Maplnfo Professional - геоақпараттық жүйе (ГАЖ) аумақтар, аудандар, қалалардың картасын, жоспарын талдайды және анықтап құрастырады



1. Геоақпараттық жүйе

ГАЖ - бұл кеңістіктік-үйлестіруші деректерді жинауды, сақтауды, өңдеуді, кіруді, бейнелеуді және таратуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.Қазіргі уақытта информация (қоғамдық қызмет салаларында есептеу
техникасының енгізілуі) қолданылмайтын қызмет түрінің қандай да бір саласын атау қиын. Ақпараттық технология кез келген ғылымның ажырамас бөлігі болып келеді. Оны түрлендіре отырып, шексіз жетілдіруге ұмтылуда. Жер жөніндегі ғылымда ақпараттық технологияның арқасында геоақпараттану және географиялық ақпараттық жүйелер - ГАЖ деген сияқты ұғымдар пайда болды. ГАЖ-дың 3-ші құрамдас бөлігі, программалық өнімдерге ArcGIS, ArcMap, ENVI, MapInfo жатады. Бүгінгі қарастыратын бағдарламамыз MapInfo, оның жұмыс істеуі, оқитын форматтары.
Гаж-да Mapinfo жұмысының тәжірибиесі векторландыру дайындығында электрондық карталар құрылымын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Mapinfo - Жоба бағдарламада картамен жұмыс істеу кеңістігі деп атасақ болады. Бағдарлама жоба сызуға лайықты картадан (Map), таблициялық кестелерден (Browzer), сызба графиктеден (Graph), және компановкалардан, яғни безендірулерден (Loyot) тұрады. Карта бір-бірінің үстіне қойылған бірнеше әртүрлі қабаттардан тұрады. Кесте бұл DBF форматындағы мәліметтер базасы.
Кез келген ГАЖ екі типті - графикалық және атрибутивті немесе тақырыптық деректер қорымен жұмыс істейді. Ал графикалық деректер қорында графикалық немесе метрикалық негіз деп аталатын деректер сақталады; атрибутивті (анықтауыштық) карта жүктемесі және кеңістікке жататын, бірақ картаға тура түсірілмейтін қосымша деректерден - аумақтың сипаттамасы немесе есептемедегі ақпараттан тұрады.
ГАЖ-дың маңызды құрамды бөлігі тақырыптық ақпараттан құралған деректер қоры (ДҚ) болып табылады. Қазірдің өзінде, есте сақтау құрылғыларының бағасы едәуір арзандауына байланысты, ақпараттарды ДҚ-да сақтау - арзан. Компьютерлерді пайдалану, сонымен қатар мәтіндерден басқа сызбаларды, жазба түріндегі құжаттарды, суреттерді, дыбыс жазбаларын, т.б. сақтауға мүмкіндік беретіндігімен қолайлы. Іс жүзінде кез келген ақпарат компьютерлік түрде берілуі мүмкін. Картографиялық модельді бейнелеуші графа тораптары жолдардың қиылысуларына, жолдың көпірлермен тоғысу орындарына, т.б. сәйкес келеді. Мұндай графаның бүйір қырлары жол учаскелері мен олардың объектілерін қосушы аймақтарды бейнелейді. Оны классикалық желілі модельден ерекшелігі - бұл модельдегі қырлар ұзындығында ақпараттық жүктеме болмауы мүмкін. Топологиялық сипаттамаларда, позициялы және сипаттамалы ақпараттар болады. Графаның биіктігі сәйкес аудандар тоғысатын координаталық нүктелермен толықтырыла алады. Ал қырларына сол жақты және оң жақты идентификаторлар қосылып жазылады. Сызықты және ауданды объектілерді құру кезінде нүктелі объектілерді енгізгеннен кейін топологияны құру қажет. Бұл процестер нүктелер мен сызықтар арасындағы байланысты есептеу, кодтаудан тұрады. Қиылыстар мен байланыстардың көрінісі - векторлы. Қосымша атрибуттер түріндегі деректерді кодтау кезінде топологиялық сипаттамалар жазылады. Бұл процесс, деректерді дигитализациялау (картографиялық немесе фотограмметриялық) барысында көптеген ГАЖ-да автоматты түрде жүзеге асырылады. Керекті технологияны таңдай отырып, бірқатар факторларды ескеруге тура келеді. Оларға: өңделуге жататын құжаттар сипатын бағалау, жұмыс істеу мақсаты, бағдарламалық өнімнің құны, еңбек шығындары, құжаттар саны, т. б. жатады. Әрине, растрлы форматтан - векторлыға автоматты ауысу өте тартымды болып көрінеді. Бірақ картада жиі кездесетін символдарды қайта жабу, мәтіннің көп болуы, белгі жүйесінің стандарты болмауы, масштабтың едәуір диапазоны, бастапқы карта сапасының бірдей болмауы, мұндай технологиядан бас тартуға мәжбүр етеді. База ретінде цифрлау технологиясы және нақты шарттарға тәуелді қосымша тағы бір нәрсе ұсынылады. Таңдау кезінде жұмыс мақсатын, бағдарламалық өнімнің бағасы мен операторлардың еңбек шығындарын, жыл сайын өңдеуге қажет болатын құжаттар санын, бар бағдарламалық және аппараттық құралдарды ескеру қажет. Керекті жұмыс істеу әдісін таңдап алу кезінде бағдарламалық өнім бағасы айтулы рөл атқарады. Алайда тек оған ғана бағытталуға болмайды, өйткені бағдарламалық өнім бағасының төмендігі, уақыт шығынына алып келеді.
Көп автоматтандырылған жүйелерді өңдеушілер осы жүйелер ГАЖ класына кіреді немесе кірмейді екеніне жауапты бере алмайды. Осы бұрын болған көп кеңістік уақыттық мәліметтерді өңдеу мен жинау жүйелерінің технология мен сондай-ақ терминдердің әр түрліне байланысты.
ГАЖ интегрирленген жүйе класына кіреді. Мәліметтерді интеграциялауы мәліметтерді жобалау модельдер жүйесін қолдану, универсальды ақпараттық модельді құру және сәйкес мәліметтерді ауыстыру хаттамасын қолдану болып табылады.
ГАЖ жинақтап талдау үшін ақпараттық интегрирленген жүйесінің иерархиясының негізгі түсініктерді берейік.
Түсініктің жоғарғы деңгейі - барлық ақпаратты өңдеу, ауыстыру және ұсыну үдірістері орындалатын, тәуелсіз кешендік интегрирленген жүйесі болып табылады. Жүйенің схемасы жүйелік деңгейді, процессті, есептерді өзіне еңгізеді. Жүйе толық және толық емес болу мүмкін.
Толық жүйесі келесі үдірістерді еңгізетін технологиялық циклды іске асырады:
:: жүйенің алдында қойылған есептерді шешу үшін берілген аймақтағы барлық түрдегі ақпараттарды еңгізу (немесе еңгізу мүмкіншілігі болу);
:: берілген кластағы есептерді шешу үшін бар құралдарды қолданып ақпараттарды өңдеу;

2. Mapinfo бағдарламасы

ХХ ғасырдың 90 жылдары Mapping Information Systems Corporation (АҚШ) MapInfo геоақпаратты жүйесін жасап шығарды. Бұл жүйе қазіргі кезде кең тараған аса қолданбалы жүйелердің ең белгілі жəне көп қолданатын түрі. (1 - сурет)

1 - сурет. Mapinfo бағдарламасы

MapInfo жүйесі төмендегі мəселелерді шешуге бағытталған:
oo Картаны құрастыру жəне редакциялау (өңдеу);
oo Картаны əшекейлеу жəне баспаға дайындау; ·
oo Тақырыптық карталарды құру;
oo Кеңістік деректерін сараптау;
oo Деректер қорын құру жəне онымен жұмыс істеу; ·
oo Геокодтау;
Географиялық ақпаратты жүйелердің ішінде MapInfo, оңтайлы ұйымдастырылған интерфейсі, үйлесімді функциялар тобы, картографиялық жəне семантикалық деректермен жұмыс істейтін түсінікті де қолайлы концепциясымен көзге түседі.

2.1. MapInfo Professional ГАЖ-дің инструменттік ортасы

Maplnfo Professional - геоақпараттық жүйе (ГАЖ) аумақтар, аудандар, қалалардың картасын, жоспарын талдайды және анықтап құрастырады. Құрастырылған электронды карта әр-түрлі тәсілдерменен көрсетілуі мүмкін, мысалы, жоғары сапалы картографиялық өнім ретінде. Maplnfo шешілметйтін күрделі географиялық талдау мәселелерін де шешеді. Мысалы: әр-түрлі тақырыптық карта құрастыруға мүмкіндік береді, жойылып кеткен деректер қорымен байланыса алады, географиялық объектілерді басқа программаларға тасымалдайды.(2 - сурет)

2 - сурет - MapInfo Professional

Mapinfo Professional бұл елдердің, аумақтардың, аудандардың, қалалардың карталарын және жоспар немесе карта ретінде қарастыруға болатын объектілерді кұруға және талдауға мүмкіндік беретін геоақпараттық жүйе. Жасалған электрондық карта түрлі әдістермен, соның ішінде жоғары сапалы картографиялық өнім түрінде бейнеленеді. Одан басқа, Mapinfo сұратуларды жүзеге асыру және әр түрлі тақырыптық карталарды жасау негізінде географиялық талдаудың күрделі мэселелерін шешуге, алыстаған мәліметтер базасымен байланыс жасауға, географиялық объектілерді басқа программалық өнімдерге айналдыруга және тағы басқаларына мүмкіндік береді.
MapInfo Professional - картографиялық жүйе, ол күрделі есептерді шешуге мүмкіндік береді және кеңістіктік әртүрлі деректерді бейнелеуші, деректерді талдаудың қуатты құралы. Ол MapInfo Desktop GIS класына жатады. MapInfo-ның ерекшелігі - әмбебаптығы. Жүйе DOС, Windows, UNIX, геоақпараттық жүйелер, санды картографиялық жүйелер, геоақпараттық деректер қорын түрлендіру мен талдаудың бағдарламалық және техникалық құралдары үшін Intergraph пен MapInfo интегралдаушы геоақпараттық технологияларын құру мүмкіндігін береді. Жүйеге мынадай мүмкіндіктер жүктелген: dBASE немесе FOXBASE, ASCII, шейпфайлдар, Lotus 1-2-3, Microsoft Excel және Microsoft Access-те құрылған файлдарға тура кіру, әртүрлі форматтағы графикалық файлдардың импорты; MapInfoдан деректер қорының файлдарын құру мүмкіндігі; кез келген мөлшердегі үш түрлі деректерді көру: Карталар, Тізімдер және Графиктер терезелері. Деректерді синхронды түрде көрсету технологиясы бір мезгілде бірдей деректерден құралған бірнеше терезелерді ашуға мүмкіндік береді. Ал терезелердің біреуіндегі деректерді өзгерту - осы деректердің қалған басқа терезелердегі көрінісінің автоматты өзгеруімен сипатталады; алыстатылған деректер қорына кіру; көп қабатты қосылған карталар типі бірнеше картаны бір карта ретінде өңдеуге мүмкіндік береді; тақырыптық карталар көрнекілігі жоғары деректерді 3Д- Картаны қоса отырып, растрлы беттің карталары мен призма- карталарды талдауға мүмкіндік береді; векторлық карталар мен растрлы бейнелерді біріктіру мүмкіндігі бар; әртүрлі күрделі сұраныстарды құру; файлды тікелей Карта терезесінен жіберуге мүмкіндік беретін геолинк; сурет салу мен редакциялаудың әмбебап құралдар жинағы мен картаның түрін өзгертудің басқа функциялары; дайын карталар мен өзінің карталарын құру функциялары; Crystal Reports, тікелей MapInfo-да кестелі деректер бойынша кәсіби есептерді құруға мүмкіндік беретін есептердің өнеркәсіптік стандарты; басып шығарудың жақсартылған сапасы және жоғары сапалы басылым үшін экспорттау мүмкіндігі; Геоақпараттық жүйе негіздері 47 цифрлау процесінде экрандағы карталар проекциясын өзгерту; алғашқы деректердегі дәлсіздігін түзетуші объектілерді өңдеу, әртүрлі объектілердің тораптарын біріктіру параметрлерін күйге келтіру функциялары. MapInfo Professional Microsoft Windows 98, Windows 2000, Windows NT 4.0, Windows XP Professional және Windows XP Home Office-пен біріккен. MapInfo мекен-жайы немесе аты бойынша ақпаратты табуға, көшелердің, шекаралардың, қиылысу орнын табуға, автоматты және интерактивті геокодтауды жүргізуге, картаға деректер қорынан объектілерді қойып шығуға мүмкіндік береді. Ақпараттар жүйеде кесте, карта, диаграмма, мәтіндік анықтамалар түрінде көрсетілуі мүмкін. Жүйе арнайы географиялық талдау мен графикалық редакциялау жүргізу мүмкіндігін береді. Бұл кезде командалар мен хабарлар жүйесі орыс тілінде де, басқа тілде де көрсетіледі. Жүйе модульдері геодезиялық өлшеу деректерін өңдеуден, карта, сызбанұсқа, сызбаларды векторлау мен архивтеуден, картографиялық проекцияны түрлендіруден, кеңістіктік деректерді біріктіруден тұрады
ГАЖ-технологиясын картографиялауда және жерге агроэкологиялық бағалау жасауға қолдану үшін сәйкесінше базалы қ және аппаратты қамтамасыздықты қажет етеді. Қазіргі кезде қолданылатын әртүрлі ГАЖ бағдарламалық қамтамасыздандыруларының ішінен Қазақстанда да және басқа елдерде де ке ңінен қолданылатын 2 пакетті айтуға болады. Бұл ArcGIS (және оның жеңілдетілген нұсқасы ArcView) және MapInfo пакеттері. Қазіргі уақытта MapInfo бағдарламасынц қолдану ұсынылады, ол түрлі ГАЖ жасауда үлкен мүмкіндіктерімен салыстырмалы арзан бағасымен, жақсы орысшалануымен, басқа таралған ГАЖ бағдарламаларымен
және Windows операциялық жүйелерімен үйлесімділігімен, жа ңа н ұс қаларыныңжиі шығуымен ерекшеленеді. MapInfo-дағы мәліметтер карталар, диаграммалар мен кестелер түрінде де қарастырыла береді және қандай да бір
кесетедегі мәліметтерді өзгертсе, ол басқаларын да толы ғымен
қамтиды.Географиялық ақпараттық жүйелердің ішіндегі
MapInfo ең қолайлысы. Себебі MapInfo- да адам мен компьютер
арасындағы қарым-қатынас өте жақсы дамыған. Онда
картографиялық және семантикалық берілгендермен жұмыс
істеу өте ыңғайлы. MapInfo БҚБЖ құрастырылған түрде жұмыс
істейді. Ол DBF, XLS, ASCEL форматындағы SQL сұраныс
файлымен және Oracle, Sybase, ODBC серверіндегі
берілгендермен жұмыс істейтін SQL , Data link- пен жұмыс
істейді. Arc link көмегімен Arc info мәліметтерін алмастыру ға
болады ал, Universal Translator көмегімен келесі қатарда берілген
форматтарды сипаттауға және экспорттауға болады: MapInfo mid
miff, ESRI, Shape, Intergraph Micro station Design, AutoCAD,
dwg dxf.

2.2 MapInfo жүйесінің негізгі құндылығы.

1. Игеру жеңілдігі. Қолданушыға MapInfo жүйесі түсінікті жəне оңтайлы интерфейс ұсынған. Деректер қорымен байланысты жəне қарым-қатынасты сүйемелдейтін операциялар қарапайым жəне түсінікті түрде берілген.
2. Деректерді қанша көп болса да оларды үш терезе арқылы көрсетуге болады - Карта, Список (тізім), График.
3. Деректерді көрсетудің синхронды технологиясы бірнеше терезе ашуға мүмкіншілік береді. Ол терезелерде мазмұндары бірдей деректер сақталады. Егерде бір терезеде деректер көрсетуі өзгеріске ұшыраса, ол өзгеріс автоматты түрде басқа терезеге де таралады.
4. Растрмен жұмыс істеу. MapInfo жүйесінде растрлық деректерді тиімді түрде енгізу жəне оны таңдап алынған географиялық проекцияға байлау қолайлы түрде жасалған. Мұндағы ең маңыздысы, қолданушы кем дегенде үш нүктенің дəл координатын енгізсе болғаны.
5. Деректерді бейнелеу. Тұтынушының кестедегі деректерді картаға түрліше бейнелеуге мүмкіншілігі бар. Мысалы, масштабталған символдар, диаграммалар, боялған аймақтық нысандар, сызықтар түрінде, т. б. Яғни деректерді құрғақ цифр емес, карта түрінде көрсету тұтынушыға түсінікті жəне картадағы көріністі тереңірек түсінуге мүмкіншілік береді.
6. Геоақпараттық сараптау құралдары. MapInfo жүйесінде буферлік зона, нысандарды түрліше құру, нысандарды құру жəне өзгерту редакторы, т.б. басқа құралдармен жабдықталған. Картадағы нысандарды параметріне байланысты бояп, өңдеп, тұтынушы əр түрлі тақырыптық карталар құрастыра жəне сақтай алады.
7. Географиялық нысандарды топтастыру. Құрал жəне процедуралар пайдаланып тұтынушы əр түрлі оперативті жағдайды сараптай жəне болжай алады.
8. Ақпарды құрастыру жəне басып шығару. MapInfo жүйесінде есеп беруді құрастыру жəне картаны түгел шығару немесе сол картаның бір бөлігін, кестелерін, диаграммаларымен басып шығаруға болады. Басып шығаруда стандартты драйверлер пайдаланады.
9. Əр түрлі есептеу жүйесінде жұмыс істеу мүмкіншілігі. MapInfo PC (Windows 95NT), Macintosh, Sun OS, HP UNIX жəне т. б. Платформаларда жұмыс істей алады.
10. MapInfo-да өзіндік ГАЖ жасау үшін арнайы MapBasic тілі жасалған. Бұл тіл өзіндік интерфейс құруға, бағдарламаларды басқару құралдары, процестердің арасында MapInfo геоақпараттық жүйеге кіріспе 5 деректерді алмастыруды демеу, SQL - сұрау механизмдері, т. б. мүмкіншілігі бар.
11. Біріктірілген OLE. MapInfo-ның OLE-бағдарламаларының құжаттарында карталар құру жəне картографиялық нысандарға өзінің көптеген қызметтерін беруге мүмкіндігі бар. MapInfo терезесі OLE-контейнеріне қойылған кезде ол біріктірілген OLE-нысанға айналады. Егер алатын-бағдарлама OLE хаттамасын қолдайтын болса, бұл жағдайда тікелей тышқанның көмегімен картаның орнын ауыстыруға болады. OLE-контейнері Microsoft Word, Microsoft Excel, Corel Draw жəне басқаларымен тек қана картамен операцияларды жүзеге асыруға болады. Контейнер тақырыптық карталарды құру жəне оларды модификациялау, панельдер мен легендаларды қосу немесе өшіру, кестелерді ашу немесе жабу, қабаттарды басқару сияқты бірнеше сипаттамаға ие.

3. Кеңістік мәліметтерін бекіту үшін координата жүйелері

ГАЖ-да деректер үш түрлі сипаттамада ұсынылады: тұрған орны, уақыты жəне тақырыбы. Алайда, деректер үлгісін құрған кезде жоғарыдағы сипаттаманың екеуі пайдаланылады, олар - тұрған орнын анықтайтын кеңістік деректері жəне тақырыпты, уақытты сипаттайтын деректер атрибуты.
Кеңістік деректері векторлық модельдер арқылы сипатталады жəне олар үш түрлі деректер түрімен ұсынылады:
oo Нүкте (нүктелік нысандар)
oo Сызық (полилиния немесе сызықтық нысандар)
:: Полигондар (ареалдар, аудандық немесе аймақтық нысандар)
Геометриялық ақпараттар үш шамалықты көрсететін, метрлік мәндері мен нүктелер, контурлар және алаңдардың жиынтығы мен анықталады.
ГАЖ жалпы мәліметтер моделдегі координаттық мәліметтерді координаттық моделдер класы анықтайды.
Мысалы ретінде ГеоДраф жүйесіндегі мәліметтер жиының қарастырайық:
:: нүкте - Х, У координат;
:: кесінді - екі нүктені қосатын сызық;
:: шың - кесіндінің бастапқы немесе соңғы нүкте;
:: доға (сызық) - байланыстырған кесінділердің реттелген жиынтығы;
:: узел - доғаның бастапқы немесе соңғы шыңы;
:: нормальды узел - үш доғаға қарайтын узел;
:: ілініп тұрған доға - ілініп тұрған узелі бар доға;
:: түйіскен доға - бастапқы және соңғы шындар бір бірімен келетін доға;
:: полигон - түйіскен контурды келтіретін, түйіскен доғаның немесе байланыстырған кесінділердің реттелген жиынтығы мен шектелген бірлік аймағы.
Нүктелік объектілер. Тек ғана нүктелер емес барлық нүктелік шартты белгілерге кіретін нүктелік мәліметтерді беретін қарапайым кеңістік объекті. Нүкте түрінде ұсынылатын объектілерді таңдауы карта немесе зерттеу масштабына байланысты.
Нүктелік объектілердің ерекшелігі басқа кеңістік объектілер сияқты графикалық файл түрінде, атрибуттер кесте түрінде сақталады.
Сызықтық объектілер. Олар тораптарды көрсету үшін кенінен қолданылады, нүктелік объектілерден ерекшелігі топологиялық белгілер бар.
Кезкелген торабы қосу узелдер, сызықтар мен звеньялардан, мәліметтер база моделдердің торынан турады.
Сызықтық объектілер нүктелік сияқты өзіңнің атрибуттар бар, олар доға және узелдер үшін әр түрлі болады. Доғаға арналған атрибуттар келесідей болады:
:: қозғалыстың бағыты, қозғалыстың қарқындылығы, ұзындығы;
:: жолақтың саны, звенья мен жүру жолдың уақыты;
:: трубаның диаметр, газдың қозғалыс бағыты;
:: электро қуаты, тіректің биіктігі;
:: жолдың саны, еңісі, тоннелдің ені, жүкті көтеру қабілеттілігі және т.с.с.
Узелге арналған атрибуттар:
:: өтетін аралық, қиылысатын көшелердің атаулар;
:: көше қиылысындағы автоматты реттеу;
:: стрелканы ауыстыру түрлер (кол мен немесе автоматты);
:: трансформаторлардың сипаттамасы;
:: компрессордың қуаты.
Координаттық моделдер арасындағы өзара қатынасы. Бір түрдегі немесе әр түрлі объектілер арасындағы өзара байланыстар болу мүмкін. Моделдер құру критериясына байланысты координаттық объектілер арасындағы өзара байланысты үш негізгі типтеріне бөлуге болады.
Бірінші типі - қарапайым элементтерден қиын объектілерді құруға арналған өзара байланысы.
Екінші типі - объектілер координата бойынша табуға болатын өзара байланысы.
Үшінші типі - "рухани". Координата бойынша табуға болмайтын өзара байланысы, олар мәліметтерді еңгізу кезде арнай белгілер және симатиканы алу қажет
Бір текті векторлық деректер жиынтығы (нүктелік, сызықтық, ареалдық) - өзіндік жеке қабат құрайды. Мысалы, нүктелік қабат жиынтығы, сызықтық қабаттар жиынтығы, т.б. Деректер кестесін көрсетудің негізгі түрі - Карта. Сондықтан MapInfo-да карта бірнеше қабаттан тұруы мүмкін. Векторлық қабаттан басқа Карта терезесінде растрлық, тақырыптық жəне Косметикалық қабаттарды көрсету мүмкіншілігі бар.
MapInfoда негізгі ақпаратты өлшем - Кесте (Таблица). Күнделікті таныс кестеге қарағанда бұл Кесте, MapInfo-да қабат түрінде көрсетілген жəне деректер қорымен байланысқан қабат. Деректер қоры кестесінің əрбір жолы жекеленген географиялық нысан деректерін сақтайды, ал кесте бағанасы сол нысан туралы анықтама (атрибут) мəліметін көрсетіп тұрады. Деректерді мұндай түрде көрсету кеңістік-уақыт деректерін көрсетудің жаңаша түрі. Сондықтан MapInfo-да кесте деректерін көрсету үшін Список (Тізім) атты термин қолданылады.
Жұмыс жинағы, күрделі карта тұрғызуға мүмкіншілік беретін деректер жиынтығы (Кесте жəне Қабат) - Жұмыс Жинағы (Рабочий набор) деп аталады. Жұмыс Жинағында кесте аттары, терезе, қосымша терезе, т.б. сақталады. Демек, қолданушы жұмысты Жұмыс Жинағында сақтап кез-келген уақытта оны шақырып алуына мүмкіншілігі бар.
Графика мен картада пайдаланатын шартты белгілер тізімі - Легенда деп аталады.
Басып шығаруға дайындалған графикалық деректер - Есеп беру (Отчет) деп аталады. Ақпар бірнеше терезеден құрылады жəне онда карта, легенда графика, қосымша деректер, т.б. орналасады.
Проекция - жер бетіндегі əрбір нүктені картаға проекциялаудың математикалық моделі. Проекцияның таңдаған түріне байланысты таңдаған карта əр түрлі көрсетілуі мүмкін.
Жүйе (грек тілінен systema - бүтін, бөлшектерден құралу, бірлесу), көптеген элементтердің бір-бірімен байланысы мен қатынасы, белгілі бір бүтіндік бірлік құрайды. Қысқаша, жүйе - элементтер мен процестердің өзара байланысқан тобы.
Ақпарат барлық əдістер, техникалар, амалдар, құралдар, теориялар, бағыттар жəне т.б. ақпаратты жинауға, өңдеуге жəне ақпаратты қолдануға жұмылдырған технологияның барлығы ақпаратты технологиялар деп аталады. Ақпаратты технология - бұл ақпаратты сақтау, енгізу, іздеу, сиыстыру жəне ақпаратты шығару процедурасымен жабдықталған технология.
Геоақпараттық Жүйе - географиялық координаттанған деректерді жинау, енгізу, сақтау, басқару, сараптау жəне математика-картографиялық модельдеу жəне геокеңістік ақпараттың кейпін көрсететін алгоритмдік процедуралар мен аппараттық бағдарламалар құралдарының жиынтығы.

3.1 Растрлық бейнелер

Растрлық бейнелер деп суреттердің нүктелер немесе пиксельдер түрінде берілуін айтады. Базалық элементі нүкте.
Артықшылығы: түзетуге , әдемілеуге, нүктелерді алып тастауға немесе қоюлатуға, әр нүкте түсін өзгертуге болады.
Кемшілігі: суретті улкейтіп-кішірейткенде бастапқы сапасын жоғалтады.
Растрлық редакторларға: Adobe Photoshop,Corel Photo Paint, Paint.
Фракталдық графика деп математикалық формулаларды графиктер түрінде берілетін суреттерді айтады. Базалық элементі математикалық формула. Мысалы y=ax2+bx+c параболаның суретін береді.
Артықшылығы: Компьютер жадында сурет емес, оның формуласы сақталатындықтан өте аз орын алады.
Кемшілігі: фотосуреттер мен көркем суреттерді айқын көрсете алмайды.
Maplnfo программасының негізгі мүмкіншіліктері: векторлық мәліметтермен және олармен байланысты тақырыптық ақпараттармен жұмыс жасайды; суретті төсенді (подложка) ретінде пайдалана отырып картографиялық ақпараттарды жөндеуге болады; мәліметтерді үш түрлі көріністен көруге болады: Карта, Тізім және Графика. Тақырыптық карта құрастыра отырып ақпараттарды көрсету; Карталардың проекцияларын өзгерту; әртүрлi күрделiлiктi сұрау (SQL-запрос) салуларын құрастыру.
Координаттар жүйесі жердегі бағыт пен арақашықтықты анықтау үшін қажет. Ендік пен ұзындықты пайдаланып координаттардың географиялық жүйесі Жердің сфералық бетінде немесе аралық глобуста орналасқан объектілердің жағдайын анықтау үшін жақсы. Осы глобустан жобаланған екі өлшемді карталармен жұмыс істейтіндіктен, әр түрлі проекцияларға сәйкес келетін координаттардың бір немесе бірнеше жүйелері қажет етіледі. Координаттардың мұндай жүйелері жазықтықта координаттардың картографиялық ( геодезиялық) тік бұрышты жүйелері ( cartografical\ geocletic) rectongulor sustems of coordinates) деп аталады, олар жазық карталардағы объектілердің жағдайларын нақты көрсетеді.
Тік бұрышты координаттардың негізгі жүйесі графиктік және сандық бұрыштармен жұмыс бойынша белгілі. Ол 2 сызықтан: абциссалар мен ординаттардан тұрады. Абцисса - 0-ден бастап, яғни координат басынан, 2 бағытта шексіз жалғасатын сандардың бірдей таралуын құрайтын көлденең сызық. Шамаларды - X координаталары деп аталады, олар оң және теріс болады. Екінші сызық, ордината, сол бастапқы нүктеде оң және теріс бағыттарда тік бұрышты қозғалысты қамтамасыз етеді. Олар бірігіп X және Y шамаларын көрсетумен кез келген нүкте мен объектінің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді. ГИС - та координаттарды шығару үшін пайдаланатын қондырғылар мен дигитайзерлер координаттарды қарапайым декаративті жүйеге негізделген. Тік бұрышты координаттардың классикалық жүйесі. Әрбір нүкте қос шамамен - X ( абцисса ) және Y ( ордината ) координатасымен анықталады. Дәстүр бойынша бірінші координатаны X, екінші - Y деп атайды. Карта солтүстіктен жоғары бағытталса, әдетте, координата шығысқа бағытталған деп аталады, өйткені ол шығыс бағыттағы бастапқы нүктенің арақашықтығына сәйкес келеді. Осыған ұқсас, Y - координатасы солтүстікке бағытталған деп аталады, өйткені бастапқы нүктеден солтүстік арақашықтықта сәйкес келеді. Көріп отырғанымыздай, батыс және оңтүстік бағыттар жоқ. Бұның орнына бастапқы нүктені картада барлық мәндер оң болатындай орналастырады, немесе басқаша айтқанда координаттар жүйесінің солтүстік-шығыс квадратында барлық нүктелер болуы керек. Бұл координаттарды бірінші оң жағынан, одан кейін бастапқы нүктеден жоғарыға қарай оқуға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда территорияның мөлшері әрбір жер учаскі үшін жазық беттің нақты көріністі қамтамасыз ететін координаттардың аралас ( нөлдік емес ) бастауларын талап етуі мүмкін. Жоғарыда айтылғандай жазық коордиеаттардың мәндері күрделі болғандықтан ұсақ масштабты карталарды талдауда пайдаланылмайды. Мұндай карталар үшін жобалауда құрылған ауытқу компенсациялары талап етіледі.
ГАЖ - тар проекция жүйесі мен координаттар Меркатордың көп таралған универсалды көлденеңі ( VTM ) болып табылады. Ол дистанциялық ( аралық ) зондтаумен, топографиялық карталарды дайындауда, табиғи ресурстардың деректерінің базасын құруда пайдаланылады. Өйткені, ол көптеген елдерде және ғылыми байланыспен қабылданған метрикалық жүйеде нақты өлшеулерді қамтамасыз етеді. Онда өлшеудің негізгі бірлігі метр болып табылады. VTM жер бетін ұзындвғы 6° бойынша ендіктің 60%-тік белдемінде бөледі. Олардың әрқайсысы оңтүстік ендіктің 80°-нан солтүстік ендіктің 84°-на дейін өтеді. Барлық координаттар оң болу үшін, VTM-де координаттардың 2 басы бар: біреуі - экваторда ( солтүстік ) және екінші - оңтүстік ендіктің 80-ші параллелінде ( оңтүстік ). Бұл белдемдер шығыс бағытта 180°меридианнан басталып номерленген. Жер беті градусты ендік бойынша бөлінеді.
Растерлік бейне -- фотосуреттің немесе суреттің растрлық нүктелер жиынтығы түрінде берілген графикалық материалдардың компьютерлік ұсынылуы. Растрлық бейнелердің үстіне MapInfo картасын салуға болады. Растрлы файлдар түрлі-түсті немесе ақ-қара пиксель деп аталатын нүктелерден тұрады. Растерлік файл Х және У координата жүйелерінде мәлімет ретінде негізі қаланған (практика жүзінде векторлық бейнелерден өзгеше). Барлық MapInfoдағы мәліметтер векторлық болып табылады. Әдетте, олар векторлық бейнелер үшін қосу сияқты етіп, векторлық картаға қарағанда, растерлік бейнелерді бөлшектендіру дәрежесін әлде қайда көп қолданады. MapInfo-да растрлық бейнені тек компьютер экранынан көруге болады растрлық төсенді ретінде, ол көрініске өзгеріс енгізуге болмайды. Векторлық картаға қарағанда растрлық бейнеге ешқандай мәліметтер енгізуге болмайды. Олар векторлық карта салу ұшін тек төсенді ретінде қолданылады. 1 суретте Мәскеудің растрлық картасы, оның үстіне MapInfo векторлық картасы салынған Растрлық бейнелерді алудың бірнеше әдістері бар.
Егер сізде бағдарламалық қамтамамен қамтамасыз етілген сканер құрылғысы болса соның көмегімен растерлік файлды құра аласыз. MapInfo өзі сканермен байланыспайды, ол тек басқа программада дайындалған файл көріністерін оқиды. MapInfo сканерлеу программасында құрылған растрлық бейнелерді оқи алады және көрсете алады. Кейбір графикалық пакеттер TIFF форматындағы (Tagged Image File Format) (tif.) бейнелерді экспорттайды немесе сақтауға мүмкіндік береді. Осылай, графикалық пакеттер көмегімен TIFF-файлын құрып, оны содан кейін MapInfo-да көрсетуге болады.
MapInfo-да растрлық көріністер әртүрлі графикалық материалдарды және фотосуреттерді, қағаз карталарын қолдануға мүмкіндік береді Мысалы, егер сіз қағаз карталарымен жұмыс істейтін болсаңыз, онда оларды MapInfo форматында векторлық карта құру үшін қолдана аласыз.
Өткізілген қағаз картасы мен растрлық файл ретінде алынған карталарды сіз карталар терезесінде көрсете аласыз. Карта терезесінде көрсетілген растрлық бейнелерге бұрынғыдай өлшеміне, масштабына немесе осы терезенің орталық нүктесіне өзгерту енгізе аласыз. Мысалы, растрлық бейне көрінісінің көлемін ұлғайту үшін Ұлғайту лупасы құралы қолданылады. Сонымен қатар мынаны есте сақтау керек: көлемін қатты ұлғайту растрлық суреттердің көрінісін жоғалатады. Әрбір нүкте (пиксель) нақты көрінеді. Сол үшін бейне әртүрлі түстегі квадраттар жиынына айналады, нақтылығын жоғалтады.(3 - сурет)

3 - сурет - Растрлық карта үлгісі

Растрлық бейнелеу экранда векторлық қабаттарға енгізуге болмайтын нақтылықтарды көрсетеді, мысалы, космостық фототүсірімдердің топографиялық нақтылықтарын векторлық форматқа аудару ыңғайсыз. Растрлық бейненің үстіне векторлық қабатты орналастыру арқылы сіз карталарды жөндей аласыз. Төсенді қағазды қолдана отырып редактирования процесі тассировка деп аталады (Қателіктері аз болуы үшін сіздер проекциясы дәл белгілі растрлық бейнеледі немесе өзгертілген аэрофотосуреттерді ғана сандық көрініске келтіре аласыз). MapInfo-да растрлық бейнелерді қолданатындардың көбі сканерден өткізілген карталар немесе фототүсірілімдер. Сонымен қатар басқа да үлгілерді көрсет, соның ішінде әртүрлі компаниялардың эмблемаларын. Карта терезесіне эмблеманы сыйдыру арқылы сіз Есеп беру терезесі көмегімен шыққан құжатта қолдана аласыз. Көптеген әртүрлі форматтағы растрлық файлдар қолданыста бар.
Растрлік кескінді тіркеген кезде меңзерді тірек нүктелеріне дәл әкелу өте маңыды болып табьшады. Егер тірек нүктелері дұрыс орналастырылса, Mapinfo растрлік кескінді бүрмаламай, езгеріссіз керсетеді. Векторлық мәліметтерді салған кезде Mapinfo векторлық ақпаратты растр мен векторлық қабаттардың өзара дұрыс орналасуын қамтамасыз ету үшін тасымалдайды.
Бірінші кезеңде картографиялық проекция мен өлшем бірліктер таңдалады. Содан кейін маустың меңзерімен кескіннің нүктесі көрсетіледі. Нүктенің координаталарын (картада елшенген немесе басқа кө3Dерден алынған) беретін Добавить опорную точку диалогтік терезесі пайда болады. Нүкте кескіннің кішкене терезесінде белгіленген болады. Картаны тіркеу үшін координаталар, ең болмағанда үш тірек нүктелерін енгізу керек; бірақ егер кескіннің проекциясы белгісіз болса, онда нүктелердің саны көбірек болуы керек. Жаңа растрлік кескінді тіркеу процесі кезінде Регистрация изображения диалогтік терезесінде тірек нүктелері үшін тіркеу қателіктерінің мәндері беріледі. Қателік дегеніміз кескіндегі нүктенің нақты орны мен берілген X және У координаталарының арасындағы айырмашылығы болып саналады. Қателік мәні неғұрлым төмен болғаны өте маңы3Dы. Тіркеудің қателігі үлкен болған кезде оастрліх және векторлық қабзтгарды үйлесі^ген кч3Dя зуыткутчмлыктат1 пайда болады. Тірек нүктелернің координаталарын белгілеген кезде өте үлкен цәддікке жету үшін кескінді үлкейту керек (+ батырмасы).
Тіркеудің дәлдігін тірек нүктелерінің санын көбейту арқылы үлкейтуге болады. Тіркеудің қателігі тым үлкен болғанда тірек нүктелерінің координаталарына өзгертулер енгізу керек. Ол үшін Регистрация изображения диалогінің жоғарғы бөлігінде нүкте туралы жазба мен картадағы нүктенің баекаша орналасуын таңдайды.
Растрлік кескіннің тіркеуін бір рет қана жүргізеді. Ары қарай бұл ақпарат *tab кеңейтуімен файлда сақталады.
Mapinfo-да кестелердің екі түрі бар. Әдеттегі кестелер - мәліметтер кестесі. Mapinfo кестелерінің көбі осы түрге жатады. Бұл түр өз кезегінде графикалық объектілері болатын (картадағы объектілермен) және болмайтын (электрондық кестелер және мәліметтердің сыртқы базалары) кестелеріне бөлінеді. Кестелердің екінші түрі - растрлік кестелер, яғни Карта терезелерінде көрсетуге болатын кескіндер. Бұл компьютерлік кескіндердің жазбалары, өрістері, индекстері болмайды. Барлық ақпарат әдеттегі кестелерге (мәліметтер кестесіне) жатады.

3.2 Mapinfo жүйесінің негізгі мүмкіндіктері

MapInfo келесі форматтармен жұмыс істей алады:
:: файл аты GIF (Graphics Interchange Format)
:: файл аты. JPG (JPEG форматы)
:: файл аты.TIFF (Tagged Image File Format форматы)
:: файл аты.РСХ (ZSoft Paintbrush)
:: файл аты.ВМР (Windows bitmap)
:: файл аты.ТОА (Targa)
:: файл аты -BIL (SPOT спутникті түсірілім)
:: файл аты.ЗГО (MrSID форматы)
:: файл аты -WMF (Windows Metafile форматы)
:: файл аты PNG (Portable Network Graphics форматы)
:: файл аты -PSD (Photoshop 3.0 форматы)
:: файл аты -ECW (ECW модуль форматы)
Әдетте Mapinfo - мен жұмыс істегенде кестелер мен терезелердің кебі колданылады. Кестелер мен терезелерді ашу белгілі бір уақытты алады. Mapinfo-да қолданылатын барлык кестелер мен терезелерді Жұмыс Жиынтығына біріктіруге болады.
WOR кеңейтуі бар файлда сақталатын осы уақытта барлық қолданылатын кестелер мен терезелердің тізімі жұмыс жиынтығы болып табылады.
Онда барлық ашық тұрған терезелер, олардың өлшемдері және экрандағы жағдайы, шрифтер, белгілер, сызықтар және шрихтер туралы ақпарат бар. Жұмыс жиынтығын сақтағанда кестелерді редакциялау нәтижелері, сонымен қатар косметикалық қабаты үстіндегі операциялар ескерілмейді. Олар жеке сакталынады.
Мәліметтерді үш терезенің көмегімен қарауға болады:
- Карта терезесі - ақпаратгы мәліметтердің графикалық тәуелділігін
талдауга мүмкіндік беретін жай карта түрінде керсетеді. Картаның
терезесінде бірден бірнеше кестелерден тұратын ақпарат болады, бұнда әр
бір кесте картаның белек қабаты ретіниде керсетіледі;
Тізім терезесі - ақпаратты жолдар мен бағаналардан тұратын электрондық кесте, жазба тізімі түрінде керсетеді;
График терезесі - ақпаратты мәліметтер арасындага сандық тәуелділіктерді талдауға мүмкіндік беретін графиктер мен диаграммалар түрінде керсетеді.
Мәліметтерді синхронды көрсету тухнологиясы кестені бірнеше Карта, Тізім және График терезелерінде бір уақытта қарауға мүмкіндік береді.
Mapinfo растрлік кескіндердің келесі түрлерімен жұмыс істейді:
ақ-қара кескіндер: мұнда әр бір пиксель қара немесе ақ нүктеге сәйкес келеді. Мұндай кескіндер аз орын алады және Mapinfo - да тез оқылып керсетіледі;
жарты енді кескіндер: әр бір пиксель қара, ақ немесе сұр түстің бір өңін керсетеді; .
түсті кескіндер: әр бір пиксель берілген кескіннің палитрасында бар түстердің біреуін бейнелейді.
Негізгі операцияларды менюдағы сәйкес пунктердің немесе инструменттер панеліндегі батырмалардың кемегімен орындауға болады.
Теменде Пенал және Операциялар программаларының арнайы панельдерінің негізгі батырмаларының неге арналғаны келтірілген.
Операциялар аспаптар панелі.
Увеличивающая лупа кескінді үлкейту үшін керек. Бұл инструментті қолданудың екі әдісі бар:
курсор терезенің жұмыс ерісіне орналастырылады, маустың сол жақ батырмасын басу терезедегі кескінді екі есе үлкейтеді. Кескіннің ортасында болған нүкте үлкейткен кезде де ортасында қалады. Осылайша қажет болғанша бірнеше рет қайталауға болады.
инструментпен тік бұрышты аудан салынады, ол үшін керсеткіш тік бұрышты үш бұрыштың ойдағы жогарғы сол жақ бұрышына орналастырылады да маус пернесін басып тұрған жағдайда қозғалады. Керсеткіштің артынан үзік-үзік сызықты тік бұрышты үш бұрыш жүреді, ол қажетті елшемге жеткенде пернені жіберіңіз. Үзік-үзік сызықты жақтаумен шектелген аудан үлкейтіледі. Mapinfo кескіннің елшемін Карта терезесінің бүкіл ауданын алатындай үлкейтеді. Алайда үлкейту пропорцияны ескерумен жасалынады, егер терезенің формасынан ерекшелінетін тік бұрышты үш бұрыш таңдалып алынса, үлкейтілген аудан инструментпен таңдалып алынганнан біраз үлкен болады.
Уменьшающая лупа кескінді кішірейту үшін керек.
батырмасы Карта немесе Есеп терезесіндегі кескіннің орнын ауыстыру үшін қолданылады.
* батырмасында Ақпарат инструменті бар. Инструмент Ақпарат қосымша терезесін ашу үшін және онда инструментпен таңдалып алынған объектіге қатысты кестелік мәліметтерді бейнелеу үшін қолданылады. Сонымен қатар терезеде Карта терезесінде аспап керсеткен нүкте жататын барлық объектілер көрсетіледі.
* батырмасында Подпись инструменті бар. Бұл инструмент Картада сәйкес мәліметтер базасынан ерістерді пайдалана отырып инструментпен таңдалып алынған объектіге ат беру үшін қолданылады. Егер Карта терезесі белсенлі болса және ең болмағанда біо кабэт ашық болғанда батырманы пайдалануға болады.
* батырмасы бейнелеу режимдерін басқаруға және Карта терезесінде қабаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Управление слоями диалогін ашады. Карта терезесі белсенді болганда ғана батырманы пайдалануға болады.
* батырмасы экранға тақырыптық белгілеуі бар График және Карта терезесінде қолданылатын шартты белгілерді көрсету үшін Легенда қосымша терезесін шығарады.
* батырмасында Выбор в рамке инструменті бар. Бұл инструмент осы инструментпен сызылған тік бұрышты үш бұрыштың ішіндегі объектілерді таңцау үшін қолданылады. Карта фонындагы маустын көрсеткіші қолдың сү_қ саусағы түрінде болады.
* батырмасыңда Выбор в круге инструменті бар. Бұл инструмент осы инструментпен сызылган дөңгелектің ішіндегі объектілерді тандау үшін қолданьшады.
* батырмасында Линейка инструменті бар және арнайы Линейка терезесін ашады. Бұл инструмент картадағы екі нүктенің арасындагы ара қашыктықты анықтау үшін қолданылады.
* батырмасында Стрелка инструменті бар. Бұл инструмент бір
немесе одан да көп жазбаларда бір немесе одан да көп объектілерді таңдау
үшін қолданылады. Сонымен қатар инструментті Картада, Есепте немесе
Тізімде жөндеу операциялары үшін қолдануға болады.
* батырмасы таңдалған жазбалардағы сандық өрістердегі суммалар мен орташа мәндерді көрсететін Статистика инструментін ашады. Таңдалған жазбалардың {объектілердің) саны да осы терезеде көрсетіледі. Таңдауды өзгерткенде мәндер автоматты түрде қайтадан есептеледі.
Пенал панелінің негізгі кнопкалары.
батырмасында Линия инструменті бар. Бұл инструмент Карта және Есеп терезелерінде түзу сызықтар салу үшін қолданылады.
батырмасында Полилинии инструменті бар. Инструмент Карта және Есеп терезелерінде қисық сызықтар салу үшін қолданылады.
батырмасында Доға инструменті бар. Инструмент эллипстің ширегін бейнелейтін доға түріндегі объектілерді салу үшін қолданылады. Объектіні салғаннан кейін қалауың бойынша доғаның пішінін өзгертуге болады.
* батырмасында Эллипс инструменті бар. Инструмент эллипс және дөңгелектерді салу үшін қолданылады.
* батырмасында Полигон инструменті бар. Инструмент
қабыргаларды белгілей отырып, Карта және Есеп терезелерінде көп
бүрыщтар салу үшін қолданылады.
* батырмасы сызыкты объектілерді керкемдеу стилін езгерту үшін колданьшатын Линия диалогін ашады. Ауцанцарды көркемдеу стилін белгілеуге және тандалған объектілердің стилін езгертуге болады.
* батырмасы аудан, тік бұрышты үшбұрыш, эллипс және деңгелектелінген тік бұрышты үшбүрыш сияқты аудандык объектілерді көркемдеу стилін езгерту үшін қолданылатын Стиль области диалогін ашады. Контур сызыгының түрін, оның түсін, қалыңдығын, сонымен қатар штрихтаудың түрі мен түсін езгертуге болады. Диалог аудандарды керкемдеу стилін беру және тандалған объектілердің стилін езгерту үшін қолданьшады.
* батырмасында Прямоугольник инструменті бар. Инструмент тік бұрыщты үшбұрыш салу үшін колданылады.
* батырмасы сызықтың түйіндері мен сегменттерінің орнын ауыстыру, қосу және ешіру арқылы полигондар, полисызықтар және түзу сызықтардың пішінін езгертуге мүмкіндік беретін Форма режимін қосады. Сонымен қатар сіз жаңа сызықтар мен қисықтар салу үшін түйіндерді кешіре және орнын ауыстыра аласыз. Батырма Карта терезесі мен езгертілетін терезе немесе Есеп терезесі белсенді болса пайдаланылады.
* ] батырмасы түзелінетін объектілердің пішінін езгерту үшін түйіндер қосуға мүмкіндік береді.
* батырмасында Символ инструменті бар. Инструмент картада символмен белгіленетін нүктелік объектілерді салу үшін қолданылады.
* батырмасы нүктелік объектілерді керкемдеу стилін езгерту үшін колданылатын Символ диалогін ашады. Сіз символдың түрін, оның түсін, елшемін және түсін өзгерте аласыз. Диалог нүктелік объектілер мен Тізімдегі текстіні керкемдеу стилін белгілеу үшін, сонымен қатар тандалған объектілердің стилін езгерту үшін қолданылады.
* батырмасында Карта және Есеп терезелерінде текстік объектілерді күру үшін қолданылатын Текст инструменті бар.
* батырмасы текстердің керкемдеу стилін езгерту үшін қолданылатын Стиль текста диалогін ашады. Сіз шрифтіні, оның жазылуын, елшемін және түсін езгерте аласыз. Диалог текстік объектілерді керкемдеу стилін беру үшін, сонымен қатар таңдалған объектілердің стилін езгерту үшін қолданылады.
МарInfoда әрбір үяшықтың жарықтылық деңгейі беттің жарықтанылу дәрежесіне сэйкес келеді. Жарықтылыктың жоғарғы деңгейіне елестетілген жарық кезінен сәулелері перпендикуляр түсетін (жарық кезінен сәулелердің тура түсуіне сәйкес) бет ұяшықтары жатады.
Бет жарық көзіне түсетін багытынан қаншама көп ауытқыса, үяшықтардың жарықіылық деңгеиі соншама аз болады. Беттің жартылай айқындылыгы.
МарInfo темен орналасқан қабаттардың керінуін анықтайтын беттің айқындылық дэрежесін баптауға мүмкіндік береді. Мысалы, векторлық шекаралары бар қабат болса, ондагы шекараларды беттің жоғары орналасқан қабаты арқылы көру қажет. Егер айқындылық 0%-ке орнатылса, онда темен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастру
Ақпараттық технологияның артықшылықтары
Қазақстан картографиясын дамытудың перспективасы
Тақырыптық карталарды құрастыру мен 1: 5000 масштабтағы топографиялық карта жасау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ресурстарын басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету
Геоақпараттық өнім түрлері Қазақстанда кең тараған геоақпараттық өнімдердің қолдану аясы мен мүмкіншіліктері
Жер телімінің кадастрлық құнын мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына енгізу
Геоақпараттық өнім түрлері мен ерекшеліктері
Тахеометриялық түсіріс және оны өңдеу
Тақырыптық карталардың мазмұнының элементтері
Пәндер