Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Оқу әдістемелік кешенінің ПОӘК 042-18-22-1.11503-2013
құжаты 3 деңгейлі
ПОӘК "Ботаника" пәні 1 басылым
бойынша

5В060700 – Биология" мамандығына арналған

"Ботаника"

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ

СЕМЕЙ – 2013

Мазмұны

1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

1. Глоссарий
Андроцей - бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы.
Апомиксис – ұрықтың ұрықтану процесінсіз пайда болуы.
Амилопластар – крахмал жинайтын лейкопластар.
Гифалар – саңырауқұлақтардың денесін түзетін жіңішке жіп тәрізді жасушалар.
Геотропизм - өсімдік органдарының кеңістікте белгілі бір бағытта өсуге
қабілеттілігі.
Гетерофилия - өсімдікте әртүрлі жапырақтылық.
Гинецей – бір гүлдегі аналықтардың жиынтығы.
Гаметофит - өсімдіктің жынысты ұрпағы.
Калеоптилия - өсімдіктің сыртқы ұрықтық жапырақшасы.
Клон – жыныссыз өсіп даму арқылы бір ортақ тектен тараған жасушалар немесе
ұрпақтар.
Микроспорофилл – жапырақтың өзгерген түрі, онда микроспорангилер түзіледі.
Мегаспорофилл – құрылысы жапырақ тәрізді орган, онда тұқым бүршіктері
жетіледі.
Плазмодесмалар – жасушаның қабықшалары арқылы өтетін және екі жақын жатқан
жасушаларды жалғастырып тұратын цитоплазманың жіңішке жіпшелері.
Паренхималы жасушалар – ұзындығы енімен бірдей жасушалар.
Прозенхималы жасушалар – ұзындығы енінен бірнеше есе артық жасушалар.
Партеногенез – еркектің гаметасынсыз ұрғашының гаметасынан организмнің
дамып өсуі.
Полиплоидия – гаплоидтық жиынтықпен салыстырғанда хромосомалар санының
өсуі.
Субмикроскопиялық – Жасуша компаненттерінің электронды микроскоппен
қарағанда, басқаша айтқанда он және жүз есе үлкейткенде ғана көрінетін жұқа
құрылысы.
Спорофит - өсімдіктің жыныссыз ұрпағы.
СеДәріс – мал тұқымын, өсімдіктер сорттарын микроорганизмдердің,
бактериялардың және вирустардың расаларын өзгертетін ғылымның саласы.
Таллом – төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесі.
Телу – бір өсімдіктен ойып алған бүршіктің немесе сол өсімдіктің сабағынан
дайындалған қалемшенің екінші өсімдіктің сабағымен жымдасып бірігіп кетуі.
Тіршілік формалары – белгілі бір экологиялық жағдайдың әсерінен
қалыптасұан, өсімдіктің сыртқы формасы.
арқылы дамуы.

2. Дәрістер
Тақырып 1. " Ботаника курсына кіріспе.
1. Ботаника пәнінің мақсаты мен міндеті.
2. Ботаника ғылымының даму тарихы.
3. Ботаниканың бөлімдері.
4. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі
маңызы.
Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ғылым ретінде шамамен 2300 жылдай бұрын
қалыптасқан. Негізін салған грек философы Аристотель. Қазіргі уақытта
ботаника үлкен көп салалы ғылым болып отыр. Ботаника жалпы биология
ғылымының негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Ботаниканың бөлімдері:
Өсімдіктер морфологиясы- өсімдіктердің және олардың жекелеген
органдарының пайда болуын, сырқы құрылысын зерттейді. Өсімідктердің өсуі
мен дамуын биологилық тәсілмен бақылап отыру , толығымен өсімдіктер
морфологиясына негізделген. Өсімдіктер анатомиясы- өсімдіктердің ішкі
құрылысын, гистология –ұлпалардың қалыптасуын, эмбриология- ұрықтың
дамуының заңдылықтарын, органография- өсімдіктердің органдарының құрылысын,
палинология- тозаңдар мен споралардың морфологиясын зерттейді. Ботаника
басқа фундаментальды ғылымдармен : агрономия, топырақтану, орман
шаруашылығы, геология, химия, зоология, өсімдіктердің физиологиясы,
өсімдіктердің биохимиясымен өте тығыз байланысты. Флорография- түрлерді
танып сипаттап жазуды зерттейді. Флорографтар сипаттап жазған түрлерді
систематиктер олардың туыстық жақындығын көрсететін, ұқсастық белгіліріне
қарай топтарға бөледі. Өсімдіктердің географиясы – ботаникаоың ең үлкен
бөлімдерінің бірі, оның негізгі міндеттеріне өсімдіктердің және олардың
судағы қауымдастықтарының таралуы мен белгілі кеңістікте қаншалықты
жиілікте кездесетіндігінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.
Өсімдіктер экологиясы - өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен тікелей
байланысты климатқа, топыраққа, рельефке, және т.б.. Экологияның
міндеттеріне- өсімдіктердің құрылысы мен тіршілігін қоршаған ортамен
байланыстыра отырып зерттеу жатады. Өсімдіктер физиологиясы- өсімдіктердің
тіршілік процесстерін , негізінен олардың зат алмасуын, қозғалуын, өсуін,
даму ырықтылығын зерттейтін ғылым. Палеоботаника-бұрынғы геологиялық
кезеңдерде жойылып кеткен өсімдіктер туралы ғылым.
Біздің планетамыздағы континенттер 150 млн.км.кв. жерді алып жатады,
олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Тіптен климаты ең қатал
шөлдердің өзінде өсімдіктердің тіршілігі тоқтап қалмайды.тек полюстердің
мұз басқан кеңістіктері мен таулардың ең биік шыңдарында ғана өсімідік
болмайды.
Теңіздер мен мұхиттар жер бетінің шамамен 360 млн.км.кв.-дей кеңістігін
алып жатады. Бұл жерлерде су өсімдіктері (негізінен бладырлар) көптеп
кездеседі.
Олардың біреулері, микроскопиялық ұсақ болып келеді және судың бет
жағында жүзіп жүретін планктонды құрайды, ал екіншілері су астында
субстратқа бекініп шалғын түзетін – бентос болып табылады.
Олардың кейбіреулері ересен үлкен болып келеді және 100м ұзындыққа дейін
жетеді, кейде тіптен одан да асып кетеді.
Өсімдіктердің басым көпшілігінің түсі жасыл болады, ол бұлардың
клеткалардындағы хлоропластар деп аталынатын ерекше органеллаларында немесе
органоидтарында жиналатын жасыл пигмент хлорофиллге тікелей байланысты
болады. Хлорофиллдің ерекше қасиеті сол, ол күн сәлесінің электромагниттік
энергиясын тасымалдаудағы күрделі процесстерге қатысады. Яғни өсімдік
хлорофилл пигменттерінің көмегімен күн сәулесінің электромагниттік
энергиясын пайдалана отырып ауадан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді
де, судың қатысуымен органикалық заттардың химиялық энергиясын түзеді
(фотосинтез).
Фотосинтез процессінің барысында ораникалық заттардың түзілуімен қатар,
ауаға оттегі бөлініп шығады. оымен біздер тыныс аламыз.
Атап өткен жөн фотосинтез процессі аса үлкен көлемде жүзеге асады,
өйткені бір өсімдіктің жапырақ тақталарының алып тұратын ауданы, осы
өсімдіктің алып тұрған жер көлемінен бірнеше есе артық олады, ал бір
жапырақтың хлоропласттарының алып тұратын ауданы осы жапырақтың алып
тұратын ауданынан 10 есе артық болады, ал хлоропласт мембраналарының алып
жататын ауданы, осы өсімдіктің фотосинтез процессі жүретін жалпы ауданын
тағы да 100 есеге арттырады. өсімдіктер түзген көп қабатты жасыл экранның
алып тұрған ауданы біздің планетамыздың жер көлемінен бірнеше есе артық
болады.
К.А.Тимирязевтің берген анықтамасы бойынша, хлорофилл дәні әлемдік
кеңістегі күн сәулесінің химиялық энергияға ауасып, жер бетіндегі барлық
тіршіліктің көзіне айналатын орталығы болып табылады.
Аса көрнекті прогрессивтік көзқарасиағы физиктердің бірі Ф.Жолио-Кюри
мынадай қызық ой айтқан: мен атом энергиясының болашағына сенемін және осы
жаңалықтың маңыздылығына күмән келтірмеймін, бірақ та менің ойымша
энергетика саласында нағыз өзгеріс, тек сол жағдайда ғана болады, егерде
біздер хлорофилл секілді немесе сапалығы одан да жоғары болып келетін
молекулалардың көп мөлшерде тұрақты түрде синтезделуіне қол жеткізер
болсақ. Оған қол жеткізу үшін молекуланың осы типін және фотосинтездің іс-
әрекетін жан-жақты зерттеу керек.
Осы сөзден кейін бірнеше жыл өткен соң бір мезгілде екі лабораторияда
(ГФР және АҚШ) хлорофил жасанды жолмен синтезделді. Бірақ та ғылымның
осындай даусыз қомақты жетістігінің маңызын асыра бағалаудың қажеттігі
шамалы. Өйткені өсімдіксіз фотосинтез процесін іске асыру мүмкін емес.
Фотосинтездің құпия сыры әлі күнге дейін толық ашылмай келеді.
Өсімдіктердің атқарып отырған жұмыстарының көлемінің қаншалықты екендігін
дәл анықтау қиын, тіптен мүмкін де емес.
Шамамен есептегенде, өсімдіктер фотосинтез процесінің нәтижесінде жыл
сайын 400 млрд.т. органикалық заттар түзеді және сол үшін олар 175 млрд.т.
көміртегін пайдаланады.
Сонымен, эволюцияның барысында жер бетіндегі тіршілік осыдан
миллиондаған жылдар бұрын пайда болған, ал өсімдіктер болса
хлорофиллдерінің болуына байланысты органикалық емес заттардан,
органикалық заттарды синтездеуге қабілетті жалғыз организм ретінде
дараланған.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1 . Ботаниканың дамуына Қазақстанның қандай ғалымдары үлес қосты.

2. Өсімдіктердің табиғаттағы ролі.

Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.

Тақырып 2.3. "Өсімдік жасушасы."
1. 1.Цитологияның тарихы жөнінде қысқаша деректер.
2. 2. Өсімдік жасушасына сипаттама.
3. 3. Өсімдік жасушасының құрылысы мен қызметтері.
Жасушаны зерттейтін ғылым –цитология . Алғаш рет жасушаны Р. Гук көрген.
1831 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун ядроны , ал 1839 жылы Чехия биологы Ян
Пуркинье цитоплазманы ашты. Неміс ғалымдары Шлейден мен Шван 1838 –1839
ж.ж жасуша теориясын ашты. Бұл теорияның мәні мынада: Жасуша барлық тірі
организмдердің негізгі қарапайым құрылымдық бірлігі. Жасушаның пішіні мен
мөлшері алуан түрлі болып келеді. Паренхималық жасушалардың ұзындығы енімен
бірдей, ал прозенхималық жасушалардың ұзындығы енінен бірнеше есе артық.
Жасушаны зерттеуде қолданылып жүрген тәсілдер алуан түрлі. Олардың
негізгілерінің бірі микроскопиялық тәсіл. Бұл тәсілмен жұмыс істеуде
оптикалық микроскоп үлкен роль атқарады. Оның қазіргі кездегі модельдері
обьектіні 2 мың есеге дейін үлкейтіп көрсетеді. Электронды микроскоп
обьектіні 200-300 мың есе үлкейтіп көрсете алады. Цитологиялық тәсіл-
жасушадағы әртүрлі заттардың: белоктардың, майлардың, көмірсулардың,
нуклейн қышқылдардың, дәрумендердің болуын және олардың жасушадағы
мөлшерінің қаншалықты екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Жасушаның
тығыздығы әртүрлі болып келетін компаненттерін центрифугирования тәсілі
арқылы бір-бірімен қоспай бөлек зерттеуге болады. Өсімдік жасушасы
қабықшадан, протопласт және вакульден тұрады.Өсімдік жасушасының жануар
жасушасынан айырмашылығы олардың жақсы жетілген қатты қабықшасы болады.
Клетка қабықшасы өсімдікке мықтылық беретін оның қаңқасын береді.
Протопласт құрамында мембранасыз, мембраналы, қос мембраналы органоидтар
болады. Олар: ядро, митохондрия, пластид, рибосома, эндоплазмалық тор,
гольджи апараты, лизосома, вакуль. Цитоплазма үш мембранадан тұрады.
Плазмаллема цитоплазманы жасуша қабықшасынан бөліп тұратын мембрана.
Тонопласт цитоплазманы вакуольден бөліп тұрады. Екі мембрана арасында
мезоплазма болады. Эндоплазмалық тор каналдар мен цистерналардан тұрады.
Эндоплазмалық тордың түйіршікті және түйіршіксіз түрі болады. Түйіршікті
эндоплазмалық торда рибосомалар орналасқан, сондықтан ол ақуыз синтезіне
қатысады. Рибосомалар ақуыз синтезі өтетін орталық. Рибосомдар диаметрі 20
нм.-дай болады. Гольджи аппараты цистерналардан тұрады. Оларда көмірсулар
синтезделеді. Жасуша қабығын құруға қатысады. Митохондриялар пішіні әртүрлі
болады: сопақша, дөңгелек. Митохондриялар жасушаның энергия жинайтын
лабораториясы. Пластидтер тек өсімдіктерде ғана болады. Атқаратын қызметіне
және түріне қарай пластидтер үшке бөлінеді:хлоропластар (жасыл түсті),
лейкопластар (түссіз), хромопластар (қызыл). Хлоропластарда жасыл пигмент
хлорофилл болады. Хлоропластардың негізгі қызметі тікелей хлорофилмен
байланысты. Хлоропласт екі мембраналы органоид. Ішінде строма деп аталатын
зат болады. Онда қапшық тәрізді ламеллалар немесе тилакоидтар болады.
Тилакоидтар топтасып диск тәрізді грандар түзеді. Грандар бір-бірімен
гранаралық тилакоидтар арқылы байланысып жатады. Осы грандарда хлорофилл
дәндері орналасатындықтан фотосинтез процессі жүреді. Лейкопластарда
пигменттер болмайды. Лейкопластар өсімдіктің күн сәулесі түспейтін
ұлапаларынан, органдарынан және тамырларында, түйнектерінде кездеседі.
Негізгі атқаратын қызметі артық қоректік заттарды жинау болып табылады.
Хромопластарда каратинойдтар тобына жататын түсі қызыл сары, сары
пигменттері болады. Өсімдікткн гүлінің, піскен жемісітерінде, күзгі
жапырақтарында кездеседі. Ядро –тұқымқуалаушылық мәліметтерін
сақтайтын және түзетін орын болып саналады. Зат алмасу процессін басқаратын
және цитоплазманың органелдерінің қызметін басқаратын орталық. Ядроның
формасы алуан түрлі болып келеді. Әдетте жасушаның формасына сәйкес
келеді. Ядро ядро қабықшасынан, нуклеоплазмалардан, хромосомдардан және
ядрошықтан тұрады. Ядро қабықшасы екі қабат мембранадан тұрады.
Нуклеоплазма ішінде хромосомдар мен ядрошықтар орналасқан коллоидты
ерітінді. Ядрода бір немесе бірнеше ядрошық болуы мүмкін. Жасуша бөлінуінің
үш түрі бар: амитоз, митоз, меиоз. Митоз жасуша бөлінуінің көп кездесетін
әдісі. Ол генетикалық материалдың жас жасушаларға тең бөлінуін және жасуша
ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді. Жасуша бөлінген
кезде бес сатыдан өтеді: интерфаза, профаза, метафаза, анафаза,және
телофаза.
Интерфаза- жасушаның екіге бөлінуі аралығындағы тіршілік кезеңі. Профаза-
ядроның бөлінуге жайындалған бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома
жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып, бұратылуының арқасында хромосомалар
қысқарып, жуандайды. Ядро қабығы бұзылады. Метофазада- Хромомомалар
хасушаның экватор аймағына жиналаып шоғырланады, жасуша бөлінуге
дайындалады. Әрбір хромосоманың центромерасы дәл экваторда ал қалған денесі
экватордан тыс жазықтықта жатады. Анафаза- хроматин жіпшелерінің болашақ
жас жасушалардың полюстеріне қарай созылып, ахроматин ұршығын құрау кезеңі.
Телофаза-митоздың ақарғы сатысы. Хромосомалардың қозғалуы аяқталады.
Митоздық аппарат бұзылады. Ядрошықтар пайда болады. Жасушаның қарама-қарсы
полюстерінде пайда болған хромосомалардың сыртынан ядролық қабық пайда
болады. Жаңа ядролардың қайта құрылуымен қатар әдетте жасуша денесі
бөлініп, цитокинез өтеді. Екі жасуша құрылады. Жыныстық көбею жануарлар
мен өсімдіктердің көбеюінің бір түрі. Жыныстық көбею жолында жаңа организм
аналық және аталық жыныс жасушалары - гаметалардың қосылуынан пайда болған
зиготадан дамиды. Жыныс жасушаларының даму жолдары мен ұрықтану процестері
әртүрлі. Бірақ жыныс жасушаларының даму негізінде бір жалпы процессбар- ол
ұрық жасушаларының бөлшектенуі және осы жасушалардың хромосомалар санының
азаю механизмі. Бұл механизмді басқаратын мейоз- жыныс жасушаларының бөліну
әдісі. Жасушадағы хромосомалардың саны екі есе азайып диплоидты жасушаға,
бұдан тағы екі рет бөлініп төрт гаплоидты жасушаға айналады. Ұрықтананан
кейін хромосомалардың диплоидты саны қайтадан қалпына келеді. Мейоз жыныс
жасушаларының қалыптасуын, организмде кариотиптің тұрақтылығын сақтайды
және гендер мен хромосомалардың рекомбинациялануын қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Жасушалық теорияның мәні неде.
2. Протопласт деген не.
3. Өсімдіктер жасушасы мен жануар жасушасының айырмашылықтары.
Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
Тақырып 4.5. Өсімдік ұлпалары.
1. Ұлпаның жалпы сипаттамасы
2. Ұлпаның классификациясы.
3. Түзуші, жабындық, арқаулық және өткізгіш ұлпалар.
Шығу тегі, құрысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы ұлпа деп
аталады. Ұлпалар туралы ғылымды гистология деп атайды. Ұлпа туралы ғылымның
негізін салған италия ғалымы М.Мальпиги мен ағылшын ғалымы Н. Грю болған.
Ұлпаларды негізінен мынадай топқа жіктейді: Түзуші ұлпа, өткізгіш ұлпа,
механикалық ұлпа, жабындық ұлпа, аренхима, ассимиляциялық ұлпа, бөліп
шығарушы ұлпа.
Өсімдіктердің жануарлардан айырмашылығы сол, олар өмір соңына дейін өсуін
тоқтатпайды және жаңа органдар түзіп отырады. Бұл жағдай өсімдіктердің
белгілі бір жерлерінде түзіліп қалыптасатын меристемалық немесе түзуші
ұлпалардың болуымен байланысты. Түпкілікті ұлпаларды жасап, өсімдіктің
өсуін қамтамасыз ететін жасушалар тобын түзуші ұлпалар деп атайды.
Меристема ұлпасы тығыз орналасқан тірі жасушалардың тобынан тұрады. Мұндай
жасушалардың қуысын цитоплазма толтырып тұрады., оның ортасында үлкен ядро
орналасады, жасуша қабықшасы өте жұқа болып келеді. Меристемалық
жасушалардың екі қасиеті болады- белсенді түрде бөлінеді және
дифференциацияланады, яғни басқа ұлпалардың жасушаларына айналады.
Алғашқы және соңғы меристема. Алғашқы меристема өскіннің, ұрықтың
жасушаларынан дами бастаған кезінен пайда болады. Соңғы меристема , әдетте
алғашқы меристемадан кейін тұрақтанған ұлпалардан пайда болады. Алғашқы
меристемадан алғашқы ұлпалар, соңғы меристемадн соңғы ұлпалар түзіледі.
Түзуші ұлпа өсімдікте орналасуына қарай және атқаратын қызметіне
байланысты төбе, бүйір, қыстырма, жарақат меристемасы деп бөлінеді. Төбелік
меристема сабақтың, тамырдың негізгі және бүйірлік өстерінің ұштарында
орналасқан. Ол органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Сабақ пен
тамырдың ең жоғарғы ұштарында тез бөлінуге қабілетті паренхималық
жасушалардың тобы орналасады. Оларды белсенді инициалды жасушалар деп
атайды. Бүйірлік меристема өстік органдардың ұзына бойында, олардың үстіне
параллель, цилиндр тәрізді орналасады. Органдардың көлденеңінен өсіп
жуандауын қамтамасыз етеді. Көп жағдайда оны камбий деп атайды. Сабақтың
буынаралықтарының төменгі жағында және гүл сағағының түп жағында
орналасады. Бұл алғашқы меристема болып табылады., ол органдардың ұзындыққа
өсуін қамтамасыз етеді. Зақымдық меристема өсімдіктің кез келген
зақымдалған бөлігінде пайда болады. Шығу тегі жағынан ол соңғы меристемаға
жатады.
Жабындық ұлпаның негізгі қызметі өсімдік мүшелерін сыртқы орта әсерінен
қорғау. Пайда болуына қарай алғашқы және соңғы деп бөлінеді. Алғашқы
жабындық ұлпа үлпекқабат деп аталады. Оның құрамында құрылысы, атқаратын
қызметі әртүрлі түктер мен трихомдар, жұптасқан жасушалар, төмпешіктер,
қозғаушы жасушалар кездесетіндіктен, үлпекқабат өте күрделі ұлпалар
қатарына жатады. Олар алғашқы меристема протодермадан жасалады. Үлпекқабат
бір қатар тығыз орналасқан жасушалардан тұрады., оның сыртқы қабырғасы
кутик затымен қапталған. Көптеген өсімдіктерде үлпекқабатөсіндісі болып
табылатын түктер түзіледі. Түктер бір және көп жасушалы, жабындық және
тығыздық, тірі және өлі болады. Үлпекқабаттың газ алмасуы мен транспирация
қызметін лептесіктер атқарады. Лептесік аппараты екі бұршақ тәрізді жанаспа
жасушалар мен саңылаудан тұрады. Саңылау ауа камерасына ашылады. Үлпекқабат
жасушалары түссіз болса, жанаспа жасушаларында хлоропласт болады.
Хлоропластардың қызметінің нәтижесінде лептесік саңылауларының ашылып
жабылуы реттеледі. Жабындық ұлпа жасушаларының ерекшеліктері. Лептесік.
Трихома. Перидерма құрамы. Қыртыс. Қос жарнақты өөсімдіктерде алғашқы
жабындық ұлпа соңғы жабындық ұлпамен алмасады. Соңғы жабындық ұлпа
перидерма деп аталады. Ол бірнеше қатар жасушалардан тұратын күрделі ұлпва.
Перидерма соңғы меристема- феллогеннің тангентальды және радиалды бөлінуі
нәтижесінде қалыптасады. Феллогеннің радиалды бөлінуі нәтижесінде сыртқа
қарай феллема, ішке қарай феллодерма жасалады. Онда жасушааралық қуыстар
болмайды. Сыртқы ортамен байланыс жасымықша арқылы жүзеге асады.
Арқаулық ұлпа өсімдік мүшелеріне беріктік, серпімділік қасиет береді.
Арқаулық ұлпа жасушаларының ерекшелігі – жасуша қабықшасының сүректеніп,
қалыңдауы. Жасушаларының пішініне, қабықшаның қалыңдау ерекшелігіне және
орналасуына қарай колленхима, склеренхима, склереид деп бөлінеді.
Колленхима өсімдік мүшелерін үлпекқабатты астарлай орналасатын, жасуша
қабықшасы әркелкі қалыңдаған тірі жасушалар. Көп жағдайда оның құрамында
хлоропластар болғандықтан зат алмасу процесіне белсенді қатысады. Жасуша
қабықшасының қалыңдауына қарай бұрыштық, тақталы, борпылдақ колленхима
кездеседі. Склеренхима жасуша қабықшасы біркелкі қалыңдайтын, бір-бірімен
өте тығыз орналасқан прозенхималық өлі жасушалардан тұрады. Склереид
жасушасы қабықшасы өте қалыңдаған, бұтақтанып кеткен шұрықтары бар,
изодиаметрлі паренхималық жасушалар. Олар өсімдік денесіне топтасып жеке
дара кездеседі. Негізгі жасушадан пайда болады.
Қоректік заттарды өсімдік денесіне тарататын жасушалар тобын өткізгіш
ұлпа деп атайды. Атқаратын қызметіне , жасушалардың құрылысына сәйкес
флоэма және ксилема деп бөлінеді. Ксилема өсімдік тамырларынан минералды
заттарды жер бетіндегі өркен бөлімдеріне жеткізетіндіктен жоғарғы ағыс
жолы деп аталады. Ксилема трахея мен трахеидтен тұрады. Олар жасуша
қабықшасы сүректеніп, қалыңдап кеткен өлі жасушалар. Флоэма тін жапырақта
синтезделген органикалық заттарды өсімдік мүшелеріне таратады. Оның
өткізгіш элементтеріне сүзгілі түтік және серік жасушалар жатады. Өткізгіш
ұлпа мен арқаулық ұлпа өсімдік денесінде белгілі ретпен орналасып өткізгіш
шоқтар жүйесін түзеді. Өткізгіш шоқтар өсімдік мүшелеріне қоректік заттарды
таратады. Шоқтардың төрт түрін ажыратады: коллотериальды,
биколлотериальды, концентрлі, радиальды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Меристемалық ұлпаның негізгі белгілері қандай.
2. Прокамбии деген не.
3. Арқаулық ұлпаның атқаратын қызметі қандай.
Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
Тақырып 6. "Өсімдіктің вегетативті мүшесі тамыр. "
Өсімдіктің вегетативті мүшесі тамырға жалпы сипаттама. Қызметі. Түрлері.
Тамырдың анатомиялық құрылысы.
Өсімдіктің вегетативті органдарына тамыр, сабақ, жапырақ және өркен
жатады. Тамыр апикальды меристема арқылы оң геотропизм бағытында өседі.
Тамыр әртүрлі қызмет атқарады. Өсімдіктерді топыраққа бекіндіріп тұрады.
Тамырда қорлық заттар жиналады. Вегетативті көбею қызметін атқарады. Кейбір
микроорганизімдер тамырмен селбесіп симбиоз құрады. Шығу тегіне қарай
негізгі, жанама, қосалқы деп жіктеледі. Тамырлар жүйесіне қарай: шошақ
тамырлар, кіндік тамыр және аралас тамыр деп бөлінеді. Экологиялық түрлері:
ауа тамырлар, жер асты тамырлар, су тамырлары, гаустриялы тамырлар.
Тамырдың ұзын бойында әртүрлі аймақтар болады. Олар: өсу, бөліну, сору,
өткізу және тамыр аймақшасы. Тамырдың алғашқы құрылысын сору аймағынан
көруге болады. Тамырдың алғашқы құрылысында сыртын қоршап жатқан ризодема
қаптап жатады. Оның астында алғашқы қабық, орталық цилиндр орналасқан.
Алғашқы қабық экзодерма, мезодерма, эндодерма қабаттарынан тұрады. Көптеген
өсімдіктерде эезодерма бір қабатты, радильды бағытта созылыңқы орналасады.
Мезодерма дөңгелек пішінді, ірі және тірі паренхималық жасушалардың
экзодерма мен эндодерма арасындағы көп жасушалы қабат. Оның жасушалары
шеттен орталыққа қарай іріленіп, борпылдақтанып эндодермаға жақындағанда
қайта кішірейіп тығыздала түседі. Эндодерма алғашқы қабықтың ең ішкі
қабаты. Эндодерменың жасушаларының радиальды және көлденең қабырғасы белбеу
тәрізді қалыңдаған, ол жасушаларды Каспар белдемшелі жасушалар деп атайды.
Олардың арасында қалыңдамаған өткізгіш жасушалар болады. Өткізгіш жасушалар
арқылы орталық цилиндрге қоректік заттар өтеді. Орталық цилиндрдің алғашқы
қабаты перицикл жасушалары. Орталық цилиндрде флоэма және ксилема
кезектесіп радиальды шоқ құрайды. Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысы
орталық цилиндрде камбий түзілуден басталады. Камбий ксилема сәулесінің
қарсысындағы перицикл жасушаларынан және ксилема мен флоэма арасындағы
паренхима жасушаларынан жасалады. Олар радиальды және тангенталды бағытта
бөліне келіп екі аймақ бір-біріне қосылады да ирек камбий сақинасын түзеді.
Сөйтіп флоэма мен ксилема арасындағы паренхималық жасушалардың
ығыстырылуының салдарынан радиольды шоқ ашық коллатериальды шоққа айналады.

Орталық цилиндрдегі өзгерістермен бір мезгілде ксилема сәулесінің
қарсысындағы перицикл жасушаларынан феллоген түзіледі. Феллоген қызметінің
нәтижесінде перидерма жасалып, алғашқы қабық орталық цилиндрмен байланысын
жоғалтады. Алғашқы қабықтың өлген жасушалары жаңадан түзілген жас ұлпалар
қысымынан айырылып, түлеп түседі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Тамыр системасы деген не.
2. Дара жарнақты өсімдіктердің сабағының ерекшелігі неде.
3. Жапырақтың орналасуының қандай варианттары бар.
Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
Тақырып 7. Өсімдіктің вегетативті мүшесі-сабақ.
Өсімдіктің вегетативті мүшесі сабаққа жалпы сипаттама. Қызметі. Түрлері.
Сабақтың анатомиялық құрылысы.
Сабақ ұшында төбе меристемасы болуына байланысты үнемі ұшынан өсіп
отыратын өсімдіктің вегетативті мүшесі. Қызметі: сабақ арқылы жапырақта
фотосинтез процесі нәтижесінде пайда болған органикалық зат тамырға, ал
тамыр арқылы қабылданған минералды заттарды жапыраққа қарай жылжытады.
Өсімдіктерді кеңістікте ұстап тұру, жапыраққа бағыттау қызметін атқарады.
Сабақта фотосинтез жүреді және вегетативті көбею мүшесі болып табылады.
Сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысын зерттеген кезде қос жарнақты
өсімдіктер сабағында үш бөлімді айқын көруге ьолады.: алғашқы қабық,
орталық цилиндр жіне өзек. Алғашқы қабық бөллімінде колленхима, паренхима
және эндодерма болады. Сабақтың сыртын өң қаптап жатады. Эндодермада
крахмал жиналатындықтан , оны крахмал қынабы деп те атайды. Дара жарнақты
өсімдіктерде эндодерма анық көрінбейді. Өң астын қаптарлай склеренхима
қабаты орналасқан. Орталық цилиндрдің алғашқы қабаты- перицикл жасушалары.
Қос жарнақты өсімдіктерде сосуд-талшық шоқтары шеңбер бойымен орналасса,
дара жарнақтыларда сабақ бойында түзу спираль түзе орналасады. Өң қабатынан
өзекке қарай шоқ көлемі үлкейіп, саны азая түседі. Өзек бірыңғай паренхима
жасушаларынан тұрады. Қос жарнақты өсімдік сабағында камбий жасушалары
қызметі нәтижесінде соңғы құрылыс түзіледі. Орталық цилиндрде камбий шоқ
ішілік және шоқ аралық прокамбийден пайда болып, бөліне келіп бір-бірімен
қосылып, камбий сақинасын түзеді. Сөйтіп сабақтың алғашқы анатомиялық
құрылысындағы тұйық коллотериалды шоқ ашық коллатериалды шоққа айналады.
Орталық цилиндрдегі өзгерістермен бір мезгілде алғашқы қабықтың эпидермис
астындағы паренхима жасушаларынан Феллоген түзіліп, оның қызметінің
нәтижесенде тоз, феллоген, феллодерма қабаттарынан тұратын соңғы қабық
перидерма жасалады. Алғашқы қабық түлеп түседі. Ағаш тектес көп жылдық
өсімдіктер сабағы жай көзге анық көрінетін үш бөлімнен – қабық, сүрек,
өзектен тұрады. Камбийдің ұзақ мерзімге созылған қызметінің нәтижесінде
жылдық сақиналардың түзілуі, өткізгңш элементтердің сүректенуі және соңғы
жабындқ ұлпалардың пайда болуы көп жылдық сүректі өсімдіктердіңи сабағын
қалыптастырады. Көп жылдық сабақ перидермасын қалың қабатты қыртыс
алмастырады. Сабақтың негізін ксилема элементтері мен сүрек талшығынан
тұратын сүрек бөлімі құрайды. Қылқан жапырақты өсімдіктердің сүрегі
біртекті, су өткізумен қатар механикалық қызмет атқаратын трахеидтер мен
паренхима жасушаларынан тұрады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Тамыр системасы деген не.
4. Дара жарнақты өсімдіктердің сабағының ерекшелігі неде.
5. Жапырақтың орналасуының қандай варианттары бар.
Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.
Тақырып 8.9. Өсімдіктің вегетативті мүшесі жапырақ.
Өсімдіктің вегетативті мүшесі жапыраққа жалпы сипаттама. Қызметі.
Түрлері. Жапырақтың анатомиялық құрылысы.
Жапырақ -өсу шектелген өркеннің бүйір мүшесі. Ол қыстырмалы меристеманың
белсенділігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып
өседі. Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газ алмасуын және судың
булануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор
заттары жиналады. Жеклеген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін
атқарады. Жапырақ морфологиясы. Жапырақ мөлшері өзгеріп отырады. Бір
өсімдікте әртүрлі пішіндегі жапырақтың болу құбылысы гетерофилия деп
аталады. Жапырақтың үш түрлі формациясы болады: тқменгі, ортаңғы және
жоғарғы. Жапырақтың төменгі формациясы әдетте арнаулы қызмет атқаруына
қарай жетілмеген немесе түрі өзгерген болып келеді. Оларға тұқым
жарнақтары, бүршіктердің қабықшалары, тамыр сабақтың, кейде жер беті
сабағының редукцияға ұшыраған жапырақтары жатады. Жапырақтың ортаңғы
формациясы өсімдіктің жапырақтарының негізгі массасын түзеді. Оларда
хлорофилл дәндері болады. Жоғарғы формацияның жапырақтары гүл беретін
өркендерде орналасады. Бұл жабындық жапырақтар, орама жапырақтар және т.б.
. Олардың барлығы әдетте нашар жетілген, сағақтары болмайды. Жай және
күрделі жапырақ . Сағақты және сағақсыз жапырақ. Жапырақ тақтасының жиегі
тегіс, ара тісті, екі рет ара тісті, ирек т.б.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы негізгі үш
бөліктен тұрады. Олар: 1 Жапырақ тақтасын астыңғы және үстіңгі бет жағынан
қоршап жататын жабындық ұлпа үлпекқабат эпидерма. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқулық пен оқу әдістемелік кешендеріне қазіргі кезде қойылатын талаптарды анықтау
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Биология пәніннің жүйесі және түсініктері
Биологияның мектеп курсын оқу процесінде мультимедиялық оқыту әдістерінің ерекшеліктері
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Оқушылар білімін тексеру
Биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні
Пәндер