Қазақстан моноқалаларының орналасу ерекшелігі және дамуы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Жаратылыстану ғылымдары
Қазақстан моноқалаларының орналасу ерекшелігі және дамуы
Орал, 2015 жыл
Мазмұны
І. Кіріспе
І. І Моноқалалар дегеніміз не
ІІ. Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың орналасуы
ІІ. І Қазақстан Республикасындағы моноқалалар
ІІ. ІІ Батыс Қазақстандағы моноқалалар, олардың даму тарихы, кәсібі, маманданған саласы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
І. І Моноқалалар дегеніміз не
Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында жүктелген тапсырмалардан соң, Қазақстанда моноқалаларды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы жүзеге аса бастағаны белгілі. Бағдарлама аясында жаңа жұмыс орындарын ашу, қордаланған әлеуметтік мәселелерді шешу, сондай-ақ бір кездері тұралап қалған кәсіпорындар жұмысын жетілдіруге айтарлықтай ресурстар бағытталған болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы желтоқсан айындағы халыққа Жолдауында 2013 жылы шағын қалаларды дамыту жөнінде бағдарлама қабылдауды тапсырып, олардың базасында көптеген индустриялық жобалар жасауды, ірі агломерациялардың индустриялық-өндірістік серіктес қалаларына айналуын, ақыр соңында жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз етуді ерекше атап өтті.
Моноқала - бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала.
Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар:
-қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 пайыздан астамын құрайтын (мономамандандыру) ;
-қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың 20 пайыздан астамы жұмыс істейтін;
-қала құраушы кәсіпорындары жартылай істейтін немесе мүлдем істемейтін өлшемдердің бірімен сипатталатын қалалар кіреді.
Бұл ретте көптеген моноқалаларға қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста. [1]
Моноқалалар проблемасы жеке алғандағы ауданның немесе қаланың проблемасы ғана емес, тұтас Қазақстанның проблемасы. Және оның шешімін табу еліміздің өркениетті мемлекет болып дамуы үшін өте қажет. Мұндай тіршілігі бір салаға байлаулы аудандар біздің мемлекетте ғана емес, өзге елдерде де бар. Осы тұста АҚШ, Канада, Германия сияқты еңселі мемлекеттердің елеулі тәжірибесін талдау қажет.
ХХ ғасырдың ортасында индустриялық кезеңге қадам басқан, өндірісі дамыған елдерде бір салаға бағытталған қалалар мен аудандар қалыптасты. Ондай қалалар әлеуметтік экономикалық жағдайға жақсы әсер етіп қана қоймай, өз елдерінің ахуалын жақсартқан көшбасшыларына айналды. Алайда, постиндустриялық өндіріс пен ғылыми технологияға көшкен кезде, моно елді мекендер шектеулі ресурстар мен артта қалған технологиясының кесірінен жарамсыз болып қалды. [2]
АҚШ-та моноқалалардың мәселесі (company towns) 130 жылдан бері зерттеліп келеді. Дамыған елдерде индустриаландыру кезеңінде бір ірі өндіріс немесе бірыңғай өндіріс топтарының маңында қалалар пайда болатын. Классикалық мысал ретінде - Детройт қаласын алуға болады. Оның негізгі маманданданғын саласы автокөлік өндірісі. Сонымен қатар, маманданған саласында көмір өндіру өнеркәсібі, металлургия басым болған қалалар да болған. Моноқалалар мәселесі ХХ ғасырдың 70-жылдарында өткір болды және соған сәйкес дамуында үлкен өзгерістерге ұшырады.
Өнеркәсіптік өндірістің кенет құлдырауымен шарпылған территориялар АҚШ-та «Тат белдеуі» (Rust Belt) атауына ие болды. Америкада бұл мәселені моноқалалардың тұрғындары баспаналарын сату және жұмыс көзі бар жерлерге көшу арқылы шешімін тапты. Яғни, туындаған мәселені шешуге халықтың жоғары жұмылғыштығы және тез арада қимылдауы көмектесті.
50-ші жылдардың соңы мен 60-шы жылдардың басында экономикасы артта қалған аудан болып Аппалачи ерекше көзге түсті. АҚШ энергетикалық теңгерімін мұнай мен газға алмастырғаннан кейін, таскөмір өндірісімен тыныстаған Аппалачи дағдарысқа ұшырады. Бұл жерден еңбекке жарамды деген 2 млн. адам көшіп кетті. Оңтүстік Шығыс, Озарк, Тор Корнерс штаттары да «құлдырау аймақтары» тізімінің қатарына сап түзеді. Соның салдарынан бұл аудандар халқының 15 % жоғалтып алды.
Солтүстік және Солтүстік Шығыс штаттарында ғылыми техникалық ревалюция басталмас бұрын, қара металлургия, таскөмір өнеркәсібі, автомобиль өнеркәсібі АҚШ тың басты индустриялық күші болатын-ды. Ал қазір Құрама Штаттарда бұл салалар күйзелістің генераторы іспеттес.
АҚШ-тағы моносалалы аудандарды экономикалық сауықтыру мақсатында 1960-70 жылдары федералды үкімет тарапынан бағдарламалардың бүткіл топтамасы қабылданды. 1965 жылы тұрғын үй құрылысының министрлігі құрылып «қоғамдық жұмыстар мен экономикалық даму бағдарламасы» іс жүзінде жүзеге асырылды. Соның арқасында күйзеліс аудандарында ірі жол құрылысы басталды. Сол жылы «Аппалачидің аудандық даму бағдарламасы» да пайда болды. Оның алдындағы міндеті автокөлік жолдарының құрылысы арқылы жекеленген ауданның экономикалық қоршауын бұзып, шаруалық өрісін кеңейту еді. Бағдарламаның мақсаты- Аппалачи халқына салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беріп, еңбекпен қамту.
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу 4 бағдарламадан тұрды:
- еңбекпен қамтуды арттырып, жұмыс орындарын көбейту
- жұмыс күшін дайындау
- жұмысқа қабылдауға әсер ету
- жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыру.
Жалпы АҚШ қа еңбек нарығын орталықсыздандыру әрекеті тиесілі. Әр штаттың жұмыссыздарға көмек, еңбекпен қамту, жұмыссыздықтан сақтандыру фондтары туралы өзіндік заңнамалары бар.
«Шикізаттық моно мамандану аймақтық дамудағы тұрақсыздықты тудырады» деген тұжырымға алғашқы боп мән берген ел Канада болды. Сол себептен экономиканы әртараптандырудың әр түрлі шаралары қабылдануда. Мысалы: ағаш өңдеу, қызмет сферасы және де шағын бизнесті қолдайтын бағдарламалар құрылды. Солтүстік аймақтарда (Квебек, Онтарио, Альберта, Манитоба және т. б. ) мемлекеттің күшімен электроэнергетика және транспорттық коммуникация сияқты инфрақұрылым қалыптасуда.
«Жұмыссыздық тек қана құлықсыз жұмыскердің ғана емес, қоғамның проблемасы»деген, сондай ақ «өз кінәң үшін ғана емес басқа да объективті себептердің салдарынан жұмыстан айырылып қалуға болады» деген тұжырымдар Ұлы күйзеліс кезеңінде пайда болды.
1955 жылы еңбектік қамтудың Ұлттық қызметі және жұмыссыздықтан сақтаудың жүйесі құрылды. Сақтандыру қысқамерзімді жұмыссыздықтың алдын алатын жәй бағдарлама ғана емес, экономикалық тұрақтылықты күшейтетін үлкен көмек еді. 1966 жылы жұмыссыздықтан сақтандыру Канадалық әлеуметтік қолдау жоспарына еніп, жұмыссыздар мен жұмысшыларға сүйеніш болды.
Еуропалықтар үшін бұл жағдай аса тән емес, олар тұрған жерлеріне анағұрлым үйірлі болып келеді және оларда территорияларды сауықтырудың басқа стратегиялары басым болды.
Рур аймағы Германияның өркениеттенуінде маңызды рөл ойнаған 11 қаладан құралған алып бірлестік. Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін ол көмір өндірісіне негізделген экономикасын алғашқы он жылдықтың ішінде ақ қалыпқа келтіре алды. 50 жаңа шахталар ашылды. 1954 жылы көмір өндіріс қоры 112, 8 млн тоннаға жетті. Бірақ 1950 жылдардың соңында көмір өндірісін күйзеліс дерті шарпыды. Сол тұста сұйық отын тасымалдауда кедендік баж салығы алынып тасталды да, импорттық мұнай қолжетімді және көмірмен салыстырғанда әлде қайда тиімді болды. Күйзелістің басты себебі де осы еді. Нәтижесінде көптеген шахталар жабылып, жұмыссыздық тез ұлғайды. [3]
Рурдың экономикасын толық құлдыраудан құтқару үшін жедел шаралар қабылдау керек болды. Құтқару жоспарының басты бағыты ескі өндіріс салаларын жаңартып, жоғары білім алуды дамыту, техникалық орталықтар құрып, қоршаған ортаны жақсарту болды. 1960-1980 жылдары біліктілікті арттырып, жастардың арасындағы жұмыссыздықты қысқартып жаңа мамандарды еліктіру мақсатында 5 жаңа университет ашылды. Жергілікі студенттердің басым бөлігі тегін оқыды, ал жағдайы төмендері степендиямен қамтамасыз етілді. Технологиялық орталықтар саны 12 ге жетіп, ауданның ғылыми инновациялық мүмкіндігін арттырды. Көмір өндірісімен айналысатын кәсіпорындар металлургиялық заводтар мен электростанциялармен ұзақмерзімді келісімшартқа отырды.
Мемлекет жұмыс орындарын ашу және сақтау мақсатында жұмысберушілерге салықтың мөлшерін төмендетіп, әлеуметтік төлемдерден босатты. [3]
Моноқалалардың құлдырауымен күрестің американдық стратегияларын екі санатқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі өсуді қолдауға, екіншісі шығындарды қысқартуға бағытталған. Өсуді қолдау өзіне салықтық жеңілдіктері немесе әрбір қабылданған қызметкер үшін субсидиялары бар кәсіпкерлік аймақтарын (enterprise zones) құруды қосады. Өсуді қолдаудың басқа варианты - бұл туристік орталықтарды (казино, сауда орталықтарын, аттракциондарды) қалыптастыру және осы бағытта дамыту. Туризм мен ойын-сауық орталықтарын дамытып, жалпы алғанда қала инфрақұрылымын жоғары деңгейде дамыту болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік және аудандық қолдау шаралары арқылы моно салалы қалаларды дамытудың осындай нәтижелі жолдары бар. Мұндағы басты орын алатын жұмыссыздықты сақтандыру бағдарламасы. Ол жұмыссыз азаматтарға ғана емес, жағдайы нашар жұмыскерлерге де көмек көрсете алады.
Жалпы алғанда моноқалаларды дамытуды қолдау, іске асыру қоғамдық ұйымдар мен жергілікті биліктің белсенді қатысуымен жүреді. Көптеген шет елдік тәжірибелерді талдасақ: өзінің территориялық орналасуын, аймақтық ерекшелігін ескере отырып, бәсекеге қабілетті өндіріс зонасын қалыптастырған аймақтар жақсы жетістіктерге жеткен.
ІІ. Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың орналасуы
ІІ. І Қазақстан Республикасындағы моноқалалар
Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта (2014 ж. ) қала мәртебесі бар 86 елді-мекеннің 27-сі моноқалада 1, 5 млн адамды қамтиды.
Қазақстанда «моноқалалар» - бұл өнеркәсіптік өндірістің және жұмысқа қабілетті халықтың негізгі бөлігінің (20% және одан көп), әдетте бір профильдегі және шикізаттық бір бағыттылықтағы, бір немесе бірнеше қаланы құраушы кәсіпорындарда шоғырланатын қалалар. Бұл кәсіпорындар қалада болып жатқан барлық экономикалық және әлеуметтік үрдістерді анықтайды. Моноқалалар санатына халқының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейінгі адамды құрайтын және келесі белгілермен сипатталатын қалалар қосылған:
1) қаланың қала құраушы кәсіпорындарының, негізінен өндіруші сектордағы кәсіпорындардың өнеркәсіптік өндірісінің көлемі жалпықалалық өндіріс көлемінің 20%-дан астамын құрайды (мономамандандырылу) ;
2) қала құраушы кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған халықтың жалпы көлемінің 20%-дан астамы жұмыс істейді;
3) қала құраушы кәсіпорындар жарым-жартылай жұмыс істейтін немесе өз қызметтерін тоқтатқан қалалар.
Бұл ретте, көптеген моноқалаларға осы қалалармен экономикалық тұрғыда тығыз байланысты қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста болып келеді.
Моноқалалардың дамуы Қазақстан Республикасының Үкіметімен қабылданған 2012-2020 жж. арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасымен реттеледі.
Қазақстанда 27 моноқалалардың 16 қаласы сәйкес аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады. Жалпы алғанда мұнда 1, 5 млн-ға жуық адам тұрады. 11 қала аудандардың орталықтары емес - Степногорск, Текелі, Серебрянск, Курчатов, Шахтинск, Сарань, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Жаңаөзен. Олардың бір тобы облыстық маңызы бар қалалар (Степногорск, Текелі, Балқаш, Жезқазған, Сарань, Қаражал, Сатпаев, Теміртау, Шахтинск, Арқалық, Лисаковск, Рудный, Жаңаөзен, Ақсу, Екібастұз, Курчатов, Риддер, Кентау қалалары), ал басқа бір топ аудандардың бірігуі нәтижесінде аудан орталығы дәрежесін жоғалтты.
Қазақстанның моноқалаларының тізімін негізінен тұрғын халқы 50 мыңға дейінгі шағын қалалар құрайды. Ал халқының саны 100 мыңнан асып түсетін төрт орташа қала - Теміртау, Рудный, Жезқазған, Екібастұз қалалары.
Қалалардың, олардың салалық құрылымдарының экономикалық базаларын талдау, негізгі қала құраушы кәсіпорындар туралы деректер бойынша қалаларды мынадай үш функционалдық типке бөлуге мүмкіндік берді:
І. өндіру өнеркәсіптері басым дамыған - 21 қала:
- көмір өндіру - Абай, Сораң, Шахтинск, Екібастұз;
- мұнай және газ өндіру - Ақсай, Құлсары, Жаңаөзен;
- металл кенін өндіру - Арқалық, Балқаш, Зыряновск, Қаражал, Кентау, Лисаковск, Риддер, Рудный, Текелі, Хромтау;
- шикізат ресурстарының өзге түрлерін өндіру - Жаңатас, Қаратау, Жітіқара;
ІІ. өңдеу өндірісі басым дамыған 6 қала:
- химия өнеркәсібі - Серебрянск;
- машина жасау, алтын өндіру, уран өндірісі - Степногорск;
- металлургия өнеркәсібі - Ақсу, Жезқазған, Сәтбаев, Теміртау;
ІІІ. ғылыми-өнеркәсіптік орталық - Курчатов қаласы.
Қала құраушы кәсіпорындардың ағымдағы жағдайларына қарай моноқалалар мынадай болып бөлінеді:
-қала құраушы кәсіпорындар жұмыс істейтін моноқалалар (19 қала) - Абай, Ақсай, Ақсу, Балқаш, Жаңаөзен, Жезқазған, Жітіқара, Зыряновск, Қаражал, Құлсары, Курчатов, Лисаковск, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Теміртау, Хромтау, Шахтинск, Екібастұз;
-қала құраушы кәсіпорындар ішінара жұмыс істейтін моноқалалар (5 қала) - Арқалық, Жаңатас, Қаратау, Сораң, Степногорск;
-қала құраушы кәсіпорындар мүлдем жұмыс істемейтін қалалар (3 қала) - Кентау, Серебрянск, Текелі.
1кесте - Қазақстанның монобейінді қалаларының бөлінуі
Абай қаласы - Қарағанды облысында орналасқан Абай ауданының орталығы. Қала негізі Қарағанды көмір алыбының батыс телімдерінің игерілуіне байланысты 1949 жылы Шерубайнұра кенті ретінде қаланған. Абай қаласы 1961 жылы қала атағын алды.
ХХ ғасырдың соңындағы болған қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістер қаланың өміріне де өз әсерін тигізді. Нарыққа өтер тұста бүкіл еліміздегі тәрізді Абай ауданы да қиындықты бастан кешті. Ауданның көлемі қазір 653 мың гектар құрайды. Халық санағының мәліметіне сәйкес ауданда 57, 3 мың адам тұрады, оның 28, 3 мыңы қала халықы, 29 мыңы ауылдықтар. Нарықтың қиын кезінде көптеген мекемелер мен кәсіпорындар жабылды. Бұрынғы жұмыс жасаған 4 шахтадан қазіргі кезде біреуі ғана қалды. Басқадай кәсіпорындар мен құрылыс-монтаж ұйымдарының өнімдеріне сұраныстың азаюына байланысты жұмыстарын тоқтатуға тура кеді.
Соңғы уақытта мемлекеттің үлкен қолдауының есесінде ауданда шағын және орта бизнес жақсы дамып келеді. Қазір мұнда ірі бизнестің жеті, орта бизнестің 36, шағын бизнестің 127-і кәсіпорны жұмыс жасайды. Бұлардың ішінде ырғақты жұмыс істеп жатқан «Қазақмыс» корпорациясы, «Абай жылу жүйесі» ЖШС, Оңтүстік Топар кен басқармасы, жоғары коксты көмірді байытатын «Восточная» байыту фабрикасы, «Тексти-Лайн»ЖШС-ін айтуға болады. Жеке меншік кәсіпорындардың ішінде «Эдельвейс» өндірістік кооперативі, агроөндірістік ұн комбинаты, «Медео» ЖШС-ларын ерекше атап өткен жөн.
Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда автомобиль жолы ауданның дамуына үлкен септі бар. Қарабас кентінің жанынан Жартас су құбыры өтеді. Ең жақын Қарабас темір жол стансасы аудан орталығынан 7 км жерде орналасқан.
Саран қаласы (Сораң) - Қарағанды облысында орналасқан. Қаланың ірге тасы 1954 жылы қаланған. Қала аумағы 174, 0 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 50, 7 мың адамды құрайды. Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ бар. Қарағанды агломерациясына жататын шаған қала. Қарағандының батысында 15 шақырым жерде орналасқан. 1943 жылы Саран көмірлі ауданын игеруге байланысты іргесі қаланды. Қаланың негізгі экономикасын өнеркәсіп кәсіпорындарын құрайды. Өнеркәсіптің өндіруші және химия салалары басымшылық алып отыр. 1985 жылы «Ақтас», «Дубовка», «СССР-дің 50 жылдығы атындағы», «Саран», «Соқыр» шахталары миллион тоннадан астам көмір өндіріп отырды.
Сурет -1. Саран қаласы
Негізгі экономикалық бағыты: резеңке бұйымдарын өндіру. Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Саран резеңке техника» ЖШС, «Қарағанды резеңке техника» ЖШС, «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның бөлімшелері. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: - резеңке-техникалық бұйымдары және көмір өндіру. 2006 жылғы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өңдірушілерінің нақты бары: 2 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 12 шаруа қожалығы, 4, 4 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 0, 8 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылды, оның ішінде 0, 6 мың га - егістік алқаптар. 2006 жылғы астыққа 0, 5 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылады, оның ішінде дәнді дақылдары 5 га, картоп 0, 4 мың га, көкөніс 53, 1 га. 2006 жылы 6, 0 тонна дән, 6, 9 мың тонна картоп, 1, 3 мың тонна көкөніс дақылдары, 0, 5 мың. тонна ет (тірі салмақта) ; 2, 9 мың тонна сүт; 958, 7 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2006 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 1, 8 мың бас; қой мен ешкі - 0, 5 мың бас; шошқа - 2, 3 мың бас; құс - 4, 1 мың бас. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 4840 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 25411 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 6597, 0 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 1250, 8 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемнен 3, 5 есе артық. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 547, 7 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 126, 9%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 781, 6 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) - 159, 3 млн. теңге.
Шахтинск қаласы (Тентек) - қала 1961 жылы құрылды. Қала аумағы 0, 2 мың шаршы шақырымға тең. Қала халқының саны 56, 6 мың адамды құрайды. Қалалық әкімшілікте 3 кенттік округ бар.
Қалада 256 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 29 орта, 224 шағын субъектілері. Негізгі экономикалық бағыт: энергетика; тамақ өнеркәсібі. Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Апрель» ЖШС бөлімшесі. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: шұжық өнімдері; электр энергиясы; жылу энергиясы. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 3 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 10 шаруа қожалығы, 5, 0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 0, 7 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0, 6 мың га - егістік алқаптар. 2006 жылғы астыққа 0, 5 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде дәнді дақылдар - 5, 2 га, картоп - 0, 4 мың га, көкөніс - 0, 2 мың га. 2006 жылы 2, 6 тонна дәнді дақыл, 7, 2 мың тонна картоп, 4, 5 мың тонна көкөніс дақылдары, 0, 6 мың тонна ет (тірі салмақта) ; 3, 3 мың тонна сүт; 1791, 7 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 4, 6 мың бас; қой мен ешкі - 2, 3 мың бас; шошқа - 2, 3 мың бас; жылқы - 0, 2 мың бас; құс - 19, 2 мың басты құрады. Шахтинск-Қарағанды облысындағы қала . (1961 жылға дейін Тентек қала типті поселка ) . Шерубай-Нұра және Тентек өзендері аралығында. Қарағандыдан батысқа таман 50 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1949 жылы Тентек кокстелетін көмір кен орнының игерілуіне байланысты қаланған. Қаланың әкімшілік қарамағына Шахан және Новодолинка поселкесі, Солтүстік-батыс елді мекені кіреді. Шахтинск қаласы. 1961 жылдың 15 тамызында Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен бұрынғы Тентек кентінің негізінде құрылды. . Тас көмір қоры 4, 5 миллиард тоннаны құрайтын Тентек өңірінің қазыналы байлығын игеру өткен ғасырдың 50-жылдарында басталды. Аталмыш кен орнын ашу С. Фишман, Г. Думлер тәрізді әйгілі геолог-ғалымдардың есімімен тығыз байланысты болды. Аймақтағы «Долинка» шахтасы 1970, Ленин атындағы шахта 1971, «Қазақстан» шахтасы 1971», «Шахтинск» шахтасы 1973, «Тентек» шахтасы 1979 жылдары бой көтерді. «Испат-Кармет» компаниясының иелігіндегі 4 шахта қызулы отын өндіру көлемін соңғы жылдары ұлғайта түсуде. Қаладағы синтетикалық жуу құралдары зауыты бірегей кәсіпорындардың санатында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz