Асептика және Антисептика туралы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Химия және Фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Асептика және Антисептика

Орындаған:Әубакір Т

2-004 топ Стом

Тексерген: Закарин С. З

Қарағанды 2018.

Жоспары:

  • Кіріспе
  • Асептика терминінің түсінігі
  • Антисептика терминінің түсінігі
  • Антисептиканың түрлері
  • Антисептика түрлері
  • Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Əлемнің барлық мемлекеттерінде, оның ішінде экономикасы дамушы елдерде денсаулықты сақтаудың түйінді мəселелерінің бірі болып АІИ-мен (аурухана ішілік инфекциямен) күрес болып табылады. АІИ эпидемиологиялық таралуы мен асқыну қасиеттерімен сипатталады. Аурухана ішілік инфекция əлемнің барлық елдеріндегі емдеу мекемелерінде кеңінен таралған жəне денсаулық сақтау орнына өте күрделі мəселе болып отыр. Мұның барлығы (яғни осындай инфекциялар) негізгі аурулар ағымын тездетіп, науқас өміріне қауіп тудырып, ауруханадағы науқастардың емделу уақытын ұзартады жəне үлкен қосымша экономикалық дағдарысқа əкеліп соғады. Ресейде ауруханаішілік инфекциядан 2 млн. адам зардап шегеді, олардан жазылу 15%-ы қөрайды. Əртүрлі Европа елдерінде аурухана инфекция жиілігі 6%-дан 27%-ға дейін құрайды. АІИ қоздырғышы болып əртүрлі бактерия, вирустар саңырауқұлақтар жəне 2/9 қарапайымдылар өкілдері болып табылады. Алайда жетекші болып патогенді жəне шартты патогенді есебінде бактериялар табылады. Олардың тізімі өте ауқымды. Олардың ішіне стафилакокктардың бірнеше түрі: микоплазмалар, бактероидтар, фузобактерия, клостридиялар жəне т. б. Саңырауқұлақтардың ішінде ең жиі кездесетін АІИ қоздырғышы Candida туыстасының өкілі сонымен бірге пневмацистер. Ал вирустардың ішінде: ортомиксовирустар, аденовирустар, В, С, Д гепатит вирустары, энтеровирустар, сонымен қоса АИВ. Əртүрлі микроорганизмдердің нақты əсер ету ролі əртүрлі себептерге байланысты, ол: бөлме ішіндегі науқас санына, аурухананың орналасу орнына, санитарлық- гигиеналық тəртіпке байланысты. Алайда əртүрлі елдерде көптеген зерттеулер көрсеткіштері бойынша соңғы жылдары АІИ этиологиясында грамм коккпен қоса грамм теріс бактериялар да маңызды рөл атқарады. АІИ шартты-патогенді кейде патогенді емес те түрі болады. Ал энтерококктар жарақат инфекцияларының қоздырғышы болып табылады, ол əртүрлі іріңді хирургиялық аурулар, босанушылар жəне гинекологиялық науқастарда іріңді асқынуларды тыдырады жəне энтерококктар сепсис, эндокардит тудырады, бүйрек жəне несеп жолдарын зақымдайды, жаңа туған нəрестелер ауруларының этиологиясында маңызды роль атқаратын. S. аgalactiae-ң ең жиі тудыратын аурулары: тыныс алу жолдарының ауруларын, септицемияны, менингитті. Жұғу жолының көзі аналары болып табылады, шырышты босану жолында жие табылады, сонымен қатар перзентхананың қызметкері, тұрмыстық-қатынас жолы арқылы жұғуы мүмкін. АІИ пайда болуы айтарлықтай экономикалық зиян əкеледі, орта есеппен күніне кереуетті 2-3 есе көбейтеді. Ауруханаішілік инфекция түрлерінің ішіндегі жие кездесетіндері: зəр шығару жолдарындағы инфекциясы (40 %), жарақат ( 25%), тыныс алу жүйесінің (16%), септицемия ( 35%) . Ауруханалық инфекциямен күресу шаралары аурудың қоршаған ортасынан басталады: айқасқан контактыны ескертеді. Антибиотиктерді тағайындау олар ағзадағы қалыпты микрофлора балансын бұзады, жоғарғы резистенті микробтардың тууына əкеліп соғады, суперинфекцияға жағдай тудырады. Бұл тұрақты жəне вирулентті микрофлораның даму процессі, ол патогенді организмдердің антибиотикке деген сезімталдылық қасиетің тежеу нəтижесінде пайда болады. Шаралар ауруларға бағытталған болу қажет; бір рет қолданатын төсек-орындарды, сүлгілерді, қолғаптарды енгізу, іріңді жəне таза палаталарды, бөлімдерді, операция жасау бөлмелерін бөлу жəне медициналық құрал-жабдықтарды бөлмелерін залалсыздандыру, науқастармен тікелей байланыс кезінде жəне одан кейін қызметкерлер мен дəрігерлердің қолын залалсыздандыру; төсек матрастарын, жастықтарды, көрпелерді залалсыздандыру.

Асептика - хирургиялық инфекцияның алдын алудың қазіргі замаңғы тəсілі. Инфекцияның көзі. Хирургиялық бөлімнің ұйымдастырылуы. Операциялық блок. Əуеден, тамшы арқылы, жанасу арқылы жəне имплантациялық жолмен түсетін инфекцияның алдын алу. Таңу, тігу материалдарын, киімді, қолғап, резиналық заттарды жəне аспаптарды залалсыздандыру. Қызметкерлер мен операциялық бұйымдарды операцияға дайындау. Листер 1867 ж. операция жасау үшін асептикалық тəсіл ұсынып, осы бағытта 3/9 операциялық бөлменің ауасындағы, заттардағы, ауадағы инфекцияны жою үшін күшті антисептик карбол қышқылын кеңінен тəжірибеде қолдануды ұсынды. Асептикалық тəсіл ірі жаңалықтардың бірі болып хирургияның дамуына үлкен жол ашты. Карбол қышқылы күшті улы зат болғандықтан, уланған аурулардың да, қызметкерлердің де саны көп болды. Сондықтан, карбол қышқылын алмастыратын заттарды іздестіру басталды. Н. В. Склифосовский сулеманы, иодоформды қолданса, П. П. Полехин трихлорфенолды ұсынды, ал С. П. Колемин салицилат қышқылын қолданды. Асептикалық заттар өте улы болғандықтан көптеген хирургтар одан мүлдем бас тартты. 1881 жылы неміс хирургі Бергман антисептикалық дəуірді асептика дəуіріне алмастырды. Дəл осы кезде микробиология да кеңінен дами бастаған еді. Микробиологтар қоздырғыштардың жоғары деңгейдегі қызудың əсерінен өлетінін жəне бұл əдіс басқа əдістерге қарағанда нəтижелі екендігін дəлелдеп берді. Луи Пастер өзінің тəжірибелерінде бактериялардың қайнату мен жоғарғы деңгейдегі қызудың əсерінен өлетінін дəлелдеді. 1881 жылы Роберт Кох өсетін орталар мен лабораториялық ыдыстарды заласыздандыру үшін будың ағынын пайдалануды ұсынды. Бұл айтылған тұжырым автоклав жасау үшін кеңінен қолданылды. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында əр елде əртүрлі ғалымдар бір-біріне байланыссыз асептикалық əдістерді дамыта бастады. Бергман мен Шиммельбуш осы бағытта үлкен жетістіктерге жетті. Бергман аспаптардағы, киімдердегі, таңу, тігу заттарындағы қоздырғыштарды ыстық су мен будың көмегімен жоюды ұсынды. Россияда асептиканың негізін қалыптастырғандар И. В. Склифосовский (Москва), Ф. А. Рейн (Киев), Н. Н. Финоменов пен Л. Л. Левшин (Қазан), В. А. Ратимов, М. С. Субботин (Петербург) болып табылады. 1890 жылы асептика мəселесі Берлиндегі хирургтардың халықаралық конгресінде талқыланды. Осы конгрестен кейін асептика кеңінен қолданыла бастады. Асептиканы енгізу хирургияның жаңа дəуірінің бастамасы болды. Жасалған операциялардың саны арта түсті. Операциядан кейін асқыну аз болғандықтан жедел аппендицит, жедел холецистит, асқазанның, он екі елі ішектің ойық жарасының асқынуы, т. б. ауруларды хирургтар операциялық əдістермен емдейтін болды. Сонымен, асептика деген не?

Асептика - физикалық тəсілдер мен химиялық дəрілерді қолдана отырып қоздырғыштардың операциялық жараға түсуінің алдын алатын тəсіл. Бір сөзбен айтқанда, жарамен жанасатын заттардың барлығы қоздырғыштардан таза болуы керек. Енді инфекцияның жараға қайдан түсуі мүмкін екендігін айта кетейік. Қоздырғыштар табиғатта кең тараған, олар адам терісінде, денеге жанасатын барлық заттарда, суда, ауада, ас қорыту, тыныс алу жолдарында, т. б. кездеседі. Осыған байланысты инфекция сыртқы (экзогенная) жəне ішкі (эндогенная) болып екіге бөлінеді. Сыртқы инфекция - қоздырғыштар жараға сыртқы ортадан түседі: ауа арқылы, түкірік (тамшы), жарамен жанасатын заттардан (жанасу) жəне жарада қалдырылған заттар арқылы (имплантация) . Ішкі инфекция - жараға ағзаның өзіндегі қоздырғыштардың өсіп-өнуіне байланысты түседі. Инфекцияның көзі тері мен кілегейлі қабық (сыздауық, іріңді жаралар, терідегі 4/9 жарықтар, сызаттар, күстер, коньюктивит, ринит, т. б. ) болып табылады. Сонымен бірге қоздырғыштар операциялық жараға одан қашықта орналасқан аймақтардан ығысып түсуі де мүмкін. Олар қан арқылы немесе лимфа жүйесі бойынша түсуі мүмкін. Ішкі инфекция туралы айтқан жөн. Мысал ретінде, шіріген тістегі, ЛОР - мүшесіндегі, ас қорыту, зəр шығару жүйелеріндегі инфекцияны айтуға болады. Кез-келген операция ағзаға жəне жүйке жүйесіне үлкен физикалық салмақ түсіреді. Əсіресе жүйке жүйесіне үлкен күш түседі. Осы кезде мүлгіп тыныштықта жатқан инфекция операциядан кейін күш жинап, көптеген асқынулар туғызып, тіпті өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да ауруды операцияға дайындағанда оны жақсылап тексеріп, ішкі инфекцияның бар - жоғын анықтау керек. Табыла қалған жағдайда, оларды емдегенше операцияны жасамай, күте тұрған дұрыс. Мысалы: хирургиялық бөлмеге 18 жасар жігіт түсті. Диагнозы: Кіндік жарығы. Тексере келгенде мойнының артқы жағынан сыздауық табылды. Осындай жағдайда не істеу керек? Екі-үш аптадан немесе 1-2 айдан кейін сыздауық жазылған соң науқасты операцияға алуға болады. Хирургиялық бөлімді дұрыс ұйымдастыру үшін мынандай жағдайларды ескеруіміз қажет: бір төсек орынға 6, 5-7, 5 м2 орын бөлінеді. Бөлмелерден бөлек операциялық, таңу, емдеу, жуындыру бөлмелерін, дəретхана, асхана, буфет, дəрігерлер, бөлімше меңгерушісінің, медбике бөлмелерін дұрыс орналастыра білу қажет. Аурухана орталықтан жылумен жəне ыстық сумен қамтамасыз етілуі керек. Сонымен бірге ауаны алмастырып, тазартып, жылытып тұратын кондиционер, желдеткіштер, орталық ыстық жəне суық су құбырлары жəне канализация, т. б. болуы тиіс. Үлкен ауруханаларда əр бөлімнің өзінің емдейтін ауруларының түріне байланысты арнайы аспаптары, емдеу құралдары болғаны дұрыс.

Хирургиялық бөлімнің іріңді, таза, жарақаттық болып бөлінуі - науқастарды əсерлі емдеп, асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Егер хирургиялық бөлім бұлай бөлінбеген болса, онда бұл бөлімде таза, іріңді, жарақаттық арнаулы бөлмелер ұйымдастырған дұрыс. Іріңді аурулары бар бөлмелер операциялық блок (ОБ) пен таңу бөлмесіне жақын орналасуы керек. Оперблокты ұйымдастырғанда сырттан инфекцияны жараға түсірмеуге, операцияны дұрыс орындауға барлық жағдайды ойластырып, ұйымдастырып жасау қажет. Сондықтан да оперблоктың құрылысы, құрал-жабдықтары оларды тазалауға ынғайлы болуы тиіс, терезелері солтүстікке немесе батысқа қарай орналастырылып, көшенің шуынан, шаң-тозаңнан алыс болғаны дұрыс. Мүмкіндігінше терезелер ағаштар өсіп тұрған жаққа қарап тұрғаны дұрыс.

Хирургиялық бөлімдегі оперблок былғанатын, ластанған жерлерден (дəретхана, буфет, асхана, лекция, оқу бөлмелерінен) алыс орналасуы тиіс. Қалыпты жылылық 22-24 болып, ауаның ылғалдығының 500 С жоғары болмауын, ондағы ауаның күніне 3-4 рет тазартылып отырылуын қадағалау қажет.

Оперблокқа мынадай бөлмелер кіреді: операциялық, жуыну, аспаптар тұратын, залалсыздандыру, автоклавтық, жабдықтар қоймасы, қан құю, қызметкерлерге арналған, гипс салатын, операциядан кейінгі бөлмелер. Іріңді жараларға операция жасалатын бөлме бөлек іріңді бөлімде орналасуы тиіс. Ол ешқашанда жалпы операциялық блокта орналаспауы керек.

Операциялық бөлменің едені, қабырғалары, төбесі жууға ыңғайлы бұйымдардан жасалады. Операциялық жиһаздар тот баспайтын құрыштан жасалады немесе су өткізбейтін майлы бояумен сырланады. Операциялық жиһаздар да жуылады. Операциялық бөлмеде заттар мүмкіндігінше аз болуы керек. Жұмыстан тыс уақытта бөлмені жуып қою керек. Бөлмеге тек таза халат, қалпақ, маска, аяққа жеңіл байпақ (бахилл) киіп қана кіруге рұқсат етіледі.

Медициналық қызметкерлер операция кезінде тазалық сақтауы керек: қанмен немесе басқа сұйықтармен ыластанған сүлгілерді, құрал-саймандарды арнаулы тегене- ыдысқа тастау керек. Операция кезінде сорылып алынған қан, əртүрлі сұйықтар, ірің, т. б. жабық жиналады. Операция кезінде сөйлеуге, қажетсіз, əрі - бері жүруге тыйым салынады. Өйткені бұл ауадағы қоздырғыштар санын көбейтеді.

Операциялық бөлмені тазалаудың 4 түрі бар:

1 . Операция кезінде санитарка еденге түсіп кеткен əртүрлі заттарды, сүлгіні көтеріп, төгілген қанды, сұйықты т. б. сүртіп алады - бұл операция кезіндегі тазалық сақтау шаралары болып саналады.

2. Операция біткеннен кейін бөлме жақсылап, мұқият жуылып, тазаланады. 3. Операциялық күн біткеннен кейінгі тазалау - соңғы тазалау болады.

4. Жалпы тазалау - аптасына бір рет операция болмайтын күні жасалады.

Ауа мен тамшы арқылы тарайтын инфекцияның алдын алу. Асептикалық тəсілді қолданғанда ауа мен тамшы арқылы тарайтын инфекцияның алдын алуға көп көңіл бөлінеді. Ол сөйлегенде, түкірікпен бірге сөйлегенде, түкіргенде, жөтелгенде, əсіресе баспа, тұмау, тыныс жолдары мен ауыратын адамдардан таратылады, қоршаған кеңістіктен беткейлерге түседі. Сондықтан, операциялық бөлмеде əрбір қызметкерлер өзін-өзі ұстаудың ережелерін білу керек.

Көрнекті ғалым Листердің кезінде-ақ дəрігерлер ауадағы инфекцияға көп көңіл бөліп, ол жараға түспес үшін оны карбол қышқылы арқылы жоюға тырысты. Бактериалдық зерттеулер арқылы операциялық бөлменің ауасындағы қоздырғыштар саны операциялық күннің соңына қарай күрт өсетіні анықталады. Міне, сондықтан да жүргізілетін операцияларды күннің бірінші бөлігінде жасаған дұрыс.

Қоздырғыштар операциялық бөлменің ауасына қандай жолдармен түседі? Оның екі жолы бар:

1) Бөлмедегі адамдардың ауызынан тамшы арқылы таратылады;

2) Шаң-тозаңмен бірге тарайды;

Аудағы қоздырғыштар саны бөлмедегі адамдардың саны мен олардың асептикалық тұрғыдан өздерін қалай ұстағанына тығыз байланысты келеді. Егер де бөлмеде адам көп болып, олар жөтеліп, түшкіріп, сөйлеп тұрса, ауада қоздырғыштар саны бірден көбейіп, артынан операциялық жараны іріңдетуі мүмкін.

Егер де тұмылдырықты (маска) дұрыс кимесе (мысалы: мұрын жабылмаса) операциялық бөлмеде сөйлеп, түшкіріп, жөтеліп тұрғанда, жарада қауіпті асқынулар болатынын естен шығармау керек. Сондықтан да операциялық бөлмеде мүлдем сөйлеуге болмайды. Тек, операцияға қатысып жатқан қызметкерлерге, оның өзінде тек, іске қатысты сөз айтуға рұқсат етіледі. Инфекцияның шаң - тозаңмен таралуын айтқанда: оның негізгі себебі операциялық бөлмеде əрі-бері жүру, еденді құрғақ шүберекпен сүрту болып табылатынын айта кеткен жөн. Еденге төгілген ірің немесе тасталған сүлгілер кепкеннен кейін олардағы 6/9 ірің мен қан шаң-тозаңға айналады, одан жүрген кезде ауаға көтеріліп, жараға түседі. Ең қауіптісі шаңнан түсетіні, одан кейінгісі - тамшы арқылы түсетін инфекция. Бөлмеде адам көп жиналып, жүріс көп болса ауаның ағымы күшті болады да, ондағы қоздырғыштардың жараға түсуі күшті болады. Сондықтан да операциялық бөлмеде əрі - бері жүруді азайту қажет. Бұл туралы əр уақытта лекцияда да, сабақта да, оперблокта да, таңу бөлмесінде де қайталап айтып отыру қажет.

Антисептика.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында хирургияның өркендеуіне тежеуші себептердің бірі болып операциядан кейінгі жаралардың іріңдеуі болды. Жаралар күрделі жəне өте қарапайым операциялардан соң да іріңдеді. Сепсис, күйдіргі, тілме (рожа), шіру (гангрена), сіреспе (столбняк) сияқты қауіпті асқынулар операциядан соң жиі кездесіп, сырқаттар мен жараланғандардың өлімдеріне себеп болды. Мұның барлығы сол уақыттағы хирургтардың іріңдеген жараның емделу тəсілдерінен бейхабар болғандықтарынан болса керек.

Антисептика ұғымын хирургияға 1760 ж. ағылшын əскери хирургі Pringl енгізді. Бірақ, бұл ұғым еңгізілгенге дейін де залалсыздандырудың тəсілдері бұдан бұрыңғы уақыттарда да қолданылды.

Дəрігердің қолдарының жəне жарамен жанасатын заттардың тазалықтары ежелгі Индия мен Грецияда міндетті түрде талап етілді. Гиппократ жараларды жуу мен таңу кезінде қайнаған сумен, виноға батырылған таза жəне жақсы сорғыш таңушы заттарды, құралдарды пайдаланды. Антисептикалық дəуірге дейінгі жүргізілген операциядан кейінгі өлім өте жоғары болды. Сол кездің өзінде жараның іріңдеуінің себептерін - жараға сырттан қандайда бір тірі нəрселердің түсуінен болар, - деген қозқарастар қалыптаса бастады. Атақты хирург Бильрот жаралардың іріңдеуінің себептері қандайда бір төменгі тектес организмдерден десе, оның отандасы И. Земмельвейс жараның жазылуына хирургтің қолдарының жеткіліксіз түрде тазалануы үлкен қауіп төндіретіндігін сезіп, ұққан. Ол антисептика тəсілдерін құруға ең жақын келгендердің бірі: бірінші болып дəрігерлік тəжірибеде хлорлы суды қолданды, əсіресе аспаптарды, перзентханада босану жолдарын тазалауға жүйелі түрде пайдаланды.

Орыстың ұлы хирургі Н. И. Пирогов жаралардың ластануын ауа арқылы таралатын тірі қоздырғыштардан, - деп санады. Ол жаралыларды іріңдеуден ұқыпты түрде бөлек жағдайда ұстауын талап етіп, алғашқы болып жараланғандарға аурухана ішілік іріктеуді (сортировка) еңгізеді.

ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары жаралардың іріңдеу себептерін ғылыми зерттеу негізге алынды. 1857 ж. белгілі француз химигі Луи Пастер спиртті жəне сірке қышқылдарының бөлініп алыну заңдылықтарын зерттей келе олардың қоздырғыш қасиеттерін тапты. 1860-1861 ж. Пастер тамаша тəжірибе жүргізіп, қоректік орталардың залалдануының себебі қоршаған ортадағы қоздырғыштардың əсерінен екенін дəлелдейді.

1867 ж. Джозеф Листердің тұжырымдамасы бойынша операциядан кейінгі өлімге əкелуші жаралық инфекциялардың хирургиялық бөлімдерде кең етек алуы, жараға тыстан енген қоздырғыштың немесе жұқтырылған бастаманың əсерінен, - деген көзқарасын тірек еткен жұмысы жарық көрген.

Листердің еңбегінің маңызы оның жаралардың залалдануы туралы сұрақтарды Пастердің зерттеулерімен байланыстырып, бірінші болып осы құбылысқа ғылыми бағыт беріп, хирургиялы инфекциялармен күресуде теориялық жағынан негізделген іс қимылдарды ойластырды. Кейінірек бұл жаңалықтар хирургия тарихында антисептикалық əдіс, - деген атпен белгілі бола бастады. Сонымен, хирургияның Листердің енгізген əдісіне дейінгі тарихы - антисептикаға дейінгі кезеңге, ал Листердің көзқарастары мен əдістері қанат жайған шақ - антисептикалық кезеңге жатады.

Листердің əдісінің негізі неде? Листер күшті химиялық ертіндінің көмегімен (карбол қышқылы) жұқтырушы бастаманы тек жараның өзінде ғана емес сонымен қатар аспаптарда, киімдерде, хирург пен операциялық бике қолдарында жəне операция алқабында жоюды көздеді.

Операция бөлмесіндегі ауа аппарат арқылы 3% карбол қышқылын бірнеше рет бүркіп шашу арқылы тазартылатын болды. Соның арқасында мынадай жағдай қалыптаса бастады: ешбір нəрсе тазаланбастан бұрын жарамен жанаспауы қажет. Россияның алдыңғы қатарлы дəрігерлері антисептикалық əдістің құндылығын жоғары бағалап, емдеу мекемелерінде кейіннен қолдана бастады. Қазіргі кезде антисептика деп жарадағы қоздырғыштар санының азаюына, оның жараға еніп, өсу қауіпін төмендетуге бағытталған тəсілдер мен əдіс, іс қимылдар жүйесін айтады. Бұған инфекция қоздырғыштарының тасымалдануын төмендету, оның көбею, өсу қабілетін үзу, залалданған аймақтарды емдеу арқылы қол жеткізуге болады.

ХИМИЯЛЫҚ АНТИСЕПТИКТЕР

Қазіргі уақытта көп антисептикалық заттарды қолданып жүр. Солардың ішіндегі ең көп пайдаланатындары төмендегі заттар.

1. Голлоидтық заттар. Хлорацид (chloracidum) . Қазіргі уақытта 0. 5 процент ерітіндісі хирургтың қолын жууға, резеңке қолғаптарды, түтік аспаптарды (катерлер, дренаждар) . Іріңдеп қабынған жараларды, қуыстарды жуып тазалау үшін қолданылады.

Хлорамин Б. 2 процент ерітіндісі сол жоғарыда айтылған айтылған мақсатта қолданылады.

Йодтың спирттік ерітіндісі. 5-процент ерітіндісі операция жасалатын алаңды жəне жараның айналасын тазалауға қолданылады. Люголь ерітіндісі- калий йодид спиртте немесе суда ерітілген жəне йод ерітіндісі қоспасы болып пайдаланылады. Резеңке қолғаптарды, жараны тігетін жібек жіптерді залалсыздандыру үшін қолданылады.

Йоданат. 1процент йод ерітіндісін сумен 3 есе көбейтіп, операция жасайтын алаңды 4 рет тазалайды.

2. Тотықтырғыштар (оксилители) . Сутегі тотығы. Іріп-шіріген жараны жууға жəне оның исін бейтараптау үшін қолданылады. Сонымен бірге жарадан шіріген тіндерді сыртқа шығаруға көмектеседі.

Калий перманганаты- 0. 1-0. 5 процент жараны қуықты жууға, жағымсыз иісті бейтараптауға жақсы. 2-5 процентті ерітіндісі терідегі жараны емдеуге пайдаланылады.

Бор қышқылы. 2 процент суға араласқан ерітіндісі аяқшасымен кок ірің таяқшасымен іріңдегенде жуылады немесе май, ұнтақ түрінде пайдаланылады.

3. Ауыр метал тұздары. Екі хлорлы немесе сулема, сулеманың 1:1000 ерітіндісі науқастың ыдыс-аяғын, құралын-жабдықттарды, резеңке қолғаптарды, жараны тігетін жібек жіптерді залалсыздандыру үшін қолданылады.

Сулема улы зат болғандықтан ол қызыл түске боялады жəне өте абайлықпен пайдалану қажет. А-тізімінде сақталады. Диоцид (diocidum) . 1:1000 ерітіндісімен құрал-саймандар залалсыздандырылады, ал 1:500 ерітіндісімен қолды жууға болады. Күміс нитратының- 1:500, 1:1000 жараны, қуық қуысы жуылады. Бұның 10 проценттік ерітіндісімен жарада дəнекер, түйіршік тканьдер мөлшерден көп өсіп кеткенде оларды күйдіруге қолданылады. Протаргол. 1-2-3 процент ерітіндісі қуықтың қабынуында оған жіберу үшін тұтастырғыш жəне қабынуға қарсы дəрі түрінде қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Залалсыздандырудың химиялық әдістері
Профилактикалық антисептика
Асептика және антисептика. Хирургиялық инфекция
Антисептикалық препараттар
Медициналық құралдар мен материалдарды стерилизациялау түрлері мен тәсілдері
Механикалық антисептика
Асептика және Антисептика
Антисептика және Асептика
Асептика, антисептика, зарарсыздандыру және залалсыздандырудың микробиологиялық негіздері
«Медбикелік ісі негіздері» пәнінен тәжірибиелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу 2 бөлім Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz