ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Ұлттық мектептерде қазақ әдебиетін оқытудың дидактикалық
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2 Ұлттық мектептерде қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын тірек сызбалар
мен жаттығу жұмыстары
2.1 Ұлттық мектептерде қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын тірек
сызбалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Ұлттық мектептерде оқушыларды мәнерлеп оқуға
төселдіру ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...33
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ әдебиетін ұлттық мектептерде оқыту
әдістемесі – қазақ әдебиетін оқытудың тиімді жолдары мен тәсілдерін,
қазақша дұрыс сөйлеу, тіл мәдениетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін
баяндайтын педагогикалық ғылым. Қоғам дамуының қазіргі жағдайында қазақ
әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының мәселелері бар. Солардың бірі ұлттық
мектептерде қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын дидактикалық принциптерді
анықтау, оқытуда қолданылатын тірек сызбалар мен мәнерлеп оқуға төселту
жұмыстарын анықтауды жұмыстың өзектілігі етіп алып отырмыз.
Зерттеу нысаны. Ұлттық мектептерде қазақ әдебиетін оқытудағы
дидактикалық принциптер мен тірек сызбалар, мәнерлеп оқуға төселту
жұмыстары.
Зерттеу пәні. Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың
ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Жұмыстың негізгі мақсаты –
ұлттық мектептерде қазақ әдебиетін оқытудың ерекшеліктерін анықтау. Аталған
мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- Ұлттық мектептерде қазақ әдебиетін оқытудың дидактикалық
принциптерін анықтау;
- Қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын дидактикалық принциптерді
анықтау;
- Ұлттық мектептерде қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын тірек
сызбалар мен мәнерлеп оқуға төселту жұмыстарын талдау.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ұлттық мектептерде қазақ әдебиетін
оқытудың ерекшеліктерін анықтап, оқытудың дидактикалық принцтптерін, тірек
сызбалардың ерекшеліктері мен мәнерлеп оқуға төселту жұмыстарының
ерекшеліктері талданды.
Курстық жұмыстың дереккөздері. Зерттеудің дереккөздері ретінде ғылыми-
теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды. Соның ішінде, Оралбаева
Н., Жақсылықова К., Рахметова С., Қадашева Қ., т.б тілші мамандардың,
әдіскерлердің еңбектерін атауға болады.
Зерттеу әдістері. Ұлттық мектептерде қазақ әдебиетін оқытудың
ерекшеліктерін анықтау барысында, олардың құрылымын қарастыруда сипаттама
әдіс, салыстырмалы әдіс, талдау, т.б. әдістер қолданылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Аталмыш жұмыстың нәтижелерін
“Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері” мен
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі арнайы курстарында көмекші құрал ретінде
қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Бұл жұмыс, яғни ұлттық
мектептерде қазақ әдебиетін оқытудың ерекшеліктерін анықтау, дидактикалық
принциптерін және тірек сызбаларын анықтап тану осы саланың теориялық
негізіне аз да болса үлес болып қосылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе және негізгі
мәселелерді қамтитын екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында
әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
1 ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ
ПРИНЦИПТЕРІ
Ұлттық мектептерде қазақ әдебиетін оқыту – ұлттық мектептерде қазақ
тілінде оқи, жаза, түсіне, сөйлесе білуге үйрету, дағдыландыру.
Дидактика – барлық ғылымды оқыту жөніндегі әдістер жайлы теорияның
жиынтығы. Яғни дидактика білім мазмұнының ғылыми негізін, оқыту әдістерін
ұйымдастыру формаларын, яғни, нені оқыту, қалай оқыту жайын зерттейді.
Демек, дидактика білім мазмұнын анықтау, оқыту процесінің заңдылықтарын
ашу, оқытудың ең тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын табу
мәселелерін шешіп отырады. Осы мәселелер жөнінде өзінің принциптерін
белгілейді. Дидактикалық принципте, оқу-тәрбие ісінде басшылыққа алынатын
педагогикалық қағидада, оқытудың мазмұнына, ұйымдастыру формасына және
әдістеріне қойылатын талаптар белгіленеді. Ұлттық мектептерде оқушыларға
қазақ әдебиетінен тиянақты да берік білім беруде мұғалімдердің ескеретін
жұмыстары көп. Қазақ әдебиетіне байланысты таңдалған материалдардың көлемі
мен жүйесіне қарай білім беруде, мұғалім білім беру әдістерінің ең құнды,
ең тиімді түрлерін пайдаланады. Сондықтан қазақ тілінен теориялық білім мен
практикалық дағды беруде мұғалім дидактикалық принциптер мен методикалық
заңдылықтарға сүйенеді. Оқушыларға қазақ әдебиетінен тиянақты білім беруде
сүйенетін жалпы дидактикалық принциптер мыналар: ғылыми принцип, жүйелі
принцип, көрнекілік принцип, саналылық пен белсенділік принципі, теорияны
практикамен байланыстыру принципі, жеңілден ауырға принципі, жеке
оқушылардың психологиялық ерекшелігін ескеру принципі. Қазақ әдебиетінен
мәлімет беруде мұғалім бұл принциптерді бір-бірімен ұштастырып отырады. Осы
дидактикалық принциптерді іске асыру тұсында, негізінен екі түрлі
принциптің орындалатынын байқаймыз. Біріншісі – оқушылардың қазақ
әдебиетінен материалдарын жете меңгеру процесі. Мұны оқушылардың оқу
материалдарын саналы түсінуі, оған оқушының белсенді қатысуы арқылы
анықтауға болады. Екіншісі – оқу материалдарын үйрету процесі. Мұнда
сабақты көрнекі, жүйелі түсінуге оңай етіп құру ең қасиетті міндет болып
табылады. Сондықтан да қазақ әдебиетінің материалдарының теория мен
практикаға сай болуы мұғалімге тікелей байланысты.
1) Ғылыми принцип. Қазақ әдебиетінен білім мен практикалық дағды
беруде жиі іске асырылатын принциптің бірі – ғылыми принцип. Оқушыларға
қазақ әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге
жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін
айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын-жазушылар туралы,
олардың көркем шығармалары жайында айту әрбір ұстазға жүктелген міндет.
Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл – оңай нәрсе
емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол –
оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге
асатын дүние. Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін
әрекет жасамаса, автордың жан күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп,
көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз. Оқушыдағы
осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру,
әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті
оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет. Оқушыларға
берілетін мәліметтер төмендегі талаптарға сәйкес болуы қажет:
А) Меңгерілетін объектінің термині, мәтіні анық болуы қажет.
Ә) Қазақ әдебиетінен берілетін тақырыптардың дәлдігі талап етіледі.
Б) Әдеби тақырыптардың өзіндік белгілері сараланып алынуы тиіс.
В) Қазақ әдебиетінен берілетін материалдардың анықтамалары мен
ережелері дәл болуы тиіс.
2) Жүйелі принцип. Ұлттық мектеп оқушыларына қазақ әдебиетінен
берілетін теориялық мағлұматтар белгілі бір орын тәртібі бойынша өтілуі
қажет. Қазақ әдебиетінің әрбір тақырыбы методикалық жүйе арқылы талданады.
Тақырыптардың өтілу тәртібін сақтай отырып, өтілетін материал мен жаңа
материал байланыстырылады. Осының нәтижесінде әдеби материалдар бірін-бірі
толықтырып, аясын кеңейтіп отырады. К.Д.Ушинский жүйелілік қана өз
білімізді толық меңгеруімізге мүмкіндік береді деп санаған. Жүйелі принцип
– жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде, біріккен
сабақ құрылымында, білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталауда,
үй тапсырмасын беруде және оны тексеруде, еске түсіруде іске асырылады.
Қазақ әдебиеті сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем
шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен
түсіне білулері жатады. Яғни, мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы
мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай
отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін,
әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.
3) Көрнекілік принципі. Оқушыларға қазақ әдебиеті материалдарын
анық, дәл түсіндіруде іске асырылатын принциптің бірі – көрнекілік
принципі. Бұл принцип әдебиетті оқытуда, оқушылардың дыбыс жүйесіндегі
білімі мен дағдыларын, әрі қарай нығайту үшін, және оны жете меңерту үшін
ерекше қызмет атқарады. К.Д. Ушинский таныс емес сөзді бес сөзді қаншама
қайталап қиналатын оқушы сурет арқылы көрсетілген 20 сөзді ілезде үйреніп
алады деп бекер айтпаған. Он рет қайталап айтқанмен, бір рет нақтылай
көрсеткеннің пайдасы бар екеніне ешкім де таласпайды. Сондықтан мұғалім
қазақ әдебиеті сабағында көрнекілікті өте ұтымды қолданылуы қажет. Көрнекі
құралдар оқушыны қызықтыру қызметін де атқарады. Ол оқушы зейінін
ұйымдастыруда да маңызды. Сонымен бірге әрі көру, әрі есту, әрі ойлау
сияқты бірнеше сезіну түрлерінің қатысы тілдік мәліметтің ұзақ сақталуына
әсер етеді.Әр сабақ сайын көрнекі құралдар пайдаланылады. Қазақ әдебиеті
сабағында мынадай көрнекілік түрлері іске асырылады: кесте, схема, плакат,
сурет, анықтағыш дәптер т.б. және де техникалық құралдар. Жалпы көрнекілік:
1) сөйлем әрекетінде берілетін білімнің дәл, анық болуын қамтамасыз етеді;
2) оқушылардың әдебиетке деген құмарлығын асырады; 5) олардың
бақылағыштық және сенімділік қабілетін арттырады.
4) Саналылық пен белсенділік принципі. Әдеби фактілерге байланысты
мәліметтерді оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгере білуі тиіс.
Қазақ әдебиеті объектілерін саналы түрде меңгерту үшін мына сияқты жұмыс
түрлерін іске асырған жөн:
а) Әдебиеттен берілетін жеке мағлұматтарды жеке түсіндіріп, ол
мәліметтерді өз түсінігі бойынша айтқызып отырғаны дұрыс;
ә) Түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылар тапсырманы еркін
орындау керек;
б) Күнделікті, тоқсандық және жылдық қайталаулар тұсында өткен
материалдарға байланысты сұрақтарға толық жауап болуы тиіс.
в) Күнделікті өмір қажетіне қарай практикалық дағдыларды саналы
түрде меңгергені жөн. Мұғалім қазақ әдебиетінен берілетін білімінің
беріктілігін қамтамасыз ету үшін мынадай жұмыс жүйесін іске асырады:
а) қазақ әдебиетінен түсіндірілетін материалдың анықтылығын;
ә) түсіндірілетін материалдың әсерлілігін;
б) берілетін және берілген білімнің сапалылығын, тұрақтылығын және
оған қатысатын оқушылардың белсенділігін;
в) сыныпта және үйде орындалатын жұмыстың сапасын;
г) қайталау жұмысының жүйелілігін;
Мұғалім күнделікті сабаққа мұқият дайындық жүргізіп, әр түрлі
методикалық әдебиеттерді пайдаланып отырса, оқушылардың оқу материалдарын
сапалы да берік меңгеруіне негіз қаланады. Сондай-ақ, сынып және үй жұмысын
жүйелі түрде тексеріп жүру оқушылардың белсенділік қабілеттерін арттырады.
5) Теорияны практикамен байланыстыру принципі. Бұл принцип оқушының
қазақ әдебиетіне алған теориялық мәліметін сөйлеуде қолдануға жаттықтыруды
көздейді. Оқушылар осы алған білімдерін кеңейте отырып, оны күнделік өмір
қажетіне жаратады. Оқушыларға диалогтық сөйлемді меңгертумен бірге
монологтық сөйлеу де үйретіледі. Сонымен бірге ауызша және жазбаша тілін
дамытуға, жылдам әрі саналы, мәнерлеп оқуға, әр түрлі баяндамалар жасауға
және іс-қағаздарының алуан түрлерін жазуға дағдыландырады. Қазақ
әдебиетінен берілетін теориялық білім мына сияқты практикалық мақсаттарды
жүзеге асырады:
а) әдебиеттен алған теориялық білімін ауызша және жазбаша мақсатта
қолдана білу; ә) түрлі талдаулар жасай білу;
б) Орфография мен орфоэпиядан алған білімді ауызша және жазбаша
түрде сауатты іске асыру.
6) Жеңілден ауырға принципі. Бұл принципті кейде түсінуге қолайлылық
принципі деп те атаймыз. Бұл принцип оқушылардың жас ерекшеліктерін, білім
дәрежесі мен сынып түрлерін ескере отырып, мұғалімнің түсіндіруі, оқулық
тілі және оның баяндалу желісі сияқты үш түрлі ерекшеліктері басшылыққа
алынады. Мектеп оқушыларының қабылдау, ойлау сияқты психикалық қасиеттеріне
лайықты түсіндіріледі. Бұл сабақтың алғашқы күнінен бастап, үнемі сақталуға
тиісті. Мысалы, алғашқы үйретілетін сөзді таңдауда бір буынды сөзді үйрету
мен көп буынды сөзді үйретуді салыстырып, оқушы оның қайсысын тез үйренеді
деген сұраққа тәжірибелі мұғалімдер бір буынды сөзді оқушы тез үйренеді деп
жауап береді. Бұл алғашқы сабақтарда ұсталса, сол қалыпты қалу мүмкін емес.
Өйткені барған сайын оны күрделендіру принципін ұстау керек [1, 26-27бб.].
Бұл бір сыныптағы әр сабақта, әр сыныпқа көшкен сайын үнемі тілді,
әдебиетті оқыту процесінде ұсталатын принцип. Сондықтан да жаттығулар да,
мәтіндер де, тіл білімінен, әдебиеттен берілетін мәліметтер де барған сайын
күрделініп отыратын сөзсіз.
7) Оқушылардың психологиялық ерекшелігін ескеру принципі. Оқушыларға
қазақ әдебиетінен теориялық білім мен практикалық дағдылар беруде олардың
психологиялық қасиеттері, оқуға бейімділігі, икемділігі мен дайындау
дәрежесі ескеріледі. Күнделікті сабақ үстінде оқушылардың осындай
ерекшеліктеріне орай жұмыс істеу тәртібі белгіленеді және мұғалім
тақырыптың өзіндік белгілерін оқушылар қаншалықты меңгергендігін бақылап
отырады. Нашар орташа меңгерген оқушылармен сабақ үстінде түрлі жұмыстар
жүргізіледі. Әр сыныптың өз білім деңгейі болатыны белгілі. Әр сыныптағы
оқушының өзіндік жас ерекшелігі бар.
Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі
ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да
мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды
табандылықпен жалғастыра береміз. Нұрсұлтан Назарбаев
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілін дамытуды бүгіннен
бастау қажеттілігін бұған дейін бір емес сан мәрте қайталап айтқан болатын.
Өзінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында ол 2025 жылға қарай Қазақстан
халқының 90 пайызы тек қазақ тілінде өзара тілдеседі деген болжамын
жеткізген болатын. Сондай-ақ, ол қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп,
қазақ тілінің терминологиясын жасауды арнайы құзыретті органдарға жүктеген
болатын. Қазақ тілінің болашағы оның дұрыс дамуы мен күнделікті халықтың
қолдануына байланысты болады. Қазақ тіліне өзге ұлт өкілдерінің
қызығушылығын арттыру, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың
негізгі алғышарты болып саналады. Себебі, мемлекеттік тілге деген құрмет
Отанды сүю мен туған елге деген құрметтің бастауы, негізі екендігі белгілі.
Сондықтан, бұл ретте қазақ тілінің орыс мектептеріндегі оқытылу
тиімділігіне баса назар аудару білім беру саласына, оның ішінде орыс
мектептеріне қазақ тілінен сабақ беретін ұстаздарға жүктелген аса маңызды
әрі жауапкершілігі мол міндет. Қазақ тілін меңгеруді мектептің табалдырығын
бастап бала санасына сіңіру қажеттілігін айтар болса, осы тұрғыда қазақ
әдебиетін оқытудың да қаншалықты салмағы бар екендігін ұғынуға болады.
Себебі, ұлтты тану, ұлтты сүю, сол ұлттың тілін сүю үшін оның әдебиетін
сүюің керек. Яғни, кез келген халықтың әдебиеті сол халықтың болмыс-
бітімімен ұштасып, біте қайнасып жатыр. Сол себептен де, біз бүгін орыс
мектептеріндегі қазақ тілін оқыту мәселелерімен қатар қазақ әдебиетін
оқытуды қоюымыз қажет. Бүгінде, қазақ әдебиетін оқытудың ең тиімді
тәсілдерін қарастыра отырып, біз интерактивті тақталар мен жаңа
технологияларды қолдана отырып сабақ жүргізу тәсілдерінің рөлін ерекше атап
көрсеткіміз келеді. Орыс мектептеріндегі Қазақ әдебиеті пәнін
интерактивті әдісті қолдану жолдарымен оқыту – айрықша көңіл бөлуді қажет
ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап
отырғаны бәрімізге мәлім.
Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуалдың өзгеруі, елдің егемендік
алу, тіл туралы заңның қабылданып, қазақ тілінің мемлекеттік статус алуы,
сондай-ақ, тіл ғылымында тілдің функционалдық-коммуникативтік
ерекшеліктеріне көңіл бөліне бастауы қазақ тілін оқыту әдістемесі
идеяларының да түбегейлі жаңаруын қажет етті. Сонымен қатар, бұған шет
тілдерді оқыту әдістемелеріндегі ғылыми тұжырымдамалар да әсер тигізді.
Сондықтан да соңғы кездердегі қазақ әдебиетін оқыту процесі бір принципке -
коммуникативті принципке негізделуде. Осы принципке сәйкес лексикалық,
материалды ситуациялық-тақырыптық бағытта топтастыру,
грамматикалық материалдарды коммуникативтік маңыздылығына қарай беру
турасында жаңа идеялар туды. Әсіресе жеке сөздерді емес,
сол сөздік тіркесімдер тізбегінде (қандай сөз тіркестерінің
құрамында кездесетіндігін) оқытып үйрету, грамматикалық және
лексикалық материалдарды диалогтар арқылы үйретуге дағдыландыру әдістемесі
қолданылуда.
Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық,
интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
оқырмандық тұрақты ынта-ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны
және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және
біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл
мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту,
қалыптастыру болып табылады. Әдебиет - өнер, әдебиет - ұлттық қазына, асыл
мұра. Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан
алынған үзінділерді оқулыққа ендіруде төмендегідей қағидалар басшылыққа
алынған:
1. Шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы;
2. Оның ұлттық қазына екендігі;
3. Мәтіндердің сәйкестігі мен сабақтастығы;
4. Әдебиетті сөз өнері ретінде таныту;
5. Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру;
6. Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту [2,
36б.].
Бұл жерде міндетті түрде оқушылардың пән бойынша іскерліктерін
танытатын, жалпы іскерліктерін дамытатын шығармашылық әрекет қажет.
Әдістеме аппаратының басты функциясы – көркем шығарманы қабылдатуға үйрету
болғандықтан оқушы мен мұғалім арасында жүйелі байланыс орнығуы керек.
Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын
мәселе - өзіндік пікірде жатыр.
Көркем туындыны оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы
пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан
өзгешілігі де, күрделігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда әр түрлі.
Олар: сезім шабыттану, эмоция әсер, еліктеу, қиялдау армандау осы пәнде
ерекше көрінеді.
Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы.
Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы – ұстаздардың ізденісінде,
балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты
екендігінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие
беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты
мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл
мұғалім керек. ерең зерттеу мұғалімдердің оқушылардың алған білімдерін
алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, пайдалануын бақылау дағдыларына
сүйенеді. Бұл үдеріс әр оқушының жеке дағдысы мен қабілеттеріне байланысты
әртүрлі мәнге ие. Сол себепті мұғалімдер әр оқушы үшін оқу үдерісінің
келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін тигізу үшін
жекелеген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек.
Ұлттық мектептерде қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы талдамас
бұрын оны дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек. Сонда ғана шығарма балаға
барынша әсер етеді. Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен тығыз байланысқан.
Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы
практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем
шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін
бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені
игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой – түсінік оқушыға әсер
етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады.
Сондай-ақ, әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан
тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты
арттырып, көркем шығарманы оқуға талпындырады.
Әдебиет – сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды.
Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса
ғана әдебиет деген өнер пайда болатындығын біз, қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімдері әдебиетті оқыту кезінде есте сақтағанымыз жөн.
2 ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТІРЕК СЫЗБАЛАР
МЕН ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ

сызбалар
Әдебиет – жан дүниені, он екі мүшені алпыс екі тамырды түгелдей
жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі
адамды жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызығы да, күрделігі де
осында жатса керек. 8-сыныпта көркем шығарманы оқытқан кезде төмендегідей
деңгейлік жұмыстарды жүргізуді кешенді бағдарға алу орынды болар.
І деңгей – тақырып ішіндегі негізгі ойларды бөліп алып, соны шағындап
өз сөзімен жазуға дағдыландыру.
ІІ деңгей – тірек сызбалары арқылы көркем шығарманың негізгі мазмұнын
ашқызу.
ІІІ деңгей - көркем шығарма бойынша бейнесөз, сөзжұмбақ
құрастырту (өздері түсінген сөздер бойынша)
Әдебиет – тұнып тұрған тілдік байлық. Көркем әдебиетте тілдің
эмоциялық және эстетикалық қуаты ерекше көрінеді. Бұл қазақ тілін жоғары
деңгейде үйренуге мүмкіндік береді. Тіл – әдеби көркем шығарманың негізі.
Үнтаспаның көмегімен салыстыру әдісін пайдаланып, орысша нұсқасын
тыңдатуға болады. Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс
үлкен септігін тигізеді. Мысал жанры қиын да, қызықты жанр екендігін
түсіндіріп, М.Әлімбаевтың төмендегі өлең жолдарын мысалға ала отырып Абай
Құнанбаевтың аудармаларына да көңіл бөлгізген жөн:
Қазақтың Гётесы жоқ, Пушкині жоқ,
Қазақтың – деме бірақ ,ешкімі жоқ,
Есесіне өзгенің Абайы жоқ,
Халқының мәңгі жасар кескіні боп
Деу жөнсіз: Өз баласы – өзіне ұлы,
Ұлылар – ойдың шыңы, көздің нұры,
Тең бірдей өлшем де жоқ ұлылыққа
Әрқайсысы өзінше ұлы – сезін мұны
– дей келе қазақ халқының да өз мысалшылары бар екендігін айта кеткен жөн.
Сабақ жүргізу барысында А. Құнанбаевтың аудармасы Қарға мен түлкі
мысалынан қойылым дайындауға болады. Сабақ жоспарын құрғанда, Марал
Жанпейісованың технологиясы бойынша сабақтарыма топтық және жұптық жұмыс
түрлерін әр сабаққа енгізер едім, өйткені бұл тәсілдер сабақтың ұтымды
өтілуіне көп септігін тигізеді. Осы ретте топтық жұмыс түрін жүргізу өте
қолайлы, бір ескеретін жайт, сұрақтарды құрастыруда мұғалім оқушы нені анық
білу қажеттігін іріктеп алуы қажет. Оқушылардың санына орай топтарға бөліп,
тапсырмалар үлестіріледі. Сіздерге ұсынылып отырған тапсырма үш топқа
бөлінген, егер көз жүгіртіп өтсеңіздер тапсырмадағы сұрақтардың саны әр
түрлі, өйткені сауалдар деңгейлік тапсырма көлемінде құрылған, бірақ
тапсырмалар реті материалдың мазмұнының жүйелігіне байланысты деңгейлік
талаптарына сәйкес болмаса да, мұғалім өзі топтың шамасына қарай бөліп
беруіне болады. Келесі тапсырманың бір түрі жұптық жұмыс тәсілі бойынша
сұрақтар құрастыру. Бұл тапсырманың ерекшелігі 1- сұрақ ақын-жазушының
өмірі мен шығармашылығынан, ал 2-сұрақ тікелей шығармаларға байланысты
құрылуы шарт, ол оқушының нақты білімі мен дайындық дәрежесін тексеруге
септігін тигізеді. Оқулықта ауқымы өте кең шығармалар бар, бұл оқыту үрдісі
кезінде қиындықтар туғызады, осы ретте жұптық жұмыстың тағы бір түрінің
берер септігі көп. Мысалы, Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына біз
мәтінмен біраз жұмыс істеуіміз керек. Мәселені шешу үшін балаларды ең
алдымен үш жұпқа бөліп, оларға тапсырмалар таратып, әр тапсырма бір бөлімге
байланысты алынды, осы бөлім көлемінде ең қажетті деп танылған сұрақтар
қойылады, тапсырмаға міндетті түрде қаралатын бөлімнің тақырыбы жазылады.
Белгіленген уақыт көлемінде жұптар берілген тапсырмаларға бөлім ретіне
сәйкес жауап беріп, бір-бірін тыңдап, негізгісін дәптерлеріне түртіп алып
отырады. Бұл әдіс баланың алтын уақытты үнемдеп, материалды толық
меңгеруіне көмегін тигізеді. Тағы қосарымыз, әр сабақты сабақтың айдарынан
бастауды дәстүрге айналдырып, бұл әдіс мұғалімге үш мәселені шешуге
септігін тигізеді, 1- өтілетін тақырыптың мазмұнын ашады, 2 - тәрбиелік
мақсатын шешеді, 3- оқушы әр сабақта мақал-мәтел, нақыл сөз, қанатты сөз,
немесе естеліктерді жаттап, әдеби сөздік қорын дамытуға ықпалын тигізеді.
Осы ұсынылған әдістер оқушының көркем шығарманың идеялық мазмұнын,
тақырыбын дұрыс ұғынуы үшін өте қажет деп ойлаймын. Бұл әдіс-амалдарды
орындау шарт емес. Айтылған жұмыс түрлері мұғалімдерді өзіндік ізденіске
жетелейді деп сенеміз. Қай тақырыпты оқытуда болмасын мұғалімнің ойы,
шеберлігі қажет [1, 63б.].
Оқудың келесі қадамдарын анықтау үшін ақпаратты бақылау және
пайдалану соңғы 20 жыл ішінде халықаралық деңгейде танылды және
метаталдаудың көмегімен білім беру шараларының табысты түрлерінің бірі
ретінде танылды. едагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту
теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің дәстүрлі
әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік береді. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен
ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді. Бұл
жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды
меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім
тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім
оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау,
рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін
тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар
қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен
жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік
беретін жаттығуларды орындауға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып
табылады
Тіл дамыту - қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема-тіл
мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу.
Сондықтан, мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып
сөйлеуге айрықша көңіл бөледі, тілдік материалдарды дұрыс бере білу, тілдің
теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу
жұмыстары арқылы іске асырылады.
Тілді дамыту дегеніміз – оқушының сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз
еркінше басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда
еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп тіл дамыту жұмысының кең аялы
екенін көреміз [3, 8-9бб.].
Адам әрқашанда өз ойын ауызша және жазбаша жеткізеді, сол себептен бұл
ұғымдар өзара байланысты. Ауызша жеткізу дегеніміз – сөйлеу. Сөйлеу –
тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау. Әр адам сөйлеу арқылы екінші адамға
өз ойын жеткізе алады. Сөйлеу әрекетінің өз сипатамалары бар. Солардың бірі
– сөйлеудің мазмұнды да мәнерлі болып келуі. Егер сөйлейтін сөзде мазмұн
болмаса ол сөз мәнін жоғалтуы мүмкін. Ал сөзді мәнерлеп айту – әрбір
сөйлемге әсерлі үн, саз береді. Аталарымыз айтқандай, бір ауыз сөзбен
адамды дертінен жазуға немесе өлтіруге болады. Демек, сөздің құдіреті өте
күшті. Сабақтың пікірлесу кезеңінде оқушылар әрбір сөзді орынды қолданып,
әр сөзге екпінді дұрыс қоя білуі керек. Сол жағдайда ғана олардың сөйлеу
әрекеттері дұрыс қалыптаса түседі. Әр мұғалім қазақ әдебиеті сабақтарында
тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол
оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне жағдай
жасайды.
Тіл дамыту жұмысы, негізінен, мынадай 4 бағытта жүргізіледі.
Біріншіден, мәдени, әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни
орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын
қалыптастыру.
Екіншіден, лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын
байыту, тілдің лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру
көзделеді.
Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету.
Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей
білуге үйрету мақсат етіледі.
Тіл үйренуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.
- Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған әдіс –тәсілдер туралы мәлімет
беру.
- Әдіс-тәсілдер туралы теориялық ұғым беру.
- Әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
- Қазақша сөйлеу дағдысын дамыту.
- Жазбаша тілін дамытып, орфографиядан түсінік беру.
- Сөздікті дамыту.
- Сөйлеу тілінің граматикасын қалыптастыру.
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
- Диалогтік сөздің қалыптастыру.
- Түсінгенін айта білу.
- Көркем шығармамен таныстыру.
- Сауатты жазуға дағдыландыру.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру
жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім және тәрбие алу үшін қажетті жағдай жасау; оқыту
мен тәрбие берудегі жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу
делінген [4]. Сондықтан бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін білім
алушының құзыреттілік қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім
беру көзделіп отыр. Құзыреттілік әдебиетте білім мен мүмкіндіктің
бірігуін, зерттеу еңбегінің нәтижесін, жеке тұлғаның сапасын, жалпы
мәдениет пен істің күрделі мәдени жиынтық түрлерін іске асыра алуын,
адамның өзгелермен қажетті байланыс құрып, оны сақтай алуын білдіреді. [5,
46б. ]
Қазіргі таңда ақпараттар ағымының көптігіне байланысты оқушының
алған білімінің тереңдігіне ғана емес, осы білімді өзіне қажетті жағдайда
қолдана алу қабілетіне мән берілуі керек [2, 75б.]. Оқушыға тек дайын
дүниелерді ғана бергеннен гөрі, түрлі бағыттаушы сұрақтармен, әр түрлі
жағдаяттар арқылы бағдар бере отырып іздендірсе, сенім білдірсе, нәтижелі
жұмыс жасауға ынталы болады. Мұғалімнің міндеті - осындай жағдай туғыза
білу. Сонда ғана оқушы өз бетімен ізденуге, еңбектенуге талпынады,
үйренеді. Оқушының өзінде қозғалыс болғанда ғана онда қызығушылық пайда
болады. Әрине, өзге тілде оқитын болғандықтан, сабақ барысында 2-3 сөйлемді
ғана қатесіз айтуға қиналып отырған баланы зерттеу жұмысына тартудың өзі
қиындық туғызады. Содан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz