ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН
ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану
тиімділігі ... ... ... ... ..5

2 Ақпараттық оқыту технологиясы арқылы ұлттық мектептерде қазақ тілі мен
әдебиетін оқытудың
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...15
2.1 Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі заман
талабы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...30

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тілі мен әдебиетін ұлттық
мектептерде оқыту әдістемесі – қазақ әдебиетін оқытудың тиімді жолдары мен
тәсілдерін, қазақша дұрыс сөйлеу, тіл мәдениетін қалыптастырудың әдіс-
тәсілдерін баяндайтын педагогикалық ғылым. Қоғам дамуының қазіргі
жағдайында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының мәселелері бар.
Солардың бірі - ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда
қолданылатын жаңаша оқыту технологияларын анықтау, оқытуда қолданылатын
инновациялық әдіс-тәсілдерді анықтауды жұмыстың өзектілігі етіп алып
отырмыз.
Зерттеу нысаны. Ақпараттық оқыту технологиясы арқылы ұлттық
мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімділігі.
Зерттеу пәні. Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың
ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Жұмыстың негізгі мақсаты –
ақпараттық оқыту технологиясы арқылы ұлттық мектептерде қазақ тілі мен
әдебиетін оқытудың тиімділігін анықтау. Аталған мақсатты орындау үшін
төмендегідей міндеттер қойылды:
- Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігін
анықтау;
- Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі
заман талабы екендігін қарастыру.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ақпараттық оқыту технологиясы
арқылы ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімділігін
анықтап, оқытуда қолданылатын инновациялық технологияны қарастыру.
Курстық жұмыстың дереккөздері. Зерттеудің дереккөздері ретінде ғылыми-
теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды. Соның ішінде, Оралбаева
Н., Жақсылықова К., Рахметова С., Қадашева Қ., т.б тілші мамандардың,
әдіскерлердің еңбектерін атауға болады.
Зерттеу әдістері. Ақпараттық оқыту технологиясы арқылы ұлттық
мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімділігін анықтау
барысында, олардың құрылымын қарастыруда сипаттама әдіс, салыстырмалы
әдіс, талдау, т.б. әдістер қолданылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Аталмыш жұмыстың нәтижелерін
“Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері” мен
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі арнайы курстарында көмекші құрал ретінде
қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Бұл жұмыс, яғни ақпараттық
оқыту технологиясы арқылы ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін
оқытудың тиімділігін анықтап, оқытуда қолданылатын ерекшелігін қарастыру
осы саланың теориялық негізіне аз да болса үлес болып қосылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе және негізгі
мәселелерді қамтитын екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында
әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

1 ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

Ауызша айтсаң – тез ұмыттым,
Көрсетсең – есте сақтаймын,
Іске кіріссең – үйренем.

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-
тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым
бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі
болып отырғаны анық. Тіл тағдырын жетілдіру көбінесе мектепте атқарылатын
жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай
тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды
істер атқаруы тиіс. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуға жаңа идеяларды
әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып,
жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы.
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу деп атап көрсеткен [1,6б.].
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: Болашақта өркениетті
дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін –
білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту
үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі
технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп,
мектеп өміріне енуде. Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді
еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу.
Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында
отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар деп Елбасымыз бекер
айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде.
Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары
етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің
тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте
мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі,
тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты
бейнелейтін жалпы қабілеттілік [2,11б.].
Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда
Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын
арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта
өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында еліміздің білім
беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: Білім беру
жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық
коммуникациялық желілерге шығу делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін,
нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке
тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл
жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік,
тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті
әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге
асырылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,
қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра
отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын
жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы [1,8б.].
Ұлттық мектептерде қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқыту жүйесі
қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша
базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін
қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны
тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы
дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі
тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша
тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу
үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды.
Қазақ тілі сабағында оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында
меңгерумен байланысты оқу әрекетінің түрлері бар, олар:
1) эмпирикалық әрекет қабылдау кезеңі ретінде:
- монитор экранындағы фонына назар аудару;
- фондағы жекеленген жаттығуларға зейін аудару;
- нақты жаттығуды және айрықшаланған сөздерді суреттеу;
- нақты сөйлемдерді кешенді бейнелеу.

2) жаттығуды танытуға бағытталған эвристикалық әрекет ретінде:
- жаттығуды абстрактілі ойлау;
- жаттығуды түрлендіру жолдарын іздеу.
3) жаттығуды түрлендіру мен жаңа білім алуға бағытталған
репродуктивтік әрекет ретінде:
- таңдалған жаттығу бойынша сөйлемді түрлендіру;
- таныс жаттығу түрлерін жасау;
- берілген жаттығуды бағалау.
4) дағдыны қалыптастыруға арналған практикалық әрекет:
- дағдыны таныс жағдайда қолдану;
- таныс емес жағдайда дағды қалыптастыру.
Осы кезеңдер бойынша сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында оқу
әрекеті қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмтылады. Бұл әр оқушының дербес
компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында қазақ тілі
сабағында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына
айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын, тілдік құзіреттілігін
қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді.
Компьютерлер мен интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік
құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану
интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға
көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс
тиімділігін арттырады.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу
материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық
тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар
келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар
пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын
қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни
тұрғыдан ойлауға үйретеді.
Демек, ақпаратты технологияны оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде
тиімді.Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының концепциясында оқыту
былайша орналасады: тыңдау – сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша
қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады.
Тыңдап – түсіну , көріп – байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық
сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидардың
хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б.
Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден,
қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының
бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін,
ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының
тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға
таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған
мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап
беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады.
Мысалы, оқушылардың аудиомәтіннің жалпы мазмұнын түсінгендіктерін
тексеру үшін мынадай жұмыстар жүргіземін:
а) Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақ беремін, әр сұраққа екі жауап
ұсынамын;
ә) Бірнеше сөйлем беремін, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің
мазмұнына сәйкес келеді.
Орыс сыныптарында оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімін бағалау
негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі – түсінгенін дұрыс айта
білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс
оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше
дыбыстарды ( ы, і, ә, ө, ү, ұ, ң ) меңгермейінше, қазақша дұрыс сөйлеу,
сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту
барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік
ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса,
олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор.
Мысалы, 8 сыныптағы қазақ тілі сабағында Мемлекеттік рәміздер тарихы
тақырыбын өткен кезде алдын-ала дайындаған сурет, сызба және қозғалыстағы
көріністер арқылы білім игертуді жүзеге асырдым. Ой қозғау мақсатында
оқушыларға сұрақ қойылады, оқушы пікірі, жауаптары тыңдалып болған соң
сурет астында жасырынған жауапты көру мүмкіндігі беріледі. Мұнда оқушы өз
білімін өзі тексере алады және пәнге деген қызығушылығы оянады.
Оқушының коммуникативтік қарым-қатынасын, тілдік құзіреттілігін,
шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұптық, топтық тапсырмалар
беріледі. Мысалы, берілген сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем құрайды
немесе сурет салады. Жұпта жасаған жұмыстарын ортаға салады. Мұнан
оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін байқауға
болады.
Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды да орындатуға болады:
компьютер экранына бір сөйлем жазылады. Ол сөйлем белгілі уақыттан соң
өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз компьютерге
енгізсе, онда ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап
берілмесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем
мағынасын түсіну, есте сақтау дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде,
тапсырманы қандай дәрежеде орындағандығында байланысты ұпай санын көрсету
оқушының өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді.
Сабақ барысында ақпараттық технологияны қолданудың жақсы жақтары:
* Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау
процесі үшін тиімді.
* Әр сабақта сөйлеу әрекетінің бес түрі де қолданылады: тыңдалым,
сөйлесім, оқылым, жазылым, айтылым.
* Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым-қатынас;
ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып білген материалды қайталаудың
арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.
* Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.
* Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін
табысты байланыстырады.
* Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тілдік
сауаттылығының, шығармашылық ұмтылысының, тілдік құзіреттілігінің дамуына
мүмкіндік туады.
Қорыта келгенде: Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет деп, ел
Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілді
оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын
жақсартуға көмектеседі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттерін көздейді.
Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті
қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Шет тілі – қазіргі  заманның
талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және
мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі
жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық
пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер
қолданылуда.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы
тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық
құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық
желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін
жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын
бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру
үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек [3,13б.].
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқушыларды ақпараттық
қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне
толық, тиімді араластыру болып табылады.
ХХІ ғасыр оқыту үдерісіне компьютерлік технологияны пайдаланумен қатар
елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да заңды
үрдістегі өзгерістер  білім жүйесіне сол өзгерістер негізінде дамытуды
талап етіп отыр. Атап айтқанда, виртуалды кеңістік, аутентті вируалды
интерактивті тілдік орта болып табылатын Интернетке ену аталған
компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде арастырылады.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде
жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және
бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған
енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі
керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары
және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық
білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Шетел тіліне оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге
тоқталып өтейін. Мысалы: оқушылар Интернет талаптарында берілетін
құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген
тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтары –
конференцияларға қатыса алады. Сонымен бірге белгілі бір уақытта мәтіндік
хабарламалар мен алмасуға. радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер
көруге, яғни ақпараттың кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері
бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат
көздерін пайдалану мүмкіндігі интерактивтік іздеу жүйелері мен өз бетімен
іздеу, сондай – ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып
салу мен т.б. сол сияқты Интернеттің артықшылық көздері пайдаланылады.
Интернет шетел тілін үйренушіге аутентті мәтіндерді қолдану, тіл тасушыны
тыңдау, олармен қарым – қатынас жасау табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.
Е.С.Полат Қандай да болмасын оқыту құралы, ақпараттық – тақырыптық ортаның
қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан дидактикалық мәселелер, білім
берудің нақты мақсаттарымен шартталған танымдық қызметтің ерекшеліктері
бірінші кезекте болып табылады – деп көрсетті. Демек, Интернет өзінің
барлық мүмкіндіктері және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді
жүзеге асырудың құралы болып табылады.
Шет тілін оқытуда заманына сай көрнекі құралдар, аудио материалдар қолдану,
мультимедиялық құралдарды пайдалануға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында
светотехникалық және дыбысты техникалық құралдарды (бейне магнитофон,
теледидар, проектор, мультимедиялық проектор, компьютер) пайдалану
студенттердің өз тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, оны көзбен көре
отыра ақпарат алуына көмегі тиеді. Бұл жағдай студенттердің сөйлеу деңгейін
жақсартуына көмектеседі. Тыңдау арқылы олар өздерінің сөйлеудегі қателерін
жөндей алады. Бұл аудирование терминінің өзі де шет тілін тыңдап, оны
түсіну деген мағына. Аудио немесе бейне таспаларды тыңдағанда
коммуникативті жаттығулар жасалу керек. Алынып отырған тапсырмалардың жеңіл-
қиындығын ескере отыра, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, диалог
және монолог құрастыру сияқты жаттығулар жасалуы қажет. Бейне фильмді көріп
отырып, жаңа сөз немесе сөз тіркестері кездескенде тоқтап, сол сөздерді
қайталап және әрбір көріністен кейін сұрақтар қойып отырған жөн. Сабақтың
қорытындысы ретінде тест сұрақтарын беріп, нәтижесін тексеріп, бағалау
қажет.
Сонымен бірге, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдануда
оларды оқу үдерісіне енгізіп, дидактикалық түсініктеме беру арқылы
дидактикалық мәселелерді шешуге болады.
а күрделі материалды тікелей пайдаланып оқу дағдылары мен біліктерін
қалыптастыруға;
ә желіден алынған материалдарды мәселелік талқылаудың негізінде
монологтық және диалогтық айтылым білігін жетілдіруге;
б жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат, шығарма
және серіктердің бірлескен қызметінің нәтижесінде ойлау дағдысы мен жазу
дағдысын жетілдіруге;
в актив пен пассив сөз қорын қоғамның саяси-әлеуметтік  құрылысын,
мәдениет дамуын білдіретін қазіргі шетел тілі лексикасымен толықтыруға;
г түрлі халықаралық қатынас жасау жағдайында тілдік үйретудің
ерекшеліктерін, оқытылатын тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерінің
ерекшеліктері  қамтылған мәдени-танымдық біліммен танысуға;
Бұдан біз Интернеттің оқу бағдарламасына қатысты тәжірибелік сабақтың
мазмұнына желі материалдарын қосу арқылы ендірілуде қолданылатын келесі
мүмкіндіктерді атауға болады.
—    оқытушыныңтәжірибелік сабақ өткізу үшін қандай да бір аутентті
материалды таңдай алу мүмкіндігі;
—    дыбыстық ақпаратты жазып алу мүмкіндігі;
—    желіден алынған түрлі мәселелі ақпаратты ауызша талқылау арқылы
пікірталас өткізу мүмкіндігі;
—    тіл тасушыларының оқытылатын тіл халқының мәдениетінде оның
қызмет ету ерекшеліктерін көрсететін идиомалар, мәтелдер, неологизмдер және
т.б. тұратын нақты хабарламаларына лингвистикалық талдау жүргізу
мүмкіндігі;
—    тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды грамматикалық,
лексикалық анықтамалардан, сөздіктерден, елтанымдық анықтамалардан алынған
материалдарды пайдалану мүмкіндігі [4,13б.].
ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде
жаңа компьютерлік технологияларды тиімді пайдаланудың шетел тілін үйретуде
маңызы зор.
Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін
қалыптастыру мен педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды енгізу
білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту
тиімділігі өте жоғары. Дегенмен басты мәселе компьютерлік бағдарламамен
қамтамасыз етілген білім ордасында оқытушының оларды пайдалану әдістемесін
меңгеруі мен өз тәжірибесінде жүзеге асыра алуы.
Ақпараттық технологияны меңгерген педагогта интеллектуалдық, рухани 
азаматтық  және  басқа да  көптеген  адами келбеті қалыптасады. Ақпараттық 
технология  құралдарын  қолдау  адамзаттың  әртүрлі  сферасында, соның
ішінде  білім  беру  саласында  көптеген  өзекті   маңыздылыққа  қол 
жеткізіп  отырғаны  белгілі.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды
сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін
жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына
мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту
жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді
жатқызуға болады. Ағылшын тілі сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде
ақпараттық технологиялардың алатын орны зор.  Интернет арқылы оқушы
грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға
арналған тесттер, IQ-тесттерімен жұмыс істей алады. Бұндай жұмыстарды WWW
(World Wide Web)сайтынан аламыз.
Интернеттің бізді мәтіндік, графикалық және дыбыстық ақпаратпен  қамтамасыз
ете алуы, оның басты және маңызды ерекшелігі аутенттілігінде. Жаңа
ақпараттық технологияда компьютер негізгі рөл атқарады. Бүгінде Интернет
жүйесі арқылы білім алудың жаңа түрі – қашықтан оқыту пайда болды. Мұнда
мультимедиа материалдары, электрондық оқулықтар, интерактивтік
бейнеконференциялар арқылы білім алуға мүмкіндік бар. Интернет шет тілін
үйренушіге көптеген мүмкіндіктер береді. Олар: ана тілі болып саналатын шет
ел адамдарының тілдерін тыңдауға, олармен қарым-қатынасқа түсуге, керекті
мәтіндермен жұмыс істеуге қол жеткізеді. Интернет арқылы оқушылар тілдік
қарым-қатынасқа түсе алады. Сол сияқты, тілдік қорын дамыта алады. Осыдан
жазу іскерлігімен дағдысын жоғары деңгейде қалыптастыра алады. Ақпараттық
жүйе ретінде, Интернет өз қолданушыларын жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз
етеді. Оған: электронды пошта (e-mail), телеконференция (usenet), бейне-
конференция, анықтама каталогтары, жүйеде сөйлесу (Chat).
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан
грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық
құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері:
Әр бір адамға  білім  алудың  өзіне  тиімді  жолын 
таңдауға мүмкіндік  беретін  білім  берудің  ашық  жүйесін   орнықтыруға;
Білім алудың техникасын  түбірімен   өзгертуге;
Оқыту  үрдісінде  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін  тиімді 
ұйымдастыру;
Электрондық  білім  беру  пайдалану  арқылы  даралып  оқытуға.
Ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
1.    Мультимедиялық  мүмкіндіктерді  қолдау ( музыкалық немесе 
дикторлық  дайындау, анимация  бейне- клиптер,слайд –шоу).
2.    Жүйенің  басқару  құрылымы – оқытушы  өз  ойын,көзқарасын,өз
кезегіндегі   материалдық   ұсынылымын,әртүрлі  аудиторияға  бір ғана  оқу 
мәлеметтерін  ұсынуға  мүмкіндік алды.
3.     Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде
төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.
1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру  үшін  дербес  компютерді   қолдану 
арқылы  грамматикалық және  лексикалық  оқу  материалдарын өңдеу.
2. Ағылшын  тіліндегі  сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп 
безендіруді  үйретеді.
3. Дербес  компютерді  пайдалану арқылы   оқушылардың   өзіндік және 
жұмыс жасауды  игеру мен білім  алуды кеңейту.
4. Интернет  желісін  пайдалану  арқылы    оқушылар  электрондық 
пошта  арқылы  оқушылар  хат-хабарлама  алмасу, өзінің ойын еркін  жеткізу.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа
технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді
ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз
бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе
болып табылады.
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және
коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады,
сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты
ұсынуға болады.
Шет тілін оқытуда интернетті сабақта пайдаланудың негізгі артықшылығы
сол  жан-жақты ақпараттар алу. Интернетті сабақта пайдаланғанда шет тілінде
электронды оқу курстарымен оқушы жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Шет тілін
оқытуда бұл ел тану, әр түрлі энциклопедиямен танысуға мүмкіндік береді.
Chat (ағылшын сөзі – әңгіме) электронды поштаға шығу арқылы оқушылардың
жүйеде басқа шет ел оқушыларымен сөйлесе алады. Олар сөз қорларын кеңейтіп,
өз бетінше сабақ материалдарын таңдауға мүмкіндік алады.

2 АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН
ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Оқыту мен оқудағы ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды қолдан
Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім.
Мұхтар Әуезов.
Бүгінгі күні әлемдік ең озық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің
тиімд жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру құралдарымен
жабдықталуға байланысты болып отыр. Қазақстан Республикасы Білім туралы
Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен.
Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын
тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат
құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз қажет.
Мектептегі білім беруді ақпараттандыру – бұл заман талабы, ғасыр
ағымы. Ұрпағымыздың кемеңгерлікке ұласқан ақыл-ойының, парасат – пайымының
және жаңа арнада өріс алған мәдениетінің асқар шыңы болып табылады .
Педагогтардың ақпараттық –коммуникациялық технологияларды (АКТ)
пайдалану қызметі дайындығынан келесіні байқауға болады:
- педагогтардың компьютерлік техниканы пайдалануға қызығушылықтарының
артқандығы.
- оқыту құралдары ретіндегі компьютерлік техниканы пайдаланудың ең
маңызды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сақтау.
Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады: а) осы оқыту құралын
пайдаланудың педагогикалық тұрғыдан тиімділігі; б) үйренушілердің оқу-
танымдық қызметін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Қазақ тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Ағылшын тілі сабағында қазіргі заманғы оқыту технологиясын қолданудың әдістері
Ағылшын тілін оқытудағы қазіргі заманғы әдістемесі
Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Ағылшын тілі сабақтарында оқу техникасын қалыптастыру жолдары
Бастауыш сыныпта етістікті оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері
Педагогикалық технологияның құрылымы
Пәндер