Графика мен әліпби туралы мәлімет



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ
ҚЫЗЫЛОРДА – АҚИҚАТ АЙНАСЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ-РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
әдістемелік жинақ

Қызылорда-2018

1. КІРІСПЕ
2. Графика мен әліпби туралы мәлімет
3. Қазақ жазуының латын әліпбиіне ауысу мәні, күн тәртібінде қамтылуы.
4. Қазақ жазуының тарихы.
5. Латын әліпбиін таңдауымыздың себебі не?
6. Қазіргі латын алфавиті туралы пікірлер.
7. Қазақ жазуын реформалау қажеттілігі неде?
8. Әлемдік елдердегі реформалар

КІРІСПЕ

Мемлекет басшысы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық
мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін
және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен
жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын
әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл
жұмысты қазірден бастап, қолға алу қажеттігін атап өтті.
Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні
айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу
керек? Бұл мәселені шешу жолында облысымызда тұрғындарға Латын қарпіне
көшуді насихаттайтын ақпараттық-насихаттық топ (әрі қарай АНТ) құрылып,
барша облысқа қарасты елді мекенге түсіндірме жұмыстарын жүргізуге кірісіп
кетті.

АНТ мүшелері толық ақпаратты жеткізседе, жинақта көрсетілген мәліметтер
латын алфавитіне көшудің қажеттілігі неде?, латын алфавитіне көшудегі
мәселелер шешімі, латын алфавитіне көшудегі өзге елдің тәжірбиесі туралы
жазылып, сұрақтарға жауап береді. Жинақ соңында латын аліпбиіне үйренуге
арналған қосымшалар бар! Жинақ болашақта сіздің және сіздің жақындарыңызға
зор үлесін қосады деген сенімдеміз.

2.Графика мен әліпби туралы мәлімет
Графика (гр. graphike — жазылған, өрнектелген)
— графемалар, тыныс, екпін белгілер і т.б. жазу құралдар жиынтығы, фонемалық
жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі және оларды
зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсіліне және өрнегіне
қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу
графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының
негізінде пайда болған.
Әліпби - арғы тегі гректің alphabetos, яғни альфа және бета деген
басқы әріптердің атынан алынған атау. Ол жеке дыбыстық элементтерді символ
арқылы бейнелеп, тілдегі сөздердің дыбыстық келбетін бейнелейтін таңбалар
жүйесі. Әліпбидің дүниеге келуі кез келген табиғи тілдердегі мәтінді жазуға
мүмкіншілік берді. Жазудың шығуы мәдениеттің дамуына көп әсер етті. Тіл
өзінің өмірдің түрлі салаларындағы қызметін кеңейтті, дамудың жаңа жолына
түсіп, жаңа мүмкіндіктерге ие болды.
Қай қоғамда, қай елде болмасын әліпби жасау немесе оны ауыстыру – бұл
жалпыхалықтық, оның ішінде алдымен ұлттық мәселе. Сондықтан ол - саяси,
мәдени, лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, әлеуметтік, экономикалық
т.б. жақтан ойланып, толғанып шешетін маңызды әрі күрделі проблема.
3. Қазақ жазуының латын әліпбиіне ауысу мәні мен күн тәртібінде
қамтылуы.
2006 жылдың қазанында Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген
сөзінде: Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге
қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгін де
телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да,
бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де кездейсоқ
емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің
балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. Ал
біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған
қорқынышты ештеңе жоқ, - дей келе Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі
мәселеге қайта оралу керек. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп,
нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте біз бұл жерде асығыстыққа бой
алдырмай оның плюстері мен минустарын зерделеп алуымыз керек, - деген еді.
Бұл мәселе бұдан кейін Елбасының Қазақстан - 2050 стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына
жолдауында тағы көтерілді. Онда: Біз 2025 жылдан бастап, әліпбиімізді
латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып
шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды
жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз
және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен
интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай
туғызады, - деп осы жолы бұл мәселеге нүкте қойды
Қазақстанда қабылданған латын әліпбиіне 2025 жылға дейін кезең-
кезеңімен көшу жоспарлануда. Бірінші, 2018-20 жылдар аралығында ғылыми-
әдістемелік базаны дайындалады. Яғни, емле ережесін тізіп шығу, жер-су
аттарын латынға көшіру, түсіндірме сөздігін және түрлі деңгейдегі оқулықтар
дайындалады. Сонымен бірге халық арасында әліпбиді енгізу сынағы қатар
жүргізіледі. Бұл жұмыстарды іске асыру үшін үкіметтен арнайы орфографиялық,
терминологиялық, әдістемелік және IT технология мамандарынан төрт топ
құрылған. Ал, 2022 жылдан бастап, бастауыш мектеп оқушылары латын
алфавитімен сауат ашады. 2025 жылға дейін барлық іс-қағаздар, оқулықтар,
мерзімді баспасөз латын әліпбиіне көшеді деп жоспарланып отыр. Бір ескере
кететін жайт, 2018-20 жылдар аралығында әліпби енгізу сынақтан жақсы
нәтижемен өтсе, бастауыш мектеп оқушылары латын әрпін үйренуді мерзімінен
бұрын бастайды.

Мына сызбанұсқада латын әліпбиінің әлемде таралуы көрсетілген.

1. Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді.
Кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал дүниежүзі
халықтарының 80%-ы осы әліпбиге көшкен.
2. Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады.
 Әрбір жаңа тіл – жаңа әлем. Оның үстіне, латын тілі – жаңа технология
тілі, ғаламтор тілі. 
3. 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы
тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи
алуы керек.
4. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның
80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызы
айтпаса да түсінікті.
5. Әліпби өзгерту  төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге
келтіруге көмектесіп,  қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді.

4.Қазақ жазуының тарихы
Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге
сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирилл жазулары)
бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.

Қазақ тілінің әліпби жүйесі тарихи кезеңдерден өтіп, ұлттық әліпби
деңгейіне жету жолы:
1. V-VII ғасырларда көне түркі халқы, ата-бабаларымыз ғылымда Орхон-
Енесей жазуы деген атпен белгілі көне түркі руна жазуын пайдаланған.
2.X ғасырдан бастап араб жазуына көшіп, XX ғасырдың басына дейін
қолданылды.
3.1912 жылы Ахмет Байтұрсынов араб жазуына негізделген қазақ жазуына
реформа жасап Жаңа емле деп аталатын жаңа әліпбиді пайдалануға мүмкіндік
берді.
4.1929-1939 жылға дейін Латын жазуына негізділген Бірыңғай түркі
әліпбиі қолданыста болды.
5.1940 жылдан бастап латын жазуының орнына кирилл әліпбиі қолданып
келеміз.

Көне түркі жазуы - (басқаша Орхон-Енесей жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ.
б.з. түркі тайпаларының жазуы. Дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды
таңбалап жазады. Негізінен VІ-Х ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне
Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:
1. Енисей ескерткіштері.
2.Талас ескерткіштері.
3. Орхон ескерткіштері.
Араб жазуы - (араб.: أَبْجَدِيَّة عَرَبِيَّة‎ əбджәдийə 'арабия) —
ежелгі Вавилониядағы (б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шумер тайпаларының жазба
әріптері негізінде пайда болған көне жазулардың бірі. Оңнан солға қарай
жазылады. Бас әріптері болмайды. Әріптер бір-біріне қосылып жазылады.
Араб жазуында 28 әріп бар. Олардың үшеуі (а, и, у) созылыңқы дауысты
дыбыстарды, қалғандары дауыссыз дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың
асты-үстіне харакаттар (көмекші белгілер) қойылады. Бұл белгілер Құранда,
сөздікте, оқу құралдарында міндетті түрде қойылып, ал қалған кездерде
қойылмауы мүмкін.
Құснихат үлгілерінде Араб жазуының сулс, куфа, сулх, парсы, диуани,
насталих, т.б. түрлері пайдаланылады.
Араб жазуы қазіргі кезде барлық араб елдерінде, ислам дінін ұстанатын
бірқатар мемлекеттерде (Индонезия, Үндістан, Иран, Ауғанст ан, Кавказ
елдері және Орта Азия, т. б.) қолданылады.
Жаңа емле жазуы:  1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929
жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды. 20-шы жылдардың аяғында емлені
ауыстыру жайлы түркі, қазақ зиялылары арасында айтыс жүріп, А.Байтұрсынов
реформалаған емле колданыстан шығарылды. Реформалауға не түрткі болды
дегенге келсек, дәстүрлі араб жазуында:
біріншіден, бір дыбысты жазу үшін бірнеше әріптер пайдаланылатын;
екіншіден, сөзді жазғанда оның тек дауыссыз дыбыстары ғана таңбаланатын да,
дауыстылары жазылмаған сөздің мағынасын түсіну қиындық тудыратын;
үшіншіден, араб әліпбиінде дауысты дыбыстарды белгілейтін таңбалар саны
үшеу ғана болғандықтан, бұл таңбалар тоғыз дауыстысы бар қазақ тілі үшін
жеткіліксіз болды; төртіншіден, мұсылманша сауат ашу әдісінде әріптердің
таза араб тіліндегі дыбысталуы мен айтылуын жаттатумен ұзақ уақыт кететін;
бесіншіден, ол кездегі жазба тілдің құрылымында араб, парсы, ескі тілдің
сөздері көп қолданылатындықтан, қалың бұқараға емес, азғана топтың
мүддесіне қызмет ететін.
Аталған жазудың осындай кемшіліктері халықты сауаттандыру ісін
тежейтінін түсінген А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб жазуын қазақ
тіліне ыңғайластырып, жақындатуды қолға алады да, оны 1912 жылдардан бастап
қолданысқа енгізеді. А.Байтұрсынұлы бір халықтың әліпби (алфавит) жүйесін
екінші бір халық қабылдағанда, оны өз тіліне икемдеп, үйлестіру
қажеттігін, олай етпеген жағдайда әріп мәселесінің дұрыс шешім таппайтынын
1924 жылы өткен Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде ашық түрде айтқан
еді.

