Катушкалы-науалы сепкіш аппарат


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  1. Катушкалы-науалы сепкіш аппарат.
  2. Пневматикалық сепкіш аппарат.
  3. Ұялы-дискілі сепкіш аппарат.
  4. Қасықты-дискілі себу аппараты.
  5. Сіңіргіш тобының күштік сараптамасы


Отырғызғыш және сепкіш машиналар

1. Катушкалы-науалы сепкіш аппарат. Дән сепкіш құрылғыларда катушкалы-науалы сепкіш аппарат кеңінен таралған. Оны есептеу барысында жұмыс катушкасының өлшемдері, катушка бір айналғандағы себілген дән массасы, катушканың сепкіштің жүру ұзындығы бірлігіндегі қажетті айналым жиілігі есептеледі. Дәннің механикалық қасиетін есепке алады, аудан немесе жол бірлігіне қажетті себу нормасы анықталады т. б.

Науаның негізгі өлшемдері - ені b1және тереңдігі h (сурет. 1, а) . h= 2 0, м деп қабылдайды мұндағы 0-дәннің орташа көлденең қимасы, м. Науа енін, м, тереңдіктен үлкен етіп алады, яғни b1= (1, 5……. . 2, 5) h. Катушка диаметрін-dк, м, яғни науалар диаметрінnж жағы бар дұрыс көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер диаметрі сияқты Сонда

dк= l0/sinα0, (1)

Мұндағы lо b1+ - көпбұрыш жағының ұзындығы (мұнда = 0, 0016 м- көршілес науалар арасындағы қабырға шамасы) Мұнда, град.,

α0= /nж (2)

Пульсация болдырмау үшін nж = 8…16 деп қабылдайды. α1 бұрышына байланысты науа радиусын есепті сұлбадан табуға болады

r =(b1/2 - htgα1) tg[ (90+α0) /2]

α0 және α1 бұрыштарын тұрғызылған сұлбадан анықтауға болады. Бірақ та науаның жазық қабырғаларын құраушы түзулер қиылысы мен катушканың осі ( 0 нүктесі) арақашықтығы 0, 15 dк болатынын ескеру қажет. Науаның қиылысу ауданын, м2, үш фигураның аудандарының қосындысы сияқты анықтайды: S1 и S3 - екі дөңгелек сегмент және S2 - тең қабырғалы трапеция, яғни,

Fж=S1+S2+S3 (3)

S1=d2к/8 ( α/90 - sin2α) (4)

S3=(r2/2) ( /180 - sin ) (5)

Мұндағы = 180-2α1. Сонда

S2= (b1/2+r cosα1) h - r(1-sinα1) . (6)

Сепкіш аппараттың анықтаушы мінездемесі болып оның жұмыс көлемі табылады, м3, яғни катушканың бір айналымында себілетін дән көлемі,

V0=M b D/(1010i ) (7)

Мұндағы М - дән себу нормасы, дана/га; b-қатар арасы шамасы, м; D - сепкіштің тірек-жетекші дөңгелегінің диаметрі, м; - 1000 дәннің массасы, г ( = 38 . . . 44 г) ; i - беріліс қатынасы (i = 0, 12. ., 1, 6) ; -дән

тығыздығы, кг/м3; - дөңгелектің сырғу коэффициенті ( = 0, 9 . . . 0, 96) . Сонда

i = nв/nк, (8)

Мұндағы nв және nк - сәйкесінше, сепкіш катушканың айналу жиілігі (дискінің) және тірек-жетекші дөңгелегінің айналу жиілігі, мин -1. Катушканың жұмыс ұзындығы, м,

lp=V0/1, 7fжnж (9)

Жұмыс көлемі, м3, науаға түскен дән көлемінен- Vж және катушка айналасындағы белсенді қабатпен лақтырылатын дән көлемінен - Va құралады, яғни

V0=VЖ+Va (10)

Науалардың көлемін анықтау үшін, м3, бір науаның көлденең қимасының ауданын, науа санын және катушканың жұмыс ұзындығын білу керек: Vж =fж nжlр (11) Белсенді қабат көлемі, м3, Vα=V0+Vж Сепкішті себу нормасына реттеген кезде қалыңдығымен бағаланатын белсенді қабатты ескеру қажет, м

С0 = с(т + 1), (12)

Мұндағы - шартты (келтірілген) дән қабатының қалыңдығы, м; т - тәжірбиелік коэффициент (бидай мен арпа үшін т = 2, 6; лен үшін т - 1, 7; тары үшін т = 1, 4) .

2. Пневматикалық сепкіш аппарат. Пневматикалық сепкіш аппараттарға тән физикалық процесс кейбір дәндердің себу алаңына жақын тесіктерге сорылуы. Жекелеген дәндерді ауа ағынымен ұстап шығару шартын қарастырамыз. Дәнге әсер етуші: Ауа ағынының сору күші,

Н Р=(с1 Sv2) / 2; (14)

Ауырлық күші, H,

Gc=mg; (15)

Дән массасы тарапынан үйкеліс күші,

Н F=Pytg, (16)

Мұндағы с1 - өлшемсіз коэффициент, - ауа тығыздығы, кг/м3, S - ауа ағыны қозғалысы бағытына перпендикуляр жазықтыққа түскен дән проекцияларының ауданы, м2, v - ауа ағынының жылдамдығы, м/с, Ру - дән массасындағы остік қысым, Н, - дәндердің ішкі үйкеліс бұрышы, град. Дәндердің тесікке сорылу шарты келесі түрге ие болады

(½) с1 Sv2 mg + Pytg (17)

Жалпы түрде сору күші

Р=[(mg+Py) cos +(Pxcos +Pysin ) tg +Pntg 1] /tg 1, (18)

Мұндағы Рх - дәндердің бүйірлік қысымы, Н; Рn- инерциялық ортадан тепкіш күш, Н; 1-дәндердің дискіге үйкелу бұрышы, град. Пневматикалық сепкіш аппараттарды практика жүзінде есептеуде (19) . . . (24) өрнектерін қолданады. Сору күші тесік ауданыS0 жәнесиретілу Р арқылы өрнектеледі, яғни

P=k1 PS0 (19)

Мұнда k1- (жүгері дәндері үшінk1 =0, 55…. 1, 35) . P сиретілуді сору күші дән салмағынан ондаған есе артық болатындайетіп таңдайды. Жүгері дәндері үшін P/mg = 32, 0. Дискі тесігіндегі ауа ағынының жылдамдығы, м/с,

V= a / 2 Р, (20)

Мұнда a - тесік кедергісінің ( 0, 8 . . . 3 мм a = 0, 7 . . . 0, 72 диаметрлі тесіктер үшін) . Жалпы ауа шығыны, м3/с,

Qв=kпрvS0nN (21)

Мұнда kпр- сору коэффициенті; n - вакумм камерасындағы тесік саны; N - аппарат саны.

Диаметрі 3 ммтесіктер үшін дискі жылдамдығы 0, 41 . . . 0, 61/с болған уақытта kпр = 0, 75 . . . 0, 95 тең. Дискінің айналу жылдамдығы, м/с,

Vд=vм(d0+ l) /l1 (22)

Мұнда vм - машина жылдамдығы, м/с, d0 - сору тесігінің диаметрі, м, l - тесіктер арасындағы тұйықтағыш, м, l1 - қатардағы дәндер арақашықтығы, м. Диск диаметрі, м,

Dд=60vм(d0+ l) / nв l1 (23)

Тесік саны

Z= Dдkp/(d0+ l), (24)

Мұнда kp - дискідегі тесік қатарының саны (kp=1) . Сору тесігінің диаметрі былайша белгіленеді, м, D0 = (0, 6 . . . 0, 7) bС, Мұнда bс - дәннің орташа ені, м.

3. Ұялы-дискілі сепкіш аппарат. Ұялы дискілі құрылғы дәндердің ұяшықтарға түсуімен сипатталатын горизонталды айналу осі бар мөлшерлегіш. Дән формасына байланысты олардың жұмыс бетімен сырғанауын немесе тербеліп сырғанауын күтуге болады. Дәндердің ұяшықтарға түсуі кезінде олардың салыстырмалы орын ауыстыруын ескеру қажет, әйтпесе себу процесінің орындалуы мүмкін емес. Академик В. П. Горячкиннің ұсынуымен ұяшыққа қатысты дәннің қозғалу жылдамдығы, м/с, келесіше анықталады:

Uс=(L-rc) c rg 2/ (25)

Мұндағы L - ұяшық ұзындығы, м, гс-шар тәрізді деп алынған дән радиусы, м Дәннің ұяшықтарға түсуі келесі шарт бойынша

Uк (L-rc) c rg 2/ (26)

Мұндағы Uкк - ұяшыққа қатысты дәннің аумалы жылдамдығы, м/с.

Ұяшық диаметрі немесе ұзындығы сәйкесінше дән өлшемінен үлкен болуы керек. Ұяшықтардың бірқалыпты орналасуын ескере отырып олардың санын анықтауға болады

Zя=2 Rд/(L+l2) (27)

Мұндағы Rд -диск радиусы, м; l2 - ұяшықтар арасындағы тұйықтағыштар ұзындығы, м Ұялап отырғызуды қамтамасыз ету үшін ұяшықтар топтастырылады. Сонда

Zя=[2 Rд - Nr(Lr - l2) ] /(L+l2) (28)

Мұндағы Nr - ұяшық топ саны; lг -ұяшық топтары арақашықтығы, м. Ұяшықтардың түзулік өлшемдерін есептеу кезінде оған бір үлкен дән сиятындай, бірақ екі кішкентай дән симайтындай шартты ұстану керек.

L = bmax + k1 (29)

Мұндағы amin-дәннің ең кіші қалыңдығы, м. ; bmax - дәннің ең үлкен қалыңдығы, м; k1 - ұяшық қабырғасы мен дән арасындағы саңылау, м. Ұяшық тереңдігін hяанықтау үшін келесі шарт орындалуы керек.

2amin hя =amax + k2 (30)

Мұндағыk2-дискінің жоғарғы беті мен дән арасындағы саңылау, м. Жалпы жағдайда дән көлемі немесе орташа өлшемі ескерілуі тиіс: Мұндағы L, В и А - ұяшықтың ұзындығы, ені және биіктігі, м; li, bi, ai - дәнніңені мен қалыңдығы, м Ұялы дискілі аппараттың нақты жағдайда жұмысы кезінде дәнге ауырлық күші тg, вертикаль Fв және горизонталь Fr күш, қысым, үйкеліс күші Fr әсер етеді. Мұндай күштердің әсер етуі жағдайындаұяшықтың шетіне байланысты ауырлық күші ортасының 1 арақашықтығына орын ауыстыруынан кейін ғана дән түсе бастайды. Қызылша тектес дәндер үшін, м, 1 = (0, 35 . . . 0, 45) . Сонымен технологиялық процестің шарты сақталуы үшін:

u uc + (L - 1 - 2/2) g i / (31)

Мұндағы u - ұяшық ортасының жылдамдығы, м/с, uс - дәннің жылжу жылдамдығы, м/с Әрине, дәннің жылжу жылдамдығы дискінің айналу жылдамдығынан кем болады: uc u.

4. Қасықты-дискілі себу аппараты . Картоп сепкіш машиналар арасында көсіп алу принципімен жұмыс атқаратын қасықты дискілі аппараттар кең таралған. Мұндай аппарат шеңбер бойымен орналасқан диск түрінде орындалған қасықшалардан тұрады. Әрбір қасықша қысқышпен қамтамасыз етілген. Дискінің сыртқы бетінде одан кішкене қашықтықта доға тәрізді бағыттаушы жол (шина) . орналасқан. Дискі айналған кезде қысқыш рычаг бағыттаушы жолға түсіп, қысқышты қасықшадан алыстатады. Қасықша картоп қабатына еніп, одан түйінді қабады да картоп қабатынан шыққан кезде қысқыш оны қасықшаға қысады. Лақтыру аймағында қысқыш түйінді босатады да, ол түреннің қабылдау бөліміне түседі. Сонымен дискі бір айналғанда көсіп алғыш аппараттың үш фазадан тұратын жұмыс циклі аяқталадыз: қабат бойынша қозғалатын қасықшаның түйінді қабуы; түйінді қысқышпен бекітіп түреннің қабылдау бөліміне жеткізу; түйінді босату. Әрбір фазаның қалыпты орындалуына байланысты түйіндердің қатарларға бірқалыпты түсуі қамтамасыз етіледі.

Дискінің айналу жиілігін, мин -1, машина жылдамдығы VМ мен түйіндердің орналасу сұлбасына байланысты анықтайды, яғни

nд= 60νм mk /lkzn (33)

Мұндағы тк - ұяшықтағы түйін саны (қатарлап отырғызудатк= 1) ; /к - қатардағы ұяшықтардың (түйіндердің) арақашықтығы, м; zn - дискідегі қасықша саны. Сонда, м, lk=104/Mb (34) Мұндағы М - отырғызу нормасы, дана/га, b - қатар аралық шама, м. Дискінің шекті айналу жиілігі, мин -1 пр= 29…30 Түйнек беру жиілігі, дана/с,

V = nПРZП/60 (34)

Беріліс қатынасы. Мұндағы nд - дискінің айналу жиілігі, мин-1; nҚАБ- қуат алу білігінің айналу жиілігі, мин-1.

5. Сіңіргіш тобының күштік сараптамасы . Сіңіргіш отырғызылатын материалдың немесе себілуші дәннің қозғалысы аяқталады. Сондықтан да сіңіргіштің атқаратын қызметі белгілі бір тереңдіктегі атыз дайындап, оған түйнек немесе дән орналастырып топырақпен көмкеру. Сіңіргішке ауырлық күші, серіппенің тартылу күші, топырақ реакциясы және бірқалыпты әсер етуші барлық кедергілер әсер етеді. Дискілі сіңіргіш үшін бірқалыптылық сақталады егер де бірқалыпты әсер етуші күш аспа осі арқылы өтіп келесі шарт орындалса:

Rт=Сh + Fп = 0, (35)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық тұқымын себуде қолданылатын аппараттар
Мақтаның түкті шитін егіске жасанды қабықтандыру тәсілімен ұнтақ дайындау қондырғысын жобалау
Дәнді, дәнді –бұршақты дақылдар,т күріш және көкеніс егуге арналған машиналар көшет отырғызатын машианалар
Орман шаруашылығын механикаландыру
Астық тұқымдастар және тұқым себу мөлшерін анықтау
Мақта шиті тұқымын себуге арналған себу аппараты
Модульдік оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы
Аграрлық өндіріс
Телефон аппараттары туралы жалпы түсінік
Қант қызылшасын күтіп бағу мен жинауға арналған машиналар комплексі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz