ӨЗГЕ ҰЛТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ БҮГІНГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ӨЗГЕ ҰЛТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ БҮГІНГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 31 Өзге ұлт мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың бүгінгі технологиялары . . . 5

2 Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер . . . 18

2. 1 Сабақ жоспары . . . 29

Қорытынды . . . 38

Пайдаланылған әдебиет . . . 40

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің оқытылуына ерекше мән беріліп отыр. Орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың басты мақсаты - оқушыларды осы тілде ауызекі сөйлеуге үйрету, қазақ тілін сөйлесу құралын айналдыру. Осыған жету үшін оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттыруымыз керек. Өзге ұлт мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың бүгінгі технологиялары анықтау жұмысымыздың өзектілігі болып алынады.

Зерттеу жұмысының нысаны. Өзге ұлт мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың бүгінгі технологиялары.

Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - Өзге ұлт мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың бүгінгі технологиялары. Осы мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттер қойылды:

Қазақ тілі сабағын қызықты да, пайдалы өткізу үшін қазіргі жаңа технологияларды пайдалану қажеттілігін анықтау; Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістерді айқындау. Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысына А. Е. Әбілқасымова, Р. С. Омарова, С. Ахметова, Қ. Бітібаева, Т. Акшолақов, М. Жанпейісова, т. б. ғалымдардың зерттеу еңбектері, теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми жаналығы. Жұмысты жазу барысында мына жаңалықтарға қол жетті:

Қазақ тілі сабағын қызықты да, пайдалы өткізу үшін қазіргі жаңа технологияларды пайдалану қажеттілігін анықталады; Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер айқындалады. Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Курстық жұмыс нәтижелері «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне «Ұлттық мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері» пәнінен практикалық сабақтарға көмекші материал бола алады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

Қазақ тілі сабағын қызықты да, пайдалы өткізу үшін қазіргі жаңа технологияларды пайдалану қажеттілігін анықталады; Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер айқындалады. Зерттеу әдістері. Жұмысты жазу барысында тілдік әдіс-тәсілдерді белгілеудегі негізге алынған сипаттамалы әдіс, салыстыру, сұрақ-жауап әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

ӨЗГЕ ҰЛТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ БҮГІНГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Тіл туралы заңға сәйкес республикада мемлекеттік тіл - қазақ тілін дамыту, қоғамдық ортада оның әлеуметтік қолдану аясын кеңейту, республикада тұратын түрлі ұлттардың қарым - қатынас құралына айналдыру мақсатында көптеген маңызды істер жүзеге асырылады. Соның бірі - ұлт мектептерінде, әсіресі, орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің оқытылуына ерекше мән беріліп отыр. Орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың басты мақсаты - оқушыларды осы тілде ауызекі сөйлеуге үйрету, қазақ тілін сөйлесу құралын айналдыру. Осыған жету үшін оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттыруымыз керек. Қоғамымызда болып жатқан үрдістерге байланысты болса керек, бүгінгі оқушы жастарымыздың негізі - прагматиктер. Олардың санасында: «Маған қазақ тілі пәнін оқу не үшін керек, пайдасы бар ма? » - деген ой тұрады. Сондықтан тіліміздің қоғамдағы мән - маңызының қандай екенін, болашағы туралы жан - жақты түсіндіру - мұғалімнің міндеті. Қазақ тілі оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында күнделікті өміріне қажетіне жарайтында білім бере алатын аса білікті пәндердің қатарынан орын алуға тиіс. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың мақсаты - коммуникативтік, тілдік мәдени - танымдық біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік - коммуникативтік қызметінің негіздерін меңгеру мақсатында мынадай міндеттерді шешу қажет: Қазақ тілінде сөйлеу және жазу икемі мен дағдыларын қалыптастыру, яғни коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру. Қазақ тілінің тілдік білім негіздерінің жүйесін танып білу, яғни тілдік біліктілікті қалыптастыру. Қазақ халқының мекенін, тарихын, рухани және материалдық мәдениетін, тұрмысын таныту, яғни тарихи - мәдени таным біліктілігін қалыптастыруды көздейді. Қазақ тілін оқыту үрдісіне коммуникативтік бағыт бере отырып, қазақ тілінен алынған білімін іс жүзінде, жоғары оқу орындарында, еңбек ету барысында пайдалана білу, ісіне асыру. Ауызекі сөйлеу тілін білген адам оны өзінің кәсіби құзыры деңгейінде арнайы Әдебиеттерінде оқуға, хабар алмасуға және кәсіптік іскерлігін жетілдіру мақсатында пайдалана алады. Қос тілді қатар қолдану қоғамында өмір сүргендіктен, дәрігер мұғалім және басқа да мамандық иелері өздерінің кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде атқару үшін тілді білу керек. Қазақ тілін оқып - үйрену үрдісінде қазақ халқының тарихын, әдебиетін, әдет-ғұрпын, салтын, ғылымын, ән-күйін, кескін өнерін, қол өнерін, сөз өнерін, ғалымдарын, ақын жазушыларын, еңбек адамдарын, кітап оқу арқылы танып білетін болады. Тілін үйреніп отырған халықтың тарихи ескерткіштерін, тұрмыс жағдайын білуге деген зейіні артады. Қазақ тілі сабағын қызықты да, пайдалы өткізу үшін қазіргі жаңа технологияларды пайдалан қажет. Олар: Дөңгелек тапсырмалар Проблемалық оқыту Ұжымдық оқыту, т. б. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің өзіне тән әдістері бар. Олар: - сұрақ-жауап; - суретті немеесе көрнекілікті пайдалану; - аударма; - сөйлем немесе сөз тіркесін толықтыру; - мәтін бойынша әңгімелесу; - тест сауалдарымен жұмыс; - деігейлік тапсырмалармен жұмыс; - мақал - мәтелдер жарысы; - өлең - тақпақтар жарысы; - сөзжұмбақты шешу, т. б. Сабақ жоспарын дайындағанда, ондағы оқушылардың жұмыс түрлерін жоспарлағанда әр мұғалім, әрине, олардың жеке қабілеттерін, жас ерекшеліктерін есепке алады. Аударма әдісін басқа тіл оқытудағы дәстүрлі және қарапайым әдіс деп айтуға болады. Оқушының сөйлеу мәнерін, сауатты жазуға үйретпесе де, аталған әдістің өзінің жағымды жақтары бар. Мәтінді аудару үшін оқушы оны оқып шығады - оқу техникасы қалыптасады, сөйлем құрылысын меңгереді, жаңа сөздерді есіне алу арқылы сөздік қорын дамытады, логикалық ойлауы да дамиды. Сөйлем және сөзді толықтыру әдісі оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мысалы, 5 - сыныпта «Күз» модулін өткенде осы тақырыпқа сөйлем толықтыру тапсырмаларын беруге болады: Күзде ауа райы . . . болады. Ағаш жапырақтары . . . Жиі - жиі . . . жауады. Солтүстіктен суық . . . соғады. Мәтінге сұрақ қою арқылы оның мазмұны бойынша әңгімелесу оқушылардың тілін жаттықтырады, ойды дұрыс және толық жеткізуге үйретеді. Осы жұмысты түрлендіру мақсатында сұрақтарды мұғалім де оқушылар да қояды. Олар бір - біріне сұрақ қойып, жауап береді, қажет болса, жауапты толықтырады. Жұмыстың осындай түрі оқушыларға ұнайды, сондықтан олар белсенді түрде қатысады. Мақал - мәтелдер, өлең - тақпақтар жарыс оқушылардың есін дамытады, тілін жаттықтырады, мәнерлеп оқуға дағдыландырады, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелейді. Осы жарыстарды топпен өткізуге тиімді, балалар бір - бірімен кеңесіп дұрыс жауап береді. Екі топқа тапсырма беріледі: белгілі бір тақырыпқа мақал - мәтелдерді айту немесе мақалды аяқтау, мысалы, «Оқу - білім бұлағы . . . » Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және уақытты ұтымды өткізуіне тірек сызбаның әсері зор. Тірек сызбалар - негізінде барлық оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тәсілдің бірі. Тірек сызбалар жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі. Негізінде орташа оқитын оқушыларға пайдаланған өте тиімді: себебі олар схема бойынша сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады еңбектенуге талпынады. Тірек сызба бере отырып, сұхбат құрғызу орыс тілді балаларға қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, ойлау қабілеттерін арттырып, сөйлемдер құрастыра үйретуге мүмкіндік береді. Тірек сызбаны пайдалану оқушыны сөйлеу ғана емес, олардың оқу - таным белсенділігін арттыру, ой - өрісін кеңейту үшін қажет. Мұндай тірек схемалардың тиімділігі, біріншіден, түгел сыныптағы оқушыларды қамтиды, екіншіден, сөйлем құрастыруға, сұрақ қойып, оған жауап беруге көмектеседі, үшіншіден, әңгіме құрастырып, оны әңгімелеп беруге үйренеді және есінде сақтауға ықпалын тигізеді, төртіншіден, оқушыны пәнге қызықтырады, ынтасын арттырады және мұғалімге сенімді көмекші Осы арқылы оқушылар қиын тақырыпты жеңіл меңгереді, үлгерімі нашар оқушылар да белсенділік арттырады. «Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қоғамымызда халықтар арасында ізгілік қатынасты, келісімділікті нығайтуға қызмет етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттігін, территория тұтастығын, халықтар достығын, Ата заңын, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үндей отырып, оқушылар бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастырады», деп қазақ тілі стандартында көрсетілген. Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» деген еңбегінде былай дейді: «Қазақтың ұлттық тұтастануы үшін табан тірейтін негізгі ғұмыр - мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамыту . . . Дауға салса - алмастай қиған, сезімге салса - қырандай қалқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байыры, әрі мәңгі жас, отты де ойнақы Ана тілінен артық бұл дүниеде қымбат не бар екен? » Сонымен, мемлекеттік тілді оқыту қазақ халқының тарихымен, қайталанбас өзіндік мәдениетімен, тарихымен тағы басқа жақсы қасиеттерімен таныстырумен ұштастыра жүргізілсе, жаңалық пен жақсылыққа жаны құмар, ең алдымен, ұлты басқа балалардың қазақ тілі сабағына ынта - ықыласын, арттырады, қызықтырады [1, 12б. ] .

Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі - дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.

Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік) .

Енді осылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталайық:

1. Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту.

Оның дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс-тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана

Отырып түсіндіру жатады.

Оқушылардың негізгі іс-әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:

- Уақытты үнемдейді;

- Мұғалім мен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;

- Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;

- Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

- Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:

- Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы,

- Шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі;

- Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.

2. Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту

Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б. Скиннер, Н. Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.

Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.

Оқытудың бұл түріне негіз болған оу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.

Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.

Бұл оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады, негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң бағаланылады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең қолданылуда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады.

Оқу бағдарламасы оқыту алгоритміне негізделген. Алгоритм-дұрыс жауапқа жетелейтін бірізді ақыл-ой және оқу іс-әрекеттерінің жүйесі. Білім мен біліктерді толық меңгеру үшін алгоритм оқушыларға оқу әрекетінің құрамы мен орындау тәртібін белгілейді. Оқу бағдарламасын құрастырудан алдын-ала оқу барысын басқару үшін алгоритм жасалынады. Алгоритм сапасы компьютерлік оқытудың сапасына тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, компьютерлік оқытудың сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тәуелді.

Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:

- Оқу материалының бөлшектелінуі,

- Оқушының белсенді өзіндік жұмысы,

- Тұрақты тексеру,

- Оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,

- Техникалық оқыту құралдарын пайдалану.

- Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:

- Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді,

- Мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.

3. Проблемалық оқыту

Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу.

Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық ұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, "жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді” [2, 33б. ] .

Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп

аталады.

Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек.

Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою - проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі. Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!” деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.

Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс

арқылы шешу талап етіледі.

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге

қатар қолданылады.

Оқыту әдістері

Тақырыптың жоспары:

Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым. Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы. Оқушыларға білім беретін дерек көздеріне сәйкес топтастырылған әдістер: сөздік әдістері, көрнекілік әдістері, тәжірибелік әдістер. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру туралы көзқарасқа сүйеніп жіктелген әдістер. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері. Импрессия және экспрессия. Ынталандыру әдістері. Ойын - оқыту әдісі. Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі. 1. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.

Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Оқыту тәсілдерінің түрлері:

• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;

• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;

• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;

• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқарутәсілдері. Сонымен, тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістіңжүзеге асуына көмектеседі.

Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.

Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.

2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.

IX ғасырдың 20-30 жылдарында Б. Е. Райков, К. П. Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н. М. Верзилин, Е. Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.

М. А. Данилов (1899-1973), Б. П. Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген. И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді. Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі.

Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді.

Ю. К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.

М. И. Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің алғашқы қадамдары
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН БАСҚА ҰЛТТАРҒА ОҚЫТУ ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
ТІЛ ҮЙРЕНУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық әрекет
Орта мектепте етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz