Химиялық оқу экспериментінің қазіргі күйі және оның жетілдіру жолдары


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Химиялық оқу эксперижменттіндегі елеулі прогресс, оның соңғы жылдары қарқынды дамуына қазіргі ғылыми идеялардың және жаңа техникалық құралдардың пайда болуына байланысты. Соңғы кезде оқу экспериментті дамып келеді, жаңа демонстрациялық қондырғлармен және көне тәжірибелердің жаңартылған түрімен толықтырылады, яғни оның классикалық нұсқасы жетілдіріледі. Осымен қатар оқу деманстрациялық және лабораториялық экспериментті жүргізудің әдістемесі мен қою техникасын жаңарту міндеттері қойылып отыр.

Қазіргі жаңартылған оқу экспериментін ендіру оқу процесіне және оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендіреді олардың өз беттерінше іскерліктерін және бірлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Жаңа оқу эксперименті химияны оқытудың өндірісінен, техникамен байланысын дамытады, оқытудың политехникалық міндеттерін шешуге септігін тигізеді.

Демонстрациялық және зертханалық оқу эксперименттінің мазмұндары, әдістемелері мен техникасы туралы көптеген мәселелер алғашқы химияны оқыту әдістемелерінің негізін қалаушы ғылымдардың В. Н. Верховский., А. Д. Смирнов., С. В. Васильев., М. И. Лебедова., Ю. В. Плетнер., В. С. Полосин., Т. С. Назарова., А. А. Грабедский., И. Н. Лаврова., Л. А. Цветков., И. Н. Чертков., еңбектерінде қарастырылған.

Химиялық оқу экспериментінің мазмұны, әдістемесі және техникасына қатысты проблемалар бойынша бірқатар зерттеулердің ішінде, химиялық экспериментті жетілдіруде В. Н. Верховский оқыту құралына көрнекілікке модельдер, кетелер, коллекциялар, экрандық материалдарды жатқызады. И. Н. Борисов зертханалық жабдықтарды, ал Д. М. Кирюшкин мен В. С. Полосин зат, бейне және символикалық көрнекіліктерге негізгі орын береді.

Бірқатар авторлар (С. Г. Шаповаленко, Л. М. Сморонский, Г. И. Шеленский, Е. Е. Минченков, Г. С. Назарова) өз зерттеулерінде химияны оқыту құралдарының алатын орнына ерекше көңіл бөлген. Психолог Н. Г. Салмина оқыту үрдісіндегі білім көзінің бәрі оқу құралы деп қарастырады.

Соңғы кезде, біздің республикамызда химиялық оқу эксперименттінің әдістемесі мен техникасын жетілдіруді М. Ж. Жадрина еңбектерімен байқаймыз [5] . Бұл еңбектерде жабдықтарды таңдап алудың жалпы ұстанымдары тұжырымдалып оқу экспериментіне арналған құралдарға сипаттама анықталынып, химиялық оқу экспериментіне қойылатын психологиялық- педагогикалық талаптар тұжырымдалған және бірқатар жаңа деманстрациялық - лабораториялық құралдар жасалған.

Химиялық эксперимент күрделі процестерді оқытуды жеңілдетуді қамтамасыз етеді, шындықты сезім мүшелері арқылы қабылдауға септігін тигізеді, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын белсендіріледі. Химияны оқытуда эксперименттің ролінің маңыздылығы бүгінгі күнде ешкімге де күмән туғызбайды, эксперимент бір мезгілде білім көздері, оқыту әдістері және көрнекіліктің түрі болып табылады деп жазды Ю. В. Плетнер [6] .

Сонымен химиялық оқу экспериментінің аса маңыздылығын, осыған байланысты көптеген әдістемелік мәселелердің жеткілікті шешілмегенін, оның эксперименттік әдістемелерін қазіргі кездегі талаптарға сай жетілдіріп отыру қажеттігін, сонымен бірге химиялық тәжірибелерді қолданудың болашағы мен артықшылығына байланысты зерттеудің болмауы біздің осы таңдап алған тақырыпты арнайы зерттеуімізге мүмкіндік туғызады. Осы тұрыдан мәселелердің қарастыра келе, біз бітіру жұмысының тақырыбым « Химия пәнінен оқушылардың оқу эксперименттерін ұйымдастыру ерекшеліктері » деп алдық. Мұның нәтижесінде, осы заманғы химиялық экспериментті жетілдіру мен студенттердің химиялық білімдерінің берік қалыптастырылуы арасындағы қарама - қайшылық проблема біршама шешілетін болады деп ойлаймыз.

Зерттеудің мақсаты - жаңа химиялық құралдарды құрастыру және жасау арқылы химияны оқытудың ғылыми деңгейін көтеру, соның нәтижесінде химиялық оқу экспериментінің әдістемесі мен техникасын жетілдіру.

Зерттеудің мақсаты және ғылыми болжамы оның келесі міндеттерін анықтайды:

  1. Химиялық оқу экспериментінің мәніне, жүйесіне, мазмұнына ғылыми - әдістемелік талдау жасау;
  2. Химиялық оқу эксперименитінің әдістемесі мен техникасын жетілдірудің шараларын қарастыру;
  3. Химиялық оқу экспериментінің негізіне қойылатын талаптарды тұдырымдау;
  4. Жаңа құралдар жасау және бар құралдарды жетілдіру мүмкіндіктерін қарастыру, ұсынылған жабдықтар негізінде мектеп экспериментінің әдістемесін жетілдіру;
  5. Ұсынылған әдістеменің пішімділігіне педагогикалық арнаулы эксперимент жүргізу арқылы көз жеткізілді;

Зерттеудің теориялық, әдіснамалық негізінде диалектикалық - материалистік таным теориясы, А. Н. Леонтьевтің қарекет теориясы, ақыл - ой әрекетін кезеңдерге бөліп қалыптастыру тұжырымдамасы (П. Я. Гальперин), тәрбие мазмұны мен міндеттері, студенттерді оқыту және білім беру туралы Қазақстан Республикасы Заңдары, тұжырымдамалары, оқытудың дидактикалық принциптері, жекелей алғанда көрнекілік принципі алынады.

Қол жеткен нәтижелердің дәйектілігі мен дәлелдігі зерттеу әдісінің қойылған міндеттерге сәйкес іске асырылуымен, қойылған проблемаға жан - жақты жасалынған теориялық тандаулармен, жүргізілген педагогикалық экспериментіне, оқыту экспериментінде оқушылар санының жеткілікті тартылуымен, ұсынылған әдістемелердің іс жүзінде тексерілуімен, эксперимент нәтижелеріне математикалық - статистикалық өңдеулер жасалады.

Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін мектепте химияны эксперименттік негізде оқыту үдерісі.

I бөлім Химиялық оқу экспериментінің қазіргі күйі және оның жетілдіру жолдары

  1. Оқу экспериментін пайдалану арқылы химия сабақтарының сапасын жақсартудың дидактикалық танымдық - психологиялық негіздері

Химияны оқыту әдістемесі, ең алдымен химия ғылымының зерттеу әдістеріне және оның әдіснамасына сүйенсе, екіншіден философия, педагогика және психология ғылымдары негізінде дамып келеді. Ол өзінің мақсаттары, зерттейтін мәселелері, пайданылатын әдістері бойынша химия ғылымына қарағанда, педагогика ғылымдарына бейімділігі мен жақындығы анағұрлым көп екендігі даусыз, сондықтанда химияны оқыту әдістемесі педагогика ғылымдарының құрамдас бір саласына жататындығы белгілі.

Химия әдістемесінің ғылыми теориялық негіздері ретінде талдау, эксперимент, дара бұлға мен дамыту теориялары, таным мен сезім және ойлау процестері дидактикалық принциптер, педагогикалық және психологиялық заңдылықтар, бақылау, мектеп тәжірибесін жинақтау, оқушылардың ойлауы мен іс - әрекет ерекшеліктері т. т. пайдалылады.

Дидактиканы зерттеулердің ірі өкілінің бірі, академик М. Н. Скаткиннің айтқанындай, көп уақыт бойы, жеке пәнді оқыту әдістемесі өз алдына ғылым емес, ол тек ғана оған сәйкес ғылымның қолданбалы бөлігі деген пікірде бір қатар ғылымдар арасында орын алған. Сол себепті де олар кез - келген пәнді жақсы оқыті үшін, оған сәйкес ғылымды жақсы білу жеткілікті деген түсінікте болады. Мұндай негативті көзқарас, пәнді оқыту әдістемесі мен оған қатысты ғылымның зерттейтін мәселелері мен міндеттерін шатыстырудан шыққан. Байқап қарасақ, бұл екеуінің зерттеу нысандары мен мақсаттары бір - біріне сәйкес келмейді (мысалы, химия ғылымы және оны мектепте оқыту әдістемесі) [7] .

Мектепте химияны оқытудың қазіргі кездегі жағдайын білу үшін оқу процесін бақылап, оқушылырдың білімдегі кемшіліктің болу себептері, жұмыс оқу бағдарламалары мен студенттерге арналған химия практикумы, ғылыми - әдістемелік, қосымша оқу құралдарын талдау барысында анықталады. Ал оны одан ары жақсарту үшін химияны оқыту әдіснамасы, оқу эксприментінің психологиялық - дидактикалық, ғылыми - әдістемелік негіздері қарастырылады. Оқу экспериментін ұйымдастыру принцптері, зерттеу мәселесіне байланысты бар әдебиеттерге талдау жасалып, химияны оқытудың тиімділігін студенттердің эксперименттік өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы арттырудың мүмкіндіктері анықталды.

Химияны оқыту әдістемесінің әдіснамасы - бұл білім беру формалары мен ұйымдастыру түрлері, құрлымдық принциптері мен химия теориясының дамуы оның шешімдерін практикаға енгізу жолдарын, олардың арасындағы қарама - қайшылықтарды қарастыратын бір саласы.

Химияны оқыту әдістемесінің әдіснамасының басқа ғылымдар сияқты диалектика мен тарихи матерализмге негізделген арнаулы зерттеу негіздері бар.

Осындай зерттеу әдістеріне:

  • Мектепте білім беруде химияның пән ретіндегі рөлі мен маңызын талдау;
  • алдынғы қатарлы педагогикалық іс - тәжірибені жинақтау, үйрену және пайдалану;
  • студенттердің химияны оқуға деген психологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау, оқу құралдары мен әдістемелік құралдарға дидактикалық талаптар қоя білу;
  • химия ғылымының даму тарихына байланысты химияны оқыту әдістемесінің заңды түрде дамуына талдау жасау;
  • республикалар мен шет елдердегі химия әдістемесінің даму және өзгерту заңдылықтарын анықтау бағдарламаларын, әдістемелік құрал - жабдықтарын, білімдерін тексеру жолдарын салыстыра отырып салыстыру;
  • осы зерттеу әдістерін негізге ала отырып болжам жасап оны эксперименте тексеру;

Химияны оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру әдістеріне:

  • заттар мен құбылыстардың өзара байланыстығы мен дүниенің бір тұтас материалдылығы;
  • табиғат құбылыстары мен олардың арасындағы байланыстарды көрсету;
  • қарастырылған заңдылықтар мен олардан шығатын салдар арасындағы тәуелділіктің сипатын ашу [8] .

Мектеп оқушылардың диалектикалық көзқарасын қалыптастыруда химиялық ұғымдарды қалыптастыру тақырыбы маңызды орын алады. Бұл мәселенің шешімі тікелей оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.

Оқушылар химияны оқу арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстардың зақдылықтарын танып біледі әрине химияның оқудың міндеті физикалық ғылыми білімдер жиынтығын жай есте сақтап, жинап беруде ғана емес. Олардың заттар мен құбылыстар жөніндегі диалектикалық көзқарастарын, ұғымын қалыптастыру, дүниені танудың ғылыми әдісін үйрету, өз бетімен шығармашылық ойлау, пайымдау қабілетін дамыту. Білімді жай есте сақтаудан гөрі, оны эксперимент жүзінде көрсету әлде қайда қиын жұмыс екендігін ескеруміз тиіс.

Химиялық құбылыстарды түсіндіру, бақылаған факторларды жүйелі жинақтау, табиғаттағы өзгерістерді тану, абстрактілі ойлау арқылы ол жайындағы химиялық ұғымдар қалыптастырылады.

Химиялық құбылыстарды түсіндіру барысында, сол құбылысқа талдау жасаймыз. Олардың қасиеттерін салыстырамыз, ішкі табиғатын түсіндіріп, сол құбылыста байқалған белгілі бір заңдылықтарды анықтаймыз. Олардың пайда болуы, дамуы жағдайын көрсетеміз. Жаңа фактор мен құбылыстарды ғылыми түсіндіру негізінде студенттерді қортындылар жасауға бағыттаймыз.

Болашақ химия мұғалімінің алдына қойған мақсаты оқушыларды дұрыс қорытынды жасай білу ебдейлігіне, ғылыми түрде абстракктілі ойлай білу қабілетіне жеткізу. Танымның ең маңызды құралы біздің табиғат жөніндегі білімізді бекіте түсетін нақты істің өзі. Сондықтан біз белгілі бір құбылыстарды түсіндіргенде химиялық заңды оқытуда, олардың адам баласының тұрмыс тіршілігінде қалай пайдаланғандығын көрсетуміз қажет.

Мұғалімнің химиялық құбылысты баяндауы барысында, оқушылардың табиғаттан сол құбылысты өздері табатындай етіп ұйымдастылылуы керек.

Оқыту процесінде оқушылар біліктілігіне тікелей бақылау жүргізбесе, олар өз беттерімен ешбір қортынды жасамаса, тек мұғалімдердің айтқанын тыңдаумен шектелсе, онда олардың ойлауы жеткілікті дәрежеде дами алмайды.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың оқу сапасын тексергенде, тәжірибелі, озат мұғалімдердің тәжірибесін оқу экспериментін көп қолданатын мектептерде жоғары екенін көрсетті.

Оқушылардың ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыруда, олардың өзіндік практикалық жұмыстарға кеткен уақыттары елеулі рөль атқаратындығын көрсетті. Оқытуға кететін мерзімнің 25%-ін лабораториялық және басқа да практикалық жұмыстарға арналғаны дұрыс деп танылды. Жетілдірілген оқу бағдарламаларда франталь лабораториялық және практикаға химия пәнінен арналған уақыттың 16 %- ті арналады.

Көптеген мұғалімдердің пікіріне қарағанда пән бойынша сағат санының азаюы мектептегі білім беру сапасының нашарлауына әкеп соғатын көрсетті.

Химияны оқыту барысында мұғалімнің басшылығымен белгілі жүйеге түскен ғылыми білімділікке, практикада қолдануға тиісті ебдейліктер мен дағдыларға ие болып, күнделікті тұрмыс тіршілікте қолданылатын техника мен құралдарды қолдануды үйренді.

Оқу процесін дұрыс және ғылыми түрде ұйымдастыру үшін мұғалімге тек химияның теориялық негізі мен оқыту әдістемелерін білу жеткіліксіз сонымен қатар білім алудағы оқушылардың ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыруда, ойлау мен таным қабілеттерін дамытуда оқытудың жалпы психологиялық негіздерін білу қажет. Оқыту процесінде заңдылықтар туралы білім, оқушылардың псикалық ерекшеліктерінің дамуы, жас ерекшеліктері, оқушылардың білімдері мен ынтасын, жігерлігі мен сезімділігі танымдылық ерекшеліктері және ақыл - ойларының жетілуіне (аңғарымпаздығы, есте сақтауы, сөйлеуі мен ойлауы, қиялдауы, таланты) байланысты болады [9] .

Кез келген пәнді оқытуда (соның ішінде химияны) оқушылардың ақыл - ойы дамып қалыптасатындай ең тиімді жолды таңдап алу керек. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда оқушыларға тек білім берумен шектемей, сол білімді алу, танып білу жолдарын үйрету қажеттілігі анықталады [10] .

Химиядан оқу экспериментін ұйымдастыруда, химияны оқытудағы психологиялық ерекшеліктерді ескеру қажет. Олар біріншіден пәннің мазмұнына байланысты. Химиялық құбылысты материяның әр түрлі болуының олардың өзара әсерін бір - біріне айналу процесіне түсіндіру үшін оқушылардан әр түрлі ойша елестетуді, абстракциялауды, модельдеуді керек етеді. Ал оқушылардың ойша елестету жас ерекшеліктеріне байланысты дамиды.

Екінші психолгиялық ерекшеігі басқа пәндерге қарағанда химиядан әр түрлі модельдер мен белгілеулер (формулалар, символикалық белгілеулер, графиктер т. б. ) оқушылардан әр түрлі объектілердің белгіленуінен нақты өмірде бар түріне көшуді, керісінше реальды объектілерден суреттік белгілерге көшуді талап етеді.

Үшінші ерекшелігі химияны оқытуға қолданылатын әр түрлі тәжірибе көрсету, оқушыларды бақылауға үйрету, түрлі практикалық жұмыстарды жасату кезіндегі оқушылардың жоғары сезімдік қасиеттері (белсенділігі, табандылығы, өз пікірін жасқанбай айтуы, алдына қойған мақсатқа ұмытылғыштығы, қызығушылығы) болып табылады.

Мектеп оқушыларының ғылыми ұйымдар жүйесін қалыптастыру білім алудағы маңызды элементтердің бірі.

Жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі тезірек дамып күнделікті өмірде кеңінен қолданыс тапқаны - химия ғылымы. Сондықтанда олар ғылыми - техникалық прогрестің дамуында шешуші рөль атқаратын жетекші ғылымдардың біріне айналып отыр жыл сайын көптеген жаңалықтар ашылып, жаңа ғылымдардың пайда болуына көз жеткізіп келеміз.

Ұғымдарды меңгермейінше заңдар мен теорияларды сапалы түрде меңгеру мүмкін емес, өйткені олар ұғымдар арасындағы байланысты білдіреді.

Ұғымға ие болу оқушылардың белсенді ой - қызметін, талдау және іріктеу, салыстыру және жалғастыру, абстракциялау және жалпылау сияқты ой операцияларын орындаумен қалыптастыру оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін зор маңызға ие. Ұғымдарды меңгерудің барлық кезеңдерінде оқушылардың белсенді таным қызыметін ұйымдастыру керек.

Теориялық тұрғыдан талдасақ, химиялық ұғымдарды оқушылардың меңгеру процесі А. Н. Леонтевтің [11] қаракет (дятельность) теориясы негізінде жүзеге асырылады. Бұл теория бойынша, химиялық эксперименті пайдалану арқылы ұйымдарды қалыптастыру процесі кезінде, сыртқы, заттық, сезімдік - праңктикалық қорекет - ұғымды меңгерудің бастапқы генетикалық негізі болып саналады. Ал психологиялық тұоғыдан қарасақ, ұғымды қабылдау процесі көру және есту анализаторларының реакциясынан (қызыметінен) басталады. Мысылы, толқындардың интерференциясын көру анализаторлары арқылы, ал поляризациясын есту нәтижесінде (құлақ арқылы) ғана сезе аламыз, яғни көріп және естіп қана түсінеміз.

П. Я. Гальперин мен Н. Ф. Тальызинаның ақыл - ой әрекетті кезеңдерге бөліп қалыптастыру теориясы [12] негізінде химиялық ұғымдарды оқушылардың меңгеру процесі бойынша ұғымды қабылдаусыртқы сезімдік іс - әрекеттің ішкі ойлау әрекетіне өтуді қамтамасыз ететін психологиялық операциялар түрінде қарастырылады. Өткені олар, ұғымды қабылдау процесі әрқашан да «сыртқы, матеразицияланған қаракеттен» басталып, бірнеше сапалық өзгерістерден өтіп түрленеді. Яғни мұндай әрекеттің мотивациялық, бағдарлық, орындаушылық, «іштен» сөйлеу, естіріп айту, тексеру негіздері болады. Демек, ұғымды қалыптастыру процесі осындай бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі процесс. Мәселен, П. Я. Галперин және Н. Ф. Тальызинаның бұл теориясы бойынша, химиялық эксперименті пайдаланғанда, ұғымның қалыптастырылуы іс - әрекетің мотивациялық, бағдарлық, кейде орындаушылық немесе «іштей» сөйлеу негіздеріне сүйенеді.

Мұндай жағдайда, П. Я. Галперин айтқандай ұғым тұтас образ ретінде бірнеше кезеңдерден өңделіп өтетіндей іс - әрекеттің негізінде қалыптастырады. Сөйтіп ол жинақталған, төте жолмен өтетін автоматтандырылған саналы ойлау процесіне айналады [13] . Құдайқұлов педагогтардың дидактикалық мәселелерін жетілдіре келе, оқыту процесін материалдық тұрғыда түсінуді әрқашан қолдап келген. Я. А. Коменский, М. В. Ломаносов, К. Д. Ушинский және т. б. класикалық дидактикалық жетекші принциптерінің бірін оның «алтын ережесі» көрнекілік принцип болып табылатындықтан, оқытудың бастапқы күйі сезімдік танымдарға негізделуі қажет деп есептеді.

Оқушыларға жан - жақты терең, тиянақты беруде көрнекті құралдарды пайдаланудың педагогикалық және әдістемелік маңызы зор екендігі даусыз Өйткені көренкілік принципі дидактиканың бірінші және ең негізгі принципі болып саналады. Бұл жөнінде классик педагог Я. А. Коменский мұғалім үшін «Алтын ереже - бала сезім арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерінен» туғызып білдірген жөн. Көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, исін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолмен ұстап нәрсенің қатты - жұмсақтығын т. т. байқасын. Кейбір нәрсені сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы [14] . Цитатың қазақша аудармасы [15, 104-015б] беттерден алынды. Мәселен химиялық тәжірибелерді демонстрацияланғанда оны қабылдауға оқушылардың көру және есту анализаторлары бірдей қатысты.

В. И. Ленин анықтаған таным процесінің диалектикалық сипаты «нақты пайымдаудан абстракті ойлауға және онан практикаға көшу ақиқатты танып білудің диалектикалық жолы, міне осындай» [15] . Танымның сезімдік формалары (ұғым, пікір, ой қортындысы) тығыз бірлікте көтеріледі. Химиялық эксперимент, ендеше, танымдық сезімдік формаларының ең негізгі құрамына жатады.

Оқыту барысындағы оқушылардың ойлауы ғылыми таным процестерінің басты ерекшеліктерімен сәйкес келетін К. Д. Ушинскийдің педагогикалық шығармашылығында қамтылған «оқу жүрісінде нақтыдан ұзын санаралыққа, көз алдына елестетуден ойлауға көшу, тек табиғи және жалпы кімде - кім адам табиғатының ерекшеліктеріне сай оқытудағы қажетті лайықтылықты жаққа шығаратын болса, сол ғана жаққа шығара алады және ол айқын психикалық заңдылықпен жаққа шығара арады және ол айқын психикалық заңдылықпен негізделген» [16, 266б] . Көпшілік жағдайда көрнекілік принципі тұрғысынан тұжырымдалатын, көрнекілік түрде оқыту процесіндегі сезімділік түрде оқыту процесіндегі сезімділік және ұтымдылықтың арасындығы байланыс және маңызды қалыптасады.

Қазіргі педагогика сол классикалық педогогиканың барлық негізгі белгілерін өз бойына сіңіріп келеді. Оқытудағы көрнекіліктің рөліне көңіл бөлу, оқытудағы көрнекілік оқушылардың объективті шындықты дұрыс процестерді туралы түсініктерін қалыптастыруға және заттарды зейіні жетіп ұғынуға және сонымен бірге оқыту міндеттеріне байланысты қабылданатын құбылыстарды талдауға және жалпылауға мүмкіндік туғызады. Көрнекілік құралдарын пайдалану оқушыларды тек қана көркем түсініктерді жасау үшін ғана емес, сонымен бірге ұзын сонар ойлауларын дамыту, ұғымдарды қалыптастыру үшін бағытталады.

Химиялық тәжірибелерді демонстрациялау оқушыларда мынадай психикалық процестерді, сезінуді, қабылдауды, елестетуді, талдап қорытуды, қиялдауды дамытады. Балалардың психикалық даму заңдылықтарын есепке алу оқыту процесіндегі сенімділікті қамтамасыз етеді.

Ғылымда әр түрлі себептермен тікелей бақылауға болмайтын құбылыстың мәнін түсіну үшін, ғылымдар сол құбылыстың қиялдағы нобайын жасайды. Мысалы, газдардың қасиетін оқып үйрену үшін, идеал газдың қиялдағы нобайы; атомды оқытуда - атомның нобайы және т. б. жасалынды.

Химияны оқытуда оқушылардың дамытылған қиялдары, мұғалімнің демонстрациялық столда көрсете алмайтын кейбір құбылысты немесе қандайда бір затты, демонстрациялық тәжірбелерден бұрынан бақылап келе жатқан әсерлерін пайдалану арқылы өзінше түсінуіне көмегін тигізді.

Қазіргі кезде психология кез - келген жаста ақпараттарды өңдеу және қайта құру деңгейлерін ойша көркем ойлаудың бірі ретінде қарастырады. Психикалық эксперименттік зерттеулер жемісті ойлауға тек қана балалардың ғана емес, сонымен бірге басқа қасиеттердің түрінде, әсіресе ғылыми және техникалық ізденістерде бейнелерін ықпалын жасайтындығы сенімді түрде куәландырылды. Сондықтан оқушылардың ақыл - ойын қалыптастыра көркем ойлауды жақсы дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болады.

Психология, мидың энергетикалық шығындарын зерттей келе, ол ойлау қызыметінің сипатына елеулі түрде байланысты екендігін көрсетті. Егер есеп таза аналитикалық тәсілмен шығарылатын болса, онда мидың энергетикалық шығындары салыстырмалы түрде көп емес. егер есепті шешу құбылыстар және заттар бейнесі арқылы іс жүргізуді талап ететін болса, онда олар анағұрлым артады. Еске салынған ұқсас есептерді шешу алгаритидердің ойлау компоненттерін түрлендіру жолымен, анағұрлым (артады) қарапайым құралдармен ойлау процесінде мидың өте аз энергетикалық шығындарымен шешуге әрекеттенетін ақиқат. Кейбір қиын сәттерде ғана, шешу процесіне, түрлендіру үшін үлкен энергия шығындарын талап ететін, бірақта шешімін эвристикалық, сезу арқылы табуға мүмкіндік беретін, әр түрлі арнаулы көрнекіліктерді пайдаланған тиімді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демонстрациялық эксперименттің мәні
БОЛАШАҚ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНДЕ ХИМИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеті барысында мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары
Заттарды алу есептері
Модельдеу жайында жалпы мағлұмат
Химиялық эксперимент - химияны оқытудың негізі
Галогендердің сутекті қосылыстары
Математикалық модельдер
Оқытушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы өзіндік оқытудың тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz