ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ДАМЫТУ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ДАМЫТУ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Ұлттық мектептерде оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2 Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыда ойлау
әдісі ... ... ... ... 17
2.1 Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..31
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың
мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,
екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау
жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайы өз даму
деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Бүгінгі білім беру бағдарламасының ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл
құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта
пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай,
жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйрету жұмысымыздың өзектілігін
танытады.
Зерттеу жұмысының нысаны. Ұлттық мектептерде оқу мен жазу
арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты –
ұлттық мектептерде оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Осы
мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттер қойылды:
- қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыда ойлау әдістерін
қалыптастыру жолдарын талдау;
- оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының
тиімділігі айқындау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысына
А.Е.Әбілқасымова, Р.С. Омарова, С. Ахметова, Қ.Бітібаева, Т.Акшолақов,
М.Жанпейісова, т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері, теориялық тұжырымдары
басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаналығы. Жұмысты жазу барысында мына
жаңалықтарға қол жетті:

қалыптастыру жолдары қарастырылады;

тиімділігі айқындалады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Курстық жұмыс нәтижелері Қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріне Ұлттық мектептердегі қазақ
тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері пәнінен практикалық сабақтарға
көмекші материал бола алады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- ұлттық мектептерде оқушыларға қазақ тілін оқытуда оқу мен жазу арқылы
сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының тиімділігі анықталады;

қалыптастыру жолдарының маңыздылығы талданады.
Зерттеу әдістері. Жұмысты жазу барысында тілдік әдіс-тәсілдерді
белгілеудегі негізге алынған сипаттамалы әдіс, салыстыру, сұрақ-жауап
әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
беріледі.
1 ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ
Қазақ тілі сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың
тиімділігі өте зор. XXI көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI
ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік
тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі
де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс. Біліктілікті арттыру жүйесі қоғам
сұраныстарын дер кезінде жауап беруге мүмкіндігі бар үздіксіз білімнің ең
бір оралымды құрылымдарының бірі. Маман үшін ол – қалыптасқан кәсіби іс –
әрекетіне өзгерістер енгізу, өз тәжірбиесін басқа нақты адамдардың, қоғамда
жинақталған тәжірбиемен байланыстыру, біріктіру, кәсіби құзырлықты
қалыптастыру.
Білімнің әлеуметтік және өмірлік рөлінің, адамның танымдық-
шығармашылық мүмкіндігінің өзгеруі оқытудың ақпараттық құзыреттілігін
дамыту деңгейіндегі, үздіксіз білім жүйесіндегі білім беру ісін жаңаша
ұйымдастыруды талап етуде. Басты мәселе білім алушыны айналаны танып білу,
одан өзіне қажеттісін таңдай алу, өз бетінше ізденіп білімін, тәжірбиесін
молайту жағдайына қоя білу болып отыр.Тек осылайша ұйымдастырылған оқу ғана
тұлғаның жекелік, ақпараттық, кәсіби деңгейін арттырып, дамуына жол ашады.
Ең алдымен біз оқушылардың психологиялық ұстанымдарын ескере келе,
сыни ойлауды дамыта отырып ақпараттық құзыреттілігін дамытуға бағытталған,
білімнің мазмұндық функцияларын, ақырғы нәтижеге бағыттай оқыту сапасын
арттыру.
Дәстүрлі сабақтарда оқушылардың білім деңгейін бақылау, назарда ұстау
үнемі мүмкін бола бермейді, өйткені сабаққа тұрақты қатысып отыратын
балалар саны 5-6 ғана, көпшілігі оқта-текте іске араласады. Барлық оқушыға
бірдей тапсырма беріледі. Оны жақсы оқитын оқушылар тезірек орындап,
қалғандары дайын жауаптарды қайталайды. Сондықтан көпшілік оқушыны орташа
деңгейде білім дағдылары бар. Мұғалім дәстүрлі сабақтың әр кезеңінде жаңа
материалдарды жеріне жеткізе түсіндіруді мақсат тұтады. Оған бар шеберлігін
салады. Өте жақсы карточкалар, көрнекіліктер қолданады, иллюстративті-
баяндау әдістерін көп пайдаланғандықтан, оқушылар апай не айтады деп
отыруға дағдыланған [1,36б.].
Оқушылар сабақта негізінен репродуктивті әрекетпен айналысады. Мұғалім
әр түрлі тәсілді қолданылады. Сабақта оқушының тілдік қарым-қатынысқа түсуі
тек сұраққа жауап беру шеңберінде жүзеге асады екен. Жауап кейде қысқа
беріледі. Оқушылардың бір-бірімен диалог құру сәттері, мұғаліммен пікірлесу
кезеңдері сирек байқалады. Оқу материалын негізінен жаттап айтып беру,
талап етілетіндіктен пайымдау, тәжірибеде аздау көрінеді. Сабақтағы
оқушылардың көңіл-күйі мұғалімнің көңіл-күйіне тәуелді сияқты. Мұғалім
алғашқы кезде балаларды сабаққа қабылдауға даярлау, қызықтыру жұмысына
жете мән бере бермейтіндігі анықталды. Сабақта өте жақсы тәртіп
қалыптасқан. Оған мұғалімнің қажырлы еңбегі арқылы қол жеткендігін байқау
қиын емес. Оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс жасау да өз нәтижесін
бергенге ұқсайды. Тәртіп - ұғымы тыныш отыру, қол көтеріп сөйлеу,
негізгі мәселеден ауытқымау деп қабылданатын сияқты. Сынып оқушылары
ішінде балалармен араласын кете алмайтын, бұйғы оқушылар бар екен. Олар
үшін коммуникативті, интерактивті әрекеттер қажет-ақ. Кейін: Мұғалім
жұмысындағы жаңалық оқушыларды топтар бойынша отырғызудан бастайды.
Топтардағы тапсырмаларды орындауға әр бір топ мүшесінің үлес қосуы шарт.
Бұдан мұғалім әр оқушының білім алуға бағытталған іс-әрекетін бақылауға,
мөлшерін анықтауға мүмкіндік алады. Оқушылар жұмыстарына арналған
портфельді зерттеу, олардың ойлануында, дамуында ілгерілеудің бар екенін
көрсетеді. СТО бағдарламасының идеясын, философиясын түсінгенінен кейін,
оқушыларға стратегияларды ұсына отырып, жаңа ақпаратты өз бетінше
меңгертуге жұмылдыруға әрекеттенеді. Сабақтың бұрынғы алгоритмі өзгеріп, үш
кезеңнен тұратын модельге көшуге болады. Дегенмен, кей сабақтарында уақыт
жетпей жатады. Сабақ өткізу мәнерінде көп өзгерістер байқалады. Мұғалімдер
түрлі семинарларда үйренген стратегияларды әр кезеңнің мақсат-
міндеттеріне сәйкес таңдауға үйренген. Бірден сәтті шыға бермейтін тұстары
да кездесіп қалуы мүмкін. Өз сабағына жасаған талдауында мұғалім қай жерде
олқылық кеткенін айта алады. СТО стратегиялары арқылы оқушылар білім алу
үшін әрекет етуге үйрене бастайды. Оқу әрекетіні компоненттері: Жаңа
білімнің қажеттілігін сезіну, ынта-ықыласының артуы, құралдарын белгілеу,
жаңа мазмұнды меңгеру,оны қолдана алу, дұрыстығын дәлелдей алу, бәрі
ретімен шешіліп жатады. Сабақтағы басты өзгеріс – оқушылардың жаппай тілдік
әрекетке түсуі, өз ойын айтуға еркіндік берілгендігінің нәтижесі көп ұзамай
-ақ көріне бастайды. Қазіргі таңда оқу үрдісінде қазақ тілін оқытуда сан-
алуан жаңа әдіс-тәсілдер сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Оқу-
тәрбие үрдісінде қолданып жүрген технология Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлау. Осы технологияның барысында оқушылардың сабаққа деген
қызығушылықтары, қиялдары, елестетуі, дарындылықтыр жеке, жұппен, топпен
жұмыс істеу, әр түрлі ортада бейімделуі артады [2,30б.].
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
· Балаға ізгілік тұрғыдан қарау;
· Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
· Баланың танымдылық күшін қалыптастыру және дамыту;
· Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
· Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
· Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны
тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Қызығушылықты ояту –үйрену процессі,
бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушы жаңа ұғымдарды,
түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте
түседі. Сондықтан да сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы ен
біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау,
ояту , ми қыртысы арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін
Топтастыру, ББҮ, Болжау, Ой ашар, т.с.с әдістерді қолданамын .
Қызығушылықтың екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.
Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет
екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен
бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның
ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала
бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы
білімімен ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бағдарламаның
екінші кезеңі - мағынаны тану. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен
танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз
бетімен жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның ішіндегі
қолданып жүрген ДЖИК СО –I , ДЖИКСО –II, Әлемді шарлау, Кубизм,
ББҮ, т.б
ДЖИКСО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта,
сосын ұжымда талқыланады. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім
ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Бұл –стратегиясы
мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді.
Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас
қалыптасады, саналы тәртіп орынайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп
қызыметкерлерін түсіну оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді. Шынында да,
Әлі жаза да, оқи да білмейтін балалар мен RWСТ стратегиялар бойынша қалай
жұмыс жасауға болады? деген сұрақ барлық мұғалімдерді толғандырады.
Бастапқыда RWСТ әдістері оқу мен жазу дағдылары қалыптасқан оқушыларға
ғана болып көрінеді. Көптеген педагогтар мен ғалымдар: Оқуға жаңа үйреніп
жатқан оқырмандар кейбір дағдыларды басқа жағдайда тез игеретінін іс-
тәжірибе көрсетіп отыр, сондықтан оқуға үйретуді белгілі дәрежеде мәтінді
міндетті оқытудан тыс жүргізуге болады, -дейді. Бұдан нені аңғаруға
болады? Бұдан балалардың оқуға деген кейбір қабілеттерін мәтінді оқытпай
–ақ дамытуға болады деген сөз! Сын тұрғысынан ойлау технологиясы сабақ
барысында оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі
орасан зор.
Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер
алдындағы үлкен міндет. Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті,оқытудың
жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы
бойынша ол:
• шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге
сыни көзбен қарау;
• күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға
құштарлық;
• үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын,
үйренушінің сеніміне негізделген құрылым [1,60б.].
Сын тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы үш кезең бойынша
қолданылады:
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру
бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге
заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай
білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік
мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін
дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың
айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл
жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді
бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай
өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.
Мына бір сызбаға назар аударайық.
Күнделікті д ә с т ү р л і с а б а қ т а р
Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Тақырыпты түсіндіреді Мазмұнын айтып береді
Кейіпкерлер туралы айтып береді Кейіпкерге мінездеме береді
Мәтіннің идеясын анықтайды. Оқулық бойынша
мұғалімнің
түсіндіргенімен байланыстырып
айтады.
Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы
түсіндіреді. Мәтіндегі негізгі сөздерді
тауып, айтып береді,
дәптерлеріне жазады
Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады.
Шығарма жазады.
Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады.
Жауап береді
Сто технологиясы с а б а қ т а р ы
Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды
Ұжыммен жұмыс жасайды
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды.
Мәтінмен өздері танысады.
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады.
Әр түрлі әдістер арқылы
мәтінді зерттейді.
Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды.
Жеке кейіпкерлерді талдайды,
өздерін олардың орнына
қойып,қарайды, салыстырады.
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды.
Әр түрлі әдістер арқылы
шығарманың
негізгі мазмұнын анықтайды.
Өз ойларын жазуды ұсынады.
Ойларын
қорытып, оны қағаз бетіне
түсіреді.
Ойларын қорытуға бағыттайды. Өз тұжырымдамасын
жасайды.
Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге
тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс-тәсілдерді жақсылап
игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін
тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Шығыс даналығы
“Мәселе нені үйретуде емес, қалай үйретуде” демей ме? Сондықтан мақсат
пен мазмұн мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отырған қазіргі
жағдайда бұл стартегиялардың маңызы зор. Сабақта оқушыға білім дайын
күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді
игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы
баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Ұлттық
мектептерде сабақтарда қолдануға болаын әдістер бар:
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б.
стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің
ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
1. Сабақта сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1. Топпен жұмыс.
2. Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1. Венн диаграммасы.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.
Соның ішінде толғануды тиімді етуге лайықталған “Венн кестесі”,
“Бес жолды өлең”, “Көрнекілік арқылы баяндау”, “Семантикалық карта” сияқты
стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала
қолданылады. Мәселен: “Венн кестесі” арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару,
екі затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы сөз ойлап табу оқушы
үшін үлкен ойды қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын
оқушының ізденісін, қызығушылығын дамытады. Пәнге деген өзгеше көзқарас
қалыптасады. Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын
тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен
қолғабыс тигізеді.
Қорыта айтқанда, оқыту технологиясының ең лайық деген технологияны
таңдау ұстаз еркінде. Елбасы Н.Назарбаевтың Біздің міндетіміз-
бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбелеу - деген ойын қолдай отырып, саналы,
білімді, ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық рух, дана да, батыр да бас иетін
ұлылық тілеймін.
Болашақтың бәсекесіне қабілетті ХХІ ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім
беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз
ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, білімпаз болғанда ғана қоғамның
мықты да шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып,
тәрбиелейтінімізге нық сенімдіміз.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту –
педагогикалық технология [3,6б.].
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен
жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген
Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже,
Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға
сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты,
“Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ
тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы
белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу,
оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол
идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен
қарау деп түсіндіреді авторлар.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі
мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады,
тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс
жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша
жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол
бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен
үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады”
белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз
ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің
соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс.
Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне
алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді
жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір
кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға
әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында
көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы
бейнелесек:
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті
оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен
қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған
ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен
әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау
мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы
– ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі
шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға
жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Еркін жазу”, “Семантикалық
карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-
жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра
кетеміз.
ДЖИКСО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта,
сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім
ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын
топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-
ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға
ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет
екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-
лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады.
Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін
жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына
түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының
ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің
үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым
мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау
үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы
қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді,
мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан
вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар: Бөліктің оң
жағына, сол жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді
жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді,
себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта
талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған
әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға
беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
─ Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
─ Автор оқырманды қалай қызықтырады?
─ Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға
үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын,
құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан
тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп
айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.
Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру
мүмкіндігі туады.
Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың
үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына
қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені
әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді
тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз
жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты
ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын
түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға
берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне
ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға
салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау
операциясын меңгереді.
Бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше
білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе,
оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп
жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы
артатындығын баяндайды.
Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және
кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-
ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын,
мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың
басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар. Оқытудың осындай
жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір
ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай
қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді,
шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп
қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын
қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру
кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі
оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты
зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа
жүйенің құны болмайды.
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім
шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол
сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып,
іске асыруына жол көрсетеді.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан
ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға
терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан
айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді
дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже
шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін
оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі
стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын
тұрғысынан ойлауды дамыту [4,30б.].
Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;
в) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені
талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай
үш сатыда ұйымдастыру.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде
оқушылар арасында:
- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың
негізі қаланады;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей
отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы
сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген
стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталып өтсек:
РАФТ Бұл стратегияны кейіпкерге хат деп алса да болады. Формасын
түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық,
жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге
тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт
оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру
арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері
қалыптаса түседі.
Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін
мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың
барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз,
түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады,
басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс
екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.
Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады,
ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге
тырысады.
Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін
сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс
істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі
көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының
субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.
Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін
іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің
пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік
ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл
ойлауын жақсы дамытады. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың
шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта
бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және
бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген
пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат
емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы:
— Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды.
— Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп
болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады).
– Барлық пікірлер бір ауыз сөзбен жазылып отырғаны жақсы.
– Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
INSERT немесе түртіп алу стратегиясы — түртіп алу әдісі. Қолдарына
қарындаш алып, v- білемін, + — білмеймін, - — мен үшін жаңа білім
(ақпарат), ? – мені таң қалдырды — деген белгілерді қойып отырып мәтіннің
мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа
алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап,
білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін
бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.
Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған
сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды,
талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Кубикпен
жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 – сыныптарда үш жағын ғана
пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі – түсті түрде пайдалануға
болады.
Sinkuein немесе бес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz