Тікелей су алып, құм мен тасты тікелей жуатын су алғыш құрылымдар түрлері - науалы, қалталы, екі қабатты, қисық су тасмалдағыш науалы құрылымдар



Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
14-ші дәріс
Тікелей су алып, құм мен тасты тікелей жуатын су алғыш құрылымдар түрлері - науалы, қалталы, екі қабатты, қисық су тасмалдағыш науалы құрылымдар

Сабақ жоспары:
* Плотиналы су алғыш қрылымдар туралы түсінік беру
* Тікелей су алып, құм мен тасты тікелей жуатын құрылымдардың конструкциялары, жетістіктері мен кемшіліктері туралы түсінік беру
* Тікелей (фронталді) су алғыш құрылымдар, олардың конструкциялық ерекшеліктері, жетістіктері мен кемшіліктері туралы түсінік беру
* Ферганалық су алғыш құрылымдардың конструкциялық ерекшеліктері, жетістіктері мен кемшіліктері туралы түсінік беру

Өзендегі су деңгейін қалыпты ұстап тұру үшін және суды пайдалану графигіне сәйкес кепілді түрде өзеннен су алу үшін, плотиналы су алу тораптарын салады. Мұндай ирригациялық су алғыш құрылымдарды көпшілік жағдайларда суы вегетациялық кезеңде егістік суғаруға жеткілікті, су ағымын реттемейтін өзендерге салады. Дегенмен, кейде су алғыш құрылымдарды су ағымы көпжылдық кезеңдерде реттелетін су қоймасына да салынғаны белгілі. Мысал ретінде Сырдария өзеніне салынған Қайраққұм су торабын айтуға болады, су қоймасының көлемі 4,2 млрд. м3, мұнда жиналған суды гидроэнергетика саласына және егістікті суғаруға пайдаланады. (14.1. сурет)

14.1. сурет. Қайраққұм су қоймасына салынған плотиналы су алу торабы.
Плотиналы су алғыш құрылымдардың құрамалы бөліктері. Ирригациялық немесе деривациялық су алғыш құрылымдардың құрамында су реттегіш шлюздар және су торабының басқа құрылымдары кездеседі. Сонымен қатар, су алу торабы бірнеше құрылымдар мен құрылғылардан тұруы мүмкін, бір жерге орналасқан және бір мақсатқа - өзеннен тұтыну графигіне сәйкес су алуды қамтамасыз етуге бағытталған. Су құрылымға су алатын тесік арқылы, немесе плотинаның тірегіндегі арнайы тесіктер арқылы алынуы мүмкін.
Плотиналы су алғыш құрылымдарда суды ашық, реттегіш шлюздар арқылы алу кеңінен тараған. Сумен бірге каналға тасындылар кетпеу үшін, реттегіш шлюздың табалдырығын өзен табанынан 1,5-2 м жоғары салады. Реттегіш шлюздың табалдырығын құрылым алдына шөгетін тасындылардың деңгейінен 1-1,5 м жоғары салады. Және де, құрылым табалдырығының биіктігіне табалдырықтың ішіне салынатын тасындылар ұстайтын және жуатын галереялардың биіктігі әсер етеді. Егістікке су беру үшін салына- тын реттегіш шлюздар, ағып шыққан су батып тұратындай етіп салады. Бұл арын шығынын азайтуға және су жер еңістігімен өзі ағып баратын жағдайда, суғарылатын жердің ауданын көбейтуге мүмкіндік береді.
Су торабының су алғыш құрылымдарының құрамы: жер суғаруға, суландыруға және деривациялық су электрстанцияларының су алу тораптарының құрамына су алғыш құрылымнан басқа мынандай құрылымдар кіреді: су тастағыш плотина, жергілікті материалдардан салынған бітеу бөгет, су ағысын бағыттағыш бөгет, көпір және су тұндырғылар. Өзен суы гидроэнергетика саласына да пайдаланылатын болса, онды су торабы құрамына су электрстанциясы, ал кеме жүретін өзендерде - кеме өткізетін шлюздер, ал балық уылдырық шашатын өзендерде балық өткізетін құрылымдар болады.
Су тастағыш плотиналар төменгі арынды болып салынады да, су ағардың ені жоғарғы бьефтегі ағыс бағыттағыш бөгетпен шектелген, тұрақты арнамен байланыстырылады. Бұл шара жоғарғы бьефте аралшықтардың пайда болып, арнаның сала-салаға бөлінуіне жол бермейді және ең көп тасқын суды өткізуге мүмкіншілік жасайды.
Бөгет салынатын тұсты таңдау: плотина салынатын тұсты таңдап, оны бекіту - далалық іздестіру жұмыстарының ең бір жауапты кезеңі. Плотина салынатын тұсты таңдауға көптеген жағдайлар әсер етеді: топографиялық, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, құрылысты салу жағдайы, судың өзеннің екі жағасына берілуі, жоғарыда орналасқан инженерлік құрылымдарды, жерді су баспауы, тағы басқа жағдайлар. Осы айтылған жағдайлардың бәрі ескеріліп, вариантар салыстырылады, техника-экономикалық көрсеткіштер және құрылымды пайдалану жағдайы, жұмсалатын қаржы ескеріледі. Су алғыш құрылымды салуға қабылданған тұс тұтынушыға су тасымалдайтын каналдарды салуға ыңғайлы болуға тиісті. Көпшілік жағдайларда таулы жерлерде және тау етектерінде су берілетін өзен жағалары жартасты және күрт құламалы болып келеді. Осыған байла- нысты, су тасымалдайтын құрылымдарды тунел түрінде салуға мәжбүр болады, бұл жағдай су торабын салуға жұмсалатын қаржының қымбаттауына және пайдалану жағдайының күрделенуіне әкеліп соғады. Тұтынушыға тунел арқылы су жеткізетін су тораптарына Шелек өзеніндегі Бартоғай су қоймасының су жібергіш құрылымы, Вахш өзеніндегі Байпаза су торабы, Зеравшан өзеніндегі Бірінші май плотиналары жатады.
Бүйірлей су алатын құрылымдарды өзеннің тік не қисық учаскелерінде орналастыра береді, ал маңдайынан су алытын құрылымдары (фронтальные) мүмкіндігінше тік учаскелерге орналастырған тиімді.
Көпірлер және көпірлі өткелдер; өзеннен су алғыш құрылымдарға қақпақтар және қақпақтарды көтеретін механизмдер қарастырады, бұларды осы қызметкерлерге арналған көпірге орналастырады және бұл көпірлер тұрғындарға өзеннің екінші жағасына өтуге де қажет. Көпшілік жағдайда су алу тораптарына көлік жүретін көпірлер салады. Қызметкерлерге және көлік жүруге арналған көпірлерді орналастыратын биіктікті анықтағанда тасқан суды, мұзды және басқа сумен ағып келетін қоқыстарды өткізу мүмкіндігі қарастырылады және судың ең жоғарғы деңгейі көпірдің балкасынан 0,5 м төмен болуы шарт.
Тік торлы, тірек арқылы су алғыш құрылымдар. Бұл құрылымдарда бөлек орналасқан су алғыш құрылымдар болмайды. Су алу үшін құрылымның жағалық және орталық тіректері қолданылады. Тірек арқылы су алатын құрылым: тіректегі тігінен орналасқан тесіктерден, әрі қарай галереяға айналып кететін және галереядан түскен суды жинайтын науалардан тұрады. (14.2. сурет). Тірек арқылы су алатын құрылымдар суды өзеннің бір немесе екі жағасына бере алады. Жағалау тіректегі су қабылдайтын тесіктердің орналасу биіктігі, өлшемдері орталық тіректердегідей, бірақ галерея арқылы қабылданатын су мөлшері екі есе аз. Су қабылдайтын тесіктер саны бір галереяның су өткізу мүмкіндігімен анықталады, ол 6 м3с - қа тең деп қабылданады. Негізінде бір галерея арқылы бұдан да көп су ағымын жіберуге болады, бірақ су қабылдайтын тесіктің өлшемдері мен орталық тіректердің ені өте көп болып кетеді. Су қабылдайтын тесіктері бар орталық және жағалық тіректердің ара қашықтықтары есепті су мөлшерін галереяға қабылдауға кедергі жасамай, тасқын суды өткізу мүмкіндіктеріне байланысты қабылданады. Құрылымның су қабылдайтын тесіктері тіректердің бүйір бетіне орналасады, су бүйірлей түсетін болғандықтан, бұлар бүйірлей су алатын құрылымдар тобына жатқызылған. Галереяға мұздың, қоқыстардың түспеуін қамтамасыз ету үшін кіре беріске ірі тор орнатылады. Су қабылдайтын тесіктің жоғарғы белгісі ▼ҚТД (▼НПУ) деңгейінен 0,1-0,3 м төмен, ал төменгі белгісі - бөгеттің су тастағыш бөлігінің табалдырығынан 1,5 м көп шамаға жоғары орнатылады. Тесіктің төменгі белгісі табалдырықтан неқұрлым жоғары орнатылса, солқұрлым түпкі тасындылар каналға аз түседі, бірақ бұл жағдай тесіктің енін үлкейтуге және тіректің ұзындығын көбейтуге әкеліп соғады. Құрылымның су қабылдайтын тесігі галереямен жәйлап барып қиылысады, галерея төрт бұрышты, өлшемдерін 1,5-3 м аралығында қабылдайды. Галерея ішіндегі су ағысының жылдамдығы - оның ішіне түскен тасындыларды әрі қарай тасымалдап, алып кетуін қамтамасыз етуге байланысты қабылданады. Галерея ішіндегі су ағымы арынсыз және олар ашық түрде салады. Ал кейде галереяның үстін темір бетон құралмалы тақталармен, немесе тақтаймен жабады. Галереяны жабу үшін олардың соңында қақпақ орнатылады. Галереядан су тіректің аяқ жағында орналасқан, су жинайтын науаға түседі. Бұл науалар судың салмағын көтеруге есептеледі және оның табаны анжыр, мұз, қоқыстарды және тасқын суды кедергісіз өткізу үшін төменгі бьефтегі су деңгейінен 0,5-1,0 м жоғары болуы керек. Тасқын су жүрген кездерде, науаға түскен артық су науадан асып, қайтадан құрылым флютбетіне, яғни өзен арнасына тасталып отырылады.
Тірек арқылы су алғыш құрылымдардың гидравликалық есептері: су қабылдайтын тесіктің, галереяның және су жинайтын науаның өлшемдерін табуға, каналға дейінгі су арыны шығынын анықтауға бағытталады.

14.2. сурет. Тік торлы, тірек арқылы су алғыш құрылымдар.
1. тас ұстағыш; 2. су қабылдағыш тесік; 3. шандордың саңылауы ; 4. негізгі қақпақтың саңылауы; 5. галереяны жабатын қақпақтың саңылауы; 6. галерея; 7. науа, акведук; 8. топырақтан соғылған бөгет.

Тікелей (фронталді) су алғыш құрылымдар.

Егер су құрылымға тікелей, су ағысы бағытымен алынатын болса, мұндай құрылымдар тікелей - фронталді су алатын құрылымдар деп аталады.
Конструкциялық ерекшеліктеріне қарай тікелей су алатын құрылымдар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ құрылымдарын екі сатылы деп айтуға болады, мұнда судың жоғарғы қабаты су алғыш құрылым тесігіне түседі де, түпкі тасындылармен қаныққан төменгі қабаты тасындылар жуатын тесікке түседі. Сатылардың кіре беріс тесігі бір-бірінің үстіне орналасады да, әр қайсы бөлек қақпақпен жабылады. Бұл құрылымдардың екінші түрінде су қабылдағыштың тесігі ағыс бағытына кесе көлденең орналасады, ал су тастағыш бөгет құрамындағы тасындылар жуатын тесік, құрылымға жанаса орналасып, ағыс бағытына бүй- ірлей орналасуы мүмкін.
Тікелей су алғыш құрылымдарға жататындар: 1) екі сатылы; 2) қалталы; 3) ферғаналық түрлері; 4) тасынды ұстағыш галереялы; 5) түпкі тасынды жуатын галереялы құрылымдар.
Екі сатылы, тікелей су алғыш құрылымдар. Мұндай құрылымдарды өзеннің бір жағасына немесе екі жағасына су алуға тегістік және тау етектерінде, келе беріс участігі түзу жерлерде қолданады. Бұл екі сатылы тікелей су алғыш құрылымдарды қолдану, су өзенде қабат-қабат болып ағады деген болжамға сүйенеді. Болжам бойынша судың төменгі және жоғарғы қабаты араласпайды деп қабылданады, осыған байланысты түпкі тасындыларға қаныққан судың төменгі қабаты тасынды жуғыш тесіктер арқылы төменгі бьефке тасталады да, ал құрамында тек қалқыма тасындылар бар судың жоғарғы қабаты су алғыш құрылым тесігі арқылы каналға алынады. Бұл құрылым алдындағы судың тиімді гидравликалық режимі - құрылым алдындағы судың жоғарыдағы және төмендегі жылдамдығы тең болуы. Жылдамдықты теңестіруге- тасындылар жуатын және су алғыш құрылым тесіктері нің өлшемдерін біртіндеп жуықтап қабылдап, салыстыру арқылы қол жеткізіледі.
Екі сатылы, тікелей су алғыш құрылымдар көп тесікті су реттегіш шлюздан тұрады, оған жалғасып бағыттаушы қабырғалары бар қисық науа орналасады. Қисық науа аяқ жағында каналмен, немесе су тұндырғысымен жалғасады, егер қалқыма тасындыларды тұндыру қарастырылған болса. Кейде тұндырғыны құрылым алдына өзенге орналастырады, су алғыш тесіктер алдына. Осындай екі сатылы, тікелей су алғыш құрылымдар Шу өзенінен Қазақстанға Георгиев каналына және Қырғызстанға Атбашы каналына су алуға салынған. (14.3. сурет). Осындай екі сатылы су алғыш құрылым Сырдария өзеніне Қызылорда қаласының тұсында да салынған. Бұл құрылым арқылы сол жақ жағаға (ЛМК) 120 м3с су алынса, оң жақ жағаға (ПМК) 50 м3с су алынады. Бұл құрылымның Шу өзеніндегі құрылымнан өзгешілігі, құрылым алдында тұндырғының жоқтығы. Тұндырғы ретінде сол жақ жағадағы Сырдария өзеннің ескі арнасын пайдаланады, ал оң жақ жағадағы каналға су тұндырылмай алынады.

14.3. сурет. Шу өзеніне салынған екі сатылы, тікелей су алғыш құрылым.

Тасынды жуатын галереяларда судың гидравликалық режимі арынды да, арынсыз да болуы мүмкін, бірақ қолайлысы арынсыз режим болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөгет кұрамындағы су өткізгіш, су тастағыш және қашыртқы құрылымдар, олардың атқартын қызметі және түрлері
Табалдырықтағы торлы галерея арқылы су алатын құрылымдар (донно-решетчатые), оларды қолдану шарттары
Су алғыш құрылымдар түрлері мен топтары. Су алғыш құрылымдардың түрлерін таңдап оны өзен бойына орналастыратын жерді анықтау
Гидротехникалық қақпалар және гидравликалық әрекеттегі реттегіш сүлбелері
Жылқы қоралары
Тақталап суару
Мал шаруашылығының ірі саласы - жылқы шаруашылығы
Ас қорыту түтігінің морфофункционалдық сипаттамасы
Алматы облысы, Ақсу ауданындағы Қызылағаш LD өндірістік бірлестігінің суару жүйесін жобалау
Макарон қамырын дайындау
Пәндер