Халықтың орналасуы. Урбандалу



Жоспары:

1. Халықтың қоныстануы

2. Урбанизация

3. Халықтың саны және ұдайы өсуі.

4. Қазақстан халқының орналасуы
4.1. Халықтың орналасуы
4.2. Урбанизация

Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Халықтың орналасуы. Урбандалу

Жоспары:

1. Халықтың қоныстануы

2. Урбанизация

3. Халықтың саны және ұдайы өсуі.

4. Қазақстан халқының орналасуы
4.1. Халықтың орналасуы
4.2. Урбанизация

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Халықтың қоныстануы — халықтың аумақ бойынша бөлінуі және қайта
бөліну үдерісі мен оның нәтижесіндегі қоныстар желісі. Халықтың қоныстануы
ұғымы халықтың орналасуын, елді мекендердің атқарымдық аумақтық өзара
байланыстарын, халықтың көші-қонын (қоныс аударуын, маусымдық және
қатынамалы көші-қонын) қамтиды. Халықтың қоныстануы — күрделі әлеуметтік-
экономикалық үдеріс, сондықтан ол социологияның, демографияның, халық
географиясының, этнографияның, қала құрылысының, басқа да ғылымдардың
тақырыбы болып табылады. Социология Халықтың қоныстануын қоғамды
ұйымдастырудың кеңістікті нысаны ретінде зерттейді. Демография халықтың
тіршілік ету аумағы бойынша бөлінуі және қайта бөлінуі үдерісін зерделейді.
География Халықтың қоныстануын табиғат ортасымен ықпалдастықта қарастырады;
халық бұл орайда қоныстардың белгілі бір экон.-геогр. параметрлері бар
желілерінің қалыптасуының аса маңызды факторы ретінде зерттеледі. Тарихи-
геогр. көзқарас адамның қоныстарды игеру тарихын қадағалауға мүмкіндік
береді. Халықтың қоныстануының халықтардың рухани және материалдық
мәдениетінің қалыптасуына және бір-біріне дендеп енуіне ықпал етуін
этнография зерделейді. Қала құрылысы тәсілі аумағы әр түрлі елді
мекендердің орналасуын және өндіріс орындарына, көлік жолдарына, табиғат
ортасына және бір-біріне қатынасы бойынша атқарымдық тұрпатын, халықтың
елді мекендердің ішінде еңбек ететін жерлеріне, мәдени-тұрмыстық қызмет
көрсету кәсіпорындарына, демалыс аймақтарына және қала құрылысының басқа да
элементтеріне қарай бөлінуін зерттеу кезінде қолданылады. Халықтың
қоныстануының басты заңдылығы — қоныстану нысандарының экономиканың даму
деңгейіне сай келуі. Алғашқы қауымдық қоғамға аумақтарға қоныс тебудің баяу
жүруі тән. Бұл орайда қоғамның әрбір мүшесі үшін біршама көп жерді
пайдалану қажет болды, мұның өзі өндіргіш күштердің төмен деңгейде дамуына
сай келді. Осыған байланысты алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі Халықтың
қоныстануы көбінесе көшпелі нысандардың басым болып келуімен сипатталады.
Егіншілікке көшу нәтижесінде жер-жерге бекітілген қоныстардың желілері
қалыптасты. Алғашқы мемл. құрылымдарда қоғамдық еңбек бөлінісінің дамып,
тереңдеуіне байланысты қалалық қоныстардың желісі қалыптаса бастады.
Халықтың көшіп-қонуының күшеюіне қарамастан бұл дәуірде Халықтың қоныстануы
аумақтарда әркелкілі сипатта болды. Халық біршама жиі қоныстанған
аймақтарға қарағанда тым сирек қоныстанған және қоныстанбаған ұлан-ғайыр
кеңістіктер көп болды. Индустр. қазіргі қоғамға Халықтың қоныстануының
урбанизацияланған тұрпаты тән: өндіргіш күштер (соның ішінде халық та)
бұған дейін болып көрмеген дәрежеде қалаларға шоғырланды, қала
агломерациялары, урбанизацияланған аудандар қалыптасты, халықтың
аумақтарда, тіпті ұлттық деңгейде ғана емес, еларалық деңгейде де көшіп-
қонуы күрт көбейді; ауыл халқының үлесі төмендеді. Ел аумағында Халықтың
қоныстануы үдерісінің дамуын айқындайтын факторлардың жиынтығы үлкен үш
топқа бөлінеді. 1) Әлеум.-экон. факторлар: даму деңгейі және өткен
кезеңдерде қалыптасқан экономика салаларының орналасуы, халық табысының
деңгейіндегі аймақтық айырмашылықтар, күрделі жұмсалымдарды бөлу, көлікпен
қамтамасыз ету, т.б. 2) Табиғат факторлары: климат, жер бедері, топырақ,
басқа да табиғат ресурстары. Экономиканың даму деңгейі жоғары болған сайын
табиғат факторларына тәуелділік те азаяды. Алайда олар Халықтың
қоныстануында үлкен рөл атқара береді. 3) Демогр. факторлар тобына ең
алдымен миграц. үдерістердің аймақтық айырмашылықтары, сондай-ақ халықтың
өсіп-өну үдерістерінің қарқындылығындағы айырмашылықтар жатады. Нақты өмір
шындығында осы негізгі факторларды кешенді түрде алып қарағанда ғана
Халықтың қоныстануының дамуы туралы жеткілікті дәрежеде толық түсінік алуға
болады. Экономика құрылымындағы өзгерістерге байланысты Халықтың
қоныстануының табиғат ресурстарына тәуелділігі азаяды. Азия, Африка және
Латын Америкасы 4(елдерінің халқы тез көбейіп келеді, оларды жер шары
халқының 3 бөлігінен астамы тұрады. БҰҰ болжамы бойынша 2000 ж. қарсаңында
бұл елдерде әлемдегі халықтың 81,6%-ы, Солт. Америка, Еуропа және ТМД
елдерінде 18,4%-ы ғана тұрады. Қазақстан әлемдегі халық ең аз қоныстанған
елдердің біріне жатады. 2006 жылдың басында республикада 1 км2 аумаққа
халықтың тығызд. 5,2 адамнан келді. Халық ең көп шоғырланған аумақ Оңт.
Қазақстан обл-нда 19,0 адамнан. Одан кейінгі орындар Алматы (7,2), Жамбыл
(6,9), Солтүстік Қазақстан (6,8) облыстарының үлесінде. Халық ең аз
шоғырланған аумақтарға Қызылорда (2,7), Ақтөбе (2,3) Маңғыстау (2,3)
облыстары жатады. Қазақстандағы қала халқының саны 8,7 млн-ға жуықтады
(57,1%), ал ауыл тұрғындарының саны 6,5 млн-нан асты (42,9%).
2. Урбанизация
Урбанизация (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің
қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің
әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын
әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты
қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген
ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала
тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.
"Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек.
Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен
көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық
тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны")
Урбанизация үрдісі осылардың арқасында жүреді: қала халқының табиғи өсімі;
ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы; қала маңы аудандарының пайда
болуы; ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция
3. Халықтың саны және ұдайы өсуі.
Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының
қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті оны
зерттеп білудің де маңызы зор.
Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі.
Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны,
оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады.
Бұл мәселені демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осы
ғылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы демография
және этнография пайда болды. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте
орналасу тұрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман –
географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы
айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы
мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында
әрбір халықтың этникалық тобының материалдық және мәдени – рухани жақтары,
әдет ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады.
Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай
қоныстандырылғын. Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың мекенделуі
дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар ойлау қабілеті бар адам
ретінде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын ертедегі адам тәрізді маймылдардан
пайда болған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, адамдар белгілі бір үлкекн
аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан. Соңғы табылған археологиялық
жаңалықтарға байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік Шығыс пен
Орталық Африка және Оңтүстік – Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс Еуропаны
жатқызып жүр. Әрі қарай адамдар көбейе келе біртіндеп басқа да жерлерге
тарала бастады. Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын Еуропаның солтүстік
бөлігіне, Оңтүстік – Шығыс және Солтүстік – Шығыс Азияға таралған. Болжам
бойынша, одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге, ал Оңтүстік – Шығыс
Азияның жіңішке бұғаздары арқылы Австралия мен Жаңа Гвинеяға өткен. Бірақ
алғашқы адамдардың санын білу мүмкін емес. Тіптен біздің жыл санауымызға
дейінгі кезеңдегі халықтың санын мөлшерлеп айтуға да ешбір деректер жоқ.
Ғалымдар болжаммен біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырларда жер
шарында шамамен 10 млн. адам болған дейді. Біздің заманымызға дейінгі төрт
мыңыншы жылы егіншіліктің пайда болуы халықтың тез өсуіне әкелді. Біртіндеп
егіншілікпен шұғылдану халықтың құрлықтағы қоныстану аймақтарының, яғни
ойкумендердің негізгі факторы болды. Алғашқы егіншілік ошақтары пайда
болған жерлері – Ніл аңғары, Оңтүстік – Батыс және Оңтүстік Шығыс Азия, сол
кезден бастап олар халықтың шоғырланып орналасу орталықтарына айналды.
Біздің жыл санауымыздын бас кезінде халықтың санын анықтауға мүмкіндік
туды. Оны сол кездегі әскер құрамы, салық төлемі, т.б. деректерге қарап
білуге болады. Осы мәліиеттерге сүйене отырып, Рим империясының, Қытай және
Үндістан халқының саны анықталды. Біздің жыл санауымыздаың басында, жер
шары халқының 34 бөлігі осы елдерде мекендеді. Ал халықтың жалпы саны сол
кезде дүние жүзінің шамамен 230 млн. адамға жетті. Алғашқы ғасырда халық
саны соғыстар мен жұқпалы аурулардың таралуы салдларынан көп өспеді.
Халықтың өсу қарқыны көбейгенімен, XVII ғасырға дейін ол тұрақсыз болды.
Осы уақытқа дейінгі кезеңді адамзаттың демографиялық дамуының алғашқы
немесе аграрлық өркениет кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі жалпы өсімі
біршама төмендігінен сипатталады. Халықтың тұрақты өсуі XVI ғасырдың екінші
жартысынан басталады. Өндіріс қолға алынған өнеркәсіптік революция
кезеңінде дүние жүзі халқы жылдам өсіп, еселеніп отырды. Халықты санауда әр
түрлі әдістер қолданылғандықтан, кейбір мәліметтерде айтарлықтай
айырмашылықтар бар. Тек XX ғасырдың 40-жылдарының соңында бастап қана
мәліметтер бір-біріне сай келеді. Ол БҰҰ-ның жыл сайынғы демографиялық
жылнама мәліметіне байланысты мүмкін болып отыр. Халықтың саны туралы
айтқанда, жаңа ғасыр басында дүние жүзі халқының жартысы келесі 7 елде
тұрғандығын білгендерің жөн. Олар: Қытай (1282 млн), Үндістан (1046 млн),
АҚШ (280 млн), Индонезия (231 млн), Бразилия (176 млн), Пәкстан (148 млн)
және Ресей (145 млн). Ал келесі орында: Бангладеш (133 млн), Жапония (127
млн), Нигерия (130 млн) және Мексика (103 млн) мемлекеттері тұр.
Халықты санау әдісі. Алғашқы адамдар санауға деген қажеттілік құл
иеленушілік құрылыста туды. Ең тұңғыш халық санағы – Мысыр жерінде, біздің
заманымызға дейінгі III ғасырда пайда болды. Біздің еліміз орналасқан
Орталық Азия аймағында ол VIII ғасырда Соғдиана мемлекетінде жүргізілді. Ал
Киев Русінде санақ XI ғасырда, Мәскеуде халықтың статистикалық есебі XV
ғасырда ғана басталды. Қазақстан, Ресей империясы және т.б. елдер КСРО
құрамында болған кезеңде 7 рет жалпы халық санағы өткізілді. Олар: 1897,
1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдар. Ал 1999 жылғы ақпандағы жаңа
санақ – Қазақстанның тәуелсіз мемлекет мәртебесінде жүргізілген алғашқы
халық санағы еді.
Санақ өткізу уақыты халық қозғалысының ең аз кезі – қыс маусымына
сәйкестендірілген. Санақ аяқталғаннан кейін халықтың бір бөлігіне бақылау
сұрақтары қойылады. Халықтың жалпы санағы кесімді белгілі бір уақыт
аралығында өткізіліп отырады. Мемлекеттер органдар үшін жыл сайынғы
халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы туралы мәліметтер аса қажет. Әрі
мұндай бір жолғы есеп – халықтың тууы, өлуі, некелесуі, т.б. осы тәрізді
мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сондықтан бір орталыққа бағынған
мемлекеттер құрыла бастағаннан кейін халықтың күнделікті күнкөріс есебін
жүргізу қажеттіліг туды. Бұл міндетті бас кезінде діни мекемелер жүргізді.
Шіркеулердің діни салт-жораларын іске асыруда, одан түскен пайда –
түсімдерін есептеу мақсатында , алдымен, XVI ғасырда Швецияда, кейіннен
басқа елдерде туу мен өлім, некелесу мен ажырасу сияқты рәсімдерді тізімдеу
қолға алынды. Кейіннен бұл тіркеме есептеулер міндетті түрде жүргізілетін
болды. 1940 жылдардың соңынан бастап дүние жүзі мен оның ижеке аймақтары
тұрғын халқының есебін БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесіне
қарасты Халықтың орналасуын зерттеу комиссиясы жүргізілді. 1949 жылдан
бастап, бұл Комиссия жыл сайын Демографиялық жылнама басып шығарып
отырды. Мұнда жарияланып отыратын материалдарда дүние жүзінің халқы туралы
өте кең мәліметтер берілді. Сол сияқты дүние жүзі халқының өсіміне
байланысты болжамдар туралы көп жұмыстар жүргізілді. Әрбір елде халық
санағы әр кезеңде әр түрлі бағдарлама бойынша жүргізілгендіктен, жарияланып
отыратын мұндағы материалдардың бәрі бірыңғай емес. Көптеген елдерде
қазірге дейін халықтың ұлттық немесе нәсілдік құрамы және халықтың
күнделіктері есептері дұрыс жолға қойылмаған. Ал кейбір елдерде халықтың
жыныстық (мысалы, Жаңа Гвинея, Филиппин) немесе діни (мәселен, бұрынғы
социалистік жүйе елдерінде) құрамының есебі жүргізілмейді. Сондықтан
есептеу мәліметтері шын мәніндегі жағдайға дәл келмеуі де мүмкін. Комиссия
елдерді жікетеп топқа бөлгенде, олардың экономикалық - әлеуметтік
белгілеріне емес, демографиялық негізіне, әсіресе халықтың табиғи өсімі
тұрғысынан қарап бөлуде. Соған қарамастан, БҰҰ-ның осы Комиссияның
жарияланып отыратын материалдары – халықтар туралы біршама толық деректер
көзі болып табылады. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары. Халықтың ұдайы
өсуі – адамдардың ұрпақ ауысуы нәтижесінде жүзеге асып, оның саны жастық
және жыныстық құрамы өзгереді. Халықтың ұдайы өсуін ықтималдап екі негізгі
топқа бөлеміз. Оның бірінші типінде ұрпақтар ауысуы нәтижесінде халықтың
санының өзгермеуі немесе кемуі байқалады. Бұл құбылыс көбінесе дамыған
елдерге тән. Онда халықтың тууы мен оның өлімі аз болуы себепті халықтың
табиғи өсу көрсеткіштері төмен болып келеді. Халықтың ұдайы өсуінің екінші
типінде келесі ұрпақтың санының алдыңғысына қарағанда көп болкы тән. Бұл
елдерде туу мен табиғи өсім жоғары немесе аса жоғары болып келеді. Бұндай
жоғары деңгейлі көрсеткіш Африка, Азия, Оңтүстік және Оңтүстік – Батыс
Азия, Латын Америкасы мен Мұхиттық аралдар елдерінде байқалады. Адамзат
қоғамының ілгері дамуы, дүние жүзі халқының көбеюі нәтижесінде жүзеге асып,
оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді.Осы кезге дейін жер шарында
халықтың ұдайы өсуіне соңғы тип басым болып келеді. Әрі қарай қалай
болады? деген заңды сұрақ туады. Дүние жүзіне халықтың шамадан тыс артық
көбею қаупі төнбей ме? Өйткені біздің планетамыздағы ресурстар шексіз емес
қой! Осы саулнамалық сұрақтарға жауап іздеу үшін тек қана жер шарының
ресурсын ғана біліп қоймай, сонымен бірге халықтың табиғи өсуінің заңдарын
да білу қажет. Халықтың ұдайы өсуі туу мен өлімінің мөлшеріне байланысты
олардың арасындағы айырма табиғи өсім деп аталады. Оның сан- мөлшері 1000
адамға шаққандағы промиле (‰) көрсеткішімен есептеледі. Дүниежүзілік орташа
есеп: туу – 28 ‰, өлім – 10 ‰, ал табиғи өсім – 18 ‰. Халақтаң ұдайы өсуіне
бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл факторлар, негізінен, 5 топқа
біріктіріледі:
1.Табиғи – биологиялық фактор. Адамдардың тууы мен өлуі –
биологиялық құбылыс . Сол сияқты халықтың ұдайы өсуіне әр түрлі климат
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының урбандалған аумақтарындағы әлеуметтік - демографиялық мәселелер
Жер шары бойынша халықтардың қоныстану ерекшеліктерінің негіздері мен халық санының өсу динамикасы
УРБАНДАЛҒАН АУМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Миграцияның негізгі себептері
Миллионер қалалар
ШЕТЕЛДІК АЗИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Астана мен Алматы қалаларының салыстырмалы сипаттамасы
Халықтың статикасы мен қоныстануы
Қытай халқының демографиялық мәселелерін анықтап, қазіргі экономикаға әсерін айқындау
Дүниежүзілік саяси картасы
Пәндер