Селен топшасына жалпы сипаттама


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Селен топшасына жалпы сипаттама . . . 4

1. Табиғатта таралуы және алынуы . . . 9

2. Селен, теллур және полонийдің оттекті және бинарлы қосылыстары . . . 12

3. Селен, теллур (IV) және селен, теллур (VI) қосылыстары . . . 21

4. Химиялық және физикалық қасиеттері . . . 26

ІІІ. Қорытынды . . . 29

ІV. Қолданылған әдебиеттер . . . 30

І. Кіріспе

Соңғы жылдардағы химия, металлургия, машина жасау, радиоэлектроника, авиа- және автомобиль жасау, атом өнеркәсібі және басқа да қазіргі кезең салаларындағы ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері сирек элементтер негізіндегі материалдардың табысты қолданылуына айтарлықтай байланысты.

Қазіргі анорганикалық химия мен технологияның ең ірі және практикалық тұрғыдан маңызды бөлімдерінің бірі Д. И. Менделеевтің периодтық системасында 50-ге жуық элементті құрайтын сирек және шашыраңқы элементтер - оның ішінде селен, теллур және полоний химиясы мен технологиясы болып табылады.

ІІ. Селен топшасына жалпы сипаттама

Селен және теллур оттек, күкірт, полониймен бірге VI топтың негізгі топшасын құрайды. Олардың электрондық формулалары:

34 Se - [Ar] 3d 10 4s 2 4p 4 ,

52 Te - [Kr] 4d 10 5s 2 5p 4 ,

84 P o _{84}^{}{Po} - [Xe] 4 f 14 5 d 10 6 s 2 6 p 4 {4f}^{14}{5d}^{10}{6s}^{2}{6p}^{4}

Күкірт сияқты, Se және Те тотығу дәрежелері -2, +4 және +6; Se(IV) және Те(IV) қосылыстары көбірек тұрақты. S(IV) қосылыстарынан өзгеше, олар гөрі тотықтырғыштық қасиетті көбірек көрсетеді. Se(IV) және Те(IV) -тің Se(VI) және Te(VI) -ға түрленуі тек күшті тотықтырғыштардың әсерімен ғана мүмкін. Сол сияқты Те(II) және азырақ мөлшерде Se(II) қосылыстары белгілі; әсіресе Te (II) комплексті қосылыстар тән.

Екі бөлінбеген электрон жұбы коваленттік байланыс түзілуін, дербес жағдайда аттас атомдармен, тудырады, ол өз кезегінде сақиналы немесе тізбекті молекулалар түзуге және көптеген аллотропиялық модификацияларының өмір сүруіне әкеледі. Селен және теллур - шашыраңқы элементтер.

1782 жылы Мюллер Зибенбюрген алтын кенінде жаңа металл бар екендігін болжаса, одан 16 жыл өткенде Клапрот оны металл деп бөліп алып, теллур (латынның «теллус» - жер) деп атады. 1817 жылы Берцелиус күкірт қышқыл зауытының қорғасын камераларындағы шламды зерттегенде, теллурға ұқсас, жаңа элементті бөліп алды және оны селен (грекше - ай) деп атады. Оларды өнеркәсіптік өндіру 1910 жылдан басталды.

Табиғи селен - алты изотоптың қоспасы: 74 Sе- 82 Sе, оның ішінде көбірек тарағандары - 78 Sе (23, 52%) және 80 Sе (49, 82%) . Теллурда сегіз изотоп: 120 Те- 130 Те, көбірек тарағандары - 128 Те (31, 75%) және 130 Те (34, 27%) .

Селен және теллурдың кейбір физикалық қасиеттері (тор параметрлері, балқу жылуы және т. б. гексагональді модификацияларына қатысты) :

:
:
:
:
: Белгісі
:
: Те
: Po
: Атомдық радиус, нм
: 0, 14
: 0, 16
: 0, 164
:

Иондық радиус, нм Э 2-

Э 4+

Э 6+

: 0, 198
: 0, 221
: 0, 230
: 0, 050
: 0, 097
: 0, 094
: 0, 042
: 0, 056
: 0, 067
: Тұрақты изотоптар саны
: 6
: 8
: 0
: Иондану энергиясы, кДж · м о л ь 1 {моль}^{- 1}
: 940, 7
: 869, 0
: 813, 0
: Тығыздығы (25 o С _{}^{o}С ), г · с м 3 {см}^{- 3}
: 4, 189-4, 285
: 6, 25
: 9, 142; 9, 352
:

Температура, o С _{}^{o}С : балқу

қайнау

: 217
: 452
: 246-254
: 685
: 990
: 962
: Ашылуы
:

1817

Берцелиус

:

1782

Клапрот

:

1898

Кюри

: Агрегаттық күйі
: қатты
: қатты
: қатты

Селеннің атмосфералық қысымда өмір сүретін кемінде бес модификациясы белгілі, теллурда - біреу. Селеннің әр түрлі модификацияларындағы атомдар ассоциациясы полиатомды сақина немесе шексіз спиральді тізбек түрінде болады; теллурда тек екінші түрі табылған. Селеннің тек гексагональді модификациясы ғана тұрақты, қалғандарының барлығы да кезкелген жағдайда тұрақсыз.

Селен модификациялары : аморфты (қызыл), шыны-тәріздес (қара), қызыл моноклинді, сұр гексагональді, сұйық.

Сұр гексагональді селен (кейде дұрыс болмаса да металдық деп айтылатын) селеннің басқа түрлерінен оларды ұзақ қыздырғанда, балқытылған селенді баяу салқындатқанда, оның буларын балқу температурасына жақын температурада конденсациялағанда алынады. Оның құрылымы бір-біріне параллель орналасқан шексіз спиральді тізбектерден құралған. Селеннің тек осы түрі ғана күкірткөміртекте ерімейді. Жалғыз осы ғана жартылай өткізгіш (қалғандары - изоляторлар) . Селеннің электрөткізгіштігі жарыққа (жарықта шамамен 1000 есе ұлғаяды) және қысымға өте сезгіш. Оның электрлік қасиеттері анизотропиялы: өткізгіштігі және тоқ тасымалдаушылардың қозғалғыштығы перпендикуляр бағытқа қарағанда тізбектер бағыты бойынша 5 есе үлкен.

Теллур - металдық жарқылы бар күміс тәріздес ақ зат, жұқа қабаттары сәуледе қызыл - қоңыр. Гексагональді сингонияда кристалданады. Құрылымы селеннің гексагональді модификациясына ұқсас. Теллур қышқылын салқында тотықсыздандырып жұқа қара ұнтақ түрінде алынған аморфты теллур гексагональді теллурдың өте ұсақ кристалдарынан тұрады. Селен сияқты ол жартылай өткізгіш, бірақ оның өткізгіштігі жарықтан іс жүзінде тәуелсіз. Күкірткөміртекте ерімейді.

Химиялық қасиеттері. Элементар селен және одан азырақ дәрежеде теллур химиялық өте активті, әсіресе аморфты және ұсақ дисперсті түрлері. Ауада немесе оттегінде қыздырғанда жанып, диоксидтер түзеді. Селеннің жалыны көгілдір, теллурдыкі - жасыл жиекті көгілдір. Фтор, хлор және броммен бөлме температурасында әрекеттеседі. Теллур йодпен қыздырғанда әрекеттеседі; селен йодпен балқытылады, бірақ иодидтер түзілмейді. 200 0 -тан жоғары селен селенсутек түзе отырып сутекпен әрекеттеседі; теллурмен бұл реакция жоғарырақ температурада және аз шығыммен жүреді. Жоғары температурада екеуі де көптеген металдармен қосылыстар түзеді.

Бөлме температурасында сумен іс жүзінде әрекеттеспейді. Селенді сумен қыздырғанда аздаған дәрежеде қайтымды гидролиз жүреді:

3Se + 3H 2 О2Н 2 Se + Н 2 SeO 3

Кристалдық теллур сумен 100 0 -тан жоғары температурада әрекеттеседі (жаңа тұндырылған «аморфты» - 50 0 -та) . Сілтілердің концентрленген ерітінділерін қыздырғанда селен мен теллурды ерітеді:

3Te + 6KOH 2K 2 Te + K 2 TeO 3 + 3H 2 O

Оттегі қатысуында полиселенидтер түзілетіндіктен селен сілтімен қызыл-қоңыр ерітінділер береді:

7Se + 4NaOH + О = Na 2 Se 6 + Na 2 SeO 3 + 2H 2 О

Тұз және сұйылтылған күкірт қышқылдары селен мен теллурға әсер етпейді. Концентрленген Н 2 SO 4 оларды салқында ерітеді - сәйкес түрде жасыл және қызыл ерітінділер түзіледі; сумен сұйылтқанда селен мен теллур қайтадан бөлінеді. Азот қышқылы селенді Н 2 SeO 3 - селенді қышқылға дейін тотықтырады. Теллур сұйылтылған азот қышқылымен Н 2 ТeO 3 - теллурлы қышқылға дейін, ал концентрленгенмен - негіздік нитратқа дейін тотығады:

2Тe + 9НNO 3 = Те 2 О 3 (ОН) NO 3 + 8NО 2 + 4H 2 О

Күшті тотықтырғыштар (калий дихроматы және перманганаты, хлорлау қышқыл, т. б. ) оларды Se(VI) және Те(VI) -ға дейін тотықтырады. Селен және теллур күміс және алтын тұздарының ерітінділерімен әрекеттеседі:

3Se + 4AgNO 3 + 3H 2 О = 2Ag 2 Se + Н 2 SeO 3 + 4НNО 3

Теллур үшін және әсіресе селен үшін, күкіртке ұқсас, қайтымды қосылу реакцияларына қабілеттілік тән. Бұл реакциялардың қатарына сілтілік металдардың сульфидтері мен полисульфидтері ерітінділерінде полихалькогенидті қосылыстар түзе отырып еруі жатады. Селенге сульфит ерітіндісімен қыздырып әсер еткенде тиосульфат тәрізді қосылыс - селеносульфат түзіледі:

Se + Nа 2 SO 3 = Nа 2 SSeO 3

салқындатқанда ол аздап ыдырайды. Сілтілік металдар цианидтерінің ерітіндісі қыздырғанда селенді ерітеді - селенционаттар түзіледі. Теллурға концентрленген натрий сульфиті ерітінділерімен жоғары қысымда (автоклавта ~ 300 0 ) әсер етіп теллуросульфат алынуы мүмкін. Қалыпты жағдайда оның ерітінділері тез бұзылады (бүлінеді) . Металдар цианидтері теллурға әсер етпейді.

Полоний - ақ жылтыр металл, сирек элементтер қатарына жатады. Полонийдің екі аллотропиялық түрі бар: α- түрі тек төменгі температурада кездеседі және β- түрі жоғары температураға сай. Бірінші түрі - куб пішіндегі кристалдар, ал екінші түрі - ромбалық.

Полоний изотоптарының ішіндегі маңыздысы α- бөлшектерді алуға қолданылады. Полоний тұз қышқылымен әрекеттескенде металдық қасиет көрсетеді.

Po + 2HCl → P o + 2 H C l P o C l 2 + H 2 Po + 2HCl\ \rightarrow {PoCl}_{2} + H_{2} \uparrow

1. Табиғатта таралуы және алынуы.

Селен топшасына үш халькоген - селен, теллур және полоний кіреді. Селен мен теллур шашыраңқы, полоний сирек элементтерге жатады. Селен мен теллурдың (әсіресе селеннің) өз минералдары сирек кездеседі. Олар, әдетте, күкіртпен бірге оның сом және сульфидті кендерінде болады, әсіресе селен, себебі селенидтер ылғи сәйкес сульфидтермен изоморфты болады. Теллур таза минералдары күйінде жиірек, ал сульфидті кендерде қоспа ретінде сирегірек кездеседі. Селен мен теллурдың минералдарының жеке өнеркәсіптік маңызы жоқ, оларды алудың көзі тек әртүрлі өндірістердің қалдықтары және қоспалардың концентраттары (қожыр) .

Табиғи селен массалық сандары 74(0, 9%), 76(9, 0%), 77(7, 6%), 78(23, 5%), 80(49, 8%), 82(9, 2%) болып келетін алты, ал теллур массалық сандары 120 (0, 1%), 122 (2, 4%), 123 (0, 9%), 124(4, 6%), 125 (7, 0%), 126 (18, 7%), 128 (31, 8%), 130 (34, 5%) болып келетін сегіз изотоптан тұрады. Селен мен теллурдың жасанды жолмен алынған радиактивті изотоптары да бар. Полонийдің тұрақты изотоптары белгісіз, тек радиактивті изотоптары ғана болады. Полоний изотоптарының ішіндегі маңыздысы - жартылай ыдырау мерзімі шамамен 138, 4 күндей, a-бөлшектерін бөле ыдырайтын 210Ро.

Селен мен теллур әрдайым күкіртпен бірге болады. Сондықтан оларды күкірт қышқылын өндіргенде жиналатын”қалдықтан” немесе шикі мысты электролизден тазалағанда анодта түзілетін қожырдан өндіреді. “Қалдық” пен қожыр да селен мен теллурдан басқа көптеген асыл металдар болады. “Қалдықтан” немесе қожырдан селен мен теллурды алудың бірнеше әдісі бар. Қожырды балқытып, балқыма арқылы ауа үрлейді. Тотықтырғыш ретінде MnO2-ін (пиролюзит) де пайдаланады. Сонда алтын мен күмістен басқа металдар тотығып қожырға айналады. Ал селен мен теллур ұшқыш оксидтерге (SeO2, TeO2) айналатындықтан түтін құрамында болады. Оксидтерді түтіннен бөліп алып, суда ерітіп H2SeO3-ға және H2TeO3-ға айналдырады. H2SeO3 және H2TeO3 тұз қышқылының ерітіндісінде күкірт (IV) оксидімен тотықсыздандырады; тұз қышқылының мөлшеріне байланысты алдымен селен:

H2SeO3 + 2SO2 + H2O = Se + H2SO4

одан соң ерітіндіні көп мөлшерде сумен сұйылтқанда теллур тұнбаға түседі.

H2TeO3 + 2SO2 + H2O = Te + 2H2SO4

210Po изотопын атомдық реакторларда висмутты нейтрондармен атқылау арқылы алады.

Селен топшасы элементтерінің оксидтерінің кейбір сипаттамалары:

SeO2
TeO2
PoO2
SeO3
TeO3
:

∆H0=,

кДж/моль

SeO2: -225, 5
TeO2:

-321, 7

(тетраг)

PoO2:
SeO3: -173, 2
TeO3:
:

∆G0=,

кДж/моль

SeO2: -173, 6
TeO2:

-264, 6

(тетраг)

PoO2:
SeO3:
TeO3:
: T балқ ., 0C
SeO2:

340-350

(қысым)

TeO2: 733
PoO2:
SeO3: 118, 5
TeO3:
: T қайн ., 0C
SeO2:

315

(бірден булану)

TeO2: 1275
PoO2:

385

(бірден булану)

SeO3:
TeO3:
: Тығызды-ғы
SeO2: 3, 954
TeO2:

5, 87(ромб)

6, 02(тетраг)

PoO2:
SeO3: 2, 75
TeO3:

5, 08(a)

6, 21 (b)

:

Ерігіштігі,

г/100г суда

SeO2: 264 22
TeO2: ерімейді
PoO2:
SeO3: Қуатты әрекет-теседі
TeO3: Ерімей-ді

2. Селен, теллур және полонийдің оттекті және бинарлы қосылыстары.

Селен және теллур диоксидтер - ЭО 2 және триоксидтер - ЭО 3 түзеді. Олардың барлығы да ангидридтер. Диоксидтер, әсіресе ТеО 2 , белгілі бір мөлшерде амфотерлі де. Одан басқа, тұз тәріздес сипаты бар қайсыбір аралық оксидтер алынған. Буларында монооксидтер SeO және ТеО молекулалары табылады.

Селен диоксиді SeO 2 - түссіз ине тәрізді кристалдар ( t б = 389 o t_{б} = \ 389^{o\ } C, t в = 337 o t_{в} = \ 337^{o\ } C, ρ= 3, 954 г/см 3 ) . Селеннің ауада немесе оттекте жануынан алынады. Н 2 SeO 3 -ті сусыздандырып алуға болады. Селен және оттек атомдарының кезектесіп келетін шексіз тізбектерінен құрылған тетрагональді торда кристалданады, және де селеннің әр атомы оттектің тағы бір атомымен байланысқан.

Тотықтырғыштық қасиет көрсетеді, бірақ ылғал жоқта күкірт диоксидімен қатты күйінде, буларында да тотықсызданбайды.

Теллур диоксиді ТeO 2 - теллурды оттекте қыздырғанда, теллурлы немесе теллур қышқылының, не теллурдың негіздік нитратының термиялық ыдырауынан алынады ( t б = 733 o t_{б} = \ 733^{o\ } C, t қ = 1260 o t_{қ} = \ 1260^{o\ } C, ρ= 6, 07 г/см 3 ) . Бұл ақ, қыздырғанда сарғаятын, гигроскопты емес зат. Құрылымы рутилге TiO 2 жақын тетрагональді кристалдар түзеді. Натрий теллуритін қышқылмен ыдыратып салқындатқанда алынатын ромбалық модификациясы белгілі.

Концентрленген күшті қышқылдармен негіздік тұздар түзеді, мысалы Te 2 O 3 (ОН) NO 3 және Te 2 O 3 SO 4 . Тұз қышқылында тетрахлорид түзе отырып ериді. Қыздырғанда сутекпен, көміртекпен, сол сияқты мырыш немесе алюминий сияқты металдармен элементар теллурға дейін тотықсызданады. Оксидтермен немесе металл карбонаттарымен қыздырғанда теллуриттер түзеді. PbO 2 және с. с. жоғары оксидтермен теллураттар түзеді. Соңғылары TeO 2 -ні калий нитраты немесе хлораты сияқты тотықтырғыштармен қыздырғанда түзіледі.

Селен триоксиді (селен ангидриді) SeO 3 - Н 2 SeO 4 және Р 2 О 5 қоспасын немесе К 2 SeO 4 -ті SO 3 артық мөлшерімен қыздырғанда алынуы мүмкін ( t б = 121 o t_{б} = \ 121^{o\ } C, ρ= 3, 6 г/см 3 ) . Оны реациялық қоспадан төмен қысымда дистилляциялап бөліп алады. Ол түссіз зат кубик, не асбест тәрізді жіңішке ине түрінде кристалданады. Кристалдары тетрагональді сингонияға жатады. Құрылымы сақиналы (SeO 3 ) 4 молекулаларынан тұрады.

Теллур триоксиді (теллур ангидриді) . Аморфты α-TeO 3 - сары-қызғылт-сары ұнтақ (ρ= 5, 06 г/см 3 ) . 300-350 0 C-та H 2 TeO 4 дегидраттануынан алынады. Суда ерімейді, бірақ ыстық судың ұзақ әсер етуінен H 6 TeO 6 ортотеллур қышқылын түзе отырып, біртіндеп гидраттанады. Сұйылтылған минералдық қышқылдар мен сілтілердің ерітінділері оған әсер етпейді. Концентрленген сілті ерітінділерінде қыздырғанда теллураттар түзе отырып, ериді.

Селенді қышқыл H 2 SeO 3 - түссіз ромбалық кристаллдар түрінде SeO 2 ерітінділерінен кристалданады (ρ= 3, 004 г/см 3 ) . Суда жақсы ериді.

Ылғал ауада оның кристалдары жайылады, құрғақта желге ұшады. Селенді қышқыл әлсіз (күкіртті қышқылдан әлсіздеу) ; К 1 =3, 5·10 -3 , К 2 =5·10 -8 . Қышқылдық ерітінділерде сутек пероксидімен немесе калий перманганатымен H 2 SeO 4 -ке дейін оңай тотығады. Хлор немесе броммен тотығуы қайтымды жүреді. H 2 SeO 3 үшін тотықтырғыштық қасиет көбірек тән: күкірт сутекпен, күкірт диоксидімен, йод сутекпен элементар селенге дейін тотықсызданады.

Теллурлы қышқыл H 2 ТeO 3 - сілтілік металдар теллуриттерінің ерітіндісін қышқылдағанда, сол сияқты теллур тетрагалогенидтерінің гидролизінде ақ аморфты тұнба түрінде түседі. Суда ерімейді дерлік (18 0 -та 10 -6 моль/л) . Бұл өте тұрақсыз қосылыс: бөлме температурасының өзінде аздап сусыздана бастайды. Бірақ су астында ұзақ уақыт өзгеріссіз сақталады. Қыздырғанда оңай ТeO 2 -ге дейін сусызданады. Күкіртті және селенді қышқылдардан әлсіздеу: К 1 =3·10 -3 , К 2 =2·10 -8 . Оның негіз ретіндегі диссоциация константасы ~2·10 -3 :

H 2 ТeO 3 ↔︎ТеО(ОН) + +ОН -

Тотықтырғыш ретінде теллурлы қышқыл селендіден әлсіздеу: ол HJ және FeSO 4 -пен тотықсызданбайды, ал бұл заттар H 2 SeO 3 -ті Se-ге дейін тотықсыздандырады. Тұз және күкірт қышқылдарының күшті ерітінділерінде күкірт диоксидімен тотықсызданбайды, бұл Se-ді Те-дан бөлуде қолданылады.

Селен қышқылы H 2 SeO 4 - күшті тотықтырғыштармен H 2 SeO 3 немесе Se-ді тотықтырып алынады. Оны алудың ыңғайлы әдісі - күміс селениті суспензиясына бром суымен әсер ету:

Ag 2 SeO 3 + Br 2 + H 2 O = H 2 SeO 4 + 2AgBr

Ерітіндіден сусыз күйінде, сол сияқты кристаллогидраттар түрінде бөлінеді. Сусыз қышқыл ромбалық сингонияда кристалданады (SeO 4 тобының құрылысы тетраэдрлік) . Өте гигроскопты. Күкірт қышқылы сияқты органикалық заттарды оңай көмірлендіреді (шала күйдіреді) . Күкірт қышқылы тәрізді ол да күшті қышқыл. H 2 SO 4 -тен күшті тотықтырғыш. Концентрленген H 2 SeO 4 палладийді, күмісті, алтынды ерітеді:

2Au + 6H 2 SeO 4 = Au 2 (SeO 4 ) 3 + 3 H 2 SeO 3 + 3H 2 O

H 2 SeO 4 және НСl қоспасы патша арағына ұқсас әсер етеді, мәселен платинаны ерітеді. Сұйылтылған қышқыл өте баяу тотықсызданады. Күкірт диоксидімен, тұз, бромсутек және йодсутек қышқылдарымен тотықсыздана алады. Концентрленген H 2 SeO 4 салқында Se және Те-ді ерітеді, ал қыздырғанда - сол сияқты S-ті, сәйкес түрде жасыл, қызыл және көгілдір ерітінділер түзе отырып; оларда осы элементтердің полимерлі катиондарының селенаттары алынады. Полиселен қышқылдары да, дербес жағдайда пироселен қышқылы H 2 Se 2 O 7 , белгілі.

Теллур қышқылы. Теллур қышқылының үш түрі белгілі. Ортотеллур қышқылы H 6 ТeO 6 күшті тотықтырғыштармен Те және ТeO 2 -ні тотықтырып алынады. Ол ақ кристалды зат, ыстық суда жақсы, салқын суда нашар ериді. 10 0 C-тан төменде сулы ерітінділерден тетрагидрат түрінде кристалданады. Азот қышқылынан басқа қышқылдарда өте нашар ериді. Спиртте және басқа кәдімгі органикалық еріткіштерде ерімейді деуге болады. Ауада өзгермейді.

Оның үш кристалдық: кубтық α - (ρ= 3, 17 г/см 3 ), моноклинді β - (ρ= 3, 02 г/см 3 ) және тетрагональді (ρ= 3, 16 г/см 3 ) модификациясы белгілі.

Тұз қышқылы ортотеллур қышқылын теллурлы қышқылға дейін, ал күкіртті газ, гидразин және с. с. күшті тотықсыздандырғыштар элементар теллурға дейін тотықсыздандырады.

100-120 0 C-та ортотеллур қышқылын сусыздандырғанда, суда нашар еритін ақ аморфты зат түрінде полиметателлур (H 2 ТeO 4 ) n қышқылы түзіледі. Оны концентрленген ортотеллур қышқылын ұзақ қыздыру арқылы да алуға болады. Теллур қышқылының бұл түрінің химиялық активтілігі төмен. 300 0 C-тан жоғары температурада ТeO 3 және H 2 O-ға ыдырайды.

Ортотеллур қышқылын (немесе полиметателлур қышқылын сумен) дәнекерленген түтікте ~150 0 C-та қыздырғанда түссіз сироп тәрізді масса түрінде аллотеллур қышқылы түзіледі. Ол сумен кез-келген қатынаста араласады; ерітінді (ортотеллур қышқылы ерітіндісінен өзгеше) айқын қышқылдық реакция береді. Ол қышқылдарда (сірке және хлор қышқылынан басқа), сол сияқты сілтілерде жақсы ериді. Бөлме температурасында баяу ортоқышқылға, ауада қыздырғанда полиметателлур қышқылына айналады.

Полонийдің PoO және 𝐏 𝐨 𝐎 𝟐 \mathbf{PoO}_{\mathbf{2}} оксидтері бар. Полоний оксидінің PoO қасиеттері толық зерттеліп бітпеген. Полоний мен оттекті тікелей әрекеттестіру арқылы полоний диоксидін - P o O 2 {PoO}_{2} алады. Оның негіздік қасиеті қышқылдық қасиетінен әлдеқайда басым. P o O 2 {PoO}_{2} сілтілермен балқытқанда ғана әрекеттеседі, ал қышқылдармен негіздік оксидтер сияқты әрекеттесіп P o + {Po}^{+} катионының тұздарын түзеді:

𝐏 𝐨 𝐎 𝟐 + 𝟐 𝐇 𝟐 𝐒 𝐎 𝟒 𝐏 𝐨 ( 𝐒 𝐎 𝟒 ) 𝟐 + 𝟐 𝐇 𝟐 𝐎 \mathbf{PoO}_{\mathbf{2}}\mathbf{+ 2}\mathbf{H}_{\mathbf{2}}\mathbf{SO}_{\mathbf{4}}\mathbf{\ \rightarrow Po(}\mathbf{SO}_{\mathbf{4}}\mathbf{) }_{\mathbf{2}}\mathbf{+ 2}\mathbf{H}_{\mathbf{2}}\mathbf{O}

Полоний үш оксиді 𝐏 𝐨 𝐎 𝟑 \mathbf{PoO}_{\mathbf{3}} әлі алынбаған. Полоний қосылыстары у. Полонийдің қосылыстары темекіде немесе темекі буында кездеседі.

Селен, теллур және полонийдің бинарлы қосылыстары.

Селен және теллур галогенидтерінің негізгі түрі - ЭНаl 4 ; тек фтормен ЭНаl 6 түзеді. Селен галогенидтері қасиеттері бойынша сәйкес күкірт қосылыстарына ұқсас, бірақ селенде күкірттегідей Э 2 Наl 2 қосылысы емес, одан ЭНаl 4 қосылыстары көбірек тұрақты.

Селен және теллурдың қатты тетрагалогенидтері үшін тұз тәрізді құрылыс [ЭНаl 3 ] Наl тән. Олардың балқымасы ток өткізеді, бұл олардың аздаған иондық сипатын көрсетеді.

SeCl 2 , SeBr 2 , TeCl 2 , TeBr 2 - буларыңда тұрақты, ұшқыш қосылыстар. Конденсацияланған күйінде тек теллур дигалогенидтері алынған, бірақ олардың өзі де тұрақсыз. Селен моногалогенидтері (хлорид және бромид) күкірт моногалогенидтері сияқты димерлі және құрылысы Н 2 О 2 ұқсас. Селен және теллур алуан түрлі оксигалогенидтер түзеді: SeO 2 F 2 , Se 2 O 2 F 10 , SeO 2 F 6 , Te 3 O 2 F 16 , Te 6 O 5 F 26 , SeOCl 2 , Te 6 O 11 Cl 12 , Te 6 O 11 Br 2 , SeOBrCl т. б.

Фтормен қосылыстары . Гексафторидтер құрғақ фтордың селенмен бөлме температурасында және теллурмен 150 0 -та әрекеттесуінен алынады. Бұлар түссіз улы газдар. Олардың молекулалары, SF 6 сияқты, центрінде халькоген атомы болатын дұрыс октаэдр болады. Гексафторидтер құрғақ шынымен әрекеттеспейді.

Селен тетрафториді сұйылтылған фторды 0 0 -та селен үстінен өткізгенде түзіледі. Сол сияқты күшті фторлаушы (мысалы ClF 3 ) агент Se, SeO 2 -ге әсер еткенде немесе мына реакция бойынша алынады:

Se+4AgF=SeF 4 +4Ag

Бұл түссіз, шабытты гидролизденетін және шыны “жейтін” сұйықтық. Басқа элементтердің фторидтерін алуда қолданылады.

Теллур тетрафториді мына реакция бойынша түзіледі.

TeO 2 + 2SeF 4 = TeF 4 + 2SeOF 2

Бұл аса гигроскопты және оңай гидролизденетін кристалдық зат.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Селен топшасына жалпы сипаттама. Селен, телур және полонийдің оттекті қосылыстары
Селен топшасы элементтері (селен теллур полоний)
ІІІБ және ІVБ топ элементтері
Селен топшасы элементтерінің табиғатта таралуы
Галогендердің сутекті қосылыстары
Жаңа педагогикалық технологиялар. Галоген топшасын модульді блокпен оқыту
Химия пәнінен зертханалалық жұмыстар
II топтың металдарына жалпы сипаттама
Алматы облысы Талғар ауданы "Айршир" АҚ-ның қара-қоңыр топырағының ауылшаруашылығында қолдану нәтижесінде құнарлылық көрсеткіштерінің өзгеруі
Бейорганикалық заттардың негізгі класстары және олардың генетикалық байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz