ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚША ТІЛІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚША ТІЛІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Ұлттық мектептерде оқушылардың қазақша тілін дамыту жұмыстары
1. Мәтін арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін
дамыту ... ... ... ... ... ... ...5
2 Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың тілін дамыту бойынша
жұмыс
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 Жазбаша тілді
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Пайдаланылған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...35
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі күнгі жалпы орта білім
беру мекемелерінде мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыруда талай
жұмыстар атқарылып, нақты шаралар белгіленіп, іске асырылып жатқанымен,
оқыту ісінде түбегейлі мақсатқа жету жолында әлі де көптеген істерді атқару
қажеттігі бар. Соның бірі – тіл дамыту сабақтарында мәтін және мәтін
бойынша тапсырмалар арқылы тілді меңгерту мәселесін зерделеу. Себебі
мәтінмен жұмыс істеудің бір әдісін тіл үйретудің барлық деңгейінде қолдана
беру орынды бола бермейді. Бастапқы кезеңде шағын мәтінді оқып, түсініп,
сұрақтарға жауап беріп, мазмұндау іспетті тапсырмалар орындалса, одан
кейінгі кезеңдерде мәтіндегі сөздерге антоним, синоним табу, мәтін бойынша
диалог құрастыру, мәтіндегі сөйлемдерді мағынасын сақтай отырып басқаша
құрастыру, толықтыру, таратып жазу т.с.с. және бұдан да күрделі,
оқушылардың шығармашылық (креативті) ойын дамытатын тапсырмалар болуға
тиіс. Тіл дамыту сабақтарын сапалы әрі түрлендіріп өткізу оқушы тілін ұштай
түсетіні ақиқат. Ғалымдар еңбегін саралай келе, мәтінді, мәтін бойынша
тапсырмаларды пайдаланудың бірнеше тиімді жолын айқындап, тіл үйрету
сабақтарында мәтінді, мәтін бойынша тапсырма түрлерін ұтымды пайдаланып,
тиянақты нәтижеге қол жеткізуге болатынын
анықтау жұмыстың өзектілігін танытады.
Зерттеу жұмысының нысаны. Ұлттық мектептерде оқушылардың
қазақша тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың негізгі
мақсаты – ұлттық мектептерде оқушылардың қазақша тілін дамыту жұмыстарын
ұйымдастыру. Осы мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттер қойылды:
- қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технология элементтерін
пайдалана отырып, оқушылардың ауыз екі сөйлеу тілін қалыптастыру
жолдарын анықтау;
- тілді дамытудағы, меңгертудегі қиындықтарды жеңудің тиімді әдістерін
қалыптастыру жолдарын таладу;
- тіл дамыту жұмыстарының түрлері мен мазмұнын айқындау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысына Ә.Қоңыратбаев,
А.Көшімбаев. Қ.Бітібаева, Т.Акшолақов, М.Жанпейісова, т.б. ғалымдардың
зерттеу еңбектері, теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаналығы. Жұмысты жазу барысында мына
жаңалықтарға қол жетті:
- білім беру сатысында грамматиканы мәтін бойынша тапсырмалар арқылы
игертудің жолдары қарастырылады;
- тіл дамыту жұмыстарының түрлері мен мазмұнын айқындалады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Курстық жұмыс нәтижелері Қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріне Ұлттық мектептердегі қазақ
тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері пәнінен практикалық сабақтарға
көмекші материал бола алады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- ұлттық мектептерде оқушыларға жалаң сөз жаттату емес, қолданылған әрбір
сөздің астарына байыппен қарап, қазақ тілінің сөз байлығын меңгерту,
алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуге баулу жұмыстары
анықталады;
- дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру және
сабақ процесінде жаңа технология әдістерін
қолданудың маңыздылығы талданады.
Зерттеу әдістері. Жұмыс мәтін арқылы тіл дамыту жұмыстарын
зерттеуге арналғандықтан, тілдік факторларды белгілеудегі негізге алынған
сипаттамалы әдіс, салыстыру, сұрақ-жауап, тест, әңгімелесу әдістері
қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
беріледі.
1 ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚША ТІЛІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
2. Мәтін арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту
Орыс сыныптарында қазақ тілі оқытудың ең негізгі мақсаты – тілді
үйрету, яғни оқушы белгілі дәрежеде қазақ тілінде сөйлеу керек, басқаны
түсіну керек, оқыған шығарманың мазмүнын түсіну керек, өз ойын басқа адамға
жеткізе білу керек. Бұл үшін сабақ барысында мәтіндер қолданылады.
Мәтіндерді қолдану мақсаты – балалардың сөздік қорын дамыту, мәтінді талдай
білу, сонымен бірге ауыз және жазба тілінің дағдаларын қалыптастыру.
Баланың тілін дамытуда мәтін үлкен орын алады, мәтін балаға білім
береді, тілі мен ой-өрісін дамытады және тәрбиелейді.
Мысалы, ауызша да, жазбаша да біз өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінде
мәтін арқылы жеткіземіз.
Мәтін талдаған кезде келесі талаптарға назар аудару қажет:
1. Мәтінде тәрбиелік мақсаты болу керек;
2. Мәтіндерде оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін қазақ халқының тарихы,
мәдениеті, салт-дәстүрлері, ұлт мейрамдары туралы мағлүмат көбірек болуы
тиіс;
3. Жеңілден қиынға деген дидактиқалық принципіне сәйкес мәтіндер сабақтан
сабаққа, сыныптан сыныпқа күрделену тиіс.
Мәтінмен жұмыс 5 түрге бөлінеді:
1. Мәтінмен танысу (тұсаукесер);
2. Мәтін негізінде тапсырмалар мен жаттығуларды орындау;
3. Сұхбат құрастыру;
4. Монолог;
5. Бақылау.
1. Мәтінмен танысу - мәтінді оқу, жаңа сөздермен танысу, мәтінді
аудару, мазмұнымен танысу.
2.Мәтінмен жұмыс істеген кезде мынадай грамматиқалык тапсырмаларды
орындауға болады: сөйлемді толықтыру, сөйлемнің мағынасын сақтай отырып
сөйлемді жаңадан кұрастыру, сөйлемді кеңейту және қысқарту, антоним мен
синонимдерді табу, сөйлемдерге синтаксистіқ талдау жасау.
Мәтінмен жұмыс жасаған кезде инновациялық технологияларын қолданамын,
мысалы – интенция. Интенция дегеніміз - сұхбат немесе монолог барысында
ситуативтік, эмоционалық сөздерді қолдану [1,9б.].
Енді осы бес кезеңге, бес мәселеге нақты тоқталайық,
1. Көркем шығарманы талдаудың алғашқы қадамы - ондағы оқиғаны, оның талдау
желісін таныстырудан, ұғындырудан басталады. Шығармадағы оқиғаны, оның
мазмұнын, сюжетін, шығарманың көркемдік ерекшелігін, тілдік шеберлігін,
кейіпкерлер бойындағы адамгершілік, сана мен рухани байлығын білмеген,
түсінбеген оқушы шығарманы әрі қарай талдауға кірісе алмайды.
Ол үшін мынадай жұмыс істелу қажет:
А) Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен және
тірек сөздермен жаттығу жұмыстарын өткізу;
Ә) Мәтіннің мазмұнымен таныстыру (оқушылар өз бетінше оқып, мазмұнымен
танысып келеді).
2. Мұғалімнің арнайы тапсырмасындағы мәтінге байланысты жаттығуларды
орындау.
А) Сөйлемдерді толықтыру.
Ә) Сөйлемдердің мазмұнын сақтай отырып басқаша құрастыру.
Б) Сұрақтарға жауап беру.
В) Қате сөйлем беріледі. Мәтіннен дұрыс нұсқасын табу.
Г) Мәтінді жоспарлау.
Д) Сөйлемдерді ықшамдау. Сөйлемдерді кеңейту.
Е) Шығармада кездесетін фразеологизімдермен, мақал-мәтелдермен, нақыл
сөздермен, омоним, синоним, антонимдермен жұмыс істеу.
3. Сұхбат (диалог)
Мәтінмен жұмыстың ең қажетті, ең негізгі түрі - оқушыларды сөйлеу,
яғни екеуара сөйлесуін ұйымдастыру.
Осыны іске асыру барысында түрлі әдіс пайдалануға болады: бұл интенция
әдісі (одағай, қыстырма сөздері пайдаланып, жолдасының айтқанымен
келісукеліспеу, сөзін құптауқұптамау), инновациялық әдіс - сөйлеу
жағдаяттарына (түрлі ситуацияларға), сөйлету, және проблемалық тәсіл-
белгілі бір тақырыпқа проблема құрып, сол проблеманы шешу-(интерактивная
методика дейміз).
Бұған:
а) драматизация әдісін пайдаланып, әңгімені рөлдерге бөліп оқу;
ә) рөлдік ойындар;
б) сөйлеу жағдаятын туғызу;
в) мақал-мәтел, нақыл сөз, дәстүр бойынша әңгімелету, ситуация құрастыру;
г) оқушыларды ойландыратын сұрақтар қою жатады
4. Монолог
Тіл үйренушілер сұрақ қойып, оған жауап беріп қана қоймай, ойын,
пайымдаудың бір бүтін мәтін арқылы жеткізе алу керек.
Осыған байланысты жұмыс түрлері:
а) Жоспар бойынша әңгімені мазмұндау.
ә) Әңгіменің ұнаған эпизодтарын теріп алып мазмұндау.
б) Әңгіменің ең негізгі эпизодтарын мазмұндау.
в) Шығарма оқиғасының басталуын, байналысын, дамуын айқындау.
5. Бақылау
Мәтін талдау барысында бақылау өзінен өзі болатынына қарамастан,
оқытушы қорытынды бақылау өзінен - өзі болатынына қарамастан, оқытушы
қорытынды бақылау жұмыстың өткізгені лазым. Ең тиімді- тест. Тест арқылы
оқушылардың жазу, тындау, оқу, сөйлеу қабілетін тексеруге болады. Тест
тапсырмаларына мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтарға қоса грамматикалық
тапсырмалар беруге болады.
Жеке адамды қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру
мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: СТО дамыта оқыту,
рейтингтік, модульдік оқыту технологиясы, ынтымақтастық технологиясы т.б.
технологиялар [2, 22-23бб.].
Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз
ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушы белсенділігін арттыру барысында
проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуацияларды туғызу қажет.
Қазақ тілін тиімді оқытудың алғышарты – ұстаздардың әдістемелік
ұсынысы арқылы әртүрлі әдіс-тәсілді пайдалану нәтижесінде тәжірибе жинақтай
отырып, оның тиімді жақтарын өз тәжірибесіне енгізу.
Тиімді оқытудың негізгі бір шарты – білімнің мазмұнын дәл тиімді
анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі
мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға
үйрету.
Қазақ тілі пәнін терең меңгертуде тіл дамыту жұмыстарының атқаратын
маңызы өте зор. Тіл дамыту сабақтарын сапалы жүргізу оқушы тілін ұштай
түсетіні анық. Соның бір жолы – тіл дамыту сабақтарында мәтіндік
тапсырмаларды тиімді қолдану. Бұл жайында педагогика ғылымының докторы
Н.Құрманова былай дейді: Тіл дамыту оқушыға берілген теориялық материалды
практикалық қажеттіліктерімен, арнайы ұйымдастырылатын түрлі тілдік
ситуациялармен, сөйлеу жағдайларымен байланыстыра отырып, жаттығулар
орындату. Тіл дамытуда ситуациялық жаттығулар мен іс-қағаздарын,
стильдердің ерекшеліктерін меңгертуге басым назар аударылады. Әрине бұл
жағдайларды күнделікті сабақ барысында тиімді қолдану үшін икемділік пен
дағдылық білім жүйесін танып, білу қажет.
Тіл дамыту жұмыстарының бір ерекшелігі – оқушыларға тілдік заңдылықтар
туралы тиянақты мағлұмат беріп, оны оқу әрекетінің барлық сатыларында
дамытып отыру тиімді. Мысалы, тілдің қоғамдық рөлін, сұлулығын, байлығын,
даралық сипатын түсіндіріп, белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдар мен
ойшылдардың нақыл сөздеріне талдау жасату керек. Дидактикалық мәтіндерді
іріктеп, ондағы ой жүйесін қорытындылауға баулу; тіл сөз құдіреті жайында
халық ауыз әдебиеті үлгілерін, мақал-мәтелдерді жинату; тіл туралы оқушының
ой-пікірлерін, толғаныстарын жаздыру секілді жұмыс түрлерін ұсыну оқушының
білімін арттырады.
Тілдің даму үстінде болатыны, оның ішкі заңдылықтары да оқушы
назарынан тыс қалмауы тиіс. Әр ұрпақтың сөздік қорының өзгеруімен, яки тіл
өзінің негізін сақтауымен бірге, ішкі алмасу, жаңару сипатына ие болатыны
жөнінде, лексика, морфология тарауларын өткенде мол мағлұмат беріледі. Бір
тақырыпқа байланысты әр кезеңде жазылған мәтіндерді салыстыру, тілдің
тарихы туралы ғылыми-көпшілік мақалаларды талдау, түрлі лексикалық
сөздіктермен жұмыс жасау үстінде оқушы білімі бекітіліп отырса құба-құп.
Сондай-ақ тілдік бірліктердің өзара байланыстылығына, бір-біріне
тәуелділігіне, яғни тілдің күрделі құбылыс екеніне оқушының назарын
аударудың маңызы зор. Мәселен, дыбыс – морфема мен сөзде, сөз – сөз тіркесі
мен сөйлемде, сөйлем мәтінде қолданылатынын, осылай тізбектеле орналасуының
өзінде ерекше заңдылық бар екенін білу оқушының білімін тереңдетумен бірге,
сөзді орнымен қолдануға үйретеді. Оқушылар сөздегі әр дыбыстың
грамматикалық, лексикалық мағынаны түрлендіруге негіз болатынын таниды;
екінші жағынан, сөз тудыру, форма түрлендіру және сөздердің бірігуі сол
сөздің лексикалық мағынасына тәуелді болатынын біледі. Мәселен, лексика
тарауын өткенде, тілдік хабардарлықты басқа тараулармен қалай
сабақтастыруға болады?
Мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінің лексика тарауы өзге тараулармен
тығыз байланыста қайталанып отырылатын өзекті сала. Себебі, мұнда тілдің
негізі – сөз туралы, оның басты белгісі – мағынасы жөнінде жан-жақты
айтылады.
Кез келген теориялық білім мазмұнында тілдің құрылымы мен
қызметіжайындағы білімдердің жиынтығы берілуі тиіс. Мұндай білім екі түрлі
қызметті атқарады: бірі – оқушының тілді қолдану өрісін кеңейтсе, екіншісі,
тілдік іскерлік-дағдыларды қалыптастырады. Яғни теориялық білім мен тілдік
тұжырымдарды практикалық тұрғыда қолдану нәтижесінде сабақтың түпкі міндеті
жүзеге асырылады. Сондықтан лексика тарауы бойынша өтілетін тақырыптар
үстірт түсіндіріле салмай, оқушының тілін дамытуын, сөздік қорын байытуда,
әдеби тіл нормаларына сай болуын ескерту жөн. Бала өтіліп отырған тақырыпты
дара қалпында қабылдамай, тілдік жүйедегі орнын, басқалармен байланысын,
әрі тұтастың бөлшегі ретінде қызмет ететінін бағамдайды. Мұндай лексикалық
байланыссыз ешқандай тілдік ұғымды игертуге болмайды.
Оқушылардың тіл білімі жөніндегі түсінігін қалыптастыру дегеніміз – балаға
тіліміздің ғылым ретіндегі даму үрдісін, жүйелілігін, атқаратын қызметін
түсіндіру болып саналады. Мұның өзі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
ұйымдастырылып беріледі. Оқушы әрекетіне түрткі болып, оны білімге
талпындыратын негізгі тетіктер – пәнге деген қызығушылық, білімге деген
қажеттілік бір-бірінен туындап отырғанда ғана түпкілікті нәтижеге
жеткізеді.
Оқушының бойына ана тіліне деген шынайы сезімді қалыптастыру әрекеттері
жалаң ұрандар мен құрғақ уағыздардан болмау керек. Мұнда тіліміздің
ерекшеліктерін, я айрықша сипаттарын нақты мысалдар арқылы алға тарта
отырып, ол туралы баланың өзі ойланатын үлгідегі жұмыстар ұсыну тиімді.
Мысалы, синонимдік қатардағы саны көп сөздерді, сөздіктерді пайдалана
отырып тапқызу тілдің байлығы туралы мағлұмат берсе, ана тіліндегі
үндестік. Ал тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу арқылы тілдің мазмұн
жинақылығын анықтайды. Мақал-мәтелдерді оқу нәтижесінде халықтың тіл арқылы
танылатын даналығынан хабардар болады. Сол сияқты қарым-қатынас жасау
әдебіне енетін, түрлі атаулық ұғымдар қарым-қатынас жасау әдебіне енетін,
түрлі атаулық ұғымдар (айналайын, қарағым, қозым, ботам, жарығым т.б.) мен
жер-су атауларын берудегі тапқырлықтар ұлттық таныммен, ұтымды үрдістердің
жүйесін белгілеумен бірге олардың сүйіспеншілігін қалыптастырады.
Мұның қай-қайсысы болса да, біріншіден, ана тілінің жеке пәндік,
арнайы міндеттеріне қатысты болса, екіншіден, сол арқылы тілдің жалпы
дидактикалық мақсатын айқындайды. Оқушыларды саналы тәрбиелеу, олардың
логикалық ойлауын дамыту, алған білімдерін өз беттерінше толықтыруға
үйретеді.
Тілді оқыту барысында тәрбиенің эстетикалық, адамгершілік т.б. түрлері
мынадай оқу материалына қатысты беріледі:
а) тіл туралы жалпы мағлұмат
ә) сабақ үстінде ұсынылатын дидактикалық материалдар арқылы. Дидактикалық
материалдар кездейсоқ жалаң тілдік дүниелерден құралмауға тиіс, ол оқушы
танымын кеңейтуге арналып, ұлттық педагогикаға негізделген тәрбиелік мәні
терең, пайымды мәтіндерден жинақталған болуы керек. Тақырып ауқымы мен
мәтін мазмұны ұтымды ұтымды үйлескен дидактикалық материал – мұғалім
шеберлігінің белгісі. Тәрбиелеу мен білім беруді қатар алып жүру үшін сабақ
сыныптан тыс жұмыстарды қатар алып жүрген абзал. Мектепте өткізілетін түрлі
кештер мен кездесулердің әсерін баяндау, өзекті мәселелер төңірегінде
мазмұндама, шығарма жаздырту, оқушылардың тілектері бойынша тіл туралы
қосымша шаралар ұйымдастыру, оқушыларға тәрбие берумен қатар
белсенділіктерін де арттырады. Бір-біріне сыни көзқарасын қалыптастырып,
оны әділ шешуге ұмтылдырады, сонымен бірге ұжымдық бірігуіне әсерін
тигізеді. Демек, бұдан келіп шығатын қорытынды – заманымызға сай биік
адамгершілік пен таза парасаттың иесін тәрбиелеу деген сөз.
Адамның ойлау қызметін жаңарту мәселесі баланың тілдік қабілетін
шыңдаумен тығыз байланысты. Психологтардың адамның сөйлеген сөзінде оның
ойлау жүйесі де көрінеді дейді. Сондықтан баланы жастайынан ойын жүйелі,
нақты айтуға жаттықтырудың маңызы зор. Әсіресе, мазмұндау барысында, я
көпшілік алдында сөйлегенде қойылатын талаптармен баланы таныстырып, оны
дағдыға айналдыру арқылы нәтижеге жетуге болады. Ол талаптар жөнінде
шетелдік әйгілі психолог Дейль Карнеги еңбектерінде бай мәліметтер
беріледі. Онда сөйлеушінің өз тақырыбын нақты білуі, сөз сөйлеудегі
мақсатының анықтығы, оны жеткізуге негіз болатын мәселелерді жүйелеуге
негіз болады [3,12б.].
Демек, оқушының жеке басының қасиеттерін дамытуда, тәрбиелеуде ең
маңызды құрал – тіл туралы жүйелі ұғым қалыптастыру. Тілдің қызметін
түсіндіруде басшылыққа алынатын қағидалар білім мазмұнындағы негізгі
бағыттар, оқу-әдістемелік жолдар бір-бірімен тығыз бірлікте қарастыруды
қажет етеді. Бала дүниетанымының қалыптасуында ерекше рөл атқаратын
мәселенің қай-қайсысы да оның қабілетінің деңгейімен қаралатыны дау
туғызбасы анық. Олай болса, тілдік қабілет оқушының жеке басы қасиеттерінің
дамуының да айқын көрсеткіші болып саналады. Сондықтан оны қалыптастыру ана
тілі пәні мазмұнында ерекше айқындалып, сабақ барысында жүзеге асыруға
байланысты.
Ендігі сөз кезегінде тілді дамыту жұмыстарындағы білім мен дағдының
алатын орнына тоқтала кетсек.
Білім жүйесі әрқашан белгілі бір икемділік пен дағдыға сүйенеді де
оның негізін қалайды. Білімге негізделген әрекет қандай да бір
икемділіктің, кей жағдайда дағдының болуын қалайды.
Білімді меңгерту – оқушының танымдық талдау жасай отырып, оны орынды
пайдалана білуі арқылы жүзеге асатын құбылыс. Психологиялық және
педагогикалық әдебиеттерде білім мен дағды жөнінде әр түрлі ұғым жүр. Бірде
білім мен дағды бір-бірінен бөлініп алынып оқшау қаралса, бірде ақыл-ой
қызметі – саналы әрекет, ал дағды саналы әрекеттің автоматтанған компоненті
деп жазылып жүр. Білім мен дағдының арақатынасы диалектикалық тұрғыда дұрыс
түсіну мүмкіндігіне И.П.Павлов ілім береді.
Білімнің бәрі дағдыға айнала бермейді, бірақ дағды, әдетте білім
арқылы қалыптасады. Уақытша байланыс пайда болуы үшін, жеткілікті дәрежеде
қозу әсері, И.П.Павловтың айтуынша қозудың тиімді ошағы құралуы керек
болады. Қозу немесе қозу ошағы жеткілікті дәрежеде құралған кезде шапшаң
және баяу жылдамдықпен, дәлдеп айтқанда, уақытша байланыс қатары пайда
болады. Одан әрі сол байланыстар әр түрлі басқа байланыстарға қосу да қозу
ошақтары жеткілікті дәрежеде болған жағдайда жүзеге асырылады. Осындай
процестердің нәтижесінде адам өз білімін еркін игеріп, білімін өз қалауынша
пайдалана алады және баяу қозу кезінде стееотипті әсер ететін уақытша
байланыстар жасалады. Ми қабығы клеткаларының баяу қозуы кезінде
байланыстар сан алуан қайталанып, үздіксіз жаттығады. Соның нәтижесінде
әрекет автоматтанады.
Педагогика теориясы мен әдістемесі ғылымның көкейкесті мәселесінің
бірі – оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Осы бағытта қажетті
көрсеткішке жету жолдарын тиімді жолға қою. Егер, теориялық білімді
шығармашылық ізденіспен нақты игертіп отырсақ, оқушылардың алған білімі мен
білік ізгілікті бағытта нақты қалыптасады. Мұндай жолмен қалыптасқан білімі
мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады.
Қазіргі заман талабы: әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана
қоймайды, соны өзі игеріп, талдап, пікір тасластыру деңгейіне жетіп, даму
үстінде болуын қалайды [4,23-25бб.].
Ендігі сөз барысында тіл дамыту жұмысында тиімділік танытып отырған
бүгінгі педагогикадағы технология барысына тоқталып өтсек.
Бүгінгі педагогика оқушыны оқу барысындағы субъект ретінде қабылдайды.
Соның бірі тиімді деп танылып отырған М.М.Жанпейісова технологиясындағы оқу
үрдісінде:
• білім алушының көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері оның жеке өзіндік,
өзін қанағаттындыратын қызметі барысында айқындалып қалыптастыру,
• оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру;
• әр түрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс,
диспуттар, пікірталастар) қолдану,
• өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін
дамыту;
• оқушыға сенімділік білдіру;
• пәнге қызығушылығын арттыру;
• оқушы өз біліміне сеніп, оны дамыту;
• өз білімін бағалау;
• өзара білім тексеру;
• ақпараттандыру арқылы білім алу;
• өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу мақсат етіп көзделген.
М.М.Жанпейісова технологиясының тиімділігі:
1. Бұл технология: оқушы тұлғасының танымдық қабілетін дамытуға;
танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілет) дамытуға; оқуға
жағымды қызығушылық қалыптастыру, тұлғаның қиындықтарға даяр болу және жеңе
білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық,
өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
2.Танымдық процестерді: жады, зейін, ойлау, елестету, қабылдау,
танымдық, шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыруды дамытады.
3. Қажеттіліктерді қанағаттандыру: қауіпсіздік (тұлғаның негізгі
қажеттілігі), сыйласу, өзін өзектілендіру, өзін-өзі бекіту негізгі
қажеттіліктер өзара қатынас, ойын қажеттілігі, қиындықтарға дайын болу
және оны жеңуге мүмкіндік береді.
4. Танымдық қабілеттерін дамытады. Тапсырмаларды үш деңгейлік саралап
беру, Б.Блумның таксономиясын пайдалану, сөйлесу бөлім сабақтарын
ұйымдастыру, тұлғалық бағытталған формалар.
5. Белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілі) дамытады. Тұрақты
түрде өзара сөйлесу, ортақ тақырыпта әңгімелесу сөйлесу бөлімінің
сабақтарында адамның екі сигналдық жүйесіне сүйену.
6. Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастырады. Танымдық қызметтен
қанағаттанып қуаныш сезіміне бөлену (оқу модулінің сөйлесу бөлімі
сабақтарындағы екіліксіз оқу, өз деңгейінде жұмыс істеу мүмкіндігі,
ойынға қатысу, қорқыныш сезімінің жойылуы, өзіндік және өзара бірге
дайындау мүмкіндігі.
7. Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен
меңгеруі тиіс. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын,
белсенділігін арттыру үшін оларға проблемалық сұрақтар қойылып отырады.
тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту
идеясын асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен
есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз
етеді.
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін
дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік
береді.
Тіл дамыту білімін оқушыларға меңгертуде деңгейлік тапсырмалардың
ауқымы өте кең. Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша
жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру арқылы сан түрлі
жұмыс жүргізіледі. Оқушылардың алған білімін жүзеге асырылатындығы
тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады.
Қорытындылауда деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі
байқалады. Оқушылардың белсенділігі мен ісекрлігі артып, шығармашылыққа
ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Оқушыға өз бетімен жұмыс істеп, дағдысын қалыптастыру, ұзақ, жүйелі
жұмыстардың нәтижесінде қалыптасады. Атап айтқанда, бастапқыда жеңіл, кейін
біртіндеп күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды
жасау, түрлі жағдайды өздігінен ойлау үрдістеріне өтеді.
Мен өзімнің тәжірибе барысымда жаңа технология түрлерін сабақта мұғалім өз
әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, сабақты бекіту мақсатында қосымша алынатын
тестік бақылаудың бала үшін атқаратын мәні зор екендігіне де көз жеткіздім.
Тестік тапсырмада оқушы білімін нығайтуда жаңа технологиялық әдіс-тәсілдің
жаңа түрі десе де болады.
Қорыта келгенде, әр оқушының психологиялық жағынан жас ерекшелігіне,
тәжірибелеріне қарай өздігінен жұмыс орындау дағдысын қалыптастырудың
танымдық мәні зор. Мәселен, тіл дамыту сабақтарында мәтіндік тапсырмаларды
орындағанда төменгі саты оқушылары көбіне сұрақ-жауап әдісімен орындалатын
жұмыстарға бейім, ал кейінгі сатыдағы оқушылар қызықты оқиғаларды,
әлеуметтік жағдайларды, спорт пен ғылымдағы жаңалықтарды көбірек білуді
қалайды. Сондықтан да психологиялық жас ерекшеліктерін, оқу орнына
бейімделуін есепке алу өздігінен жұмыс істеу дағдыларына қарай жұмыс
түрлерін таңдаудың белгілі басты талаптарының бірі болып қала береді және
мұны әр ұстаздың есте ұстағаны абзал.
1. ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ БОЙЫНША
ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
Тіл дамыту - оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа
адамға толық жеткізіге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге
үйрету. Басқаша айтқанда тіл дамыту – қазақ тілі оқушының қарым-қатынас
құралына айналдыру. Бұл жалпы тіл үйрету мақсатымен толық сай келеді. Орыс
тілінде оқытатын мектептерде оқушының қазақ тілін дамыту ұғымына қазақ
тілінің лексикалық, грамматикалық тұлғаларын меңгерту, оларды сөйлемде
қолдану дағдыларын қалыптастыру, яғни қазақ тілінде сөйлеуге үйрету жатады;
қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқушыда қалыптастыру, қаақша сауатты
жазу дағдысын меңгерту де осы ұғымға кіреді; сөздерді бір-бірімен дұрыс
байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы оларды арқылы ойын басқаға
жеткізу, басқаның сөзін түсіну де тіл дамыту ұғымына жатады. Сөйтіп, тіл
дамыту - мағынасы, көлемі кең ұғым.
Адам ойын ауызша, не жазбаша түрде жеткізеді. Сондықтан оқушы тілін дамыту
екі бағытта жүргіземін: ауызша мен жазбаша. Жалпы алғанда тілді оқытуда бұл
екі бағыт қатар байланыста жүргізіледі. Бірақ қазақ тілін оқутыдуң ең
алғашқы кезеңінде ауызша тіл дамыту басымырақ болады. Сөйлеу тілі кейінірек
жазба тілді дамытуға негіз болады.
Тіл дамытуда тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ сөздерінің
айтылу нормасын қалыптастыру, қазақ тілінің орфоэпиясын меңгерту жұмыстары
жүргізіледі ауызша сөйлеу тілінің бұл – негізгі мәселесі.
Қазақша сөйлеу үшін оқушының жеткілікті сөздік қоры болу керек, оқушы
сөздерді байланыстырып сөз тіркестерін жасаудың, сөз тіркесінен сөйлем
құрасытрудың заңдылықтарын білу қажет.
Сөйтіп, тіл дамыту сөйлеуге жеткілікті сөздік қорды және ол сөздерді
сөйлемде бір-бірімен байланыстыратын тілдік нұсқаулардың қолдану
заңдылықтарын меңгерту болып шығады. Оқушының сөздік қорын байыту тілдік
нұсқаулардың қолдану дағдысын қалыптастырумен тығыз байланыста
жүргізіледі.
1. Оқушының сөздік қорын байыту, сөздік жұмысын жүргізу.
Оқушының сөздік қорын үнемі байытып отыру - тіл дамытудағы негізгі мәселе.
Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі мол болады. Сөздік
қоры бай адам ойын жеткізуге ең керек сөзді таңдап қолдана алады, оның ойын
дәл білдіретін сөзді тыңдау мүмкіндігі бар. Сондықтан тіл дамытуда оқушының
сөздік қорын байытуға ерекше мән беріледі.
Сөздік жұмысы әр сабақ үстінде, жыл бойында, бүкіл оқу кезеңінде
белгілі жоспармен, жүйемен жүргізілуі керек. Оқушы сабақ сайын жаңа сөз
үйреніп отырады. Оқушыға үйретілетін жаңа сөз тексте, диалогтарда жаттығу
қолданысымен байланысыты беріледі. Сабақ сайын жылма-жыл әр сыныпта
оқышының сөздік қоры өсіп отырады. Әр сабақта үйретілетін жаңа сөзді
оқушының сөздік қорын байтудағы негізгі мақсат болып саналады. Осы мақсатта
жету үшін, төмендегі жұмыстар жасалу керек:
1. жаңа сөз мағынасын оқушыға анық түсіндіру;
2. жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету;
3. жаңа сөзді қолданыста меңгеру яғни жаңа
сөзді қолдану дағдысын қалптастыру;
4. жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту;
5. сөздікпен жұмысқа үйрету [5,35б.].
Жаңа сөзді оқушы жақсы игеру үшін, оның мәнін оқушы жақсы түсіну
керек. Жаңа сөздің мағынасыноқушыға түсіндіруде ол сөз атайын заттың өзін
көрсету, заттың суретін көрсету, оқушының ана тілінде аудармасын беру,
оқушыға бүрын таныс синоним сөздерді пайдалану, кейде сипаттамалы түсіндіру
сияқты әдістер қоладанылады. Заттың өзін көрсету алғашқы кезеңде көбірек
орын алады, бірақ мүмкіндігіне қарай ол кейін де қолданыла береді. Бұл
әдістердің қайсысын қолданылуды өзіміз таңдаймыз.
Жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етуге өте үлкен мән беру
керек. Оқушы жаңа сөзді сабақта үйреніп, бірақ оны жеткілікті дәрежеде
бекітпесе, ол оқушының есінде сақталмайды, сондықтан оқушының сөздік қоры
байымайды. Олай болса, жаңа сөзді оқушы есінде бекітетіндей жұмыс жүргізу
қажет. Оқушының үйренген жаңа сөздерін жазып отыратын жеке дәптері
жазады.Сөздік дәптерге әр сабақта үйренген жаңа сөздерін жазады да, олармен
әр түрлі сөз тіркестер құрастырады.
Оқушының сөздік қорын байытудың тағы бір жолы - мақал-мәтелдер
сөздігін жасау. Мақал-мәтелдер сөздігі оларды есінде тұрақтандыруға
көмектеседі. Ал мақал-мәтелдер оқушының қазақша сөйлеуін көріктендіреді.
Мақал-мәтелдер сөздігін оқушы сөйлесу кезінде, мазмұндама, шығарма
жазғанда, пайдалануына болады.
Сонымен бірге, жаңа сөздер оқулықтарда соңғы бірнеше сабақта, жиі
қайталанып, кейін сирек кездеседі. Бірақ олар мүлдем кездеспеуі мүмкін
емес. Оқулықта бұл жағдайлар сақталмаса, біз оны өзіміз қадағалауымыз
қажет. Сабағымызда жаңа сөзді келесі сабақта жеке сөз ретінде тексеріп
отыруың өзі де өте пайдалы. Мұндай жұмыс түрі затты көрсетіп, суретін
көрсетіп, оны қазақша атату арқылы жүргізіледі немесе орыс тілінде сөзді
атап, қазақшасын оқушыға айтқызу арқылы да тексеруге болады.
Жаңа сөзді қоладаныста меңгеру оқушыны әрі сөйлеуге баулу, әрі сөзді
оқушы есінде сақтауға әсер етеді. Сөздің қолданысын оқушы мәтіннен,
жаттығудан көреді, танысады. Бұл жаңа сөзбен алғашқы танысу. Мұғалім
оқушыға жаңа сөзді оқушы сөйлемді өзінше қолдануға жаттықтырады. Жаңа
сөздермен сөйлем құрауды үйретеді, сөздерді сөйлеуде, диалогта қолдануға
жаттықтырады. Жаңа сөздер қатысқан мақал-мәтелдер жаттау , өлең жаттау өте
пайдалы, ол сөздердің ұмытылмауына үлкен ықпал жасайды және сөздердің
қолданысын үйренуді бекітеді.
Жаңа сөздердің мағынасын түсіндірген соң, олардың дұрыс айтылуын
түсіндіру керек. Жаңа сөздердің айтлуын мұғалімге еліктеп бүкіл сыныпқа,
топқа, жеке оқушыға айтқызу арқылы үйретуге болады. Жаңа сөздерді жаңа
технологиялар үйренуге болады. Бұл жұмыс әсіресе, лингафондық кабинет
арқылы жүргізіледі.
Оқушының тілін дамыту, сөздік қорын байыту- жан-жақты жұмыс. Бұл ретте
оқушыны дайын сөздіктермен пайдалануға жаттықтырудың да атқаратын қызмет
зор. Оқушының сөздік қоры тек сабақ кезінде ғана толығады деуге болмайды.
Оқушының сөздік қоры сыныптан тыс уақытта да толығып отырады.
2. Жаттығулар арқылы тіл дамыту.
Оқушы қазақ тілінен меңгерген бай сөздік қорын қарым-қатынаста қолдана
алмаса, тіл білген болып саналмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту
сөздердің сөйлеуде қолданысына жаттықтырумен бірге байланыста жүргізіледі.
Ал оқушы сөздерді қарым-қатынаста қолдана алу үшін, тілдік
тұлғалардың қолданылу заңдылықтарын білуі керек. Ал ол- грамматиканың
мәселесі. Грамматикада сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылатын
сөз түрлендіруші қосымшалар, олардың қандай сөздердің тобына, қалай
жалғанатыны, беретін мағынасы, сөз түрлендіруші қосымшалар арқылы түрленген
сөздің қандай сөз тіркесін жасайтыны, сөз тіркесінің сөйлем жасауы,
сөйлемдердің бір-бірімен байланысу заңдылықтары беріледі.
Екінші тілді үйрету ісіне оқушы тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастырылғанда,
жаттығулардың атқаратын қызметі зор. Тілге үйрету қай тілде де
жаттығулардан басталады. Жаттығулар тілдік материалдың негізінде оқушының
жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сай беріледі. Жаттығуларды ғылымға екіге
бөледі: тілдік жаттығулар және сөйлеу жаттығулар. Тілдік жаттығулардың
міндеті тілдің грамматикалық материалын оқкшыға меңгерту. Тілдік жаттығулар
әр тілдік тұлғаны таныстырады, оны қолданып үйренуге жаттықтырады. Тілдік
жаттығулар тілдік тұлғаларды дұрыс ойланбай қолддану дәрежесіне жеткізуді
көздейді. Тілдік жаттығулар алуан түрлі болып келеді. Мұндай жаттығулдар
тілдік тұлғаның қолдану үлгісі ретінде, оның қолданылуына оқушының назарын
аударып, көзін үйрету мақсатын көздейді. Ал тілдік жаттығуда тілдік
тұлғаның сөздегі орнына нүкте қойылатын жаттығулар оқушыны тілдік
тұлғалардың дыбыстық вариантын дұрыс таңдауға үйрету мақсатын көздейді.
Ал сөзді қосымшасыз беріп, оған тиісіт қосымшаны тауып жалғау оқушыға
түрлі қосымшаларды өткен соң, олардың әрқайсысын жақсы меңгергенде
беріледі. Мысалы, бірнеше септік жалғауын оқығаннан кейін , оның сөйлемде
қайсысын қолдануды табу ол септіктердіоқушының жақсы білуін талап етеді.
Сөйлемдегі түсіндірілген сөзді тауып қосу, сөйлемді өзгерту, сөйлемді
аяқтау, сөйлемді кеңейту, сөйлемді тарылу сияқты жаттығулар оқушыны
сөйлеуге апарады. Бұлар алғашқы жаттығулардан гөрі көп күрделі болып
табылады.
Сөйлеу жаттығуларына сурет арқылы оқушыны сөйлеуге үйрету,
оқыған кітабының мазмұнын әңгімелету, мақал-мәтелдерді сөйлеуде қолдануға
жаттықтыруң, тақпақ, өлең айтуға үйрету де жатады. Бұлардың бәрі - оқушының
тілін дамытудың құралдары. Оқушыны тілін дамытуда оқыған кітабының мазмұнын
қазақша әңгімелету пайдалы. Жұмыстың бұл түрін 5-6 сыныптарда бастау дұрыс.
Кітап оқу жұмысы сабақта басталды. Оқу әдісін меңгерген оқушы өздігінен
кітап оқымайды. Кітап оқуға баулу үшін, алдымен, оқушыны анық, тез оқитын
дәрежеге жеткізу керек. Оқу әдісін жақсы меңгерген оқушы ғана, өздігінен
кітап оқи алады.
Оқушының тілін дамыту үшін тақпақ жаттау, өлең айту да пайдалы болып
саналады. Оқушы әр сыныпта бірнеше тақпақ жаттайды, олар көбіне оқулықтарда
беріледі. Өлең айтуға, ән салуға үйрену де тіл дамытуда өзіндік қызмет
атқарады, бірақ бұл жұмыс үйірмеде жүргізіледі.
Мақал-мәтелдер де - оқушыны тілін дамытудың құралы. Оқулықтарда мақал-
мәтелдермен жұмыс жүргізуде әр мақал-мәтелдің оқушы мағынасын түсінуі
керек, сонда ғана оны орынды қолдана алады. Сөйлеу жаттығулары оқушыларды
тілдік материалды сөйлеуде қолануға дағдыландыруды көздейді. Сөйтіп, оқушы
алдымен тілдік материалды меңгеру жаттығулармен кездеседі, оны білі, танып,
түсініп алуы қажет. Ол тілдік материалды сөйлеуде қолдануға жаттықтыру,
дағдыландыруда сөйлеу жаттығулары маңызды қызмет атқарады [9,120б.].
3. Мәтін арқылы оқушы тілін дамыту.
Мәтінмен жұмыс 1 сыныптан жүргізгені дұрыс, шағын мәтіндер оқушыларға
қиын емес. Қазақ тілін оқытудың алғашқы кезеңінен бастап, мәтінмен жұмыс
жүргізу тіл дамытуда өте пайдалы. Оқушы тілін дамытуға мәтіндлердің
атқаратын қызметі өте күшті. Мәтін оқушыға білім береді, мәтін-оқушыны
оқуға үйретудің құралы, ол ойын, тілін дамытады, тәрбиелйді, қазақша
сөйлеуге үйретеді. Мәтін осы қызметтерді толық атқару үшін, оған төмендегі
талаптар қойылады. Мәтін оқушының жас ерекшелігіне, түсінігіне сәйкес болуы
керек. Мәтін әр сыныптағы оқушының жас ерекшелігіне, біліміне, түсінігіне
сай алынады. Осымен байланысты әр сыныпта оқытылатын мәтін әр түрлі
деңгейде болады. Мәтіннің мазмұныны әр сыныпта оқушысының білім деңгейіне,
дүниетанымына сай болуы қажет. Оқушыға таныс емес, оқушы түсінбейтіндей
қиын мазмұнды мәтін алынбауы, оқуға берілмегені дұрыс.
Мәтіндердің мазмұны оқушыны қызықтыратындай болуы қажет. Оқушыны
қызықтыратын мәтіндерді оқушыны жақсы меңгереді.
Мәтіндердің тәрбиелік мәні болуға тиіс. Оқушыны достыққа, бірлікке,
адамгершілікке тәрбиелейтін мәтіндердің мәні күшті. Мәтіндер қазақ халқының
мәдениетімен, әдет-ғұрыптармен, ұлттық мерекелермен, жетістіктермен
оқушыларды таныстыру қызмет атқарады.Олхалықты сыйлауға, тәрбиелеуге
қажет.
Мәтінді аудару - тіл үйренудегі, тіл дамытудағы негізгі
мәселелердің бірі. Мәтінді аудару алғашқы кезеңде мұғалім өзі көрсетеді,
кейін оқушылар өзі аударады. Мәтінді аударудан бұрын ондағы жаңа сөздермен
жұмыс жүргізіледі.
Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтарға жауапты жазбаша түрде жүргізу
арқылы оқушының жазбаша тілін дамытуға болады. Мәтін бойынша ауызша тіл
дамытуға жүргізілетін жұмыстардың бәрі жазбаша да жүргізіледі.
5. Сөйлеу тілі мен жазбаша тілдің байланысы.
Сөйлеу тілі мен жазба тіл өте тығыз баланысты. Сөйлеу тілінде жазбаша тілде
де қолданылатын тілдік тұлғалар бір. Тілдік тұлғалар сөйлеу тілі мен
жазбаша тілде бір мағынада қолданылады, олардың тілде атқаратын жалпы
қызметтерінде де өзгеріс болмайды. Сондықтан екінші тілді үйретуде жұмыс
ауызша мен жазбаша жүргізулі тиіс. Тыңдауға үйрету мақсатында жасалатын бұл
жұмыстың түрлері, сөйлеуге үйретумен байланысты жүргізітіні есте болу
керек.
6. Жазбаша тілді дамыту.
Оқушының жазбаша тілін дамыту бастауыш сыныптан-ақ басталады. Тілді
жаттығуларды жазбаша түрде орындау оқушыны жазбаша тілін дамытудың алғашқы
басқышы шартты белгісінің бірі болып саналады.
Дегенмен оқушуның тілін жазбаша түрде дамытуда мазмұндама мен шығарманың
орны ерекше.
Мазмұндама - тіл дамытудың өте маңызыды әдісі. Мазмұндама негізінен
оқушының жазбаша тілін дамытуға, ойын мәтінге сүйеніп, өзінше жазбаша түрде
білдіруге үйретуді. Бірақ мазмұндаманы оқушының жазбаша тілін дамытуда,
ойын мәтінге сүйеніп, өзінше жазбаша түрде білдіруге үйретеді
Шығарма жақын мазмұндама оқушының шығармашылық ойын дамытуды, ойын өз
сөзімен білдіру дағдысын қалаптастырады.
Шығармаға жақын мазмұндамада оқушы мәтіннің мазмұнын өзінше
жалғастырып жазаджы, кейде мәтіннің басына өзінше үзінді қосады, мәтіннің
арасында мәтінге байланысты уақиға туралы өзінше әңгіме қосады.
Шығарма - жазбаша тілді дамытудағы ең негізгі жұмыс. Шығарма – оқушыны
өздік шығармашылық жұмысы. Шығарма жазуға оқушыны үйрету ұзақ уақыттағы
жүйелі жұмысты керек етеді.
Шығарма бір тақырыпта жазылады, тақырыпты ашуға керек сөздерді білуі керек.
Мұғалім оқушының сөздік қорын жақсы біледі, сондықтан оқушының сөздік
қорында бар сөздерді қажет ететін тақырып таңдау пайдалы.
Тіл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz