Бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту

Мазмұны

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқытудағы жаңа технологиялар . . . 5

2. 2. Бастауыш мектеп оқушыларының грамматиканы меңгерудің психологиялық кезеңдері . . . 16

2. 3. Бастауыш мектепте зат есімді оқыту және оны басқа сөз таптарымен байланыстыра оқыту маңызы . . . 20

2. 4. Зат есім мен етістікті байланыстыра оқыту . . . 37

2. 5. Зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту . . . 40

2. 6. Зат есім мен сан есімді байланыстыра оқыту . . . 44

ІІІ. Қорытынды . . . 46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 47

Ғылыми аппарат

Курстық жұмыстың өзектілігі: Оқушыларға ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгеруге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретіге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.

Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан бастауыш мектептерде жүргізілген бақылауларымыздың қорытындысы мынаны көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін білім мазмұнын әдістемелік- психофизиологиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере алмаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп, айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Грамматиканы оқытуда басты назарды зат есімді оқытуға аударған жөн. Себебі, бастауыш мектепте зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытады. Сондықтан тақырып өзекті.

Зерттеу объектісі : Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту процесі алынды

Зерттеу пәні : қазақ тілін оқыту әдістемесі

Курстық жұмысының мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларына сөз таптары туралы ұғым беру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Бастауыш мектепте зат есімді оқыту тәжірибесімен танысу;
  2. Тақырыпқа сәйкес әдістемелік, педагогикалық еңбектерге сараптама жасау;
  3. Оқушылардың зат есім жөнінде білімдерін жетілдіру.

Зерттеу әдістері. Курстық жұмысында баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері пайдаланылды.

І Кіріспе

Тілдің, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгеруге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезінен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйреті тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізілі бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарынүйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.

Бастауыш мектептерді тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:

а) оқуға үйрету;

ә) сөздік қорын, стилистикалық дәлдікті мазмұндылықты, логикалық жүйелілікті қамтитын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;

б) фонетиканы, сөз құрамын және грамматиканы (морфология, синтаксис) меңгерті;

в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.

Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажт деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.

Бұл тұста орыс ғалымдары Д. Н. Богоявленскийдің, Н. Ф. Жуковтың, Н. С. Рождественскийдің, Е. Г. Шашкованың және т. б. бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70-жылдары бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселлерін қарастырған әдіскер-ғалымдар да (М. Балақаев, Р. Әміров, С. Рахметова, Ш. Әуелбаев, А. Асқарбаева, О. Байқуатова, т. б. ) өз еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңайлы әдіс-тәсілдерін жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды. Алайда бұл мәселелер 80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшкен төрт жылдық бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ деуге болады. Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан бастауыш мектептерде жүргізілген бақылауларымыздың қорытындысы сынаны көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін білім мазмұнын әдістемелік-психофизиологиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере алмаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп, айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынаніс жүзінде қолдана алмайды. Грамматиканы оқытуда басты назарды зат есімді оқытуға аударған жөн. Себебі, бастауыш мектепте зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытады. Сондықтан тақырып өзекті.

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқытудағы жаңа технологиялар

Қазақ тілі пәнін оқыту - мемлекеттік тілде жүретін мектеп пәндерінің ішіндегі ең бастысы, бәрінің ортақ өзегі әрі ұйытқысы. Ана тілін жақсы білмей тұрып, ол тілде дұрыс, еркін сөйлеп сауатты да сындарлы жазуға үйренбей тұрып, қалған пәндерді ойдағыдай саналы меңгеру жайында айтудың өзі артық. Осы білім, дағды, біліктердің барлығынң негізгі бастауыш сыныптарда қалатыны белгілі. Ұлы педагог К. Д. Ушинский:«Халық тілі - тарих шекарасынан әрі қайда әріректен басталатын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі, оның күллі барлық терең, толық ойы мен сезімі туған елінің тілінде», -деп көрсеткен болатын. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады. Осындай күрделі міндеттерді шешуде ерекше орын алатын пән - ана тілі. Ана тілінің маңызы туралы Ж. Аймауытов былай дейді: «Ана тілі - халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жанның барлық толқындарын тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы - сол халықтың тілі». Бұған «Мұралардың ең қымбаты - сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн шықпас суық көңілді жылытады. Асыл сөз мәңгі жасайды», - деген Ғ. Мұстафиннің сөздеріне қоса ана тіліміздің алатын орнын, Конституцияға қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілгенін, халқымыздың егемендікке ие болуы нәтижесінде қолы жеткен ұлы қуаныш, бақытымыз екені жайында әңгімелей келе, оқушыларымызға оның мәнін терең ұғындыра түсу үшін көрнекті тұлғалардың ана тілі жайында айтатын қанатты сөздерінен мысал келтіруді жөн көрдім. Л. Н. Толстойдың «Қанша айтсаң да, ана тілі қашан да ана тілі болып қала береді. Шешіліп бір сөйлеген келген кезде бірде-бір француз сөзі басқа кірмейді, ал бір жарқ етіп қалғың келеді екен, онда мәселе басқа», М. И. Калинин «Ана тілін үйрену - ұлы іс. Әркім өз ана тілімен сөйлесуге, анасынан туа үйренген тілімен сөйлеуге тырысуы керек. Ең жақсы тіл - ана тілі», М. Әуезовтің «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті ұжым деп санауға болмайды», Ғ. Мүсіреповтің «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан қол үзеді», - деген сөздерінен-ақ ана тілінің ерекше екендігі көрінеді.

Осыдан қазақ тілі пәнін оқытудың бес түрлі маңыздылығы шығады:

  1. Білімділік «ғылым негіздерімен қаруландыру)
  2. Тәрбиелік (адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру)
  3. Дамытушылық (баланың таным қабілеттерін арттыру)
  4. Аралық қызмет (ұлттық дәрісханаларда қазақ тілі арқылы басқа пәндерді ұғындыру)
  5. Қатысымдық қызмет (қазақ тілін оқыту арқылы басқа қабілетін жетілдіру) .

Қазіргі таңда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында мұғалімдер алдында қалай және нені оқыту керек деген сұрақтар туу заңды. Білімді толығымен ендіру, бағдарламаны толық ұғындыру, әрбір мұғалімнің алдында тұрған мақсат. Сондықтан қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары шығуда, соған орай жаңаша бағдарламалар жасалып, оқытудың бағыттары беріле бастады. Соның бірі - бастауыш сынып оқушыларына арналған «Атамұра» баспасынан шыққан жаңа бағдарламаларға негізделген «Қазақ тілі» оқулықтары. Бұл оқулықтар жаңаша оқыту бағыттарын талап етеді. Себебі «Атамұра» баспасынан шыққан «Қазақ тілі» оқулықтары мынадай оқу-әдістемелік принциптерге негізделген:

1. Оқулықтарды жасау барысында автолар мынадай сәселелерге басты назар аударған:

а) Қызметтік. Қазақ тілінің фонологиялық, лексиалық, грамматикалық жақтарынан білім ала отырып оқушы, қатынас қызметін қолдану мүмкіншілігі.

ә) Жүйелілік. Қазақ тілін оқыту барысы белгілі бір жүйеге бағындырыла жасалынған.

б) Тәрбиелік. Әрбір сөйлем, мәтін оқушыға тәрбие беру мақсатында іріктеліп алынған.

2. Оқыту барысын жеңілдету үшін оқулықтармен қоса оқу кешенін құрайтын көмекші оқу - әдістемелік құралдар шықты. Бұл кешенде басты орынды, негізі болып «Қазақ тілі» оқулығы тұрады. «Қазақ тілі» оқулығын негіз ете отырып, «Таза жазу» дәптерлері, түрлі «Қазақ тілі» оқыту жөніндегі әдістемелік құрал, көмекші, диафильмдер түрлі бағдарламалар, көрнекті құралдары т. б. шықты.

3. Оқулықта балаларға білім беру жүйесі толық сақталынған. Әрбір тақырып бастауып мектеп оқушыларына оқу және жазу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында берілген. Сондай-ақ әрбір тақырып жеңілден - ауырға, оңайдан - қиынға принципіне сүйене отырып, бүкіл бастауыш мектеп бағдарламаларына сәйкес жүйемен берілген.

4. Оқулықтардың құрылымы мен мазмұны оқушылардың жазу және оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру ісін жетілдіруде өтілген тақырыпқа қоса келесі тақырыпқа негізделіп отырады.

5. Оқулықтарда тілдік материалдың берілуі мен іріктелуі қазақ тілінің фонологиялық, лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, грамматикалық заңдылықтарына негізделе отырып алынған. Тілдік материадар әліппеге дейінгі, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезеңдерді толық қамтиды. Тілдік материалдар негізінен лексикалық және грамматикалық принциптерге сүйенген. Әрбір сөздің мағынасы жекеше тұрып та, басқа сөздермен байланысқа түскен жағдайларда толық ашуға әрекет жасалынған.

6. Оқулықта оқушылардың фонетикалық, орфографиялық, грамматикалық, лексикалық дағдыларын қалыптастыру үшін түрлі практикалық жаттығулар берілген.

7. Оқулықтағы түрлі тапсыралар мен сұрақтар балалардың оқу және жазу, түсіну дағдыларын қалытастыруға негіз болады.

8. Оқулықта оқушылардың саналылығы мен белсенділігін арттыруға түрлі іс-әрекеттер басымды.

9. Оқулықтар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық заңдылықтар мен тұжырымдары негізге алынған.

10. Оқулықтар бастауыш мектеп бағдарламаларына сәйкес жасалынған:

а) әліппе және тіл дамыту.

ә) оқу, фонета, грамматика және тіл дамыту.

б) фонетика, грамматика, емле және тіл дамыту.

в) грамматика, емле және тіл дамыту.

11. Әрбір сынып оқулығы келесі сынып оқулығының басы, келесі сынып оқулығы бұрынғы сынып оқулығының жалғасы ретінде жасалынған.

Бірінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары мен жүйесі жөнінде, лексика мен грамматиканың алғы шарттары ғана берілген.

Екінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарына жекелей тоқталып, грамматика мен емле үйретіле бастайды.

Үшінші мен төртінші сынып оқулықтарында - бүкіл бастауыш мектепте үйретілуге тиіс материалдар толығымен оқытылып, жоғары сыныптардағы оқуға негіз жасалынады.

Оқулықтардың осындай принцитеріне негізделе жаалуы - заман талабы. ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап кеңестік әскерлердің арасында оқыту ісін жетілдіру жұмыстары сөз болып, түрлі семинарлар өткізе бастады. Әдіскерлердің осында іс-әрекеттері нәтижесінде жаңа ғылыми бағыт дүниеге келді. Бұл ғылыми бағыт - лингводидактика деп аталады. Терминді академик Н. М. Шанский енгізді. Лингводидактика бүкіл тіл ғылымының психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын өзіне жинақтайтын оқыту әдістер жиынтығы.

Оқулық әдістері тек оқулықтағы берілген тапсырмалар мен жаттығуларға сәйкестеліне жасалуы қажет деген пікір қалыптасқан. Осыдан оқушы тек тапсырманы ғана орындауы қажет, басқа тапсырмалардың қажеті шамалы деген қағида шықты. Мысалы, Сабақта №321, 322 жаттығуларды орындап үйге №325, 326 жаттығуларды орындалуы шартталынады. Бұл сабақта өту жұмысын бір тектес, бір сарынды етіп қойды. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп, белсенділігін арттыруға негіз-түрткі екендігі қазір барша әдіскелерге аян. Түрткісіз сабақ шаблон секілді алдын-ала белгілі, пәнге деген қызығушылығын тудырмауы заңды.

Сондықтан, қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары оған жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет ететіні белгілі. Бұл ретте алға қойылған бағдарламалық талаптарды бір-біріне бөле қарауға болмайды. Түпкі мақсат, тәрбиелік міндеттерге қоса, оқушылардың өз ойларын тұжырымды да тұжырымды айтуға үйрету, сауатты да сындарлы жазып жеткізе алатын болуына қол жеткізу десек, ең алдымен олардың, сөздік қорын үнемі молайтып, тілдік түйсік-талғамын жетілдіре беруде бастауыш сынып мұғалімдерінің ететін еңбегі зор.

Мұндай нәтижеге мұғалім өзінің сабақ өту әдістерін үнемі жетілдіру, оны тиімді пайдалану арқылы қол жеткізеді. Қандай әдіспен өтсе де балаға бағдарламаға сай білімді сіңдіру түпкі мақсат. Сондықтан мұғалімдер қазіргі кезеңдегі ғылым жетістіктерін пайдалана отырып, әдіскерлердің ұсынған әдістерін саралай келе өзіне қажетін іріктеп алады. Әрбір әдіс тәжірибе түрінде сыналып, жинақталынып алынған нұсқау. Егер де мұғалім әдістерді дұрыс қолдана білсе, бұл әдістер тек оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, сонымен қатар пәннің мазмұнын терең түсіріп меңгеруді, толыққанды білім мен тәрбие алуына, білім көрсеткіштерін арттыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезеңде ғалымдардың зерттеулері бойынша сабақты ойын түрде өткен жағдайларда ғана бала санасына білім тез және толық енетіндігін көрсетеді.

1-сызба

Оқыту пирамидасы. (игерудің орташа проценті)

Дәріс . . . 5%

Оқу . . . 10%

Көрнекі және аудио материалдар . . . 20%

Көрсету . . . 30%

Пікірталас тобындағы жұмыс . . . 50%

Іс-қимыл арқылы оқу . . . 75%

Басқаларды үйрету . . . 90%

Ғалымдардың көрсетуі бойынша сабақты тек мұғалімнің өзі ғана жүргізіп, оқушылар мен мұғалім арасында, іс-әрекет тек бір жақты болған жағдайда бүкіл сабақты игеру мүмкіндіктері 50%-ке жетпейтіндігін көрсетті. Мұндай сабақтарды оқушылардың іс-әрекеті төмен, тек дәріс, оқу, көру ғана болғандықтан сабақтан тез жалығады, қызығушылығы төмендейді. Егер сабақты мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас «таратқыш-қабылдағыш» түрінде емес, «мұғалім-оқушы» немесе «тұлға-тұлға» түрінде өткен жағдайларда оқушы білімді тезірек және сапалы түрде сіңіре алады.

Мұндай сабақтарда оқушылардың іс-әрекеті жоғары, бір-бірімен сөйлесу, сабақты ойын түрде өткізіп бүкіл білімін 75%-н өзіне сіңіре алатындығын сызбадан көрінеді.

Балалардың оқуына түрткі болған жағдайларды психолог ғалымдар екіге бөледі.

1. Сыртқы түрткілер болса, 2- ішкі түрткілер. Бірақ бұл түрткілердің арасында белгілі бір шекара. жоқ, сыртқы түрткі ішкі түрткіге, керісінше ішкі түртксыртқы түрткіге оңай өте алады. Бастауыш сынып оқушыларына мұғалімнің сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы, қимыл іс-әрекеттерінің барлығы баланың ішкі түрткісінің оянуына себеп болады. Бастауыш сынып оқушыларына тағы бір тән қасиет - мұғалім сөзіне имандай мену айтқанын бұлжытпай орындау мұғалімді «ата-аналар» қатарына қосу. Міне сондықтан, мұғалімнің істеген іс-қимылдары, айтқан қылықтары, оқушылардың оқуға деген ішкі түрткісіне айналады. Ал сыртқы түрткісіне оқитын сыныптастары, түрлі әдістемелік құралдар, көрнекіліктер т. б. жатады. Егер сыртқы түрткілер оқушылардың бойында психологиялық және физиологиялық белсенділігін арттырған жағдайда балалар бойында ішкі түрткі іске асады. Балалардың сабақта бір орында тыныш отырып, сабақ тыңдауы, сабаққа қатысуы төмен болса оқуды жөнді игере алмайды.

Сабақ неғұрлым қызықты жан-жақты ойын түрде өтілетін болса, оқушылардың білімді игеруі де соғұрлым жақсара бермек. Бастауыш сынып оқушыларына сабақты ойнап отырып қабылдайды, ойнай отырып оқиды. Мұндай сабақтарда мұғалім де ойынға қатысушы мүшелерінің біріне айналуға тиіс.

Н. А. Байбуртян, И. А. Геодекян, т. б. ғалымдар ойын сабақтардың балаларға тигізетін ұғымды тұстарын атап өткен, сондықтан, біз ойын-сабақтарға терең тоқталмай, тек оқушыларға іс-әрекеттің қаншалықты пайдалы екенін атап көрсетті.

Білімді е ең жоғары түрі балалардың біріне-бірі сабақ өтуі, түсіндіруі болып табылады. Мұндай қос оқушының сабақтарындамұғалім оқушыға ертеңгі тапсырманы түсіндіріп, үйде оқып, дайындалып келуін тапсырады. Дайындалып келген оқушы өзінің білгенін жанындағы оқушыға түсіндіреді. Мұндай тәсіл екінші тілді оқытқан кезде ғана тиімді болып есептелінеді.

Бастауыш сынып оқушыларына зат есімді оқыту барысында сабақты ойын - сабақ түрінде, этнопедагогикамен байланыстыра өтуді жөн көрдік. Осындай жағдайда оқушыларға мынадай білімді, біліктілікті:

а) Өз ойларын мазмұнды грамматикалық тұрғыдан сауатты стильдік жағынан жатық, дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру;

ә) Оқушылардың сөздік қорын молайтудың, өз мағыналарын дұрыс ұғынып, сөздерді орынды жұмсай білу дағдысын қалыптастыру;

б) Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем және сөйлеу үлгілерін негіз ете отырып сөйлемді дұрыс құруды үйрету;

в) Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар және қазақ халқының көрнекті ақын-жазушыларының шығармаларын ребустар мен сөзжұмбақты, грамматикалық тапсырмалар талабына сай іріктеп алып оқушылардың бойына сіңдіру;

г) Оқушылықтардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дамыту; секілді т. б. қасиеттерді үйрете алатынымызды көрдік.

2. Бастауыш сыныптарды грамматиканы оқыту мәселелерінің зертелуі.

Баланың сөздік қорында сөздердің барлығы сөйлеу процесінде қолға түсіп, бір-бірімен байланыста болады. Психолог А. Н. Гвоздев баланың сөйлем, сөздерді тіркестіре айта бастауы, 1, 10 ай - 2 жасында пайда болып, кейінірек дами түсетіндігін көрсетеді. «Ребенок еще не обучавщися родному языку, практический полностью владает грамматическим формами: дети никогда не делает ошибок, «лампа стояла над столом», то есит своеречевой практике слогают, спергают и согласует слова. Овледевает этими речевыми операциями ребенок в процессе «фактического приспособление своей речевой деятельности к тем язковым условым, в которых она протекает в процессе «приложивания», «подражания», - деп мектепке келген баланың тілдік бүкіл грамматикалық заңдылықтармен білетіндігін көрсетеді.

Бала алғаш сөйлем құрап сөйлеген кезінен бастап-ақ, түбірлер мен қосымшалады дұрыс жалғап, қолдана алады. Бала тілі зерттеген Д. Н. Шмилев, Қ. Молдабеков, К. Р. Львов т. б. секілді ғалымдар бала грамматикалық заңдылықтарды дұрыс қолдана алатындығын көрсетеді. Д. Н. Шмилев «Препринятое последние годястатические исследование функционально стилитического расспределения грамматических форм слов, содерит интересные данные, но они в основном ориентирования на формы слов но не их значение, между тем как возможности «перенсоного» употребление грамматических форм как раз и разлияны в разных типах речи», - деп бала өзінің сөйлеу тілін грамматикалық формаларды дұрыс қолдана алатындығын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі
Грамматиканы оқытудың ғылыми негіздері
Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету
2 сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
Грамматика мен жазу методикасының ғылыми негіздері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЕТІСТІКПЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
Пысықтауыш
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz