонды және темірбетонды бөгеттердің түрлері және топтары



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
8-ші дәріс
Бетонды және темірбетонды бөгеттердің түрлері және топтары.. Бетоннан соғылған су қашыртқы бөгеттер. Аркалы және контрофорсты бөгеттер,

Сабақ жоспары:
* Гравитациялық бөгеттер конструкциясымен таныстыру
* Бетоннан соғылған бөгеттің табанымен және жағалаумен қиылыстыру тәсілдерімен таныстыру.
* Бетоннан соғылған су қашыртқы бөгеттер конструкциясымен таныстыру
* Аркалы бөгеттер конструкциясымен және ерекшеліктерімен таныстыру.
* Контрфорсты бөгеттер конструкциясымен және ерекшеліктерімен таныстыру

Ауыр (гравитациялық) бөгеттер дегеніміз сыртқы күштер әсер еткенде олардың орнықтылығы салмағымен қамтамасыз етілетін бөгеттер. Қазіргі кезде соғылатын гравитациялық бөгеттер негізінде бетоннан салынады, ал бұрынғы кездерде тастан лаймен қалап салынатын гравитациялық бөгеттер көптеп кездескен. Бұлар соңғы кездерде өндірістік артықшылығына байла- нысты, бетоннан соғылатын бөгеттермен ауыстырылды, себебі бетон құю жұмыстарын толығымен механизациялардыруға болады және бұл жұмыстарды жоғарғы екпінмен жүргізіп, бөгетке кез келген геометриялық сұлба беруге болады. Қазіргі кезде тастан қалап бөгет салу Индияда ғана орын алып отыр, 1969 жылы биіктігі 124,7 м тастан қаланған Нагарджана сагар бөгеті салынып бітті
Конструкциясының қарапайымдылығына байланысты гравитациялық бөгеттер бетоннан соғылған бөгеттердің ішіндегі ең көп тараған түрі. Кеңестер Одағында ең бірінші бетоннан салынған гравитациялық бөгет: 1932 жылы салынып біткен Днепропетровск бөгеті, биіктігі 62 м. Бетоннан соғылған гравитациялық бөгеттерді салу жұмыстары- биіктігі 65 метрлік Өскемен бөгетін, биіктігі 90 м Бұқтарма бөгетін, биіктігі 128 м Красноярск бөгеттерін салумен жалғастырылды. Соңғы жылдары бетоннан биіктігі 102 м Уст - Илимск және биіктігі 215 метрлік Токтағұл гравитациялық бөгеттері салынды. Жер шарындағы ең биік- 284 метрлік гравитациялық бетоннан соғылған бөгет Швейцарияда салынды.
Бетоннан салынған гравитациялық бөгеттердің артықшылығы:
а) геометриялық сұлбаларының қарапайымдылығы, қолданатын қалыптарды бірнеше рет қолдануға және бетонды құю жұмыстарын толық механизацияландыруға мүмкіндік беретіндігі; б) құрылысты жүргізу барысында керекті жылу температурасын қамтамасыз ету мүмкіндігі, бұл жағдай әсіресе климаты суық жерлерде өте маңызды; в) цементі аз қатты бетон қоспаларын пайдалану мүмкіндігі; г) бөгетті салу барысында құрылыстың технологиясының бұзылуының бөгет беріктігіне онша әсер етпеуі; д) 1 м3 құйылған бетонның өзіндік құнының арзандығы.
Кемшіліктері:
а) аркалы және контрфорсты бөгеттермен салыстырғанда құйылатын бетон-ның көлемінің көптігі; б) бетонның беріктілік қасиетінің толық пайдаланылмауы; в) пайдалану кезеңінде контрфорсты бөгеттермен салыстырғанда ауа райының әсеріне сезімталдығы және бөгет бойындағы температураны реттеуге мүмкіндіктің жоқтығы; г) бөгет табанына қысымның біркелкі таралмауы.
Жартастарға салынған гравитациялық бөгеттер класс капиталдығына байланысты топталуынан бөлек, пайдалану мақсатына байланысты былай топталады: тұтас және су тастағыш (ашық су ағарлы немесе тереңде орналасқан су тастағыш тесігі бар).
Тұтас бөгеттердің станциялық бөліктерінде су қабылдағыш құрылымдар мен су электростанцияларының турбиналық құбырларын орналастыруға болады.
Биіктігіне байланысты гравитациялық бөгеттер: аласа (биіктігі 40 м дейінгі),
биіктігі орташа ( 40 метрден 100 метрге дейін) , биік бөгеттер (100 метрден жоғары) деп топталады.
Сұлбасының ауырлығына байланысты: ауыр және жеңіл гравитациялық бөгеттер болып бөлінеді.

Гравитациялық бөгеттердің кесе көлденең сұлбасы.

Бөгеттің бастапқы терориялық сұлбасы ретінде табанының ені b-ға, биік- тігі h-қа тең, гипотенузасының еңістігі nb және (1-n)b-ға тең үшбұрыш етіп қабылданады, мұнда n1. Бөгетке әсер ететін негізгі күштер: бөгеттің өзінің салмағы G, сүзілген судың Wф және судың гидростатикалық қысымдары W1 және W2.

8.1.сурет. Бөгеттің үшбұрышты сұлбасының есептік схемасы.

Бөгеттің жылжуға қарсылығы, оның салмағына пропорционалды жанама күштердің пайда болуына байланысты, яғни:
;
Мұнда - жылжуға қарсылық коэффициенті.
Бөгеттің тиімді сұлбасын салудың мақсаты: бөгеттің қабылданған биіктігі h-та оның орнықтылығы мен беріктігін қамтамасыз ететін ең аз енін b-ны табу, яғни бөгет сұлбасында созылу және қысылу кернеулерінің шекті мәннен ас- пауын қамтамасыз ету.
Гравитациялық бөгеттердің сұлбасын есептегенде жазық беттегі есепті қарастырады, яғни тек қана бөгеттің тік өзегі арқылы түсетін күштер ескері- леді. Бетоннан соғылған бөгеттердің беріктілігіне қойылатын негізгі талап: бөгет бойында көлденең жарықтар туғызатын және құйылған бетон блокта- рының арасындағы жарықардың ашылуына әкеліп соғатын созылу кернеу- лердің болмауы, бұл жарықтар арқылы су сүзіліп ағып, суффозия процесі асқынып, құрылымды пайдалану мерзімінің қысқаруына әкеліп соғады.

8.2. сурет. Беломорск су торабының су ағарлы гравитациалық бөгеті.

Гравитациялық бөгеттердің көп пайдаланылатын сұлбасы.

Бөгеттердің теориялық сұлбасын сараптағанда, олардың негізгі сұлбалары, өлшемдері және әсер ететін күштері қарастырылды. Пайдалану барысында бөгетке басқа да күштер әсер етеді: толқынның, мұздың, тасындылардың қысымы және жер сілкінісінің әсері болады. Бұл әсер ететін күштерді ескеру, бөгеттің көлденең кескінінің енін үлкейтуге әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар бөгет төбесімен автокөліктер жүру үшін жол салынып, бөгет ені үлкей- тіледі, су ағары бар бөгеттердің табалдырығына қисық сұлба беріледі және аяқ жағына суды алысқа секіртіп тастау үшін трамплин орнатылады.

8.3. сурет. Су ағарлы бетоннан соғылған бөгеттер.
а) Усть- Илим ГЭС- інің бөгеті; б) Красноярск ГЭС- інің бөгеті;
1.құрылысты салу кезінде тасқын су тастайтын тесік; 2.диабазалар; 3.терең- де орналасқан су жібергіш; 4. граниттен құралған жартас табан.

Бөгеттің кесе көлденең кескінін үлкейту, бөгет табанына түсетін қысым- ды көбейтіп, су қоймасындағы суды ақтару кезінде бөгеттің төменгі құлама беткейінде созылу кернеулерінің пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жағдай- ды болдырмау үшін бөгеттің алғы бетіне аздаған еңістік береді (i=1:0,5), бұл әдіс бөгетті салу кезінде кеңінен қолданылады.
Су қоймасындағы суды толығымен қотару күделікті өмірде өте аз кездесетін жағдай, сондықтан бетоннан соғылатын бөгеттердің алғы бетін тік қылып соға береді.

8.4.сурет. Новосибирск ГЭС- інің су ағар бөгетінің ұзына бойына қимасы;
Бетоннан соғылған бөгеттің табанымен және жағалаумен қиылысуы.
Бетоннан соғылған бөгеттерді жартастан тұратын табанымен қиылыстыру тереңдігін белгілегенде келесі жағдайларды ескереді:
1) бұзылған, жарыға көп немесе жарығы саз топыраққа толған жартастар, жәй техникалық құралдармен алынып тасталатын жартастар қабаты толығымен алынып тасталуы қажет;
2) басқа жартас қыртыстары, инженерлік-геологиялық ізденістер деректеріне сәйкес, техника-экономикалық салыстыру нәтижесінде оларды бөгет табаны ретінде пайдалану, не толығымен алып тастау жолдары қарастырылады.
Бөгетті су қоймасының жағасымен қиыстыру үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өртке қарсы қабырғалар
Жоба материалдарының сараптамасы
Құрылыс конструкциялардың сараптамасы
Топырақтан соғылған бөгеттер, Олардың түрі мен топтары
Аyыр бетoнның реoлoгиялық және физиka-мехaниkaлық қacиеттеріне плacтифиkaциялayшы қocпaлaрдың әcерін зерттеy және қocпaлы бетoнның oңтaйлы құрaмын тaңдay
Табиғи апаттарға қарсы іс-шаралар
Семей қаласындағы өндірістік ғимаратты жобалау
Бетон және темірбетон өндіру
Бұйымның номенклатурасы
Темірбетонды шпал
Пәндер