Бірыңғай түркі әліпбиі - Қазақ тілінің өзіне тән 9 дауысты мен 17
дауыссыз дыбысына 29 әріп арналады.

Қабылданған әліпбидің артықшылығы:

1. Бір дыбыс – бір әріп принципі қатаң сақталды;
2. Түркі халықтары ұстанған принцип қатал ұсталды;
3. Оқуға қолайлы, жазуға оңай, өте қарапайым;
4. Кірме әріптер жоқ;
5. Жол асты, жол үсті белгілері жоқ.
Қазақ кирилл әліпбиі- 1938-39 жж. латын графикасына негізделген
әліпбиді орыс графикасына ауыстыру мәселесі қызу талқыға түсе бастайды.
1939 жылы 10 тамызда алғашқы әліпби жоба жарияланады. Жобада 40 әріп: а, ә,
б, в, г, д, е, ж, з, и, й, і, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ŷ, ұ, ү,
ф, х, қ, g, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я. Осы тәрізді жобалардан кейін 1940
жылы орыс графикасына негізделген қазақ жазуы қабылданады. Оның емле
ережесі де бекітіліп, өңделіп те келе жатыр. Бірақ қазіргі кезде ғалымдар
орыс тілі сөздері түпнұсқа принципіне бағынуын және кірме әріптердің қазақ
әліпбиінде орын берілуін сөз етіп келеді.

5. Латын әліпбиін таңдауымыздың себебі не?
Жалпы қай әліпбиді таңдасақ та ондағы таңбалар қазақ тілінің өзіндік
дыбыстық жүйесіне сай келсе болғаны. Әліпбиде жат дыбыстар болмауы керек.
Басқаша айтқанда, мынадай орыс сөзін қалай жазамыз деп орыс тілінің
дыбысын, ағылшын сөзін жазамыз деп ағылшын тілінің дыбысын алуға болмайды.
Олай ететін болсақ, әліпби ауыстырудың қажеттілігі жоқ. Қарап отырсақ,
кирилл әліпбиінің иесі - орыстар, армян жазуының иесі - армяндар, иероглиф
– қытайдікі, араб - жазуы арабтікі, ал латын әліпбиі барлық тілдерге ортақ.
Өйткені латын тілі – тек жазуда ғана қолданылатын өлі тіл. Сондықтан оны
ағылшын да, француз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Транскрипция және транслитерация мәселелері. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектеріне шолу.Он сөйлем жазып, фонетикалық талдау
Қазақ жазуының тарихы
Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі
Интернет протоколдары
Байтұрсынов жазуы және емле ережелерінің тарихы
Графиканың қалыптасуы және дамуы
Қазақ фонетикасының құрылымы
Зерттеу жұмысының гипотезасы қазақ жазуының даму тарихын көрсете отырып, жазудың маңызы мен бүгінгі қызметін көрсету
Транскрипция және транслитерация мәселелері
Қазақ тілі сабақтарында жазу теориясы терминдерін игерту жолдары
Пәндер