Көнерген тұрақты сөз тіркестері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Көнерген тұрақты сөз тіркестері

Тілімізде тек қана көнерген сөздер ғана емес, сонымен қатар көнерген сөз тіркестері де бар. Фразеологизмдердің құрамында ар-хаизмдер де, историзмдер де кездеседі. Сондықтан оларды фра-зеологиялық архаизмдер мен фразеологиялық историзмдер деп екі түрлі атау орынды сияқты.

Фразеологиялық архаизмдерге тілдің даму процесінде жалпы-лама қолданудан шығып қалған кейбір тұрақты сөз тіркестері жатады. Бұл топтағы фразеологизмдер көбінесе діни ұғыммен және салт, әдет-ғұрыппен байланысты сөз тіркестерін қамтиды.

Діни ұғыммен байланысты келетін сөз тіркестеріне бесін намаз, сегіз жұмақ, жеті тамық, қыл көпір, ақыр заман, топан су, құрбан айт, құрбан шалу, құрмалдық айту, көк қошқарың болайын, жерге түскен жеті эліп, ғайып ерен қырық шілтен, әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып т. б. жатады Салт, әдет-ғұрыппен байланысты сөз тіркестерне жататындар: қырық жеті, отыз жеті, ұрын бару, ірге көру, отқа май құю, шашу шашу, қол ұстатар, бет ашар, шаш сипатар, бауыздау құда, өлі-тірісін беру, қос қатын алу, тоқал алу, төсек жаңғырту, сүйек жаңғырту немесе ат-шапан айып, үйірімен уш тоғыз, заманың қалай болса, бөркіңді солай ки, аузы -қисық болса да бай баласы сөйлесін, құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас, әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа, байтал шауып бәйге алмас, шынжыр балақ шүбар төс, алтын басты әйел-ден бақа басты ер артық т. б.

Фразеологиялық историзмдерге тарихи бір кезеңде зат не құбы-лыс туралы ұғымды білдіріп, қазір онша көп қолданылмайтын тұрақты сөз тіркестерін жатқызуға болады. -

Историзмдерге жататын тұрақты сөз тіркестері: бай баласы, жарлы баласы, ата баласы, қара шаруа, қара шекпен, басы бай-лылық, кедей теңдігі, әйел теңдігі, өз ара салық, тап жауы, халық, жауы, кедейлер комитеті, жер аудару, төре аға, жүз басы, ; өкімет, қызыл отау т. б.

; Ал кейбір фразеологиялық историзмдердің бір компоненті жаңартылып қолданылады.

Октябрь төңкерісі - Октябрь революциясы, кеңес өкіметі - Совет өкіметі, кеңес үкіметі - Совет үкіметі, партия ұясы - партия ұйымы, қызыл тақта - құрмет тақтасы, қызыл керуен - авто-машиналар керуені т. б.

Фразеологизмдер ертеден халықпен бірге жасасып келе жатқан бейнелі сөйлеу үлгілері болғандықтан, онда көнерген граматикалық формалар да кездеседі. Мысалы: “ат жақсысы қартады, негізіне тартады” немесе “жақсы сылаумен жариды, жаман сылаумен кәриді” дегендегі “кәриді”, “қартады” формалары - көне фор-малар. Бұлар осы күнгі қазақ тілініқ грамматикалық формасы бойынша “қартаяды”, “кәртейеді” түрінде айтылуы керек еді ‘.

Тұрақты сөз тіркестерінің ішінде өзінін, көнелігі жағынан

идиомдар ерекше орын алады. Бұл ретте академик I. Кеңесбаев

былай дейді: “Идиомдар әрбір тілдің өзіне тән категориясы бо-

лумен қатар, бұл категория - басқа сөз тізбектеріне қарағанда

нағұрлым көнеленген категория. Басқаша айтқанда, бірнеше

сөздіқ тобы идиом болу үшін көп замандар болу керек, өйткені

идиомның шеңберіне енген сөздер_ дерексізденіп (абстрактанып)

өзінің тікелей мағынасынан айрылу үшін белгілі бір мерзімдік

шарт керек. Әр тілдің өзіне лайық идиомды сөздері болу үшін,

ол тілге бұл шарттан басқа халықтың салт-сана, әдет-ғүрып,

тұрмыс-күй, мәдени дәрежесі, ортақтылығы керек екендігі бел-

гілі нәрсе” 2.

Қөнерген фразеологизмдер көркем әдебиетте бейнелілік, мә-нерлегіштік қызмет атқарады, Көнерген түрақты сөз тіркестері :өз болып отырған кезеңге дәуірлік сипат беру мақсатымен әсіресе тарихи шығармаларда көбірек қолданылады. Мысалы: “Ел салтына, әдет-ғұрыптың бәріне әрі ойша мойындап, әрі соны бір үлкен романтикалы күндей ыстық көріп, Сыздык, бұл жолы

1 I. Кеқесбаев, Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фоне-Чика) . Алматы, 1962, 219-бет.

ұрын баратын болған. Немесе: Өзі пәлендей батыр, өнерлі, әрлі жігіт болмаса да, ата баласы ғой деп атасының аруағын сыйлап ел осыны болыс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері
Фразеологизмдер ұғымы, фразеологиялық бірліктер түсінігі фразеологизмдердің топтастырылуы
Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі
Тілдің актіив және пассив лексикасы жөнінде
Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы
Тілдің сөздік құрамы
Шығармада кездесетін синоним сөздер
Тарихи шығармалар тілінің лексикалық ерекшеліктері
Лексиканы оқытудың міндеттері
Кейіпкер тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz