АҚ ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1
Kaspi bank АҚ ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2
Kaspi bank АҚ - ның ресурстары мен кредиттік потенциалын зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
3
Kaspi bank АҚ-да кредиттік процесті ұйымдастырумен танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
4
Kaspi bank АҚ-ғы әртүрлі бөлімдерінің қызметтерін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Операциондық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Клиентпен жұмыс жасау бөлімі (депозиттік операциялар бөлімі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Кредиттік операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Валюталық операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Бағалы қағаздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
5. Kaspi bank АҚ-ғы басқа да операциялар мүмкіншілігін зерттеу (лизингтік, факторинтік, трасттық, андеррайтингтік және форфейтингтік) ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
6
Kaspi bank АҚ-ғы Өтімділік пен төлемқабілеттілікті анықтау ... 17
7
Kaspi bank АҚ-ғы тәуекелдерді зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
8
Kaspi bank АҚ-ғы банктік менеджмент және банктік маркетинг ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
9
Жеке тапсырмаларды орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қолданылған әдебиеттер тізім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Кіріспе
Өндірістік тәжірибе студенттің теориялық білімін тәжірибеде қолданып дамытуға мүмкіндік береді.
Өндірістік тәжірибеден өтудегі мақсат ̶ алған теориялық білімін өндірісте қолдану, тәжірибе жүзінде бекіту және банктік қызметтегі аналитикалық және басқару жұмыстарын игеру болып табылады.
Өндірістік тәжірибе Каспий банк АҚ Ақтөбе қаласында өтілді.
Каспий Банк АҚ Қазақстанда клиенттерге кешенді қызмет көрсету және кең таралған филиалдық жүйелері бойынша ірі коммерциялық банк болып табылады.
Өндірістік тәжірибеге барар алдында алға бірнеше мақсаттар қойылды:
Банктің кредиттік қызметтерімен танысу;
Банктің депозиттік операциялар бөлімімен танысу;
Банктің басқада операциялар мүмкіншіліктерімен танысу;
Бұл өндірістік тәжірибе туралы есеп осы Kaspi Bank АҚ-на негізделе отырып жазылды. Есеп кіріспеден, 9 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде - Kaspi Bank АҚ тарихы және жалпы банктің ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысаны, ұйымдастыру ерекшеліктерімен және түрлі қызметтермен танысу (лицензиясының бар болуы, ұйымдастырылу құрылымы, жетістіктері, көрсететін қызмет нысандары)
Екінші бөлімде ̶ Kaspi bank АҚ-ның ресурстары мен кредиттік потенциалы зерттелді, кредиттер жөнінде анықтама берілді және ресурстары көрсетілді.
Үшінші бөлімде ̶ Kaspi bank АҚ-да кредиттік процесті ұйымдастырумен танысу өтті. Кредиттің айырмашылығы, карточкалар туралы ақпарат берілді.
Төртінші бөлімде ̶ Kaspi bank АҚ-ның Ақтөбе қаласындағы бас филалындағы бөлімдерге шолу болды. Әр бөлімнің өзіндік операциялары айқындалды.
Бесінше бөлімде ̶ Kaspi bank АҚ-ғы басқа да операциялар мүмкіншілігі зерттелді (лизингтік, факторинтік, трасттық, андеррайтингтік және форфейтингтік).
Алтыншы бөлімде ̶ Kaspi bank АҚ-ғы өтімділік пен төлемқабілеттілікті анықталып, талдау жасалынды.
Жетінші бөлімде ̶ Kaspi bank АҚ-ғы тәуекелдер зерттеу.
Сегізінші бөлім ̶ Kaspi bank АҚ-ғы банктік менеджмент және банктік маркетинг жайлы жазылды және қорытындыланды.Өндірістік тәжірибе туралы есепті жазу барысында осы банктің кейбір мәліметтері және құжаттардың нысандары (қосымшалар) ретінде қолданылды.
Тоғызыншы бөлімде - жеке тапсырма орындалды және қортындыланды.
Банктің жұмысы мен ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу
1991 жыл, 1 қаңтар -- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Аль Барака Қазақстан Халықаралық банкін құру туралы Жарғыға қол қойып, кейін Каспийский Банкі ААҚ оның құқықтық мұрагері болды. Аль Барака Қазақстан ХБ халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестицияларын тартуда және қызмет көрсетуде жетекші орындардың бірін иеленді. Алты жылдық тиімді қызметі барысында Банк өзінің халықаралық банк ретінде беделін күшейтіп, Қазақстан Республикасындағы көшбасшы банктердің арасында мықты позицияны иеленді және келбетті клиенттер желісін құрды.
1993 жыл, 14 сәуір -- Қазақстан Республикасындағы банктер туралы жаңа заң күшіне енді. Осыған байланысты Қазақ-Сауд Арабиялық халықаралық коммерциялық Аль Барака Қазақстан банкі Аль Барака Қазақстан халықаралық банкі бірлескен акционерлік банкіне өзгерді.
1996 жыл -- жыл басында банк акцияларының 50% Лукойл-Казахстан АҚ және МD МТ Group (Канада) компаниясына өтті.
1997 жыл, қаңтар -- ҚР заңында көрсетілген міндетті қайта тіркеуге сәйкес Аль Барака Қазақстан ХБ атауы Банк Каспийский жабық акционерлік қоғамы болып өзгерді. Сәуір айында Банк Каспийский ЖАҚ және Каздорбанк ААҚ серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді бекітті. Екі ұйымның қосылуы нәтижесінде Банк Каспийский ААҚ құрылды.
2000 жыл -- Банк Каспийский ААҚ ақпан айында Жеке тұлғаларға кепілдік (сақтандыру) берудің Қазақстандық қоры ЖАҚ қатысушысы болды.
2003 жыл, тамыз -- 2003 жылдың 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес Банк Каспийский ААҚ атауының Банк Каспийский АҚ болып өзгеруіне сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өтті. Желтоқсан айында Банк Каспийский АҚ халықтық акционерлік қоғам дәрежесін алды.
2006 жыл, мамыр -- Baring Vostok Capital Partners5 тікелей инвестициялар қорының серіктесі Михаил Ломтадзе директорлар кеңесінің құрамына кірді.
2007 жыл, наурыз -- Банк Standard Bank PLC, UniCredit Group және ING Bank-тен 200 миллион АҚШ доллары көлемінде бірлестірілген займ алды. Сәуірде Банк Каспийский АҚ акцияларының 95%-дан астамын иеленген CASPIAN GROUP B.V. банктік холдингі директорлар кеңесін қалыптастырғаны туралы хабарлады. Оның құрамына Дэвид Хэкстер, Дуглас Гарднер пен Николай Зиновьев кірді. Шілдеде Михаил Ломтадзе банктің басқарма төрағасы болып тағайындалды. Қарашада банк Еуропалық қайта құру және даму банкінен 59 миллион АҚШ доллары көлемінде 5 жылдық займ алды.
2008 жыл, сәуір -- банк Халықаралық қаржы корпорациясынан 100 миллион АҚШ долларын тартты: 80 миллион доллар 7 жыл мерзімге - шағын және орта бизнесті несиелеу үшін және 20 миллион АҚШ доллары - сауданы қаржыландыруды дамыту үшін. 26 қыркүйекте банк акционерлері банк атын өзгерту туралы шешім қабылдады. Жаңа Kaspi Bank брендінің қоғамдық таныстырылымы қараш айында өтті.
2009 жыл, мамыр -- Kaspi Bank Голландиялық кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік корпорациясынан (FMO) 5 жыл мерзімге 45 миллион доллар займ алды. Сондай-ақ банк Самрук-Казына ҰӘҚ-ның ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру бағдарламасын мерзімінен бұрын толық жүзеге асырды. 3 миллард теңге игерілді. Шілде айында Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттігі банкке құнды қағаздар нарығында банктік және басқа да операцияларды жүргізуге құқық беретін лицензиясының жаңартылған нұсқасын берді.
2011 жыл, мамыр -- банк MPP Consulting агенттігі енгізген Қазақстандағы ең қымбат брендтер рейтингінде 8-ші орынға ие болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қазан айында Kaspi Bank акционерлерінің Caspian Financial Group АҚ қаржы холдингін құру туралы өтінішін қанағаттандырды.
2012 жыл, қыркүйек -- банктің бас кеңсесі жаңа ғимаратқа көшті.
2013 жыл -- Kaspi Bank қазан айында халықаралық капитал нарығынан 200 миллион доллар тартты.
2014 жыл, маусым -- банк PCI DSS төлем карталары индустриясының мәліметтер қауіпсіздігі стандартының талаптарына сәйкес сертификатқа ие болды.
2015 жыл, қараша -- Kaspi акционерлік қоғамы банктік холдинг дәрежесін алуға келісім алды. Kaspi АҚ Kaspi Bank акцияларының жанама иесі болды. Холдингтің акционері мен инвесторлары Вячеслав Ким, Қайрат Сатыбалдыұлы, Михаил Ломтадзе және халықаралық жетекші инвестициялық компания Бэринг Восток Кэпитал Партнерс басқаруындағы қорлар болып табылады.
2017 жыл, маусым -- банктің басқарма құрамы алты адамға дейін ұлғайды. Басқарма төрағасының жаңа екі орынбасары тағайындалды: Павел Миронов мен Тенгиз Мосидзе. Кәсірорынның басқару құрылымы суретте келтірілген (1-қосымша).
Магазин -- несие немесе бөліп төлеуге алу мүмкіндігін ұсынатын электроника, тұрмыстық техника және балалар тауарларының онлайн-маркетплейсі. Магазин 2014 жылдың 28 қарашасында іске қосылды. 2016 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша аталған сервис арқылы Қазақстанда жыл сайын 1,5 млн сатып алу жүзеге асты. 2017 жылдың маусым айында сауда алаңының ассортименті 30 мың тауардан асты.
Төлем -- ұялы байланыс, коммуналдық қызмет, айыппұлдар мен салық, білім беру ұйымдары мен басқа да қызметтерге комиссиясыз төлем жасауға мүмкіндік беретін онлайн-қызмет. Сервис 2014 жылдың 26 маусымында таныстырылды. 2017 жылдың шілде айында аталған сервис арқылы ай сайын 4 миллион төлем жасалды.
Менің Банкім -- интернет-банкинг. Аталған қызметтің ай сайынғы аудиториясы 1 миллион қолданушы.
Kaspi Әмиян -- Төлем қызметі арқылы төлем жасауға, кредит төлеуге және теңгелік депозитті толықтыруға мүмкіндік беретін электронды әмиян.
Kaspi Бонус -- бейілділік бағдарламасы: сервистер мен банк өнімдерін пайдаланғаны үшін банк Төлем сервисі арқылы төлем жасауға мүмкіндік беретін бонустық балл қосады. Бағдарламаға 500 мыңнан астам клиент қатысушы, оның ішінде актёр Ерден Телемисов, продюсер Нурберген Махамбетов, блогер Алексей Алексеев бар.
Аударым -- картадан картағы және банк клиентінің жеке шоттары арасында қаражат аударуға мүмкіндік беретін банктің ұялы қосымшасындағы қызмет.
Kaspi Терминалдары -- салымды төлеуге, карталық шот, электронды әмиянды толықтырып, несие және ұялы байланыс операторларының қызметіне төлеуге мүмкіндік беретін төлем терминалдарының желісі. Желі Қазақстанның барлық аумағында орналасқан 4 500-ден астам Kaspi Терминалды қамтиды.
Kaspi Maps -- Kaspi бөлімшелері мен терминалдарын, банкоматтар мен банктің серіктес-дүкендерін іздеуге мүмкіндік беретін сервис.
Kaspi Депозит -- жеке тұлғалар үшін капиталдандырылатын жедел салым. 2017 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша номиналды сыйақы теңгеде 11,4%, долларда 1%.
Банк Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің арасында кредит портфелінің көлемі бойынша бірінші орынды иеленеді. Банктің кредит портфелінің басым бөлігі бөлшек - 96,6%. 2015 жылы кредитке 770 мың смартфон, 86 мың планшет, 48 мың ноутбук, 90 мың тоңазтқыш. Ақшалай эквивалент түрінде сатып алудың жалпы сомасы 159 млрд теңгені құрады.
Банк қолданыстағы бар карталарға ғана қызмет көрсетуді қалдырып, кредиттік картаны шығарудан бас тартты.
Жетістіктері:
2015 және 2016 жылдары әлеуметтік желі мониторингі жүйесі SocialBakers.com мәліметінше банк әлеуметтік желіде сервис ұсыну бойынша топ-500 компанияның тізіміне кірді.
2014 жылы Капитал.kz іскерлік апталығының рейтингі бойынша Kaspi Bank дағдарыс кезіндегі ең үздік стратегия үшін Қазақстандағы ең үздік банк жүлдесін, 2016 жылы клиенттерге арналған ең үздік қызметі үшін тағы бір жүлдеге ие болды. 2016 жылы банк қоғаммен байланыс саласында IV қазақстандық Ак Мерген сыйлығының Коммуникация мен қайырымдылық саласындағы үздік жоба аталымында жүлдеге ие болды.
2015 жылы Халықтық мойындау жобасының нәтижесі бойынша Kaspi Bank Ақтау мен Орал қаласында, 2013 жылы Ақтөбе қаласында үздік банк атанды.
2014 жылы Эксперт РА Казахстан рейтингі агенттігі банкке халықтың қаржылық сауатын көтеруге қосқан үлесі үшін награда тапсырды.
2013 жылы банктің ITSM на базе LANDesk Service Desk базасында ITSM үрдістерін автоматтандыру жүйесін қалыптастыру жобасы директорлардың Global CIO порталы өткізген Жыл жобасы-2013 конкурсының жеңімпазы болды.
Әлеуметтік бастамалары:
2008-2013 жылдар аралығында Kaspi Bank Аяла қайырымдылық қорына қолдау көрсетіп, перинаталдық орталықтар үшін медициналық жабдықтар сатып алу мен орналастыруға бағытталған Тыныс ал, балақай жобасын қаржыландырды.
2010, 2011 жылдары банк су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға материалдық көмек көрсетті.
2013 жылы Алматы базарларында бірнеше рет шыққан өртте зардап шеккендер арасында Kaspi-дің 4 клиенті болды. Банк өз есебінен бұл клиенттердің кредитін жабуға шешім қабылдады.
2013 және 2015 жылдары банк қайырымдылық және демеушілік көмек үшін 600 миллион теңгеден астам қаржы жұмсады.
2014 жылы банкеліміздегі қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған Қаржы мәдениеті білім беру жобасын іске қосты. Аталған бағдарлама қатарына кірген жобалар:
2014 сәуір -- қаржылық сауаттылықты арттыруға, банктік қызмет пен дұрыс инвестициялауға арналған лекциялар сериясы Халықаралық бизнес академиясында өткізілді.
2014 шілде -- гранттық қолдау алу үшін білім жобаларының конкурсы өткізлді. Бағдарламаның жалпы бюджеті 180 миллион теңге.
2015 мамыр -- Жұлдыз FM радиосы және szh.kz сайтында Қаржы мәдениеті бағдарламасы.
2016 жылдың наурызы -- қаржылық сауаттылық тақырыбында балаларға арналған кітаптар сериясы. Кітаптар Kaspi Bank-тің Қаржы мәдениеті білім беру бағдарламасы шеңберіндегі гранттар конкурсы аясында шығарылды. Жалпы тиражы 80 мың дана. 2014 жылы Нұр-Жақсылық қоғамдық қорымен бірге банк компьютерлік сауаттылық бойынша тегін оқу курсын ұйымдастырды. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар, статистика мен эконометрика бойынша білім алып жатқан студенттер үшін Kaspi мәліметтер зертханасы жобасы іске қосылды.2014 - 2015 жылдары банк Taiburyl, қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған Білімді қолдау бағдарламасы аясында 30 миллион теңгеге степендия тапсырды.
Банк түрлі мәдени бағдарламалардың тұрақты серіктесі болып жүр, оның ішінде:
Халықаралық әйелдер күні құрметіне Медеу мұз айдынындағы Денис Тен және достары мұз шоуы. Astana Piano Passion жас пианистердің халықаралық конкурсы. Art of Storytelling фестивалі. 2014 жылдан бастап банк жыл сайын заманауи этникалық музыканың халықаралық The Spirit of Tengri фестивалінің бас серіктесі болып жүр. Банктің қолдауымен көпсериялы әскери-шытырман Жоғары құлау атты фильмі түсірілді. 2014 және 2015 жылдары банк қазақша күрестен өтетін республикалық Қазақстан барысы турнирінің бас демеушісі болды.
Банк ресурстары мен кредиттік потенциалын зерттеу
Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1) Банктің меншікті капиталы.
2) Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
"Банк ресурстары" термині "несиелік ресурсы" қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.
Kaspi Bank -- қазақстандық коммерциялық банк. 2017 жылдың мәліметі бойынша жеке тұлғалардың салымы бойынша 3-орынды, ал жеке капиталы бойынша қазақстандық банктер арасында 6-шы орында иеленеді.
Қазақстандық банктердің көпшілігінен айырмашылығы Kaspi -дің ешқандай жасырын проблемалары жоқ. Инвесторлар үшін негізгі проблема - бұл банктің борыштық құралдарының салыстырмалы жағымсыздығы. Kaspi облигацияларының шамамен 77% -ы айналыстағы БЖЗҚ портфелінде болғандығына байланысты, оның облигациялары жеткілікті мөлшерде өтімді емес, ал олардың кірістілігі депозитке қарағанда төмен. Бір жағынан тұрақты қаржылық жағдайға және өтімділікті жақсартуға, сондай-ақ екінші жағынан өтімділіктің төмендігіне және рентабельдігіне байланысты, осыған байланысты банктің облигацияларын өтеу мерзіміне дейін сақтап қалу туралы ұсынысын сақтайды.
2016 жылы банк кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін 67,4 млрд. тг дейін өтеп, банктің активтері 5,2% -ға (2015 жылы 24,4% -ға өсуіне қарсы). Сонымен қатар депозиттер 0,4% -ға азайып. Жеке тұлғалардың депозиттерінің 13,8% -ға өсуі заңды тұлғалардың депозиттерінің төмендеуіне ықпал етті. Нəтижесінде банктердің жеке тұлғалардың депозиттері бойынша жоғары концентрациясы 10% -ға өсті. Банктің несие портфелі 5,8% -ға қысқарды (3.1% 2015ж). Банк 75,5 млрд. теңге сомасында жұмыс істемейтін несиелерді, 9% -ын брутто қарызы бойынша есептеп шығарған. Жеке тұлғаларға берілген кредиттер (қарыздың жалпы сомасынан 81%) 9,3% ға төмендеді. 2016 жылы банктің активтерінің сапасы шамалы жақсарған.Аудиттелген қаржы есептілігіне сәйкес несиелік карточкалар сегментіндегі құқық бұзушылықтардың жаппай бөлшек саудадағы (53% несие портфелі) азаюына байланысты проблемалық кредиттердің жалпы үлесі жыл басында 21,2% -дан 15,2% -ға дейін төмендеді. 2016 жылдың аяғында банктерге берілген несиелер бойынша шетел валютасындағы кредиттердің деңгейі 4,2% төмен.
1 - сурет. Kaspi bank АҚ-ның несие қоржынының құрылымы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Ескертпе - Халық финанс қаржылық тобының ресми сайты мәліметтері
Сыйақы бойынша шығыстардың 27,1% -ға өсуі нәтижесінде таза пайыздық табыс 2016 жылы 30,1% -ға төмендеді. Нəтижесінде таза табыс 64,5% -ға төмендеді. Рентабельділікке қатысты шығындардың артуы (2014 жылға қарағанда) шамамен екі есе көбейіп, ROAE 2016 жылы 4% -ға дейін төмендеуді жалғастырды (2014 жылы 36%).
2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша активтер жыл басынан бері 6,7% -ға, депозиттердің ағыны 7,6% -ға артуымен байланысты.
Жеке тұлғалардың депозиттері 7,9% -ға, корпоративтік депозиттердің ағыны артып, 2016 жылдың соңынан 4,2% -ға өсті. Қарыздық бағалы қағаздарды (ҚРҰБ және Қаржы министрлігі облигацияларының ноталары, жылдың басынан бастап + 31%), сондай-ақ несие беруді жүзеге асырумен айналысатын банктер кері репо операцияларына (жыл басынан бері екі есе) еркін қаржы бөлді, жыл басы).
Банк негізінен жаппай бөлшек сауда несиелік карточкалары арқылы берілді, сондықтан несие портфеліндегі қамтамасыз етілмеген қарыздардың ұлғаюы байқалады.
Активтердің сапасы өткен жыл деңгейінде сақталды: мерзімі өткен берешек жиынтық портфельдің 15,2% құрады. Сонымен бірге, резервтер 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттердің 130% -ын (2016 жылдың аяғында 112%) қамтиды.
Банк үшін провизиялардың барабар деңгейі байқалды: клиенттерге берілген несиелер бойынша алынбаған пайыздық кірістің көрсеткіші 11,2% дейін, ал несиелер бойынша провизиялар - 11,7% (2016 жылдың соңындағы 10,5%) құрады. Банктің несие портфеліне резервтердің қатынасы маусым айының соңында 10 ірі банктің арасында 10,6% -дан сәл жоғары.
2 - сурет. Kaspi bank АҚ-ның клиенттер қаржысының құрылымы

Коммерциялық банктерде кредиттік процесті ұйымдастырумен танысу
Коммерциялық банктердің базалық қызметі - экономиканы және халықты несиелендіру. Банктің несиелік операциялары өте табысты болғанымен, банктік операциялардың ішіндегі ең тәуекелді болып келеді.
Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшылардан ақша қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар рөлін атқарады. Банктің бұл қызметі несиелік қатынастардың барлық қатысушыларына тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.
Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілер мен тікелей қарыз алушыға ұсынылады. Несие беруші -- банк, ал қарыз алушы болып қаржылық ұйымдар немесе қаржылық емес агенттер болуы мүмкін. Қаржылық ұйымдарға мақсатты қорлар, банктер, арнайы несиелік мекемелер кіретін болса, ал қаржылық емес агенттерге заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер кіреді. Бұл кезде несиелеу объектілеріне меншікті айналым қаражаттары, материалдық запастар жиынтығы, өндіріс шығындары, сыртқы экономикалық қызметке байланысты экспорттауға немесе импорттауға арналған тауарлар, азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құрал-жабдықтар және басқа да күрделі жұмсалымдар жатады.
АҚ Kaspi Bank жеке тұлғаларға көрсететін қызметтері:
Несие картасы:
Артықшылықтары:
Жылдам
Карта алу - 15 минутта;
Санаулы ғана құжаттар.
Тиімді
Халықаралық картасы тегін рәсімделеді;
Тауар және қызмет ақысын төлеген кезде комиссия төленбейді;
Жұмсалған ақшаға ғана пайыз есептеледі;
Комиссиясыз және артық төлеусіз мерзімнен бұрын өтеуге болады.
Ыңғайлы
Несие картасы бүкіл әлемде жұмыс жасайды;
Төлем жасалған сайын ақша несие картасына түседі және оны қайталап пайдалануға болады.
Негізгі шарттары:
Несие сомасы 220 000 теңгеге дейін;
Несиелеу мерзімі - 20 жылға дейін;
Ай сайынғы төлем - несие лимитінің 7%
Картаны алу оңай
Банктің кез-келген бөліміндегі менеджерге баруға болады;
Сауалнаманы толтыру керек.
Бүкіл Қазақстан бойынша банктің кез-келген бөлімшесінде төлем жасауға болады.
Қажетті құжаттар:
Жеке куәлік;
СТН
Kaspi Bank АҚ-ның Жедел несиелеу бағдарламасы бойынша өнімдерінің артықшылықтары:
Несие өтінімін қарау үшін өзімен бірге үш құжаттың түпнұсқасын: жеке куәлік, СТН және ЖӘК ала келу керек. Мақұлданған несиені рәсімдеу уақыты: 15 минут.
Өнімдері:
Kaspi Gold картасының үлгісі. (1-сурет)
Kaspi Gold -- дебеттік карта. Алғашында жалақы жобасы аясында ғана шығарылды. 2017 жылдың 1 наурызынан банк аталған картаны барлық жеке тұлғаларға береді.
(3 - сурет)
Kaspi Red -- серіктес-дүкендердің тауары мен қызметін шектеулі лимит аясында бөліп төлеуге мүмкіндік беретін карта. Өнім 2016 жылдың 18 тамызында іске қосылды, 2017 жылдың маусым айындағы мәлімет бойынша Қазақстанның ірі 5 қаласында ай сайын 130 мың рет сауда жасайтын 115 мың карта ұстаушы бар.
Kaspi Red картасының үлгісі. (3-сурет)
VISA Electron - ең қарапайым және қымбат емес, сақтандыру депозитін енгізуді талап етпейтін халықаралық карточка. Сізге жол жүруде және күнделікті өміріңізде, қолма-қол ақша алуда және тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеуде көмектеседі. Тек электрондық құрылғыларда: банкоматтар мен pos-терминалдарда қызмет көрсетіледі.
Kaspi сақтандыру Kaspi сақтандыру компаниясы Қазақстанның сақтандыру нарығында бұрыннан келе жатқан ойыншылардың бірі. Kaspi сақтандыру 1994 жылы Лондондық City Commerical Services компаниясымен құрылып, Қазақстанның сақтандыру саласындағы бірінші халықаралық бірлескен кәсіпорын болып орнықты.
SGS компаниясының швейцариялық кеңсесінің жетекшілігімен сыртқы аудит жүргізіп, ISO 9001-2000 халықаралық стандарттар сапасының сертификаттауынан өткен Орта Азия мен Қазақстандағы тұңғыш сақтандырушы.
4. Банктің әртүрлі бөлімдерінің қызметтерін зерттеу
4.1. Операциондық. Банктік қызмет болып банктік операциялардың жүзеге асуы, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы заңды күші бар. Қазақстан Республикасы Жарлығында қалыптасқан басқа да банктер операциялары табылады.
Kaspi Bank АҚ Ақтөбе қаласындағы бас филиалда 8 операциялық касса бөлімшесі бар. Қазіргі таңда мұнда 8 терезе (окошка) жұмыс жасап тұр және әр терезеде халыққа қызмет көрсететін 8 кассир жұмыс жасайды. Олар халықтан төлемдерді қабылдайды, есептік шотынан ақша қаражаттарын алу, қайта есептеу сынды қызметтерді атқарады. Айта кететін болсақ Банк қазіргі кезде 0банкоматпен қамтылған, осы банкоматтар арқылы ақша қаражаттарын алу, есептеу сынды операцияларды атқарады.
Сонымен қатар басқармада 7 менеджер жұмыс атқарады. Мұнда менеджерлер халыққа несие беру қызметімен және депозит ашумен, сонымен қатар төлем карталарын ашуға құжаттар дайындау сияқты қызметтерді атқарады.
Kaspi Bank АҚ Ақтөбе қаласындағы бас филиалда мынадай операциялар түрлерін жүзеге асырады. Оны (4-сурет) көруге болады.
4 - сурет. Kaspi bank АҚ-ның Ақтөбе қаласындағы бас филиалда атқарылатын операциялар түрлері
Ескертпе - Kaspi bank АҚ-ның ресми сайтынан алынған
Депозиттік операциялар -- бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгiлi бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша операциялар.
Депозиттік операцияларды жүргізу Kaspi bank АҚ өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегiнде келесi ережелерге негiзделедi:
депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негiзделiп ұсынылады;
депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерiсiнде депозиттік операциялар субъектiсiнiң ар түрлiлiгiне және депозиттердің әр түрлi нысандардың үйлесiмдiлiгiне ұмтылыс болады;
депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелiк салымдардың мерзiмдерi мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерiсiнде банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары деңгейде қамтамасыз ететiн мерзiмдiк депозиттерге ерекше назар аударған жөн;
депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің ең аз болуына талпынуы керек;
депозиттердi тартуға әсер ететiн банктiк қызметтерді дамыту және қызмет керсету сапасы мен мәдениетiн жоғарылату шараларын қарастырған жөн.
Депозиттер:
Артықшылықтары:
Салымның ең төменгі мөлшері - 15 000 теңге немесе 100 USD EUR;
Салым мерзімі - 1 айдан 60 айға дейін;
Салым валютасы - теңге, USD, EUR;
Сыйақы мөлшерлемесі - салым мерзіміне қарамай жоғары
теңгеде - 10% (жылдық тиімді мөлшерлеме 10,5%);
USD, EUR - 7% (жылдық тиімді мөлшерлеме 7,2%);
VISA халықаралық карточкасы - сыйлыққа!
Клиенттердің салымдары Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қорымен сенімді сақтандырылған.
Тиімділігі:
Ең жоғары пайыздық мөлшерлеме - салымның мерзіміне, мөлшеріне қарамай бірінші күннен бастап;
Салымды ашқаннан кейінгі бірінші күннен бастап ақшаны сыйақыны жоғалтпай алуға (кемімейтін қалдық сақталған кезде);
Мерзімін, мөлшерін шектемей депозиттің сомасын толықтырып отыру;
Сыйақы клиенттің қалауы бойынша капиталға айналдыру арқылы немесе ай сайын төленеді.
Ақшаны бүкіл Қазақстан бойынша кез келген филиалда алу және толықтырып отыруға болады.
4.3 Кредиттік операциялар - банктік несие ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмай қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына мүмкіндік береді.
Kaspi bank АҚ несие операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады:
- мерзімі бойынша қысқа мерзімді (1 жыл), орта мерзімді (1-5 жыл), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);
- қамтамасыз ету түрлері бойынша - қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген;
- банктің рөліне байланысты - активтік және пассивтік қарыздық операциялар;
- несиелендіру мақсатына қарай - негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздар.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттердің өзара қатынастары қарыз берудің негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясатың әрбір нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады.
4.4 Валюталық операциялар - валюталық құндылықтарға қатысты жасалатын мәмілелер. Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:
1) Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.
2) Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.
3) Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру.
Kaspi bank АҚ валюталық операциялар іс жүзінде ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты болып бөлінеді:
Ағымдағы валюталарға жататындар:
Тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт, импорт мәмілері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
180 күннен аспайтын несиелер беру және алу;
Салымдар (депозиттер), инвестициялар, заим және өзгеде операциялар бойынша девиденттерді, сияқыларды және өзгеде табыстарды алу және аудару;
Осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзгеде валюталық операциялар.
Капитал қозғалысына жататын операциялар:
Инвестицияларды жүзеге асыру;
Интелектуалды меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айрысуларды жүргізуге арналған аударымдар;
Мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;
Тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

Өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банктеріне және өзгеде қаржылық ұйымдарында салымдарды жүзеге асыру;
Зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмілелері бойынша халықаралық аударымдар;
Жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.
Валюталық операцияларды бізідің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуде ҚР Ұлтттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады.
Валюталық операцияларды жүргізі үшін әрбір банк Ұлттық банктен бұл операцияларды жүргізуге рұқсат құжат ретінде лицензиялар алып отырады. Банк тек лицензияда көрсетліген валюталық лперацияларды жүзеге асыруға құқық беретін міндеттеменің болуы ғана валюталық операцияларды жүргізуге - құқығы бар және осыған сәйкес; - заңды және жеке тұлғалардың төдеміне шетел және шарттарына шетел валютасындағы қаржыларды қабылдау және орналастыру; - валютаның сату және сатып алуын жүргізу; - корреспонденттік қатынастарды орнату және т.б. Бағалы қағаздар: инвестиция дегеніміз - бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шет елде оны қайта құруға және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу.
Валюталық операцияларды жүргізу үшін әрбір банк Ұлттық банктен бұл операцияларды жүргізуг рұқсат құжат ретінде лицензиялар алып отырады. Банкттек лицензияда көрсетілген валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқық беретін міндеттеменің болуы ғана валюталық операцияларды жүргізуге құқығы бар және осығын сәйкес:
Заңды жеке тұлғалардың төлеміне шетел және шарттарына шетел қаржыларын қабылдау және орналастыру;
Валюталарды сату мен сатып алуын жүргізу;
Кореспонденттік қатынастарды орнату және т.б.
4.5 Бағалы қағаздар - бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шет елде оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету. Коммерциялық банктер қор биржасында еншілес қаржылық компаниялар құру және брокерлік фирма қызметінде тікелей қатысу арқылы белсенделеді. Банктердің бағалы қағаздармен операцияларының кеңеюуі олардың жоғары табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімді қолдану сферасының қысқаруымен ынталандырылады.
Kaspi Bank АҚ Ақтөбе қаласындағы бас филиалында мындай бағалы қағаздар операциялары жүзеге асады:
Бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
Ломбардтық операциялар : жылжымалы мүлік және бағалы қағаздардың кепіліне қысқа мерзімді несиелерді беру;
Сенімгерлік операциялар: құжат формасында шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтардың, сейфтік жәшіктер, бөлімшелерді қосқандағы сақтау бойынша қызмет көрсетулер;
5. Банктің басқа да операциялар мүмкіншілігін зерттеу (лизингтік, факторинтік, трасттық, андеррайтингтік және форфейтингтік)
"Kaspi Bank" АҚ-ның Ақтөбе қаласындағы бас филиалында лизингтік, факторингтік, трасттық, андеррайтингтік және форфейтингтік қызметтер жүзеге асырылмайды.
Лизингтік операциялар -- бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz