Канал бойындағы су реттегіш құрылымдар



Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
10-шы дәріс
Канал бойындағы су реттегіш құрылымдар. Су өткізгіш құрылымдар- науалар мен дюкерлер
Сабақ жоспары:
* Cу құламалары мен су қиылыстырғыш құрылымдар, олардың конструкцияларымен таныстыру
* Су реттегіш құрылымдарға қойылатын жалпы талаптармен таныстыру
* Ашық су реттегіш құрылымдар, олардың конструкцияларымен таныстыру
* Құбырлы және диафрагмалы су реттегіш құрылымдар, олардың конструкцияларымен таныстыру
* Су тасымалдағыш құрылымдар: акведуктар, науалар, дюкерлер
* Су қиылыстырғыш құрылымдар, олардың конструкциялары, қолдану жағдайлары

Cу құламалары мен су қиылыстырғыш құрылымдар, олардың конструкциялары.
Су алғыш құрылымдар құрамындағы реттегіш-шлюздер арқылы өзеннен магистралдық каналға су алынады, осы су реттегіш құрылымдар арқылы төменгі реттегі шаруашылықтың ішкі каналдарына су беріледі, судың деңгейі реттеледі, жарым-жартылай каналдағы су қотарылады, апаттық жағдайда каналдағы су қотарылады, учаскелер бойына каналдағы тасындылар жуылады. Конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты реттегіш құрылымдар: ашық, құбырлы және диафрагмалы болып келеді.
Су реттегіш шлюздарды біртұтас бетоннан құяды не құралмалы темірбетоннан салады. Суғару жүйелерінде судың ағымын және деңгейін реттеу үшін көптеген майда гидротехни калық құрылымдар салынады, су өткізу мүмкіндігі бірнеше 100 литрден 10 м3с дейінгі. Ашық және жабық суғару жүйелерінде бір мың гектар суармал жерге әртүрлі 50 шақты гидротехникалық құрылымдар салынады, ал суландыру және құрғату жүйелерінде 40-50 құрылымға дейін, ал күріш өсіретін жүйелерде 150 құрылымға дейін салынады.
Мелиоративтік жүйелерде майда гидротехникалық құрылымдардың көптеп қолданылатынын ескере отырып, оларды жобалу барысында типтік шешімдер қолданып, олардың құрылысын салуға құралмалы темір бетон элементерді кеңінен қолданады.
Су реттегіш құрылымдарға қойылатын жалпы талаптар:
а) су ағымы мен деңгейін дұрыс реттеп, құрылым жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беруі;
б) пайдалануы қарапайым болуы;
в) құрылымдардың сенімділігі мен ұзақ уақыт пайдалануын қамтамасыз ете отырып, арзан және құрылыс салу мерзімі қысқа болуы қажет;
г) типтік шешімдерді кеңінен қолдану;
д) жаңа құрылыс материалдарын кеңінен қолдану;
е) құрылыс салуда жаңа, жетілдірілген тәсілдері қолдану.
Ашық су реттегіштерді- су көздерінен бөгетті және бөгетсіз түрде су алғанда, арна арқылы судың ең көп ағымы өткенде және реттегіш алдындағы су деңгейі көп өзгермейтін жағдайда қолданады. Бұл құрылымдарды каналдан су алғанда су тірек құрылымдар ретінде керекті су тереңдігін қамтамасыз ету үшін, су тұтынушыларға суды бөлгенде және ішкі шаруашылық каналдарына су беруге кеңінен қолданады. Ашық су реттегіштер құрылымдарды жыл бойына пайдаланатын каналдарда және де анжыр мен мұздарды өткізетін жағдайда қолданған тиімді. (10.1. және 10.2 суреттер).

10.1. сурет. Каналдағы ашық су реттегіштің схемасы
1. понурдың қадасы; 2. понур; 3. орталық қада; 4. су ұрма; 5. су ұрманың қадасы; 6. рисберма; 7. каналдың құлама беткейін тақтамен бетондап бекіту; 8. құрылымның жағалық тіреуі; 9. қызметкерлер жүретін көпір; 10. қақпақ; 11. каналдың жоғарғы бьефтегі құлама беткейін тақтамен бекіту;12. құрылымның қайтармалы қабырғасы;

10.2. сурет. Құралмалы темірбетон элементтерден, типтік жобамен салынған ашық су реттегіш құрылым. а) құрылымның ұзына бойына қимасы; б) құрылымның төбесінен қарағандағы көрінісі

Құбырлы су реттегіштерді- суғару жүйелерінде су реттегіш және су қиылыстырғыш құрылымдармен бірге, жоғарғы және төменгі бьефтегі су деңгейі айырмасы 0,5 м көп болған жағдайда, өткел (көпір) және де су жібергіш құрылым ретінде кеңінен қолданады. Әсіресе құбырлы су реттегіштердің құралмалы элементерден құрастырылатын түрлері кеңінен тараған. Құбырлар сұлбасы дөңгелек не төртбұрышты болып келеді. (10.3. сурет)

10.3. сурет. Құбырлы су реттегіштің схемасы.

Диафрагмалы су реттегіштер- бұл құрылымды өзендегі су деңгейі көп биіктікке өзгеріп тұратын болса қолданады және каналдан артық суды тастайтын құрылым ретінде де пайдаланады. Бұл диафрагмалы су реттегіш құрылымның конструкциясы ашық су реттегіш құрылымға ұқсас, диафрагма құрылым қақпағының биіктігін судың төменгі деңгейімен қабылдап, кішірейтіп алуға мүмкіндік береді. Бұл шара қақпақтың конструкциясын оңайлатып, оны ашап жабатын механизмнің жеңіл жүк көтеретін түрін қабылдауға мүмкіндік береді. (10.4. сурет)

10.4. сурет. Диафрагмалы су реттегіштің схемасы.
1. диафрагма; 2. қақпақ; 3. қада қабырға; 4.құрылымның жағалаулық тіреуі;

Су тасымалдағыш құрылымдар:
а) Акведуктар- каналдағы суды өзеннің, жолдың, шатқалдың үстінен өткізу керек болған жағдайда қолданады және де акведукты, қиып өтетін кедергілердің деңгейлері каналдағы су деңгейінен көп төмен болған жағдайда қолданады. Акведуктың су тасымалдайтын жоғарғы құрылғысы науадан тұрады, оны арқалыққа (балкаға), рамалы не аркалы констр-укцияның үстіне орналастырады. Акведукты ағаштан, темірбетоннан не металдан дайындайды. (10.5. сурет)

10.5. сурет. Рамалы тіреуге орналастырылған акведуктың схемасы.

б) Сел өткізетін құрылғылар - канал, жол және өзен үстінен селді өткізуге арналған науалар. Бұл құрылғылардың конструкциясы акведуктарға өте ұқсас. (10.6. сурет)

10.6. сурет. Темірбетон элементтерден салынған сел өткізетін құрылғылар.
1. тастан қаланған участок; 2. габиондар; 3. қада-шпора; 4. топырақпен көмілген жер; 5. өзен арнасының топырақпен көмілген жері.

в) Науалар - бұл құрылымды топографиялық, геологиялық, гидрогеологиялық және де басқа құрылысы жүргізу жағдайларына байланысты каналды салу жұмысы науаны салудан қымбатырақ түсетін жағдайда қолданады. Науа дегеніміз қолдан жасалған арна, ағаштан, темірбетоннан, металдан жасалып, топырақтың үстіне не эстакаданың үстіне қойылатын. Суғару жүйелерінде жерге сіңіп шығын болатын су көлемін азайту үшін, каналдың орнына науаларды қолданады. (10.7. сурет.)

10.7. Темірбетоннан істелген парабола сұлбалы науа.
1. науа секциясы; 2. науа тұратын тірек; 3. су өткізбеу үшін қолданатын нығыздағыш резенке.

г) Дюкер дегеніміз- каналдағы судың және қиып өтетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су алғыш құрылымдар түрлері мен топтары. Су алғыш құрылымдардың түрлерін таңдап оны өзен бойына орналастыратын жерді анықтау
Гидротехникалық қақпалар және гидравликалық әрекеттегі реттегіш сүлбелері
Табалдырықтағы торлы галерея арқылы су алатын құрылымдар (донно-решетчатые), оларды қолдану шарттары
Тікелей су алып, құм мен тасты тікелей жуатын су алғыш құрылымдар түрлері - науалы, қалталы, екі қабатты, қисық су тасмалдағыш науалы құрылымдар
Өзен арнасын реттеу мақсаты және реттеу тәсілдері түрлері
ОҚО Мақтарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру
Ауыл шаруашылық дақылдарын суғару режимі
Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимі
Қызылорда облысының егіс алқаптары мен суландыру жүйесі
Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың негізгі әдістері
Пәндер