Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінің тиімділігін арттырудың теориялық мәселелері


КІРІСПЕ
Республикамызда тиімді нарықтық экономика құру үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы оның бәсекелестік ортаның дамуын қамтамасыз ететін құрылым жасаушылық факторында: базарды тауарлар мен қызметтерге толтыру; халықтың қол өнерін қайта жаңғырту; тұтастай мемлекеттің және жергілікті өкімет органдарының экономикалық базасын күшейтуде; ауылдарды, шағын және орташа қалаларды дамытуда.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі болып, Қазақстан экономикасының стратегиялық міндеттері болып отандық, ғылыми жетістікке ие кәсіпорынды дамыту, өнімнің бәсеке қабілеттілігіне қол жеткізетін жаңа ақпараттық техналогияларды дамыту және Республиканың ғылыми-техникалық потенциал мен өндірістік потенциалын сақтай отырып экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық қозғалысы, шешім қабылдаудағы икемділігі, аймақтық жылдамдығы шағын кәсіпкерлікті қазіргі қоғамға қажет деп танытады. Біздің көз алдымызда қоғамның жаңа экономикалық негізі қаланып келе жатыр, ондағы әр бір қоғам мүшесі өзінің кәсібімен айналысып, өзін өзі жұмыспен қамтып және шексіз пайдаға кенелуге ұмтылады. Бұған қоғамның және шаруашылық қызметінің бостандығы сепеші болады.
Қазіргі кезде адамдардың көбі кәсіпорынды дамытушы тек кәсіпкерлік екендігін түсінді, ал ол өз кезегінде барлық қоғамның дамуына әкеліп соғады. Мемлекет кәсіпкерліктің есебінен гүлденеді, ал кәсіпкерлік өз мемлекетінің көмегіне мұқтаж.
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық қызметінің мазмұны бәсекелес ортаны дамыту, нарықты тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз ету болып табылады. Ал шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік қызметінің мазмұны халықтың жұмыспен қамтылу мәселесінің шешілуінде, кедейшілікті жеңуде, қоғамды демократизациялауда. Кәсіпкерлік қызметінің негізгі жағдайы ретінде бәсекелестік ортаны құру мен шаруашылық жүргізуші субъектінің экономикалық бостандықты қабылдауы танылады. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді.
Шағын кәсіпкерлік дамуы Қазақстандағы экономикалық түрленудің ең маңызды бағыттарының бірі болып келеді. Оның одан әрі дамуының тұжырымдамасы ортақ нарықтық алғышартттарды нарықтық инфрақұрылымды, дәлелдік механизмді, және мемлекеттің арнайы қолдау жүйесін жасауды қарастырады. Шағын кәсіпкерлік саласы - бұл көбіне экономикалық өсу қарқынын, жалпы ұлттық өнімнің қүрылымын және сапасын анықтайтын ұлттық экономиканың жетекші салаларының бірі.
Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігі - кәсіпорынның экономикалық қызметінің маңызды сипаттамасы. Ол кәсіпорынның бәсеке артықшылығын, іскерлік келісімдегі әлеуетін, қаржылық және өндірістік қатынастағы кәсіпорынның және оның экономикалық назарының қаншалықты кепілдіктендірілгенін өндірісі қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанын анықтайды. Бірақ кәсіпорынның қызметіне оның алға қойған мақсатына жетуіне бір ғана тиімділік дәрежесін нақты бағалау аз.
Шағын кәсіпкерлік - азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тәуекелді өзінің мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге асыралады, сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық түрін де жүргізеді.
Шағын кәсіпкердің мынадай құқықтары бар: мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемдену; шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу; келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан босату; еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу; шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру; жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау; бағалар мен тарифтерді белгілеу; таза пайданы пайдалану; сыртқы экономикалық қатынастарда болу.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына, бюджет тапшылығмен, жеке кәсіпорындардың төлеуге мүмкіндігі жоқтығымен, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуімен, оның төлеу мүмкіндік сұранысының қысқартылуымен және т. б. сипатталатын, экономиканың жалпы дағдарыстық жағдайы теріс әсер етеді.
Шағын кәсіпкерліктің өзектілігі, ол егер де мемлекетте жеке кәсіпкерлік немесе кәсіпкерліктің басқада түрі қарқынды дамитын болса, онда ол мемлекетке экономика жағынан өте жағымды болады. Сонымен қатар халықтың әл-ауқатымен жұмыспен қамтылуына жақсы әсер етеді. Сондықтан қазіргі кезде жеке кәсіпкерлік өзекті сұрақ болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: нарық жағдайында өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің экономикадағы белсенділігі мен тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму қарқынын зерттеу, шағын кәсіпкерлік қызметінің тиімділігіне кедергі болатын мәселелерді анықтау, және сол мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды енгізу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінің тиімділігін арттырудың теориялық мәселелері қарастыру;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және қызмет ету тиімділігін, шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторларды талдау;
- шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы алатын орны мен рөлін саралау;
- ЖК «Волков Д. Н. » экономикалық сипатын, қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау;
- ЖК «Волков Д. Н. » қызметінің тиімділігін арттыру жолдарын анықтау;
- ЖК «Волков Д. Н. » азық-түлік өнімдерінің ассортиментін талдау.
Зерттеу жұмысының объектісі: ЖК «Волков Д. Н. » өнімдерінің спектрі
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер: зерттеу жұмысын дайындау барысында экономика-статистикалық, салыстырмалы талдау, болжамдай мен бағдарлау әдістері кеңінен қолданылды, сонымен қатар жеке бақылау мәліметтері де негізге алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі: тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірнеше авторлық ғылыми жұмыстар: М. К. Баймырзаева, Ж. А. Утебаева. З. Н. Борбасова, С. Н. Улаков, Ә. Ә. Әбiшев және т. б. баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар, сонымен қатар интернет желілеріндегі берілген мәліметтер қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс үш тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінің тиімділігін арттырудың теориялық мәселелері
1. 1 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және қызмет ету тиімділігі
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне баға беру оның тиімділігінің соңғы нәтижелері арқылы жүзеге асырылады. Тар мағынада тиімділік «әсер беретін, қажет нәтижеге қол жеткізетін, жүзеге асыратын» дегенді білдіреді.
«Шағын кәсіпкерлік - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жаңа саты, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, өзін - өзі ұйымдастыру процесі».
Шағын кәсіпкерлік - есеп беру жылы жұмыскерлердің (қосымша істеушілерсіз) тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын, өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілгензаңды тұлғалар.
«Шағын кәсіпкерлік» кәсіпорындары - мына критерилерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар) :
- жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адамға дейін;
- активтердің жылдық орташа жалпы құны 6 есе есептік көрсеткіштен аспайтын;
- Мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар:
- толық серіктестік;
- сенім серіктестігі;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
- қосымша жауапкершілікті серіктестік;
- өндірістік кооператив.
Шағын кәсіпкерліктің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған шаруашылық субьектілері бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға мыналар жатады:
- белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған;
- жаңа, яғни таяуда ғана тіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті бастамаған;
- уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар.
Анықтаманың өзінде айтылғандай, шағын кәсіпкерлік - бұл нарықтық экономика субъектілерінің белгілі бір анықталған критерийлер, көрсеткіштер және заңдар негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі. [1]
Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігі қызмет етудің барлық сатысындағы маңызды сапа белгісі болып табылады. Қызмет ету тиімділігі өндіріс потенциалын қолдану дәрежесін көрсетеді, ал бұл қоғамдық өндірістегі нәтижелер мен шығын арасындағы қатынасты анықтайды. Шығын өзгермей-ақ нәтиже жоғарылаған сайын, бір-бірлік шығынға қарағанда нәтиже жылдам өскен сайын немесе аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі. Еңбек өнімділігінің көлемі өндірістегі экономикалық тиімділікті жалпылайтын критерий болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық тиімділігінің негізі - оған қол жеткізу үшін жұмсалған шығын мен нәтиженің өзара салыстырылуында, осылайша тиімділік әсер дәрежесін көрсетеді.
Әр түрлі ғалым-экономистер шағын кәсіпкерліктің тиімділігін арттыруға, оның маңызын ашуға қатысты өздерінің анықтамаларын ұсынады.
К. Решетинскийдің пікірінше, тиімділік белгілі бір қатынасты білдіреді және соңғы нәтижеге қандай көлемде шығын жұмсау арқылы қол жеткізілгенін көрсетеді.
Тиімділік бұл - пайдалы әсер мен оған жету үшін жұмсалған шығын арасындағы өзара қатынас. Бірақ шығынның мақсаттылығын көрсететін нәтиже арасындағы белгілі бір ара қатынас болып табылады.
Кесте 1 - Шағын кәсіпкерлік тиімділігінің түрлері
Қызмет ету тәжірибесінде экономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық мақсаттар бір-бірімен тығыз байланысты және тәуелді. Әдеттегідей экономикалық тиімділікке жетуге бағытталған шешім әлеуметтік те, техникалық та, экологиялық мақсаттарға да қатысты. [2]
Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын экономикалық тәуелсіз тауар өндіруші бола отырып, мемлекет бекіткен салық салымдары мен әлеуметтік шектеулер көлемінде өндірістік дамудың тиімділігіне баға берудің кез-келген түрін қолдануға құқылы. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтау, оның сандық және сапалық бағалауын талап етеді, яғни қызмет ету тиімділігінің критериі мен көрсеткіштерін анықтау.
Жоғарыда айтылған экономикалық әсер натуралды және құнды көрсеткішпен көрсетіледі, олар кәсіпорын қызметінің соңғы және аралық нәтижелерін анықтайды.
Осындай көрсеткіштерге мысалы: жалпы өнім, тауарлы өнім, өткізілген өнім, өндірістік ресурстардың әртүрлі элементтерін үнемдеу, өнімнің өзіндік құнын төмендетуден жалпы үнем жатқызылады.
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық қызметін талдау нәтижелері болашақта даму жоспарының шешімін жасау үшін негіз түрінде қолданылады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның арнайы және басқа да қорларының қор құраушылары болып табылады.
Қызмет етуге баға берген кезде тек қана экономикалық емес, әлеуметтік нәтижелерін де ескеру қажет.
Шағын кәсіпкерлікте экономикалық қызметтің тиімділігі «тиімділік» категориясының баға беру мүмкіндігін одан да дәлірек көрсетеді. Ол әрдайым нәтиже құндылықтарымен шығын құндылықтарының қатынасымен байланысты және де баға берудің өзгерісімен өзгере алады.
Экономикалық қызмет ету тиімділігі өндірістік потенциалдың пайдалану дәрежесін көрсетеді, бұл нәтиженің өндірістік шығынға қатынасы арқылы анықталады. Сол шығынмен нәтиже жоғарылаған сайын қажетті еңбегін 1 теңгеге жұмсаған шығынның есебінен тез өскен сайын немесе пайдалы нәтиженің бір бірлігіне шығын аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі. [3]
Қызмет ету тиімділігі - тауар өндіру мақсатында ресурстарды бөлу және қайта өңдеу бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті мына коэффициент бойынша өлшеуге болады - шығудағы ресурстарға кірудегі немесе өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы болып табылады.
Экономикалық қызмет тиімділігін жоғарылату мәселесі келесі: әрбір еңбек, материал, қаржы ресурстарының бірлігне өнім өндіру көлемінің едәуір өсуін жүзеге асыру. Бұл нәтижеде еңбек өнімділігінің жоғарылауын көрсетеді, яғни қызмет ету тиімділігін жоғарылатудың критериі болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін жоғарылату қажеттілігі мен мүмкіндігі үнемі әсер ететін факторлармен және Қазақстанның экономикалық даму кезеңінің қазіргі заманғы ерекшелігімен ескертіледі. Жалпы тиімділік мәселесі жаңа емес, ол материалдық өндіріс кезеңінің интерпретациясынан бері бар және белгілі бір өндіріс түрінің өндірістік қатынастарын көрсетеді. Нарық қатынастарының қалыптасу жағдайында бір нарық субъектісі жұмысының нәтижесі, басқа субъектілер жұмысының нақтылығына және жинақтылығына байланысты, мұндағы тиімділік мәселесі анықтаушы болады.
Өндірісті басқару жүйесінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін объективті анықтай алу үлкен мағынаға ие.
Өнеркәсіпте шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін өлшеудің бастапқы принциптері қоғамдық формациялардың барлығына бірдей. Әрине айырмашылықтар да бар, олар жермен, уақытпен және бағалау әдісін тәжірибесі нақты белгілеумен, ең соңында экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ экономиканы басқаруды ұйымдастырумен анықталады.
Нарықтық экономиканың және кәсіпкерліктің негізгі табысы болып табылатындықтан, экономикалық тиімділіктің алғашқы критериі негізінді шығын мен ресурстың бірлігіне өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапалылығымен сақтай отырып, олардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып табысты максималдау алға қойылған.
Кәсiпкерлiк дегенiмiз - белгiлi бiр iстi iстей бiлу. Іс iстеу - адамның iскерлiгi, белсендiлiгi. Кәсiпкерлiк деген ұғым өмiрде экономикалық белсендiлiкке колданылады, адамның жан-жакты белсендiлiгiн талап етедi. Кәсiпкерлiктiң ерекшелiктерi - дербестiк және тәуелсiздiк, экономикалық ынталалык, шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершiлiк, жаңашылдық.
Сурет 1 - Кәсіпкерліктің атқаратын міндеті мен меншіктүрінеқарай бөлінуі
Бүгiнде Қазақстандағы экономикалық өзгерiстер құқық саласындағы қайта құрылымдауды басып озуда. Мұндай жағдай шағын кәсiпкерлiк саласында да қалыптасқан. Мысалы, қолданыстағы құқық жүйесiнде "де юре" әрекет етуiн жалғастырып жатыр, кейiн қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерге қайшы келетiн, қайшылықтар туғызатын не құқықтық мәнiн жоғалтып, ескiрген кiшi заңи кесiмдер бар. Жоғарыда аталғандар, уәкiлеттi органдар тарапынан өздерiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және басқа да мемлекеттiк органдардың олардың бастамасы бойынша қабылданған кесiмдерiне тұрақты мониторинг жүргiзбегендiктен. Бір жағынан қолданыстағы заңнаманың қолданыстағы заңнама жүйесiнен заңсыз кесiмдердi "болдырмауды" қамтамасыз ететiн тетiктерi жоқ. [4]
Шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдау қажеттiгiн негіздеу кезiнде орындылығын жан-жақты талдау және шағын және орта кәсiпкерлiктiң жекелеген проблемаларын мемлекеттiк реттеудiң одан әрі тиiмдiлігі жүзеге асырылмайды.
Бұдан басқа, қазiргi уақытта нормативтiк құқықтық кесiмдер әрекетiнiң одан әрi нәтижелiлiгiн қадағалап отыру тетiгi мүлдем дерлiк жоқ, мұндай нәтижелiлiктiң көрсеткiштерi мен өлшемдерi айқындалмаған.
Сурет 2 - Кәсiпкерлiктiң ұйымдық-экономикалық нысандары
Кәсiпкерлiктiң ұйымдық-құқықтық формалары коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық ұйымдарды келесі түрде бөліп қарастыруға болады.
- Жекелік
- Ұжымдық
- Корпоративтi
Жекелiк кәсiпкерлiк немесе жеке кәсіпкерлік заңды тұлға құрмастан қызметін жүзеге асыра алады. Кәсiпкер капиталы өзiнiң жеке меншiгiнен алынады және тәуекелдiлiк бара отырып табыс табуға ұмтылады.
Ұжымдық кәсiпкерлiктiң түрлерi: шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар.
Корпоративті кәсіпкерлікке ассоциациялар мен бiрлестiктер, концерндер, холдингтер жатқызылады.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп аталады. Еліміздің заңнамаларына сәйкес шаруашылық серіктестіктер толық, сенім, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп бөлінеді.
Қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп аталады.
Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкімен жауап беретін қатысушыларды және кәсiпкерлiк кызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын, өздерінің қосқан салымдары шегінде тәуекел ететін салымшылары бар серіктестік сенiм серiктестiгi деп аталады. [5]
Бiр немесе бiрнеше адам құрған жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады. Қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға қосқан салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен, енгізген салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша жауап беретiн серіктестік қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп аталады.
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам деп аталады.
Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға және мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп аталады.
Әкiмшiлiк кедергiлер жеткiлiктi кездесетiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тыныс тiршiлiгiн үш кезеңге бөлуге болады;
- тiркеу және қайта тiркеу;
- әрекет етуi және дамуы;
- тарату.
Жоғарыда аталған әрбiр кезеңде шағын және орта кәсiпкерлiктiң икемдiлiгiне, белсендiлiгiне және ұтқырлығына әсер ететiн көптеген проблемалар кездеседi, нәтижесiнде олардың дамуын тежейдi.
Тiркеу, қайта тiркеу және тарату кезеңдерiнде. 216 заңнамалық кесiмдердi қамтитын рұқсат ету жүйесiнiң қолданыстағы заңнамалық базаны ерекше айта кету керек және бизнес жүргiзу жөнiндегi жоғары шегерiмдердiң себебi болып табылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тiркеу және қайта тiркеу рәсiмдерi әр жерде орналасқан, түрлi ұйымдар беретiн көптеген құжаттарды қажет етедi. Рыноктiң конъюнктурасына байланыстығын ескере отырып, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерi қызмет түрлерiн үнемi өзгертiп отырады. Бұл, құрылтай құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге және тiркеушi органға хабарлауға, сондай-ақ рұқсаттардың көптеген түрлерiн алуға әкелiп соғады. [6]
Көптеген елдерде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілері қызметiн қолдау үшiн "бip терезе" қағидаты бойынша тiркеу мен қайта тiркеуге жағдай жасалған. Мысалы, 2, 4 млн. шағын және орта бизнес субъектілері бар Францияда тiркеу процесі 24 сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар "бip терезе" қағидаты бойынша 10 күн iшiнде тiркеледi. Бүгінде Қазақстанда бизнес - қоғамдастық құптаған осындай жүйе енгiзiлдi.
Әрекет етуi мен даму кезеңiнде. Кәсiпкерлердiң қызметiнде көпшiлiк жағдайларда негізiнен әкiмшілiк бұзушылықтар орасан көп бақылау-қадағалау функцияларға ие мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерулердiң нәтижесiнде анықталады. Мұнда:
тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерiн реттейтiн құқықтық нормалар әртүрлi нормативтік құқықтық кесiмдерде және бұл мәселе бойынша бiрыңғай заңнамалық кесiм жоқ;
заңнамалық кесiмдерде (Салық, Әкiмшiлiк кодекстерде, кейбiр мемлекеттiк органдардың мәртебесiн айқындайтын заңдарда және т. б) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерін тексеруге ерекше ұстанымдар көзделмеген және сондықтан да мемлекеттік органдардың кәсiпкерлерге қатынасы олардың қызметiнiң ауқымына қарамастан бiрдей;
тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерi бойынша рәсiмдердiң нақты бiрыңғай сипаты мен бiрыңғай глоссарилерi жоқ. Әртүрлi мемлекеттiк органдар тексерулердiң түрлi сыныптамасын (рейдтiк, кешендi, қарама-қарсы, жоспарлы, жоспардан тыс, хронометражды, ағымдағы және т. б) қолданады;
бақылау-қадағалау органдары жұмысының тиiмдiлігін бағалаудың қазiргі практикасы анықталған бұзушылықтар мен салынған айыппұлдардың санына байланысты;
кәсiпкерлiк субъектiлердiң қызметiнде төтенше жағдай туындағанда (ғимараттың құлауы, жаппай улану, кiсi өлiмi және т. б) аталған объектiге тексеру жүргізген лауазымды тұлғаның жауапкершілігі бiр мезетте қаралмайды.
Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстiң жекелеген ережелерi шағын және орта кәсiпкерлiктiң тұрақты дамуына кедергi келтiредi.
Атап айтқанда, салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұлдарды қоспағанда, әкiмшiлiк айыппұлдардың еселенген мөлшерi шағын кәсiпкерлiк үшiн де және iрi бизнес үшiн де бiрдей белгіленген.
Лауазымды тұлғаның барынша аз және барынша көп мөлшерде (5-тен 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн) белгіленген айыппұлдың сомасын өз қалауы бойынша таңдау мүмкіндігі әрбір құқық бұзушыға қатысты жемқорлықтың туындауына әкеліп соғады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz