ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Оқыту орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін жаңаша оқыту әдістемесі . . . 5
2 Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың интерактивтік әдіс-тәсілдері
2. 1 Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда қолданылатын тірек сызбалар . . . 17
Қорытынды . . . 34
Пайдаланылған әдебиет . . . 36
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тілін ұлттық мектептерде оқыту әдістемесі - қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары мен тәсілдерін, қазақша дұрыс сөйлеу, тіл мәдениетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін баяндайтын педагогикалық ғылым. Қоғам дамуының қазіргі жағдайында қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының мәселелері бар. Солардың бірі ұлттық мектептерде қазақ тілін оқытуда қолданылатын дидактикалық принциптерді анықтау, оқытуда қолданылатын тірек сызбалар мен мәнерлеп оқуға төселту жұмыстарын анықтауды жұмыстың өзектілігі етіп алып отырмыз.
Зерттеу нысаны. Ұлттық мектептерде қазақ тілін оқытуда жаңаша әдіс-тәсілдер.
Зерттеу пәні. Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Жұмыстың негізгі мақсаты - ұлттық мектептерде қазақ тілін оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерін анықтау. Аталған мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- Ұлттық мектептерде қазақ тілін оқытудың жаңаша әдістерін анықтау;
- Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда қолданылатын интерактивті әдістерді анықтау;
- Ұлттық мектептерде қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын тірек сызбаларды талдау.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ұлттық мектептерде қазақ тілі әдебиетін оқытудың ерекшеліктерін анықтап, оқытудың жаңаша әдістерін, интерактивті әдістерді, тірек сызбалардың ерекшеліктері талданды.
Курстық жұмыстың дереккөздері. Зерттеудің дереккөздері ретінде ғылыми-теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды. Соның ішінде, Оралбаева Н., Жақсылықова К., Рахметова С., Қадашева Қ., т. б тілші мамандардың, әдіскерлердің еңбектерін атауға болады.
Зерттеу әдістері. Ұлттық мектептерде қазақ тілін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін анықтау барысында, олардың құрылымын қарастыруда сипаттама әдіс, салыстырмалы әдіс, талдау, т. б. әдістер қолданылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Аталмыш жұмыстың нәтижелерін “Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері” мен «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» арнайы курстарында көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Бұл жұмыс, яғни ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін анықтау және тірек сызбаларын анықтап тану осы саланың теориялық негізіне аз да болса үлес болып қосылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе және негізгі мәселелерді қамтитын екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
1 ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.
Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кезкелген пәнді ұғындырудың тиімді жолы - жаңа технология негіздері болып табылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз.
Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М. Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж. Қараев), әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н. Оразақынова) т. б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде.
Мұндай әдіс-тәсілдер мен оқытудың жаңа технологиялары туралы арнайы еңбектер мен ғылыми-әдістемелік тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі курстар мен білім сатысы оқулары арқылы мұғалімдердің әдіскерлік шеберліктерін ұштауларына мүмкіндіктер мол. Сондықтан түпкі нәтижені таңдаудың, оны мақсатқа сай ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру - мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. Оқыту әрекетінде жеке, топтық, ұжымдық жұмыстарды оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді түрде жүргізудің қажеттілігі осыдан туындайды.
Қазіргі заманның әлеуметтік экономикалық жағдайында оқушылардың білім деңгейін көтеру белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның өзін-өзі жан - жақты танып білуі мен қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған. Осыған орай оқушылардың білімін тереңдету мақсатында колледжімізде жаңа технологиялық бағдарламалар қосылуда.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін енгізіп жүрсе, білім сапасына елеулі әсер етеді. Кез келген сабақты қызықты өткізу үшін әрбір ұстаз жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал.
Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсақ, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т. б.
Тіл тағдыры - ел тағдырына айналып отырған қазіргі қазақ тілінің кінәратты жағдайында оқушы бойында мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, қазақ тілі арқылы жасалған ойдың кестелі өрнектеріне үңілтіп, ауызша, жазбаша сөздік қорларын молайтуға, шығармашылық қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын тереңдетіп, мемлекеттік тіліміздің қолдану аясын кеңейту. Тіл туралы заңды жүзеге асыруға барынша қолғабыс ету - әрбір қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің міндеті болуға тиіс. Ал қоғамымыздағы мұғалім алдында тұрған міндет - сапалы білімді, саналы тәрбиелі, экономикалық ойлауы дамыған, жалпы адамзаттық құндылықты меңгеруде шығармашылық, іскерлік пен дағдысы қалыптасқан, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру екені белгілі.
Елбасының «Қазақстанның болашағы - мемлекеттік тілінде» атты жолдауын іске асыруға Қазақстан азаматтарының әрқайсысы үлес қосуға міндетті, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері тіл жанашырлары қатарынан орын алатындықтан, тапжылмай еңбек етіп үлестерін қосуға міндетті.
Жоғарыда айтылғандарды ескере келсек, қазақ тілін оқытуға қойылатын талап- тілектердің бүгінгі күнде жаңарып отырғанын аңғарамыз.
Ұлт мектебінде қазақ тілі мен әдебиетін үйрететін ұстаз үшін басты мақсат - өзге ұлттың баласын мемлекеттік тілде сөйлету. Қазақ сөзінің құдіреттілігін, сырын сезіндіру, тіл үйренуге ынталандыру. Шәкірт талабын шыңдау қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміне үлкен жауапкершілік жүктейтіні рас. Осы жауапкершілікті іске асыру үшін барлығымыз да алдымызға өз міндеттерімізді қойып, оны шешуге тырысамыз, түрлі әдіс- тәсілдерді, жаңа технологияларды қолданамыз. Осылдарды ескере отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында тілді үйретудің тиімді, нәтижелі әдістерін үнемі іздестіріп жүремін. Орыс сыныптарында қазақ тілін үйрету және үйрету барысында мынадай міндеттер қоюға болады:
- орыс мектептеріндегі балаларға тілді үйрену жеңілдеу болу мақсатында тілдің күнделікті практикалық жағын қарастыру;
- қазақ тілі сабағында оқушының ауызша, жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру, сөз байлығын молайту;
- шығармашылықпен жұмыс істеуге, үнемі өз бетімен ізденуге дағдыландыру;
- оқушылардың тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру.
Орыс мектептерінде қазақ тілі сабақтарында қай сыныпта болса да, көрнекілікті қолданған артық етпейді. Себебі көзбен көріп, қолмен ұстаған жылдамырақ, әрі ұзаққа есте сақталады. Сондықтан тиімді әдіс- тәсілдердің бірі - көрнекілікпен жұмыс деуге болады.
Күнделікті ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сабаққа қажетті заттардың атауларымен танысып, олардың көмегімен сұрақ-жауап құрастырады. Бұл тапсырмалар жас ерекшеліктеріне байланысты құрастырылады. Мысалы, «Менің отбасым», «Мектеп», «Сабақ», «Менің досым», «Менің сүйікті кином» т. б. шағын тақырыптарға мәтіндер, қысқаша әңгімелер құрастырады және әңгімелеуге дағдыланады. Және де оқушылардың ауызша- жазбаша тілін дамытуда менің қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерім мен жұмыс түрлері мынадай:
А) шығармашылық тапсырмалар
Ә) комплексті түрдегі үй тапсырмалары
Б) проблемалық сұрақтар.
В) ситуациялық тапсырмалар
Г) ойын элементтері
Ғ) деңгейлік тапсырмалар
Д) СТО технологиясы элементтері.
Шығармашылық жұмыс түрлеріне келсек, балалардың ойын қиялын дамытатын әңгімелер жаздыру, диологтар, ребустар, тест сұрақтарын құрастырту т. с. с.
Бастауыш сыныптарда сурет бойынша сөйлемдер құруға болады. Мысалы: жыл мезгілдеріне байланысты, жемістер, азық-түліктер, жануарлар т. б. тақырыптар көп. Немесе тірек сөздер беру арқылы сөйлемдер не әңгімелер құрастырады.
1слайд
Көктем, жер, ағаш, жапырақ, ериді, гүлдейді, жылы, көгереді т. б.
Мысалы, Көктем келді. Күн жылы болады. Қар ериді. Осындай сөйлемдерді оқушылар өздері құра бастайды.
Ал ортаңғы буындарда «Менің Отаным», «Қазақстан байлықтары», Қазақстан республикасының төл мерекелері», «Мен таңдаған мамандық» т. с. с.
Оқушылардың сөздік қорларын молайту үшін және жадында сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту үшін берілген мәтіндерге ат қойғызу, мәтіндегі сөйлемдермен сұрақтар құру, аудару, мәтінді мазмұндау, мәтінге қатысты жаңа сөздермен сөйлемдер, сөз тіркестерін құру сияқты жұмыстар жүргізуге болады.
Жаңа сөздермен мынадай жұмыс түрлерін өткізуге болады:
- Балардың есте сақтау қабілеттері қаншалықты дәрежеде екенін тексеру жұмысы.
Төмедегі берілген сөздерді оқып танысамыз, сөйлемдер, сөз тіркестерін құрып болғаннан соң 1 минут уақыт беріледі. Балалар сол 1 минут ішінде есте қалған жаңа сөздерін жазады. Сонан соң балалар дәптерлерімен алмасады, сөздерді санап, қанша екенін, қаншасы қате жазылғанын хабарлайды. Мәтінмен жұмыс жасап болған соң, осы тапсырманы тағы қайталауға болады.
2 слайд
Сан алуан - бесчиленное множество Долана - боярышник
Ағады - течет Шіл - куропатка
Тіркеу регистрировать Қорғау - защищать
Жусан - полынь
Сыныпішілік мүшәйра өткізу. Сыныптағы шығармашылық қабілеті байқалып жүрген оқушының әңгімелерін оқытып, оқушыларға таныс етіп, баға беріп, бағыт-бағдар сілтемелер жасау сияқты шығармашылық жұмыстарын жасуға әбден болады. Бұл жұмыс түрін тіл дамыту сабақтарында пайдалануға болады.
Амонашивилидің ситуациялық -рөлдік ойындары.
Мәселен, «Дүкенде», «Аялдамада», «Автобуста», «Кітапханада»», «Саябақта» т. б. тақырыптарда диолог түрінде әңгімелесулер өткізу. Әр сабақ үстінде әр тақырыпқа байланысты 3-4 жұптан сұрап тұрған артық етпейді. Ол оқушылардың тілдерін жаттықтырып, олрды жүйелі сөйлеуге дағдыландыра түседі.
Комплексті түрдегі үй тапсырмалары. Мұнда өтілген материалдармен байланыстырып және оқушылардың өздері ізденетіндей етіп тапсырма беріледі.
Мысалы, өтілген материалдар бойынша тест сұрақтарын құрастыру немесе тек сұрақтар әзірлеу. Не болмаса белгілі адамдарға байланысты болса, басқаша қырынан іздеу. Мыс, Ш. Уәлиханов - зерттеуші ғалым екенін білеміз. Оның суретшілігі туралы не білеміз? деген сияқты тапсырмалар.
Грамматикалық тапсырмалар. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, шапшаңдыққа үйрету, сауаттылығын тексеру мақсатында осындай тапсырмалар беремін. Мысалы, осындай буынға бөлінген бос тор көздер беріп, сөз құрап жазуға беруге болады. Бұнда оқушылар сөздік қорларын, буынға сауатты бөліп жазу сияқты білімділіктерін шыңдайды, еске түсіру, ойлау қабілеттері арта түседі.
3 -слайд
Қ
А
Л
А
О
Т
Ойын элементтері арқылы оқыту оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттырады. Әсіресе бастауыш сыныптар мен орта буындарда жиі қолдануға болады. Оларға тоқталар болсақ: «Домино», «Кім жылдам», «Алтын балық», «Ойлан, тап», «Жұмбақ айтысы», «Мақал сайысы», «Сөзжұмбақтар», қызықты грамматикалық тапсырмалар, «Әрі ойын, әрі оқу», «Тізбек», «Лото», «Брейнг- ринг», «XXI ғасыр - көшбасшысы» т. б.
Ойын оқушының сабаққа қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, алуан мәлімет дағды мен ерлікті меңгереді. Көбіне қайталау, қорытынды сабақтарда қолдануға тиімді. Осылардың бір- екеуіне тоқтала кетейік.
Мысалы, Жалғасын тауып айт (Лото ) ойынында оқушыларға көлемі 6*12см тең төрт торкөзге бөлінген 5 кесте дайындап келу тапсырылады. Оған қосымша мөлшерде 3*6см үлестірме қағаздар дайындалады. Үлестірме қағазға тұрақты сөз тіркестерінің немесе мақал-мәтелдердің басқы сөздері жазылады, ал кесте клеткаларына жалғасын оқушылар толтырады. Бастаушы бала үлестірме қағаз кестелерді араластырып, онда жазылған сөзді дауыстап оқиды. Сөйлемнің екінші бөлігін тапқан бала сөйлемді түгел оқиды да, үлестірме қағазды алып, кестеге тиісті клетканы жабады.
Мысалы: 4- слайд
тік
тұру
Бастауыш бала: төбе шашы деп басын оқиды. Тік тұру деп жалғасын тапқан бала сөйлемді түгел оқып, торкөзді жабады.
« Тізбек» ойыны. Берілген зат есімнің соңғы дыбысынан басталатын басқа зат есім тауып айту тапсырылады. Мысалы, бірінші бала «қала» десе, келесі «алма » деп жалғастырып алып кетеді.
Деңгейлік тапсырмалар . Деңгейлік тапсырамаларды әр тақырыпты өткен кейінгі жұмыстарда, бекіту сәттерінде де пайдалануға болады. Оқушының жаңа сабақты меңгеру дегейін анықтай аламыз.
1деңгей. Барлығына бірдей міндетті деңгей. Мұнда жаңа сабақ бойынша жеңіл, қарапайым сұрақтар беріледі. Мысалы: бастауышта «Жемістер» тақырыбы бойынша.
1 деңгей. Жемістерді жаз.
2 деңгей. Жемістерді қатыстырып, 10 сөз тіркесін жаз. (Дәмді алмұрт, қызыл алма т. б. ) 2 деңгейдің тапсырмасының өзіне барлық оқушы толық жауап жаза алмауы мүмкін.
3 деңгей. «Жемістердің пайдасы» тақырыбына 3-4 сөйлем құра. Сабақтың соңында 15-20 минуттық тапсырма ретінде беріледі. Дәптерлері жиналып алынып тексеріледі. Бұл әдіс барлық кластарда сабақ тақырыптарына байланысты қолданыла беріледі. Мұнда оқушылардың сауаттылығы, нақтылығы, өзіндік ойы аңғарылады. Жаңа сабақты қаншалықты игергені және жалпы білім деңгейі қаншалықты екені де байқалады.
СТО технологиясының топтастыру, кластер, кубизм, Венн диаграммасы, сейнквейн сияқты әдістерін де қолданамын.
Топтастыру немес ассосация дейміз. Бұл элементті жаңа сабақты өтер алдында немсес бекіту сәтінде қолданған ұтымды. Жаңа сабақты өтер алдында өткізсек, балалардың өткелі тұрған тақырыптан хабары қаншалықты дәрежеде екені, не белгілі, не белгісіз екені аңғарылады. Ал осы элементті жаңа тақырыпты бекіту және қайталау сабағында қолданып, оқушылардың өткен тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеріп, екі кезеңдегі (жаңа тақырып пен бекіту кезеңі) білімдерін салыстырып сараптауға болады.
Венн диаграммасы топпен жұмыс кезінде сәттірек шығады. Вен диаграммасы жыл мезгілдерін, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын, аңдар мен үй жануарлары, қорықтар, сөз таптары, септіктер сияқты тақырыптарды өткенде, салыстырулар жасап, олардың айырмашылығы мен ұқсастықтарын табуға белсене араласады.
Мысалы:
6-слайд
Қ. Сәтбаев. ортақ Т. Әубәкіров
1899 - Еңбек ерлері 1946ж
1964 зерттеуші, туылған.
Алғашқы кемеңгер тұңғыш қазақ
академик қайраткері
қоғам ғарышкері
Сэнквейн топпен, жеке жұмыстарда да қолданыла береді. Тек жеке жұмыста сөздік қоры нашар балалрға қиындау соғады. Ондай оқушылар синоним, етістіктер қатарын табуға қиналады және орфографиялық қателерді көп жібереді. Бір жағынан жеке жұмыста балалардың сауаттылық деңгейі көзге көрініп тұрады. Сол себепті оларды бағалау қиынға соқпайды. Ал жұптаса, топтаса жұмыс жасағанда сауаттылықтары жоғары болады. Бұл элементті үй тапсырмасын бергенде, бекіту бөлімінде, сайыс сабақтарда қолданғанды жөн санаймын. Мамандықтар тақырыбын өткенде үнемі қоланамын. Балаалрды ізденуге, ойлануға жетелейді.
Сабақтарда жиі қолданып жүрген тиімді деген әдістерге қысқаша тоқталып өтейік. Жұмыс түрлері өте көп. Мақсат-міндеттерімді шешуге тырысып бағудамын.
Орыс мектептеріндегі оқушылар үшін 45 минутта қазақ тілін игеріп кету мүмкін емес.
Сондықтан да үйренушілердің қызығушылын оятып, талпынысын арттырып отыруымыз керек.
Біздің оқытудағы негізгі міндетіміз - сабақта бар шеберлігімізді аямай, тілді игеріп кетуге бар күшімізді салып, оқушыларға бағыт- бағдар бреіп отыру. Әрі қарай жалғастыру, білімдерін жетілдіре түсу оқушылардың ізденімпаздығынан, білмегенді білуге деген құштарлығынан туатын жағдай.
Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту - ұлттық мектептерде қазақ тілінде оқи, жаза, түсіне, сөйлесе білуге үйрету, дағдыландыру.
Ұлттық мектептерде оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетінен тиянақты да берік білім беруде мұғалімдердің ескеретін жұмыстары көп. Қазақ әдебиетіне байланысты таңдалған материалдардың көлемі мен жүйесіне қарай білім беруде, мұғалім білім беру әдістерінің ең құнды, ең тиімді түрлерін пайдаланады. Сондықтан қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде мұғалім дидактикалық принциптер мен методикалық заңдылықтарға сүйенеді. Біріншісі - оқушылардың қазақ әдебиетінен материалдарын жете меңгеру процесі. Мұны оқушылардың оқу материалдарын саналы түсінуі, оған оқушының белсенді қатысуы арқылы анықтауға болады. Екіншісі - оқу материалдарын үйрету процесі. Мұнда сабақты көрнекі, жүйелі түсінуге оңай етіп құру ең қасиетті міндет болып табылады.
Оқушыдағы осы сезімді ояту - мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс - тәсілдерді орнымен қолдану қажет. Оқушыларға берілетін мәліметтер төмендегі талаптарға сәйкес болуы қажет:
А) Меңгерілетін объектінің термині, мәтіні анық болуы қажет.
Ә) Қазақ әдебиетінен берілетін тақырыптардың дәлдігі талап етіледі.
Б) Әдеби тақырыптардың өзіндік белгілері сараланып алынуы тиіс.
В) Қазақ әдебиетінен берілетін материалдардың анықтамалары мен ережелері дәл болуы тиіс.
3) Көрнекілік принципі. Оқушыларға қазақ әдебиеті материалдарын анық, дәл түсіндіруде іске асырылатын принциптің бірі - көрнекілік принципі. Бұл принцип әдебиетті оқытуда, оқушылардың дыбыс жүйесіндегі білімі мен дағдыларын, әрі қарай нығайту үшін, және оны жете меңерту үшін ерекше қызмет атқарады. К. Д. Ушинский «таныс емес сөзді бес сөзді қаншама қайталап қиналатын оқушы сурет арқылы көрсетілген 20 сөзді ілезде үйреніп алады» деп бекер айтпаған. Он рет қайталап айтқанмен, бір рет нақтылай көрсеткеннің пайдасы бар екеніне ешкім де таласпайды. Сондықтан мұғалім қазақ әдебиеті сабағында көрнекілікті өте ұтымды қолданылуы қажет. Көрнекі құралдар оқушыны қызықтыру қызметін де атқарады. Ол оқушы зейінін ұйымдастыруда да маңызды. Сонымен бірге әрі көру, әрі есту, әрі ойлау сияқты бірнеше сезіну түрлерінің қатысы тілдік мәліметтің ұзақ сақталуына әсер етеді. Әр сабақ сайын көрнекі құралдар пайдаланылады. Қазақ әдебиеті сабағында мынадай көрнекілік түрлері іске асырылады: кесте, схема, плакат, сурет, анықтағыш дәптер т. б. және де техникалық құралдар. Жалпы көрнекілік: 1) сөйлем әрекетінде берілетін білімнің дәл, анық болуын қамтамасыз етеді; 2) оқушылардың әдебиетке деген құмарлығын асырады; 5) олардың бақылағыштық және сенімділік қабілетін арттырады [1, 26-27бб. ] .
«Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз». Нұрсұлтан Назарбаев
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz