ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН БАСҚА ҰЛТТАРҒА ОҚЫТУ ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕЛУІ


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН БАСҚА ҰЛТТАРҒА ОҚЫТУ ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕЛУІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 1-2
Негізгі бөлім
1. 1. Қазақ тілі мен әдебиетін басқа ұлттарға оқыту тарихы . . . 2-11
1. 2. Ғалымдардың еңбектерінде зерттелуі . . . 11-22
2. Қазақ әдебиетін орыс мектептерінде оқыту әдістемесі . . . 22-25
3. Қазақ тілі сабағында тіл дамыту жолдары25-27
4. Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқытудың мәселелері…. . 27-28
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29-30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тілі - сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан асыл дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл - адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.
Тіл - халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу - қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі - тілі. Тілдің қасиетін түсіну ұрпаққа парыз.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы - XX ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С. Жиенбаев, Ғ. Бегалиев, Х. Басымов, Ш. Сарыбаев т. б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту тарихы пән ретінде толық таныла алмай келгенімен, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан - жақты саралана түсті. Ұсынылып отырған жұмыс бағдарламасында мен бұл пәнді қалыптастырып, дамытқан ғалымдар еңбектерін саралап, жүйелі түрде беруге тырыстым.
Курстық жұмысының зерттеу нысаны. Қазақ тілі мен әдебиетін басқа ұлттарға оқыту тарихы, зерттелуі
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті.
Курстық жұмыстың мақсаты - студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.
Осы мақсатқа жету кезінде мынандай міндеттер орындалады:
- Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға шолу жасап, зерттеу;
- Зерттеушілердің еңбектеріне сүйеніп, қорытындыға келу;
- Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалымдардың еңбектеріне шолу;
- Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихының негізгі факторларын айқындау;
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Жоғары мектепте болашақ тіл мен әдебиет маманының даярлық сапасын арттыруда білім беру жүйесін (мақсат, мазмұн, әдіс, формалары, оқу құралдары) жаңаша құрудың маңызы зор, мақсаты жоғары білікті, эаман талаптарына жауап беретін маман даярлаудың жаңа әдіснамалық моделі негізінде оқушыны жалпытеориялық, лингвистикалық, әдістемелік біліммен қаруландыра отырып, шығармашылық ақыл-ойын жетілдіру, кәсіби біліктілігін қалыптастыру, өзіндік жетілу қабілеті мен жасампаздық оқу белсенділігін арттыру. Жоғары мектепте болашақ маман даярлау ісін жетілдіру тұрғысында оның педагогикалық-психологиялық мәселелері жөнінде ғалымдар Ш. Х. Сарыбаев, Х. Арғынов, А. Исабаев, С. Рахметова, Ф. Оразбаева, Қ. Қадашева, Р. Шаханова, Қ. Жақсылықова, А. Қыдыршаев, Н. Құрманова, А. Сатыбаева, Г. Сатыбаева, А. Жаппарова, З. Б. Бейсембаева т. б. еңбектерін атап айтуға болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында оқушыларға практикалық және теориялық жақтан үйрете отырып, ғалымдардың еңбектері мен әдістеме тарихына шолу жасалды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқыту әдістемесінде тілді қатысымдық бағытта үйрету, яғни қазақ тілі мен әдебиетін әлеуметтік рөлін, аясын кеңейтуде осы бағытта жүзеге асыру қажеттілгі маңызды болып есептеледі. Дамыта оқыту, қатысым әдістерінің ерекшеліктері мен тілді меңгертудегі мәні мен алатын орнын ажыратып, айқындау - қазіргі көкейкесті мәселе болып табылады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, олардың мәні қарастырылады. Әрқайсысына жеке-жеке тоқталып олардың мәні қарастырылады.
Зерттеу әдістері . Ғылымда танылып жүрген әдіс -тәсілдерді ескеріп, қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту тәжірибесін жинақтай келе, төмендегідей әдіс -тәсілдерді ұсынуға болады: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибен өту, түсіндіру, оқушыны ойландыру, жалқылау, жалпылау әдістері, әңгімелесу, еліктеу, жаттықтыру, оқушының ана тілінің материалын пайдалану әдісі, техникалық құралды қолдану, сөйлеуге үйрету үшін пайдалану әдістері.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, бес бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қазақ тілі мен әдебиетін басқа ұлттарға оқыту тарихы, зерттелуі
1. 1қазақ тілі мен әдебиетін басқа ұлттарға оқыту тарихы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.
А. Байтұрсынов - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А. Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: «қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін» т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл «Әліпбидің» 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: «Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған . . . Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» («Оқу құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді . . . Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық «Әліпби» көңілдегідей болып шыққан».
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді.
«Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т. б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі.
Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары - фонетика - дыбыс туралы ғылым, морфология -- сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.
Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді.
А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді.
Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші -- сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды.
А. Байтұрсынов - қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым болды. А. Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы.
1930-31 оқу жылында 8-11 жасар балаларды міндетті бастауыш оқуға қабылдап, жаңа оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар әзірлеу қолға алынған. Осы кезде белгілі лингвист, әдіскер - ғалым Қ. Жұбанов бастауыш мектепке арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарын («Әліппе» оқулығы) және С. Жиенбаев, С. Кеңесбаев, Л. И. Воскресенская, З. Т. Позднуховтар басқа пәндерден оқулықтар жасады. Бастауыш мектептегі тілді оқыту мәселесімен қазақ тіл мен әдебиет секторларының қызметкерлері А. Садуақасов, С. Жиенбаев т. б. шұғылданды.
«Бастауыш мектеп үшін қазақ тілінен әдістемелік құрал», «Сауаттылыққа оқыту әдістемесі» атты еңбектер және С. Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту әдістемесі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» жарық көрді.
Дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістері тілдік материалдардың теориялық негіздері мен заңдарын, анықтамалары мен ережелерін меңгертумен бірге, оларды практика қажетіне жаратуға бағыт сілтейді. Мұғалім белгілі бір тілдік тақырыптардың өзіндік белгілерін ғылыми тұрғыдан сұрыптап, материалдың мазмұны мен көлеміне және әрбір өткізілетін сабақтың құрылымына сай тақырыптың оқытылу жүйесін белгілейді. Бұл мектеп бағдарламасының көлеміне негізделеді де, әр сыныптағы оқушылардың ой дәрежесі мен жас ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Мұғалім теориялық материалдарды өзі мазмұндамай, оған оқушыларды да қатыстырып, практикалық тұрғыда өздерін іздендіріп отырады. Өтілетін материалдардың өзіндік ерекшеліктері мен ондағы заңдылықтарды талдай отырып меңгертуде, әуелі тақырыптың ішкі қасиеттерін өз ара саралап, осыған лайықты дидактикалық мысалдар табуды жүктеген жөн. Осы сияқты әдістемелік жұмыс жүйесінің өтілетін материалдарының ғылыми жағын саралап, түсінуіне көмегі мол. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдырып отыру - дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістерін іске асырудағы басты мақсат. Мұның өзі дыбыс жүйесіне байланысты жазылған әдебиеттермен жұмыс істеуге пайдасын тигізеді. Сонымен дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістеріне негізінен мыналар жатады: әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру және оқулықты пайдалану әдістері.
Дыбыс жүйесінен теориялық білім пен практикалық дағды беруде, мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын анықтайтын, бірде мұғалімнің өзі түсіндіріп, бірде оқушының өзін іздендіретін әдістің бірі-әңгіме әдісі. Бұл теориялық материалдарды практикалық жұмыстармен үштастыру негізінде жүзеге асырылады. Мұны кейде мұғалімнің түсіндіруі мен оқушының жауап сөзіне қарап, сұрақ-жауап әдісі деп те атайды. Дыбыс жүйесінен өткізілетін сабақты әңгіме әдісімен жүргізгенде, оқушылардың мына сияқты дағдылары қалыптасады: олардың білім алу талабына сай, белсенділігі артады; тілдің өзіндік белгілерін дәлелдеп айтуға қызығады; тілін ширату негізінде өз сөйлемін стилистикалық жақтан дұрыс құруға бейімделеді; өз пікірінен қорытынды шығаруға үйренеді.
1955 жылы институтта «Бастауыш білім беру әдістемесі» бөлімі ашылды. Бұл жылдар Р. Әміровтың «Бастауыш мектепте сауатты оқу мен жазу әдістемесі», Ғ. Бегалиевтың «Сауатты оқыту әдістемесі», «Суретті сөздік», «Бірінші сыныпта сурет арқылы тіл дамыту», Ф. Мұсабекованың «Оқу әдістемесі», К. Бозжанованың «Сыныптан тыс оқу кітабы», Ж. Қаржаспаев, К. Бозжанованың «Жазу және көркем жазу», Ә. Сытдықовтың «Арифметика сабағын жоспарлау», Р. Әміровтың К. Бозжанованың «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту» еңбектері жарық көрді.
Осы сияқты дағдыларды қалыптастыру мақсатында сабақты әңгіме әдісімен өткенде, оған төмендегі талаптар қойылады: а) түсіндірілетін объектілер әдеби тіл жағынан мінсіз, яғни мұғалім тілі өте жатық, болуы абзал; ә) түсіндірілетін әңгімеде ой тиянақты, толық болғаны жөн; б) әңгімеге оқушының өзін қатыстырып отыру керек. Сөйтіп, мұғалім оқушы тілінің мазмұнды болуын, жауаптарының логикалық жақтан берік келуін және грамматикалық-стилистикалық жақтан мінсіздігін қадағалап отырады. Оқушылар жауап бергенде, сөздерінің анық болуы; өз түсінгендерін еркін айта білуі қажет. Бар, жоқ, мүмкін емес білмеймін, оқымадым деген сияқты бір сөзбен жауап беруге болмайды. Бір тақырыпқа байланысты берілетін сұрақтар да бірде ауыр, бірде женіл болғаны тәуір. Өйткені мұндай жұмыс түрі оқушылардың ой дәрежесін өсіруге септігін тигізеді. Мұғалім оқушы жауап бергенде мына тәрізді логикалық-психологиялық процестерге назар аударғаны жөн: бірінші - берілген сұрақтағы негізгі ойға, яғни тілдік құбылысты қаншалық ұққанын, екінші - сол сұраққа жауап беруде, оқушының өз ойын жеткізе білгенін ескеріп отыру қажет.
Сабақты өткізу әдістерінің ішінен белгілі ғалым Т. Сабыров әңгіме әдісімен өткізуде, - дидактикалық материалдардың мәні зор, - дейді. Сондықтан да мұғалім тілдік материалды түсіндіруге қажетті сөйлемдер мен тіркестерді күн ілгері сұрыптап, оқушылардың өздерін іздендіретін практикалық дағдыларды да жүйелі пайдаланады.
Оқушыларға дыбыс жүйесінен берілетін теориялық білімді меңгертуде әңгіме әдісінің құрылымы да үлкен роль атқарады. Жүргізілген тәжірибелер мен әдістемелік эксперимент жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, оның мынадай құрылы мдық элементтерден тұратындығы анықталды: Оқушылардың тілдік материалды бақылауы.
І. К. Кеңесбаев қазақ тілінің ғылыми фонетикасы жайын көптеп зерттеген. Қ. Жұбанов қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың қалай жасалатынын айта келе оны оқыту әдістеріне де біршама тоқталған.
Мұғалімнің сұрыптап алған материалдары бойынша оқушылар тілдік фактілерге көз жүгіртеді. Түсіндірілетін тақырыпқа сай көрнекі құралдар мен дидактикалық мысалдар тақтаға іліп қойылады. Оны олар дауыстап оқиды. Тілдік материалдарды оқушылардың сұрақтар негізінде меңгеруі. Бұл - көбінесе диалогтық сөйлеу формасында жүргізіледі. Өтіліп отырған тақырыптарға сәйкес мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды, оған жауап қайтарады. Сөйтіп, бұл бір мәселе жайында сұрақ беру оған жауап күту мағынасында айтылган сөйлемдер арқылы меңгертіледі. Оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтартып отырады. Мұндай жағдайда мұғалім қойылатын сұрақтың анық болуын, оған барлық оқушының түгел қатысуын, олардың жауабының дұрыс-бұрыстығын, қойылған сұраққа толық жауап беруін, көп уақыттың кетпеуін қадағалаган жөн. Ж. Адамбаева материалдың өзіндік белгілері, ішкі өзіндік заңдылықтары сұрақ-жауап процесінде оқушылардың түсінігіне, білім дәрежесіне қарай, жас және сынып ерекшеліктеріне сай алынатынын атап көрсеткен. Тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ережелер мен анықтамалар шығарылады. Әңгіме процесінде оқушыларға тілдік материалдың ережелері мен анықтамалары меңгертіледі. Тақырыпқа байланысты практикалық дағдылардың жүргізілуі. Мұғалім өтіліп отырған материалдардың күнделікті өмір қажеті үшін қаншалықты пайдалы екендігін аңғартады.
Т. Сабыровтың көрсеткен келесі бір әдісі хабарлау - қазақ тілі дыбыс жүйесін оқытуда жиі қолданылатын әдістің бірі. Дыбыс жүйесінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде тілдік материалдардың жалпы заңдылығы мен оның ішкі өзіндік белгілері нақтылы мысалдар арқылы хабарланады. Сабақты хабарлау әдісімен жүргізуде мына сияқты екі құрылымдық элементтердің сақталмайтындығы байқалады. Біріншісі - тақырыптың өзіндік белгілері сұрақтар арқылы меңгертілмейді, екіншісі - оқушылар қорытынды пікірді, яғни анықтама мен ережені, өздері шығармайды, мұғалімнің өзі айтады. Белгілі бір тақырыпқа байланысты анықтама мен ережені айтып болған соң, оқушылар сол тақырыпты көрнекі құрал мен түрлі дидактикалық мысалдар арқылы кең түсінуге мүмкіндік алады. Хабарлау әдісі оқушыларды ойландырып, алғашқы айтылған жалпы пікірден жеке ой қорытындыларын шығаруға бағыттайды. Дыбыс жүйесіне сай берілген анықтама, ережелерге және сол тақырыпқа байланысты жүргізілген практикалық дағдыларға оқушылардың өздері белсенді қатысқанда ғана өтілген тақырыпқа саналы түсінеді, оны толық меңгеріп практикада қажетіне жұмсай біледі. Енді хабарлау әдісінің өткізілу тәртібіне тоқталайық. Мысалы, мұғалім 4-сыныпта «Буын туралы түсінікті» оқытуда алдына мынадай мақсаттар қояды: буынға байланысты көрнекілікті іске асыру; буынның жалпы анықтамасын айту; буын жасауда дауысты дыбыстың қызметін байқау; буынның жеке өзіндік белгілерін таныту; буын туралы түсінікке практикалық дағдылар көрсету. Буын туралы жалпы түсінікті меңгертуде көрнекілік ретінде сынып тақтасы мен жылжымалы тақталарда мына сияқты дидактикалық мысалдар жазылып, ілініп қойылады: Халыққа, Отанға қызмет ету - ардақты іс (газеттен) . Мұғалім осы жазылған сөйлемді бірер оқушыға дауыстап оқытады. Ондағы әрбір сөзді буынға бөліп, дауысты мен дауыссыз дыбыстарды дәлелдеуге дайындық жасайды. Алдымен осы жазылған мысалдарға қарай отырып, мұғалім анықтамасын айтады.
Тәжірибе әдісі Ш. Әуелбаевтың еңбегінде қазақ тілі дыбыс жүйесін оқытуда жиі қолданылады. Бұл әдіс дыбыс жүйесі материалдарын тікелей көрсету негізінде жасалады. Сондықтан да дыбыс заңдылықтарының жасалу жолдарын көрсетуде мына сияқты көрнекіліктерге назар аударылады: 1) дыбыстардың жасалуын дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қөрсету; 2) дыбыстардың өзіндік белгілерін көрнекілік бойынша дәлелдеу; 3) дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін фонетикалық материалдар негізінде дәлелдеу.
Мемлекеттік білім стандартында тілді үйретуге байланысты А. Байтұрсыновтың мынадай қағадилары басшылыққа алынып отыр:
- тілдік материалдарды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту.
- тілді оқытуда халық ауыз әдебиетінің материалдары мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең-жыр, қызық әңгімелердің маңызды орын алуы.
- оқушыларға арналған материалдар аса түсінікті болуы.
- мәтіндер, көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының халықтың ұғымына таныс, жақсы болуы.
- тілді оқытуда тул ұстартуға, көркемдеуге ден қою.
- оқушылардың жазба тілін, сөйлесу тілін дамытуға баса назар аудару.
Қорыта айтқанда, А. Байтұрсынов еңбектерінің қазақ тілі әдістемесін дамытуда зор маңызы болды.
А. Байтұрсыновтың замандасы Телжан Шонанұлы 1931 жылды “Орыстар үшін қазақша әліппе” оқулығын жазды. Латын тілінде жазылған бұл әліппе 1 жылдық оқу құралы деп саналған.
ХХ ғасырдың төртінші он жылдығынан бастап әдістеме қолға алынып, біршама еңбектер жарық көре бастады. Тіл мамандарының кеңес өкіметі тұсындағы зерттеулері мектепке керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан басталады. Мысалы, 20-30 жылдар арасында тіл мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары (грамматикалар), сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz