Өзен арнасын реттеу мақсаты және реттеу тәсілдері түрлері



Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
12-ші дәріс
Өзен арнасын реттеу мақсаты және реттеу тәсілдері түрлері. Су алғыш құрылымдар тұсында өзен арнасын реттеу тәсілдері және реттегіш құрылымдар.

Сабақ жоспары:
* Өзеннен су алу туралы түсінік беру
* Өзеннен су алғыш құрылымдардың топталуы
* Су алғыш құрылымдарды салу мақсатымен таныстыру
* Ирригациялық су алғыш құрылымдардың ерекшеліктерімен таныстыру
* Өзеннен су алғыш құрылымдарға қойылатын талаптар. Бөгетсіз су алғыш құрылымдардың конструкциялары
* Өзен арнасын реттеу тәсілдерімен және реттегіш құрылымдармен таныстыру.

Өзеннен су алу туралы түсінік: Ауыз суға және шаруашылыққа пайдаланатын су көздері әр алуан. Су көздері ретінде өзен сулары, өзендегі су қоймалары, көлдер мен тоған сулары, жер асты сулары қолданылады. Құбырға немесе тікелей тұтынушыға су алынатын табиғи су көзерін әртүрлі қондырғылармен жабдықтайды.
Су алғыш құрылымдарды: өздігінен су ағып келетін немесе машиналы (сорғымен) су көтеретін құрылғылармен жабдықталған деп бөледі. Әрі қарай өзеннен, су қоймаларынан су алып, суы өздігінен каналға, құбырларға, науалар мен тунелдерге ағып баратын гидротехникалық құрылымдар түрі ғана қарастырылады.
Мұндай гидротехникалық құрылымдар егістік жерлерді суғаруға, жерді суландыруға, деривациялық су электрстанцияларында және де жылу, атом электрстанцияларына су жеткізуге, кей жағдайларда ауыз су беруге пайдаланылады.
Су алғыш құрылымдардың топталуы: өзеннен су алғыш құрылымдар норматив бойынша топталмайды, ал 11-52-74 ҚНжЕ Мелиоративтік жүйедегі құрылымдар бойынша оларды плотиналы және плотинасыз деп бөлген. Плотиналы су алғыш құрылымдарды су ағысының түпкі тасындыларға әсер ететін гидравликалық құрылғыларына қарай былай топтайды: бүйірлей су алатын құрылымдар, тікелей су алатын құрылымдар және тереңнен су алатын құрылымдар деп, кейде бұларды табалдырығын- дағы торлы галерея арқылы су алатын құрылымдар деп те атайды.
Су алғыш құрылымдарды салу мақсаты: су алғыш құрылымдардың бәріне қойылатын талаптар:
1) суды тұтыну графигіне сәйкес өзеннен үздіксіз, тұрақты түрде су алуды қамтамасыз ету;
2) су алғыш құрылымдарды және каналдарды түпкі тасындылардан, қоқыстан, сумен ағып келетін үлкен ағаштар мен мұзбен кептелуден қорғау;
3) су алғыш құрылымдар арқылы су қабылдағанда арынның шектен тыс шығын болуына жол бермеу;
4) жөндеу кезінде, жоғарғы бьефтегі тасындыларды жуу кезінде су алғыш құрылымды немесе оның бөліктерін толық жабу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
5) балық қорғайтын немесе балықты бағыттайтын құрылымдар арқылы балық қорының қорғалуын қамтамасыз ету.
Осы талаптармен қатар, су алғыш құрылымдар гидротехникалық құрылымдарға қойылатын жалпы талаптар: берік, орнықты, ұзақ уақыт пайдалануға және пайдалануға ыңғайлы болу керек деген талаптарға сәйкес болуы шарт.
Бір жаққа немесе екі жаққа су алатын құрылымдар: суармалы жерлер не су тұтынушылар өзеннің бір жағасында немесе екі жағасында да орналасуы мүмкін. Өзеннің екі жағасына су құрылым құрамындағы екі су қабылдағыш шлюзер арқылы алынуы мүмкін, немесе бір жағадағы су қабылдағыш шлюз арқылы алынып, екінші жағаға су тастағыш плотина ішіне салынатын дюкер арқылы, немесе өзен үстінен жүргізілетін акведук арқылы жеткізілуі мүмкін. Тасындылары көп өзендерге суды екі жағаға бір жағадағы су қабылдағыш шлюз арқылы беру тиімді, бұл шара тасындылармен күресуді жеңілдетеді.
Ирригациялық су алғыш құрылымдардың ерекшеліктері: егістікті суғаруға алынатын су ағымы өнеркәсіптің басқа салаларына алынатын су ағымынан әлдеқайда көп. Мысалы Қарақұм каналына алынатын су ағымы 1000 м3с тең.
Егістік жерге су өздігінен ағып келетін болса, онда суғарылатын жерге жеткеше су ары ны шығыны аз болады. Егістікті суғаруға пайдаланатын өзендер көпшілік жағдайда мұздақтар еруінен қоректенетін болып келеді. Осы себепті, су тұтыну графигін өзеннің гидрографымен беттестіргенде, оның көлемі гидрографтан кіші болып келеді де, өзен суын маусымдық кезеңде реттеудің қажеті болмайды. Осыған байланысты ирригациялық су тораптарының негізгі атқаратын қызметі каналға су беру үшін судың деңгейін көтеру болып табылады. Егістікке су беретін өзендер - сумен бірге көп мөлшерде қалқымалы тасындылар мен түпкі тасындыларды ағызып әкеледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау жолдары
Сырдария өзенінің экологиялық мәселелері
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті
Трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдалануды басқаруды жетілдіру
Ордабасы ауданы Бөген өзенінде салынған су қойманың жобасы
Су шаруашылығы
Көкшетау қаласының жалпы физико-географиялық сипаттамасы
Арал экологиясы туралы
Арал экологиясы туралы мағлұматтар
Арал мәселесі
Пәндер