Ортопедиялық стоматологияда қабылдауда болған науқасты негізгі және қосымша тексеру әдістері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Терапевтикалық және Ортопедиялық стоматология кафедрасы

Арыстанова Арайлым

2-004 топ, стоматология мамандығы

Ортопедиялық стоматологияда қабылдауда болған науқасты негізгі және қосымша тексеру әдістері

Сырқатнама. Медициналық құжаттар

Науқасты тексеру әдістері екіге бөлінеді: клиникалық және параклиникалық (құрал - жабдықты тексеру, зертханалық тексеру және рентгенологиялық тексеру әдістері жатады) .

Клиникалық зерттеу әдістеріне жатады:

1. Анамнез (шағым жинау)

2. Науқастың сырт пішінін қарау.

3. СТЖБ және шайнау бұлшық еттерін тексеру.

4. Ауыз қуысын тексеру:

а) Ауыз қуысын тексеру.

б) Ауыз қуысының шырышты қабатын тексеру.

в) Тістерді және тіс қатарын тексеру.

г) Пародонтты тексеру.

д) Тіссіз альвеола бөліктерін тексеру.

  • Анамнез.

Анамнез жинағанда науқас барлық ауырған жұқпалы және басқа аурулары, олардың асқынулары туралы мағлұматтар алу керек, ішкі мүшелердің, әсіресе асқорту, жүйке, жүрек - тамыр жүйелерінің күйі туралы, ортопедиялық емдеу процесінде ескеретін аурулар туралы мағлұматтарды жинау керек. Анамнез жинаудың өзіндік реттері былайша:

1. Ауру адамның шағым түсінігмен оның субъективті жағдайын анықтау.

2. Аталмыш дерттің анамнезі.

3. Науқастың өмір тарихы.

4. Отбасы анамнезі.

Дәрігердің дерттің түрін анықтау үшін ауру адамға қоятын сұрақтары, негізінен, аурудың түріне, жағдайына, басталған уақытына, көрінісіне, байланысты болу керек. Кейбір жеңіл-желпі аурулардың түрін, оларға көрсетілген көмек түрлерін екі-үш сұрақ арқылы анықтауға болады. Ал, екінші бір жағдайда ауру адамның өмірімен, отбасы жағдайларымен толық танысу крек. Мысалы, егер ауру адам, күрек тістерінің біреуінің тағам ішу барысында қатты заттан сынғанына шағым жасаса, онда оған көрсетілген емнің түрін клиникалық тәсілдер арқылы анықтауға болады, және бұл жағдайда ауру адамға көп сұрақтар берудің қажеті жоқ. Ал егер, ауру адам, салынған жасанды тістерінің салдарынан қызыл иегінің ауыратынына немесе күидіруіне, қызатынына шағым жасайтын болса, ауру адамға берілетін сұрақтар оның өмірін, отбасы тарихын, атқаратын қызметін және аурудың пайда болу себептерін, оның асқынуын толық қамту қажет. Зерттеу жұмыстары, тек ауыз қуысымен шектелмей, басқа да қатарлас мұрын, құлақ, тамақ, асқазан және ішек сияқты мүшелерін қамту қажет. Тыныс алу, ас қорыту, сезім жүйелерінің ауру сырқаты табылған жағдайда басқа маман дәрігерлермен кеңесу өте қажет.

Ескере кететін бір жағдай, ауру адамға берілетін сұрақтар анық, түсінікті, толық болуы қажет.

Науқастың шағымдары. Көбінесе науқастар шайнау мен сөйлеу қызметінің бұзылуына шағымданады. Фронтальды тістері болмаған жағдайда және осы аймақтың ауытқулары болған кезде эстетикалық ақау пайда болады, ол науқастың психикасына теріс әсерін тигізеді, олардын жұмыс істеу қабілетіне кедергі келтіреді. Басқа жағдайларда науқастар дәрігерге жарақаттан кейін және патологиялық процестерден соң келеді. (оған жататындар: қабыну, бластомозды процестер т. б. ) . кейде тістер аймағында байқалатын ауырсынуларға, жақ сүиектердің төменгі жақтың самай буындарында, ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің ауруларына, күйдіру, ашу сезіміне, қабыну немесе тыртықты өзгерістерге байланысты ауызды ашудың қиындауына, бет - әлпеттің ассиметриясына, деформациясына шағымданып келеді.

Одан кейін осы аурудың этиологиясын және ағымын (тіс жегісі және олардың асқынулары, пародонтоз, жарақат, тіс жақ жүйесінің ауытқулары, кілегей қабығының аурулары, ісіктер, аллергия) анықтау маңызды. Тіс қатарының ақауы науқастың жүйкесіне қалай әсер етеді, функциональды бұзылыстар байқала ма, науқас бұрын протез қолданды ма, құрылымы қандай, протезге үйрену мақсатын, протез кемшіліктері туралы сұрау қажет.

Науқасты тесеру обьективті және субьективті мағлұматтарға негізделген зертеу әдістерімен жүргізілу керек. Яғни науқас адамның өз айтқандары арқылы ауру жөнінде ой-пікірін түйіндеу, ал объективті дегеніміз-түрлі құрал аспаптардың көмегімен, зертханалық және басқа да әдістермен тексеру.

Мысалы, туа болған тіссіздік, тістің шықпай қалуы және қиындықпен жарып шығу, ауру салдарынан мұқалып қалуы сияқты сырқаттардың пайда болуы себептерінің көбі әлі анықталмай отыр. Дегенмен, дерттің себебін біліп қана қою, оны емдеп жазуға жеткіліксіз болар еді. Мысалы, балалар арасында зиянды әдетке бой ұрған (саусағын, басқа да заттарды соратын) сәбилер кездеседі. Әдетте, олардың жақ сүйектері дұрыс қабыспайды. Бұл барлық адамдарға емес, кейбір балаларға ғана тән. Демек, тіс-жақ қызметінің бұзылуына әкеліп соққан себептерден басқа, оның дамуына негіз болған патологиялық механизмдерді, өзгерістерді білген жөн. Мұның да толып жатқан себептері бар. Ағзаның түзілісі, оның қызметі, сырқат адамның жасы, бұрын қандай ауруға шалдыққаны - осының бірі маңызды. Мұндай белгілердің әрбір жеке адамда ерекше көрінетіндігі бар, сондықтан әр жағдай үшін алдын ала белгілі бір кесіп-пішілген түрде нұсқау беруге болмайды.

Ең алдымен қабылдауға келген сырқат адамның бет-жүзіне көз жүгіртіп байқап шығу керек. Беттің екі жағының симметриялы болуына, төменгі үштен бір бөлігінің биіктігіне, иектің шығыңқылығына, иек асты мен мұрын-ерін қатпарларының жайына, езуге назар аударылады. Сөйлегенде және күлгенде науқастың тісінің түбі қаншалықты ашылып көрінетіні байқалады.

Ортопедиялық стоматология тәжірибесінде бет-жүзді үшке бөлу кеңінен таралған. Олар жоғарғы, орта және төменгі бөліктер.

Беттің осынау бөліктерінің арасында заңды түрде арақатынас болмағанмен, көпшілік адамның бетінде салыстырмалы түрде сәйкестік бар, мұның өзі адам жүзінің эстетикалық үйлесімімен қамтамасыз етеді. Ортопедиялық мақсатта адамның бет-жүзінің төменгі үштен бір бөлігінің екі түрлі өлшемін айыра білу ләзім. Бірінші, өлшем тістердің қабысып тұрған кезіне сәйкес және ол тістесу өлшемі деп аталады. Екіншісі, адамның белгілі бір сабыр сақтау жағдайында, төменгі жақ-сүйегі сәл түсіңкі, тістердің арасында екі-төрт миллиметрдей саңылау болған жағдайда өлшенеді. Бұл салыстыралы жағдайдағы биіктік.

Бет-жүздің сәйкессіздігі байқалса, оның себебіне үңілу керек (бәлкім бетке жара түскен шығар, бұлшық еттер немесе сүйек зақымданды ма, ісік жоқ па, т. б. ) .

Ең әуелі ауыздың ашылуы мөлшеріне назар аудару керек. Жақ -бұлшық етінің немесе шықшыт буынының ауыруы ауыздың ашылуына қиындық келтіреді. Сонымен бірге тістердің біріне-бірі тиетін-тимейтінін байқау керек. Төменгі жақ сүйегінің оңға немесе солға ауытқып қозғалуына көңіл аударылады.

Бұдан кейін ауыздың шырышты қабаты, қызыл иек, ұрт еті, жақтың іші, таңдай байыптап қаралады. Бадамша бездері, жұтқыншақ, тіл тексеріледі. Балалардың мұрын қуысын да байқаған жөн.

Тіс қатарын қарағанда тістердің қабысу жайына көңіл аудару қажет. Зақымдалған болса, тіс оңайшылықпен қабыспайды. Мұндайда мұқалу фасеткасы пайда болады. Кезінде Энегель мұны «окклюзиялық» мұқалу деп атаған. Мұның мәнісі - қабысқан тістердің біріне-бірі тиіп, мұқалуы деген сөз.

Бұдан кейін тіс доғасының жағдайын көру керек. Мұндайда тістің қызыл иегіне, тіс-қалташасына назар аудару өте маңызды. Тіс пародонтын бағалағанда тіс пен оның жалаңаштанған түбірінің арақатынасын сипаттай білу керек. Сырқат адамның қызыл иегі қашып, тіс мойыны ұзарады, демек ұялы бөлігі мүжіледі. Тіске түскен күш оның биомеханикасын өзгертіп, пародонтқа да салмақ түсіреді. Осылайша қызыл иектің ауруға ұшырауы, көбе қалташығының пайда болуы пародонттың және оның қызмет қабілетінің зақымдалғандылығы белгілі. Осының нәтижесінде тістің түбірі босайды.

Тістердің құрылымын белгілі бір тәртіппен қараған жөн. Әуелі төменгі тістердің сол жағындағы ақыл азудан бастап келесі ақыл азуға қарай, ал жоғарғы тістерді керісінше тексереді. Мына бір жағдай есте болсын тістің бүтіндігі, түрі, көркі, беріктігі, тістің көрініп тұрған бөлігі мен түбірінің арақатынасы, тістің кесу ұштарының жағдайы, бітеменің бар-жоғы, бар болса оның жағдайы түгел ескеріледі.

Дертті анықтап, диагнозын қою үшін сырқат адамның өз айтқандары, ауыз қуысын тексеріп байқау, бет-әлпетін сыртынан тексеру, тіс-жақ жүйесінің қызметін бақылау нәтижесі, рентген айнасымен байқау арқылы жиналған мағлұматтар негіз болады. Кейбір ауру адамдар шықшыт буынының сықырлауына, ауыратынына, жағын жөндеп аша алмайтындығына, басының ауыратынына, құлағының нашар еститініне шағымданады. Жақ бұлшық еттерінің қызметі төменгі жақ сүйегінің қозғалысына қарай ғана емес, сонымен бірге шайнау жүйесінің зақымдалуына байланысты өзгереді.

Ауры адамды емдеуден бұрын, алдын-ала адамның өмір тарихымен, отбасы жайымен, дерттің басталу жолдарымен ұқыпты танысу керек. Яғни, оның өмірін, ауруының анамнездерімен толық танысу қажет.

  • Обьективті тексеру

Зерттеу клиникалық - физикалық, аспаптық және зертханалық болып бөлінеді. Физикалық әдістерге қарау, сипап сезу, аспаптыққа- тісті тықылдатып тексеру, электрометрия, термометрия, ренгенография оның ішінде (томография, пантомография, телерентгенография) зертханалыққа - функциональды шайнау сынамасы, мастикоциография т. б. әдістер жатады.

Науқасты сырттай қарау кезінде бет әлпетінің ассиметриясы бар ма, жоқ па (еріндердің, ұрттардың, ауыз бұрышының, төменгі жақ бұрышының) басқа ақаулардың, беттің түсінің өзгеруі, ымдаудың бұзылулары, мұрын ерін қатпарларының тегістігін, шала салданулар, ісіктер, қабынулар, тыртықтар жарақаттан кейін пайда болады немесе басқа патологиялық процестерден кейін пайда болатын ақаулар бар жоқтығы қаралынады.

  • Ауыз қуысының кілегей қабатының күйін бағалау.

Ауыз қуысының кіре берісінің кілегей қабығын қарағанда түсі мен қызыл иектің жағдайын анықтайды (сему процесі, гипертрофия, ісіну, стоматит, жыланкөздер, тыртықтар) . Еріндердің, ұрттардың және ауыз бұрышының кілегей қабатында мүйізгектену, шоғыр жинақтар немесе бірлі жарымды шөгінділер түрінде байқалуы мүмкін. Көпетеген авторлар соңғы өзгерістерді прекорцинамотозды процес деп бағалайды. Кейде ұрттың кілегей қабатында бүйір тістердің түйісу деңгейінде іздері қалып қояды. Мұндай кілегей қабық көп жағдайда тістеледі де жарақатталады. Сапасы төмен алынбалы протезді қолданғанда альвеолярлы өсіндінің вестибулярлы бетінде және еріндердің кілегей қабатында фиброзды гиперплазия кездеседі, ол протезбен үнемі зақымдалу салдарынан пайда болады. Осындай фиброзды өзгерістерді прекарциноматоздар процесі деп есептеп, оны кесіп алып тастау керектігін айтады. Ауыз қуысының, таңдай және ағзаның кілегейлі қабатын қарағанда қабыну және ағзанын жеткіліксіз қоректену өзгерістері байқалады: ісінулер, жаралар, мүйізгектену, лейкоплакия, бадамша бездерінің гиперплазиясын, тілдің бетіндегі қақтар, бүртіктердің гипертрафиясын байқайды. Кейін таңдай күмбезінің тереңдігін, торус шекарасын, альвеолярлы өсінділер мен альвеолярлы бұдырладың сему дәрежесін, альвеолярлы өсіндінің пішінін (сүйір, біз тәрізді, жартылау доғалы) анықтайды және хирургиялық емнің қажеттілігін анықтайды (альвеолотомия) . Зерттеу кезінде пласмассадан жасалған электр жарықты қалақша қолдану өте ыңғайлы. Қалақша көмегімен ауыз қуысының және жұтқыншақтың терең аймақтарын, үлкен азу тістердің дистальды беткейлерін және ауыз қуысының барлық кілегей қабатын қарауға болады.

  • Тістер мен тіс қатарлары күйін бағалау.

Тіс қатарларын тексеру үшін өткір сүңгі пайдаланады. Бұрыштық сүңгі көмегімен тістердің бүйір беттерінде тіс жегісі ақауларын, тіс мойыншалар аймағында механикалық тітіркенулері жоғары сезімтелдығын анықтауға болады. Сүңгінің көмегімен патологиялық тіс қызыл иек қалташаларының тереңдігі және пародонтоз кезіндегі мойын бөлімінің жалаңаштану дәрежесін анықтайды.

Тістерді және тіс қатараларын қарағанда қалыпты жағдайдан ауытқуларға көңіл аударады: тіс ауытқулары, пішіндері, көлемі, саны, орналасуы, түбірі мен мойыншасының жалаңаштануы, қызыл иек үсті және қызыл иек асты тіс шөгінділерінің болуы тексеріледі. Сүңгі және тіс айнасы көмегімен тіс жегісі мен зақымдалған және жарақаттанған тістерді айқындайды. Тістердің сыртқы түрін: кіреуке гипоплазиясы, сына тәрізді ақаулардың, тістесу беттернің жоғары қажалғыштығын анықтайды. Тістің түсі бітеме материалдар әсерінен, дәрі - дәрімектік зат, емдік сықпа құралын, кей жағдайда ұлпа некрозы салдарынан өзгеру мүмкін. Жарақаттан кейін ұлпаға қан құйылудан тістің түсі өзгеруі мүмкін. Тістердің қозғалғышытығы пародонтидтің бір белгісі болып саналады. Басқа белгілеріне, қызыл иекті түбір ұшынан қызыл иек жиегіне қарай басқанда қызыл иек қалаталарынан серозды - іріңді бөлінулердің шығуы жатады.

Қызыл иекті йод және калий йодиді ертіндісімен бояғаннан кейін қызыл иектің қоңыр түске боялуы созылмалы қабынуды анықтайды. Шымшуырдың көмегімен пародонтит және басқалай патологиялық күйлер кезінде тістердің қозғалғыштық дәрежесін анықтауға болады. Энтин бойынша тіс қозғалғыштығын 4 дәрежеге бөледі:

1-ші дәреже - тістер ерін -тілдлі немесе ұрт- тілді бағытта қозғалады.

2-ші дәреже - бұларға мезиодистальды бағыттағы қозғалғыштық қосылады.

3-ші дәреже - тістер вертикальды бағытта қозғалған болады. (себебі альвеола қабырғасының сорылуы жүреді)

4-ші дәреже - тіс барлық үш бағытта қозғалады, ось бойынша айналуы мүмкін. Үшінші және төртінші қозғалғыштық дәрежесі бар тістерді жұлып тастау керек.

Тіс қатарлары кеңейген немесе тарылған болуы мүмкін. Тіс қатарларының тістерді жартылай жоғалтуына байланысты басқа да деформациялар кездеседі (Попов - Годон феномені) . Олар қарама-қарсы тістердің вертикальды бағытта ығысумен ақауды шектейтін тістердің горизонтальды бағытта ығысуынан байқалады. Ильин - Маркосян тістердің вертикальды ығысуының екі қалыпын айырады.

Біріншісі - альвеолярлы өсіндінің вертикальды бағытта өсуі балалар мен жасөспірімдерде байқалады.

Екіншісі - тістің верикальды бағытта ығысуы, оның мойыны мен түбірінің жалаңаштануымен сипатталады.

Ересек адамдарда В. А. Понамарева осы екі қалыптан басқа үш аралас пішінін айырады - бірінші және екінші пішінінің қосындысы айырады. Тіс доғаларының деформациялары тіс саны мен орналасу ауытқулары, жақтардың толық болмауы, жарақат, қабыну процестері, тырытқты бірігулер салдарынан пайда болады. Сонымен қатар, тістесу ауытқулары және тістердің орналасу ауытқуларнының да болуы байқалады. Тіс қатарларының ақаулары, топографиясы, ұзындығы және табиғи тістердің қатар орналасуымен ерекшеленеді. Мезиальды және дистальды шектелген ақаулар шектелген деп саналады. Мұндай ақаулар болғанда протездердің алынбайтын құрылымдары таңдалынады. Медиальды бағытта ғана шектелген ақаулар шеткері немесе шектелген ақаулар деп аталады. Мұндай ақаулар кезінде протездің алынбалы құрылымдарын таңдаған жөн. Топографиясы бойынша ақаулар фронтальды немесе бүйір тістер аймағында немесе фронтальды - бүйірлі аймақта кездесуі мүмкін. Барлық мағлұматтардың тәжірибелік мәні жоғары болғандықтан арнайы топтастырылулар қолданылады.

Шайнау аппаратының негізгі және қосымша зерттеу әдістері

Электромиография. Бұлшық еттердің биопотенциалын тіркеп жазумен жүретін жүйесін зерттеу функциональді әдіс болып табылады. Көп түбірлі тістерді тексергенде электромиографиямен арнайы датчиктермен тері үстілік электродтар қолданылады. Электродтарды зерттейтін бұлшық ет нүктесіне медициналық желімнің көмегімен бекітеді. Бұлшық еттердің күш түсу кезіндегі жиырылуын саусақпен сипау арқылы анықтайды. Электродтар арасындағы ара қашықтық тұрақты болу керек. Бұлшық еттердің физиологиясы тыныштықта, шайнау мен жұтынуы еркін және жақтардың еркін қабысуы кезінде зерттеледі. Анализ кезінде бір шайнау циклы кезіндегі шайнау қозғалысының мөлшерін, бір циклдық ұзақтығын, биоэлектрлік белсенді фазаны және секунд аралығындағы биоэлектрлік тыныштықты, биопотенциалдардың ортасына амплитудасы бойынша анықталады. Берілген әдіс бұлшық еттің қозу және басылу процестері кезіндегі жиырылу икемділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Электромиографиялық зерттеуді самай төменгі жақ буыны мен бұлшық ет жүйесмен ауруларын жорамалдау кезінде, сонымен қатар тіс жақ жүйесінің ауытқуларында ортопедиялық емдеудің нәтижелігін бақылау мен жүргізу кезінде қолданылады.

Мастикоциография. Төменгі жақтың шайнау қозғалысын анықтауға арналған әдіс. Әдіс қағидасы: Төменгі жақтың жабық жүйедегі ауаның толқуын тіркеуге негізделген. Жүйе иекке, таңғыш арқылы бекітілген резеңке балоннан, резеңке түтікшесі кез - келген тіркегіш құралда жазып алынады. Қозғалыстың жазылуы әртүрлі тағамдардын 0, 8г орман жаңғағын шайнау кезінде басталады.

Мастикациограмма- толқын тәрізді шайнау толқындары мен тісшелерден тұрады.

Тағам қабылдау әрекетін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:

1. Тыныштық жағдайда.

2. Тіс қатарын қабыстырып, сілекейді жұту.

3. Ауызды ашу, тағамды күрек тістер арасына еңгізу.

4. Тағамды тістеп, шайнау тіс топтарына қарай ығыстыру және шайнау.

5. Шайнау циклының толқыны - төменгі жақтың түсірліп, көтерілуіне байланысты, жоғарылаған және төмендетілген тізеден тұрады.

Мастикациограмма көмегі арқылы - шайнау циклының жұтуға дейінгі ұзақтығын және оның жекелеген кезеңдерін, шайнау қозғалғыштығының мөлшерін, ауыздың ашылу амплитудасын анықтауға болады.

Мастикоциограмманың анализі кезінде осы параметр арқылы шайнау әрекетінің бұзылысын нақтылауға болады. Мысалы: девитальді циклдың ұзындығы бойынша 14 секундтан қалыпты жағдайда 42-45 секундқа дейін.

Миография шайнауға қатысатын жекелеген бұлшық еттердің жиырылуын кинографқа жазып алу миография деп аталады, ол арқылы бұлшық еттермен олардың кейбір талшықтарының ойдағыдай жұмыс істемейтіндігін табуға болады.

Миотонометрия . Миотонометр арқылы шайнауға қатысатын және қимылдайтын бұлшық еттердің кернемесі өлшенеді. Қалыптан ауытқу болса, бұлшық еттердің кернемесі де өзгереді. Мысалы, асқынған тіс жегісі кезінде шайнайтын бұлшық еттердің кернемесі тыныш тұрғанда көтерліп кетеді, сөйтіп ол тістің ауруына себеп болады. Аталмыш аспап байқағышпен граммен межеленген шкаласы бар өлшегіштен құралады.

. Бұл әдіс арқылы бұлшық еттердің биотобының жазбасы мен төменгі жақтың қозғалысының үйлесімі қарастырылады. Бұл тәсілдің көмегімен мастикоциограммадағы жазбалардағы бұлшық еттердің биологиялық потенциялының кеңістіктері айқындалады . Осы тәсілді емдеу әрекеттерінің тиімділігін анықтауға да қолдануға болады.

Христиансеннің шайнау сынамасы. 1923 жылы Христиансен бірінші болып шайнаудың тиімділігін шайнау сынамасы арқылы анықтаудың тәсілін ойлап тапты. Тексерілетін адамға шайнау үшін кокос жаңғағынан тұратын үш бірдей цилиндр беріліп, олар 50 рет шайнағаннан соң ыдысқа түкіріліп, жуылып, жүз градус температурада бір сағат кептірілген кейін әртүрі үш сүзгіден өткізіледі. Сүзгіден өтпей қалған түйірлерге қарап шайнаудың нәтижесін анықтайды.

Гельманның шайнау сынамасы.

Гельман шайнаудың нәтижесін Христиансен сияқты шайнаудың санымен емес, тағамнын елу секунд уақыт аралығында шайналуы арқылы анықтауды дұрыс деп есептейді. Шайнауды сынау үшін тыныш жағдай керек. Өлшеп оралған бадам жемісі, шұңғыл ыдыс, қайнаған суы бар стакан, диаметрі 15х15 сантиметр шыны түтік, өлшемі 20х20 см дәке салфетка, су құйатын қазан, диаметрі 2, 4мм тесігі бар темір сүзгі, таразы сияқты заттар дайындалып алғаннан кейін, тексерілетін адамға 500грамм бадам жемісі 50 секунд ішінде шайнауға беріледі. Осыдан кейін шайналған бадам дайын тұрған ыдысқа түкіріледі, ауызы сумен шайылып, шайынды да сол ыдысқа құйылады. Оған 8-10тамшы 5 пайыздық алмас ертіндісі қосылып, ыдыстағы заттар дәкеден жасалған салфетка арқылы шыны түтікке сүзіледі. Дәкеде қалған бадам, суы бар қазан үстіне кептірілуге қойылады. Бұл жағдайда тым кеуіп кетпеуге сақ болғаны жөн, өйткені оның салмағы азайып кетеді. Бөлшектер бір - бірімен жабыспай, бөлек - бөлек күйге келгенде сынама кептірілді деп есептеуге болады. Бадамның түйірлерін темір сүзгіден өткізеді. Тіс қатарының қалыпты жағдайында барлық шайналған тағам сүзгіден өтіп кетеді, бұл шайнау тиімділігінің 100 пайыз екендігінің дәлелі. Сүзгіден өтпей қалған түйірлер болса, олар өлшеніп, прапорция арқылы шайнау нәтижесінің бұзылу шамасы анықталады, ол үшін қалдықтың барлық шайналған бадамның салмағына деген қатынасы ескеріледі. Мысалы: сүзгіден 1, 2 грамм түйір қалса, шайнаудың бұзылуының шамасы мынаған тең болады:

5:100=1, 2:х х= 100x1. 2 =24% 5

Рубиновтың физиологилық негіздегі шайнау сынамасы.

Рубиновтың пікірі бойынша, 5грамм бадам шайнауға қиындық келтіреді, сондықтан алынған нәтиже дәл бола бермейді. Оның ойынша, шайнауға жабайы жаңғақтың салмағы 500мг болатын 1 дәңін берген дұрыс сияқты. Шайнау уақыты жұтуға дейінгі аралықтан анықталады. Ол орта есеппен 14 секундқа тең. Жұту рефлексі басталған сәттен сынама ыдысқа түкіріледі, әрі қарай тексерілу Гельман тәсіліне сүйінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төменгі жақ сүйегін резекциялағаннан кейінгі протездер
Стоматологиядан дәрістер
Ортодонтия және стоматологиялық ортопедиялық негіз ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Тіс техникалық материалтану ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Пластмассалардың түрлері қасиеттері
Ортопедиялық стоматология клиникасында қолданылатын материалдар
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ТУРАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz