Қазақ диалектологиясының зерттелу тарихы

Жоспар:
Кіріспе
1.1.Қазақ диалектологиясының зерттелу жайы.
2. Кеңес дәуірінде зерттелуі.
С. Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілер туралы.
2Қазақ тіліндегі сөйленістік топтарға тән ерекшеліктер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Халық тілінде кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктері- тіл зерттеушілердің назарын ертеден аударып келе жатқан құбылыстардың бірі. Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды. Диалектілік құбылыстар -- халық тілінің жемісі, халық тілі дамуының кезеңі тудырған тіл құбылыстары. Әрбір өлкеде тұратын қазақтардың тілінде кездесетін бұл секілді тіл айырмашылығының пайда болуының тарихи сыры бар. Мәселен, біз осы еңбекте сез еткелі отырған қарақалпақ жерінде тұратын қазақтардың тіліндегі диалектілік айырмашылықты алатын болсақ, олардың көбінің-ақ түптеп келгенде із-өкшесі қарақалпақ тілінде, сонан кейін өзбек, түрікмен тілдеріне қатысты екенін көреміз. Мұның себебін тусіну онша қиын емес. Бұл жерде тұратын қазақтардың ежелден қарақалпақ, өзбек, түрікмен жұртымен іргелес, қоныстас, ағайындас ел болғанымен байланысып жатыр. Ұзақ жылдық тілдік қарым-қатынас нәтижесінде осы аймақ қазақтарының тіліне аталған тілдерден ауысқан сөздер аз емес. Ол сөздер өздері енген тілге әбден етене болып, сіңісіп кеткен. Демек, мұндағы біздің айтайық дегеніміз -- қазақ тілінде де жергілікті тіл айырмашылығы бар екендігі, сосын оның өзі кездейсоқ пайда болмағандығы, белгілі тарихи дамудың нәтижесінде туған тіл құбылыстары екендігі. Әрине, бұл құбылыстардың көлемі барлық өлкенің қазақтары тіліне ортақ құбылыстармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Бірақ көлем жағынан қанша шағын болғанымен, бұл өзгешеліктерді ескермеуге де болмайды.
Әдеби тіліміздің халық тілі негізінде дамып отырғаны белгілі. Халық тілі, халық диалектілері -- әдеби тілді байытудың қайнар бұлағы. Бірақ әдеби тіл халық тілінің материалына талғаусыз қарамайды. Оның ішінен өіне керегін сұрыптап, елеп-екшеп алады. Жергілікті халық тілі әдеби тілмен осындай тығыз байланыста болғандықтан, оның жай-жапсарын жақсы біліп отыру, әрине аса қажет. Әдеби тілде сөйлеуге үйрену, сөз өзідеріне жаттығу мектеп қабырғасында қалыптасатын нәрсе болғандықтан, жергілікті тіл ерекшеліктері жөнінде хабардар болу -- тіл пәнінің мұғалімдері үшін өте қажет. Мектептің қайсысын алсақ та, жергілікті халықтың қайнаған ортасына орналасқан мекеме екенін жақсы білеміз. Ал оқушы болса, сол жергілікті халықтың кішкене бір өкілі ғой. Оның тілінің де өзі туып-өскен ортасының тілінен, ата-анасыньщ тілінен алшақ болмайтыны түсінікті жайт. Демек, әр оқушыны әдеби тілде сейлеуге, әдеби тілде жаза білуге жастай баулитын негізгі орта -- мектеп. Міне, осыдан кейін жергілікті тіл ерекшелігі деген не, оның әдеби тілге қарым-қатынасы қандай деген жайдан мұғалімдердін, әсіресе тіл пәні мұғалімдерінің хабардар болу қажеттігі туады.
2.1.Қазақ диалектологиясының зерттелу жайы.
Қазақ диалектологиясы -- Қазан революциясынан кейін пайда болып, қалыптаса бастаған сала. Оның не бары жетпіс жылдай ғана тарихы бар. Шын мәнінде диалектология мәселесімен шұғылдану 1930 жылдардың аяқ шенінен басталады. Содан бері республика аудандарына жылма-жыл ғылыми экспедициялар шығарылып, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипатын білдірерліктей көлемді материал жиналды. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ диалектологиясының теориялық мәселелерін көтеріп, кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қазақ диалектологиясы қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлап шығаратын жоғары оқу орындарында арнаулы пән ретінде енгізілді.
Қазақ тіл білімінің басқа салаларына қарағанда диалектологияның зерттелу тарихында біраз өзгешелік бар. Қазақ тілінің дыбыстық грамматикалык және лексикалық құрылысының жан-жақты зерттеле бастауы Кеңес дәуірінде болғанмен, олардың зерттелу тарихы революциядан бұрын басталды. Сол кездің өзінде-ақ алғашқы грамматикалар мен сөздіктер жасалып, қазақ тілі зерттеу нысаны бола бастаған, ал қазақ тілінің диалектологиясы жайында мұны айта алмаймыз.
Қазақ тіліндегі диалектілер мен сөйленістердін революциядан бұрынғы жайын көрсетерліктей түркологтардан қалған арнаулы еңбек жоқ, өйткені олардың ешқайсысы да қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктермен арнайы шұғылданбады. Бірақ соған қарамастан революцияға дейін басылып шыққан ауыз әдебиеті нұсқалары мен сөздіктерде диалектілік сипаты бар сөздер, дыбыстық грамматикалық тұлғалар белгілі мөлшерде қамтылып отырған. Ал қазақ тілі жайындағы кейбір мақалалар мен грамматикаларда жекелеген диалектілік ерекшеліктерге жасалған талдаулар немесе қазақ тілінің диалектілерге бөліну-белінбеуі жайында жол-жөнекей айтылған бірен-саран пікірлер бар.
Сөйтіп, ревалюцияға дейінгі туркологтардың қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктері мен оның диалектілерге бөліну - бөлінбеуі жайындағы пікірлерін екі топқа бөлуге болады:
а) В. В. Радлов, П. М. Мелиранский (әуелгі кезде), А. М. Позднеев қазақ тілінің диалектілерге бөлінуін жоққа шығарды;
ә) Н. И. Ильминский, Н. Ф. Катанов, П. М. Мелиранский, М. Тереньтев т. б. қазақ тілінің барлық жерде біркелкі емес, өз ішінде диалектілік ерекшеліктері бар екенін мойындады.
Қазақ тіліндегі сөйленістерді зерттеуге аса қажетті тілдік материалдар ревалюциядан бұрынғы басқа зерттеушілер (А. В. Васильев, Н. Н. Пантусов, Ш. Уалиханов, А. А. Диваев, И. В. Аничков, И. Лаптев т. б.) бастырып шығарған ауыз әдебиеті нұсақалырында да кездеседі. Бірақ бұл материалдар осы күнге дейін толық жиақталып қорытылған жоқ.
2.2.Кеңес дәуірінде зерттелуі.
Жүсіпбек Аймауытов. Қазақ тіліндегі жергілікті диалектілерді арнайы зерттеу жұмысы шын мәнінде кеңес дәуірінде ғана басталды.
Диалектология мәселелері жөнінде ең алғаш мақала жазған белгілі жазушы - ғалым Жүсіпбек Аймауытов еді. Оның
Осы күні ғалымдар қолданып жүрген Жергілікті тіл ерекшеліктері деген атауды алғашқы қолданған Ж. Аймауытов.
КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы 1937 жылы алғаш рет Алматы облысының кеген, нарынқол; Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал; қарағанды облысының Нұра аудандарына диалектологиялық үш экспедиция шығарды. Мұндай экспедициялар 1939 жылы Мақтаарал , Маңғыстау, Торғай аудандарында, 1940 жылы Сарысу, Арал, Орда аудандарында болып, материал жинады. Міне, осы кезден бастап күні бүгінге дейін Қазақстанның әрбір аудандарына жылма - жыл диалектологиялық экспедициялар шығарылып келді. Тіпті Ұлы Отан соғысы жылдарында да бұл жұмыс біржола тоқтап қалған жоқ. 1943 жылы академияның кейбір ғылыми қызметкерлері Түлкібас, Жуалы, Талдықорған аудандарында болып, материал жинаған. 1944 жылы Ж. Досқараев Оңтүстік диалектісінің кейбір мәселелері деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Қазақ диалектологиясы қазақ тіл білімінде кейін қалыптасқан салалардың бірі болғандықтан, оның кейбір мәселелері тіл мамандары арасында көпке шейін пікір таласын туғызып келді.
19 ғасырдан, әсіресе оның екінші жартысынан бастап, орыс туркологиясы түркі тілдерін зерттеуде алғашқы қадам жасап, елеулі нәтижелерге жетті. Бірақ соның өзінде түркі тілдерінің әлі де белгісіз, ашылмаған сыры аз емес еді. Бірсыпыра түркі тілдерінің ревалюцияға дейін жеке тіл ретінде танылмай, тек наречие дәрежесінде қаралып келуі бұған айғақ бола алады. Профессор П. М. Мелиоранский алғашында қазақ тілі диалектісіз деп, соңынан кейбір ерекшеліктерімен таныса келе басқаша пікір айтуы да осыны көрсетеді. Дәл осындай жағдайда ғасырлар бойы келе жатқан диалектілер бірден сіңіп, жоғалып кетті деу, әрине, артық болады. қайта жоғарыда айтылған жағдай диалектілік ерекшеліктердің белгілі мөлшерде сақталып қалуына мүмкідік берді.
Қазақ тілінде диалект бар ма, жоқ па деген пікір таласы 1953 жылға дейін созылды.
Қазақ диалектологиясының тарихында 1937 жылдан 1950 жылдың орта тұсына дейінгі зерттеу жұмыстарының ерекше орны бар.
Ж.Досқараев 1955 жылы Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері (лексика) деген атпен диалектологиялық сөздік шығарды.
С.Аманжоловтың ғылыми мұрасында қазақ тілінің диалектологиясы туралы еңбектері басты орын алды. Оның 1959 жылы шыққан Вопросы диалектологии и истории казахского языка атты күрделі еңбегі автордың диалектология мен тіл тарихы саласында көп жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі еді.
Қазақ диалектологиясы үшін көп еңбек сіңірген ғылымның бірі - филология ғылымының кандидаты Ж. Досқараев. Оның әсіресе халық тіліндегі мол байлықты - диалектілік ерекшеліктер мен кәсіби сөздерді - жинаудағы еңбегі ерекше атап өтуді керек етеді. Бірнеше жылдар бойы экспедиция ісіне тікелей қатыса жүріп, Қазақстанның көптеген аудандарынан материал жинады. Әсіресе, оңтүстік өлкедегі халық тілі ерекшелігін жете зерттеп, оның жүйелі құбылыс екенін ғылыми дәлелдеп брді. Ж. Досқараев бұл іске үнемі басшылық етіп, бірнеше жылдар бойәы Қазақстан Ұлттық Ғылыми академиясында Тіл білімі институтының диалектология бөлімін басқарды. Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктері жинау әдістері жайында мақалалар жариялап, сұраулық жасауға қатысты.
Ж. Досқараевтың қазақ диалектологиясына сіңірген еңбегі мұнымен ғана бітпейді. Оның 1955 жылы шыққан Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері(лексика) деген еңбегі тек қазақ тіл білімінде емес, туркология ғылымының диалектология сөздіктердің бірі болып табылады.Ж. Досқараев қазақ тілі сөйленістерін зерттеуде салыстырмалы тарихи принципті қолданудың алғашқы үлгілерін көрсетті. Бұдан басқа Ж. Досқараев қазақ тілі диалектологиясы мәселелеріне арнап бірнеше мақала жазды.
Қазақ диалектолгиясы мәселелерімен профессор Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев та шұғылданды. Қазақстан Ғылым академиясының тарих және диалектология бөлімін басқарды. Оның Диалекты в современном қазахском языке және басқа ғылыми мақалаларында қазақ тілі тарихына байланысты қазақ диалектологиясының тероиялық мәні бар мәселелері сөз болды. қазіргі сөйленістерді тіл тарихындағы елеулі кезеңдермен байланыста қарап, қазақ диалектологиясының қалыптасу, даму тарихы туралы ілімді тереңдетті.
2.3. С. Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілер туралы.
Профессор С. Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілердің пайда болуы мен қалыптасу тарихын қазақ жеріндегі бұрынғы тайпалық одақтармен, жүздермен байланыстырып қарайды. Маркс пен Энгельстің тайпалар одағы халыққа ең таяу басқыш болып табылады деген белгілі қағидасына сүйене отырып, қазақ жеріндегі үш жүз - үш тайпалық одақ ретінде қазақ біртұтас халық болып құрылғанынан көп бұрын, 7 - 9 ғасырлардың арасында қалыптасты деп қорытынды жасайды. Жүздердің қалыптасу негізінде рулардың тайпаларға, тайпалардың тайпа одағына бірігуі жатыр. Қазақ жеріндегі тайпалардың қоныстанған жері. Шаруашылық ыңғайы, шығу тегінің жағындығына қарай ерте замандардан - ақ өзара жіктеле бастағаны тарихтан белгілі. Осылайша тайпалардың одағы болып табылатын жүздер келіп шыққан. Мұның өзі тілге әсер етіп, әр жүздің өз ішінде тілдің де біріңғайлылығы қалыптаса бастаған. Сөйтіп, үш жүздің қалыптасуымен үш жергілікті диалект пайда болған. Бұл үш тайпалық одақтың тілі даму барысында кейін бір - біріне жақындап, біртұтас қазақ тілінің қалыптасуына негіз, ұйытқы болды деген тоқтамға келеді. Автор жергілікті халық өміріне тән өзгерістер (шаруашылық, әдет - ғұрып, т. б.) мен көрші тілдердің әсерінен де тіл ерекшеліктері туғанына ескертеді.
Қазақтың халық тілі мен ауыз әдебиеті үлгілерінен жиналған материалдарды және қазақ тілінің тарихын зерттеу нәтижесінде С. Аманжолов қазақ тілінде үш диалект бір деген қорытындыға келді. Олдар мыналар:
а) оңтүстік диалектісі - Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазқстан облыстарын және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарын қамтиды.
ә) батыс диалектісі - Батыс Қазақстан, Гурьев (Атырау), Ақтөбе облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтиды.
б) солтүстік - шығыс диалектісі - Ақмола, Павлодар, семей, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақста облыстарын және Қостанай мен Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды.
Қазақ тілінің оңтүстік диалектісі. С. Аманжолов қазақ тілінің оңтүстік диалектісіне бұрынғы үйсін, қаңлы, дулат және жалайыр ьайпа одақтарының тілін жатқызады. Бұл одақтар ерте замандардан бастап - ақ Жетісу, сырдария және Алатау алқабын, яғни қазіргі Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының жерін мекен еткен, олар шығысында - Синьцзянмен (Шыңжан), ұйғырлармен, солтүстік - шығысында - найман, керей, қоңырат тайпаларымен, солтүстік - батысында - алшын тайпалары одағымен, оңтүстігінде - өзбек, қырғыздармен шектескен. Монғол шабуылына дейін де, одан кейін де, сол сияқты 16 - ғасырда қазақ хандығына қосылған кезде де, бұл тайпа одақтары Ұлы жүз болып аталды. Ерте заманнан бастап - ақ бұлардың қоғамдық, шаруашылық және мәдени ортасы бір болды. Соның нәтижесінде олардың бір кездегі тайпалық тілдері бірігіп, бір жергілікті диалект болып қалыптасты. Бұл - қазақ тілінің оңтүстік диалектісі деп аталады. Оңтүстік диалектісінің қалыптасуына Ұлы жүзге кіретін тайпалардың әр түрлі табиғи - тарихи себептерге байланысты басқа тайпалармен қарым - қатынасы нашар болғандығы да үлкен әсер етті. Мәселен, бұл тайпалардың солтүстігіндегі Балқаш көлі, Бетпақ дала, солтүстік - батысындағы ұлан - байтақ далалар, Қызылқұм және Арал теңізі осындай табиғи бөгеттер болып табылады. Онымен бірге бұл диалектінің қалыптасуына көрші өзбек, ұйғыр, қырғыз халықтарының тілі де әсер етті. Ұлы жүздің 17 - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz