ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕРІ


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕРІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Екінші тіл ретінде оқытудың әдістемесі мен әдістері . . . 5
2 Ұлттық мектептерде қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың ерекшеліктері
2. 1 Қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгертудің психологиялық ерекшеліктері . . . 23
2. 2 Екінші тіл ретінде оқытуға арналған қазақ тілі оқулығының құрылымы және бағдарлама . . . 27
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиет . . . 35
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тілін ұлттық мектептерде оқыту әдістемесі - қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары мен тәсілдерін, қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін баяндайтын педагогикалық ғылым. Қоғам дамуының қазіргі жағдайында қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының мәселелері бар. Солардың бірі ұлттық мектептерде қазақ тілі оқулығының құрылымы және бағдарламасын талдау, екінші тіл ретінде оқытудың әдістемесі мен әдістерін анықтауды жұмыстың өзектілігі етіп алып отырмыз.
Зерттеу нысаны. Ұлттық мектептерде қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың әдістемесі мен әдістері, ұлттық мектептерде қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың ерекшеліктері.
Зерттеу пәні. Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Жұмыстың негізгі мақсаты - ұлттық мектептерде қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың ерекшеліктерін анықтау. Аталған мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- Екінші тіл ретінде оқытуға арналған қазақ тілі оқулығының құрылымы және бағдарлама;
- Екінші тіл ретінде оқытудың әдістемесі мен әдістері;
- Қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгертудің психологиялық ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ұлттық мектептерде қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың ерекшеліктерін анықтап, қазақ тілі оқулығына талдау жасалды, екінші тіл ретінде оқытудың өзіндік әдістемесі мен әдістері, меңгертудің психологиялық ерекшеліктері талданды.
Курстық жұмыстың дереккөздері. Зерттеудің дереккөздері ретінде ғылыми-теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды. Соның ішінде, Оралбаева Н., Жақсылықова К., Рахметова С., Қадашева Қ., т. б тілші мамандардың, әдіскерлердің еңбектерін атауға болады.
Зерттеу әдістері. Ұлттық мектептерде қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың ерекшеліктерін анықтау барысында, олардың құрылымын қарастыруда сипаттама әдіс, салыстырмалы әдіс, талдау, т. б. әдістер қолданылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Аталмыш жұмыстың нәтижелерін “Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері” мен «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» арнайы курстарында көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Бұл жұмыс, яғни ұлттық мектептерде қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың ерекшеліктерін анықтау, мағыналық және құрылымдық сипатын тану осы саланың теориялық негізіне аз да болса үлес болып қосылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе және негізгі мәселелерді қамтитын екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
- ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Дәстүрлі оқыту қазіргі уақыттың жаңаша талабының ерекшеліктеріне толық сәйкес келе бермейді. Тілді екінші тіл ретінде оқыту мен үйретудің әр жылдары түрлі әдістемелік ағымдары мен әдістері көп қолданылды және өріс алды. Қысқаша талдау жасап өтеміз.
- Аударма әдістемесі. Бұл әдістеме - жетпісінші жылдың басында өте көп қолданылған әдістеме. Мұның негізінде тіл дыбыстарын үйрету тәсілдері жатыр. Оның ерекшеліктері негізінен:
-сөйлеу іс-әрекетінің (речевая деятельность) оқу және жазу түрлері алға шығады, ал тыңдау және сөйлеу өте төменгі деңгейдің үлесінде қалады;
-екі тілдегі (ана тілі және үйретілетін тіл) грамматикалық тұлғаларды салыстыра үйрету маңызының озық қолданылауы;
-үйретуде ана тілі және үйретілетін тіл бірдей қолданыста болады.
Есту-тілдесу әдістемесі. Бұл әдістеме жетпісінші жылдың аяғына таман ең жиі әрі көп қолданылған. Мұның негізінде таспадан тыңдағанын түсіну және айтуға арналған тәсілдер жатыр. Оның ерекшелігі негізінен:
-сөйлеу қажеттілігінің маңыздылығымен алға шығады, мұнда ең алдымен тыңдау, түсіну және жазуға көңіл бөлінеді;
-әртүрлі жаттығулар мен тапсырмалардың өрнектері беріледі;
- тіл үйретуде ана тілі қолданылады;
- таспадан тыңдалатын сұхбат немесе сөйлеу жағдаяты мәтіндерін үйреткенде оған тілдік анықтамалар, грамматикалық түсініктемелер беріледі;
- үйретілетін тілдің өзіне тән болмысы үйретіледі;
- үйренуде сөйлеу және жазу алға шығады.
Табиғи әдістеме. Бұл әдістеме 70-80 жылдардың аралығында қолданыла бастаған. Мұның негізінде - үйретілетін тіл ана тілін үйретудің әдіс-тәсілдерінде қолданылған. Мұның негізінде тілдік материалдарды меңгертудің сөйлеу тәсілі алдыңғы кезекке шығады, фонетиканы, оның ішінде дыбыстарды дұрыс дыбыстау мәселесіне өте аз көңіл бөлінеді.
Тура әдістеме. Тілді үйрету сол үйретілетін тілді ұлттық рух және мәдениет пен салт-дәстүр тұрғысында жүзеге асырады. Мұның негізгі ерекшелігі: мәдение пен тіршілік мазмұнындағы мәтін және оған қатысты жаттығулар беріледі; тапсырмалар мен жаттығулар белгілі бір грамматикалық анықтамаларға құрылады және үйретіледі; тақырып түсіндіріліп, сұрақ қою арқылы мәтін мазмұнын айту және аударуға көңіл бөлінеді. Бұл әдістеменің нәтижесі үйретушінің қабілеті мен біліміне байланысты.
Сократ әдістемесі. Бұл әдістеме негізінде сұраулар түрлері арқылы ойын жеткізу және осыны басшылыққа ала отырып, қарсы пікірін немесе өз көзқарасын білдіру арқылы сөйлеуге үйрету жолға қойылады. Мұның ерекшеліктері негізінен: үйретуші үйренушіден дұрыс жауап алуға үнемі дайындықта болады; қойылатын сұрау-тапсырмалар мәселелік, танымдық мақсатта алға шығару және үйренушінің сөйлесуін дамытады. Белгіл бір мәселе төңірегінде өз шешімін дамытқан, шығармашылық даралығын алға тартатын үйренушінің белсенділігі ескеріледі.
Жаңаша белсенділігін жандандыру әдістемесі (интерактивный) . Оқытудың имитациялық тренинг түрі арқылы үйренушінің білімін дамытуда қарым-қатынастың әр түрлі жолдарын меңгеріп, іс-әрекет үстінде өзін әр қырынан танытуға мүмкіндік береді. Интерактивті тренингтерде үйренуші өзі үшін ойлауға әрекет жасайды және жоғары қарым-қатынас арқылы өз ойын дәлелдеуге тырысады. Интерактив әдістемесі арқылы жылдам оқытудың нәтижелі жолын тудыру, өз бетімен іздену қызметін ұйымдастыру.
Жаңаша жаңғырту әдістемесі (инновация) . «Инновация» сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларына қатысты өте жиі қолданылып жүр. Қазіргі бұл сөз «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады [1, 74б. ] .
Мектеп - еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы - ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. ерең зерттеу мұғалімдердің оқушылардың алған білімдерін алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, пайдалануын бақылау дағдыларына сүйенеді. Бұл үдеріс әр оқушының жеке дағдысы мен қабілеттеріне байланысты әртүрлі мәнге ие. Сол себепті мұғалімдер әр оқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін тигізу үшін жекелеген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек. Оқудың келесі қадамдарын анықтау үшін ақпаратты бақылау және пайдалану соңғы 20 жыл ішінде халықаралық деңгейде танылды және метаталдаудың көмегімен білім беру шараларының табысты түрлерінің бірі ретінде танылды. едагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындауға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады
Тіл дамыту - қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема - тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Сондықтан, мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөледі, тілдік материалдарды дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады.
Тілді дамыту дегеніміз - оқушының сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп тіл дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз.
Адам әрқашанда өз ойын ауызша және жазбаша жеткізеді, сол себептен бұл ұғымдар өзара байланысты. Ауызша жеткізу дегеніміз - сөйлеу. Сөйлеу - тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау. Әр адам сөйлеу арқылы екінші адамға өз ойын жеткізе алады. Сөйлеу әрекетінің өз сипатамалары бар. Солардың бірі - сөйлеудің мазмұнды да мәнерлі болып келуі. Егер сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса ол сөз мәнін жоғалтуы мүмкін. Ал сөзді мәнерлеп айту - әрбір сөйлемге әсерлі үн, саз береді. Аталарымыз айтқандай, бір ауыз сөзбен адамды дертінен жазуға немесе өлтіруге болады. Демек, сөздің құдіреті өте күшті. Сабақтың пікірлесу кезеңінде оқушылар әрбір сөзді орынды қолданып, әр сөзге екпінді дұрыс қоя білуі керек. Сол жағдайда ғана олардың сөйлеу әрекеттері дұрыс қалыптаса түседі. Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне жағдай жасайды.
Тіл дамыту жұмысы, негізінен, мынадай 4 бағытта жүргізіледі.
Біріншіден, мәдени, әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Екіншіден, лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді.
Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету.
Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі.
Тіл үйренуде ең басты міндет - оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.
- Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған әдіс -тәсілдер туралы мәлімет беру.
- Әдіс-тәсілдер туралы теориялық ұғым беру. - Әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
- Қазақша сөйлеу дағдысын дамыту.
- Жазбаша тілін дамытып, орфографиядан түсінік беру.
- Сөздікті дамыту.
- Сөйлеу тілінің граматикасын қалыптастыру.
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
- Диалогтік сөздің қалыптастыру.
- Түсінгенін айта білу.
- Көркем шығармамен таныстыру.
- Сауатты жазуға дағдыландыру.
Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол-сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес.
Осы оқыту әдісі дегеніміз не? Соған тоқтала кеттейік.
Оқыту әдісі
- дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабілеттілігінің артуы [1, 78б. ] .
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілінен үйретілетін сөздер біріншіден, белгілі бір тақырыптарға, екіншіден сөз таптарға қатысты болады, сол себептен қазақ тілі сабағы әрі тілдік, әрі әдебиеттік оқу материалдарын қамтиды. Кейбір грамматикалық түсініктемелер, жаттығу шарттары орыс тілінде берілетіндіктен, салыстырмалы грамматикаға байланысты мәліметтер де қамтылады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол - сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, видеокассеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды оқу процесінде қолдануда.
Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді.
Мемлекттік тілдің қоғамдағы орнын көтеру үшін бүкіл жүйе болып жұмыс істеуіміз қажет. Бала енді тілі шығып, балабақшаға барып, қазақ сөздерімен танысуы тиіс. Мектеп қабырғасынан күнделікті өмірдегі, қолданыстағы тілді үйреніп шықса, жоғарғы оқу орындарын да мектеп бағдарламасын қайталамай, тілдік категорияны тереңірек оқытылса, болашақта орысша және қазақша тіл білетін маман даярлар едік. Қаншама жазсақ та, айтсақ та ісіміз оңға баспай тұр. Себебі оқушылар тек сабақта ғана қазақша сөйлеп, оны тәжірибеде қолданбайды одан гөрі ағылшын тілінде сөйлегенді ұнатады.
Осындай күрделі де ауқымды мәселені шешу үшін сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер жайлы бағдарламамды ұсынып отырмын.
Себебі сөздік қордың бай болу маңызды мәселе. Бұған үлкен көмек беретін тақырыптық модульдік бағдарлама. Әр сабақты фонетикадан бастаған жөн болар. Дауысты, дауыссыз дыбыстарға көңіл бөліп, дұрыс айтылуы мен жазылуына, сөз, сөйлем құрастыру процесін бірізді түрде жүргізіп отырса тиімді болады.
Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістерді ұсынып отырмыз.
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Сондай - ақ қазақ тілі грамматикасының кейбір ерекшеліктері (алфавит бойынша қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке, ал дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіндігі, екпіннің соңғы буынға түсіп, не істейді? сұрағына жауап беретін сөздердің сөйлем соңында тұратындығы, жалғау, жұрнақтардың жуан, жіңішке, екі вариантта болатындығы кім? сұрағының тек адамға қойылатындығы, ма, ме, ба, бе, па, пе деген қосымшалардың бірде жалғау болатындығы, т. б) түсіндіріледі.
Көрнекілік әдіс
- сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. 1- 2 сыныптарда түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық жағынан жақсы, ірі екі немесе үш түстен болуы керек. Мысалы : «Ұлттық киімдер» тақырыбын өткен кезде киімдердің суретін көрсету арқылы немесе сыныпқа кәдімгі киімдерді көрсету арқылы жүзеге асып отырады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады. Ы. Алтынсарин натуралды әдіс туралы былай деген: «балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды » деген. Бұл әдісті сөздік қорды дамытуға бастауыш сыныптарда қолданады. Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс - жеміс- жидектер, оқу құралдары, ойыншықтар, тағамдар тақырыптарында жүзеге асады.
Келесі әдіс
сұрақ-жауап әдісі.
Бұл әдіс балалардың тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі. Қай сынып болсын, сабақтың қай кезеніңде болсын қолдануға болады . Өте белгілі де тиімді әдіс. Жас ерекшелігіне байланысты сұрақ дайындалады. Мысалы:
-Сенің тұратын қалаң қалай аталады?
-Менің қалам Петропавл деп аталады.
-Қаланың ортасынан қандай өзен ағады?
- Есіл өзені ағады.
Дәстүрлі сыныптық сабақ жүйесінің барлық элементернің және сабақты құрастыру технологияларын қолданумен қатар, мұғалім келесі педагогикалық технологияларды пайдалана алады: ойын технологиясы, проблемалық оқыту, оқу зерттеуін ұйымдастыру технологиясы, жобалау әдісі, ақпараттық-комуникациялық технологиялар.
Интерактивтік әдіс.
Интерактивтік деген сөз энциклопедияда көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың, өзара біріккен әрекетке бір - біріне алма-кезек әсер етуі. Бұл әдіс әсіресе, сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады . Бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылықпен әрекет етуін қамтамасыз етеді. Интерракция кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра білу қабылеттері де көрінеді. Интерактивті әдіспен сабақ өткізу кезінде оқытушы кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін- бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Екі оқушының сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да мүмкін.
Бұл әдістің негізгі мақсаты - оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Әр оқушы жеке тапсырмамен жұмыс істей отырып, топ мүддесін ойлауға үйренеді. Әрқайсысы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады. Қандай әдіс болсын мұғалім өз сабағына икемдеп қолдануы керек. Осылардың ішіндегі ойын технологиясы туралы айтпақшымыз.
Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі - сабақта ойындарды қолдану. Ойын - балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менін» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. («Мен оқушымын», «Мен және менің отбасым», «Мен жолаушымын», «Біз жолаушымыз», «Адамдардың кәсібі», «Біз қонақтамыз») . Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі - жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы сезімге, ойға, ниетке толы болады және бала үлкендер сияқты дәрігер, эколог, жол көрсетуші болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі. Ойын іс-әрекетінің мотивациясы еркіндікті, таңдау мүмкіндігін, қажеттілігін, өз-өзіне сенімін, өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді.
Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жасындағы балалар, ойын жасынан өтіп кетті, - деуі бекер. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен жағымды эмоциялар алады.
Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқытудың негізгі мақсаты- тіл үйрету, яғни оқушыларға қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, грамматикалық формалар мен сөйлем құрылысын меңгерту.
Оқушыларға қазақ тілін меңгертуде жақсы нәтижеге жету үшін, мұғалім сабақтың түріне қарай әртүрлі әдістерді орынды қолдануы керек. Оқушының тілін дамыту әдістерін сөз етпек алдында, оның негізі болып саналатын әдістеменің жалпы әдістеріне тоқтала кеткен жөн.
Оқытудың жалпы әдістеріне, оның тарихи даму тұрғысынан алып қарайтын болсақ, өзге тілді оқыту әдістемесі мынадай 3 әдіске сүйенгенін көреміз:
1. Аударма.
2. Натуралды, немесе екінші тілді тікелей оқыту.
3. Аралас.
Қазан төңкерісіне дейінгі классикалық тілдерді (грек, латын т. б. ) оқыту мектептері тіл үйрету ісінде аударма әдісін қолданып отырған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz