Комбайндардың маңызы



Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе
1. Комбайндардың маңызы
2. СК-4 комбайны
3. СКД-5 С и б и р я к комбайны
4. Н и в а комбайндары
5. Колос комбайндары
6. Жаткалар
7. Ж и н а у ы ш т а р
8. Жинайтын машиналар үшін агротехникалық талаптар

Жинайтын машиналар

Кіріспе

1.Комбайндардың маңызы. Астық өндіруді үнемі көбейтіп, арттыра берудің біздің еліміз үшін аса зор маңызы бар. Астықты неғұрлым мол өндірсек, солғұрлым мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығының басқа да салалары жақсы өркендейді, жалпы халықтың әл-ауқаты шапшаң көтеріледі.
Астық шаруашылығындағы ең жауапты науқан оны жинап алу. Сайып келгенде өнім тағдырын осы шешеді. Жинауды уақытында және жылдам жүргізсе (10 -- 12 күн ішінде), онда өнімді түгелдей жинап алуға мүмкіндік болады. Кеш қалған жағдайда көп ысырап болуы сөзсіз. Ал, мұның өзі ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің сол астықты өсіруге жұмсалған орасан көп күші мен жабдықтары-ның текке кеткендігі деген сөз.Өнімді тез әрі ысырапсыз жинап алуға бола ма? Әрине болады. Комбайндардың дестелеуіш жаткалардың жинауыштардың және басқа да механизация жабдықтарының көмегімен астық өнімін толық және тез жинап алуға болады. Бұл көп жылдық тәжірибеде дәлелденген.
Егін жинау әдістері. Көп жылдық тәжірибенің нәтижесінде дәнді дақылдарды комбайнмен жинаудың төмендегідей екі әдісі анық-талды: тікелей комбайнмен жинау және бөлектеп жинау.
Тікелей жинау әдісі бойынша комбайн егістікпен бірінші рет жүріп өткенде-ақ жинау операцияларының барлығын бірден аяқтап шығады: ол бірден егінді орып, оны бастырады, дәнді тазартады және олардың қалдықтарын (сабан және топан) жинайды. Бұл әдіс өте тиімді, оны тек толық пісіп-жетілген, құрғақ және арам шөптерден таза астықты жинау үшін қолдануға болады
Комбайн болмаған кезде астықты қамырланып піскен кезде орып, баулап қоятын. Астық бауларда түрып кеуіп, құрғайтын, пісіп жетілетін. Осыдан кейін оларды стационарлық молотилкалармен бастыратын.
Жинау екі дүркін, бөлек-бөлек жүргізілетін, сондықтан ол бөлек жинау немесе екі фазалы жинау деп аталған.
Қамырланып піскен кезеңі мен толық пісіп жетілу уақыты әдетте 5 -- 8 күнге созылады, ал Орал мен Сибирьде бұл уақыт 8 -- 12 күнге созылады. Осы кезде астық жинау үшін комбайндарды пайдалануға бола ма? Бұл ой комбайнмен бөлектеп жинау технологиясын туғызды, ол төменде баяндалады. Астық қамырланып піскен уақытта дестелеуіш жаткамен орылып аңызда қалған биік ақ сабақ үстіне дестелеп салады. Астық дестеде жатып құрғайды, пісіп жетіледі. Осыдан кейін дестелер бойымен комбайн жіберіледі, ол дестелерді жинап бастырады.
Егінді тек ору үшін ғана пайдаланылатын жаткаларды, әдетте тікелей жинауға қолданылатын комбайн жаткасының орнына асып орнатады. Комбайн жаткасын кейде хедер деп атайды.
Сонымен қатар тракторға асып орнататын немесе оған тіркейтін дестелеуіш жаткалар да бар.

Дестелерден сабақты жинап алу үшін арнайы жасалған жи-науышты пайдаланады. Оны комбайн жаткасына асып орнатады.
Дақылдардың жағдайына және ауа райына байланысты кол-хоздар мен совхоздардың тәжірибесінде бұл екі әдістің екеуі де кеңінен пайдаланылады.
Комбайн паркінің құрамы. Соңғы жылдары СССР конструктор-лық және өнеркәсіп ұйымдары төмендегі аты аталған комбайн-дарды, дестелеуіш жаткаларды және жинауыштарды жасап шығарды.
2. СК-4 (өндірісте 1962 жылдан 1969 жылға дейін болды) және СК-4А (1969 жылдан 1973 жылға дейін шығарылды) комбайн-дарының өнімділігі тиісінше 3,70 және 4,37 кгс (комбайн өнімділігі дегеніміз оның молотилкасының бір секундта белгілі мөлшерде таза астықты бастырып шығару қабілеті, бұл кезде дән мен сабанның ара қатынасы 1 : 1,5 шамасындай болуы, ал бастыру кезіндегі молотилка ысырабы 1,5% шамасынан артпауы тиіс).
Жартылай шынжыр табанды СКПР-4 және шынжыр табанды СКГ-4 комбайндары (өндірісте 1962 жылдан бар), негізінде күріш жинауға арналған, олар топырағының ылғалы басым аудандарда да пайдаланылады. Олар СК-4 молотилкасының бір түрі болып табылады.

1-сурет. СК-4 тракторы

3. СКД-5 С и б и р я к (доңғалақты қос барабанды, дәнді дақылдарға арналған) және СКД-5Р С и б и р я к (шынжыр табанды, күрішке және дәнді дақылдарға арналған қос барабанды -- штифті және соққылауыш) комбайндарының өнімділігі -- 5 -- 5,5 кгс. Бұл комбайндар 1969 жылдан бері шығарылады.

2-сурет. СКД-5 С и б и р я к тракторы

4. Н и в а комбайндары төмендегі унификацияланған машиналар тобын құрайды: СК-5 тобының негізгі моделі (доңға-лақты астық оруға арналған, сыңар барабанды): СК-5-ІІ (доңға-лақты дәнді дақылдарға арналған, қос барабанды); СКГ-5 (шынжыр барабанды, қос барабанды, күріш және дәнді дақылдарға арналған; СКП-5 (сыңар барабанды, дәнді дақылдарға арналған, ауыстырмалы жартылай шынжыр табаны бар); СКП-5-П (қос барабанды, дәнді дақылдарға арналған, ауыстырмалы жартылай шынжыр табаны бар); СКК-5 (беткейлік, 20° көлбеу беткейлерден астық жинауға арналған). Бұл топтағы комбайндардың өнімділігі 5 -- 6 кгс 1973 жылдан бері өндірісте.

3-сурет. Н и в а комбайны
5. Колос комбайндары төмендегідей машиналар тобын құрайды (өз ара және Нива комбайндарымен унификацияланған): СК-6-ІІ негізгі моделі (доңғалайлы дәнді дақылдарға арналған, қос барабанды); СК-6 (доңғалақты дәнді дақылдарға арналған, сыңар барабанды); СКПР-6 (күрішке және дәнді дақылдарға арналған, ауыстырмалы жартылай шынжыр табаны бар және қос барабанды); НК-6 (сыңар барабанды, өздігігіен жүретін СШ-150 шассиге асылып орнатылады); СКГ-6 (шынжыр табанды, күрішке және дәнді дақылдарға арналған). Колос комбайндарының өнімділігі 6 -- 8 кгс 1971 жылдан бері өндірісте.

4-сурет. Колос комбайны

6. Жаткалар. Комбайн жаткаларының (хедерлерінің) бәрі бір түрде жасалған. Жаткалардың бір-бірінен айырмашылығы тек алым енінде (3,2; 4,1; 5; 6 және 7 м) ғана.
Дестелеуіш жаткалар хедерлерге қарағанда өз алдына жеке машина болып табылады және алым ені мен конструкциясы жө-нінен бір-бірінен едәуір айырмашылықтары бар.
Ауыл шаруашылығында ЖВН-6, ЖВН-10, ЖВН-6-12, ЖНС-6-12, ЖВ-15, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық жинайтын комбайндардың жұмысын ұйымдастыру
Комбайн
Астық ору технологиялық процестері және олардың ауа райы, климаттық жағдайларымен байланысы
Дәнді дақылдарды жинауға қойылатын агротехникалық талаптар
Топырақты қорғайтын топырақ өңдеу жүйесін анықтау
Майкененің халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі
Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру бағыттары
Топырақ өңдеу
Интерактивті оқыту технологиясының артықшылықтары
Машиналардың конструкциясы, жұмыс органдары мен көмекші бөліктері
Пәндер