КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҮРДІС


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ - ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҮРДІС
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 31 Оқытуда критериалды бағалауды қолдану . . . 5
1. 1 Критериалды бағалау - оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастырушы үрдіс . . . 12
2 Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша критериалды бағалауды өткізудің тиімді жолдары мен қиындықтары . . . 17
Қорытынды . . . 31
Пайдаланылған әдебиет . . . 32
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін және оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келген болатын. Сол кезде оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей келді, күмәнмен қарды. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Бүгінгі күнгі жаңартылған білім беру бағдарламасына сай критериалды бағалау мен кері байланыс орнатуды анықтау жұмысымыздың өзектілігі болып алынады.
Зерттеу жұмысының нысаны. Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі бағалау жүйесі - критериалды бағалау.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында критериалды бағалауды енгізудің тиімділігі. Осы мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттер қойылды:
қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың білімін критериалды бағалауды анықтау; дұрыс бағалауды жолға қойып, сынып ішінде кері байланысты орнатуды айқындау. Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысына А. Е. Әбілқасымова, Р. С. Омарова, С. Ахметова, Қ. Бітібаева, Т. Акшолақов, М. Жанпейісова, т. б. ғалымдардың зерттеу еңбектері, теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаналығы. Жұмысты жазу барысында мына жаңалықтарға қол жетті:
Критериалды бағалау - оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастырушы үрдіс екендігі қарастырылады; Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша критериалды бағалауды өткізудің тиімді жолдары мен қиындықтары айқындалады. Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Курстық жұмыс нәтижелері «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне «Ұлттық мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері» пәнінен практикалық сабақтарға көмекші материал бола алады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
оқытуда критериалды бағалауды қолдану анықталады; Критериалды бағалау - оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастырушы үрдіс екендігі талданады. Зерттеу әдістері. Жұмысты жазу барысында тілдік әдіс-тәсілдерді белгілеудегі негізге алынған сипаттамалы әдіс, салыстыру, сұрақ-жауап әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
1 ОҚЫТУДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ҚОЛДАНУ
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“А. Байтұрсынов.
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін
бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі
анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық
стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі
білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын
арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін
болса, бұған жетуге әбден болады.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсатыбағалау критерийлерінің
негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу
және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі
жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін
қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
-- білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
-- мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
-- ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
-- басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы
ақпараттар ұсыну.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; Анық, айқындылығы; Бағаның әділдігі; Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері:Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау артықшылықтары:
Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады; Оқушының жұмысын бағалау алдын -ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі; Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі; Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады; Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді; Білім берудің сапасы артады. Критериалды бағалау: Мұғалімдерге: Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға мүмкіндік береді.
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ -егеменді елдің берік тірегі. Сондықтан да Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы -2050» «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. [ 1, №7, 1, 2 - б]
Ал, қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін және оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келген болатын. Сол кезде оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей келді, күмәнмен қарды. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады.
«Бағалау» терминінің өзі «жақын отыру» дегенді білдіреді. ( МАН 57- бет) .
Ал, бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдейді (оқушылар бірін - бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда) .
Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады. Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді. Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс - әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т. б. жатады. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табылады.
Формативті бағалау оқыту кезеңінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Формативті бағалау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы мен жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады [2, 13б. ] .
«Мақсат - жетiстiктiң желкенi» - дегендей, менің алға қойған мақсатым - оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде ойлау, сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, сөйлем құрылысын меңгерту болғандықтан. Біз «Тиімді оқыту» пәнінде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс жасауға көңіл бөлдік. Өйткені оқушы шағын топтарда немесе жұппен жұмыс жасауда, бірлесіп үйреніп, ортақ мәселелерді талқылай алады. Сонымен қатар барлық сабақтар барысында формативті бағалаудың келесі түрлерін қолданамыз:
Фишкалар тарату
- Қол шапалақтау немесе мадақтау;
- Стикерге бағалау;
- " 2 жұлдыз, 1 тілек";
- "Мақсат ағашы" арқылы бағалау;
- Өзін - өзі бағалау;
- Жұпта бірін -бірі бағалау;
- Топта бірін - бірі бағалау.
- "Сұқ саусақ" белгісі арқылы бағалау;
- «Алақан» белгісі арқылы бағалау
Фишкалар немесе фигуралар (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш) арқылы оқушылардың берген жауаптарын бағаладым. 5-6 сынып оқушыларының арасында фишка алуға қызығуышылықтары жоғары болды. Фишкаларды алған оқушылар бір-бірімен салыстырып, бір-біріне жеткісі келіп, бәсекелестік пайда болды. Қызыл (3-ұпай) және сары (4ұпай) фишкаларды алып қалған оқушылар жасыл (5-ұпай) фишканы алғысы келіп, тырысатыны байқалды, дегенмен де қызыл фишкаға да қол жетіп қуанған оқушылар да болды. Формативті бағалау кезінде бұрыңғыдай неге маған осы баға, оған ана баға деген оқушы болмады, сабақ соңында оқушылар өздерінің қаншаға жауап бергендерін біліп, бағаларын айтып шығып, «Табыс баспалдағы», «Алақан» тренингісі арқылы керібайланыс жасап, өздерінің білім дәрежелерінің қай деңгейде екенін ұялмастан айтып, келешекте неге көңіл бөлу керек екенін түсінді. Ал топ мүшелерінің фишкаларын біріктіріп есептеп, көшбасшы болған топты анықтауға ыңғайлы болды. «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалауы топтар арасында постер жасап, қорғаған кездегі топтардың жасаған жұмыстарының сапалылығына, мәтіндерінің дұрыс құрастырылғанына көңіл аударып, кемшіліктерін таба білуге үйретеді.
Бас кезінде формативті бағалау бойынша өздерін бағалау қиындау болды. Бір - біріне жалтақтап, сенімсіз танытты. Бір- бірін бағалаған уақытта бір - біріне сенімсіздік танытып, ренжігендерін де байқадым. Сондықтан мен қандай да бір жұмысты бағаламас бұрын оқушылармен бірлесіп, бағалау критерийін құрастырған соң, әділ баға қойылатын болды. Осы кезден бастап, бағалау критерийінің оқушылар үшін маңызды екенін түсіндім.
Бағалау критерийі - дегеніміз ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесінің негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары (әрбір нақты жұмыс үшін) болады, онда мектеп тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынаста болу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай ойластырылған.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; анық, айқындылығы; бағаның әділдігі; өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Критериалды бағалау сабақтың өн -бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады . Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастырады.
Бағалау критерийі қазақ тілі мен қазақ әдетиеті сабағында мәтінмен жұмыс, диктант, мазмұндама, мәнерлеп оқу, тест, шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде өте ыңғайлы. Мысалы: Жаңа сөздермен танысқан уақытта екі минут оқып, естеріне сақтап қалған сөздерді бір - біріне жатқа айтып, содан соң сөздік дәптерге жатқа жазу.
барлық сөз түгел, қатесіз, әдемі, таза жазылса - 5 ұпайБір сөз жетіспесе, 1-түзету енгізілсе, әдемі, таза жазылса - 4 ұпайЕкі сөз жетіспесе, 3-4 түзету енгізілсе - 3 ұпай3 сөз, қатесіз таза жазылса - 2 ұпайЕштеңе жазбаса - 0 деген ұпайлар қойылып бағалау критерийі бойынша бір-бірінің дәптерлерін тексеріп, баға қойып, қойған бағасын не үшін қойғанын айтып беріп отырды. Бұл жұмыста оқушылар есте сақтау қабілетін дамытуға, сауатты жазуға, тексерген уақытта мұқият болуға, бір -бірін адал бағалауға үйренеді. Ауызша мәтінмен топта жұмыс жасаған кездегі бағалау критерийі:
- Мәтінді толық орыс тіліне аудару-5 ұпай
- Мәтіннен ең басты (ключевые) сөзді табу - 5 ұпай
- Дұрыс нақты жоспар құру - 5 ұпай
- Мәтін бойынша сұрақтар дайындау - 4 ұпай
Бұр критерийлер бойынша оқушылар топ ішінде өздеріне тиісті жұмысты бөлісіп алып, тиісті берілген бір уақыт ішінде орындауға үйренеді.
Жазба жұмыстарды (диктант) орындаудағы бағалау критерийі.
Еш қатесі жоқ, жазуы анық, таза жазылған, азат жол сақталған, түзету жоқ-10 ұпай. Тазалығы талапқа сай, оқушының екі түзетуі бар, тыныс белгіден 2 қате жіберілсе-5 ұпай. Тазалығы талапқа сай емес, каллиграфиялық қателер кездеседі, оқушының 3 түзетуі бар. Емледен 7, тыныс белгіден 5 қате жіберген - 3 . Қойылған талаптарды орындай алмады - 0Грамматикалық тапсырманы орындаудағы бағалау критерийі
Оқушы жұмысты орындады. Талдау жүйесін сақтады, қатесіз орындады және жазуды дұрыс рәсімдеді -5 ұпайОқушы жұмысты орындады, Жүйелі талдау жасады, бірақ сөз табының белгілерін анықтауда қателер жіберді - 3 ұпайОқушы жұмысты орындады, бірақ, талдау ретін бұзды. Сөз табының белгілерін анықтауда қателер жіберген жоқ - 2 ұпайҚойылған талапты орындай алмады - 015 ұпай - «5»
8 ұпай - «4»
5 ұпай - «3»
Бұл критерийлерге сүйене отырып, оқушылар сауатты, жазуға үйренеді. Кей кезде осы берілген критерийлерге қарап отырып, дәптерлерін тапсырмас бұрын өздерінің қателерін байқап «а, менің бағам «4»немесе «3» болады» - деп, кейбір балалар өздеріне алдын ала баға беріп жатады. Ол дегеніміз, яғни, оқушылар өздерінің жіберген қателерін, түзетулерін байқап үйренгендерін байқауға болады. Дәстүрлі бағалау кезіне «Маған неге «3», менің қатем аз ғой» - деген келіспеушіліктер болатын.
Сабақ соңында кері байланыстардан «Табыс баспалдағы», «Алақан», «Бағдаршам», «Сөйлемді аяқтау» түрлерін орыс тілінде аламыз.
«Сөйлемді аяқтау»сабақ соңындағыкері байланыссегодня я узнал было интересно было трудно я выполнял задании я понял, что теперь я мог я почувствовал, чтоя приобрел я научился у меня получилось я смогя попробую меня удивило урок дал мне для жизни
Алгаритм самооценки
Удалось выполнить задание? (учимся сравнивать результат с целю) Задание выполнено верно или не совсем? (учимся находить и признавать ошибки) Выполнил самостоятельно или с чьей-то помощю? (учимся оценивать процесс) Бұл кері байланыстарды орыс тілінде жүргізетін себебіміз, басқа ұлтты оқушылар қазақ тілінде әлі де болса өз ойларын жетік жеткізе алмайды, сондықтан да олардың ойларын, сабақ барысында оларда қандай қиындықтар туғанын білу үшін орыс тілінде аламыз.
Жыл бойы қолданған бағалау критерийі бойынша мынадай нәтиже көре алдамыз: бір-бірін, жұпты, топты шынайы бағалай алды, бір-біріне деген сыйластық пен сенімділік орнады, өздерін еркін сезінетін болды, қателіктерін көре білді және оны өз уақытында түзетудің жолдарын іздеп өз бетінше жоюды үйренді. Осының нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, белсенділіктері жоғарыланды [3, 20б. ] .
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады; жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады; оқушылардың білім сапасын арттырады; оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы; тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі. Қорыта айтқанда А. Байтұрсынов ағамыз былай деген екен: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы . . . » демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі - ұстаз. Сол себепті бағалаудың түрлерін тиімді пайдаланып, оқушыларды терең біліммен қаруландырып отырсақ, болашақта мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары деңгейге көтерілетініне, тәуелсіз еліміздің болашағы баянды болатынына сенімім мол.
1. 1 Критериалды бағалау - оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастырушы үрдіс
Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Оның белгіленген:
алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; анық, айқындылығы; бағаның әділдігі; өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Адамды жаңа нәрсеге үйрету мүмкін емес, тек соны өз бойынан ашуға көмектесу керек. Галилео Галиле
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын тиімді өткізу жолдарына қойылатын талаптар:
Тақырыптың тәрбиелік мәні болуы керек. Әр сабақта оқушының шығармашылық ізденісте болуы. Оқушы жеке тұлға ретінде сезінуі қажет. Тақырыптың өмірімен тікелей байланыста болуы.
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz