Қоқыс - ғасыр мәселесі



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Қолжазба негізінде

ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА ПЕРИЗАТ ЕРСАЙЫНҚЫЗЫ
Ғылыми зерттеу жұмысы
Батыс Қазақстан облысының пластикалық ыдыстардың қоршаған ортаға зиянымен экономикаға пайдасы

Орал қаласы 2015 жыл


Мазмұны

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Жобаның мақсаты
ә) Зерттеу мәселері
б) Зерттеу нәтижелері мен мәселенің практикалық шешімдері
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жобаның мақсаты
Жұмысты зерттей отырып келесідей мақсат таңдалды:
1. Қоқыс - ғасыр дерті
2. Аудан арасындағы тұрмыстық қалдықтарды, мысалы пластикалық пакеттер, ыдыстарды қайта өңдеп пайдалану.

Кіріспе
1.Экология: міндеттері мен келешегі
Білімнің барлық салалары сияқты, экология үздіксіз дамып келді, бірақ ол бірде тез, бірде баяу болып отырды. Гиппократтың, Аристотельдің, басқа да көне грек философтарының еңбектерінде айқын экологиялық сипаттағы деректер бар. Сонымен бірге гректер Экология деген сөзді білмеген. Бұл салаға Биологиялық қайта өрлеудің (18 - 19 ғасыр) көптеген ұлы қайраткерлері де өз үлесін қосты. Мысалы, 18 ғасыр басындағы алғашқы микроскоппен зерттеушілердің бірі ретінде көбірек танымал болған Антон Ван Левенгук, сонымен қатар осы күнгі экологияның маңызды екі саласын - Қоректік тізбектерді және популяция санының динамикасын зерттеудің пионері болып табылады.
Кез келген ғылым саласы сияқты, экологияның екі аспектісі бар. Оның бірі - таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат дамуының заңдылықтарын ашу және оларды түсіндіру қойылады. Екіншісі - жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үшін қолдану. Экология маңызының барған сайын артуын - практикалық маңызы бар бірде- бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жансыз компоненттері арасындағы байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен түсіндіруге болады.
2. Қоқыс - ғасыр мәселесі
Диван, чемодан, саквояж, кәрзеңке, картина, картон, велосипед, теледидар, тоңазытқыш - бұл бір текті емес заттар бірнәрсені құрайды: уақыт өткен сайын олар тозады және қоқысқа айналады.
Біздің планетамыздың тұрғындарының әрбір 6 миллиардына жылына 1 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс сәйкес келеді. Бұл миллиондаған тозған және соғылған автомобильдер, сондай - ақ өнеркәсіптік қалдықтарды санамағанда. Егер бір жылда жиналған барлық қоқысты құртпай және өңдемей, үйіндіге айналдырса, Еуропаның ең биік тауының шыңы - Эльбрус тауының биіктігіндей (5642 м) - болар еді.
Адамның өмір сүруі нәтижесінде пайда болған қоқыстың орасан көп мөлшері, оны қайта өңдеумен айналысатын өнеркәсіп салаларының пайда болуына әкелді. Тіпті аудармасында қоқыстану дегенді білдіретін гарбология жаңа ғылыми бағыт пайда болды. Әлемнің гарбологтары адамзат өміріне енген қоқыс тұйығынан шығудың жолдарын іздеуде.
Ал қоқыс жыл өткен сайын көбею үстіне көбеюде. Неге?

Қалдықтар туралы жалпы түсінік
Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.
Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді:
1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және
т. б.);
2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі,
суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі);
3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы.
Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады. Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Бөлінген жылу калдықтарды өндейтін кондырғыларда, жылу айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға қолданылады, осы жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге болады. Қысым утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді жүмыс істетуге қолданылады және электроэнергия алуға пайдаланылады.

Қоқыстардың түрлері
Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атау - лының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасай - тын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, сана - лы тіршілік иесі саналатын нome sapins-тің күнделік - ті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып бара - ды. Қа - сиет - ті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ ат аунаған жерде түк қалады деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ дала - сын - да бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаң - дарына төгілгені. Ұлы даламыз - дағы күл-қоқыс қоры жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнау - лы күл-қоқыс алаңдарына төгу - мен ғана айналысады. Табиғат - бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
Қазіргі уақытта қоқыс зерттеуіне көп көңіл бөлуіміз керек. Ал қоқыстарды зерттейтін сала - Гарбология деп аталады.
Гарбология ағылшын тілінен аударғанда қоқыс деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты.Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Қоқыстың түрлері екіге бөлінеді:

Зерттеу мәселелері
Осыдан 50 жыл бұрын ғана түтіндеген мұржалар мемлекеттің экономикалық өсуі мен адамның әл-ауқатын бейнелейтін. Қазір енді олар ауа құрамы өзгеруіне әсер ететін атмосфера ластануы адам денсаулығына аса үлкен қауіп төндіретінін ескертеді. Бізге химия комбинаты қажетті өнімді шығарып ғана қоймай, өзі орналасқан жердегі өзен суын уламайтынын білу маңызды болып отыр.
10-15 жыл бұрын әлемдік баспасөз Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдері сияқты жас азиялық айдаһарлар экономикасының қарқынды дамуы туралы сүйеніш және қызғанышпен жазды. Ал қазір осы туралы кейістікпен айтылатын болды. Өйткені, әр 12 жыл сайын айдаһарлар - елдерінде қуатты тұтыну көлемі өсіп отыр. Ол тропикалық ормандардың құруына әкеліп, халық денсаулығын бүлдіріп отыр. Бүкіл әлемдік банк есептеуі бойынша 2009 жылға қарай Азия елдері Жер атмосферасына күкірт ангидридін Еуропа мен Американы қосқандағыдан да көп лақтыратын болады. Әр жеті жыл сайын Азия елдеріндегі амтомобильдер саны өсуде, ал бұл жерлерде қолданылатын бензин дизель отыны дүние жүзіндегі ең лас болып табылады. Азия елдерінің өздері сыртқы тиімділік құрбаны болып отыр. Бір Бангкоктың өзінде қоршаған ортаның ластануы тудырған аурулардан болған зиян миллиардтаған доллармен есептеліп отыр. Адам қызметінің сыртқы тиімділігі шаң, көмір қышқыл газы, метан мен басқа заттардың атмосферада жинақталуына әкеледі. Шаң мен газ қосындысы көшетхана үстіндегі полиэтилен қабығы сияқты топырақ үстіне келе жатқан күн сәулесін жақсы өткізеді, бірақ топырақтан шыққан жылуды ұстап қалады. Сөйтіп қабық астында жылы микроклимат құралады. Әрі Жер климатының жылынуына әкеледі. Соңғы 100 жылда Жердегі жылдық орта температура шамамен 1С артты. Жер тұрғындары үшін соңғы 10 жыл әсіресе ыстық болды, яғни температура орта есеппен 3\4 градусқа көтерілді. Бұл табиғаттағы тепе - теңдікті бұзуға жеткілікті деп санауға болады.
Осыларға қарамастан, әлемнің түкпір-түкпірінде көптеген экологиялық проблемаларды шешуге бағыттал жұмыстарда жүріп жатыр. Дамыған елдерде ластаушы төлейді принципі әрекет етеді. Мемлекет өнеркәсіптік қалдықтардың рұқсат етілген нормасын орнатады..,ал бұл нормадан артып кетуге жол берген өндірушілер ірі ақшалай айыптар төлеуге міндетті.
Қазақстанның барлық өңірінде де жергілікті шешімін таба алмай келе жатқан өзекті экологиялық мәселелер бар екені белгілі бола тұрса да,соның ішіндегі тек барлық өңірге емес,барлық өңірдің қаласы мен елді мекендеріне ортақ нағыз шешімін табу керек экологиялық мәселе бар. Ол қайда барсаңда алдыңнан шығатын көшелер мен қалалардың, тіпті ауылдардың да сәнін кетіретін - қоқыстар.
Қоқыс - еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай - табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Мәліметке сүйенсек, елімізде жинақталған өндірістік - тұрмыстық қалдықтардың үлесі әр тұрғынға 1,4 тоннадан келеді екен. Яғни жыл сайын бес миллион тоннадан астам қатта тұрмыстық қалдықтар пайда болады. Оның тек бес пайызы ғана жойылады екен. Қалғандары қоршаған орта мен адам денсаулығына орасан зор нұқсан келтіріп жатыр. Сондықтан болар бүгінде қоқыс қалдықтарын өңдеу және жою, оларды іріктеу жүйесін енгізу қоғамдағы қордаланған мәселеге айналып отыр. Әлемнің барлық қалаларында қоқысты іріктеу мен өңдеудің тұйық айналымы ретінде қалдықтарды басқару жүйесі әбден жетілген. Мәселен, Швеция қоқыс қалдықтарын электр қуаты ретінде пайдаланса, Германия, Жапония секілді елдер миллиондаған пайда табуда. Әлемнің ең таза қалаларының бірі Сингапурде қоқыс қалдықтарының тоқсан пайызы қайта өңделеді. Ал біздегі жағдай қалай? Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз.
Әр 20 жыл сайын қоқыс полигонының орнын ауыстырып өзімізді - өзіміз жұбатамыз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоқыстардың түрлері
Шахтинск қаласы
Мегаполистегі экологияны жақсарту
Аймақтағы тұрмыстық қалдықтарды тиімді өңдеу жолдары
Ластану
«Қоқыс жағатын және жылу беретін зауыт»
Жаһандық жылыну
Оңтүстік астананың экологиясы
Салық жүйесін реформалау
Ақмола облысының экологиялық жағдайы
Пәндер