Географиялық жағдай



Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Географиялық жағдай
Жайық өзені өз бастауын Оңтүстік Оралдан алып, Ресей Федерациясы және
Қазақстан арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 2428 км,  ҚР территориясында – 1082
км, бассейн ауданы 237 мың км2, Каспий теңізіне келіп құяды. Жайық өзені-
қарапайым өзен сияқты қар суынан жинақталатын өзен. Cудың орташа шығыны 400
м3с. Жайық өзені екі әлем бөлігінің өзіндік шекарасы болып табылады. Жер,
орман, аймақ сияқты Жайықты мемлекеттік және әкімшілік шекара бойынша
бөлуге болмайды, өйткені өзен жүйесі өзара тығыз байланысты. Жайық ұзындығы
бойынша Еуропадағы үшінші өзен; ұзындығы бойынша тек Волга мен Дунайдан
кейін.  Днепр өзені Жайықтан 249 км-ге аз. Адамдардың қателесуіне
қарамастан Жайық өзені Ресейдегі жоғарғы ағымда Азия мен Еуропаның сулы 
шекарасы болып табылады. Шекара Челябинск облысының Верхнеуральск және
Магнитогорск қалалары  арқылы өтеді. Қазақстандағы Еуропа мен Азия
арасындағы географиялық шекара Орск қаласының  Оңтүстігінде, Мұғалжар
ойпаты бойынша және Ембі өзенінің Каспий теңізіне түскен жеріне дейін ағып
өтеді. Осылай Жайық өзені 100 пайызға ішкі еуропалық өзен болып табылады,
тек қана Орал жотасының Ресей тарапындағы жоғарғы жағы Азияға жатады.

Жайық өзенінің атауының шығу тарихы
Көне тарихында өзен Ликос деп аталды, ал біздің эрамыздың басында Даикс,
Даих (Птоломей картасы  б.э.д.II ғ.) деп аталды. Әр түрлі замандарда
өзеннің әр түрлі аттары болды: Джаих, Руза, Ягак, Ягат, Улусу,  Запольная
өзені. Яик есімі алғаш рет 1229 жылы орыс жазбаларында кездесті. 

Өзен жанында өмір сүрген қазақтар, татарлар, башқұрттар және басқа да
халықтар өзенді Яик, Джаик, Жайық деп атады. Бұл атаулардың барлығы өзеннің
ұлылығын, молдығын, күштілігін білдірді. Орал атауы өзеннің екінші атауы
болып табылады, ол өзеннің басы басталатын жері Орал тауының атауынан
туған. Ур және ал сөзбе-сөз өзен алушы деп аударылады. Орал және
Жайық мағынасы жағынан жақын сөздер. Түркі тілінен аударғанда байтақ,
құюшы, өзіне басқа ондаған өзендерді алушы дегенді білдіреді.Екатерина ІІ
Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі туралы пікірді халық арасында
жою үшін 1755 жылы Яик атауын Орал атауына, Янукий қаласын Уральск қаласына
өзгертуді бұйырды.Атауды өзгертуді  шығарған патшаның жарлығында былай деп
жазылған: Яиктағы бақытсыз оқиғаны мүлде естен шығару үшін.

Жайық өзенінің халық-шаруашылық мәні
Өзеннің ерекше байлығын көрсету үшін Яик Горыныч Золотое дно, серебряна
крышечка - деп халық мақалында айтылған. Қиын - қыстау замандарда Жайық
мыңдаған адамдарды азапты ажалдан алып қалды. Біздің ата-бабаларымыз өзен
туралы мынадай өлеңдер айтқан: Орал, сен біздің жарқыраған алтынымыз, таза,
мөлдір суымызсың, сүттей жағалауың, балықтарың әлемге сүйкімді, Сен-біздің
асыраушымызсың, біздің өмірімізсің. Су ресурстары және Жайық өзені
бассейнінің жері ауыл шаруашылығында, өнеркәсіптік өндірісте кеңінен
пайдаланылады. 20-30 жыл бұрын Батыс Қазақстан экономикасы үшін балық
шаруашылығы мен кеме жүзетін жолдар маңызды болды. Өзен бойынша суды
тұтынудың жыл сайынғы өзгерістерін есепке алсақ, су деңгейі соңғы жылдары
азаюда. Бұл кеме жолдарын дамытуға мүмкіндік жоқ дегенді білдіреді.
1890 жылы Н.Я. Данилевский “Жайық балық шаруашылығы туралы ” қысқа
очеркінде былай деп жазды: Жайық тек қана балық аулауға арналған дүниедегі
ең үлкен өзен. Бұған дейін ағымды судың адамға беретін басқа да қызметтері
осы балық аулаудан шыға алмаған. Онда кемелер де, өзенмен сал ағызу да,
сумен қозғалатын диірмен де болмаған. Жыл бойы балық аулайтын ауы жоқ
кемелерді көре алмайсың. Жайық арқылы өту қиындады. Балық аулауға арналған
бекеттен теңізге дейінгі кеңістікте, яғни пошта жолымен 500 шақырым жерде,
Уральск жанында тек қана бір көпір болатын. Гурьевте айырбасы бар екі
пункті қамтитын бір паром болған. Халық Гурьев паромын жақтырмаған, өйткені
оның арқаны суға соққанда Жайыққа келетін балықтарды шоршытады деп
есептеген. Егер де Жайық өзенінен жүктермен өту қажет болса, екі-үш
бударкілерді (кішкене қайық) байлап, тұғыр орнына шарбақ төсеп, бас жағында
және аяқ жағында бір казактан отырады, қолдарында қысқа ескектер бар.
Осылай паром дайындалған.

Аймақтардың ерекшелігі
Жайық өзені - ірі табиғи объект. Жайық өзені атырауы және ұласып жатқан.
Каспий теңізінің жағажайы – халықаралық мәні бар Рамсар тізімінің су-батпақ
жерлеріне енгізілді. Қазақстан 2007 жылы мамырда Рамсар конвенциясына
қосылды, мұнымен біз өзіміздің территориямыз үшін, адамзат үшін
пайдаланатын суларды сақтау міндеттемелерін мойнымызға алдық.

Өзеннің экологиясы
Гидрологиялық режимнің қолайсыз жағдайлары және басқа да факторлар балық
қорын қайта өндіруге кері ықпалын тигізді. Жайық өзеніне антропогендік
әсерлер, соның ішінде соңғы он жылдағы күшті әсер күрделі салдарға алып
келді. Бүгінгі таңда өзен көз алдымызда тайызданып бара жатыр, судың сапасы
шамалап, жергілікті флора мен фауна жұқарды. Бекіре балықтарының
популяциясы соңғы жылдары 30 есе қысқарды. Су артериясының тартылуынан
ерекше балықтардың уылдырық шашатын орындары жоғалып кетті, өзендегі
сарқынды судың көлемі артты.  Ресейдегі сияқты Қазақстанда да Жайық жанында
көптеген кәсіпорындар орналасты. Нәтижесінде - суда ластаушы заттардың
жоғарғы концентрациясы тіркелген, бұл мыс, мырыш, және марганец бойынша ПДК-
ны 7 есе асып түседі. Қыста Жайық өзенінің ойықтарында майлы дақтардың
сызықтарын байқауға болады – бұл өзенге келіп түсетін өнеркәсіп
кәсіпорындарының қалдықтары. Жайық өзенінің саласы ешқашан тазартылған
емес. Бүгінгі Жайықтың түбі, суға сүңгушілердің айтуынша, үлкен қалдықтар
жиынына ұқсайды: аулар, арматура, құрылыс қалдықтары, темір-терсектер.
Жайық сағасы жылдар бойы жинақталған қоқыс, үйінділерге толы. Нәтижесінде
балық уылдырық шашу үшін өзенге өте алмайды.

Қорытынды сөз
Қазақстанның тұрақты дамуға көшуі жалпы ұлттық міндет болып табылады.
Тұрақты  дамудың мәселелері Президент Н.Ә. Назарбаевпен ұсынылған
Стратегия-2030 ұзақ мерзімді  бағдарламасында орталық орын алады.
Қоғамның тұрақты дамуға көшуінің маңызды шарты - жаңа адамгершілік
құндылықтарды, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру қажеттілігі мен болашақ
ұрпақ алдында жауапкершілікті түсінуге негізделген менталитетті
қалыптастыру. Барлығымыз есте ұстауымыз қажет, біз тұрып жатқан жер -
Атырау облысы су ресурстарына мұқтаж, сондықтан суға біз қамқорлықпен
қарауымыз қажет. Өйткені өзен жанында біз шаруа, стресс туралы ұмытамыз,
табиғат дыбыстарын естіп, жанымыз жай табады, денсаулығымыз қалпына келеді.
Біз Жайық өзенінің табиғатын өзіміз үшін, болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз
қажет!

Жайық өзені ====

[[Жайық өзені]] - [[Орал тауы]]нан басталып, [[Батыс Қазақстан]]ды
солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп [[Каспий теңізі]]не құяды.
[[Жайық]]тың ұзындығы '''2428 км''', республика жеріндегі ұзындығы''' 1082
км'''.
[[Каспий]] маңы ойпатымен аққанда [[Жайық өзені]] кең арналы жазықтағы
өзенге айналады, кең жайылымдар, ескі арналар, ұсақ көлдер пайда болады.
Өзеннің жағалауында құм мен саздан түзілген тік жарқабақтар жиі кездеседі.
Өзен құяр жерінде екі тармаққа бөлінеді. Негізінен қар суымен қоректеніп,
көктемде тасиды. Орташа жылдық су шығыны '''400 м³сек''' (Көшім ауылы
тұсында), оның 80%-ы көктем айларына келеді. Өзен тасыған кезде деңгейі
орта және төменгі ағысында ''9-10 м-ге'' көтеріледі. Басты салалары —
[[Самара]], Шаған, [[Елек]], [[Ор]]. Ал Өлеңті, [[Бұлдырты]],
[[Қалдығайты]], [[Ойыл өзеніОйыл]], [[Сағыз]] деп аталатын салалары
[[Жайық]]қа жетпей құмға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық және әлеуметтік география
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Географияны оқыту
Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлует
Медициналық-география
Теміртау қаласының экологиялық-гигиеналық жағдайына жаңадан қоныстанған оралман балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделу үрдісі
Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастыруы
Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру
Географияны оқыту құралдарының міндеті
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Пәндер