Тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші мен оқушының өзара байланысы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласы Білім басқармасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші мен оқушының өзара байланысы
Пәні: Педагогика
Студент:
Курс: 4
Мамандық: 0105000-
"Бастауыш білім беру мұғалімі"
Топ:
Парақтардың саны:
Студенттің мәлімдемесі:
Мен ұсынылған жұмысты өзімнің жазғанымды, ал қолданылған дереккөздерінің нақтылығын растаймын.

Студенттің қолы: _____________
___ _________________жыл
Қорғау
Баға _____ (____________)
Қорғау уақыты: ____________
Ғылыми жетекші:
Алматы, 2018

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады.
Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы -- республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге арналған заң.
Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі. Бірақ, соңғы уақытта мектеп өмірінің демократияландыруына байланысты сынып жетекшісі қажет пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр. Алайда сынып жетекшісінің оқу - тәрбие жұмыстарындағы рөлі ерекше екендігі даусыз.
Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. XXI ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі- мектеп білімін жаңарту. Дегенмен, .жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпаққа зерделі білім берілу негізгі мақсат. Оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім
қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет. Дәстүрлі сабақ беру жүйесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру
мүмкін емес. Жобалау технологиясы оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескертетін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды дамытады.
Зерттеу мақсаты. Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету.
Зерттеу міндеті.
- Тәрбиеші - педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын объект - тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру.
- Ұжымды ұйымдастыру және дамыту - сынып жетекшісінің назарында болуы тиіс.
- Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
- Мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Зерттеу нысаны: Сынып жетекшінің тәрбие барысында оқушылармен және ата - аналармен жүргізілген жұмыс барысы.
Зерттеу пәні: Мектеп оқу процесіндегі ата-аналармен сынып жетекшінің жұмыс ерекшеліктері.

1. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшінің рөлі
1.1.Сынып жетекшінің қызметі, қоғамдағы алатын орны. Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысы ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол-сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардының демалысына қатысты мәселелері, алғашқыұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады. Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру. [25]Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді. Сынып жетекші жұмысының негізгі міндеттері қандай? 1.Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделеріне және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу. 2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру. 3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету. 4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым - қатынасын қамтамасыз етү. 5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланыстыпедагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу. 6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. 7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету. 8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету. 9.Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б. Сынып жетекшісінің қызметі. Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады. 1. Педагогикалық және әлеуметтік - гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір суре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқада мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани - адамгершілік және рухани - эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2.Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап - тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру.Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым - қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін - өзін басқаруды дамыту. 3. Оқушылардың жалпы әрекетін асқару. Оған: диагностикалық, мақсат қоюшылық (целеполагания), жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады. Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады. Ол, бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы жұмысының тоқталуымен байланысты болса, ал екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да кері әсерін тигізуде. Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі құрылымдық элементі - сынып. Мұнда танымдық іс-әрекеттер ұйымдастырлады, оқушылар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынас қалыптасады. Сынып жетекшісі іс -әрекетінің мазмұны оқушылардың белгілі бір тобындағы педагогикалық үрдістің жетекшісі ретіндегі қызметімен анықталады. Р.Х. Шакуров жасаған басқару тұжырымдамасына сәйкес үш деңгейлі функция бөліп көрсетілген. Бірінші деңгей педагогиканың және әлеуметтік гуманитарлық функциялары жатқызылады. Бұл функциялар оқушыларды әлеуметтік тұрғыдан дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған, балалардың өзекті жеке тұлғасың мәселелерін шешу, оларды өз беттерінше өмір сүруге даярлау бағытында көмек көрсетуге бағдарлаған. Олардың ішінде оқушыларды дамыту; балаларды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен әлеуметтік тұрғыдан қорғау, қойылған тәрбиелік міндеттерді орындау үшін барлық педагогтердің күшін біріктіру деп аталатын сынып жетекшісінің іс-әрекетінің негізігі мазмұнын анықтайтын үш түрге бөліп көрсету қажет. Ал оның баланы әлеуметтік тұрғыда қорғау функциясы шешуші болып табылады. Баланы әлеуметтік қорғау бойынша сынып жетекшісінің іс-әрекеті- тікелей орындаушы ғана емес, балаларға және олардың ата-аналарына әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет етуге көмектесетін үйлестіруші. Сынып жетекшісінің іс-әрекетіндегі әлеуметтік қорғауды кең және тар мағынада қарастырған орынды. Соңғысында бұл іс-әрекет ерекше қиын жағдайда қалған балаларды қорғауға бағытталады. Ондайларға басқаларға қарағанда шұғыл әлеуметтік қамқорлықты қажет ететін көп балалы отбасынан шыққан балалар, мүгедек балалар, жетім балалар, босқын балалар және т.б. жатады. Ал кең мағынада әлеуметтік қорғауды, әлеуметтік кепілдіктің объектісі ретінде шығу тегіне, ата-аналарының және жағдайларының болу-болмауына тәуелсіз барлық балалар алынады. Біраз балалардың әр түрлі категорияларына саралау ұстанымы қолданылатыны даусыз. Балаларды тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау мақсатында жету үшін сынып жетекшісі оқушылардың құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасауына қатысты жеке мәселелерді шешіп алуы тиіс( ұжымды құру, оны ұйымдастыру, белсенділігі, өзін-өзі басқарудың дамуы). Бұл міндеттерді оны ұйымдастыру деп аталатын екінші деңгейлі әлеуметтік-психологиялық қызметі анықтайды. Сынып жетекшілерінің оқушылармен атқаратын жұмыстарының түрлері. Олардың әр түрлі негіздемелер бойынша жіктеуге болады: Іс -әрекет бойынша - оқу, еңбек, спорт, көркем және т.б. -педагогтық ықпал ету тәсілі бойынша - тікелей және жанама; - өткізу мерзімі бойынша- қысқа ( бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін), ұзақ мерзімді ( бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін), дәстүрлі ( үнемі қайталанып отыратын); -дайындау мерзімі бойынша алдын - ала дайындықсыз оқушылармен өткізілетін жұмыс, даярлау жұмыстары, оқушылардың дайындығы ескерілетін жұмыс түрлері; - ұйымдастыру субъектілері бойынша - балаларды ұйымдастыруға педагогтер, ата-аналары және басқа ересек адамдар қатысады, балалар іс-әрекеті ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылады, бастама және оны жүзеге асыру балалар тарапынан болады, -нәтиже бойынша - түрлері, нәтижелері ақпаратық алмасу, жалпы шешім қабылдау, қоғамдық мағызды өнім болуы мүмкін; - қатысушылар саны бойынша- жеке (тәрбиеші- тәрбиеленуші), топтық (тәрбиеші-балалар тобы), көпшілік) тәрбиеші- бірнеше топтар, сыныптар). Жеке жұмыс түрі топтың ұжымдық тұрлерге әсер етеді және соңында олардың табыстылығын анықтайды. Бұған әңгімелесу, сырласу, ақыл кеңес пікір алмасу, тапсырманы бірігіп орындау, нақты бір жұмыста жеке көмек көрсету, мәселенің шешіммен бірлесе іздестіру жатады. Әрбір оқушымен өзара қарым-қатынастың жеке ету керек. Жеке жұмыс түрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктері мол. Жұмыстың топтық түріне іс кеңестеріне, шығармашылық топтарды, өзін-өзі басқару ұйымдарын, микроүйірмелерді жатқызуға болады. Бұл түрлерінде сынып жетекшілері өздерінің қатардағы қатысушы немесе ұйымдастырушы ретінде көрсетеді. Сынып жетекшінің топтық жұмысқа ықпалы балалардың арасындағы өзара ізгілікті қарым-қатынасты дайындауға бағытталады. Сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізілген жұмысының ұжымдық түрлеріне әр түрлі байқаулар, спектакльдер, концерттер, үгіт бригадаларының жұмыстары, саяхаттар, турлар, суреттер, спорттық жарыстарды т.б. жатқызуға болады. Оқушылардың жас ерекшеліктерніе сәйкес және басқа да жағдайларға байланысты сынып жетекшілері қатысушыларды алып жүруші, ұйымдастырушы, өзі жеке үлгі көрсететін қатардағы қатысушы, білімді адамдардың тәжірбиесін игеруде оқушыларға үлгі болатындай әрекеттермен ықпал ететін жаңа қатысушы, тиісті іс-әрекеттерді ұйымдастыруда кеңес беруші, көмекші сияқты ролдедерді атқаруы мүмкін. Жұмыс түрлерінің әр қилылығы және оларды жиі жаңарту қажеттілігі сынып жетекшілерінің алдына оларды таңдау мәселесін қояды. Педагогикалық әдебиеттерден сынып сағаттарын, байқауларды,т.б өткізудің әр түрлі сипаттамасымен табуға болады. Олардың идеялары мен жеке элементтері бір-біріне ауытырылуы мүмкін, әрбір нақты жағдайда белгілі бір жұмыс түрі қолданылады. Өйткені, әрбір баланың және әрбір балалар бірлестігінің өзіндік орны бар, соған сәйкес жұмыс түрлерінің мазмұны мен құрлысы бойынша өзіндік ерекшеліктері бар.
1.2.ҚР сынып жетекшісінің оқу тәрбие процесіндегі міндеттерімен жұмыс жүйесінің қалыптасуы. Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастырытын басты тұлға - мектептегі сынып жетекшісі. Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады.Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды. Дегенмен тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда болды. Олар ақсүйек және ауқатты отбасыларында бастапқы кезде ``күтушілер'' няньки, кейіннен "гувернанткалар" ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы "Университеттік мекеме Жарғысына" сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген. 1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда, оқушыларды таңдау мақсатында олардың жеке басын танып білу қажеттігі де баса көрсетілген. Дегенмен, орта оқу мекемелерінде балалармен тәрбиелеу ісін ұйымдастыру мәселесі оқытушылармен қатар, оқушыларды қадағалаушылар да ("надзиратели") жүктелген. Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау; оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін, мінез - құлықтарын белгілеу үшін күнделік жүргізу тапсырылады. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап оқуын қадағалауға да міндетті болды. Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы "Гимназиядағы сынып тәрбиешісі" жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты. Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болады: сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс - қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыныпта сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленушілердің мемлекеттік заңдарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеген көңіл аударылды. Бірақта, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары аз болды. XIX ғасыр аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың маңызды міндеті - оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысу; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орындату т.с.с. XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қыймылы үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне басталды. Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекші деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мұғалімдардің бәріне бірдей жүктелді. Оларды топ жетекшілері дап атады. Негізгі міндет - коммунистик идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиесіне көптеп көңіл бөлу. Оқушылардың бастауыш ұжымдарында жалпы мектептік өзін - өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына онша көңіл бөлінбеді. Мұғалімдердің қызметі оқушылар және олардың ата - аналары жайында мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т.с.с. болды. 1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымына басымдылық берілді. Дегенмен де бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады. 20 жылдардың ортасында оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайында болды. Ондағы себеп, бала ларды ұйымдастыру жұмыстарына қатысты тәжрибенің жетіспеушілігі, олардың мүмкіндігін артық бағалау және өзін - өзі басқару ұйымдарына жетекшілік ету, оқу - тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушылардың жеке басын және өмір жағдайын зерттеу, ата - аналарымен жұмыс істеу болды. 1930 жылдары отандық мектепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу процесіне сыныптық сабақ жүйесін енгізу, оқушылардың жеке - дара білімдерін жүйелі түрде есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т.б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді. 1934 жылы "Жалпы еңбек мектебінің " Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы, мектептердегі оқу - тәрбие процесін топтап оқыту тәртібіне көшіруі, сныптық сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік қызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды. Соған сәйкес сынып жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы ережемен сынып жетекшісінің қызметі де бекітілді. 1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа ереже қабылданды. Онда сынып жетекшілерін тағайындаудың жаңа тәтібі белгіленіп, олардың қызметі нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын жоспарлау және есеп беру формалары туралы нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны қалыптастыруға, ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық - саяси тәрбиесіне аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс істеу, оқушылардың "Оқушылар ережесін" үйренуі міндеттелді. Осыдан 1971 жылғы жаңа "Сынып жетекшісінің ережесіне" дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттеріне айрықша өзгеріс болмады. Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің" орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес "Сынып тәрбиешісі" деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауға оған мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеттігі басымдылық танытуда. Олардың негізінде ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр. Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде: -пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы; -сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;-сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім; -сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет). Осындай жүктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі, құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген. Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін - өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымына өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу. Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды. Әр бағытта сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі. 70-80 жылдардағы мектептің өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүни дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әрбір баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге, онда жағымды психологиялық жағдай туғызуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамытуға, әрбір жеке баланың өзін - өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай туғызуға, оқушылардың шынайы әлеуметтік өмірімен қарым - қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді. 1.3. Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері.
Диагностикалық қызметі сыныпта оқу - тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді. Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады. Тәрбие жұмысының баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады. Жоспарлау - бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және ұжымының оқу - тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың қызметі - педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тимділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау - мақсатқа жетудің бірден - бір негізгі жолы. Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В.А.Сухомлинский де ``тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші - сауатсыз күтушіге, педагогка - балгерлікке айналар еді'' - дейді. Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады. Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді. Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы - бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың іс - әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу - тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады. Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды. Сынып жетекшісі қызметінің үшінші деңгейі тәрбиелеу іс-әрекетін басқару субъектісінің өзінің іс-әрекетінің логикасынан шығатын талаптар бейнелейді. Бұл - диагностикалау, мақсат қою, жоспарлау, бақылау және түзету қызметтері қамтылатын басқару қызметі. Диагностикалық қызметін атқаруда сынып жетекшісі оқушылардын тәрбиелігіне бастапқы деңгейінен өзгеруін үнемі бақылайды. Ол баланың жеке тұлғасын және өзіндік қасиеттерін зерттеуге және талдауға, нәтижелердің тиімсіздігінің себептерін іздестіруге және тұтас педагогикалық үрдісті сипаттауға бағытталады. Мақсат қою қызметін оқушылармен тәрбиелеу іс-әректінің мақсатын бірігіп анықтау деп қарастыруға болады. Сынып жетекшісінің бұл үрдіске қатысу деңгейі оқушылардың жас ерекшелігіне және сынып ұжымының қалыптасу деңгейіне тәуелді. Мақсат қою логикасы сынып жетекшісінің іс-әрекетін жоспарлау барысында көрініс береді. Жоспарлау міндеті- педагогикалық іс-әрекетті реттеу педагогикалық үрдісте нәтижелердің жоспарға сәйкестігі және жүйелігі, басқарылуы және сабақтастығы сияқты талаптарды орындауын қамтамасыз ету. Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныпытан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, толықтыра түсуге лайықтап, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдық мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.
1.4.Сынып жетекшінің оқу - тәрбие процесіндегі басты қызметі
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол - оқушының жан - жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.
Оқушыға тікелей ықпал жасау:
-Оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасын танып білу;
-Тәрбие ықпалын алдын - ала болжау, жобалау;
-Жеке, дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;
-Тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу;
2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру:
-Оқушылар ұжымын қалыптастыру;
-Онда жағымды көңіл - күйді қалыптастыру;
-Оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;
-Оқушылардың өзін өзі басқаруын дамыту;
3. Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр - түрлі субьектілерге көмектесу, бақылау жасау:
-Отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;
-Мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету;
-Бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;
-Мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен ықпал жасау;

2.Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері.
2.1.Тәрбие процесінің маңызы.
Тәрбие процесінің тиімділігі қандай да бір техникалық жаңалықтарды, қандай да бір ерекше айла-әдістерді енгізу жолымен емес, дұрысында тәрбие процесінде халықтық, адамдық, гуманистік принциптерді күшейту жолымен көтеріледі. Оқытудан айырмасы тәрбиені жақсартуда шешуші роль жаңа ойлап табуларда емес, ал нақты халықтық негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші және ересек балалар, балалар мен педагогтар, ата-анадар мен педагогтар және т.б. өзара байланысында мейлінше қайта жаңартуда; адамдар арасындағы қарым-қатынастарда жалпы, балалар арасындағы жекелей алғанда сезгіштік, қайырымдылық, сергектік, ақ пейілділік, ізгілік ақуалын туғызуда.
Байланыстың жақындығы мен қарым-қатынастың тығыздығы тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың шешуші шарттары бола алады. Сезімді тәрбиелеу мәселесі қазіргі педагогика үшін ой-өрісті дамытуға қатысты проблемаларға қарағанда күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Шынайы халықтық негіздерді толығырақ енгізу бұл мәселені шешуде тірек қызметін атқара алады.
Оқушылардың танымдық әрекеті белсенділігін арттыратын және оқытудың тиімділігін жоғарлататын жаңаша әдістер мен тәсілдер неғұрлым мол оқыту неғұрлым технологияландырылған болса, адамдық пен адалдылықтың, қайырымдылық пен мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне соғұрлым көп көңіл бөлу талап етілуі, демек, этникалық, этикалық және психологиялық құбылыстар мен мәліметтерге назар аудару мен соғұрлым көбірек болуы заңдылығы оқыту мен тәрбиелеудің үйлесімді бірлігінің ерекше маңызды методикалық аспектісі болып шығады.
Тұлға қалыптастырудағы алға жылжулар қазіргі бүкіл ғылым және техникалық жетістіктерді оқыту процесінде тәрбиенің маңызды факторы ретінде барынша қолдау және халықтық пайдаланумен байланысты. Адамның әлеметтенуінде тәрбиенің халықтық дәстүрлері Қазақстан тәуелсіз алған қазіргі жағдайында қоғамдық жаңаруы мен демократиялануы ісіне қызмет етіп тиісті орнын алуы қажет.
Оқыту мен тәрбиелеу арасындағы үйлесімді сәйкестік жас ұрпақты қалыптастырып дамытуға жалпы халықтық назар аударумен және педагогикалық дәстүрлердегі бүкіл шынайы халықтықты қайта өркендетумен қамтамасыз етілмек. Қоғамдық рухани мәдениетте тәрбиелеудің таусылмас идеясы мен тәжірибесін сақтаушы халықтың педагогикалық зердесі жасампаздық роль ойнауға қабілетті.
2.2. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде балаға ықпал ете алады. Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. Екіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдарысын қалыптастырады. Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауді білмей жатса, негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан, бұл өзекті мәселеге айналуда.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы, істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір - біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірбиесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қояды делік, онда өзара қарым - қатынас тәжірбиесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірбиесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар бірі бәрі үшін деген қағиданың маңызын жете түсінеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әжістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы сенімі тұрғысында әрекет етуге мүмкіндік берсе екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған қосымша одан шығармашылық белсенділікті талап етеді.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым - қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата - аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатырсырылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған, балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжербиені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неқұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық, белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Сабақтын тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерінде көрсетілген:
Балалар өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін - өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе, көрсеткендей қиын балада өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерді өзгертеді. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш - қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.
Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
Балада әр түрлі көркем өнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.
Баланың дүниетанымының компонеттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік - жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез - құлық нормаларын меңгереді. Эмоциалық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Жоғарыда ааталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалімнің жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып өзгертілуі мүмкін. Демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше. Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды.
Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рөл атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез - құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым - қатынас мәдениетін т.б. үйретеді. Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың жеке - дара қабілетін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсеге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұраққа қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып оған жағдай туғызып, сонымен бірге оның қызығушылығын арттырады. Осында жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның мақсатын нақты анықтау қажет. Мысалы, мұғалім қонаққа барған жағдайда қандай мінез - құлық ережелерін сақтау қажеттілігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік. Ол үшін оның мақсатына баланың мінез - құлық ережесі туралы білімдерді кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие жұмысының білімділік қызметін атқарады. Яғни балада қонаққа барған жағдайда белгілі бір мінез - құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру: этикалық нормаларын сақтауға үйрету: мінез - құлық нормалары деген этикалық ұғымды қалыптастыру: сол сыныптағы балаларда кездестіріп қалатын мінез - құлық нормаларына қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған міндеттердің түрін белгілейді. Осы бағыттағы жұмыстың мақсат, міндеттері және қызметін анықтау жұмыстары оның мазмұны мен формасын таңдауға ықпал етеді.
Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірбиеге бейімделген адам баласы өмірінің әр түрлі саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда, өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым - қатынаста моральдық бейнесін бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады.
-Біріншіден, сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне әсерленуіне назар аударуды міндеттейді.
-Екіншіден, баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды көздейді.
-Үшіншіден, жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әр түрлі тәрбие жұмыстарын атқаруды өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машақтандыру.
-Төртіншіден, каммуникативтік біліктілігі мен дағдарысын тәрбиелеу.
-Бесіншіден, этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.
Тәрбие жұмысының формасы. Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егерде тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: тәрбие жұмысының формасы, тәрбие шаралары, тәрбие ісі т.б. Соған орай педагогикалық энциклопедия сөздігінде форма ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:
Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні.
Белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі.
Бір нәрсенің белгіленген үлгісі.
Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу.
Сірә, олардың әрқайсысының мағынасы тәрбие жұмысының формасы және тәрбие процесін ұйымдастыру формасы деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп - бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (зияттық, құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық, адамгершілік) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым - қатынастары ашық жарияланады.
Тәрбие жұмысының формасы оқушылардың нақты тәрбие әрекетін нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.
Тәрбие шарасы топтық (ұжымдық) әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актсі ретінде қарастырылады.
Тәрбие ісі ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субьектісі тұрғысынан қарастырылады - үлкендердің және тәрбиеленушілердің.
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық - бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес ормаларды шығармашылықпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан, оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді - белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым - қатынасты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушының өздігінен орындайтын және шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
«Көркем еңбек» пәнін 2- сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан айқындау
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін мұғалімнің белсендіру шарттары мен құралдары
Шет тілін оқытуда бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін арттыруда оқу-танымдық әрекетті жетілдіру
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер